Студопедия КАТЕГОРИИ: АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Туберкулез туралы не білу керек? 6 страница
§ пациент жөтелдің ерекшеліктерін біледі; § пациент демдік гимнастикасын жасай алады; § пациент өзіне пазициялық дренажды өткізе алады.
IV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру. Мейірбикенің жұмыстары: ¨ тәуелді – дәрігердің нұсқауын орындау, зертханалық және құрал- жабдықтар арқылы тексерістерге қатысу; ¨ тәуелсіз – науқастың жағдайын қадағалау, жүрек және тамыр соғуын санау, қан қысымын, дене қызуын өлшеу, оттегі мен қамтамасыз ету; ¨ бір – біріне тәуелділік қатынас – науқастың жазылуына психологиялық күйде бағыттау, қолданған емнің әсерлілігін бағалау.
V кезең. Мейірбике күтімінің нәтижесін бағалау Күтім ерекшеліктерін жоспарлап және алға қойған мақсаттарды салыстыр 3.18. Тыныс алу мүшелерінің ауруларында мейірбикелік аратүсудің үлгілері
3.19. Тыныс алу мүшелерінің ауруларын алдын алу Тыныс алу жолдары ауруларының біріншілік алдын алуы жедел респираторлық аурулардың алдын алуы болып табылады. Ал ол үшін ағзаны шынықтырып, ағзаның иммунитетін көтеру керек. Шынықтырудың тәсілдері өте көп. Таза ауа - әрқашан әсер ететін шынықтыру. Жылы болған кезде көп уақыт таза ауада жүру жағымды. Ғылымның тексеруі бойынша, жаз мезгіліне қарағанда қыс мезгілінде ауада оттегі көп және суық қанға оттегі жақсы сіңеді, жылы оның тіндерге берілуіне әсер етеді. Осы себептен шаңғы тепкеннен кейін адам өзін үйде жақсы сезінеді. Тек қана суық және салқын ауа ағзада қозғалыс шақырады. Суық ауа жұту тамырлардан холестеринді шайып, өкпеден дем арқылы шығарады. Ауа ваннасын жалаңаш түрде немесе ауа жақсы өткізетін киімде қабылдайды. Сезіну бойынша ауа ваннасын бөледі: суық (0-80), сәл суық (9-160), салқын (17-200), индифферентік (21-240). Медицина ғылымының кандидаты В.Н.Сергеевтің шынықтыру кестесін мысалға келтірейік. Ең алғашқы кезде ваннаны 5-8 минут 18-200 қабылдау керек. Ауа ваннасын 1 минутқа әр 3-4 күнде созады, сөйтіп оны 10-15 минутке жеткізу керек. 2-3 жұмадан кейін ақырындап салқын ваннаға ауысады, мысалы ашық терезенің алдында тұрып. Егер температура 10-140 төмен болса, шынықпаған адамға 2-3 минуттен көп тұруға болмайды. Бірақ бұндай қысқа уақытта ағзада биологиялық қозғалыстар болмайды, сондықтан ем шара мақсатына жетпейді. Ауа душы – бұл шынықтыру тәсілінің әсері ауаның қозғалысына байланысты. Егерде ауа қозғалыссыз болса, жылу беру минутына 0,85 килокалорий болады. Секундына 0,5 метр жылдамдықта жылу беру екі есе көбейеді, секундына 2 метр жылдамдықта – 3,2 рет, 10 метр жылдамдықта – 6,5 рет және т.с.с. Ауаның тез жылдам қозғалысында ағза бұған қорғаныш серпілісін беруге үлгермейді. Сондықтан жуынғаннан кейін жел бар жерде отыруға болмайды. Желдетуге ақырындап үйрену керек. Шынықтыру демі – тыныс алу жолдарының жұмысын жақсартады. Бұл үшін мынадай жаттығулар жасау керек: 1. 10 рет дем алып, кезекпен үлкен бармақпен оң және сол танауды жауып, ауаны шығарады (4-6 секундтан); 2. дем жұтқан кезде мұрынның қанаттарын жауып ауаға қарсыласады; 3. демді ауыз арқылы шығармау керек. Ол үшін тілді жоғары таңдайға көтеріп, демді мұрын арқылы атқарады; 4. жәй дем жұту. Ал дем шығарған кезде мұрын қанаттарын саусақтармен соға отырып, “ба-бо-бу” деп айту керек. Су процедуралары Су – ағзаға өте күшті және жанжақты әсер етеді. Сумен емдеудің негізі оның ұзақтығы емес, судың температурасы болып табылады. Ол үшін келесі ережені орындау керек: неғұрлым су суық болса, соғұрлым уақыт аз болу керек. Неғұрлым судың температурасы суық болса, соғұрлым шынықтыру әсері көп болады. Су процедураларының түрлері: ыстық - 400 жоғары, жылы –34-400, орташа – 34-350, салқын –20-330, суық –200 төмен. Барлық сулық жаттығуларды тітіркену туғызбау үшін бөлмелік температурадан бастайды. Су процедураларын жазда немесе күздің басында бастаған дұрыс, көктемде ағза жүдейуді. Сүртіну – ең оңай су жаттығуы. Оны тіпті кәрі адамдар мен жағдайы нашар адамдар таңертеңгілік жаттығу ретінде жасауға болады. Орамалдың шетін сулап, дененің жоғарғы жағын сүртіп, қан және лимфа ағысымен шеттен ортаға қарай сүртеді. Бетті, мойынды, қолды саусақтан иыққа дейін, кеудені, арқаны кепкенше сүртіп және жақсылап ысқылайды. Содан кейін дененің төменгі бөліктерін кепкенше сүртіп ысқылайды. Сүртуді 3-5 минут 32-340 сумен бастайды. Әр бір 4-7 күн сайын судың температурасы төмендетіп 16-180 дейін жеткізу керек. Жаттығу денені ысқылап, терісі қызарғанша өтеді. Су құю– шынықтырудың күрделі түрі. Суды 300 бастап, ақырындап 150 дейін жеткізеді. Су құю 20 секундтан және одан да аз уақытқа қысқартылады. Барлық жаттығу денені уқалаумен бірге 3-4 минут созылады. Суық суды кеудеге, табанға, содан кейін барлық денеге құяды. Су құюды жазда ашық далада, ал күзде денесі толық шыныққан адамдарға ғана болады. Табанға су құю – бұл жергілікті шынығу, яғни артық уақыт қажет етпейді. Күнделікті түнге жатар алдындағы аяқ жуудан кейін табанға салқын су құю. Судың алғашқы температурасы 27-280 , шеткелі 100 төмен болмау керек, әр бір 10 күн сайын 1-20 төмендету керек. Табанды құрғағанша сүрту керек. Таңертең және кешке тамақты суық сумен шаю – бұл мұрын мен жұтқыншақты шынықтыруға ең қолайлы жағдай. Алғашқы судың температурасы 23-280 . Әр апта сайын судың температурасы 1-20 төмендетіп, соңында біртіндеп ағынды судың температурасына дейін жеткізеді. Жиі баспа, тонзиллиттер, бронхиттер және басқа тыныс алу жолдарының ауруларымен сырқаттанатындар тамақты бактериоцитті әсері бар шөп бұқтырмаларымен шаяды. Бұрыннан осы мақсатпен қайың сөлін, таңқурай бұқтырмасын т.б. қолданған. Бастапқы кезде тамақты күніне 3-5 рет шаяды, содан кейін 2 рет (таңертең тамақтан кейін және кешке ұйқы алдында). Кең қолданатын құрам: 1 стакан суға ас тұзын, ас содасын және 1-2 тамшы йод қосып пайдалану. Сөйтіп, шынығу – бұл қиын процедура емес, ол денсаулыққа көптеген көмек әкеледі, және мұның ең бастысы – жанұяның қымбат дәрі-дәрмектерге шығынын азайтады. Шыныққан ағза тыныс алу мүшелерінің ауруларына қарсы тұра алады. Тыныс алу жолдары ауруларының екіншілік алдын алуы қауіпті факторларды жойып, ауруды қоздырмай, асқынулардың алдын алу болып табылады. Осы мақсатпен жалпы тәжірибедегі дәрігер науқастарды диспансерлік нұсқау бойынша бақылап, тексеріп, асқынуларға қарсы ем жүргізеді. Көбінесе бүл көктем мен күзде антибактериалды, тыныс алу жолдарының қызметін жақсартатын ем шараларын қолдану. Үшіншілік алдын алу денсаулықты қалпына келтіру –- психологиялық, педогогикалық әлеуметтік іс шаралар кешені, тыныс алу жолдарының қызметін компенсациялауға және нығайтуға, жөнелтілген функцияны қалпына келтіруге бағытталған. Дем алу процесін физиологиялық жағдайға келтіру мақсатымен әр түрлі дем алу жаттығуларын өткізген жөн. ІҮ ТАРАУ ЖҮРЕК – ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ
4.1. Жүрек қан тамыр жүйесінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері Жүрек – қан тамыр жүйесіне жүрек,қан тамырлары және оның жұмысын реттеп отыратын аппараттар жатады. Жүрек – кеуде қуысының ортасында, үшінші қабырға мен семсер өсіндінің ортасында орналасқан. Жүректің көп бөлігі ортаңғы сызықтан сол жаққа қарай орналасқан. Қолқа, өкпе артериясы және жоғарғы ұшынан жүректің негізін және төменгі сол жағын табуға болады. Жүректің салмағы – 250 – 350г. Жүрек сол жақ қарыншадан, сол жақ жүрекше және оң жақ қарынша, оң жақ жүрекшеден тұрады. Жүрек үлкен және кіші қан айналу шеңбері арқылы ағзаны оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Үлкен қан айналым шеңбері сол жақ қарыншадан қолқаға шығуымен басталады. Қолқадан артерия және капилляр арқылы қан ұсақ тамырларға құйылады, одан екі көк тамырлы бағанға ауысады – бұл төменгі және жоғарғы қуысты көк тамыр мен екі бөлек саңылаумен оң жақ жүрекшеге әкеліп құйылады. Жүрек жиырылғанда оң жақ қарыншадан көк тамырлы қан кіші қан айналымға ауысады. Бұл қан айналым өкпе артериясынан басталып, өкпенің капиллярларына, өкпенің альвеолаларына тарайды. Осы кезде қан оттегімен қамтамасыз етіп көмірқышқыл газын шығарады. Өкпе капиллярлары ұсақ көк тамырларға ауысып төрт өкпе көк тамырын құрайды. Бұлар сол жақ жүрекшеге келіп қосылады. Жүрек шырышты қапшығы мен оралған (перикард). Перикард екі қабаттан тұрады: ішкі және сыртқы. Перикард диафрагмамен қосылған. Перикардтың қабаттарын арасындағы аз мөлшердегі сұйықтық жүректің еркін жиырылуын қамтамасыз етеді. Жүрек үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы, сыртқы. Ішкі қабат – эндокард деп аталады. Бұнда жүрек камераларына бөлінген екі қос қақпақша және артерио – вентрикулярлы жарты ай тәрізді бөлінген. Жүрек қақпақшаларының ең негізгі қызметі тесіктердің тығыздығын және қанның еркін өтуін қамтамасыз етеді. Жүректің ең негізгі қабаты – ортаңғы қабат, миокард. Оң жақ жүрекшенің қозуынан жүрек жиырылады. Жүректің жұмысына бас миының сыртқы қабаты, ал жүректен келген импульстерге орталық жүйке жүйесі әсер етеді: алдымен жүрекше жиырылады, бұл кезде қарынша босайды, содан соң қарынша жиырылады, жүрекше босаңсиды. Қарынша мен жүрекше босаңсығанда қысқа уақытқа үзіліс пайда болады, содан кейін цикл қайталанып отырады. Миокардтың жиырылуын систола деп атаса, ал жүректің босаңсығанын және кеңеюін диастола деп атайды. Үзіліс кезінде қан өкпе жүрекшесі мен көк тамырларына құйылады. Жүрекше жиырылу кезінде қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға құйылады. Бұл кезде қақпашалар қарыншаға ашылады. Қарыншаның жиырылу кезінде қан қысыммен сол жақ жүрекше мен қарыншаның қақпақшаларын жабады. Қан ағымымен қолқа қақпақшалары ашылып қан ортаға құйылады.
14 сурет Жүректің алдыңғы жағынан қарағандағы көрінісі:
1 - жоғарғы қуыс көктамыры; 2 - қолқа иінінің жоғары өрлеген бөлігі; 3 - дененің жоғырғы жағына таралатын артериялардың қолқадан бөлінетін тармақтары; 4 - қолқаның иіні; 5 - өкпе көктамырлары; 6 - жүректің сол жақтағы құлақшасы; 7 - сол жақтағы күмбез артериясы; 8 - үлкен күмбез көктамыры; 9 - жүректің сол жақ қарыншасы; 10- оң жақ қарынша; 11 - жүректің оң жақ құлақшасы; 12 - оң жақтағы күмбез артериясы;
15 суретҚан айналым шеңберлері:
1 - жүректің сол жақ қарыншасы; 2 - жүректің оң жақ қарыншасы; 3 - жүрек қақпақшалары; 4 - дененің барлық мүшелеріне таралатын қан тамырлары; 5 - өкпеге таралатын қан тамырлары; 6 - бауыр мен ішектерге таралатын қан тамырлары; Қалыпты диастола кезінде қан қолқадан сол жақ қарыншаға айналып келуі мүмкін емес, себебі қолқа қақпақшасына итермелейді. Қанның тамырлардағы ағымы тамырдың қабырғаларының жиырылумен байланысты. Сол жақ қарыншаның жиырылу кезінде артерияға 50 мл қан түседі.Бұл систолдық жүрек көлемі, сол қарыншаның жиырылуында артериядағы қысым қалыпта 115 – 145 сынап бағаның да болуы керек. Бұл адамның жасы мен салмағына байланысты. Ал диастола кезінде 55 – 90 мм сынап бағанасында болуы керек. Бірінші – систолалық, екінші диастолалық қан қысым, систолалық пен диастолалық екеуінің айырмасын пульстік қан қысым деп атайды. Жүректің қан айналымы жүрек артерияларымен жүзеге асады, олар қолқаның өрлеу бөлігінен басталады. 4.2. Тексеру әдістері Дерт анықтамасын жүргізгенде науқастан анамнез жинаудың маңызы зор. Науқастан жиі баспамен ауырды ма екенін, буын аурулары бар ма екенін сұрап білу керек. Науқастан аурудың өту дәрісін және жүрек маңайында ауру қалай басталғанын сұрау керек: ісік, ентігу көп болғаны және қандай дәрілерді қолданғаны. Жалпы қарағанда науқастың бет әлпетін, ыңғайлы жағдайын, терінің түсін, ісіктің көлемін, домбығы бар ма екенін қарау керек. Жүрек маңайының ауруында, ентікпеде науқас өзіне ыңғайлы жағдай іздейді. Ауырсыну кезінде дененің жоғарғы бөлігін қозғалтуға қорқады. Ауа жетіспегендіктен қан айналымының бұзылғанынан және гемоглобиннің тотықпауынан науқастың ерні, беті, мұрнының ұшы, құлақтың ұшы, аяқтары көгереді. Туа біткен ақауы бар адамдарда және митрал қақпақшаның қатаюында көгеру қатты білінеді. Кейбір жүрек - тамыр ауруларында науқастың терісі сарғаюы мүмкін. Өйткені бұл бауырдың билирубин шығару қызметінің бұзылуынан болады. Жүрек маңайын қарағанда ол жердің төмпекшеленіп көзге көрінуіне көңіл аударамыз. Қалыпты жағдайда ол көзге көрінбейді. Бұлшық еттің гипертрофиясында сол жақ қарыншаның жиырылуы жиіленеді және көлемді болады. Сол жақ қарыншаның дилетация (босану) кезінде жоғарғы бөліктің итерімі (күші) сол жақ және төменге қарай беріледі. Қолқаның аневризмасында кеуденің жоғарғы ойындысында оң жақ екінші қабырға аралықта пульстің соғуы білінеді. Жүректің аневризмасында пульстің соғуы кеуденің сол жақ төртінші қабырға аралығында білінеді. Жауырын аймағындағы пульстің білінуі - бұл жүрек ақауындағы оң жақ қарыншаның гипертрофиясында және өкпе эмфиземасы болып табылады. Пальпация арқылы жоғарғы итерменің орнын және мінезін табуға болады және кеуде торшасының деформациясын табуға болады (жүрек томпаюы). Қолқаның ақауында, гипертонияда жоғарғы итерме көтеріңкі болуы мүмкін, ал қарыншалардың систолдық кезінде төменірек болады. Пальпация арқылы “мысықтың пырылдауы” сияқты симптомын анықтауға болады. Бұндай симптом сол жақ жүрекше мен сол жақ қарыншаның аралық тесігі тарылғанда кездеседі. Жүрекке перкуссия жүргізіп жүректің оң жақ, сол жақ және жоғарғы шекараларын анықтайды. Перкуссияда жүректің дыбысы топас. Қалыпты жағдайда жүректің оң жақ шекарасы кеуденің оң жақ шетінен 1 – 2 см сыртқа қарай орналасқан. Ал сол жақ шекарасы бұғананың ортаңғы сызығынан және жоғарғы бөліктің итермесіне 1,5 – 2 см ішке қарай орналасқан. Жоғарғы шекара кеуденің сол жағында үшінші қабырға бойында орналасқан. Тықылдату арқылы жүректің шеңбері және жүректің топас шекараларын табуға болады. Жүрек жетіспеушілігінде тықылдату арқылы жүрек шекараларының кеңейгенін немесе бір бөлігінің кеңейгенін анықтауға болады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 803. stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда... |