Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Туберкулез туралы не білу керек? 1 страница




Жедел бронхит

    Бұл ауруда жедел түрде бронхылардың шырышты қабаттары қабынады. Осының әсерінен бронхылардың сөлденісі ұлғайып, шырышты қабықты тітіркендіреді де жөтел тудырады.      

Этиологиясы:

1. Инфекциялық:

а) вирустық;

а) микоплазмалық

б) бактериялық.

2.Инфекциялық емес (түрлi физикалық және химиялық әсерлерден).
3.Аралас (вирусты -бактериялық).


Жіктемесі:  

Қабынудың түрi бойынша:

1. Катаральдi.

2. Iсiнкi.

3. Ірiндi.

4. Ірiндi-некрозды.

Барысы бойынша:

1. Жедел (ұзактығы 2-3 апта).

2. Созылынқы (1 айға дейiн, одан да ұзақ созылатын).

Клиникалық белгілер.

- Дененің қызуы 37,0-38,0С дейін көтеріліп.

- Уыттану белгілері дамиды, әлсіреп, көңіл күйі нашарлай бастайды.

- Жөтел - алғашқы күндері құрғақ жөтел мазалайды, содан кейн жөтел ылғалданып, кілегейлі немесе кілегейлі – іріңді қақырыққа ауысады, тәулігіне 50 мл дейін.

- Жөтелгенде көкірек торшасы ауырсынады. Қарағанда, сипалауда және перкуссия жүргізгенде аурудың белгілері біліне қоймайды. Науқасты тыңдағанда құрғақ немесе ылғалды сырылдар естіледі.

- Жүрек соғысы кейде жиілеуі мүмкін.

Бронхиттің жедел түрінің ұзақтығы 2 - 3 аптаға созылады. Жедел бронхитте ентігу байқалмайды. Кедергілі жедел бронхиттің пайда болуы ұсақ бронхтардың зақымданғанының белгісін түсіндіреді және ол “бронхиолит” деп аталады. Сырқат бронхиолитке ауысқан кезде тыныс алуы қиындайды және кеудеде құрғақ сырыл көбейуімен сипатталады.

Қан анализінде лейкоцитоз байқалып, ЭТЖ сәл артады. Қақырығы көбінесе сірнелі-сілемейлі болады, құрамында лейкоциттер айқындалынады. Рентген сәулесімен тексергенде өкпе суретінің өзгерісі болмайды. Уақытында ем жүргізген жағдайда бір – екі аптадан кейін сырқаттан айығып кетуге болады. Ал сырқаты асқынған адамдарда үш – төрт аптаға ұласып, бронхит сырқаты созылмалы түріне ауысады. Аурудың асқынуларына өкпе қабынуы, бронхтардың обструкциясы жатады.

Емі. Науқас көбіне емханада емделеді. Дене қызуы көтерілген жағдайда төсек тәртібін сақтау керек. Науқас жатқан бөлменің ауасын жиі желдетіп отырған жөн. Қабынуға қарсы антибиотик және сульфаниламид дәрілерін арнаулы сызбалық тағайындау бойынша тағайындайды (цефалоспориндер, макролидтер т.б.) Антибиотиктерді қабылдау алдында қақырықты антибиотикке сезімталдығын тексеріп алған жөн. Қақырықты жібітіп, сыртқа жеңіл түсіру үшін термопсис, ипекакуана, алтей түбірінің қайнатпаларын қолданады және ингаляциялар жүргізіледі. Бронхтың өткізгіш қабілетін жақсарту үшін бронхолитик дәрілерін тағайындайды: эуфиллин, теофедрин т.б. Рефлекторлық түрде жөтелді басып, қақырықты түсіру үшін жылы емшараларды қолданады: кеудеге қыша қояды, жылы сұйықтықтарды көп мөлшерде ішкізеді, физиоемін жүргізеді.

Алдын алуы. Бронхитке шалдықпау көбіне қоршаған орта тазалығына байланысты болып келмек. Әр адам тыныс жолы гигиенасын сақтау бұл сырқаттың маңыздылық мән мағынасын түсіндіреді. Мұрын арқылы тыныс алып, оның шырышты қабығын шаң – тозаңнан тазартып отырғаны жөн. Осымен қатар жіті бронхиттің алдын алу үшін денені шынықтырып, жағымсыз қылықтардан бас тартуға дағдыланып қалыптасқан жөн. Жіті респираторлық сырқаттарды өткізіп алмай, уақтылы емделіп отырған абзал.

Созылмалы бронхит

    Дүние Жүзі Денсаулық Сақтау Ұйымының қабылданған қаулысы бойынша созылмалы бронхит деп ең азы екі жыл қатар үш ай бойы қақырық тастаумен сипатталатын ауруды айтады. Созылмалы бронхит - өкпенің созылмалы бейспецификалық ауруларының бірі (ӨСБА). Созылмалы бронхит тыныс жолындағы бронхтың бастапқыда кілегей қабатының қабынып, сонан соң біртіндеп оның терең жатқан қабаттары мен бронхтардың жанындағы орналасқан дәнекер тініне ауысуынан пайда болады. Бұл өте кең тараған сырқаттардың бірі болып табылады. Онымен көбінесе ересек жастағы ер адамдар қатары және шылым шегетіндер науқастанады.

Этиологиясы. Көбінесе жұқпаның әсерінен туындайды (вирустар, бактериялар, олардың ішінде пневмококк, стрептококк жиі кездеседі).Соңғы жылдары вирусты – микоплазмалы флоралар қауымдастығының орны да дәлелденді. Бронхтың кілегей қабаты жұқпаның әсерінен қабынып, қызарып, ісінеді. Басында гипертрофиялық дәріс дамиды, бара – бара атрофиялық дәріске ауысады. Бронх қабырғаларында дәнекер тіні өсіп, олар серпімділік қасиетінен айырылады. Өзгерістерге ұшыраған бронх талшықтарының өткізгіш қабілеті төмендеп, демікпеге әкеліп соқтырады. Осымен қатар сыртқы ортаның, қоршаған атмосфералық ауаның қолайсыз әсерлері, шылымды жиі шегу және басқа жағымсыз факторлар қатары ықпалын тигізеді. Мысалы: ауаның құрамындағы түрлі химиялық зиянды заттар тыныс алу жолдарын зақымдағандықтан, бронхтың кілегейлі қабаты үнемі өзгеріп, белсенділік қасиеті тежеледі. Сөйтіп бронх тарамдарының сілемейлі қабаттары бактериялардан қорғану қабілетін жоғалтады.

Сонымен бірге әсер ететін факторларға адам жынысы (жиі ер адамдар сырқаттанады), жасы (40 жастан кейін жиі кездеседі), тұқым қуалаушылық, жиі тұмаулану, маскүнемдік жатады. Уақытында емделмеген жіті бронхит созылмалы түріне ауысуы мүмкін.

Жіктемесі. (А.Н.Кокосов, 2002ж)

І.Функционалдық қызметіне байланысты:

· Созылмалы обструкциялы емес бронхит

· Созылмалы обструкциялы бронхит

ІІ.Себебіне байланысты:

· Бактериялы

· Вирусты

· Микоплазмалы

· Басқа факторлардан дамыған түрі

ІІІ.Клиникалық –зертханалық мінездемесіне байланысты:

· Созылмалы жай (талаураған) бронхит.

· Созылмалы сілемейлі - іріңді немесе іріңді бронхит.

ІҮ.Ағымына байланысты:

· Қозу кезеңі

· Ремиссия кезеңі

Ү.Асқынуларына байланысты

· Өкпе эмфиземасы

· Созылмалы өкпелік жүрек

· Өкпе және өкпелік – жүрек жеткіліксіздігі

Клиникалық бейнесі. Сырқат біртіндеп басталады. Уыттану белгілері сырқат барысында айқын білінеді: науқас әлсізденеді, дене қызуы көтеріледі, тершең болады, басы ауырады, тамаққа тәбеті тартпайды. Бронх тарамдарында шырышты қабаты ісініп, суланады. Жиылған қақырық тыныс жолдарын тітіркендіріп, жөтелді тудырады. Бастапқы кезеңде жөтел көбіне таңғы уақытта пайда болады да, қақырық бөлінгеннен кейін барып қана басылады. Қоршаған орта суық әрі ылғалды болған жағдайда жөтел күшейе түседі. Жөтел бара – бара науқасты күндіз – түні мазалайтын болады. Аурудың соңғы кезеңінде жөтелу рефлексі саябырлап, бронх тарамдарында жиналған қақырық қалыпты тыныс алуға кедергі келтіреді. Күшеніп жөтелетін болғандықтан науқас адамның беті мен мойыны қызарып, қан тамырлары кеңейгенін сырттан байқауға болады. Таңертеңгілік қиналып жөтелу созылмалы бронхиттің негізгі белгісі болып табылады. Кешкілік және түнге таман жиі қайталанатын жөтелден науқас ысылдап дем алады, тұншыққандай күй кешеді. Сырқат адамнан бөлінетін қақырық бастапқыда кілегейлі, ашық түсті болады. Тәулігіне науқастан 50 мл, ал іріңді жағдайда одан да көп қақырық бөлінеді. Мұндай құбылыстар уақыт өткен сайын өршіп ұсақ бронхыларды қамтиды да, олардың ауа өткізгіштігін кемітеді. Ағзаға ауа жетіспегендіктен ентігу пайда болады. Ентігу алғашқыда денеге шамадан тыс салмақ түскенде, дерттің асқыну құбылысы барысында дамып, тұрақты күйге ауысады. Ауруға қосылған асқынулардан кеуде торшасы бөшке тәрізденеді (эмфиземада). Тықылдатқанда өкпе дыбысының өзгергенін байқауға болады. Тыңдағанда бронхиалдық дем естіледі (демнің сыртқа шығару компоненті ұзарған). Өкпеде құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. 

    Созылмалы обструкциялы бронхитте бронхтардың шырышты қабатының қабынуымен қатар обструкция (бронх тармақтарының тарылып, қысылуы) байқалады. Бұл сырқаттың дамуына темекі шегу, өндіріс пен қоршаған ортадағы шаң – тозаңның әсерлері, жұқпа – аллергиялық жағдайларға әкеліп соғады. Обструктивтік бронхиттің клиникалық бейнесіне айтылып кеткен белгілермен қатар ысқырықты тыныс алу, ентігу білінеді. Науқастың кеуде қуысы ерекше өзгеріске ұшырайды: пішіні бөшке тәрізді, өкпенің төменгі шеті төмендей түседі, тыныс және жүрек дыбыстары әлсірейді. Дем алу дәрісіне қосымша бұлшық еттер қатысады, қабырға аралықтары өзгереді. Аускультацияда көптеген сырылдар естіліп, дем шығару мерзімі ұзарады. Бронхылардың обструкциясын анықтау үшін өкпе сыйымдылығын спирометрия, пневмотахометрия, пикфлоуметрия әдістері арқылы тексереді. 

Қанда: нейтрофильді лейкоцитоз байқалады, ЭТЖ артады. Биохимия қан анализінде фибриногеннің, нәруыздың, сиал қышқылдардың көбеюі анықталынады. 

    Сонымен қатар бұл сырқатта диагноз қою үшін қақырықты тексеру әдістері маңызды роль атқарады: құрамында нейтрофилды лейкоциттер көбейеді, бронх эпителиінің торшалары анықталынады, жұқпалар табылады. 

Аспаптық тексерістер: өкпенің сыртқы тыныс алу қызметін тексергенде (пневмотахометрия, спирометрия, пикфлоуметрия) бронх тарамдарының өткізгіш көлемінің көрсеткіштерінің төмендегенін байқаймыз. Бронхоскопия әдісі бронх тармақтарының ісінгенін, қабынудың дәрежесін дәлелдейді. Рентген сәулесімен тексергенде бронхылардың деформацияға ұшырағанын байқайды (пішінінің өзгеруі).

Созылмалы бронхитте байқалатын асқынулар: жөтелдің әсерінен бронхтардың соңғы талшықтары кеңейіп, өзгереді (бронхоэктазия ауруы); бронх қабырғаларына дәнекер тіні өсіп, пневмосклероз дамиды. Жөтелдің әсерінен өкпе альвеолалары жарылып, өкпеге ауа көп мөлшерде жиналады (эмфизема). Аурудың соңғы кезеңінде өкпе – жүрек жеткіліксіздігі дамиды.

Емі. Науқас ауруханада емделеді. Уыттану белгілері жойылғанша төсек тәртібін сақтауы тиіс. Емдәм тәртібінің ерекшелік талабына қатысты көп мөлшерде жылы сұйықтықтарды қабылдаған жөн, өйткені қақырықты жібітіп, жеңіл түрде сыртқа шығаруға әсерін тигізеді. Ем қағидалары жағымсыз қылықтардан арылтудан басталады, темекі шегуден міндетті түрде бас тарту керек. Сонымен қатар созылмалы жұқпа ошақтарына санация жүргізген жөн. Бактерияларға қарсы 7-10 күн бойы кең спектрлі антибиотиктер мен сульфаниламидтер топтарына жататын дәрі – дәрмектер түрлерін қолданады: амоксициллин, ампициллин, цефалоспориндер, фторхинолиндер, сульфаметоксазол т.б. Бронхтардың өткізгіш қызметін жақсарту және қақырықты түсіру үшін бронхолитик дәрілерін тағайындайды (эуфиллин, халиксол, бромгексин, амброксал, амбробене), постуральдық жағдай жасайды, массаж жүргізеді. Уыттану белгілеріне қарсы дезинтоксикациялық ем қолданады (гемодез, 5% глюкоза ерітіндісі).Созылмалы обструктивтік бронхитте бронх тармақтарының тарылуын жою мақсатымен бронхолитиктер, кортикостероид дәрі – дәрмектері парентералдық және ингаляция түрінде қолданады. Осы мақсатпен шөп қайнатпаларын, физиоемін тағайындайды. Осымен қатар демдік дене шынықтырумен айналысқан жөн. Ауыр ағымды сырқатты емдегенде бронхоскопияның маңызы зор. Ол бронх тармақтарын шайып, олардың ішіне антисептиктерді жіберуге қолайлы (3-5 мл 1:5000 фурациллин ерітіндісі, 3-5 мл 0,5% диоксидин ерітіндісісі т.б)

    Алдын алуы.   Алғашқы алдын алу шаралары. Жіті респираторлық жұқпаларды өткізіп алмай уақтылы ем көрсетіліп, суық тигізіп алмау факторларын қадағалап жүрген дұрыс. Денені шынықтырып, жағымсыз қылықтардан арылтуға дағдыланған жөн. Сонымен қоса жоғарғы тыныс жолдарының тазалық гигиенасын сақтаған жөн. Кәсіптік зиянды факторлардың әсерін болдырмау шараларын жасап, жұмысын өзгертуге көмектесу керек. Созылмалы ошақты жұқпаларда санация жүргізіп отырған жөн.

Екіншілік алдын алу шаралары. Созылмалы бронхитпен ауыратын науқастар диспансерлік бақылау тізіміне алынып, дәрігердің қадағалауында диспансерлік нұсқау бойынша қаралып тұрады. Аурудың сатысына байланысты клиникалық қан, қақырық анализдерін тапсырады, сонымен бірге рентгенологиялық тексерістен де өтіп отырады. Иммундық жүйесін күшейту мақсатында көктемде және күз мезгілдерінде алдын алу емін науқастар қабылдап отырады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Сырқатқа жалпылама түрде сипаттама беріңіз.

2. Жіті және созылмалы бронх қабынуының клиникалық бейнесінің, зертханалық және аспаптық тексерістер түрлерінің бір – бірінен қандай айырмашылықтары бар?

3. Созылмалы обструктивті бронхиттің негізін айтып шығыңыз.

4. Сырқаттың емдік қағидасының негізі.

5. Аурудың алдын алу шараларына түсінік беріңіз.

Пневмониялар

   Тыныс алу ауруларының ішінде пневмониялар жиі кездеседі. Антибактериалды терапия арқасында бұрынғы өліммен салыстырғанда өкпенің қабынуынан қазіргі кездегі шетінеудің саны азайған. Бірақ сырқаттың емі мен күтімі дұрыс болмаған жағдайларда ауру асқынуларға әкеліп соқтырады.

Пневмония - өкпе тінінің жұқпалы қабыну сырқаты. Аурудың негізінде өкпе тіні қабынып, альвеолар суланып, дем алу дәрісі бұзылады. Басқа ішкі ағзалар ауруларының ішінде алатын мағыналық мәнінің үлесі әжептәуір. Жиі ер адамдар, балалар, жасы келген қарт адамдар сырқаттанады. Дем алу қызметінің қорғаныш механизмінің бұзылуына және пневмонияға әкеліп соғатын келесі факторлар қатары жатады: суық тию, бронхтың дренажды функциясының бұзылуы, вирустық жұқпалар, иммунитеттің төмендеуі, ішімдік, жарақаттар, гипоксия және т.б.

Этиологиясы. Себебі әр түрлі жұқпалар болып табылады. Олардың ішінен көбіне пневмококктар қоздырады. Оған стафилакокктар, стрептококктар, ішек таяқшасы, Фридлендер бактериясы, легионелла, вирустарда себеп бола алады. Жіті пневмонияның дамуына химиялық және физикалық факторлар де әсер етеді, яғни бензин, тұрмыста, соғыста қолданатын улы заттардан, жарақаттардан, күйгеннен де дамуы мүмкін. Химиялық және физикалық тітіркендіргіштер бронх тармақтарының ішкі кілегей қабатын зақымдап, жұқпа қосылып, пневмонияға әкеліп соғуы мүмкін.

Патогенезі. Пневмонияның дамуы жұқпаның вируленттігіне және ағзаның қорғаныш қызметіне байланысты болып келеді. Қабыну дәрістің әсерінен альвеолар сусінделіп газ алмасу, дәрісі бұзылады. Сырқаттың ағым ауырлығы қабынудың көлеміне байланысты, неғұрлым қабыну аймағы үлкен болса, соғұрлым сырқаттың жалпы жағдайы нашарлайды. Жіті пневмониялар қабыну ошағына байланысты екі түрде байқалады: ошақты және көлемді.

Жіктемесі. Пневмонияларға  әкеліп соқтырған себептеріне, өту ағымына, клиникалық белгілеріне байланысты түрлері өте көп.

Жіті пневмониялардың жіктемесі 1962 жылы ХҮ Бүкіл Одақтық терапевтер съезінде академик Н.С.Молчановтың ұсынысымен қабылданған. 1990 жылы О.В.Коровинамен, И.П.Замотаевпен (ресейлік пульмонологтар) толықтырылған. 1995 жылдан бастап Чучалиннің айтуы бойынша пневмониялардың келесі түрлері бар:

І. Этиологиялық себептеріне байланысты түрлері

ІІ. Дамуына байланысты түрлері:

1.Ауруханадан тыс түрі (біріншілік, амбулаторлық, үй жағдайда пайда болған)

2.Ауруханалық түрі (ауруханаға түскеннен кейін 48 – 72 сағатта білінген )

3.Аспирациялық түрі (атипті)

4.Төтемелілігі (иммунитеті) төмен адамдардағы түрі

5.Нейтропенияның әсерінен дамыған түрі

ІІІ.Орналасуына және көлеміне байланысты түрлері:

1.Бір жақты, қос жақты;

2.Бөлшектік, бөліктік, сегменттік, тотальді;

ІҮ.Аурудың ағымына байланысты түрлері:

1.Жеңіл ауырлықты, орташа ауырлықты, ауыр ауырлықты;

2.Қызу кезеңі, шешілу кезеңі, сауығу кезеңі;

Ү.Аурудың клиникалық - рентгенологиялық өзгерістеріне байланысты түрлері:

1.Клиникалық түрі (шағымдары, белгілері айқындалынады, ал рентген суреті таза);

2.Рентгенологиялық түрі (клиникасы жоқ, бірақ рентген суреті көрсетеді)

3.Аралас түрі (клиникасы да бар, рентген де өзгерістер береді)

ҮІ. Асқынулары: өкпелік және өкпеден тыс.

 

 

Ауруханадан тыс дамыған пневмония

    Бұлардың ішінде ең жиі кездесетін түрі пневмококтік пневмониялар. Сырқат екі клиникалық түрде байқалады: крупозды (плевропневмония) және ошақты (бронхопневмония). Крупозды пневмонияда өкпенің тұтас бір бөлігі немесе сегменті қабынады және қасында жатқан өкпеқап қабыну дәрісіне бейім болуы мүмкін. Крупозды пневмонияның патологиялық - морфологиялық көрінісі:

¨ Өкпе тініне қанның толу кезеңі (гиперемия). Өкпе тіні қанмен толып дымқылданады (3 тәулікке дейін созылады);

 

¨ Бауырлану кезеңі:

А) қызыл бауырлану - альвеолаларға эритроциттер шығып, өкпе бөлігі қызарады. Мерзімі 4-5 тәуліктері.

Б) сұр бауырлану кезеңі - альвеолаларға лейкоциттер шығып, өкпе бөлігі

сұрланады. Мерзімі 6 - 7 тәуліктері.

 

¨ Айығу кезеңі - альвеолалардағы фибрин талшықтары сіңіріліп жойылады. Біртіндеп өкпе тіні жұмсарады.

Клиникалық көрінісі: ауру күрт басталады, науқас өзінің сырқатын нақты қай уақыттан басталғанын айтып, сырқаттың мерзімі анықталады. Дене қызуы 39 – 400 С дейін көтеріліп, науқас қатты дірілдеп, қалшылдайды. Кеудесі ауырсынып жөтелгенде және қатты дем алғанда ауырсыну күшейе түседі. Бұл сырқатта ентігу тез басталады, дем алу жиілігі 30 - 40 дейін барады. Сырқаттың бастапқы кезеңінде жөтел құрғақ болып келеді. Ал 1-3 күннен кейін қақырық бөлініп шығады. Сырқаттың бастапқы кезеңіңде қақырықтың құрамы қан аралас болып келеді («тотты қақырық»). Бұл сырқаттың қызыл бауырлану кезеңінде байқалатын көрініс. Содан соң қақырық шырышты түріне ауысады. Бұл сырқаттың сұр бауырлану кезеңі. Сырқаттың қабынған өкпе жағындағы бетінің ұшы қызарып, науқастың ауыз маңайына ұшық шығады. Науқастың дем алуы жиіленіп, кеудесінің зақымданған жағы өкпе бөлігінің сау жағынан тыныс алғанда қалыптан тыс қалып отырады. Осының салдарынан өкпенің қозғалыс белсенділігінің кемуі байқалады. Науқасты тықылдатқанда қысқарған дыбыс, тыңдағанда әлсіз везикулярлық дем байқалып, дымқыл сырылдар естіледі. Бастапқы кезінде сықылдау айқындалады (демді ішке жұтқанда), егер де дәріс өкпеқапқа жайылса, өкпеқап аралығының үйкеліс шуы естіледі. Орталық жүйке жүйесі бұзылғандықтан уыттану белгілері дамиды: бастың ауруы, қозу, тамаққа тәбетінің төмендеуі, үлкен дәретінің кідіріп қалуы. Кейде ас қорыту ағзаларының уыттануынан науқастың терісі сарғыш болуы мүмкін, бұл жағдайларда науқас сандырақтайды. Науқас ыңғайлы жағдай іздейді, кеуденің ауырған жағына жатады. Рентген тексерісін жүргізгенде өкпенің қарайып тұрғаны білінеді (бір бөлігінің немесе сегментінің). Кейіннен айығу кезеңінде сырылдар азайып, везикулярлық демге айналады, яғни уыттану белгілері азаяды, науқастың жағдайы жақсарады.

Қанда: лейкоцитоз 15 - 30 мыңға дейін көбейеді, ЭТЖ 50-60 мм/сағ.дейін артады, биохимиялық қан анализінде сиал қышқылдары, гаммаглобулиндер, фибриноген күрт көбейеді. С-реактивті ақуыздың сынамасы айқын оң көрсеткішті болады. Қақырықта нәруыз, эритроциттер, лейкоциттер көбейеді.

Асқынулары: жіті қан тамыр жетіспеушілігі (есеңгіреу) дамуы мүмкін, экссудатты плеврит жиі кездеседі, өкпе тінінің іріңдеуі, жүрек қабатының қабынуы, миокардит, нефрит сияқты асқынулар дамуы мүмкін. Уыттану синдромы айқын байқалады. 

Ауруханаішілік пневмония

Бұлардың ішінде ошақты пневмония жиі кездеседі. Ол өкпенің бөлікшелерінің қабынуы. Ауру жиі жіті респираторлы аурулардан, тұмаудан кейін біртіндеп бронхылардан басталады.

Этиологиясы және патогенезі. Сырқаттың дамуына әкеліп соқтыратын факторларға келесі жұқпалар жатады: бактериялар, саңырауқұлақтар, вирустар. Әсер ететін факторлар – суық тию, ағзадағы ошақты жұқпалар, иммун жүйесінің әлсізденуі т.б.

Жіктемесі. Өкпе паренхимасында дамыған дәрістің көлеміне байланысты: ұсақ ошақты және біріккен ошақты болып келеді. Зақымдану жеріне байланысты: жоғарғы, ортаңғы, төменгі бөлікшелерінің, түпкілікті және шеттік орналасқан түрлері. Сонымен қатар ошақты пневмонияның түрлері сырқатқа әкеліп соқтырған қоздырғышқа байланысты (бактериялық, вирустық, орнитоздық, микроплазмалық, аллергиялық, физикалық, химиялық).

Клиникалық бейнесі. Негізінен бронхиттен, тұмаудан кейін сырқаттанушының хал-жағдайы  нашарлайды. Сырқат көбінесе біртіндеп басталады - дене қызуы көтеріліп, құрғақ немесе ылғалды жөтел білінеді. Уыттану белгілері пайда болады, науқас әлсізденеді, басы ауырады, тамаққа тәбеті тартпайды. Жөтелгенде кеуде қуысы ауырсынады, ентігеді, жөтелі ылғалды, қақырық шырышты - іріңді, әртүрлі мөлшерде бөлінеді. Перкуссияда қысқарған тықыл дыбысы шығады, ал аускультацияда зақымдалған жерде айқын дымқыл сырылдар естіледі. Рентген суретінің көрінісінде инфильтратты теңбіл дақтар білінеді. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ артады. Қалыпты түрде ошақты өкпе қабынудың ағымы 3 – 4 аптаға созылады.

Асқынулары. Сырқаттың өту ағымының барысында плеврит, өкпе абсцессі дамуы мүмкін.










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 841.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...