Студопедия КАТЕГОРИИ: АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Темы эссе по русскому языку и литературе 6 страница
«Сүйінбай мен Қатаған айтысында» Саумалкөл қазақ орта мектебінің Сүйінбайдың: Іздегенім осы еді, Өз өзінен қағынып, Қатаған сөзден жаңылды Қызып тұрған темірге Өзі келіп қарылды, - деуі айтыстың тағдырын шешкен сөз болғандығын дәлелдеп жазыңыз. Сүйінбай Аронұлы - айтыс өнерінің алтын діңгегі. Сүйінбайдың айтыстары мен өлең-толғауларын жинау,жариялау ісі ХХ ғасырдың бас кезінде қолға алына басталды. Сүйінбай - айтыстың асқан шебері және қазақ пен қырғыз елдеріне өткір тілі , озық ойымен танылған ақын. Көптеген айтыстарының қырғыз ақыны Қатағанмен айтысы ерекше орын алады. Қанда тулап жатқан өнердің төбесінде тұрған Сүінбай мен Қатаған айтысы - өнер өлкесіндегі сары алтын. 1848 жылдың қоңыр күзінде қырғыздың бай шонжар манабы Омархан ас береді. Бұл жиынға аралас-құралас отырған қазақтың Тезек төре елге аты жайылып, таныла бастаған Сүйінбай ақынды ала барады. Ас ішіліп қызық думан басталады да қырғыздың бай манабы Қара Бәйтек Тезек төреге Бөлтірік шешеннің қасында отырған бадана көз, сұлу жігітті көрсетіп: Ана отырған Сүйінбай ақындарың емес пе? - деп сұрайды. Бөлтірік»иә» деп жауап бергенше, Сүйінбай домбырасын қағып-қағып жіберіп,зулатып бастап кетеді. Екеуі әр түрлі тақырыпты қозғап айтысады. Ең үлкені - өз жұртын, өз елдерін мақтап-мадақтау. Айтысып келе жатып Қатаған сөзін аяқтап тоқтағаны да, Қатағанның екпінінен жасынған Тезек төре Сүйінбайға жалтақ-жалтақ қарай береді. А дегенде Сүйінбай булығып қалады. Сол кезде Бөлтірік шешен Тезек төреге:» Ей төре, көтер басыңды, құтыңды қашырма. Сүйінбай өлең таппай отыр дейсің бе? Булығып отыр. Сүйінбай шығар даусыңды» дегенде, Сүйінбай бастап кетеді. Сондағы Сүйінбайдың айтқан сөзі: Қашырма төре, құтыңды, Кіргізейін жаныңды . Қатағаннан жеңілсем, Талап алғын барымды. Іздегенім осы еді, Өз өзінен қағынып, Қатаған сөзден жаңылды, Қызып тұрған темірге. Өзі келіп қарылды ! Сүйтіп Сүйінбай үш жүзді бастан аяқ батыр бабаларымызды айтып, оның қазақ ақындарымен салыстыруға келмейтінін айтады. Сонда мықтымын деп мақтанған Қатаған өзінің жеңілгенін мойындайды. Сүйінбайды құр алақан жібермейміз деп сыйлыққа Мейіз атты сұлу қызды,алты қанат ақ орда сыйлайды. Сөйтіп,»Қызып тұрған темірге, Өзі келіп қарылған» Қатағанды жеңіп,»іздегенім осы еді»деп айтыскер Сүйінбайдың бұл қақтығысын айызы қанған екен.Асқа жиналған күллі қазақ пен қырғыздың ортасында Сүйінбай осылайша жеңіс тұғырынан көрініп,Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы тарихта мұра болып қалған еді.
«Сүйінбай мен Қатаған айтысында» Аққайың ауданы Смирнов №3 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Каримова Қалима Сүйінбайдың: Іздегенім осы еді, Өз өзінен қағынып, Қатаған сөзден жаңылды Қызып тұрған темірге Өзі келіп қарылды, - деуі айтыстың тағдырын шешкен сөз болғандығын дәлелдеп жазыңыз. Сүйінбай Аронұлы - айтыс өнерінің алтын діңгегі. Сүйінбайдың айтыстары мен өлең-толғауларын жинау, жариялау ісі ХХ ғасырдың бас кезінде қолға алына басталды. Сүйінбай - айтыстың асқан шебері және қазақ пен қырғыз елдеріне өткір тіл, озық ойымен танылған ақын. Көптеген айтыстарының қырғыз ақыны Қатағанмен айтысы ерекше орын алады. Қанда тулап жатқан өнердің төбесінде тұрған Сүйінбай мен Қатаған айтысы - өнер өлкесіндегі сары алтын. 1848 жылдың қоңыр күзінде қырғыздың бай шонжар манабы Омархан ас береді. Бұл жиынға аралас-құралас отырған қазақтың Тезек төре елге аты жайылып, таныла бастаған Сүйінбай ақынды ала барады. Ас ішіліп қызық думан басталады да қырғыздың бай манабы Қара Бәйтек Тезек төреге Бөлтірік шешеннің қасында отырған бадана көз, сұлу жігітті көрсетіп: Ана отырған Сүйінбай ақындарың емес пе? - деп сұрайды. Бөлтірік»иә» деп жауап бергенше, Сүйінбай домбырасын қағып-қағып жіберіп, зулатып бастап кетеді. Екеуі әртүрлі тақырыпты қозғап айтысады. Ең үлкені - өз жұртын, өз елдерін мақтап-мадақтау. Айтысып келе жатып Қатаған сөзін аяқтап тоқтағаны да, Қатағанның екпінінен жасынған Тезек төре Сүйінбайға жалтақ-жалтақ қарай береді . А дегенде Сүйінбай булығып қалады. Сол кезде Бөлтірік шешен Тезек төреге:» Ей төре , көтер басыңды, құтыңды қашырма. Сүйінбай өлең таппай отыр дейсің бе? Булығып отыр. Сүйінбай шығар даусыңды» дегенде, Сүйінбай бастап кетеді. Сондағы Сүйінбайдың айтқан сөзі: Қашырма төре, құтыңды, Кіргізейін жаныңды. Қатағаннан жеңілсем, Талап алғын барымды. Іздегенім осы еді, Өз өзінен қағынып, Қатаған сөзден жаңылды, Қызып тұрған темірге. Өзі келіп қарылды! Сөйтіп, Сүйінбай үш жүзді басқарған батыр бабаларымызды айтып, оның қазақ ақындарымен салыстыруға келмейтінін айтады. Сонда мықтымын деп мақтанған Қатаған өзінің жеңілгенін мойындап, құр алақан жібермейміз деп сыйлыққа Мейіз атты сұлу қызды және алты қанат ақ орда сыйлайды. Асқа жиналған күллі қазақ пен қырғыздың ортасында Сүйінбай жеңіске жетеді. Қашаған Күржіманұлының «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңіндегі байлықтар таласын өз көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз Қашаған жырларында қазақ халқының ізгілік қасиеттерін дәріптеу жетекші орында тұрады. Халқымыздың ең қадір тұтатын құндылықтарының бірі – қонақжайлылық. Қазақ дәстүрінде жолаушылап келген адамды ең қымбат қонақ ретінде күтіп алу міндет болып есептеледі. Қашаған осы асыл салтты қадірлемегендерді аяусыз мінеп, оны қалың жұртқа өлеңмен жайып жүрген. Ақын бірде жолдастарымен бірге жолаушылап келе жатып, Есқали сұпы дейтіннің үйіне қонуға қайрылады. Сонда үйдің келіні:»Қонаққа тіккен үйіміз жоқ», - деп кіргізбейді. Сонда Қашаған қонақ қабылдамау барып тұрған ұятсыздық, әдепсіздік, ақылсыздық, имансыздық екенін айтып, бұны үйретпеген ата-анасын да қатты айыптайды. Есқали сұпының өзіне: «Атаңнан да қонақ ұлы» - деген жоқ па еді, Жақсылар айтып кеткен нақыл қандай», - деп қонақтың жолы атадан да үлкен деп санайтын қазақ салтын бұзбау керектігін айтады. Менің ойымша, автор Есқали сұпы арқылы сол замандағы байлар бейнесін көрсеткісі келді. Осы мәселеге қатысты мен де автордың көзқарасын жақтаймын. Бұл ойға дәлел ретінде өзім оқыған көркем шығармадан мысал келтіре аламын. Осы ретте «Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай» аңызы есіме түседі.Шығайбай үйіне ешкімді қондырмайды екен, қондырса дәм бермейді екен. Тіпті тастан да қатты сараң екен» деген жолдардан тағы да бір сараң байдың бейнесін көремін. Оны былай қойғанда күнделікті өмірде де осындай жағдайлар жеткілікті кездеседі. Мәселен, біздің заманымыздың байлары туралы айтар болсам. Біріншіден, үлкен үйі бар, алайда үлкен үйдің ішінде адам сыйлайтын пенде жоқ. Екіншіден, сол үйдің жан-жағын алып қарайықшы. Биік-биік дуалдармен қоршалған. Сыртқа салынған құлыптар, сол үйге жан баласын кіргізбейді. Ауылдан шыққан бір адам немесе ұзақ жолдан шаршаған жолаушы қаладағы хан сарайындай үлкен бір үйге ат ізін салды делік. Ал үйдің иесімен мүлде таныс емес. Үйдің иесі құдайы қонақты үйіне кіргізуі екіталай. Атам қазақ құдайы қонаққа жалғыз қойын сойып қонақ қылған. Үшіншіден, үйдің дуалында»абайлаңыз, қабаған ит» деп жазылған тақтайшалар ілініп тұрады. Осындай мысалдар тізе берсең, таусылмайды. Міне, біздің қоғамда байлыққа масттанып, адамгершілік қасиеттерді ұмытқан осындай адамдар кездеседі. Қорыта келе менің түйгенім, семіздікті қой көтереді, ал адам тойынған сайын сараңданады. Әрине, мен көпке топырақ шашудан аулақпын, бірақ Есқали сұпы секілді сараң байлар бізде әлі күнге дейін бар. Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз Смирнов №3 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Пазылова Айжан Мұғалімі: Оспанова Ғ.С Қазақ халқының көрнекті өкілі, зар заман ақындарының бірі Мұрат Мөңкеұлының әдеби мұрасының біраз бөлігі - арнау өлеңдер. Сондай арнау өлеңдерінің бірі -»Қыз өлеңі». Қазақ аруларының бейнесі талай ақындардың шабытына арқау болған. Осы туындыларда қыздарымыздың бейнесі қаншалықты шебер суреттелді? Халқымыз ежелден қызды»қонақ» деп қадірлеп, әспеттеген. Қызды ай мен күнге теңеп, жақұтпен көмкере білген. Мысалы, Мұрат қыздың сұлулығын: «Бұраңдаған ақ моншақтай керілген қыз, Оздырдың салтанатты еліңнен қыз Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе, Реңкің сары алтындай көрінген қыз», - деп жырлайды. Бұл теңеулер- ізбасар ақындарға үлгі болар өрнектердің тармағы. Мұрат Мөңкеұлы сияқты әнші-ақындар Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Мұхит шығармаларында көбіне пәк таза махаббатты, сұлу әйел сипатын, әйел теңсіздігін жырлады. Мұрат ақын қазақ қызының сұлулығын оның ішкі жан дүниесімен астасып жатқандығын»лебізің, сөзің – шырын, маржан-тісің» десе, Ақан сері»Ғашық жарға» өлеңінде:»аузың – бал, тілің шекер, нәзік таңдай,қиғаш қас, нұрлы жүзің, жазық маңдай» - деп суреттейді. Сырлы сөзбен қамал тұрғызған әнші-акындардың мұралары ұлт мәдениетінің қазынасына қосылған інжу-маржандарымыз. «Қыз» өлеңінде теңіне қосыла алмаған қыздың басындағы қиыншылықты:»...Басыңнан бұл дүние өтеді деп, қайғымен тамақ ішпей бүлінген қыз» деп көрсете келе,»... шалықта ата-анаңның дәулетіне, бір күні жөнелерсің үйіңнен қыз» деп, әке-шешеңнің қасында бұлаңдап жүрген қыз еркіңнен тыс біреуге жар болып кетерсің, күнің не болар екен деген уайымын да жасырмайды. Ал Ақан сері»Балқадиша» өлеңінде:»...бұраңдап асау тайдай жүрген басың, боласың қандай жанға жар, Қадиша» - деп мұңайса,»Ләйлім шырақ» өлеңінде:»Есен-аман жүрмісің, Ләйлім шырақ, жаңа таптым аулыңды сұрап, жел тимесе жан тимес, деп жүргенде, қол ұстасып жатпенен кеттің жырақ» деп басында билігі жоқ әйел теңсіздігіне наразылықтарын ашық білдіреді. Ал Естай ақын»Құсни Қорлан» өлеңінде: «... бар еді қимас күндер тату өскен, келер ме енді айналып, уа дариға-ай», - деп өзегін өртеген өкінішін жасырмайды. Қорытындылай келе, Мұрат Мөңкеұлы мен ХІХ ғасырдағы әнші-ақындар шығармашылығында қыз бейнесі өзіндік ортақ көркемдікке ие. Ақындар өз шығармаларында әйел затының көрік-келбетін, жан дүниесінің сұлулығын әсерлі жырлаумен қатар, теңіне қосыла алмаған қазақ қыздарының тағдырын да шынайы суреттеген. Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз Ақжар ауданы Қазақ әдебиетінде»зар заман ақындары» деген атпен танымал ақындардың бірі -Мұрат Мөңкеұлы. Мұраттың артына қалдырған мол әдеби мұрасы тек қана әлеуметтік тақырыпқа арналмай, сонымен қоса махаббатты, әсемдікті, сұлулықты жырға қосқан. Сондай сұлу өлеңдерінің бірі»Қыз» деп аталады. Сұлу қыз, сарбаз қыз, қылықты қыз тақырыбына он тоғызыншы ғасыр ақындарының ішінде қалам сілтемегендері кемде- кем. Сол кездегі Мұраттан кейін қазақ әдебиетіне келген бір топ әнші- ақындар, яғни сал- серілердің де негізгі тақырыптары болды. Олар өздерінің әндерінде сұлулықты, махаббатты жырға қосты. Олардың қаламдарынан қазақ қыздарының сұлулығы мен сымбатын, ақылы мен парасатын, қайғысы мен мұңын суреттейтін алуан тақырыптағы әндер туындады. Жыраулар поэзиясы ел қорғау, батырлық пен елдікті жырласа, сал- серілер әсемдікті, сұлулықты әнге қосты. Мұраттың»Қыз» өлеңіндегі қыз бейнесі былай деп басталады: Бұраңдап ақ моншақтай керілген қыз, Оздырған салтанатын еліңнен, қыз. Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе, Реңкің сары алтындай көрінген қыз.- Қыздың сұлулығы мен салтанатын дәріптеп, асқақтата суреттейді. Солай дей тұра қыз ғұмырдың қысқалығын, қазақ халқының»қыз жат жұрттық» деп қыздарын қолдарынан келгенше еркелетіп, оң жағының қадірін ұғындыратындығын айтады. Өлеңнің өне бойы қыз ғұмырдың, қыз дәуірінің қысқалығын өлеңіне қосады. Шалқақтап ата- ананың дәулетіне Бір күні жөнелерсің үйіңнен, қыз Әуеле атаңа еріп анаң келген, Ойласаң осы жерден білінген, қыз,- деп ұзатылып, қыз дәуірімен қоштасып бара жатқан қызға айтылған ерекше сыр, ақындық қоштасу, шайырлық мұңдасу. Ал сал- серілер поэзиясындағы қыз бейнесіне тоқталсақ, ақындар өздерінің өлеңдерінде қыз тақырыбын шырқау биіктерге көтеріп, махаббат шәрбатына мас болады. Олар үшін басты тақарып- достық, махаббат, сұлулық, сезімге беріктік пен адалдық. Олар өздерінің сүйген сұлуларының бойынан неше түрлі асыл қасиеттерді көріп, соларды әндеріне қосады. Олардың сезімдері ыстық, олар өз жүректерінің қалауына ынтық. Олардың әндерінен армандарына жете алмаған ғашықтардың зары, сүйгеніне қосыла алмаған жастардың мұңы көрінеді. Бастарында еріктері жоқ қыздардың айта алмаған шерлерін естуге болады. Қорыта айтқанда, Мұраттың алған қыз бейнесі - жалпы қазақ қыздарына тән бейне. Ал әнші- ақындар шығармаларындағы қыздар бейнесі тоқталсақ, олар белгілі бір өмірде болған оқиғалармен байланысты туындаған. Олардың сұлу, сазды өлеңдерінің артында бір адамның тағдыры бейнеленеді. Жалпылық емес даралық ұғым білдіреді. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің»Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз Ақжар ауданы Қазақ әдебиетінде сыни әдебиеттің қалыптасуы сонау ежелгі дәуір әдебитінен көрініс табады. Ахмет Яссауи хикметтері - сыни әдебиетіміздің қалыптасуының озық үлгісі. Ғасырдан - ғасырға жалғасқан бұл дәстүр он тоғызыншы ғасырдан да көрініс таба білді. Сондай ақындардың бірі- Мәшһүр Жүсіп Көбейұлы. Ол өз заманының озық ойлы, ғылым- білімге өте құрметпен қараған, халқын оқуға-өнерге үндеуден жалықпаған адам. Оның сондай тақырыпта жазылған шығармаларының бірі –«Ғибратнама».Өлең мысал жанрында жазылған. Сөз басында ақын өзі өмір сүретін заманына, заманның адамдарына деген наразылығын баяндайды. Өз қатарынан озық ойлы ақын сол кездегі елдің жағдайын ойлап, олардың білім қумай, өздерінің қамын ғана ойлайтындықтарына ызасы келеді. Өзінің «айға шапқан арыстандай» надандықпен күресінің нәтижесінің жоқтығына налиды. «Тілі жоқ көп мылқаулар тиыш жатыр»- деп елдегі немқұрайлықты сынға алады. Мысалдың оқиға негізінде бұлбұл мен қаршығаның арасында дамиды. Бұлбұл қаршығаны майын тамыза мақтап, оның бектер мен патшаларға лайық екендігін; егер ол қолға түссе, оны баптап күтетіндігін айта келіп, өзінің мұңын шағады. Қызыл гүлге ынтық бұлбұл өзінің зарын төгіп, қаншама уақыт гүлдің ашылуын көруге ынтықса да, төзімінің жетпегенінен ылғи көре алмай қалатындығын айтып зар еңірейді. Бұны естіген қаршыға бұлбұлды: -Ақымақсың, пайдасы жоқ гүлге неге ғашық боласың-,- деп сөгеді.- Егер кішкене сабыр сақтасаң, мың мұратты табар едің,- дейді. Бұлбұлдың достық тілегін қаралап, оған ауыр сөздер айтады. Бұған шыдамаған бұлбұл қаршығаның шын бейнесін ашып көрсетеді. Ол қанша жерден мұрнын көтерсе де тұтқынның аты тұтқын. Иесінің оны ашықтырып ұстағандықтан, көзіне көрінген құсты жанымен ұстайтындығын, сондағы алатыны құстың бір саны екендігін бетіне басады. - Тамақ үшін құл болғанша, өлгенің жақсы емес пе?-деп тура айтады. Бұл- сол кездегі ел билеушілерінің бейнесі. Патша әкімшілігінің қолшоқпарлары өзінің халқын тонап, берген шендері үшін туғандарында сатудан тайсалмайтын бейнелерін тұспалдап жеткізеді. Ол құл болғанша, арманыма жетпей-ақ қояйын. Бұлбұл атыма кір келтірмеймін дейді. Ойымды қортындылай келе, қазіргі қоғамда осындай адамдарды кездестіруге болады деп ойлаймын. Қара басының қамы үшін елді, жерді саудалаудан тайынбайтын адамдар баршылық. Солай десем де, қазіргі еліміздің даму қарқынына қарап, олардың күндері санаулы екеніне сенемін. Қазақстан - алдыңғы қатарлы дамыған мемлекет болуға лайықты ел. Елімнің сол биіктерге жететіндігіне сенемін!
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз. Смирнов №3 орта мектебінің 11- сынып оқушысы Мүсен Бақытгүл Әдебиеттегі өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін қаламгердің бірі ауыз әдебиетінің үлгілерін жинақтап, жазба әдебиетіне айналдырған – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Ақынның халық көкейіндегі мұң-зарын жеткізген, әлеуметтік мәселелерді сөз еткен туындылары көп.Соның бірі - мысал жанрындағы «Ғибратнама» өлеңі . Менің ойымша, өлеңнің «Ғибратнама» аталуында терең мән жатқан сияқты. Себебі, ақын осы өлеңі арқылы халқын қоғамның түрлі дүрбелеңінен арашалап алар жолды көрсетеді. Өлеңнің басты өзектілігі де осында жатыр деп ойлаймын. Біріншіден, ақын өзін бұлбұл бейнесінде ала отырып, өзінің ішкі ойын жеткізеді. Өзінің диалогіне қаршығаны таңдауы тегіннен емес деп ойлаймын. Себебі, қаршыға да мықты құстардың бірі. Әр заманда кездесетін өзі мықты бола тұра, өзінің аузын бағып үндемейтіндерді астарлап көрсетеді. Мықты болып, елге, айналаңа пайдаң тимесе, мықтылығыңның құны көк тиін екендігін бұл шығарманы оқи отырып бағамдаймыз. Бұлбұлға:»Тілің жоқ мен секілді мылқау болсаң, Бір күні мың мұратты табар едің»- дейді. Бұдан қаршығаның өз мүддесін көксеген бейнесін аңғарамыз. Өлеңдегі бұлбұл әдемілікті аңсайтын, күнде әр гүлдің ашылуын сабырмен күтетін шыдамды бейнеде көрінеді. Сол әдемілік үшін, әдемі гүлдің жұпар иісі үшін тікенекке де төзген бұлбұл, ең алдыменен, төзімділік қасиетінің жоғары екендігін көрсетеді. Менің ойымша, бұлбұл жеке бастың қамын емес, елдің қамын ойлайтын, мейірімді бейнеде көрінеді. Бұл арқылы автор бұлбұлды ел бостандығы мен тыныш өмірі үшін күрескер бейнесін де көрсеткен ойлаймын. Бұлбұлдың қаршығаға:»Сен ақымақ тамақ үшін болған сарсаң, Арбакеш сарттарға құл болғанша, Онан да жақсы емес пе өле қалсаң» дегені қаршыға мен бұлбұлдың жан дүниесінің, мақсатының арақатынасын ашып көрсетіп тұр емес пе? Қорыта келгенде, ақын біреудің тасасында үндемей жүре бергенше, бұлбұлдай сайрап өтуді өмірлік мақсат-мұрат тұтады.Соны болашаққа үлгі етеді. Бұлбұлдың бойындағы төзімділік, шыдамдылық, сабырлылық қасиеттері бізге үлгі, біз де бұлбұл сияқты адами қасиеттерге ұмтыламыз.
Шәкәрім Құдайбердіұлының»Еңлік-Кебек»поэмасындағы ғашықтар тағдырын автордың қайғымен аяқтау себебі Тәңірі жол-ақ жүрек, Сатам деген- қиянат Ақ жүректі ертерек Ескер-дағы,қыл әдет Ш.Құдайбердіұлы ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы өмір сүрген ұлы тұлғалардың бірі-Шәкәрім Құдайбердіұлы екені ақиқат.Дана Абайдан тәлім-тәрбие алған заман ағымына көз тігіп,өзіндік пікірі қалыптасқан ұлы ойшыл десек артық болмас. Ақын қаламынан туған шығармалар ішінде қомақты орын алған поэмалары болатыны сөзсіз. Ақыннның»Еңлік-Кебек»,»Қалқаман-Мамыр» дастандары ұлан байтақ даланы еркін мекендеген қазақ елінің өзіндік дәстүр-салты бар,сол дәстүрді қатаң ұстаған халық екенін дәлелдейтін шығармалар. «Дәстүрдің озығы бар,тозығы бар» деп ұлы Абай айтқандай, қазақ халқының озық дәстүрлері көп болғанымен, арасында тозығы жеткен дәстүрде кездесіп қалатыны осы шығармада анық көрінеді. |
||
Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 876. stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда... |