Студопедия КАТЕГОРИИ: АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Туберкулез туралы не білу керек? 10 страница
Емі.Сырқаттың емі кешенді болу керек. Ол аурудың түріне, даму дәрежесіне байланысты. Ұйқысы бұзылған жағдайда ұйықтататын дәрілерді қолданған жөн. Себебі науқас дұрыс ұйықтап тынықпаса, артериалдық қан қысымы жоғары көтерілуі мүмкін. Науқастарға түнгі жұмыста шулы жерде, көп физикалық күш түсетін жерде жұмыс істеуге тыйым салынады, себебі бұл артериалдық қан қысымының көтерілуіне әкеледі. Науқастың күнделікті тамақтануына аса құнарлы тағамдар негізгі маңызды роль атқарады және тәуліктегі ас тұзын 3 – 4 грамға дейін, ал сұйықтықты 1,2 – 1,5 литрге дейін шектеу керек. Дене салмағын қалпына келтіріп, дене қимылын арттыру маңызды роль атқарады. Аурудың алғашқы кезеңінде негізгі ем ретінде науқасқа ыңғайлы жағдай туғызу, тыныштандыратын дәрілерді (Бехтерев микстурасын, валериан дәрілері) ішкізу керек, сонымен қатар тазепам, феназепам, седуксен, элениум сияқты дәрі-дәрмектерді қолданады. Емдік мақсат ретінде артериалдық қан қысымын бір қалпында сақтап тұру үшін оған ыңғайлы, тиімді дәрілердің түрін қолдану керек. Негізінде әсері ұзартылған дәрі-дәрмектерді қолданған тиімді. Зәр шығаратын дәрілерді (гипотиазид, фуросемид, триампур) қолданғанда ағзадан натрий тұзын және суды бөліп шығаруға көмектеседі, сонымен қоса артериалдық қан қысымын түсіруіне ықпал етеді. Гипотензиялық дәрілердің әсер ету механизмі (каптоприл, капотен, эналаприл, лизиноприл т.б.) артерия тамырларының кеңеюіне көмектеседі. Дәрілерді науқастарға дәрігер тағайындайды. Қазіргі кезде кешенді терапияның әдісін кеңінен қолданады: диуретиктер, В-адреноблокаторлар, АПФ ингибиторлары, кальций антагонистері т.б. Бұған бір мезетте әр түрлі әсер ету механизмімен сипатталатын бірнеше дәрілерді қолдану жатады. Бұл әдістің ерекшелігі: бір дәріні толығымен бергенмен бірнеше дәрілерді қолданғандағы олардың мөлшерін азайтып берумен ерекшеленеді. Дәрілерді үнемі қолданған жөн. Артериялық қан қысымын медицина қызметкерінің қадағалауы арқылы емдеу дұрыс. Бір реттік немесе өмір бойына дәрінің мөлшерін тағайындау мүмкін емес. Артериялық қан қысымы кезінде дәрілерді қолдану мөлшері ол науқастың әр жағдайында арнайы түрде тағайындалуы және құбылмалы түрде болуы артериялық қан қысымы мен тікелей қатысты болмақ. Сол себептен науқас дәрігерден нақты, дұрыс және тиімді мағлұмат алу тиіс. Мейірбике міндетті түрде науқасқа осы жағдайларды ескере отырып уақытында есіне түсіру керек. Артериалды гипертензиямен зардап шегушілерді негізінде үйде емдейді. Тек бұрын қолданып жүрген дәрілер ағзаға әсер етуін тоқтатса немесе әсерін бермесе, онда жаңа дәрі түрін тез арада тауып белгілі жағдайларда ауруханаға жатқызады. Артериялық гипертензияның клиникасында байқалатын гипертониялық криз тез арада арнайы емдік шараларды өткізуді талап етеді. Шұғыл көмек көрсету шаралары артериалдық қан қысымын тез арада жоғарылауына, бас миының қан айналысын жақсартуға және ішкі ағзалар мен бүйрек жұмысын жақсартуға қарсы бағытталған. Науқасқа толық физикалық және психикалық тыныштық, басы көтеріңкі қалыпта (Фаулер жағдайы) төсекте жату, қатаң түрде төсек тәртібін сақтау және бөлмеге таза ауа жіберуін қамтамасыз етіледі. Өкпенің қызметін жақсарту мақсатында шүйдеге қыша және қыша қосылған ванна, маңдайға мұзды мұйық қойылады. Гипертониялық кризде мұндай көмек көрсету шараларын мейірбике стационарда да және үй жағдайында да өткізуіне болады. Сонымен қоса науқас гипертониялық криздің белгілеріне қатысты шағымдарды айтатын болса, артериалдық қан қысымын өлшеп, жоғарыда аталған шараларды өткізу керек. Егер жүрек маңайын бір мезгілде қысып, ауырсыну байқалатын болса, онда ЭКГ – ға түсіру керек, себебі гипертониялық криздің әсерінен миокард инфаркты дамуы мүмкін. Егер науқас қозғыш келсе, тыныштандыратын (ішке элениум, седуксен немесе тазепам) дәрілерін қолданады. Артериялық қан қысымын тез арада түсіру үшін зәр шығаратын (80 мг фуросемид көк тамырға) дәрілерін қолдану жеткілікті болып саналады. Гипертониялық криздің ауыр түрінде, сонымен қатар егер артериалдық қан қысымы баяу қарқынмен түссе, жоғарыда аталған дәрілерден тыс дәрігердің тағайындауымен пентамин 0,05 – 1 мл 5% ерітіндісін бұлшық ет арқылы немесе натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісін көк тамыр арқылы қолданады. Пентамин ерітіндісін көк тамыр арқылы өте баяу (7 – 10 минут ішінде) қарқынмен жіберіп және артериалдық қысымды қадағалап отыруы тиіс. Пентамин ерітіндісімен бірге ганглиоблокаторларды қолданғанда артериалды қан қысымы төмендеп, есеңгіреумен сипатталуы мүмкін. Сондықтан науқас екі үш сағат төсекте жатуы тиіс және әр 15 – 20 минут сайын артериалдық қан қысымын өлшеп отыру керек. Егер ортастатикалық есеңгіреу тыйылмаса, онда науқастың аяғын көтеріңкі қалыпта төсекке жатқызып, кордиамин дәрісін (тері астына 2 мл жіберу) немесе мезатон дәрісін 1% -1мл ерітіндісін бұлшық ет арқылы енгізу керек. Гипертониялық кризде өкпенің ісінуі дамуы мүмкін. Сол кезде дәрігердің тағайындауымен келесі дәрілерді: строфантин 0,5мл 0,05% ерітіндісін немесе корглюкон 1мл 0,05% ерітіндісін 20мл 40% глюкоза ерітіндісіне қоса натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісін қолданады. Жасы үлкен адамдарға бас миының атеросклероздың белгілері кезінде қан ағызу ұсынылмайды, оның орнына шүйде өсіндісінің маңайында медициналық сүлікті қолданған өте дұрыс болып саналады (әр жақ қатарға төртеуден қойылуы тиіс). Өкпе шемені дамыған кезде жүрек гликозидтерінен тыс зәр шығаратын дәрілерін тағайындайды, 80 мг фуросемид ішке қолданады. Психомоторлы қозу айқын білінген кезде науқасқа кіші транквилизаторларды (элениум, седусен, тазепам) тағайындайды, сонымен қатар димедрол 1%-2мл ерітіндісін қолдануы тиіс. Егер гипертоникалық криз үйде пайда болатын болса, онда дәрігерге дейінгі шұғыл көмектен кейін науқасты ауруханаға тасымалдап, ауруханаға жатқызу керек. Науқасты зембілге жатқызған қалпында дәрігер немесе фельдшердің көмегімен ауруханаға жеткізеді. Содан соң қолданатын дәрі – дәрмектердің әсері гипертониялық криздің сипаттамасына және асқынуының сәйкестілігін ескере отырып емдік шараларды жүргізеді. Аурудың асқынулары. Артериялық гипертензия атеросклерозға байланысты. Тәж тамырларының атеросклерозы миокард инфарктына, жүрек қыспасына, инсультке, бүйрек тамырларының жеткіліксіздігіне, көз көру қабілетінің төмендеуіне, аяқтың ақсауына әкеліп соғуы мүмкін. Болжамы. Артериялық қан қысымы аса қатты жоғарыламағанда, гипертониялық криз болмаған жағдайларда аурудың болжамы жағымды және науқас көп уақытқа дейін жұмысқа деген қабілеттілігін сақтайды. Артериялық қан қысымы жоғары болғанда, оның баяу қарқынмен төмендеуі кезінде, жиі гипертониялық криз байқалғанда аурудың болжамы жағымсыз. Алдын алуы. Артериялық гипертензия алғашқы алдын алудың маңыздылығы аталған ауруға әкелетін факторларға бағытталған: күнделікті реттелген күн тәртібін сақтау, уақытында тынығып жеткілікті түрде ұйықтау, шылым шегуге тыйым салу, тағамдағы тұздың мөлшерін тәулігіне 4,5 гр дейін шектеу маңызды шаралар болып табылады. Сонымен бірге тағамның калориясы төмендетіледі. Орталық жүйке жүйесін қоздыратын тағамдар шектеледі. Бұл шаралар гипертониялық криздің айқын көрінісінде өткізілуі тиіс. Науқастар тұрғын мекеніндегі емханада диспансерлік тіркеуге алынады. Артериялық гипертензияның екіншілік алдын алуы артериалдық қан қысымын бір қалыпта немесе бір қалыпқа жақын көрсеткіштерді ұстап тұруға тырысқанда гипотензиялық терапия жүйесін өткізуге мүмкіндік туғызады. Пациенттер диспансерлік нұсқау бойынша қаралады. Қажет болған жағдайларда кардиолог, окулист, невропатолог тексереді. Педагогикалық аспектідегі мейірбикенің жұмысы өте маңызды, себебі науқастарды дәрісіз емдеу қағидаларына үйретеді: салауатты өмір салтын сақтау, қауіпті факторлардан сақтану, темекіге шек қою, дұрыс тамақтану (тағамға тұз және майды аз мөлшерде қосу, кофе және алкогольдік сусындарды аз мөлшерде қолдану). Сонымен қатар шұғыл жағдайларда өз - өзіне алғашқы көмек көрсете алуды үйретеді.
Бақылау сұрақтары: 1. Қан қысымынның түрлерін атап шығыңыз. 2. Артериалық гипертензияға жалпы түсініктеме беріңіз. 3. Сырқаттың дамуы неше кезеңмен сипатталып өтеді? 4. Сырқаттың әр кезеңдері қандай клиникалық көріністермен сипатталады? 5. Гипертониялық криз ұғымын қалай түсінуге болады? 6. Гипертониялық криздің клиникалық бейнесін айтып беріңіз. 7. Сізге таныс деген гипотензиялық дәрі – дәрмектерді атап шығыңыз.
4.8. Атеросклероз
Атеросклероз – тамыр қабырғасының ішкі бетіне липидтер мен кальций тұзының шөгуінен дәнекер тінінің дамып, кейіннен қатайып тамырлар өзегінің тарылуымен бейнеленетін созылмалы ауру. Қан айналысының бұзылуына байланысты ағзаларда дистрофиялық, некроздық және склерозды дәрістер дамиды. Атеросклероз қазіргі кездегі жиі кездесетін аурулардың бірі болып есептеледі.Үлкен қалаларда ауылды жерлерге қарағанда атеросклероздың жиілігі жоғары. Бұл айырмашылық тұрмыс қалпының, тамақтанудың, еңбектену және тектік ерекшеліктеріне, жүйке гормоналды факторларға байланысты. Кейінгі жылдары Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының мәліметі бойынша атеросклероздан өлімнің саны жоғарыланған. Этиологиясы және патогенезі. Атеросклероздың себебі мен даму жолы әлі де болса толық анықталмаған. Оны көп этиологиялы ауру деп қарайды. Солардың ішінде клиникалық белгілерінің үдеуіне себепші қауіпті факторлары - әртүрлі липопротеидтердің жоғарылауы, артериалды гипертензия, темекі шегу, ұзақ уақыт жүйкенің күйзелуі, қантты диабет, семіздік т. б. Атеросклероз патогенезіндегі бастысы, тамырдың ішкі қабатының эластикалық тінінің зақымдануы. Нәтижесінде тамырдың ішкі қабаты дәнекер тіндермен инфильтрацияланады, торшалардың іші сыртына липидтер шөгеді. Осы айтылған жағдайларда атеросклероздық түйіндер қалыптасады. Ауруларда атеросклероздың дамуы әртүрлі қарқынды және бір қалыпты болмайды. Патологиялық дәрістің өршу кезінде атеросклероздық қатпарлы табақшалар қалыптасады, олардан жарақаттанумен қоса тромбтық салмақтар пайда болады. Тромбтардың қалыптасу дәрісіне қанның қоюлануының үдеуі мен оның ұюға қарсы қасиетінің бәсеңдеуі жағдай туғызады. Клиникалық бейнесі. Атеросклероздың клиникалық ағымы екі кезеңге бөлінеді: алғашқы және клиникалық кезеңі. Соңғысы үш сатыдан тұрады: ишемиялық, тромб – некротикалық және склерозды. Бірінші сатысында: ағзалар мен тіндердің қан айналысының шамасыздығы қайтымды, дистрофиялық дәрістермен және функционалды өзгерістермен бейнеленеді. Екінші сатысында: қан айналысының айқынырақ түрде нашарлануынан және тромбтардың пайда болуынан кері даму (дегенерациялы) және некрозды ошақтар қалыптасады. Үшінші сатысында: зақымдалған ағзаларда кері дамыған некроздық өзгерістерден кейін тыртықты дәнекер тіні дамиды. Әр сатысы өзіне сәйкес клиникалық белгілерімен сипатталады. Сатылар араларында әртүрлі ауыспалы кезеңдері болады. Атеросклероздың клиникасы дәрістің басым шоғырланған орны мен аурудың даму ағымын ауырлататын факторлардың болуымен (артериалды гипертония, тромбоздар) анықталады. Атеросклерозда ағзаның барлық мүшелері зақымданады, бірақ олардың ішінде жиі ерекше зақымдалынғаны айқын білінеді. Қолқа атеросклерозы.Атеросклероздың артерия жүйесіндегі жиірек дамитын орны қолқа мен оның ірі тармақтары. Олардың клиникалық белгілері, сәйкес келетін ағзалар мен жүйелердің қызметін бұзатын ірі тармақтардың осы дәріске тартылуына байланысты. Қолқаның жоғарғы бөлігінің өзгерістеріне тән белгілерінің бірі қолқаның серпімділігінің төмендеуінен пайда болатын симптомдық гипертония. Атеросклероздық гипертония систолдық қысымның жоғарылап, диастолалық қысымның қалыпты болуымен сипатталады. Атеросклероздық зақымдану қолқаның іш бөлігінде орналасуы жиі кездеседі. Оның симптомдары орны мен айқындылығына, зақымдалған тармақтарына, тромбтардың пайда болуына байланысты. Атеросклероздық қатпарлы табақшалар ыдырағанда, одан бөлініп шығатын атероматозды салмақтар артериялық тармақтар өзегін бітеуінен соларға сәйкес белгілер пайда болады. Жүрек тамырлары зақымданғанда жүрек қыспасының ұстамасы, миокард инфаркты дамуы мүмкін. Ми тамырларының зақымдануы да жиі кездеседі. Құрсақ қолқаның атеросклерозы. Атеросклероздық өзгерістер іш қуысының мүшелерінде де байқалады. Сипалағанда іштің бұлшық еттерінің шамалы қатайғандығы және жоғарғы бөлігінің ауыратындығы байқалынады. Осы айтылған белгілердің қосындысын “іш қыспасы” деп атайды. Ол ас қорыту ағзаларына қажетті қан мен келетін қан мөлшерінің сәйкес келмеуінен туындайды. Қарағанда байқалатын үдемелі қатты болатын ауырсынудың қарқындылығы мен іштегі объективті симптомдар сәйкес келмеуі. Мезентериалды тамырлардың тромбозы ішектің гангренасымен аяқталып, іш пердесінің қабынуы мүмкін. Бүйрек артерияларының атеросклерозы. Негізгі клиникалық белгісі – симптомдық артериалды гипертония. Бүйрек артериясы тым айқын тарылғанында немесе толық бітелуінде гипертония тұрақтылығымен және қан қысымының жоғарғы көрсеткіштерімен сипатталады. Бүйрек артериясының тромбозында іш пен бел тұсы ауырсынады, ауыру кенеттен пайда болып, бірнеше сағаттан күндерге дейін созылады. Жүрек айну және құсу сияқты диспепсиялы синдромның болуы мүмкін. Жиі несепте нәруыз, эритроциттер айқын байқалынады. Аяқ тамырларының атеросклерозы. Негізгі белгісі – жүргенде пайда болатын аяқтарының немесе бір аяқтың ауыратындығы. Ауырғаны ұстамалы және жиі балтыр бұлшық етінде, табанда, сирегірек санда болады. Ауырғандығын басу үшін науқас тоқтап тұруға мәжбүр болады (“ұстамалы ақсақтық”). Басқа симптомдарына аяқтарының тоңғақтығы, жалған сезім жатады. Зерттеп қарағанда зақымданған аяқтары салқын, терісінің түсі өзгерген (ақтығы “мрамор” түсті), құрғақ және оның жұқарғаны байқалады. Кейінгі сатыларыда аяқтың бармақтарында, өкшеде, сирақтың алдыңғы бетінде құрғақ және ылғалды трофикалық жаралар пайда болады. Аяқ артериясын сипалағанда тамыр соғуының әлсіздігі немесе жоқтығы анықталады. Атеросклероздың қатпарлы табақшалар қолқа айырығында немесе мықын артерияларының тамыр соғуы анықталынбайды. Емі. Атеросклероздың терапиясы негізінен оның дамуына себепші қауіп- қатер факторларды жоюға немесе азайтуға және атеросклоздың асқынуынан туындаған гемодинамикалық өзгерістерді қалыпқа келтіруге бағытталған. Липопроидтердің жоғарылауына әсер ету атеросклерозды дәрістің үдеуін баяулатады, ал кейбір жағдайларда дәрістің кері қайтуына да әкеледі. Жоғарылаған липротеидтерді емдеу негізі емдәмді сақтау, ол липидті зат алмасудың бұзылуын есепке ала отырып берілуі керек. Біріншіден майлардың мөлшерін азайту керек. Сары майдың орнына өсімдік майларды қолданған жөн.Сонымен бірге тұз және судың мөлшерін азайту керек. Гиполипидемиялық дәрілерді әсер ету механизміне қарай келесі шартты топтарға бөлуге болады: · ішекте холестериннің сорылуын азайтатын дәрілер: өт қышқылдарының секвестранттары, полиспонин, ситостерин т.б. Жалпы курстың өткізілетін мерзімі – 3 – 4 айға созылады. · холестерин түзілуін тежейтін дәрілер: никотин қышқылы, статиндер – клофибрат, атромидин – 20 күннен, үш курс. Мерзімі 1 –3 ай. · метаболизмді жылдамдататын және денеден липидтерді тезірек шығаратын құрамды дәрі – дәрмектер: липостабил, эссенциале форте – 5 – 10 мл, ампула мен капсулада шығарылатын құрамды дәрі. Сонымен жоғарылаған липопротеидтердің тұрақты түрінде, емдәмнің әсері болмаған жағдайда дәрілі терапияны қолдану орынды. Ем курсын қайталау үшін тұрақты липолитикалық емге дейін қан сары суындағы липид мөлшерін бақылаудан өткізу. Алдын алуы. Біріншіден дұрыс тамақтанған жөн: тұз, май тағам құрамында шектелгені жөн. Сонымен бірге физиологиялық жағдайды күшейтіп, физикалық күш түсіруге ағзаны бейімдеткен жөн. Пациенттер диспансерлік нұсқауы бойынша учаскелік терапевте қаралып тұрады. Атеросклероздың біріншілік алдын алуы артериалды гипертензияда, қантты диабетте, семіздікте жүргізіледі. Алдын алудың бұл түрін мемлекеттік масштабта ұйымдастыру мүмкін. Оны көп факторлы (полифакторлық) алдын алу деп атайды. Көп факторлы алдын алудың мақсаты, тұрғындарға келесі медициналық ақпаратты қарастыру: · жағымсыз қылықтардан арылу: шылым шегу, ішімдік ішу, аз қимылдау; · мамандығына, дене салмағына, жынысына байланысты рационалды тамақтануды қатаң ұстау; · әр адам өзінің артериалды қан қысым көрсеткішін білу керек, егер ол жоғары болса, дәрігердің бақылауымен оны қалпына келтіріп отыру керек; · жанұясында қантты диабет, семіздік бар адамдар міндетті түрде тексеріліп отыруы керек, тек сонда ғана ерте кезде аурулардың жасырынды түрлерін айқындауға болады, яғни ерте кезде ем қағидаларын қолдануға болады; · үнемі мақсатқа қол жеткізуге ұмтылатын, қатты толқуда жүретіндерге міндеті мен мамандығын дұрыс ойланып таңдау керек; · жұмыстан бос уақытты тиімді пайдаланып, ішкі толқуды шығаруды үйреніп, өзін дұрыс түнгі ұйқымен қамтамасыз ету. Атеросклероздың көп факторлы алдын алуы жақсы ұйымдастырылса, оның әсері жағымды болып шығады. Ол үшін оған әрбір жеке адам және тұрғындар белсенді қатысу керек. Бақылау сұрақтары: 1. Атеросклероз сырқатының жалпы түсінігін айтып беріңіз. 2. Атеросклероз ауруында зат алмасу дәрісінің қай түрі ерекше бұзылады? 3. Сырқаттың қандай клиникалық түрлері бар? 4. Атеросклероздың әр клиникалық түрін айтып шығыңыз. 5. Зертханалық тексерістерде қандай өзгерістер байқалады? 6. Сырқат қандай асқынуларға әкеліп соғуы мүмкін? 7. Аурудың емдік қағидасы немен сипатталады? 8. Сырқаттың алдын алу шараларын айтып беріңіз.
4.9. ЖИА, жүрек қыспасы (стенокардия)
Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) – коронар тамырларының зақымдануынан миокардқа қан жеткізілуінің азаюымен сипатталатын синдром. Жүрек ишемиялық ауруларының негізі - коронар тамырларының қамтамасыз ету дәрісімен жүрек бұлшық етінің жұмысының сәйкес келмеуі. Этиологиясы мен патогенезі. Жүректің ишемиялық ауруының негізгі себептері коронар тамырларының атеросклерозы болып табылады. Кейбір жағдайларда ЖИА – ның дамуына бейімдейтін ішкі және сыртқы факторлар болады. Қауіпті факторлардың негізгілері: холестерин деңгейінің жоғарылауы, артериалды гипертония, темекі шегу, қантты диабет, семіздік, дене қимылының азаюы және жүйкелік күйзелістер. Әсіресе, қауіптісі осылардың қосарлана кездесуі. Мысалы: қауіп факторларының 3 – 4 түрі қатар болса, ЖИА – ның пайда болу қаупі бірнеше рет өседі. Миокардтың оттегіне қажеттілігі оны коронар тамырларымен жеткізілу көлемінен артық болған жағдайда миокардта ишемия (қан азаю) пайда болады. Миокардтың оттегіне қажеттілігі жүрек жұмысының жиілігімен, миокардтың жиырылу қабілетімен, жүректің көлемімен және артериялық қысымының мөлшерімен анықталынады. Осылардың біреуі жоғарыласа, миокардтың оттегін қажет етуі артады. Қалыпты жағдайда коронар тамырлардың дилятациялық қоры жеткілікті болады. Оттегінің жеткізілуі мен әсерін тигізетін факторлар әртүрлі: · коронар тамырларының зақымдануы салдарынан олардың қан айналымын ұлғайта алмайтындығы оттегінің миокардтағы жеткіліксіздігіне әкеледі. · коронар тамырлары зақымданбаған аурулардағы ишемияның механизмі – тамырлардың түйілуіне байланысты. · ауруларда жиі кездесетін коронар тамырларының атеросклерозбен зақымдануымен олардың түйілуі, себебі атеросклероз бұл жағдайды үдетеді, сондықтан ишемия механизмі аралас, яғни миокардтың оттегіне қажеттілігінің артуымен қатар коронар тамырларында қан ағуының бәсеңдеуі қабаттасады. Сөйтіп, айтылып кеткен жағдайлардың барлығы жүрек бұлшық етінің гипоксиясына әкеліп соқтырады. Жіктемесі. ЖИА қазіргі қолданатын жіктеуі БДҰ эксперттік комитетінің ұсынысы негізінде жасалған. Оның клиникалық түрлері: · кенеттен болған өлім (жүректің алғашқы тоқтауы); · жүрек қыспасы -ЖҚ (стенокардия); · күштемелік ЖҚ: 1. алғаш рет дамыған ЖҚ; 2. тұрақты (стабильді) күштемелік ЖҚ; а) І-ші ФК (үйреншікті физикалық күшті жақсы көтереді); б) ІІ-ші ФК (үйреншікті дене белсенділігі сәл шектеледі); в) ІІІ-ші ФК (үйреншікті дене белсенділігі едәуір шектеледі) г) ІҮ-ші ФК (физикалық белсенділігі күрт шектеледі). |
||
Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 709. stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда... |