Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Туберкулез туралы не білу керек? 4 страница




Алдын алуы. Фтизиатр пациентті диспансерлік есепке алып, диспансерлік нұсқауы бойынша бақылайды. Аурудың алдын алуы екі түрде өтеді: арнайы емес және арнайы. Туберкулездің алдын алуында санитарлық – гигиеналық, педагогикалық аспектіде жұмыс жүргізу, жыл сайын тұрғындардың флюрография тексерісінен өтуі арнайы емес түріне жатқызады. Туберкулездің жұқпалы түрімен сырқаттанатындардың үйінде дезстанциямен бірлесе отырып жан – жақты зарарсыздандыру шаралары жүргізіледі. Сырқат адам үйінде қалған жағдайда зарарсыздандыру күнде жасалып отырады. Міндетті түрде жұқпаға қарсы ағзаның иммунитетін көтеру үшін БЦЖ вакцинасы жаңадан туғандардың бәріне жаппай егіліп, әрбір 5 жылда қайталанып отырады. Бұл арнайы алдын алу түріне жатады. Туберкулез қаупін тудыратын сырқаттардың жанұясына химиялық алдын алу жүргізіледі. Екі – үш айлық мерзімде химиялық дәрілерді қолданады. Бронхитті, өкпе қабыну сырқаттарын, тұмауды асқындырмай уақытында емдеу керек. Әр адам өзін - өзі шынықтыратын жаттығу түрлерін өткізуге дағдылатып, қалыптасу керек.Темекіден және ішімдіктен бас тарту керек. Физикалық күш түсіруге ағзаны бейімдеткен жөн.

Алғашқы медициналық – санитарлық көмектің міндеттерінің бірі – тұрғындармен педагогикалық санаттағы жұмыс жүргізу болып табылады, яғни оларды туберкулездің алғашқы белгілерімен, сақтану жолдарымен лекциялар арқылы таныстыру.

 

 

Туберкулез туралы не білу керек?

· Туберкулез аса қауіпті жұқпалы ауру, уақытында және дұрыс емделсе, туберкулезден құлан-таза айығады.

 

· Өкпе туберкулезімен сырқаттанған адам, егер емделмесе, жөтелу, түшкіру және сөйлесу арқылы жұқпаларды таратып, жылына 10-нан 

25-ке дейін сау адамдарға ауруды жұқтыруы мүмкін.  

                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

· Туберкулез-өлімге жиі әкелетін ауру. Егер дұрыс емделмесе, ауырған адамдардың тең жартысы қайтыс болады.

Туберкулездің қандай белгілерін білу қажет?

Туберкулез көбінесе өкпені зақымдайды. Сондықтан келесі алғашқы белгілерді әр адам білу керек:

· 3 аптадан аса созылған жөтел. Ол әдеттегі жөтелге қарсы дәрі-дәрмектермен емдеуге көнбейді.

· Қатты терлеу, әсіресе түнде.

· Дене қызуының көтерілуі, қалтырау.

· Тәбеттің төмендеуі, арықтау.

· Әлсіздену, шаршау.

· Кеуде торшасының ауырсынуы.

 

 

Туберкулезбен ауыратын адамның жанұя мүшелері үшін жаднама

   (участкедегі мейірбикенің педагогикалық аспектідегі жұмысы)

 

· Ауру адамға мүмкіндігінше бөлек бөлме немесе оңаша орын тағайындау.

· Күн сайын бөлменің еденін дезинфекциялық құралдарды қолданып, дымқыл шүберекпен сүрту.

· Бөлмені күніне бірнеше рет желдетіп отыру.

· Ауру адамға бөлек төсек-орын құралдарын, жеке бас гигиеналық заттарын, ыдыс-аяқ бөлу. Қолданған заттарды уақытында зарарсыздандырып отыру.

· Ауру адамның төсегінде отбасының басқа мүшелеріне, әсіресе балаларға жатуға болмайды.

· Көрпелерді, жастықтарды, жүннен жасалған заттарды күннің көзіне жайып желдетіп отырған жөн.

· Қақырық жинау үшін ауру адам 2 қалта түкіргішімен қамтамасыз етіледі, біреуін қолданғанда, екіншісі зарарсыздандырудан өткізіледі.

· Қақырықты зарарсыздандыру үшін хлораминнің 5% ерітіндісінде, немесе 10% хлор әк ұнтағының ерітіндісінде, немесе 2% сода мен сабынның ерітіндісінде 10-15 минут қайнату. Сонымен бірге пресепт себілген ерітіндіде 60 минут ұстауға да болады немесе 25 грамм кальций гипохлоридін бір литр суда ерітіп (2,5%), 4 сағат ұстайды.

· Дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектерді ауру адам үнемі ішуі қажет, ал жанұя мүшелері қабылдауын қатаң түрде бақылауы керек.

· Жөтелгенде, түшкіргенде, дауыстап сөйлегенде ауру адам сырт айналып, аузын қол орамалмен жабуы керек.

· Құрамында ет-сүт тағамдары, көкөністер және жемістер жеткілікті мөлшерде бар тамақ түрлерімен 4-5 рет тамақтануды қамтамасыз ету.

· Ішімдік пен темекі шегуді қолданудан бас тарту.

· Ауру адамның сәбилермен қарым-қатыныстарын шектеу, оларды сүймеу.

· Ауру адамға еңбек және демалу тәртібін сақтауды қамтамасыз ету.

Туберкулезге қарсы күресті ұйымдастыру

        Біздің елде туберкулезге қарсы күресу үшін орталықтары ашылған: диспансерлер, санаториялар, санаторий-профилакториялар, арнайы мектепке дейінгі балалар орталықтары. Туберкулезге қарсы жұмыстарды жалпы емдеу-профилакториялары да жүргізеді. Туберкулез диспансерлерінің міндеті – туберкулезді қарсы алу, ауруды ерте шағында анықтау, туберкулезбен ауыратындарға санақ жүргізу. Науқастарды ауру сатысына байланысты диспансерлік топтарға бөлу, науқастарды белсенді бақылау, диспансерлік тізімдегі пациенттерге арнайы ем және алдын алу шараларын жүргізу. Ем шараларын жаңа түрмен жүргізу, зақымдалған ағзалар жазылып, өз қызметін атқарғанша емдеу. Жыл сайынғы анализдерді қарастырып, анализдер қорытындысын қадағалап, туберкулезді емдеу және алдын алу шараларын ойластыру керек.

    Алдын алу шараларын туберкулез диспансерлері және басқа да емдеу мекемелерімен бірге жүргізеді. Туберкулездің алдын алу үшін санитарлық шаралар мен арнайы алдын алу шаралары қолданылады, сонымен бірге туберкулез туралы мәліметтер таратқан жөн, ағзаның иммунитетін көтеріп жұқпаға қарсы күш беру де маңызды роль атқарады.

    Арнайы алдын алу: туберкулезге қарсы егу шараларын жүзеге асыру, ағзаның иммунитетін көтеру, БЦЖ вакцинасын және туберкулезге қарсы химиялық заттарды қолдану. Егілгендер арасында егілмегендерге қарағанда туберкулезбен ауыратындардың саны 4-10 есе аз. БЦЖ-мен егілген адамдарда туберкулез жеңіл түрде өтеді. Біздің елде жаңа туған нәрестелерге міндетті түрде вакцинация жүргізіледі. Вакцинация және ревакцинация медициналық қарма-қарсылықтарға байланысты қолданылады. Туберкулезді алдын алу шараларының ішінде ерекше орынды химиялық заттармен алдын алу болып табылады. Көбінесе ол үшін изониазид 10мг/кг 2 – 3 ай қолданылады, бірақ тәулігіне 0,6г аспау керек.

    Санитарлық алдын алу шаралары біріншіден ауру ошақтарында жүргізілу керек, ол күнделікті және қорытынды зарарсыздандыру жұмысы болып табылады. Сонымен бірге туберкулез ауруымен ауыратын науқастармен қарым-қатынас жасайтындарды қадағалау, оларға тексерістер жүргізу, туберкулезбен ауыратын науқастарды және отбасы мүшелерін санитарлық тазалық ережелеріне үйреткен жөн. Алдын алудың тағы бір түрі – туберкулезбен ауыратын науқастарды медициналық, орталық мектептерге, тамақ жасау орталықтарына, коммуналдық жүйе, фармацевтика орталығына, жалпы көліктерге жібермеу. Негізгі алдын алу шарасы - адамдар топтары арасында туберкулез туралы мәлімет тарату. Туберкулез ошағын жоюдың ең негізгі тәсілі, ол ерте шағында тауып емдеу болып табылады. Туберкулезді ерте табу үшін медициналық мекемелер халық арасында алдын алу тексерістер жүргізеді. Балалар мен жасөспірім арасында жыл сайын туберкулин сынамалары қойылады.

    Флюрография - ол кеуде ағзаларының туберкулезін анықтау және алдын алудың ең басты құралы болып табылады. Бұл тәсіл 15 жастан жоғары адамдарға қолданылады. Эпидемиологиялық қауіпсіз жағдайда 3 жылда 1 рет қолданылады. Балалар орталығы және тамақ істеу орталықтарында қызмет ететіндерге жылына 1 рет өту қажет.

    Туберкулезге қарсы емдеу және алдын алу шараларын жүзеге асыруды жеңілдететін тәсілдердің бірі - науқастарды диспансерлік топтарға бөлу. Науқастарды топтап емдеу - эпидемиологиялық шараларды және фтизиатр дәрігерге топтарды толық және нақты қадағалауға мүмкіндік береді. Емдеу тәсілін бақылауға, сырқатты алдын алу және емдеуді ұйымдастыру оларды бір топтан екінші топқа ауыстыру туралы және диспансерлік тізімінен алу туралы шешімдерді жеңілдетеді. Туберкулез ауру мәселесімен арнайы ғылыми зерттеу институттары айналысады.

    Туберкулезге қарсы күресу – ол халықаралық мәселе. 1920 ж туберкулезге қарсы халықаралық орталық құрылды, оның құрамында 100 мемлекет әлі де қызмет етуде біздің елде олармен бірге күресуде.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Туберкулез сырқатына анықтама беріңіз.

2. Сырқаттың қоздырғышын атаңыз.

3. Сырқаттың жіктелу тәртібінің тізімін беріңіз.

4. Өкпе туберкулезінің клиникалық бейнесін айтып шығыңыз.

5.  Өкпе туберкулез сырқатының соңы қандай асқынуларға әкеліп соғуы мүмкін.

6. Туберкулездің дерт анықтамасын жүргізу үшін қандай зертханалық және аспаптық тексеру әдістері қолданылады?

7. “ВК +”, “ВК –” сынама белгілерін қалай түсінесіз?

8. Сырқаттың емдік қағидасының негізі.

9. Алдын алу шараларына түсініктеме беріңіз.

                                                     

 

3.11. Өкпе эмфиземасы

    Дүние жүзі Денсаулық Сақтау Ұйымы қабылдаған қаулы бойынша өкпе эмфиземасы - өкпенің тінін ауа кернеп, өкпе альвеолардың іші кеңейіп, ауаға толып, өкпе көлемінің ұлғаюымен сипатталып өтетін патологиялық дәріс. Бұл сырқат өкпенің созылмалы обструкциялы сырқаттарына (ӨСОС) жатады.

Жіктемесі. (Н.В.Бутов, 1984ж) Өкпе эмфиземасы өту түріне қарай жедел және созылмалы болады; таралу ерекшелігіне қарай диффузды және шектелген болып бөлінеді; дамуына байланысты біріншілік және екіншілік болып анықталынады.

Этиологиясы және патогенезі. Эмфиземаның дамуына кеуде қуысындағы қысымның жоғарылауы, тыныс жолдарының зақымдалуы себеп болып табылады (созылмалы жөтел, сыртқы тыныс аппаратына күш түсу). Көбінесе өкпе эмфиземасы өкпенің созылмалы сырқаттарының салдарынан дамиды. Бронхтлар тарылса, дем шығару дәрісі қиындап, тыныс алуға қатысатын бұлшық еттерге қосымша күш түседі. Ауа алмасуы нашарлап, оттегі азаяды, ағзада көмірқышқылының мөлшері артады. Альвеолардың іргелері керіліп, серпімділігі төмендеп қан ағысы бәсеңдейді. Сонымен қан айналымы және газ алмасуы бұзылып, тыныс алу жеткіліксіздігі туындайды. Өкпе керіліп көлемінің ұлғайғаны анықталады. Осы өзгерістердің салдарынан тыныс алу дәрісі бұзылады. Кіші қан айналым шеңберіне күш түседі, оң жақ жүрекше мен қарынша гипертрофияға ұшырайды. Соңынан созылмалы өкпе-жүрек жетіспеушілігі дамиды.

Клиникалық бейнесі. Өкпе эмфиземасында сырқаттарда тыныс алу жеткіліксіздігі байқалатындықтан, ағзада оттегі жеткілікті түрде қамтамасыз етілмейді. Тыныс алу жеткіліксіздіктің ең алғашқы және тұрақты белгісі ретінде – ентігу болып саналады. Осымен қатар эмфиземаға әкеліп соқтырып отырған негізгі сырқаттың белгілері біліне бастайды. Эмфиземаның бастапқы І сатысында ентікпе күш түскенде ғана білінеді, ІІ-сатысында шамалап күш түскенде білінеді, ал соңынан ІІІ –сатысында тыныштықта да пайда болуы байқалады. Көбінесе ентігу экспираторлық түрде білінеді (ауа жұту кезеңі белсенді, ал сыртқа шығаруы - белсенсіз).

Қарағанда науқастың тыныс алуы әлсіреп, дем шығару ұзақтығы артады. Науқас жөтелетіндігіне, ентігуіне шағымданады. Көкірегінің алдыңғы және артқы өлшемі ұлғайып («бөшке тәрізді көкірек») құрсақ үсті бұрышы кеңейген, бұғаналық ойыстар жазылып, тегістелген. Қабырға аралықтары кеңейген. Тықылдатқанда перкуторлық қорап тәрізді дыбыс естіледі. Өкпенің төменгі шегінің жылжымалдығы азайған. Тыңдағанда өкпеде құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі, везикулярлық дем әлсізденген, жүректің үндері әлсірейді, ІІ-ші тон өкпе артериясында қатты естіледі. Кіші қан айналым шеңберінде қысымы көтеріледі.

Жалпы қан анализінде эмфиземаға әкеліп соқтырған сырқаттарға сәйкес өзгерістер білінеді, эритроцитоз дамиды, гемоглобин мөлшері көбейеді, ЭТЖ – 2-4 мм/сағ. Рентген сәулесімен зерттегенде өкпенің жалпы бейнесі айқын көрінеді (өкпе көрінісінің бейнесі жоғарылайды, диафрагма деңгейі төмендейді). Спирография, пневмотахометрия әдістері өкпенің сыйымдылық көрсеткішінің төмендегенін анықтайды. Сыртқы тыныс аппаратының жұмысын тексергенде өкпеде қалдық ауа көбейіп, дем алу жиілеп, минуттық ауаның көлемі артқаны анықталады.

Емі. Біріншіден эмфиземаны тудырып отырған негізгі сырқатқа бағытталған ем жүргізіледі, сол сырқатты емдеп, тыныс алу жеткіліксіздігінің алдын алған жөн. Қабыну дәрісін басу үшін антибиотиктерді тағайындайды. Бронхтардың өткізгіш қызметін жақсарту үшін бронхтарды кеңейтетін дәрі – дәрмектерді қолданады (эуфиллин, эфедрин, теофедрин). Қақырықты жұмсартып түсіретін ем де тиімді болып келеді. Өкпе – жүрек жеткіліксіздігінде денедегі артық сұйықтықтарды зәр айдайтын дәрілер арқылы шығарып, жүректің жиырылу жұмысын жүрек гликозидтерімен күшейтіп, барынша қалпына келтіруге тырысу керек. Симптомға қарсы ем ретінде оттегін алмастырушы терапиясының әдістерін қолданады.

Алдын алуы. Тыныс алу ағзаларының сырқаттарын дер кезінде анықтап, қажетті емін жүргізуі тиіс, әсіресе созылмалы бронхитте. Дене шынықтыру, жағымсыз қылықтардан арылуға дағдыланған жөн. Ағзаның физикалық белсенділігін көтерген дұрыс. Егер ауру маманына байланысты болса, жұмыс орнын ауыстырған жөн. Эмфиземасы бар науқастарға физикалық күш түсіруге болмайды. Бұлар диспансерлік бақылауда тұрып, сыртқы тыныс қызметін зерттеп отырады. Көп уақыт бұл науқастар тыныс жеткіліксіздігіне қарамай еңбекке жарамды болып келеді. Бірақ оларға шаңмен, газбен, әртүрлі зақым келтіретін зиянды заттармен қарым-қатынасуға болмайды.

 

 

3.12. Пневмосклероз

 

     Бұл өкпе мен бронх тармақтарында дәнекер тінінің шамадан тыс көбеюімен сипатталатын патологиялық жағдай. Нәтижесінде өкпе тінінің қызметі нашарлағандықтан, газ алмасу дәрісін өз бетінше атқара алмай, қабілеттік қасиетінен біртіндеп айырылады.

Себептері. Созылмалы бронхит, жедел және созылмалы пневмониялар, өкпенің абсцесі, өкпе туберкулезі және басқа да тыныс алу мүшелерінің сырқаттары осы патологиялық жағдайдың дамуына әсер етуі мүмкін.

Патогенезі. Өкпедегі іріңді ошақтар орнында, қабыну дәрісі дамыған аймақтарда грануляция тіні дамуы мүмкін. Дәнекер тіні өкпенің паренхиматозды тінін жауып, капиллярлар қысылғандықтан өкпеде қан айналысы қиындап, тыныс алу дәрісі бұзылады.

Пневмосклероздың даму көлеміне байланысты жергілікті және диффузды түрлері болады.

Клиникалық бейнесі. Пневмосклероз белгілері біртіндеп біліне басталады. Науқас ентігеді, әсіресе күш түскенде кейіннен тыныш отырғанда да ентігеді. Науқасты қарағанда бүкіл денесінің тері жамылғысы көгеріп тұрады (диффузды цианоз) беті ісінеді. Пневмосклероздың айқын түрінде кеуде торшасын тықылдатқанда перкуторлық дыбыс топастанады. Аускультацияда дем алу дыбыстары сәл естіледі, кейбір жерлерде мүлдем жоғалады. Өкпенің пішіні солып, кішірейеді. Сыртқы тыныс алу көрсеткіштері төмендейді. Негізінде пневмосклероздың клиникалық бейнесі осы жағдайға әкеліп соқтырған сырқаттың белгілерімен сипатталады. Пневмосклерозда диагноз қоюға рентгеноскопия және рентгенография әдістері көмектеседі. Рентгенограмманың суретінде өкпенің деформацияға ұшырағаны көрінеді (өкпе тінінің зақымданған жерлері кішірейген). Пневмосклероз – созылмалы дәріс қатарына жатады. Өтуіне қарай пневмония мен бронхоэктаз сырқаттарына ұқсас болады және осы сырқаттармен қабаттасып бірге жүреді. Пневмосклероз соңында жүрек жеткіліксіздік асқынуына әкеліп соқтыруы мүмкін.

 Емі. Пневмосклерозбен қоса жүретін өкпе қабынуының қозу кезеңінде антибиотиктермен сульфаниламид тобының препараттарын қолданады. Егер бұның көмегі болмаса, ауыр жағдайларда бұларға қоса преднизалон 15 – 20 мг тәулігіне береді. Ентікпеде және өкпе-жүрек жеткіліксіздігінде бронхолитик тобының дәрі-дәрмектерін, жүрек гликозидтерін, зәр айдайтын дәрілерді қолданады.

Алдын алуы. Бронхит, пневмония, бронхоэктаз ауруын және басқа да тыныс алу мүшелерінің сырқаттарын уақытында емдеген жөн. Темекі шегуден бас тарту. Емдік жаттығуларды жүргізу. Шаңды және газды өнеркәсіп жердегі жұмыс орнындарында қауіпсіздік шараларын қолдану.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Өкпе эмфиземасының және пневмосклероздың жалпы түсініктемесін айтып шығыңыз.

2. Өкпе эмфиземасының клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз.

3. Пневмосклероздың өкпе эмфиземасынан рентген суреттеріндегі патологиялық өзгерістердің бір – бірінен қандай айырмашылықтарын көруге болады?

4. Өкпе сыйымдылығын қай тексерістермен анықтауға болады?

5. Аталған екі сырқаттардың емдік қағидасының негізі.

6.  “Симптомға қарсы ем” деген терминді қалай түсінесіз?

 

 

3.13.Өкпе обыры

     Қазіргі кезде жиі кездесетін дерттер қатарына жатады, барлық қатерлі ісіктердің арасында 10%-де өкпе обыры орын алады, көбінесе ер адамдар сырқаттанады. Өкпе тінінің торшалары ретсіз бөлініп, ісік білінеді, біртіндеп өкпенің тіні өз қызметінен айырылып, ағза уыттана бастайды.

Этиологиясы. Өкпе обырының себебі, басқа қатерлі ісіктердің себептері сияқты толығымен зерттеліп, анықталмаған. Бұл сырқат қала тұрғындарының ішінде жиі кездеседі, қаланың ауасында пайдаланылған газдың концентрациясы көп. Өкпе обырының дамуына болжамалы факторларына шылым шегу, өндірістік сырқаттар қатары, созылмалы өкпе қабынуы жатады.

Жіктемесі. (М.И.Давыдов, Б.Е.Палацкий, 1994ж)

Ісіктің орналасуына байланысты:

· Орталық түрі

· Шеткі түрі

· Атипиялық түрі

Ісіктің түріне байланысты:

· ұсақ қатерлі ісік (0,5 – 1 см), ол тез басқа ағзаларға тарайды;

· обтуралдық, бітелу түрі – үлкен бронхта дамиды, бронхтың ішін бітеп ателектазға соқтырады;

· түйінді – бронхтың айналасындағы тіндерге өседі;

· бронхогендік – бронх жолымен таралып, түйін пайда болады;

· өкпе қабыну тәрізді түрі, обыр алғашқы рет басталуы мүмкін;

·  метастаздық түрі – басқа ағзадағы обыр қан және лимфа арқылы таралып, өкпенің тініне обыр торшалары келіп түседі. Көбіне асқазандағы, сүйектегі обырлар өкпеге тарап, тез өкпе тініне жайылады. Өкпеде алғашқы рет обырдың дамуы басталса, онда өкпедегі қатерлі ісік торшалары ең қарқынды кезеңде басқа ағзаларға тарайды.

Клиникалық бейнесі. Ең алғашқы кезеңінде клиникалық белгілері өте аз білінеді, сондықтан сырқаттың белгілерін уақытылы танып білу қиынға соқтырады. Сырқаттың белгілері қатерлі ісіктің орналасуына, зияндығына және оның асқынуларына байланысты көріністері байқалады. Денедегі лимфа бездері шошынып, көлемі ұлғаяды.

Жиі кездесетін белгілерге - жігерлі құрғақ немесе қақырықты жөтел, кеуденің ауырсынуы, ентігу, қан аралас қақырық тастау жатады. Егер бронхта қатерлі ісік дамуы көбейсе онда, жөтел жиілеп, ұстамалы түрде байқалады. Қақырық іріңді болса, ол бронхиттің дамуы және қатерлі ісіктің ыдырауынан пайда болғанын көрсетеді. Бронх обструкциясы мен өкпе қабынуы ілеспелі түрде байқалатын болса, ентікпе пайда болады. Қатерлі ісік немесе бронх кілегей қабаты зақымдалса қақырық қан аралас болады. Науқастың беті солыңқы келіп, дене салмағы азаяды. Обырдың ағымы клиникалық белгілерінің ұлғайып отыруымен сипатталады: жөтел күшейіп, ауырсынуы күннен күнге қозып отырады. Дерт анықтамалық белгінің бірі – жүргізіліп отырған емнің нәтижесіз болуы. Тыныс алу жеткіліксіздігінің белгілері өрши түседі. Осы белгілердің бәрі үздіксіз түрде байқалып отырады. Обырдың ағымындағы ең қауіптісі қан тамырлары зақымданғандықтан өкпеден қан кетуі болады. Уыттану белгілерінің әсерінен (дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, тамаққа тәбеттің тартпауы, ұйқысының бұзылуы т.б.) науқастың жалпы жағдайы нашарлайды.

     Өкпені тықылдатқанда перкуторлық – топас дыбыс, аускультацияда құрғақ және дымқыл сырылдар естіледі.

Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ артады. Диагноз қою үшін цитологиялық тексеріс жүргізеді; өкпе тінінен биоптат алады. 90% сырқаттанушылардың қақырығында атиптік торшалар табылады.    Рентгенография, бронхоскопия, бронхография әдістері, рентгендік томограмма қатерлі ісіктің көлеңкесін, өкпе ателектазын, өзгерген лимфа бездерінің ұлғайғандығын көрсетеді.

Сырқаттың ағысы. Бұл сырқат түрінен зардап шегуші адамның өмірі 2-3 жылға ғана созылады. Уыттанудан, метастаз және басқа да асқынулар нәтижесінен шетінеуі мүмкін.

Асқынулары. Қансырау, өкпе абсцессі, ателектаз, геморрагиялық плеврит, метастаздар болып табылады.

Емі. Сырқаттың негізгі емдік қағидасы - өкпе торшаларының ретсіз бөліну дәрісін тежеуге бағытталған. Осы мақсатпен әр түрлі сәулені қолдану тәсілдерімен емдейді, сонымен қатар химиотерапия емін жүргізеді (цитостатик дәрі-дәрмектері торшалардың бөліну дәрісін тежейді). Ауырсынуды басу үшін жансыздандыру тобының дәрілерін де қолданады (анальгин, баралгин, пенталгин, наркотиктер т.б), симптомға қарсы ем жүргізеді.

Алдын алуы. Тұрғындардың барлығы тегіс түрде жылына 1 рет рентген тексерісінен өтуі тиіс. Осымен қатар созылмалы өкпе сырқаттарын асқындырмай уақытында емдеп отыруы қажет. Өкпе іріңді ауруларында науқастар міндетті түрде диспансерлік бақылауда тұрып, көктемде және күзде ем алып тұрады. Әр адам өзін - өзі шынықтыратын жаттығу түрлерін өткізуге дағдылатып, қалыптасу керек. Жоғарғы тыныс алу мүшелерінің өткір респираторлы ауруларының алдын алып, жағымсыз қылықтардан аулақ болу керек.










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 931.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...