Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Туберкулез туралы не білу керек? 2 страница




Өкпе қабынуларының ем қағидалары

Жұқпаға қарсы ем қолдану, уытты әсерді тыйылту, иммундық жүйені қалпына келтіру, қақырықты сыртқа шығару, симптоматикалық ем жүргізу негізі болып табылады.

Науқас ауруханада емделеді. Науқастың тамағы құнарлы болуы тиіс, тәулігіне 2,5 - 3 литр сұйықтық қолданған жөн. Жалпы төсек тарту тәртібінің талаптары шектеулі, темекіден және ішімдіктен бас тарту. Крупозды пневмонияда көп мөлшерде антибактериалдық ем жүргізіледі: антибиотиктер жұқпаның сезімталдығын анықталуын күтпей схема бойынша тағайындалады, олар цефалоспорин (клафоран), левофлоксацин, эритромицин, линкомицин, амоксициллин, сульфаниламидтер (сульфален, бисептол), нитрофуран препараттары. Емнің барысында қоздырғыштың түрі мен оның антибиотикке сезімталдығын сәйкестейді. Уытты әсерге қарсы гемодез күніне 400 мл 1 рет, полиглюкин, 5% глюкоза ерітінділері көк тамырға қолданылады. Ағзаның иммундық жүйесін қалпына келтіру үшін иммунитетті реттейтін препараттар тағайындалады (пирогенал, интерферон, левамизол). Ауыр жағдайда жүрек -қан тамыр жүйесінің жұмысын жақсартатын дәрілерді қолданады. Жөтелге қарсы наркотикалық (кодеин, кодтерпин, дионин) және наркотикалық емес (глауцин, либексин, тусупрекс) дәрі-дәрмектері қолданылады. Қақырықты сыртқа шығару үшін 3 % калий йодиді, мукалтин, амброксол, амбробене, бромгексин дәрі – дәрмектері қолданылады. Сонымен бірге симптоматикалық ем жүргізіледі. Дене қызуын төмендету мақсатымен парацетамол, ацетил қышқылын ішкізеді. Ауырсынуды басу үшін жансыздандыру емін, ал қабыну дәрісін басу үшін уыттану белгілері басылғанда физиотерапиялық ем қолданады: электрофорез алоэмен бірге, ультрасәулемен сәулелену емін жүргізеді. Бронхтардың дренаждық қызметін жақсарту мақсатымен небулайзер арқылы ингаляциялық ем жүргізеді. Емдік және демдік жаттығуды машықтандырып, дағдыландырады.

Пневмониялардың болжамы. Сырқаттанушыға уақытында көрсетілген барлық медициналық ем шаралардан кейін нәтижесі қолайлы болып табылады.

Сырқаттың алдын алуы. Алғашқы алдын алу. Ағзаны шынықтырып, қорғаныш қабілетін арттыру алдын алу шараларына жатады. Бронхитті, тұмауды және басқа респираторлық сырқаттар түрлерін уақытында дұрыс емдеу. Суық тигізіп алмау, жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін қадағалап жүрген дұрыс.

Екіншілік алдын алуда науқас 1 жыл диспансерлік тізімде бақыланады. Иммундық жүйесін қалпына келтіру үшін шаралар жүргізіледі, содан кейін клиникалық, зертханалық және аспаптық тексерістен өтіп, “Д” бақылаудан шығарылады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Пневмонияларға анықтама беріңіз.

2. Сырқатқа әкеліп соғатын себептерді атаңыз.

3. Өкпе қабыну сырқатына қысқаша түсініктеме беріңіз.

4. Сырқаттың жіктелу тәртібінің тізімін айтып шығыңыз.

5. Ошақты және крупозды өкпе қабынуының клиникалық бейнесіне, зертханалық және аспаптық тексерістер түрлерінің қорытынды нәтижесіне сипаттама беріңіз.

6. Аурудың емдік қағидасының негізі.

7. Физиоемін қандай мақсатта қолданады?

 

 

 3.6. Өкпенің созылмалы обструкциялы сырқаттары (ӨСОС)

    Бұл термин бронхтарды қайтымсыз өршімелі обструкцияға ұшырататын жағдайларды қамтиды. Өкпенің созылмалы обструкциялы сырқаттарының (ӨСОС) анықтамасы ортақ критерийге негізделіп, бронхиттің клиникалық, ал эмфиземаның анатомиялық анықтамаларына да қатысты. Соңында өкпе гипертензиясымен асқынып, дем жеткіліксіздігінің және өкпелік жүректің клиникалық белгілерімен сипатталынады. Американың торакалдық қоғамы мен Европаның респирациялық қоғамы қабылдаған өкпенің созылмалы обструкциялы сырқаттарының диагностикасы мен емінің стандарты дүние жүзінде қолданыс табуда. ӨСОС–тың диагностикасы келесі кестеде көрсетілген.

Анамнезі:

- темекі шегу (тәулігіне неше шылым шегеді, неше жасынан бастап шегеді);

- қоршаған ортаның жағымсыз факторлары;

- созылмалы қақырықты жөтел (жиілігі, ұзақтығы, мөлшері);

- ысқырықты тыныс алу;

- ентігу, көгеру;

- жедел респирациялы аурулар.

Клиникалық көрінісі:

- бронхтық обструкцияның белгілері (құрғақ және дымқыл сырылдар);

- эмфиземаның белгілері (кеуде қуысының бөшкеленуі);

- сырқаттың ағымдық әсерін айқындайтын симптомдар.

Басқа симптомдары:

-ортопноэ, мойын күре тамырларының ісінуі;

-барабан таяқшасы тәрізді саусақтар;

-өкпе сусінделіну белгілері.

Зертханалық және аспаптық зерттеулері:

-артериялық қанның газдарын анықтау;

-қанның құрамын анықтау (қан аздық және полицитемия);

-қақырықты зерттеу (негізгі өкпе ауруына байланысты);

-кеуде қуысының рентгенографиясын жасау;

-компьютерлік томография (эмфиземаның дәрежесін дәлелдейді)

-өкпенің көлемін анықтау - спирометрия;

-өкпенің тездетілген тіршілік сыйымдылығы – пикфлоуметрия;

-өкпенің екпінді тыныс шығару сыйымдылығы.

Этиопатогенезі. Қабыну процесі бронх тармақтарының өткізгіш қабілетін бұзады, ентігу дамиды. Көбнесе бұл жағдай бронх тармақтарының жиырылу қабілетінің зақымдануына байланысты, яғни қабынуға қарсы ем және бронхолитиктер нәтижелі болады. Барған сайын бронх тармақтары эластикалық қабілетінен айырылып, эмфизема және фиброз дамиды, яғни өкпеде қан айналымы бұзылып, газ алмасу процесі төмендейді. ӨСОС эритроцитозды тудырады, қан қоюланады, дем алу процесі қиындайды.

Клиникалық бейнесі. Негізгі клиникалық белгілеріне ентігу және жөтел жатады. Аурудың дамуы себебіне байланысты ӨСОС-тың 2 түрі бар: эмфизематоздық және бронхотикалық. Эмфизематоздық түрінде науқас жүдеу, ал физикалық өзгерістері өте аз, өкпеде сырылдар естілмейді, қақырықтың мөлшері аз, цианоз байқалмайды, бірақ ентігу қатты мазалайды. Бұл аурудың «А» түрі. Екінші түрі – «В» түрі (бронхотикалық). Бұл түрінде науқастың салмағы көбейеді, цианоз қатты байқалады, қақырық көп мөлшерде білінеді, өкпеде әр түрлі сырылдар естіледі, бірақ ентігу аса мазаламайды. Бұл жағдай ерте өкпелік жүрекке әкеліп соғады.

Емі. Өкпенің созылмалы обструкциялы сырқаттарының (ӨСОС) емі симптомдардың айқындығына, қозу жиілігіне, ұзақтығына, асқынуларына байланысты. Негізгі ем қағидаларына темекі шегуден бас тарту, қабыну белгілері айқындалғанда 7-10 күн жұқпаға қарсы антибактериалды ем жүргізу, бронх тармақтарының тарылуын жою мақсатымен бронхолитиктер, кортикостероид дәрі – дәрмектерін қолдану жатады. Уытты әсерді тыйылту, иммундық жүйені қалпына келтіру, қақырықты сыртқа шығару, сонымен бірге симптоматикалық ем жүргізу болып табылады (оттегі беру, физиоем).

Алдын алу шаралары. Тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларымен сырқаттанған науқастар диспансерлік бақылау тізіміне алынып, дәрігердің қадағалауында диспансерлік нұсқау бойынша қаралып тұрады. Аурудың сатысына байланысты клиникалық қан, қақырық анализдерін тапсырады, сонымен бірге рентгенологиялық тексерістен де өтіп отырады. Көктемде және күз мезгілдерінде алдын алу емін науқастар қабылдап отырады.

                 

 

Бронх демікпесі

Бұл ауру өкпенің созылмалы обструкциялы сырқаттарына жатады (ӨСОС). Бронх демікпесі – ағзаның иммундық механизмдер негізінде бронх серпіліс қабілетінің өзгеруінен дамитын жұқпалық - аллергиялық сырқат. Міндетті түрде бронхтардың қабырғалары жыйырылып тарылып, бронхтардың шырышты қабығы ісініп, шырыш көп бөліну нәтижесінен бронхтың өткізгіш қызметі бұзылып, демікпелік ұстама байқалады. Демікпе жер жүзінде кең таралған сырқат түріне жатады. Бұл ауру әйелдер арасында жиірек кездеседі. Ауылды жердің тұрғындарына қарағанда қала тұрғындары демікпемен жиі ауырады.

БДДСҰ бойынша бронх демікпесі деген ұғымға келесі анықтама берілген: бұл гиперреактивтіліктің белгілері байқалып, обструкцияның 4 үлесі қалыптасатын тыныс алу жолдарының созылмалы қабынулық сырқаты.

 

 


                                                               6 сурет  Демікпе ұстамасындағы

                                                       пациенттің төсектегі жағдайы (ортопноэ)

                       

Этиологиясы. Бронх демікпесі аллергендердің әсерінен кейбір дәрі – дәрмектер түрлерінен, әртүрлі жұқпа және кәсіптік факторлардың, сонымен қатар жиі қажығандықтан, құбылмалы ауа райының әсерінен дамуы мүмкін. Сырқаттың дамуына байланысты демікпенің бірнеше түрлері бар: атопиялық (аллергиялық демікпе), жұқпалық – аллергиялық демікпе, аспириндік демікпе, қажу демікпесі т.б. Демікпенің даму барысында аллергиялық механизм маңызды орын алады. Оны түрлі әр тектегі аллергендер, яғни жұқпа және жануарлық агенттер, өсімдік тозаңдары, химиялық заттар туғызады. Тұқым қуалайтын факторлардың де орны ерекше болып келеді.

Патогенезі. Бронх демікпесінің патогенезі 3 кезеңге бөлінеді:

§ иммундық (аллергеннің әсерінен ағзада антиденелер пайда болып, тегіжатпен байланысып субстрат қатынасын құрады);

§ патохимиялық кезеңде аллергеннің қайталанған әсерінен көбейген қаныққан клеткалары белсенді биологиялық зиянкес заттарын бөліп шығарады (гистамин, ацетилхолин, серотонин, брадикинин). Бұл белсенді биологиялық зиянкес заттардың көбісі бронх тарамдарын тарылтуға бейімделген болып келеді;                                     

§ патофизиологиялық кезеңде биологиялық заттар бронхтарды тітіркендіріп тарылтады. Бронхтардың шырышты қабаты дымқылданып, эксудат көп бөлініп бронхтарды бітейді. Тыныс алу дәрісі нашарлайды.

Жіктемесі. Аурулардың халықаралық жіктелуі бойынша, БДДСҰ,1995ж, бронх демікпенің келесі түрлері бар:

І.Себебіне байланысты:

· Экзогенді демікпе (жұқпалы емес, атопиялық)

· Эндогенді демікпе (атопиялық емес, жұқпалы-аллергиялық)

· Аралас демікпе

ІІ.Ауырлық дәрежесі бойынша

· Жеңіл ауырлықта интермиттік ағымды

· Жеңіл ауырлықта персистиялық ағымды

· Орташа ауырлықта персистиялық ағымды

· Ауыр ауырлықта персистиялық ағымды

Жеңіл ауырлықта интермиттік ағымды демікпенің белгілері:

- демікпе ұстамасы аптасынан 1 рет сирек;

- қозу мерзімі қысқа (бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін);

- түнде ұстама айына 2 рет немесе одан да сирек;

- қалыпты түрде өкпе қызметі бұзылмаған;

- дем шығару жылдамдығы (ДШЖ) қалыптыдан > 80%

Жеңіл ауырлықта персистиялық ағымды демікпенің белгілері:

- ұстаманың дамуы тәулігіне 1 реттен аспайды;

- науқастың физикалық белсендігі төмендейді, ұйқысы бұзылады;

- түнде ұстама айына 2 реттен жиі байқалады;

- дем шығару жылдамдығы (ДШЖ) қалыптыдан > 80%

Орташа ауырлықта персистиялық ағымды демікпенің белгілері:

- ұстама күнде ұстайды;

- науқастың физикалық белсендігі төмендейді, ұйқысы бұзылады;

- түнгі ұстама аптасына 1 реттен жиі байқалады;

- дем шығару жылдамдығы (ДШЖ) қалыптыдан 60%- 80%

Ауыр ауырлықта персистиялық ағымды демікпенің белгілері:

- ұстама күніне бірнеше рет мазалайды;

- түнгі ұстама жиі байқалады;

- науқастың физикалық белсендігі өте төмен;

- дем шығару жылдамдығы (ДШЖ) қалыптыдан < 60%.

ІІІ.Аурудың кезеңдері:

· қозу;

· ремиссия.

Қозу кезеңі 4 дәрежеде байқалады: ауыр емес, орташа ауырлықта, ауыр түрде, өмірге кедерлі түрде.

ІҮ.Асқынуларына байланысты:

· А. Жедел өкпе асқынулары:

- Status astmaticus;

- ателектаз;

- дем алу жеткіліксіздігі;

- пневмоторакс.

· Б.Созылмалы өкпе асқынулары:

- созылмалы өкпелік жүрек

· В.Демікпенің емімен байланысты асқынулар:

- гормон препараттарына тәуелділік

- гормон препараттарының әсерінен дамыған асқынулар

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың ең басты көрінісі демікпе ұстамасының дамуы болып табылады. Сырқаттың бастапқы кезеңінде тыныстың тарылуы түнде басталып, содан күндіз де болады. Басында науқастың көмейі жыбырлап науқас жөтеле бастайды, жөтел бара – бара асқынып, аурудың тынысы тарылып, дем ала алмай тұншығады. Толықсу басталғанда науқас аяғын төмен түсіріп, қолымен төсектің шетін ұстап отырады. Беті ісіңкіреп (тұншығып отырады), ауызы, мұрыны көгеріп, суық тер шығады. Науқастың дем алысы жиілейді, демді сыртқа шығару дәрісі қиындайды. Өкпеде ауа көп болғандықтан, перкуссияда қорап тәрізді дыбыстың естілуімен түсіндіріледі. Аускультацияда және қашықтық аралығында да ысқырған, шиқылдаған сырылдар естіледі. Демікпе ұстамасынан зардап шегуші мазасызданып безек қағады. Толықсудың ағымының ұзақтылығы әртүрлі болып келеді: бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін, кейде бірнеше күнге дейін созылады. Басында жөтел қақырықсыз, содан соң қақырықты жөтел пайда болады. Қақырық өте аз мөлшерде білінеді. Қақырық ауызға жабысып, кілегейленіп тұрады. Осы қақырықтың түсуі нәтижесінен демікпе ұстамасы аяқталады.

Аурудың әсерінен орталық жүйке жүйесі бұзылып, кома дамуы мүмкін. Сырқаттанушы халі нашарлайды, ісік пайда болады. Тамыр соғысы жиілеген, әлсіз болады. Созылмалы өкпе – жүрек жетіспеушілігі дамиды.

 Ауру өршігенде жалпы қан анализінде эозинофильдер көбейеді. Қақырықта Куршман шиыршықтары, Шарко – Лейден кристалдары, эпителиялық торшалар табылады. Демікпе ұстамасы өршіген науқастарда сыртқы тыныс алу қызметі өзгеріп бронхтардың өткізгіш қабілеті бұзылады, өкпенің өмірлік көлемі мен тыныс шығарудың форсирленген көлемі төмендейді. Бронхоскопия тексерісінде эндобронхит патологиялық өзгерісі анықталады. Рентген тексерісінде өкпе бөліктері ашық түсті болып, өкпе түбіріндегі артериялар тармақтарының сұлбасы кеңейеді.

  Емі. Бронх демікпесінің емі тұншығу ұстамасын тыйылтып, аурудың негізгі даму механизмін басуға арналған шараларды өткізу болып табылады. Толықсу кезінде науқасқа ыңғайлы жағдай көрсетіп, қысып тұрған киімдерін босатып, таза ауа жіберу қажет. Бронх демікпесінің жеңіл түрінде ұстаманы рефлекторлық түрде қыша қойып басуға болады немесе аэрозоль жұтқызып (атровент) оттегі қабылдайды. Бронх демікпесінің орташа және ауыр түрінде бір сағаттың ішінде 3-4 рет беротек немесе беродуал небулайзер арқылы қолданылады. Сонымен бірге 2 сағат сайын 60 – 90 мг преднизолон ерітіндісін енгізеді. Ауыр жағдайларда 1 сағат сайын беротек немесе беродуал, немесе салметерол небулайзер арқылы қолданылады, 2 сағат сайын 60 – 90 мг преднизолон ішкізеді, сонымен бірге көк тамырға 200 мг преднизолон ерітіндісі енгізіледі. Науқастың дем алуы қиындап, тұншығу дәрежесіне дейін жеткен жағдайда, жасанды дем алдыру шараларын реанимация бөлімшесінде жүргізеді. Ұстама арасындағы ем және олардың алдын алу шараларын өткізу бронх демікпесінің клиникалық бейнесі мен дамуына байланысты жүргізіледі. Атопиялық демікпеде сырқаттарды тағамдық және тұрмыстық аллергендердің әсерінен сақтандырып, гигиеналық шараларын қолданып, жүргізген қажет


Бейнелеме                                                                                        

Астманың клиникасы

және мейірбикенің тактикасы

 

Науқастың шағымдары Объективтік өзгерістер
1. Тұншығу. 2. Жөтел. 3. Қақырық бөлудің қиындауы. 4. Әр түрлі иістерге сезімталдығының жоғарылауы. 1.Экспираторлық демікпе. 2.Еріксіз жағдай. 3.Дистанциондық сырылдар. 4.Тамыр соғуының жиілеуі, толуының төмендеуі. 5.Қан қысымы көбіне төмен.
Мейірбике тактикасы
1. Науқасқа ыңғайлы ортопноэ жағдай жасау. 2. Қысып тұрған киімдерін босату, таза ауа жіберу. 3. Қалта ингаляторын қолдану, оттегіні беру. 4. Дәрігер келгенше науқастың жағдайын бағалау.

Аллергиялық факторлардың әсерін жою мүмкін болмаса, сезімталдықты тежейтін ем қолданылады. Ол үшін үдемелі мөлшерде өзіндік аллерген беріледі. Антигенге сезімталдығын жою үшін емдәм терапиясын қолданады. Сезімталдығы жоғары тағамдарын жиі қолданбаған жөн (жұмыртқа, шоколад, кофе, құлпынай және т.б. ). Жұқпа қабыну дәрісі белсенді жағдайда антибактериалдық ем қолданады: кортикостероидтер және кортикостероид емес дәрі-дәрмектері. Бронх демікпесінің емдеу барысында бронхтардың өткізгіштік қабілетін жақсартатын емнің маңызы ерекше болып табылады. Ол үшін сілтілі сұйықтықтарды көп мөлшерде ішкізеді, сілтілі ингаляциялармен бірге емдік гимнастика өткізіледі. Бронхтарды кеңейтетін және қақырық түсіретін дәрі – дәрмектер тағайындалып, қолданылады: сальбутамол, беротек, дитек, интал, серетид Эвохалер т.б. Бұл дәрілер ингаляция түрінде небулайзер арқылы қолданылады. Қақырықты жібітіп, жеңіл түрде шығару мақсатымен мукалтин дәрісі беріледі, калий йодидінің ерітіндісін ішкізуге болады. Қызыл мия, жалбыз тікеннің түбінен, жолқұрай, тасшөп, жебір, френхель, және басқалардың тамырынан, жапырағынан, гүлінен дайындалған тұнбалар да өте пайдалы. Бронх демікпесін емдеу үшін физиотерапиялық емдік дене шынықтыру, тыныс жолдарының емдік гимнастикасы, инемен шаншу және басқа да дәрісіз ем тәсілдері қолданылады. Ем гимнастикасы, дене шынықтыру бронхтар тармақтарының өткізгіш қабілетін жақсартып, тыныс бұлшық еттерінің энергетикалық қоректенуін арттыруға арналып бағытталады. Науқасты өзінің тыныс алу дәрісімен басқара алуына дағдылатып, жаттықтыруы керек.

Алдын алуы. Атопиялық демікпенің алғашқы алдын алу шараларына науқастың сезімталдығын тежеп, тыныс жолдарының жедел ауруларына дер кезінде ем көрсетуі керек. Ал жұқпалық – аллергиялық демікпенің алдын алуда созылмалы жұқпа ошақтарды қайта қаулатпаудың маңызы өте зор. Бұл сырқат түрін антибиотиктер мен сульфаниламидтер дәрілерімен емдегенде, олардың аллергия тудыратындығын естен шығармай, тек өте қажетті жағдайда ғана тағайындап, қолданған тиіс. Екіншілік алдын алуда жағдайына байланысты пациент диспансерлік нұсқау бойынша учаскелік терапевтпен тексеріліп отырады. Қаралған сайын қан анализін тапсырады. Спирометрия, пикфлоуметрия сияқты аспаптық тексерістерден өтеді. Жылына 1 рет кеуде қуысына рентгенография жасайды. Сырқат ауыр ағымды болса, науқасты көбіне мүгедектікке ұшыратады. Дер кезінде дұрыс емделгендерге көбінесе сырқаттың ағымы жеңілденіп, науқастар еңбекке ұзақ уақыт жарамды болады. Созылмалы бронхтық астмасында сырқаттар дер кезінде дәрігерлік бақылауға алынып, олардың сезімталдығын келтіруге әрекет ықпалдарын өткізген қажет. Ол үшін ағзаны шынықтырып, физикалық күшті көтеруді дамытады, тыныс алу дәрісін жаттықтыру түрлерін өткізіп, сулық ем шараларын пайдаланған дұрыс. Пациентті демікпе кезінде өзіне-өзі көмек көрсетуді үйреткен жөн, ингалятормен қолдану, пикфлоуметрия жүргізе білу (арнайы оқу орнында үйреткен дұрыс). Асқынумен аурудың қозу санын азайтатын мақсатпен педагогикалық аспектіде жүргізілетін мейірбикенің жұмысы маңызды роль атқарады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Ауруға жалпы түсініктеме беріңіз.

2. «Жұқпалық – аллергиялық» деген терминді қалай түсінесіз?

3. Сырқатқа әкеліп соғатын факторларды атап шығыңыз.

4. Сырқаттың клиникалық көрінісі қалай сипатталынып өтеді?

5. Демікпе ұстамасының әр ағымының түріне қысқаша сипаттама беріңіз.

6. Демікпе ұстамасындағы өткізілетін мейірбике іс әрекеттері.

7. Сырқаттың негізгі емдік қағидасын айтыңыз.

8. Алдын - алу шараларына түсінік беріңіз.

 

 

3.8. Өкпе іріңді аурулары

     Өкпе іріңді сырқаттарына өкпе абсцессі, өкпенің шіруі, бронхоэктаздық ауруы жатады. Өкпе іріңді сырқаттарына әкеліп соғатын факторлар: өкпе тінінің қабынуы, бронхтың өткізгіш қабілет қызметінің бұзылуы, зақымдалған жердің қамтамасыз ету дәрісінің бұзылуы.

Өкпе абсцесі

    Бұл өкпеде іріңге толған қуыстықтың пайда болуымен сипатталатын сырқат. Сырқаттың дамуына әкеліп соққан себебіне байланысты өкпе абсцесінің келесі түрлері болады:

· пневмониядан кейінгі дамыған түрі - өкпе қабынуынан кейінгі пайда болатын түрі;

· гематогендік түрі – ағзаның белгілі бір жерінен ірің қан арқылы өкпеге келіп түсуі;

· аспирациялық түрі – құсықтың өкпеге түсіп іріңдікті туғызуы;

· жарақаттан кейін дамыған түрі – кеуде қуысының жарақаттанғаны өкпенің зақымдалуына әкеліп соқтыруы мүмкін;

Өкпе іріңдігінің жіктелу тәртіп ерекшелігі көпше және жекеше, бір беткейлі немесе екі беткейлі реттік жүйесімен сипатталады.

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың өту ағымы 3 кезеңмен сипатталып өтеді:

1 кезең – өкпеде қуыстың іріңге толуы. Науқастың дене қызуы 400 С  дейін көтеріліп, ( тұрақсыз ауыспалы түрдегі) дене қызуы көтерілгенде пациент қалшылдап өзін - өзі ұстай алмайды, ал дене қызуы төмендеп, түскенде терлеп қиналады. Бұл кезеңде уыттану белгілері айқын түрде білінеді: әлсіздік, тамаққа деген тәбетінің тартпауы, қимыл - қозғалысының қиындауы, дұрыс тынығып ұйықтай алмағандыктан, мазасыздануы. Қараған кезде: өкпенің сау жағын алып қарағанда, ауырған жағы тыныс алудан қалыптан тыс қалып отырады. Перкуссияда өкпе абсцесі орналасқан жерінің дыбыс беру ырғақтылығы жәй шығады, аускультацияда бронхтық дем үні, крепитиция, ылғал сырылдар естіледі. Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз байқалады, ЭТЖ артады. Рентгенде инфильтрация ошағы байқалады.










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 844.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...