Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Темы эссе по русскому языку и литературе 3 страница




Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жастарға» өлеңін басқа да танымал авторлардың туындыларымен салыстыруға болады. Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңінің шумақтары маған жақын болып көрінеді. Осы екі танымал авторлардың өлеңдерінде ұқсастық бар. Ең басты ұқсастық ол әрине, өлеңдері арқылы жастарға ақыл үйретіп, дұрыс жолға салғысы келгені деп ойлаймын. Әдебиет теориясының түр-түрін шебер қолдана отырып Мағжан Жұмабаев жастар бейнесін көз алдыма алып келді.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты-

Қырандай күшті қанатты.

Мен жастарға сенемін!-деген жолдар осы ойды меңзейтін секілді.

Жастар–біздің болашағымыз. Біздің болашағымыз үшін мемлекетіміздің Елбасшысы үлкен еңбек етуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші– жастар. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Осы ретте, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты–біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақытты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңдер»,–деген сөзді мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.

Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев және Нұрсұлтан Назарбаев жастарды адалдықты сүюге, арамдық қулықтан қашуға, үлкеннің ақылын тыңдауға, зұлымдықтан, жамандықтан, әділетсіздік пен қиянат жасаудан аулақ болуға, халықтың мүддесін қорғай білуге шақырады.

Қорытындылай келе, «Жастарға», «Мен жастарға сенемін» өлеңдерінен түсінгенім: қара түнекте жанып тұрған шамдай ерекше болу үшін, өнер-білімге құнығу басты мақсат. Әділетсіз өмірге әділеттілік орнату тек дана адамның қолында болмақ іс. Дүние есігін ашқан әрбір пенде бойына асыл қасиеттерді жиса, тағдыр тарлығы орналмас та еді. Көзі ашық, көкірегі ояу жандар қай ғасырда болмасын құрментке бөлетіп жүрген. Қазақ жастары сыйлы болсын деп Шәкәрім атамыз Абайды бізге үлгі еткен болса керек. Ақылды адам сарқырап жатқан көлмен тең деген осы болар. Кезінде сөз шеберлері: «Адам боп келдім, адам боп кету арманым»,–деген. Сол себепті, алдымен ілім үйренбек керек. Адам болам десек, Абайды оқиық жастар!

Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз

Есіл ауданы

Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы

№3 Явленка орта мектебі

Жаратылыстану-математикалық бағыт

11-сынып оқушысы Боранбай Жібек

Қазақ қызы – халықтың, ата-ананың абыройын сақтап, ісімен,сөзімен де, тәрбиесімен де елге көрік беретін жібек мінезді жан. «Еңлік-Кебек» поэмасында Шәкәрім қай заман да қазақ қызына ғибрат боларлықтай баяндалған бойжеткеннің, яғни Еңліктің мінезі мен болмысын толық сипаттап баяндауға тырысқан. Оны қазақ дәстүріндегі орнын ғана емес, қазақ діліне сай қазақ қызының мінезін, ісі мен сөзін баяндау арқылы жеткізуге ниеттенген.

Автор қыздың оғаш қасиетін басып айтпаған, тек ол қыздың айтқан сөзі мен іс-қылығынан ғибратшыл оқырман байқай алатындай жазған. Біріншіден, оғаш қылығы үйге түскен қонақпен жеке қалғанда:

«Анық Кебек сен болсаң арызым бар,

Бір айтармын»,-деді де салды жауып»,- деген жолдарда жат еркекке ниетінің басын ашқандай болады. Поэманың мына қос жолында:

«Үйдегілер теп-тегіс ұйықтаған соң,

Кебекті келді-дағы қыз оятты»,- түнделетіп оңашалануды іздеген бойда үйдегілерден беймәлім келеді. Ары қарай айтқанымдай мүлдем жат еркекке арызын білдіріп қосылу ниетінде сөз тастайды. Ал енді осының бәрін талдар болсақ, «қырық үйден тыйымы» бар бойжеткен әке-шешеден құпия еркекпен өз еркімен оңашаланады. Ешбір әке-шеше қызының мұндай қылығын құптамас еді. Бірақ кереғарлық мұнымен шектелмейді.

Сонымен қатар, Еңліктің өз тағдырына кіріскен жолында да тәрбиеге сай қылық байқалмайды. Оған дәлел-Еңліктің Кебек түн ішінде келуіне себеп болған жағдай жақында ұрын түскен күйеуі. Еңліктің сипаттауынша күйеуі: оң қолы олақ, есіктегі күңге де тәжім ететін ез әрі жасына жетпей әжім түскен ауру еркек. Осыны батырға айтып, қосылу ниетін білдіреді. Уақыт өте келе екеуі қашуды ұйғарады. Ал енді қыздың қылығын талдайық, біріншіден, қашқындардың бастапқы әрекеті оңашалану болған. Екіншіден, осы бөтен еркекке өзінің тағдырын өзгертуін талап қылады. Әрине, тағдырға риза болмаға, әрі бағы ашылмаған Еңліктің қайғыруын да түсінуге болады. Бірақ жат еркекпен ақылдасу қазақ қызына кереғар мінез. Мұндай тәрбиені ел абыройы деуге келмес.

Қорытындалай келе, поэмада баяндалған бойжеткен іс-әрекеті қазақ қызына көп ой салады. Бұл жерде қазақ қызына тән Еңліктің бойындағы батырлық, өжеттікті өз тағдырыңда кездескен қиыншылықтарды жеңуде іске асыруды ойлауға болады.

 Сал-серілердің жеке тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелер ме, әлде ғашықтық па?

Есіл ауданы

Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы

№3 Явленка орта мектебі

Жаратылыстану-математикалық бағыт

11-сынып оқушысы Төлегенқызы Ақбота

 Сал-серілер дәстүрлі ұстанған, адамзаттық құндылығы бар, танымдық мұраларға бай жан-жақты өнер иелері – қазақ сахарасының рухани келбеті. Олардың ерекше қасиеті – ақындығы, әншілігі, күйшілігі, елді ән мен сәнге бөлейтін, адам жанына ізгілік нұрын себетін зиялылығы. Ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрге сай өнердің даму сатысында хас таланттардың өзіндік дүниетанымы, эстетикалық талғампаздығы, табиғи жаратылысындағы ерекше дарындылығы – өнердің бірнеше түрін меңгеруде.

Сал-серілер – әдебиет тарихында да, музыка өнері тарихында да есімдері алтын әріппен жазылған, халықтың ерекше сүйіспеншілігіне, ықыласына бөленген өнер иелері. Сол кездерде халықтың көзайымы болған сал-серілердің бейнесі қандай болған? Олардың жеке тағдырына әсер еткен не жағдай? Өз басым, қазақ әдебиетінің драматургия саласындағы шоқтығы биік туындылардың біріне айналған, қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, әрі ақыны, сал-серісі Ақан Қорамсаұлының өмірін суреттейтін және замана шындығын танытатын тарихи шындық сипатталатын «Ақан сері Ақтоқты» пьесасын қарастыруды жөн көрдім. Бұл жазушы Ғабит Мүсіреповтың тарихи шығармасы. Пьесада Ақанның кішкентайынан бастап өнер жолына шығуы, тыныс-тіршілігі түгелімен көрініс табады. Ақан жас кезінде көбінесе махаббатты, сұлулықты жырласа, есейе келе сүйіспеншілік тақырыбына ел мәселесі де қосылады. Ол бай-болыстардың қараңғы халыққа көрсеткен озбырлығын, қастандығын ашық түрде айтады. Қазақ елінің Ресейге қосылу тарихының маңызын тереңнен түсіне алмады және осы жайлар кейбір қайшылықтарға да әкеліп соқтырды. Өмірде Ақан серінің өз басының қайғы-қасіреті де көп болған адам. Оның сүйіп қосылған жарының өмірі қысқа болып, жалғыз ұлы мылқау болады. Ақтоқтыдай сұлу қызға ғашық болып, үйленбек мұратына жете алмады. Сөйтіп, ол Ұрқия деген қызға үйленіп, үш айдан кейін шешек ауруынан ол да қайтыс болады. Бір басына осы жылы қайғы тым ауыр тиеді. Оның қыран құсы Қараторғай өледі. Қасқырға салған уды жеп тазысы да өледі. Құлагердей пырағы опасыз байлардың қолынан мерт болады. Ақан патшаның отаршыларынан да опасыздық, зорлық көріп, туған жерінен айырылып, жалғыз мылқау ұлын қасына алып, мұңлы жүрегіне домбырасы жұбаныш болып, елден безіп, көл жағасында қайғырып күн кешеді. Оған елдің «Ақан сері перінің қызымен көңіл қосыпты» деген сөздері жаралы жүрегіне бата түседі. Ақан Қорамсаұлы өмірден осындай ауыр қайғы-қасірет пен азап көреді. Ол қартайып, ұзақ уақыт науқастанып, жездесінің қолында қайтыс болады.

Қорыта келе, біз бұл шығармада серінің тағдырын өзгерткен ғашықтық және әлеуметтік мәселе екенін байқаймыз. Сал-серілердің әрқайсысы халықтың рухани тұрмысында өнерді насихаттап қана қойған жоқ, әлеуметтік тұрғыда ой қозғап, қоғамдық мәселелер көтерді. Ұлт бірлігін, жерін сақтау, өнерді қастерлеу – ғасырдан ғасырға жеткен сал-серілер өнернамасының негізі болмақ.

Әнші – ақындарының өлеңдеріндегі серілік табиғатын

талдап жазыңыз

Сал-серілік өнерді жоғары дәрежеге көтерген әнші, күйші, суырып салма ақындар серілік үрдісі қатаң сақтап, нағыз бес аспап өнер иесі бола білген. Сонымен қатар олар атақты мерген,сұңқар, лашын ұстаған құсбегі. Аттың оң жүйрігін таңдап мінген атбегі, он саусағынан өнері тамған теңдесіз шеңбер, керемет зергер де бола білген. Сал - серілерді халық әрқашан ардақ тұтып, оларды қайда болса да қуанышпен қарсы алып, өнерін аңыз етіп, мақтан тұтқан. Қазақ ұлтының мәдениеті тарихындағы он тоғызыншы ғасыр ақын - әнші, сазгерлердің өзіндік «алтын ғасырына» айналып, қазақтың кәсіби өнер әдебиетінің , поэзиясының, музыкасының шыңына шыққан кезі болды. Сөйтіп, он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысы қазақтың ақындық өнерінің барынша өркендеген кезеңі болды. Осы кезде ақындық өнерге тән тұрақты жанрлар қалыптасты. Солардың ішінде, әсіресе, ақындардың өзін-өзі бейнелеуге арналған әндерін келтіруге болады. Оған мысал ретінде «Біржан сал», «Ақын Әнші», «Мұса Мәди», «Сары», «Әсет», өлеңдерін атауға болады. Олар мұндай әндерінде әрі ақын, бір жағынан өзін тыңдаушыларына таныстырып өткен, екіншіден, туған ел өмірі мен мәдениетінде алып отырған өз орнын жақсы түсініп, соны әнге қосады.

Менің ойымша, әр әнші - ақынның өзіндік шығармашылық өнері дербес қалыптасады. Мысалы, әрбір ақындағы шешендіктің, суырып салма өнердің, актерлік элементтердің болуы, тіпті, киген киімі, жүріс-тұрысы, өнерге деген көзқарасы, әнші, сал-серілерге ортақ нәрсе болды. Мұхтар Әуезов ақынның осындай орындаушылық жерлерін сипаттай келіп, оны «жалғыз актердің театры» деп айтқан кездейсоқтық емес.

Сері де – сол атақты әнші, күйші, ақын өнерпаз. Оның киім киісі сұлу да сыпайы. Осындай жердің сыртында ол сұлу сүйген, жүйрік баптап, құс салатын. Әр аңшы, саятшы, әрі мерген, әрі шешен, шебер, қысқасы халық сөзімен айтқанда «сегіз қырлы бір сырлы» аса биік азамат – қазақ әнші-ақындарының өлеңдеріндегі серілер дәл осындай.

Сал-серілердің өлеңдеріндегі қыз сипатын талдап жазыңыз

Жамбыл ауданы

«Благовещенка жалпы орта білім беру мектебі» КММ

ХІХ ғасырда қазақ әдебиеті мен өнерінің алтын ғасыры деп текке атамаса керек. Бұл кезең – ақын, сал - сері, тал бойына өнер қонақтаған жандардың шығармашылығының өркендеген тұсы. Бүгінгідей «Халық әншісі», «Еңбек сіңірген өнер қайраткері» деген атақтары болмаса да, халқымыз оларды еркелетіп, «Сал-сері» деп атаған. 

Г. Потаниннің «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді» - деген еді. Бұл сөздерде ән салып, өлең айтпаған қазақ жоқ деген ой жатыр. Өз дәуірінің сан - қилы өзекті тақырыптарын қозғаған сал-серілер өлеңдерінде қызды қалай сипаттағанына тоқталғым келеді.  

Біржан сал –өлеңін әнмен көмкерген әнші –ақындардың ішінде аты үш жүзге танымал болған бірінші ақын –сазгер. Өзінің «Ақ тентек» әнінде Шұға мен Мақпал қыздың сабырлығын сөз етеді, оның көркемдігі мен өз сезімін шебер суреттегені деп ойлаймын.

«Сен болсаң, ол – қызыл гүл асыл еркем,

Мен – бұлбұл сайрап тұрған иран бағы», – деп қызды бұлбұлға теңейді. Қыз бейнесін суреттеуде Ақан ең әдемі, нәзік суреттермен береді.Ақан қыз сұлулығын ғана емес, оның сол сұлулықты сипаттауға құштарлығын, келіскен келбеттің ар жағында парасат іздейтін талғампаздығын танытқысы келгендей болады. «Қыз сипаты» шығармасында бірінші қызды еліне сыйлы,дана деп береді. Үшінші қызды тәрбиелі, сұлу, ал жетінші қызды автор ұсқынсыз, сорлы келеді. Мұнда Ақан сері арулардың түрлі екенін айтқысы келген, бірі көркем, бірі дана, бірі әдепті, сыйлы, бірі сорлы болады деген ой салды.

Үкілі Ыбырайдың «Қаракөз» өлеңінде:

Қара көзің сүзіліп,

Қыпша белің үзіліп

Арудың бейнесін бұлай суреттелуі сырт қарағанда лиро-эпос жырларына ұқсас сияқты көрінгенмен, ақын бұл суреттеуге өзінше келген.

Халық даналығының жемісін Сегіз сері де ұтымды жұмсаған:

Аршын төс, аққу мойын, айбарлы қыз

Ішінде қатарының жайдары қыз.

Қазақ халқы қашаннан аққуды сұлулықтың символы, киелі құс ретінде қастерлеп келеді, сондықтан оны жырға қосып, арудың сипатын бергенде тілге тиек етуі заңды да. 

Ойымды қыз сұлулығын сал-серілер арулардың сыр келбетіне қана тоқталмай , оның жан-дүниесі мен рухын шебер бере алған. Ол туралы қазір де , болашақта сөз етері сөзсіз.

Үкілі Ыбырай өлеңіндегі «Қалдырған «өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз

Жамбыл ауданы

«Благовещенка жалпы орта білім беру мектебі»

Тумысынан текті, кесек жаратылған Арқаның арысы Ыбырай Сандыбайұлының өлең-жырларының нәзік кестесі, өрнек - нақышы, сыр - сымбаты да сан қилы. Ол халық арасында «Үкілі Ыбырай» деген атпен мәлім. ХХ ғасырдың басындағы қазақ топырағындағы тарихи кезең,отаршылдық саясат ақынның көзқарасына әсер етпей қоймады. Көргені мен түйгені оны терең ойға қалдырды. Осындай толғанысқа толы шақтардың бірінде ол «Қалдырған « деп аталатын философиялық толғауын шығарды.

Ақынның шығармасын оқи отыра, ойы кіршіксіз, сезімі сыршыл жанның жүрегінен туған шығарма екенін түсіндім. Әр шумағы бөлек бір ой беретінін аңғардым. Себебі бұл толғауда ақынның басынан не кешкені ғана емес ,қандай ұлы тұлға екенін байқадым. Қез келген адам баласы талай-талай тауқыметті шақтарды басынан өткеріп,өмір баспалдақтарымен өрлеп ,тағдырдың түйінді кезеңіне аяқ басқан кезі болады. Ыбырай да өз өміріне көз жіберіп,артына көңіл көзімен шолу жасайды.. «Жасымнан халқымды сұлу сөздің нәріне қандырған ақын едім. Халқым да мені еркелетіп,маңдайымнан сипап құрмет тұтты. Соның арқасында Сарыарқаны сайрандап ғұмыр кештім.Енді ,міне , алпыстан асқан шағымда сұм дүние теріс айналды ,мені іздейтін жан қалмады –ау»,- деп налиды . Өлеңнің басында өмірдің қызығын көрген, нәзік сезімді ,күлкісі таза бұлақтай балдырған болса, шығарманың соңында ол жар басына шөгіп жатқан жалғыз кәрі бураға,сақал –шашы аппақ қудай қарияға айналады. Жасарын жасап, асарын асағаннан кейін ,кәрілік жеткен соң жастарға көшкен күн тізгінін ұстатып,ақ батамызды берген жөн деген ой салады.

«Кәрілер тізгін тербетіп,

Жастар гүлдеп өскен күн» деп уақыт талабына сай кәрінің де ,жастың да атқарар жұмысы бар екенін жеткізгендей болады. Қариялар ұрпақ тәрбиесімен айналысса, еңбектерінің жандануына ат салысу керек деген терең тәрбиелік ой қалдырады. Ыбырай қозғаған толғау шумақтарындағы ойлар өз өзектілігін жойған жоқ. Өйткені, ақын жүрген сара жолмен бәріміз өтетініміз анық.

Қорытындылай келе, «Жастық өтер,кәрілік жетер» деген қазақтың аталы сөзімен ойымды тұжырымдаймын.

 

Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз

Жамбыл ауданы

Преснов жалпы білім беру мектебі

Ануарова Диана

11-сынып оқушысы

Ғашықтық деген тамаша сезімді жүрегінде сүйіспеншілігі басым адам шабыттана жырлайды екен. Мұхит Мералыұлының өлеңдерін оқып түрлі ой шырмауына түстім. Өлеңдері ғашықтық сезім ғана емес балаға деген әкелік махаббатты, өмірге деген көзқарасты байқадым.

«Айнамкөз» өлеңінің шығу тарихынан «Шырағым, мына бір әнді саған арнадым, нағыз айнамкөз екенсің» деген жолдарды есімде жақсы жаттап алдым. Ақын Құралайдың ажары мен мінезіне, шай құйғандағы қимылына, көздеріне ғашық болған. «Міні жоқ тал бойынан табар адам» деген өлең жолдарынан Құралай деген қыздың сыпайылығына, сұлулығына тамсандым. Сол көздерінен ешкім байқамаған мұң мен сырды байқаған. Ренішті сейілту үшін өлең жолдарында «Есіме, беу қарағым, сен түскенде, Қайнайды зығырданым қай-қайдағы» деген көркемдік әрлеуді қолданады. Егер де Мұхит сол кезде өзінің сезімін білдіргенде, Құралайдың ата-анасы басқа адамға тұрмысқа бермес пе еді деген ой туындайды.

«Зәуреш» өлеңінде әкенің қызына деген махаббатын жүректі тебіренте жырлаған. Қайғылы үннің сарынын естуге болады. «Иіскеп бір сүйейін деген едім» деген өлең жолы жан-дүниеме әсер етті. Өлеңнің ауқымдылығы үшін «Ақ бетің айдын көлдің алабындай, қасың бар молдалардың қаламындай» сияқты теңеуді қолданған. Өлеңде ғашықтық сезімін емес, әкенің перзентіне деген махаббатын байқадым. «Дүние-ау» өлеңінде «Кез келсе қарамайсың, дүние-ау, кәрі, жасқа» жолдарынан адам қиындыққа душар болса да өмірдің тәтті екенін ешуақытта ұмытпақ емес. «Көзіне көрінгеннің иттей қауып» деген оймен өмірге деген өкпесін тұрақты тіркестерді, күрделі сөздер мен теңеу, эпитеттерді сезім толғанысын ашуда орынды қолданғанын аңғардым. Бірақ өмірді жақсы жағынан қарасақ, тосын сыйлары да бар емес пе?

Қорытындылай келе айтарым, автор өлеңдерінде жігіттің қызға, әкенің балаға, адамның өмірге деген махаббат сезімінін көрсете білген. Өмірде махаббат пен қаталдық, қуаныш сезімдері қатар жүреді. Бәріне төзе білу керек деп ойлаймын.

Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз

Желдібаев Әділхан

Қожаберген жырау атындағы

№6 орта мектебінің 11-сынып оқушысы

Қарапайым халықтың құқығын қорғап, әлеуметтік әділетсіздік және теңсіздікті сынағаны үшін биліктің қудалауына ұшыраған Мәди Бәпиұлының өлеңдерін оқығанда қандай әсер аламыз? Ақынның шығармаларын оқу арқылы ақын өмірінің көрінісін талдай аламыз ба? Тек қана өлеңдер оқу осынау сұраққа жауап беру үшін жеткілікті ме? Сұрақтарға жауап беруге тырысайық...

Мәди Бәпиұлының өлеңдерін оқығанда, ең алдымен, көзге елестейтіні-сол замандағы өмір қиыншылықтары, әділетсіздік және ақынның ерекше жырлайтын тақырыбы-туған жері, яғни Қарқаралы. Жазушының өлеңдері өте мағыналы, терең ойлы, сол себептен де ақын өмірінің көріністерін шығармаларға қарап талдау қиын шаруа емес.

«Қаракесек» өлеңіне жеке тоқталайық, өлеңді оқыған кездегі сезімді сөзбен жеткізу өте қиын,себебі өлеңнен қиыншылықтық иісі аңқып тұр. Дұшпандардың көп болуы, тек қана жақсылық тілер достар мен қиын кезде қол ұшын созатын туыстардың болмауы кімнің болса да жүрегіне тиеді емес пе? Айта кететін болсақ, бұл өлең Мәдидің қамауда отырған кезінде жазылған еді. Бұның өзі де көп сұраққа жауап береді деген ойдамын.Ақын басынан көптеген қиындықтарды өткерді, дегенмен де жазушының жанын жегідей жеген қиыншалықтарға қарамастан тек өз өмірінің жақсаруын тілеген жоқ, халықтың қамын ойлады, патша үкіметі мен жергілікті феодалдық жүгенсіздігін айыптап, талай жыр шығарды, шамасы жеткенше тойтарыс беруге тырысты, бұл ақынның рухының биіктігін көрсететін айқын дәлел.

Мәди ақынның «Қарқаралы» өлеңін айтар болсақ, өлеңде жазушының туған жерге деген махаббаты айқын көрініс табады. Ақын туған жер деген ыстық сезімін осынау төрт шумаққа сыйғызып жібергендей-ақ.Өлеңде тек туған жер туралы ғана емес, ақын өмірі туралы, оның бір атадан жалғыз бала екендігі жырланады. Сонымен қатар, өлеңнің соңғы жолдарында «жастық шақ көп семсердің жүзі емес пе, қайрап ап қалық жауға сермегендей» деп жырлайды ақын.Бұл сөздер арқылы ақын нені меңзеп отыр? Менің ойымша, Мәди Бәпиұлы осы жолдар арқылы өскелең ұрпаққа жастық щақтың оралмайтынын, әрекетсіз отырмау керектігін айтқысы келген секілді.










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 845.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...