Студопедия КАТЕГОРИИ: АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Туберкулез туралы не білу керек? 14 страница
4.18. Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларын алдын алу (АМСК-ғы мейірбикенің педагогикалық аспектідегі жұмысы) Жүрек адам организімінде маңызды роль атқарады. Ол адамның бүкіл денесіне қанды айдап отырады. Бірақ оны сыртқы ортадан сақтау керек, яғни жүрек ишемиялық ауруларын: жүрек қыспасын, миокард инфарктын, атеросклерозды, гипертониялық аурудың алдын алып отыру керек. Жүрек ишемиялық аурулардың біріншілік алдын алуы - салауатты өмір салтын сақтау, физиологиялық жағдайды күшейту, жағымсыз қылықтардан айырылу, қауіпті факторларды реттеу және олардан сақтану. Екіншілік алдын алуы – тамақтану режимін бағыттау, физикалық белсенділікті реттеу, диспансерлік тізімдегі пациенттерді диспансерлік нұсқау бойынша бақылап отыру. Сонымен бірге науқастарды “Коронарлық” мектептерде үйретіп, жұмыс істеу және демалу режимдеріне кепілдемелер беріледі. Үшіншілік алдын алуда- реабилитация шаралары жүргізіліп, 6 айдан кейін науқастың мінез-құлқының өзгерістері бағаланады. Жүрек ишемиялық ауруларының дамуында атеросклероз ерекше орын алады, сондықтан оның алдын алуы маңызды роль атқарады.
Атеросклероздың алдын алу. Атеросклероздың алғашқы алдын алуы біріншіден сырқатқа әкеліп соғатын ауруларды (гипертониялық ауру, гипотиреоз, қантты диабет, тұқым қуалайтын май алмасу дәрісінің бұзылыстары) дер кезінде анықтап емдеу, аурудың дамуын тежеу. Жоғарыда көрсетілген аурулармен ауыратын науқастар жануарлар майы бар тағамдарды қолданудан өздерін шектеу қажет. Бұл дегеніміз – қолданылатын тағамның май құрауы 15% аспау қажет. Атеросклероздың алғашқы сатысын анықтау мақсатымен бұл адамдарда халықтың басқа топтарына қарағанда тамырлардың аспаптық тексерістері жиі өткізіледі. Атеросклероздың емі және екіншілік алдын алуы өзара байланысты, себебі қауіпті факторлардың алдын алуынсыз ем нәтижелі болмайды. Емдік –алдын алу кешеніне алғашқы алдын алу шаралары, емдік тамақтану, емдік дене шынықтыру, дәрі-дәрмектермен емдеу, санаторлы-курортты ем, физио емі жатады. Физио және санаторлық-курорттық емдеу жағымды және жағымсыз көрсеткіштерге байланысты жүргізіледі. Көрсеткіштер атеросклероздың орналасқан жеріне және даму сатысына байланысты. Физио емі аяқ тамырларының атеросклерозында кеңінен қолданылады. Аурудың қозу кезеңінде санаторлы-курорттық емін қолдануға болмайды. Атеросклероздың қауіпсіз сатысында науқастарды санаториялардың кардиологиялық бөлімшелеріне жіберуге болады. Климаттық қажетті жағдайлар және жыл мезгілі қатаң қадағаланып таңдалынады. Емдік тамақтану атеросклероздың екіншілік алдын алуы болып табылады. Тәуліктік қабылданатын тағам құрамы әр түрлі болу керек: нәруыз – 30-40% (балық, ет, сүт тағамдары), бірақ тағам құндылығы 10-15% -пен шектеледі. Сонымен бірге тағам құрамында жануар майы бар тағамдарды және холестеринге бай заттарды (ми, бүйрек, жұмыртқа сарысы, майлы ет), ас тұзын, тез сіңетін көмірсуларды шектеген жөн. Ұсынылады: липотроптық затқа бай тағамдар, ірімшік, әр түрлі сүт тағамдары, сәбіз, қырыққабат, арахис, қытырлақ қартоп, жеміс-жидектер. Жеміс-жидектердің жетіспеушілігінде азықтық талшықтары тамақ құрамына қосымша рацион ретінде беріледі, атеросклероз дамуын шектейтін теңіз қырыққабаты, йодқа бай тағамдар пайдаланған жөн. Азық құрамына май қышқылы көп тағамдарды енгізген жөн: өсімдік май (жүгері, күнбағыс т.б.), балық. Балықты тағам ретінде күнделікті қолдану атеросклероздың ең нәтижелі алдын алуы болып табылады. Емдәм тәртібін сақтағанда атеросклерозбен ауыратын науқастардың ерекшеліктерін бақылау керек: дене салмағын, асқазан-ішек жолдарының басқа ілеспелі ауруларын, бүйрек, жүрек ауруларын, тамақ аллергиясын, үйреншікті тағамдарын, ұлттық ерекшеліктерге және жергілікті жағдайларға байланысты. Емдік дене шынықтыру атеросклерозбен ауыратын науқастардың барлығына жасына байланыссыз белгіленген, бірақ оны белгілегенде науқастың жағдайына, атеросклероз даму сатысына, ауытқуларға, басқа қосымша ілеспелі ауруларға көңіл бөлу қажет. Атеросклероздың жасырынды кезеңінде гиподинамияға қарсы күресу үшін таңертеңгі жаттығулар жасау, гимнастика, туризм, спорттық ойындар, шаңғы тебу, таза ауада жұмыс істеу. Атеросклероздың клиникалық белгілерінің айқын білінуінде емдік гимнастикамен айналысу қажет. Атеросклерозбен зақымдалған тамырлардың орналасуына және даму сатысына байланысты гимнастика құрамына демдік шынығу, ағзаға күш түсіру, ұлғайта жұмыс істеу белгіленеді. Аяқ тамырлары зақымдалғандардан басқа атеросклерозбен ауыратын науқастар амбулаторлық жағдайда жаяу жүруді ем ретінде қолданады. Біртіндеп ара қашықтықты ұлғайтуға болады. Жағдайына байланысты науқас күніне 5 - 15км жүреді. Жүріс кезінде науқастың адымдарын анықтау: науқаста ол төмен болуы керек, өйткені шамадан тыс жүрсе, ол демікпеге, көңіл-күйінің нашарлауына әкеледі. Ауру асқынғанда жүріс және ара қашықтық азайтылады. Оймен отырып немесе еңкейіп жұмыс істейтін адамдарға (тігіншілер, хатшылар, сағат жөндеушілерге) 60-90 минут сайын 3-7 минутқа демалу қажет. Сол 3-7 минут ішінде дене шынықтыру жаттығуларын жасау керек.
Артериялық гипертензияның алдын алуы. Біріншілік алдын алу: артериялық гипертензияға әкеліп соқтыратын факторлардың алдын алуы мақсатында темекі шегуге тыйым салынады, дем алу, белгілі тәртіппен жұмыс істеу, жеткілікті ұйықтау қажет. Тамақта ас тұзын шектеудің мәні зор, тағамның калоражы төмендетіледі. Екіншілік алдын алудың мақсаты – қан қысымын қалпында немесе қалпына таяу жағдайда ұстау және гипотензиялық емдік шараларын жүргізу, сонымен бірге неврозды емдеу қажет. Гипертензиясы бар адамдарды анықтап, уақытында емдеген жөн. Қан қысымы көтерілетін адамға жүйкені қоздыратын жұмыс істеуге болмайды. Спортпен, су жаттығуларымен денені шынықтыру керек. Шомылғанда ағзаға бірнеше факторлар әсер етеді: температуралық, механикалық және химиялық. Артериялық гипертензиясы бар пациенттер міндетті түрде физикалық белсенді болуы керек. Физикалық жаттығулардың арнайы түрлері қан қысымын төмендетеді (әр жағдайда ағзаның жеке ерекшеліктерін ескеру керек).Физиотерапияның ішінде электрұйқы қолданылады. Ол қорғаныш серпілісін нығайтады. Ауруға әкеліп соқтыратын қауіпті факторларды жойған дұрыс: дене салмағының көбеюі, аз қимылдау, темекі шегу, тұзды және майлы тамақ ішу, ішімдіктер ішу, қобалжу, қозу. Сонымен бірге қантты диабеттің, қандағы холестерин мөлшерінің көбеюінің алдын алу қажет. Учаскелік дәрігер мен мейірбике бұл пациенттерге міндетті түрде психологиялық реабилитация шараларын жүргізеді - әр пациенттің психикалық жағдайын артериялық гипертензияның кезеңіне және оның ағымына байланысты зерттейді. Пациентті ұзақ уақыт жүргізілетін емге бейімдейді. ЖИА, жүрек қыспасының алдын алуы. Біріншіден: жүйке жүйесінің әр түрлі ауытқуларын емдеу. Темекі шегу, ішімдік ішуге, ауыр жұмыс істеуге тыйым салу. Тамақ құрамында май, тұзды азайту. Денені шынықтырып, физиологиялық жағдайын жақсарту. Екіншілік алдын алуда: науқас диспансерлік тізімге алынып, диспансерлік нұсқау бойынша қаралып, мерзімді ем алып тұрады. Үшіншілік алдын алу: аурудың асқынуларының алдын алып, ағзаның физиологиялық жағдайын жақсартып, физикалық белсенділікті көтеру.
Миокард инфарктының алдын алу. Ең алдымен атеросклероздың алдын алу, гипертониялық аурумен сырқаттанған пациенттерді қадағалап, керекті ем тағайындау, жүрек ишемиялық ауруларын (жүрек қыспасы т.б.) уақытында емдеу. Жүйке жүйесінің жұмысын реттеу, темекі шекпеу, ішімдік ішпеу, еңбек және демалу тәртібін қатаң қадағалау. Осы айтылған шаралардың барлығы ағзаның физиологиялық жағдайын күшейтіп, физикалық күш түсіруге ағзаны бейімдетеді.
Ақпараттық бюллетень. (мейірбикенің педагогикалық санаттағы жұмысы) Қазақстан Республикасында алдын алу тексерістері кең өткізіледі, олар негізінде жұмыс және оқу орындарында қадағаланады. Осы тексерістерден алған мәліметтерді дұрыс қолдану маңызды болып табылады. Ең алдымен жүрек ишемиялық ауруларының алдын алу маңызды – олар өлімге әкеліп соғатын аурулардың бірі. Алғашқы медико-санитарлық көмектің негізі тұрғындар арасында қауіпті факторларды анықтап, олардың жағымсыз әсерін жою. Біріншіден тұрғындардың жасы, қан қысымының көрсеткіші, анамнезінде жүрек ишемиялық ауруларының кездесуі анықталады. Тексергенде ағзаның функционалды жағдайының көрсеткіштері анықталады – бұл жүрек соғысының саны, дене салмағы, қанның биохимиялық тексеріс нәтижесі. Тұрғынның отбасы жағдайы, жағымсыз қылықтарға көзқарасы тіркеледі. Арнайы бағдарламада миокард инфарктының қаупі бағаланып, оған қарсы емдік шаралар жүзеге асырылады. Жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларында алдын алу және ем шаралары бір-бірімен тығыз байланысты және, біріншіден, олар жүйке жұмысын сақтауға бағытталған. Сондықтан диспансерлік дәрігерлік бақылау аурудың клиникалық бейнесін ғана емес, пациенттің жұмыс және тұрмыс жағдайын білу қажет. Науқастар өзін уайымнан, реніштен, қобалжудан сақтау керек. Жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларының алдын алудың бір түрі – санаториялық ем, ол жылы, жұмсақ ауа райында демалу болып табылады. Сонымен бірге бұл науқастардың жұмыс тәртібінің маңызы да зор. Қарау барысында дәрігер науқастың мамандығымен танысуы керек, сол мамандықтың оның жүрек-қан тамыр жүйесіне әсерін білу қажет. Егер жұмысы ағзаға ауыр тисе, ол аурудың дамуына жол береді. Жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларының алдын алудың тағы бір түрі – дәрумендерді дұрыс пайдалану. Олардың ішінде негізгі орында аскорбин қышқылы, В6, В12 топтары. Дұрыс тамақтану – жүрек ауруларының алдын алу шараларының негізі. Мұнда негізі не жеу емес, ең бастысы қалай, қай уақытта жеу керек. Тамақты белгіленген уақытта ғана ішу керек, аз уақыт арасында және белгілі мөлшермен. Мөлшерден көп жеуге тыйым салынады. Ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Майлы ет, жұмыртқа сарысы, ми, бауыр шоколад мөлшері шектеледі, бұлар холестеринге өте бай тағамдар. Тамаққа көп мөлшерде ашытқы, нан, қант қосуға болмайды. Диетада қырыққабат, жеміс-жидектер, балық, ірімшік болуы керек. Жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларының алдын алуын, дамуын шектеуінің ең бастысы – ол гиподинамиямен, күйзеліспен, ренішпен, шаршаумен қарсы күресу, тұрғындарды дұрыс тамақтану тәртібімен таныстыру. Осы айтылған факторлардың барлығы жүрек-тамыр жүйесінің ауруларының алдын алуында маңызды роль атқарады. V тарау Ас қорыту мүшелерінің аурулары 5.1. Ас қорыту мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері Ас қорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек жатады. Ауыз қуысында тағамдар сілекейленіп өңеш арқылы асқазанға түседі. Асқазан дененің орташа сызығының сол жағында орналасады. Асқазанға 12 елі ішек жалғасады. Бұл мүшелердің жанында ұйқы безі, бауыр, өт қалтасы, аш ішек орналасады. Асқазанға түскен тағамдар асқазан сөлімен қорытылады. Ас қорыту үрдісіне ұйқы безі қатысады. Ұйқы безінің сөлі 12 елі ішектің ішіне түсіп, өт қалтасының сөлімен қосылып, майларды, көмір қышқылдарды ыдыратады. Асқазан сөлінің құрамына су, сілті қышқылы, пепсин және де басқа ферменттер кіреді. Асқазан ауруларында асқазан сөлі азаяды, көбейеді немесе мүлде жойылады. Гипосекреция дегеніміз - сілті қышқылының азаюы. Гиперсекреция дегеніміз - асқазан сөлі мөлшерінің көбеюі. Гиперхлоргидрия дегеніміз - асқазан сөлі қышқылдығының көбеюі. 19 сурет. Ас қорыту мүшелерінің орналасуы.
5.2. Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы негізгі белгілер
Асқазан ішек ауруларындағы негізгі шағымдар: іштің ауруы, тамаққа тәбетінің өзгеруі, кекіру, қыжылдау, лоқсу, құсу, іштің кебуі, нәжістің кідіріп қалуы, іштің өтуі. Асқазанның кілегей қабаты қабынғанда, тітіркенгенде сырқат белгілері байқалады. Ауырсынудың шоғырлануы, қаттылығы әртүрлі және тамақпен байланысты. Ас қорыту мүшелерінің ауруларында жиі кездесетін шағымдарға тәбеттің бұзылуы, дәм сезімінің бұзылуы, кекіру, қыжылдау, жүректің айнуы, құсу, лоқсу, кіндік түбінің ауруы, қансырау жатады. Кекіру, қыжылдау, жүректің айнуы, құсу – диспепсиялық шағымдар деп аталады. Диспепсия дегеніміз – ас қорыту дәрісінің бұзылуы. Тәбеттің жоғарылауы немесе төмендеуі жиі кездеседі. Ойық жара ауруында, әсіресе ұлтабар ойық жарасында науқастың тәбеті жоғарылайды. Сөлі аз асқазан ауруында тәбет керісінше төмендейді. Дәм сезудің бұзылуы – ауызда жағымсыз дәмнің сезілуімен сипатталады. Кекірік дегеніміз – кенеттен ауыздан ауаның шығуы. Бұл ауа кекірігі, асқазанның бұлшық еті жиырылғаннан пайда болады. Ауа кекірігі атмосфералық ауаны көбірек жұтып қалғаннан да болуы мүмкін. Кейбір жағдайда кекірік жағымсыз иісті болады. Мұндай кекірік асқазан кеңейіп, тамақ іркіліп тұрып қалғанда байқалады. Қыжылды кекірік көбінесе асқазан сөлі көп бөлінгенде білінеді. Қыжылдау - төстің тұсында күйіп тұрған сезімнің болуымен сипатталады. Бұл кез – келген ауруларда асқазан сөлінің қышқылдылығы жоғарылағанда байқалады. Жүректің айнуы – рефлекторлық акт, кезеген жүйкенің тітіркенуімен байланысты. Көбінесе жүректің айнуы терінің бозғылттануымен, жалпы әлсіздікпен, терлеумен, аяқ – қолдың мұздауымен бірге кездеседі. Бұл жағдайда құсық болуы мүмкін. Асқазан ауруларында жүрек айнудың ерекшелігі көбінесе тамақтан кейін байқалады. Жүрек айну жиі асқазанның сөлденістік жетіспеушілігінде білінеді. Көбінесе жүректің айнуы құсықпен қатар жүреді. Дерт анықтамасын жүргізгенде құсықтың түріне, түсіне, құрамына назар аударады. Мысалы: асқазаннан қан кеткенде құсықтың түсі “кофе” тәрізді болады, кейбір жағдайда өт аралас болады (өт қалтасының ауруларында). Асқазан жара ауруларымен ауыратын науқастарда құсықтан кейін жағдайлары жақсарады. Құсық келесі асқазан ауруларында болуы мүмкін: жіті гастритте, созылмалы гастриттің қозуында, асқазан ойық жара ауруларында, асқазан қақпақша қатаюында, асқазан қатерлі ісігінде. Шағымдардың ішінде ерекше орында тұратын белгілердің бірі – ауырсыну. Науқастың дәл қай жері ауырғанын анықтап сұрау маңызды роль атқарады. Кейде қабырғалардың төменгі жағында ауырсынудың пайда болуы асқазан ауруымен байланысты болмауы да мүмкін. Ол бауыр ауруларында, ұйқы безінің ауруларында байқалуы мүмкін. Ауырсыну жергілікті немесе жайылмалы түрде кездеседі. Ауырсынудың мінездемесі әртүрлі – ұстама тәрізді, үнемі, жыл мезгілімен байланысты, қабылдаған тамаққа байланысты, күш түсумен, қиналумен байланысты болып өтеді. Асқазан ауруының түріне байланысты тамақтан кейін ауырсыну әртүрлі уақытта білінеді. Сөлі аз асқазан ауруында ауырсыну тамақ қабылдаған бетте білінеді, асқазан ойық жара ауруында ауырсыну түнде және аш қарында болады, сөлі көп асқазан ауруында ауырсыну тамақ қабылдағаннан кейін басылады. Асқазаннан қан кету – асқазан, ұлтабар ойық жара ауруында жиі кездеседі. Оны қан араласқан құсық және қан араласқан нәжіс арқылы байқауға болады. Көбінесе асқазаннан қан кету қан араласқан құсық арқылы байқалады. Қан араласқан құсық асқазан қатерлі ісігінде және жалақ жарада да кездеседі.
5.3. Тексеру әдістері
Ас қорыту мүшелерінің ауруларында субъективті тексеру әдісінің маңызы өте зор. Ауырсынудың мінездемесі, тамақ қабылдаумен байланыстылығы, ұзақтығы, орналасуы, басқа мүшелерге әсері, диспепсия белгілері дерт анықтамасын жүргізуге көмек береді. Ас қорыту ауруларында дерт анықтама жүргізгенде науқастың ауыз қуысын тексереді. Ауыз қуысын қарағанда қарайған тістеріне көңіл бөлу керек, өйткені тағам арқылы асқазанға қарайған тістерден жұқпа қоздырғыштары түседі. “Тіл – асқазан айнасы” деп ертеде бекер айтылмаған. Тілде ауруға тән өзгерістер кездеседі. Мысалы: асқынбаған асқазан ойық жарасында тіл таза және дымқыл, жедел гастритте уылған болады. Құрсақ қуысы жарақаттанғанда және өткір ұйқы безінің қабынуында тіл құрғайды. Науқасты жалпы қарағанда науқастың түрін, дене бітімін, іштің пішінін, кіндіктің түрін, терінің түсін, ылғалдығын, терідегі дақтарға, тыртықтарға көңіл аудару керек. Ішке сары су жиналғанда |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 702. stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда... |