Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Темы эссе по русскому языку и литературе 2 страница




Ләйлім Шырақ, дегенде, Ләйлім шырақ,

Таудан аққан сылдырап сен бір бұлақ,-деп асқан шеберлікпен жырға қосады.Қандай әдемі сурет! Сұлу қыздың портреті, мінезі көз алдыңа елестейді.Әнге салмай-ақ,өлеңнің өзінен әуен төгіліп тұрғандай.

Сол замандағы ақындар мен әнші ақындардың ойы, сұлулыққа деген құштарлықтары қайталанбас көркем үндестікке құрылғандай. Қазақтың ұлттық мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан Ақан сері де талай арулар- Ақтоты, Жамал қыздарға арнап жыр жақұттарын жазған.

«Ақ көйлек» өлеңінде сүйген сұлуын «ақ жамбыға», «қоңыр қазға», «аққу құсқа»теңейді:

Етегін ақ көйлектің алтындаған,

Ажарың ақ жамбыдай жалтылдаған.

Сексен қыз серуенге шықса-дағы,

Ішінде сен қоңыр қаз қаңқылдаған...

Ақын да Мұрат Мөңкеұлы жырға қосқан ақылына көркі сай, мінезге бай сұлу жандарды пір тұта,біртұтас қыз бейнесін елестететін сюжетті картина жасайды.

 Мұрат ақын қазақ қызының сұлулығын оның ішкі жан дүниесімен астасып жатқандығын «лебізің, сөзің – шырын, маржан-тісің» десе, Ақан сері «Ғашық жарға» өлеңінде: «аузың – бал, тілің шекер, нәзік таңдай, қиғаш қас, нұрлы жүзің, жазық маңдай» - деп суреттейді. Қандай үйлесімділік, сырлы сөзбен қамал тұрғызған әнші-акындардың мұралары ұлт мәдениетінің қазынасына қосылған інжу-маржандарымыз.

Ақан сері де «Балқадиша» өлеңінде: «...бұраңдап асау тайдай жүрген басың, боласың қандай жанға жар, Қадиша» - деп мұңайса, «Ләйлім шырақ» өлеңінде: «Есен-аман жүрмісің, Ләйлім шырақ, жаңа таптым аулыңды сұрап, жел тимесе жан тимес, деп жүргенде, қол ұстасып жатпенен кеттің жырақ» деп басында билігі жоқ әйел теңсіздігіне наразылықтарын ашық білдіреді,Мұраттың үніне үн қосады. Ал, Естай ақын «Құсни Қорлан» өлеңінде:»... бар еді қимас күндер тату өскен, келер ме енді айналып, уа дариға-ай», - деп өзегін өртеген өкінішін жасырмайды.

 Қорытындылай келе, Мұрат Мөңкеұлы мен ХІХ ғасырдағы әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесін толғаған өлеңдері кейіпкерлерінің сыртқы келбеті де көрікті, әрі олардың ақыл парасаттары да сай, бұл туындылар -ақындар жүрегі тебіреністерінің айнасы, інжу-маржандары, кейінгі ұрпаққа қалдырған мәңгілікке сақталатын асыл мұра.

 Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз

Оспанова Ғ.С.

Аққайың ауданы

Смирнов №3 орта мектебінің

11-сынып оқушысы Пазылова Айжан

Қазақ халқының көрнекті өкілі, зар заман ақындарының бірі Мұрат Мөңкеұлының әдеби мұрасының біраз бөлігі - арнау өлеңдер. Сондай арнау өлеңдерінің бірі - «Қыз өлеңі». Қазақ аруларының бейнесі талай ақындардың шабытына арқау болған. Осы туындыларда қыз бейнесі қаншалықты шебер суреттелді?

Халқымыз ежелден қызды «қонақ» деп қадірлеп, әспеттеген. Қызды ай мен күнге теңеп, жақұтпен көмкере білген. Мысалы, Мұрат қыздың сұлулығын:

«Бұраңдаған ақ моншақтай керілген қыз,

Оздырдың салтанатты еліңнен қыз

Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе,

Реңі сары алтындай көрінген қыз», - деп жырлайды. Бұл теңеулер - ізбасар ақындарға үлгі болар өрнектердің тармағы.

Мұрат Мөңкеұлы сияқты әнші-ақындар Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Мұхит т.б. шығармаларында көбіне пәк таза махаббатты, сұлу әйел сипатын, әйел теңсіздігін жырлады. Мұрат ақын қазақ қызының сұлулығын оның ішкі жан дүниесімен астасып жатқандығын «лебізің, сөзің – шырын, маржан-тісің» десе, Ақан сері «Ғашық жарға» өлеңінде: «аузың – бал, тілің шекер, нәзік таңдай, қиғаш қас, нұрлы жүзің, жазық маңдай» - деп суреттейді. Сырлы сөзбен қамал тұрғызған әнші-ақындардың мұралары ұлт мәдениетінің қазынасына қосылған інжу-маржандарымыз.

«Қыз» өлеңінде теңіне қосыла алмаған қыздың басындағы қиыншылықты: «...Басыңнан бұл дүние өтеді деп, қайғымен тамақ ішпей бүлінген қыз» деп көрсете келе, «... шалықта ата-анаңның дәулетіне, бір күні жөнелерсің үйіңнен қыз» деп, әке-шешеңнің қасында бұлаңдап жүрген қыз еркіңнен тыс біреуге жар болып кетерсің, күнің не болар екен деген уайымын да жасырмайды. Ал Ақан сері «Балқадиша» өлеңінде: «...бұраңдап асау тайдай жүрген басың, боласың қандай жанға жар, Қадиша» - деп мұңайса, «Ләйлім шырақ» өлеңінде: «Есен-аман жүрмісің, Ләйлім шырақ, жаңа таптым аулыңды сұрап, жел тимесе жан тимес, деп жүргенде, қол ұстасып жатпенен кеттің жырақ» деп басында билігі жоқ әйел теңсіздігіне наразылықтарын ашық білдіреді. Ал, Естай ақын «Құсни Қорлан» өлеңінде:

«... бар еді қимас күндер тату өскен, келер ме енді айналып, уа дариға-ай», - деп өзегін өртеген өкінішін жасырмайды.

Қорытындылай келе, Мұрат Мөңкеұлы мен ХІХ ғасырдағы әнші-ақындар шығармашылығында қыз бейнесі өзіндік ортақ көркемдікке ие. Ақындар өз шығармаларында әйел затының көрік-келбетін, жан дүниесінің сұлулығын әсерлі жырлаумен қатар, теңіне қосыла алмаған қазақ қыздарының тағдырын да шынайы суреттеген.

Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз

Қазақ әдебиетінде «зар заман ақындары» деген атпен танымал ақындардың бірі -Мұрат Мөңкеұлы. Мұраттың артына қалдырған мол әдеби мұрасы тек қана әлеуметтік тақырыпқа арналмай, сонымен қоса махаббатты, әсемдікті, сұлулықты жырға қосқан. Сондай сұлу өлеңдерінің бірі «Қыз» деп аталады. Сұлу қыз, сарбаз қыз, қылықты қыз тақырыбына он тоғызыншы ғасыр ақындарының ішінде қалам сілтемегендері кемде-кем. Сол кездегі Мұраттан кейін қазақ әдебиетіне келген бір топ әнші-ақындар, яғни сал- серілердің де негізгі тақырыптары болды. Олар өздерінің әндерінде сұлулықты, махаббатты жырға қосты. Олардың қаламдарынан қазақ қыздарының сұлулығы мен сымбатын, ақылы мен прасатын, қайғысы мен мұңын суреттейтін алуан тақырыптағы әндер туындады. Жыраулар поэзиясы ел қорғау, батырлық пен елдікті жырласа, сал- серілер әсемдікті, сұлулықты әнге қосты.

Мұраттың «Қыз» өлеңіндегі қыз бейнесі былай деп басталады:

Бұраңдап ақ моншақтай керілген қыз,

Оздырған салтанатын еліңнен, қыз.

Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе,

Реңкің сары алтындай көрінген, қыз.

Қыздың сұлулығы мен салтанатын дәріптеп, асқақтата суреттейді. Солай дей тұра қыз ғұмырдың қысқалығын, қазақ халқының «қыз жат жұрттық» деп қыздарын қолдарынан келгенше еркелетіп, оң жағының қадірін ұғындыратындығын айтады. Өлеңнің өне бойы қыз ғұмырдың, қыз дәуірінің қысқалығын өлеңіне қосады.

Шалқақтап ата- ананың дәулетіне

Бір күні жөнелерсің үйіңнен, қыз

Әуеле атаңа еріп анаң келген,

Ойласаң осы жерден білінген, қыз,-

деп ұзатылып, қыз дәуірімен қоштасып бара жатқан қызға айтылған ерекше сыр, ақындық қоштасу, шайырлық мұңдасу. Ал сал- серілер поэзиясындағы қыз бейнесіне тоқталсақ ақындар өздерінің өлеңдерінде қыз тақырыбын шырқау биіктерге көтеріп, махаббат шәрбатына мас болады. Олар үшін басты тақарып- достық, махаббат, сұлулық, сезімге беріктік пен адалдық. Олар өздерінің сүйген сұлуларының бойынан неше түрлі асыл қасиеттерді көріп, соларды әндеріне қосады. Олардың сезімдері ыстық, олар өз жүректерінің қалауына ынтық. Олардың әндерінен армандарына жете алмаған ғашықтардың зары, сүйгеніне қосыла алмаған жастардың мұңы көрінеді. Бас еріктері жоқ қыздардың айта алмаған шерлерін естуге болады.

Қорыта айтқанда, Мұраттың алған қыз бейнесі жалпы қазақ қыздарына тән бейне. Ал әнші- ақындар шығармаларындағы қыздар бейнесі тоқталсақ, олар белгілі бір өмірде болған оқиғалармен байланысты туындаған. Олардың сұлу, сазды өлеңдерінің артында бір адамның тағдыры бейнеленеді. Жалпылық емес даралық ұғым білдіреді.

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды

сыни көзқараспен талдап жазыңыз

Аққайың ауданы,

Смирнов №3 орта мектебінің

11- сынып оқушысы

Мүсен Бақытгүл

Әдебиеттегі өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін қаламгердің бірі ауыз әдебиетінің үлгілерін жинақтап, жазба әдебиетіне айналдырған – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы.Ақынның халық көкейіндегі мұң-зарын жеткізген, әлеуметтік мәселелерді сөз еткен туындылары көп.Соның бірі мысал жанрындағы «Ғибратнама» өлеңі еді.

Менің ойымша, өлеңнің «Ғибратнама» аталуында терең мән жатқан сияқты. Себебі, ақын осы өлеңі арқылы халқын қоғамның түрлі дүрбелеңінен арашалап алар жолды көрсетеді. Өлеңнің басты өзектілігі де осында жатыр деп ойлаймын. Біріншіден, ақын өзін бұлбұл бейнесінде ала отырып, өзінің ішкі ойын жеткізеді. Өзінің диалогіне қаршығаны таңдауы тегіннен емес деп ойлаймын. Себебі, қаршыға да мықты құстардың бірі. Әр заманда кездесетін өзі мықты бола тұра, өзінің аузын бағып үндемейтіндерді астарлап көрсетеді. Мықты болып, елге, айналаңа пайдаң тимесе, мықтылығыңның құны көк тиін екендігін бұл шығарманы оқи отырып бағамдаймыз. Бұлбұлға: «Тілің жоқ мен секілді мылқау болсаң, Бір күні мың мұратты табар едің»- дейді. Бұдан қаршығаның өз мүддесін көксеген бейнесін аңғарамыз.

Өлеңдегі бұлбұл әдемілікті аңсайтын, күнде әр гүлдің ашылуын сабырмен күтетін шыдамды бейнеде көрінеді. Сол әдемілік үшін, әдемі гүлдің жұпар иісі үшін тікенекке де төзген бұлбұл, ең алдыменен, төзімділік қасиетінің жоғары екендігін көрсетеді. Менің ойымша, бұлбұл жеке бастың қамын емес, елдің қамын ойлайтын, мейірімді бейнеде көрінеді. Бұл арқылы автор бұлбұлды ел бостандығы мен тыныш өмірі үшін күрескер бейнесін көрсеткендей деп ойлаймын. Бұлбұлдың қаршығаға: «Сен ақымақ тамақ үшін болған сарсаң, Арбакеш сарттарға құл болғанша, Онан да жақсы емес пе өле қалсаң» дегені қаршыға мен бұлбұлдың жан дүниесінің, мақсатының арақатынасын ашып көрсетіп тұр емес пе?

Қорыта келгенде, ақын біреудің тасасында үндемей жүре бергенше, бұлбұлдай сайрап өтуді өмірлік мақсат-мұрат тұтады.Соны болашаққа үлгі етеді. Бұлбұлдың бойындағы төзімділік, шыдамдылық, сабырлылық қасиеттерді бойымызға дарыта білейік!

 

Ыбырай Алтынсаринның «Дала қоңырауы»

екендігін дәлелдеп жаз

Есіл ауданы

Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы

№3 Явленка орта мектебі

Жаратылыстану-математикалық бағыт

11-сынып оқушысы Көбенова Сағыныш

Үлкен - кішіміздің қай-қайсымыз болмасын балаларды білім алуға, ғылым үйренуге, талаптанып оқуға шақырған Ұлы ұстаз Ыбырайдың:

«Бір Аллаға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық,- деген өлеңін жатқа білеміз.

Міне, бұл өлеңнен ақынның қазақ балаларының бойына білім нәрін сіңірту жолындағы ынта- жігерін анық байқауға болады. Ұстаздың қай шығармасын алсақ та, мысалы, «Таза бұлақ», «Бай баласы мен жарлы баласы» сынды туындылары жас ұрпақты мейірімділікке, ізеттілікке, білімділік сияқты адами қасиеттерге шақырады. Бүгінгі таңда да бұл туындылар өз мәнін жоғалтқан жоқ.

Ақынның «Дала қоңырауы» атауына келетін болсақ, менің ойымша, қазақ даласында алғаш рет қазақ балаларын білімге шақыруы, сыңғырлаған қоңырау сынды ерекше үні-бұның басты себебі. Дара тұлғаның бұл іске баруына түрткі болған асқақтаған арманы болатын. Бұны ақынның Ильминскийге «Осы жылы қаңтардың сегізінде менің көптен күткен арманым орындалып, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кіреді, бәрі де жақсы, есті балалар...» деген хатының анық байқауға болады.

 Иә, атамыздың өмір жолдарына үңілсек, осындай еңбекқорлығын, өз халқына адал, нағыз ұлтжанды адамның бейнесін көреміз. Бұл оның ұлтына жанашырлығы . Ол-жай ғана ағартушы емес, халқын сүйетін нағыз ұлтжанды күрескер деуге тұрарлық аяулы жан. Ұйқыға кеткен қазақ даласын қоңырау сықылды сылдырлап, қазақ жастарының білім алуына жол ашқан Ыбырай Алтынсарин нағыз «Дала қоңырауы» деген атқа лайық деп ойлаймын.

Бүгінгі таңда ақынның ұлы арманы толығымен орындалды десек, қателескеніміз емес, өйткені Ыбырай ашқан алғашқы мектепте 14 оқушы оқыса, қазір жыл сайын мыңдаған оқушы мектеп табалдырығын аттайды. Жас ұрпақ сәні мен сәулеті келіскен мектепте білім алуда. Ұлы ұстаз білімнің алғашқы «қоңырауы», алғашқы шамшырағын жаққан, бүгінде ол үлкен сәулеге айналып жалғасын табуда.

«Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді» демекші, Ыбырай атамыздың есімі ешқашан ұмытылмайды. Біз оның салған ізгі жолын әрқашан бағдаршам етеміз.

 

Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендердің әлсіздігін талдап жазыңыз

С. Шәймерденов атындағы

қалалық классикалық гимназия

11- сынып оқушысы Сулейменов Асет

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармалары әрдайым келе жатқан ұрпақтарымызды тек адалдыққа, оқу мен ілімге жақын болуға, достыққа, адамгершілікке, әр түрлі ізгі қасиеттерге жетелейді. Абай жастарға көбінесе тарихтан үлгі көрсетіп тарихи деректерге сүйеніп, біздің алдымызға жеткізеді. Сондай бір аудармасы «Ескендір» поэмасы болып табылады. Бұл поэма Александр Македонский өміріне сүйеніп аңыз ретінде жазылған.

Поэмада ең басты көтерілетін мәселе-ол Ескендірдің патша тағына отырғаны. Содан кейін өз қолындағы шексіз билікті түсінгені. Ол Ескендірді қанағаттандырмады. Ескендір барлық әлемді жаулап алу мақсатында өз жорықтарын бастады. Талай қан төгіп, билікке шыдамай, тоқтауға ойы болған жоқ. Сондай бір күні шөлді жерден дәмді суы бар бұлақ жағасына жетіп келген. Сол жерде Алланың қақпасындай үлкен қақпаға тап болды. Күзетші Ескендірге осындай қылықтармен сен осы қақпаның ішіне кіре алмайтынын айтты. Оның ішіне тек мейрімді адамгершілігі мол адамдар ғана өте алады екен. Ол қақпаның ішіне кіремін деп, ызаланып қаһарланды. Күзетші Ескендірге көзін ашатындай сый берді. Ол сый тек қана құр сүйек болды. Ескендір бұл сыйлықтың мағынасын түсіне алмады. Аристотельдің көмегімен сыйдың мағынасын түсінді. Сонда күзетші Ескендірге өмірден кететін кезде өзіңмен бірге байлығынды, билігіңді әкете алмайсың деген оймен ашкөздіктен аулақ болуға жетелейтін ой салған еді.

Ескендірдің әлсіз жақтарына тоқтасақ, біз байлық пен билік адамның мінезіне қандай әсер тигізетінін көре аламыз. Ашкөздік, менменшілдік, байлыққа берілу, малға құмар деген кері қылықтарды көре аламыз. Қазіргі кезде де, осындай қасиеттер билік басында отырған адамдарға тән. Әрбір адам өз қамын, бала-шағасын ойлап, ақшаға сатылып, осындай қиын жағдайға тап болдық. Біздің мемлекетімізге, қарапайым халыққа бұл үлкен зардабын тигізуде. Менің ойымша, заман өзгерсе де, адамдар сол қалпында сараң болғандықтан көпке ұмтылып, бар нәрсені бағаламайды. Адамның бір әлсіз жағы тап осы болып табылады. Осындай шығармаларды оқып, бағалай біліп, үлгі тұтып келешек ұрпаққа тәрбие түрінде жеткізуге міндеттіміз. Келешек ұрпақтың тәрбиесінің мәні осындай шығармалар арқылы шыңдалса, ол қазақ халқының мерейі емес пе?! Мен жастардың атынан Абай атымыздың сөздерін қолдап, оғаш, жат қылықтан алшақ болуға шақырамын!

 

Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз

Рамазанова Ж.Н.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

Новоишим қазақ орта мектебі

11-сынып оқушысы Төрегелді Аружан

Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?»деп басталады. Шынымен де,Ескендір кім? Поэманың басты кейіпкері – Шығыс елдеріне Ескендір Зұлқарнайын деген атпен, Еуропаға Александр Македонский деген атпен тараған белгілі қолбасшы. Ескендір образын Фирдауси, Науаи, Низами ақылды, батыр деп көрсеткендігі белгілі.

Неліктен Абай Ескендірді өзінше жырлайды?Ақын өз шығармасында тарихи деректерді батыс философы Дрэпердің «История умственного развития Европы» атты еңбегінен алғанболуы керек. Өйткені, Дрэпер: «Александр Македонский – это искатель приключении, осуществляя намерения отца своего, Филиппа начал свое выступление с крайне ничтожными средствами»,- деп жазады. Ескендірдің поэмада қатал тойымсыз қанішер қолбасшы болып суреттелуі де сондықтан болар. Мүмкін ақын көрші елдің бәрін бағындырмақ болған Ескендірді де тоқтататын күштің бар екендігін көрсеткісі келген шығар.

Меніңше, ұлы Абай қанішер Ескендірдің де дәрменсіз болатындығын, кім болса да жаратқанның алдында жауапты екендігін айтқан сияқты. Адам баласынан қорықпайтын Ескендір бұзып-жарып өте алмайтын тосқауылға кез болып, сағы сынып, шегінгені Ескендірдің әлсіз тұсы екені анық. Бәрін былай қойғанда «Долылықпен хан Ескендір ашуланды,Ашуланып қақпаға жетіп барды» деген тұстың өзінде Ескендірдің әлсіздік әрекеті көрінбейді ме?..

Атақты қолбасшы бола тұра Ескендір ашуға бой алдырады. Ашу да адамның әлсіздігін көрсететіні сөзсіз.Осы кезде «Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос» деген ұлы ақынның сөзі ойға оралады.Ашушаң Ескендірді тәубесіне келтірген ұлы Аристотельдің данышпандығы дер едім.

Шекспирдің болжамы бойынша,адамдардың жақсы немесе жаман болуы - бір затқа екі түрлі көзқараспен қарайтындығында екен.

Ия, Аристотель мен Ескендірдің өмірге деген көзқарасы екі бөлек нәрсе. Ескендір-ашкөз, дүниеқоныз, атаққұмар болса, ал Аристотель қанағатшыл,ғажайып даналықтың иесі. Тіпті бұл жерде Ескендірдің Аристотельдің сөзіне тоқтап, әскеріне кейін қайтуға бұйрық беруі оның әлсіздігі емес, керісінше оның мықтылығы, оның бойындағы адами қасиеттің бар екендігін дәлелдейтін секілді.Сонымен қатарадамның мінезін рухани құралдармен өзгертуге болатындығын көрсетіп бергендей. Елге деген махабаттың, өмірге деген құлшыныстың ең басты байлық екендігіне өмірдің өзінен көптеп мысалдар келтіруге болады.Әлемдік рекордты жаңартқан Зүлфия Ғабидуллина, Азия рекордын жаңартқан Әнуар Ахметов, арбадағы биден әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанған Ардақ Отарбаев пен Факия Шикованың қажыр-қайратына қалай риза болмассыз.

Сонымен қатар «Айтуға оңай», «Кешкі кездесу», «Дара жол» т.б. телебағдарламада көрсетіліп жүрген алуан түрлі адам тағдырларын есімізге түсірсек те жеткілікті.

Ия, өмір адамға бір ақ рет беріледі. Өмірге келгесін артымызға өшпестей із қалдымасақ та,адамгершілік пен рухани құндылықтарды ұмытуымызға болмайды.

Адамдардың бәрі ұлы тұлғалар сияқты мұра қалдыра алмас.

Дегенмен,пендешілікке салынбай, иманды болуға, арлы болуға, қанағат етуге, ашкөзділіктен сақтануға тырысуымыз керек.

Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды Абай арқылы түзеткісі келеді?

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы,

Чистопол селосы,

Чистопол орта мектебі

 Исина.Г.Б

Қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жастарға» өлеңін оқыған кезде, өлең маған арналған сияқты. Өлеңнің әр шумағында өзіме таныс жастар өмірін елестетіп, тамаша бір сезімге бөленемін. Жас қоғамның мүшесі ретінде, болашақ ол жастар екенін түсінемін.

Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жастарға» өлеңінде Абайды жастарға үлгі еткісі келіп, Абай арқылы түзеткісі келді. Себебі әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбайұлының қолында тәрбиеленген. Болашақ ақынның ұшақ ұясы- Абай мектебі. Шәкәрім - Абайдың жақын інісі. Кішкентай кезінен бастап, Абайдан үлгі алған. Шәкәрім Абайдың жолын қуып, оған қатты еліктеген. 20-30 жастар шамасында жазған өлеңдерінің көпшілігі Абайға тікелей еліктеп шығарады. Менің ойымша, Абайды үлгі ету мақсатында «Жастарға» өлеңін шығарған және жастарды, елді оқуға, білімге, ғылымға шақырған сияқты.










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 724.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...