Студопедия КАТЕГОРИИ: АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Темы эссе по русскому языку и литературе 1 страницаСтр 1 из 38Следующая ⇒
МЕТОДИЧЕСКОЕ СОПРОВОЖДЕНИЕ ПО НАПИСАНИЮ ЭССЕ» В РАМКАХ ТРАНСЛЯЦИИ ОПЫТА АОО «НАЗАРБАЕВ ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНАЯ ШКОЛА» Сборник материалов семинара-тренинга
Петропавл 2017 ж. ББК 74.202.8 Е58 (русск.каз.2017) Рекомендовано решением экспертного совета КГУ «Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования» протокол №2 от 29 мая 2017 года «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ 2017 жылғы 29 мамырдағы № 2 хаттамасы
Рецензенты: Мукушева Ш.Ж.,директорКГУ «ЦМРИТО» Черных В.А., начальник отдела работы по содержанию и качеству образования Управления образования СКО
Составитетели: Жилкожина А.А.,заместитель директораКГУ «ЦМРИТО» Суендыкова А.С.,старший методистКГУ «ЦМРИТО» Ельцова Л.Ф., методист КГУ «ЦМРИТО» Садыков Н.Ш., методист КГУ «ЦМРИТО» Выпускающий редактор: Ельцова Л.Ф., методист, секретарь экспертной комиссии КГУ «ЦМРИТО», член Союза журналистов РК Редакционная коллегия: Габбасова С. С., Петропавл қ., «№7 орта мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі; Касенова З. С., Петропавл қ., «Қожаберген жырау атындағы №6 қазақ орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі; Абилова Ж.Ж., «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия интернаты» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі; Таттыбаева А. Б., Петропавл қ., «№26 мектеп-балабақша» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі; Мукашева Т.М., Петропавл қ., «№7 орта мектеп»КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі; Агатаева К.Ж.,Петропавл қ., «Қазақ мектеп- гимназиясы»КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі; Байтенова Г.Ж., Петропавл қ., «Қазақ мектеп- гимназиясы»КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. Семидоцких И.В., старший методист КГУ «ЦМРИТО» ; Мурзабаева С.М., учитель русского языка и литературы КГУ «Средняя школа №4» ; Пустовалова Л.П., учитель русского языка и литературы АОО «Назарбаев Интеллектуальная школа» ; Вельгоша С, учитель русского языка и литературы средней школы №10 им. Панчайкина Л. учитель русского языка и литературы КГУ «Общеобразовательная средняя школа – интернат №1» г. Петропавловска; Шрайбер Е.учитель русского языка и литературы КГУ «Петерфельдская средняя школа».
Е58«ИТОГОВАЯ АТТЕСТАЦИЯ ВЫПУСКНИКОВ: МЕТОДИЧЕСКОЕ СОПРОВОЖДЕНИЕ ПО НАПИСАНИЮ ЭССЕ» В РАМКАХ ТРАНСЛЯЦИИ АОО «НИШ». Сборник материалов семинара-тренинга/ составители Ельцова Л.Ф., Жилкожина А.А., Суендыкова А.С., Садыков Н.Ш., Петропавловск, 2017. -180 стр.
Сборник материалов по итогам семинара предназначен педагогам-филологам области, которые смогут использовать данные коллективные практические наработки при подготовке выпускников школ к экзамену по казахскому, русскому языку и литературы. Петропавловск, 2017 Государственной программой развития образования и науки Республики Казахстан на 2016-2019 годы определено, что «в целях совершенствования действующего формата ЕНТ будут предусмотрены разделение процедуры ЕНТ на итоговую аттестацию в школе и вступительные экзамены в вуз... Выпускники школ 2016- 2017 года станут первыми ласточками, которые будут сдавать итоговую аттестацию в виде пяти экзаменов, один из них – по выбору. Самым первым и поэтому самым сложным для выпускников может стать письменный экзамен по родному языку и литературе в форме эссе. Жанр эссе находится в постоянном развитии и становится особенно востребованным в настоящее время, когда обществу требуется конкурентоспособная личность. Учителям-филологам, развивающим навыки самостоятельного творческого мышления и письменного изложения собственных мыслей на уроках казахского, русского языка и литературы необходимо будет приложить немало усилий, что бы максимально подготовить ребят к выполнению данного вида работы, так как вотличие от сочинения эссе трактует одну частную тему и передает «индивидуальные впечатления, суждения, соображения автора о той или иной проблеме, о том или ином событии или явлении». 100 тем эссе были сформулированы для итоговой аттестации. На выбор выпускников будут предложены 10 тем: пять литературных и пять свободных. Объем написанного эссе должен составлять 250-300 слов. Что бы качественно «проработать» весь материал с учащимися, педагогам, в первую очередь, необходимо владение навыками организации работы по написанию эссе, умение использовать педагогические подходы, опираться на учебные материалы в соответствии с методическими рекомендациями по написанию эссе. Чтобы сформировать данные навыки учителей, необходимые по организации работы над написанием эссе: творческим осмыслением, выбором темы, выражением мыслей, суждений по поставленной проблеме, аргументацией Центром методической работы и информационных технологий в сфере образования на базеАОО «Назарбаев Интеллектуальная школа» в г. Петропавловске 19 апреля 2017 года был организован и проведен тренинг на тему «Итоговая аттестация выпускников: методическое сопровождение по написанию эссе» в рамках трансляции АОО «Назарбаев Интеллектуальная школа». В мероприятие приняли участие 100 учителей казахского и русского языка и литературы школ Северо-Казахстанской области, работающих в 11-тых классах. ПедагогиАОО «Назарбаев Интеллектуальная школа» поделились своим опытом практической деятельности по данной тематике. В программу тренинга вошли вопросы определения особенностей видов аргументативного эссе, составления поэлементного анализа эссе, а также в процессе работы подгрупп учителей состоялись итоговые презентации групповой практической работы педагогов. Рефлексия по итогам тренинга показала, что обмен опытом не только с тренерами Кожабаевой А.Х. (учитель КТЛ), Жулдаспаевой А.А, Сатановой Г.А., Машинец Е.Н., Абиловой Ж.Ж., (учителя НИШ), но и общение в процессе выполнения заданий учителей друг с другом помогло собравшимся разобраться с поставленными задачами. Семинар получил высокую оценку участников, которые выразили коллективную благодарность организаторам тренинга. Домашним заданием для участников тренинга стало написание эссе, которые экспертная комиссия ЦМРИТО по анализу и рекомендации к публикации и распространению учебно-методической продукции педагогов организаций образования СКО объединила в сборник, чтобы учителя области использовать данные коллективные практические наработки в своей работе. Л.Ельцова Н.Садыков ЖМБ Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңдеріндегі байлар мен қазіргі меценаттар бейнесін салыстырыңыз Рамазанова Ж.Н. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишим қазақ орта мектебі 11-сынып оқушысы Төрегелді Аружан Қашаған Күржіманұлы ХVІІІ ғасырдың аяғында өмір сүрген халықтың басындағы ауыр жағдайларды, елдегі ауыртпалықты қарапайым халықтың көзіне құм шашып, әділетсіздік орнатқан сараң байларды, надан молдаларды өзінің отты қызыл тілімен кекетіп, мұқатып, өлтіре сынап айтқан ақын-айтыскер. Қашаған жастайынан әке-шешесінен айырылып, тағдыр тауқыметін көп тартқан. Әлсіз халықты байлардың езгіге салғанын өз көзімен көрген және өзі де сол байлардың қанауының құрбаны болған жан. Ол туралы зерттеуші ғалым Қабидолла Салықұлы: «Қашаған ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанның батыс аймағында өзінен бұрынғы Абыл мен Махамбет қалыптастырған ақындық-жыраулық дәстүрден өнеге алып, оны ілгері дамытқан әйгілі ақындарының бірі», - деп дөп басып айтқан. Қашағанның суырып салмалығы сонша – ойындағы барлық ойлар домбырасынан жыр болып төгілген. Қашағанның қазақ тарихы мен әдебиетінен алатын орны бөлек. Ақын әлсіздерге үстемдік ететін шық бермес байларды кекетіп, мұқатқанды жақсы көреді. Олар қанша жерден бай болғанымен, Қашағанның қылыштан өткір отты сөздеріне қарсы келе алмаған. Мен мұны, әсіресе, «Оразалыға», «Байларға» сынды тағы да басқа көптеген өлеңдерінен байқадым. «Оразалы» өлеңінде Оразалы байдың көрсеқызар, дүниеге тоймайтын адам екенін шенеп көрсеткен, оны мына жолдардан айқын байқаймыз: Шыбын жанын пида етіп, Шаруаға жанын жүдетіп, Жүргенде кетпесе игі еді, Біздің арыстанға тіл қатып, - деп жұрттың берекесін алған бай-пысықтардың болымсыз, жарамсыз қылықтарын ұнатпаған ақын көпшілікке арнайды. Ал байларға деген шығармасында жалпы байлардың кемшіліктерін жеке-жеке көрсетіп, өткір тілмен айта білген. Менің ойымша, сол заманғы байлар мен қазіргі біз өмір сүріп жатқан байлардың заманында онша айырмашылық жоқ сияқты. Бұрынғы кезде ақша орнына мал жүрген. Осы кездегі және бұрынғы кездегі байлар да шалқасынан шалқайып, бұйрық беріп, шіреніп жатқан, сондықтан оларды жырға қосқан. Бірақ қазіргі біздің байекелерімізді ақындар кекетіп көрсін!.. Өйткені байлар туралы жазуға жүрексінеді. Дегенмен, көпке топырақ шашпайын. Олардың арасында да халыққа көмектесетіндер бар, ондай адамдарды «Меценаттар» деп атайды. Олар ғылым мен өнердің дамуына, балалар үйіне, мүгедек балаларға, жетім-жесірлерге ерікті түрде қаражат беріп тұрады. Алайда мұндай ауқатты адамдардың саны сирек кездеседі. Мен қорытындылай келе,ауқатты адам бола тұра, ол адамның жан дүниесі де бай болуы қажет. Басқаға көмек көрсетіп, қол ұшын бере алатын дардың қатары көбейсе, нұр үстіне нұр болар еді. Менің де алдыма қойған мақсатым – болашақта қолымнан келгенше басқаларға көмек беру. Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңдеріндегі байлар мен қазіргі меценаттар бейнесін салыстырыңыз СҚО Аққайың ауданы Аралағаш орта мектебінің 11-сынып оқушысы Сарбасова Нұргүл Қашаған Күржіманұлы ХVІІІ ғасырдың аяқ шенінде өмір сүрген халықтың басындағы ауыр-жағдайларды, елдегі ауыртпалықты қарапайым халықтың көзіне құм шашып, әділетсіздік орнатқан сараң байларды, надан молдаларды өзінің отты қызыл тілімен кекетіп, мұқатып өлтіре сынап айтқан ақын - айтыскер. Қашаған жастайынан әке-шешесінен айырылып, тағдыр тауқыметін көп тартқан. Халықты байлардың езгіге салғанын өз көзімен көрген және өзі де сол байлардың қанауының құрбаны болған жан. Ол туралы зерттеуші ғалым Қабидолла Салиықұлы: «Қашаған ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ бас кезінде Қазақстанның батыс аймағында өзінен бұрынғы Абыл мен Махамбет қалыптастырған ақындық-жыраулық дәстүрден өнеге алып, оны ілгері дамытқан әйгілі ақындарының бірі», - деп дөп басып айтқан. Қашағанның суырып салмалығы сонша- ой-толғанысы домбырасынан жыр болып төгілген. Қашағанның қазақ тарихы мен әдебиетінен алатын орны бөлек. Ақын әлсіздерге үстемдік ететін «шық бермес шығайбайларды» кекетіп, жеріне жете әшкерелегенді, олардың халыққа жасаған әділетсіздігін беттеріне басып, жұрт алдында масқаралағанды мақсат қылған, осы тәсіл арқылы қарапайым халқын қиындықтан алып шықпақ болған. Үстем тап өкілдері қанша жерден бай болғанымен, Қашағанның қылыштан өткір отты сөздеріне қарсы келе алмаған. Мен бұны, әсіресе, «Оразалыға», «Байларға» сынды өлеңдерінен байқадым. «Оразалы» өлеңінде Оразалы байдың көрсеқызар, дүниеге тоймайтын адам екенін шенеп көрсеткен, оны мына өлең жолдарынан : Шыбын жанын пида етіп, Шаруаға жанын жүдетіп, Жүргенде кетпесе игі еді, Біздің арыстанға тіл қатып, - деп жұрттың берекесін алған бай-пысықтардың болымсыз, жарамсыз қылықтарын ұнатпаған ақынның ішкі жан айқайынан байқаймыз.Ал, «Байларға» деген шығармасында жалпы байлардың кемшіліктерін жеке-жеке көрсетіп, олардың зорлық-зомбылықтарын ашық айтады. Халыққа пайдасы жоқ сол байлықтарын өздерінше олар мақтан тұтып, шамалары келгенше зорлық-зомбылықтарын кедей-кепшікке жасап-ақ баққаны өлең жолдарынан айқын көрінеді. «Бұл сол бір өткен заманның өмір белестерін көз алдыңа елестететін кейіпкерлердің жиынтық образдары болса, қазіргі меценанттарымыздың олардан айырмашылығы бар ма екен?»- деген ой өлеңдерді оқыған сәтте мені қатты толғандырды. Әрине, адам болған соң өмір сүру керек, бірақ қалай !? Байлық жинап, өле-өлгенше қойын-қонышыңа тыққыштап, «шық бермес шығайбайша»жеке өзің оқшау өмір сүресің бе, әлде халқыңа қол үшін беріп, қайырымдылығыңмен ерекшеленесің бе?.. Бүгінгі меценаттар осының қайсысын қалар екен , қазіролар қандай жолды қалапты ? Менің ойымша, қазіргі заманның дәулетті адамдары әр түрлі: бірі –«шық бермес шығайбайша»жеке өзі оқшау өмір сүріп, болған үстіне болғанды қалауда, ал екіншісі- халқына қол үшін беріп, қайырымдылығымен ерекшеленуде. Бұрынғы байлар өздерінің пасық әрекеттерімен ашық көрінсе, қазіргі «мырзалар» бет перде жамылғандай әрекет етеді. Баюдың оңай жолын тапқан бизнесмендерден қайырымдылық, меніңше, жоқтың қасы, ал маңдай терімен,күні-түні еңбектеніп, өз бастамасын сәтті жалғастырып келе жатқандары- қайырымдылықтан қашпайтын, халқының қамын ойлайтын жандар,меценаттар.Теледидардан нағыз ерге балауға болатын дәулетті жандардың көпбалалы жанұяларға, түрлі апаттарға ұшыраған елді-мекендерге, ауыр науқастарға , ғылым мен өнердің дамуына, балалар үйіне, мүгедек балаларға, жетім-жесірлерге ерікті түрде қаражат бергендерін көргенде, шын ризашылығыңды білдіресің, ұлы Абайдың : Кемді күн қызық дәурен тату өткіз, Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз,-деген өлең жолдары еріксіз ойыңа оралады,бірақ мұндай жандар өте сирек. Ал қара басының қамын ойлап, туған әке-шешесіне де қайырымдылық жасамай, қайырсыз байлықтың соңында дүниеқоңыздыққа салынғандардың әрекетіне ыза боласың, олар көрсеқызарлық ауруына шалдығып, ұрлық-қарлықпен қазынасын толтырып, ақыры өз елін тастап қашуға дейін барғанына дәлелдер көп-ақ. Олардан не қайыр, не үміт?! Сол ақшаларын елінің игілігі үшін жұмсаса, халқына көмек берсе, сөйтіп алтын ұясы –туған елінде бақытты ғұмыр кешсе қайтер еді, шіркін?! Мен әлі оқушымын, өмірге сын көзбен қарай отырып, ақшасы көп бай адамдардың көздері әлі де ашылар, елінің гүлденгенін қалар ,жақсыдан шарапат алар деп үміттенемін. Неғұрлым байлыққа кенелген сайын, соғұрлым бойларындағы адами қасиеттерін біртіндеп жоғалтатындығын ұмытпаса екен.
Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз Бердалина Алуа Айыртау ауданы Қаратал орта мектебінің 11-сынып оқушысы. Ақын өлеңде заманның зарлығы мен тарлығын сипаттап жазады. Бұрынғы өткен заманмен, сол кездегі адамдардың мінез-қылығы мен өзі өмір сүріп жатқан кездегі адамдардың болмысын салыстыра отырып, заманның тарылғанын, тар заманның қыспағынан халықтың зар илеп отырғанын жырлайды. Менің ойымша, Шортанбай өлеңді «Зар заман» деп дұрыс атаған. Заманның келбетін, келе жатқан өзгерістердің жақсылық әкелмейтінін тап басып айтқан. Азулыға бар заман, Азусызға тар заман,- деп өзінің кедей-кепшіктің қамын жейтін, дәулеті барлардың жүрегінде әділдік пен аяушылық болуын қалайтын азамат екенін көрсетеді. Сондықтан заманның тарлығы мен зарлығының белгілерін ажыратып айтып береді. «Жаман – малға жүгінген» деп тар заманның белгісі ретінде кісілік, адамшылық қасиеттен мал-дәулеттің буы бағалы болып тұрғандығын атап өтеді. А.Құнанбайұлының: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылдық» деген сөзін қаперге алмайтын заманның туып келе жатқанын Шортанбай ақын өте жақсы байқай біледі. Байлық жолында ештеңеден тайынбайтын адамдар бейнесін: Байлар ұрлық қылады, Мал түзіне көрінбей. Билер жейді параны, Сақтап қойған сүріндей,- деп ашына суреттейді. Заманды тарылтып жатқан жайттардың бірі – орыс патшасының отарлық саясаты болса, екінші бір себебі – қазақтан болыс-би етіп сайлап қойған азаматтардың имансыздығынан, ата жолынан айнып бара жатқан тәрбиесіздіктен, тексіздіктен деп біледі. Ұл туады атаменен егесіп, Қыз туады анаменен теңесіп,- деп заманның бұзылғанының бір көрінісі ретінде үлкенді тыңдамайтын жастардың көбеюін атап өтеді. Еңбегі еш болған қайран кедейдің жайын: Мал үшін он екі ай қой бағып, Жалғыз тоқты алады,- деп жырласа, еңбек еткен адамға еңбекақысын толық бергісі келмей, біреудің ақысын жейтін имансыз байлардың сипатын мынадай жолдармен береді: Тоқты берсе, ісек деп, Құнан шығар тұсақ деп. Саулық берсе, егіз деп, Қыстан шыққан семіз деп. Өз көзімен көрген әлеуметтік ақиқатты шынайы жырлаған Шортанбай өлеңдері замана суретін берудегі шыншылдығымен құнды. Қорыта келгенде, «Зар заман» өлеңі әдебиет зерттеуші ғалымдар тарапынан «Зар заман ақындары» деген ортақ сипатқа ие болған ақындардың көтерген мәселесін барынша жырлап кеткен шығарма деп айта аламыз. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдаңыз Он тоғызыншы ғасыр қазақ халқы үшін ұлт ретінде қалыптасуында үлкен әсерін тигізгін ғасыр болды. Ресейде крепостнойлық құқықтың жою туралы заңының лебі қазақ даласына жетіп, елдің билеу жүйесіне өзгерістер әкелген еді. Бұрынғы хандық дәуір келмеске кетіп, оның орнына жаңа билік орнай бастады. Халқымыздың бұған дейінгі өмір сүру салты өзгеріп, капитализмнің элементтері кіре бастады. Қазақтың байырғы жерлеріне қамалдар салынып, шұрайлы жерлерін қара шекпенділерге бере бастады. Ел ішіндегі осындай өзгерістерге куә болған Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы сынды ақындар өздерінің наразылықтарын өлеңдерімен білдірді. Солардың бірі- Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы. Толғауда заманның зарлылығы мен тарлығының белгілерін былай көрсетеді: Асылық асқан заманда, Алуан-алуан жау шықты, Арам ораз хан шықты, Қайырымы жоқ бай шықты, Сауып ішер сүті жоқ, Мініп көрер күші жоқ, Ақша деген мал шықты. Ақынның бұл суреттеуінде зар заманның қай жақтан есіп тұрғаны бірден байқалады. Сауда-саттыққа негізделген қарым-қатынас адамдар арасындағы адамгершілік байланыстарды үзіп, пұл тілінде сөйлеуге негіздейтін болды. Байлар ақшасы жоқ елден тауарларына айырбас жасау үшін күзде қозы мен бұзау жинап, бейшара халықты сору арқылы байи түсті. Сөйтіп, капитализммен келген ел билеу жүйесі, отаршылдық саясат, сауда – бәрі адам психологиясын бұзды. Бұрынға бай мен билердің де мінез-құлқы өзгеріп, өз құлқынынан басқа ел қамын ойламайтын тоғашар байлар пайда болды. Осы өзгерістердің бірін де Шортанбай ақын қабылдамады. Кетейін десе, алды тар, Тұрайын десе, кәпір бар,- Қайсы бірін айтайын, Қазақтың ұлы қамалды -деп елдің алдында тұрған шарасыздықты сөз қылады. Сол кездегі заманға сай жастардың да өзгергенін тілге тиек етеді: Ұл туады атаменен егесіп, Қыз туады анаменен теңесіп, Баласы кетті тыюдан. Шортанбайдың «Зар заман» өлеңі сол кездегі өткір шындықты бейнелейді. Заманның кері кетуін, халықтың жақсы қасиеттерін жоғалта бастауын жүрегімен сезіп жырлаған. Бұл өлеңді оқып отырып, ақын өзі өмір сүрген заманды өткен күнмен салыстырып, адамдардың мінез-құлықтарының өзгеруін, қайыры жоқ байлардың шығуын, ақшаның мал орнына жүргенін, заманының зарлығын, тарлығын өлеңіне өрнек ете білген шыншыл және терең ойлы шығарма. Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз Аққайың ауданы Аралағаш орта мектебінің 11-сынып оқушысы Шаяхметова Алтын Қазақ халқының көрнекті өкілі, зар заман ақындарының бірі Мұрат Мөңкеұлының әдеби мұрасының біраз бөлігі- арнау өлеңдер. Сондай арнау өлеңдерінің бірі- «Қыз» өлеңі. Осы шығармасында жаны-таза, ақылы-дана, сырт пішіні –көркем қыз бейнесін жасайды. Мұрат ұзатылып бара жатқан, қыз дәуірімен қоштасып бара жатқан қыз балаға айтылған ерекше сырдай, ақындық қоштасудай, шайырлық мұңдасудай тамаша жыр жолдарымен сипаттайды. Бұраңдап ақ моншақтай керілген, қыз, Оздырдың салтанатты еліңнен, қыз. Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе, Реңкің сары алтындай көрінген, қыз. Лебізің, сөзің –шырын,маржан-тісің , Кеткісіз келген адам қасыңнан, қыз,-деп жырлап, өзінің рухани, эстетикалық талғамының асқақтығын айқын танытады. Айшықты метафораларды пайдалану арқылы қыз сұлулығын паш етеді. Өлеңде теңіне қосыла алмаған қыздың басындағы қиыншылықты: «...Басыңнан бұл дүние өтеді деп, қайғымен тамақ ішпей бүлінген қыз» деп көрсете келе, «... шалықта ата-анаңның дәулетіне, бір күні жөнелерсің үйіңнен қыз» деп, әке-шешесінің қасында бұлаңдап жүрген қыз еркіңнен тыс біреуге жар болып кетерсің, күнің не болар екен деген уайымын да жасырмайды. Мұрат Мөңкеұлы бастаған ақындар сабын жалғастырушы әнші-ақындар легі кіршіксіз сұлулық пен махаббатты әспеттегені белгілі.Біржан сал сияқты өлең сөз құдіретінің патшасы да «Ләйлім шырақ»өлеңінде : |
||
Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 876. stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда... |