Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Туберкулез туралы не білу керек? 13 страница




Жіктемесі (Н.Д.Стражеско, В.Х.Василенко, 1935ж)

І кезең – бастапқы. Физикалық күш түскенде науқас ентігуге, әлсізденуге, жүректің жиі соғуына шағымданады. Гемодинамика өзгермейді.

ІІ А кезеңі – гемодинамика сәл бұзылады, жүректің бір бөлігінің қызметі нашарлайды.

ІІ Б кезеңі – гемодинамика өзгерістері айқын білінеді, кіші және үлкен қан айналымдары бұзылады.

ІІІ кезең – дистрофиялық кезең. Зат алмасу дәрісі бұзылып, іш мүшелері қызметінен айырылады.

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың ағымында ІІІ кезең айқындалады.

1–ші кезеңі. Көптеген ауруларда созылмалы қан айналымы жеткіліксіздігінің алғашқы кезінде әлбетте жұмыс атқарғанда (жүру, сатымен шығу) тез шаршау, ентігу, тамыр соғуының жиіленуі байқалады. Науқасты жалпы қарағанда саусақтарының көгеруі, ал 3 - 5 рет отырғызып-тұрғызғанда тыныс алуы мен тамыр соғуы жиілейді. Өкпе шекарасы өзгеріссіз, везикулярлы тыныс қатқыл реңді болады. Бауыр мен көк бауыр өзгерістері байқалмайды. Бұл кезде науқастарда шағым болмайды. Денеге күш түскенде сол қарыншада диастолдық қан қысымы жоғарылайды.

ІІ–ші А кезеңі. Клиникалық белгілері көпшілік жағдайда қан айналымының өзгерісіне байланысты болады. Науқастар негізінен күш түскенде ентігуге, жүрек қағуына шағымданады, құрғақ жөтел болады. Тері жамылғысы бозарады, бет ұшының қызаруы, шырышты қабықтардың көгеруі, аяқ қолдарының саусақтары мұздайды. Ісік болмайды, бауыр мен көк бауыр ұлғаймайды.

ІІ–ші Б кезеңі. Көптеген науқастарда денеге аздап күш түскеннің өзінде де ентігу, жүрегінің қағуы, оң жақ қабырға астында ауырсыну, ісіну, әлсіздік байқалады. Науқасты қарағанда төсектегі “ортопноэ” қалпы, саусақтарының көгеруі, жаппай ісіну белгілері анықталынады. Ісік алғашқыда аяғынан басталып, кейіннен бел тұсына жайылып, барлық тері асты шел майында пайда болады. Өкпеде құрғақ және дымқыл сырылдар естіледі, крепитация білінеді. Бауырдың ұлғаюы білінеді. Науқастың арықтауы, шаршауы, аяқтарының ісінуі, асцит, шамалы қимылдағанда ентігуі сияқты шағымдар болады. 

ІІІ–ші кезеңі. Науқастың халі нашар, көпшілігінде әртүрлі деңгейдегі ісіну байқалады. Кейбір науқастарда ісіну бүкіл денесінде білінеді (анасарка). Сыртқы тыныстық дәрісінің бұзылуы байқалады. Науқастардың тамыр соғуының тапшылығымен жиіленген жыбырлы аритмия анықталады. Зәр көлемінің және оның салмағының азаюы білінеді. Бауыр ұлғайып, сканограммада фиброз өзгерісінің қалыптасуы ошақты бейнеленеді.

Зертханалық тексеріс. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне әкеліп соққан ауруға байланысты. Көбінесе қанда ЭТЖ баяулайды, эритроцитоз дамиды. Қанда нәруыздың мөлшері азаяды. 

Емі. Біріншіден, осы жағдайға әкеліп соққан аурудың емі болып табылады. Науқастарға №10 емдәм тәртібі тағайындалынады. Негізгі мақсат жүрек жұмысын жақсартып, тамыр қабырғасының серпімділігі мен мөлтек қан айналымын қалпына келтіру. Сондықтан ем ауру патогенезіне сәйкес, үйлесімді, кешенді, ұзақ жүргізіледі. Басты сырқатты емдеумен қатар, сыртқы ортаның тигізетін әсерімен күресу, тамақтандыру, жүрек жұмысы және су мен тұз алмасу дәрісін қалыптастыратын дәрілерді қолданумен бірге жүргізіледі. Денеге түсірілетін күш пен науқастың дамыл кезеңінің ұзақтығы қан айналымының түрі мен сатысына үйлесімді болуы керек (жеке науқасқа негізделінген). Науқастың ұзаққа созылған төсектік қалпы, жиі ағзаның шынығу қабілетін төмендетеді. Сондықтан дер кезінде емдік шынықтыруды қолданған дұрыс. Жүрек жұмысының қабілетін жақсарту мақсатымен келесі негізгі қағидаларды қолданады: жүрек гемодинамикасын нашарлататын негізгі себептерді хирургиялық тәсілмен түзету; миокардтың жиырылу жұмысын күшейту; айналымдағы қанның көлемін азайту; жүрекке түсетін күштерді азайту. Жүректің жұмысын жақсартуына жүрек гликозидтерін тағайындайды. Емдік мөлшері уытты мөлшерінен алшақ болса, әсері нәтижелі және ем дәрісі қауіпсіз болады. Жүрек гликозидтерін науқасқа нақты сұрыптап алуда аурудың ағымына, дене салмағына, себебіне, жүрек жұмысының жиілігіне көңіл аударылады. Қан көлемін азайтуға қолданылатын әрекеттер: зәр шығаратын дәрілердің берілуі, қан қысымының жоғарылауында ганглиоблокаторларды қолдану. Кең таралған диуретикалық топтарға фуросемид, гидрохлортиазид, калийді сақтайтын дәрілер (спиролактон, дайтек) жатады. Диуретиктердің әсерінің нәтижелі болуы көп жағдайда олардың дұрыс қосарлана қолдануында. Қан айналымының жеткіліксіздігі үдеген сайын қанның минуттық бөліну көлемі азаятындықтан шеткергі қарсылықтар ұлғаяды, соның салдарына миокардқа түсетін күш артып, қан айналымы жеткіліксіздігінің үдеуіне себепші болады. Миокардтың жиырылу қабілетінің төмендеуі мен қабат жалпы айналымдағы қанның көлемі ұлғаяды. Бета – блокаторларды қолданғанда миокардқа түсетін күш азайып, оттегінің қосымша мөлшерінсіз–ақ гемодинамикалық көрсеткіштер жақсарады. Нәтижелі дәрілердің бірі нитропруссит натрий қосындысы немесе нитроглицерин. Оның мөлшерін науқастың хал күйіне және қан қысымының деңгейіне байланысты көбейтеді. Сырқат ағымының барысында витаминдерді және жүрек бұлшық етіндегі зат алмасу дәрісін жақсартатын дәрілерді қолданады (рибоксин, АТФ, ретаболил т.б.) Емнің құрамындағы емдік дене шынықтыру, мөлшерлі түрде белсенді қимылдау, жүрек бұлшық етінің жиырылуын жақсартады, тыныс алу жеткіліксіздігін азайтып, тотығу қалпына келу дәрістерін реттейді. Негізгі мақсат жүрек пен қан тамыр жүйелерінің қызметтік жағдайын жақсарту. Оның негізінде науқастың белсенділік пен дамылдау кезеңдерін алмастыру жатады.

  Алдын алуы. Алғашқы алдын алудың маңыздылығы аталған жағдайға әкелетін факторларға бағытталған: күнделікті реттелген күн тәртібін сақтау, уақытында тынығып, жеткілікті түрде ұйықтау, шылым шегуге тыйым салу, тағамдағы тұздың мөлшерін тәулігіне 4,5 гр дейін шектеу маңызды шаралар болып табылады.Науқастар тұрғын мекеніндегі емханада диспансерлік тіркеуге алынады. Пациенттер функционалдық жағдайына байланысты диспансерлік нұсқау бойынша қаралады.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне жалпы түсініктеме беріңіз.

2. Сырқаттың І-ші кезеңінің клиникалық бейнесіне сипаттама беріңіз.

3. Сырқаттың ІІ-ші кезеңінің клиникалық бейнесіне сипаттама беріңіз.

4. Сырқаттың ІІІ-ші кезеңінің клиникалық бейнесіне сипаттама беріңіз.

5. Сырқаттың негізгі емдік қағидасы не болып табылады?

6. Емдәм тәртібінің ерекшелігін айтып шығыңыз.

7. Зәр айдайтын дәрілердің әсері не болып табылады?

4.15. Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы

               мейірбике  жұмысының ерекшеліктері

        Жүрегі ауыратын науқастармен жұмыс істегенде олардың барлық шағымдарын, жүрек маңайының ауруының сипатын, олардың пайда болусебептерін, ұзақтылығын, әсер ету аймақтарын, науқасқа жеңілдік әкелетін жағдайларды, науқастың өмір сүру және жұмыс істеу ерекшеліктерін білу керек. Науқасты қарағанда науқастың төсектегі жағдайына, дем алу ерекшеліктеріне, ентігуі, тұншығуына, бетінің сипатына, тері мен кілегей қабаттың түсіне, ісіктің түріне, буындардың өзгеруіне көңіл бөлу керек. Тамыр соғуды, артериалдық қысымды, дене қызуын, терінің құрғақтылығы немесе ылғалдылығын анықтау керек. Сырқаттың ағымы мен науқастың жағдайы туралы толық түсіну үшін көзбен қарағандағы және қосымша зерттеулер әдістерінің нәтижелерімен танысу керек. Алынған нәтижелердің негізінде мейірбике науқастың жағдайын дұрыс бағалай алады. Мейірбике жүрек – тамыр ауруларындағы науқастардың негізгі шағымдары мен белгілерін, жүрек – тамыр жүйелерінің ауруларының емдеу негіздері мен алдын алуын, зақымдалған қызметтерді қалпына келтірудің негізгі қағидаларын және асқынудың алдын алуын білу, жүрек – тамыр жүйесінің ауруы бар науқастарды күте білу керек. Кіші қан айналым шеңберіндегітұрып қалу құбылыстарының белгілерін: ентігу, көгеру, жөтел, тұншығу, қан түкіруді нақты білу керек. Үлкен қан айналым шеңберіндегі тұрып қалу құбылыстарының белгілерін: жүректің жиі соғуы, ісіктер, оң жақ қабырға астындағы ауырлықты сезіну, асцитті білуі керек. Мейірбике жүрек – қан тамыр жүйелері ауыратын науқастарды емдеуді білуі мен емдеуді жүргізе білуі, шұғыл көмек көрсетуі, қалпына келтіру жұмысын жүргізіп және бақылай білуі керек. Жүрек – қан тамыр жүйелері ауыратын науқастарды емдегенде дәрілік заттарды жиі көк тамыр арқылы тамшылатып енгізеді. Сондықтан мейірбике тамшылатып енгізу үшін инфузиялық құралды (системаны) дұрыс және тез жинай білуі тиіс. Көк тамыр арқылы дәрілік заттарды енгізіп жатқанда науқастың жағдайын, ерітінді енгізу жылдамдығын бақылап отыруы абзал. Мейірбике құрал – жабдықты және зертханалық зерттеулердің мақсатын түсіндіру керек болған жағдайда науқасты зерттейтінорынға алып баруы, жүрек – тамыр жүйелері ауыратын науқастар өзінің жағдайын бақылауда кінәмшіл және өте сезімтал болуына байланысты, мейірбике осындай науқастармен жұмыс істегенде шыдамды болу керек. Өзара сенімдік білдіріп, науқастармен жұмыс істей білу керек. Электрокардиограмма мен фонокардиографияны (жүректің жұмысынан пайда болатын дыбыстық құбылыстарды тіркеу) сағат 8 ден 10 – ға дейін (физиоемге дейін) жүргізеді. Мейірбике алдын ала пациентпен педагогикалық аспектіде жұмыс істей білуі керек, пациентті тексеріске дайындап алуын қамтамасыз етуі (аш қарынға жүргізеді, себебі тамақтанғаннан кейін жүрек жұмысы өзгереді). Қанның биохимиялық зерттеулерін аш қарында алады. Велоэргометрияны тамақ ішкеннен кейін 3 сағаттан кейін немесе аш қарында жүргізеді. Мейірбике жүрек – қан тамыр жүйесінің сырқаттарымен ауыратын науқастармен жиі жұмыс істейді, сондықтан ол осы жүйелердің ауруларында кездесетін шұғыл

Жіті миокардың инфарктында кездесетін белгілер

және мейірбикенің дәрігерге дейін көрсететін іс-әрекеттері

                                                                                                                             7 бейнелеме                                              

Науқастың шағымдары Объективтік өзгерістер
1.Жүрек маңайының шыдатпай тіліп, кесіп, күйдіріп ауырсынуы 2. Ентігу, лоқсу 3. Күрт әлсіздену 4. Жабысқақ суық тердің        білінуі 5. Өлімге деген қорқыныш сезімінің пайда болуы 1. Терісі дымқыл, суық 2. Терісі боз, көгерген 3. Қан қысымы төмендеген 4. Тамыр соғуы жиі, әлсіз, жіп       тәрізді 5. Науқас мазасыз

 

                          Жедел кезеңіндегі асқынулар
Кардиогенді шок Жіті  жүрек жеткіліксіздігі Ырғақтылығының        бұзылуы
1. Бозару 2. Көгеру 3. Суық тер 4. Қан қысымының төмендеуі 5. Жіп тәрізді тамыр соғу 6. Анурия 1.Тұншығу 2.Көгеру, жөтелу 3.Тахикардия 4.Қан аралас қақырық тастау 5.Өкпенің төменгі бөліктерінде дымқыл сырылдардың естілуі   1.Тахикардия 2.Брадикардия 3.Аритмия  
Мейірбикенің әрекеттері
  1. Пациентке ыңғайлы жағдай жасау, физикалық және психикалық тыныштық сақтау. 2. Тіл астына нитроглицерин салу. 3. Жүрек маңайына қыша қою. 4. Тез арада жедел жәрдем машинасын шақыру 5. Пациенттің жағдайын қадағалау.  

 

Жүрек қыспасының клиникалық белгілері

және мейірбикенің дәрігерге дейін көрсететін іс-әрекеттері

                                                                                                                        8 бейнелеме

Науқастың шағымдары Объективтік өзгерістер
  1.Кеуде астының қысып, сыздап ауырусынуы   2.Ауа жетпей ентігуі, көгеруі   3.Тамыр соғуының жиілеуі   4.Әлсіздену, басының ауыруы   5.Өлімге деген қорқыныш сезімінің білінуі     1.Инспираторлық ентігу   2.Ыңғайлы жағдай іздеу   3.Тері жамылғысының бозаруы   4.Қан қысымының жоғарылауы немесе төмендеуі   5.Тахикардия  
Мейірбикенің іс - әрекеттері
  1.Науқастың кеудесін көтеріңкі қалыпта отырғызу   2.Қысып тұрған киімді босату, таза ауа жіберу   6. Жүрек маңайына қыша қою, нитромазь жағу   7. Аяқ қолына жылытқыш қойып, жылыту немесе сол қолын жылы суға малу (қан айналымын жақсарту мақсатымен)   8. Тіл астына нитроглицерин салу, дәрігерді шақыру   9. Жастықша арқылы оттегі беру   10. Дәрігер келгенше науқастың функционалды жағдайын бақылау: - демін санау, - қан қысымын өлшеу, - дене қызуын өлшеу, - тамыр соғысын анықтау  

Гипертониялық криздің белгілері және

мейірбикенің дәрігерге дейін көрсететін іс- әрекеттері

Бейнелеме

   Науқастың шағымдары Қарағанда
  1. Бастың қатты ауырсынуы, әсіресе қарақұс пен самайда   2. Құлақтың шулауы   3. Лоқсу, құсу   4. Бастың айналуы   5. Жүрек маңайының ауырсынуы   6. Көз көру қабілетінің нашарлауы   7. Кейбір жағдайларда мұрыннан қан кету   1.Бетінің қызаруы   2.Көз тамырларының қанталауы   3.Жүрек соғысының жиіленуі   4.Қан қысымының шамадан тыс көтерілуі   5.Науқастың беймазалануы   6.Тамыр соғысының күшеюі

 

Мейірбикенің іс - әрекеттері
  1. Дәрігерді (жедел жәрдем көлігін) шақыру   2. Науқасты физикалық және психикалық тыныштандыру: бөлмеде тыныштық сақтауын сұрап, жүйкеге әсерін тигізетін факторларды жою (ән, қатты жүру, жарық сәуле, қатты сөйлеу)   3. Маңдайына суық компресс, желкесіне қыша қою, аяғына ыстық емшараларды қолдану   4. Әзірлеп қою: шприцтерді, қан қысымын төмендететін, тыныштандыратын дәрілерді.   5. Дәрігер келгенше науқастың жалпы жағдайын қадағалап отыру: қан қысымын өлшеу, демін, тамыр соғуын санап, анықтау.  

жағдайлардың себептерін, белгілерін білу керек және дәрігерге дейінгі көмекті көрсете білуі тиіс. Жиі кездесетін шұғыл жағдайларға стенокардияның ұстамасы, миокард инфарктының жіті кезеңі, гипертониялық криз және тағы да басқа шұғыл жағдайлар жатады. Мейірбике дәрігер келгенше науқасқа ыңғайлы жағдай көрсетіп, қан қысымын өлшеп, тамыр соғуын анықтап, демін санап отыруы керек.

4.16. Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларында

мейірбикелік үрдіс

І кезең. Пациенттің мәселелерін табу.

 

Пациенттің нақты мәселелері:

 

Ø жүрек маңайының ауырсынуы;

 

Ø ентігу, тұншығу, ісіктің білінуі;

 

Ø жүрек соғуының бұзылуы;

 

Ø іш қуысына сары судың жиналуы (асцит);

 

Ø бастың ауыруы, бастың айналуы, естен тану;

 

Пациентте болуы мүмкін мәселелер:

 

Ø аурудың қайталама ұстамасы;

 

Ø тұншығудың әсерінен өлім сезімінің пайда болуы;

 

Ø жұмысқа деген қабілетінің төмендеуі;

 

Ø төсек тәртібін сақтау мен орындау мақсатында қозғалыстың аз болуына мәжбүрлейді;

 

Ø мүгедектікке ұшырау; 

 

Ø дәретке өз бетімен отыра алмау жағдайы.

 

 

ІІ –ші кезең. Мейірбике диагнозын қою.

Қан айналу қызметінің бұзылуымен байланысты барлық нақты және болуы мүмкін мәселелерге сүйене отырып қойылады.

 

ІІІ – ші кезең. Күтім шараларын жоспарлау.

        Қысқа уақытқа бағытталған (мүмкіншілік) мақсаттар:

 

Ø жүрек маңайындағы ауырсынуды басу;

 

Ø бастың ауырғанын басу;

 

Ø демікпені басу;

 

Ø естен тану жағдайында көмек көрсету;

 

Ұзақ уақытқа бағытталған (мүмкіншілік) мақсаттар:

 

Ø қан қысымын қалыпқа келтіру;

 

Ø жүрек маңайындағы ауырсынуды болдырмау;

 

Ø ауруханадан шығару мезгіліне қарай ентікпені басу және болдырмау;

 

Ø науқас жағдайын ісікке дейін жеткізбеу;

 

Ø емдәмді қатаң түрде сақтауға дағдылату;

 

Ø ауруханадан кейін науқас өзінің қозғалу тәртібі туралы мағлұмат алады;

 

Ø шұғыл жағдайларда өзіне - өзі көмек көрсете алады;

 

ІV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.

    Мейірбикенің араласулары:

 

Ø тәуелді – дәрігердің нұсқауын орындау, науқастың тексерістеріне қатысу;

 

Ø тәуелсіз – науқастың жағдайын қадағалап және бақылау: ыңғайлы жағдай көрсету, демін, тамыр соғуын санау, дене қызуын, қан қысымын өлшеп бақылау құжатына тіркеу;

 

Ø бір – біріне тәуелділік қатынастар – жеке бастың гигиеналық тазалығын сақтау, науқастың жазылуына психологиялық күйде бағыттау, қолданған емнің әсерлігін бағалау, науқаспен және оның туыстарымен педагогикалық аспектіде жұмыс істеу.

 

V кезең. Мейірбике күтімінің нәтижесін бағалау.

4.17. Жүрек ауруларында мейірбикелік аратүсуінің үлгілері

Пациенттің мәселесі

Мәселені шешу мақсатында жоспар құру

Жоспарды жүзеге асыру.

Мейірбикенің аратүсуі

Тәуелсіз Тәуелді
Жүрек маңайының сыздап ауырсынуы 1.Дәрігер шақыру.   2.Пациентті ыңғайлы жатқызу.   3.Толық психикалық-физикалық тыныштандыру.   4.Рефлекторлық түрде ауырсынуды басу.   5.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу.   5.Пациенттің функционалды жағдайын қадағалау.   1.Дәрігер шақыру   2.Науқасты төсекке Фаулер жағдайымен жатқызу.   3.Тыныштандыру. Жүйкеге әсер ететін факторларды жою.   4.Қысып тұрған киімін босату.   5.Ауырсынуды басу мақсатымен жүрек маңайына қыша қою, немесе сол қолын жылы суға малу (тәж тамырларын кеңейту үшін)   6.Оттегі беру   7.Демін, тамыр соғысын, артериалдық қан қысымын өлшеу.   8.Системаны құрып, керекті дәрі-дәрмектерді әзірлеп қою.   9.Пациентке және оның туыстарына нитроглицериннің жағымсыз әсерін түсіндіру.   1.Дәрігердің нұсқауы бойынша жұмыс істеу, дәрі-дәрмектерді қолдану.   2.Зертханалық тексерістерге пациентті дайындау.   3.Пациентті ЭКГ тексерісіне түсіру.    

 

Пациенттің мәселесі

Мәселені шешу мақсатында жоспар құру

Жоспарды іске асыру

Мейірбикенің аратүсуі

Тәуелсіз Тәуелді
Пациент өзінің күш- қуатының жоқтығына, мезгіл-мезгіл есеңгіреуіне шағымданады 1.Дәрігерді шақыру.   2.Пациентке ыңғайлы жағдай көрсету.   3.Пациентті психикалық және физикалық тыныштандыру   4.Пациентке дәрігерге дейін көмек көрсету   5. Пациенттің функционалды жағдайын қадағалау.   1.Пациентке жағдайын түсіндіру.   2.Науқастың аяғын сәл көтеріп, көлденең қалыпта төсекке жатқызу.   3.Толық психикалық және физикалық тыныштық жағдайын туғызу.   4.Жылылап орау, аяғына немесе қолына жылытқыш қою.   5.Жылы тәтті шай ішкізу.   5.Бөлмені желдету   6.Оттегі беру   8.Демін,тамыр соғысын, артериалдық қан қысымын өлшеу.   9.Тамшы құралды құрып, керекті қан қысымын көтеретін дәрі-дәрмектерді әзірлеу.     1.Дәрігердің нұсқауы бойынша тері астына мезатон немесе адреналин ерітінділерін енгізеді.    2.Ауыр жағдайларда гормон препараттарын қолданады.   3.Пациенттің ауруына байланысты зертханалық және аспаптық тексерістерін жүргізу.    

 

Пациенттің мәселесі

Мәселені шешу мақсатында жоспар құру

Жоспарды іске асыру.

Мейірбикенің аратүсуі

Тәуелсіз Тәуелді
Науқас есін жоғалтты (естен тану) 1.Дәрігерді шақыру.   2.Пациентті ыңғайлы жатқызу.   3.Дәрігерге дейін көмек көрсету.   4.Пациенттің функционалды жағдайын қадағалау.   3.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу.     1.Пациентті аяғын сәл көтеріп,басын төмендетіп жатқызу.   2.Қысып тұрған киімін шешу   3.Бөлмеге таза ауа жіберу   4.Бетке немесе кеудеге салқын су сеуіп, нашатыр спиртімен самайын және кеудесін ысқылау.   5.Нашатыр спиртін иіскету.   6.Науқас есін жимай жатса, алақанмен бетін сәл шапалақтап, атын атап шақыру.   7.Дәрігер келгенше қан қысымын көтеретін дәрі-дәрмектерді әзірлеу.   8.Пациенттің есін жиғанша функционалды жағдайын бақылау: демін санау, қан қысымын өлшеу, тамыр соғысын анықтау.     1.Дәрігердің нұсқауы бойынша 2мл 10% кофеин ерітіндісін тері астына немесе 2мл кордиамин ерітіндісін немесе камфора ерітіндісін тері астына енгізу.   2.Пациент қатаң төсек тәртібін сақтау керек     3.Науқастың сырқатына байланысты зертханалық және аспаптық тексерістерін жүргізу.    

 










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 734.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...