Студопедия КАТЕГОРИИ: АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Темы эссе по русскому языку и литературе 7 страница
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасы ұлы ақын Абайдың көзі тірісінде,оның ақылымен жазылған.Ақын поэмада адам болмысының қыр-сырынан сыр шертуден бастап, кісі бойындағы достық, махаббат жайлы толғанысы ел жадында ауыр азабымен сақталған»Ақтабан шұбырынды» заманының кейпін айтып тарихи оқиғалар мен елдің атажұртынан көшуін,Матай мен Тобықты руларының арасындағы келіспеушілікті жырлайды. Поэмада оқиға Еңлік пен Кебектің махаббаты мен ыстық сезімдерінен басталады да, Кебек Еңлікті алып қашып кетуімен екі ел арасындағы ежелгі жер дауының өршуіне себеп болады. Тобықтының Найман Матаймен жерге таласы ақырында бірін-бірі сүйген екі жастың өмірінің қайғылы аяқталуына соқтырады.Қазақта «жер дауымен жесір дауы,бітпейтін дау» деген сөз бар. Поэмада осы екі шешімі қиын шешілетін дауда көтеріледі. Поэмада оқиға былай өрбиді: Еңлік пен Кебектің махаббаты мен ыстық сезімдерімен басталады да екі ел арасындағы ежелгі жер дауына оған жесір дауы қосылып екі ру арасындағы шиленістің өршуіне себеп болады.Шығармада Еңлік, Кебек бейнесі былай суреттеледі.Кебек батыр.Ел қамы үшін өлуге бар. Адал махаббатын қорғауға даяр. Ал ,Еңлік сүйгені үшін қазақтың ескі салтына қарсы шығып, өз бақыты үшін күресетін, ары таза, жаны нәзік, биік қабақ ,сұрлау келген қайсар қыз. Оқиғада Кебектің аузы дуалы Нысан абызға бал аштырып барып, абыз жігітке: «Ажалың биік қабақ сұрлау қыздан, Батырым,ондай жанға көңіл берме,» -деп ескертеді. Абыздың сөзін көңіліне алсада,жын сөзіне сенбеген батыр өз жолымен жүре береді.Кейін ер Кебек аң аулап жүріп,адасып, тағдырдың айдауымен Матай ауылына түсіп қыз Еңлікпен танысып, екеуі көңіл жарастырады.Поэма екеуінің ата-ана рұқсатынсыз қашып үйленуімен, оған онсызда араз екі рудың қарсылығымен, тіпті өлім жазасын сұрауымен жалғасады. Поэма қос ғашықтың өлімімен, күнәдан пәк жас сәбидің далада жалғыз қалуымен аяқталады. Екі ру арасындағы жер дауы, жесір дауынан екі жастың махаббаты құрбандыққа шалынады.Ақын поэманы қайғылы аяқталуы да,сол заман бейнесін, қоғамдағы әлеуметтік жағдай, бірін-бірі сүйген екі жастың пәк сезім трагедиясына себеп болғанын көрсетеді. Оқиғаны мұңды аяқтау арқылы келер ұрпақ санасына ата-ана рұқсатынсыз үйленудің залалын көрсеткен. Ата-ана разылығын алмау - шариғат жолында да ауыр күнә. Тек жастарымызға емес, үлкенімізге де сабақ болары сөзсіз. Оқиғаның қайғылы аяқталуының тағы бір себебі қызды теңіне қоспауда, қызды сатуда жатыр. Ақын сол замандағы, он сегізінші ғасырдың сексенінші-тоқсаныншы жылдарындағы тарихты, қазақтың тарихын суреттеген. Сол бір ғасырларда қызды келісімін сұрамай беру, сүйгенімен қашқан талай қазақтың қос бұрымды қара көздерімен, жүрек әмірін тыңдаған бозбалаларының қыршыннан қиылған тағдырын баяндап оқырман назарына ұсынғысы келгендіктен, оқиға мұңды аяқталған. Ақын сол кездегі қоғам шындығын ашып көрсетіп, дәл баз қалпында тарих сахнасында қалдыру, кейінгі ұрпақ содан сабақ алып, ондай жағдай енді қазақ даласында болмасын деген ойдан туған және өз халқының тарихына терең үңіліп, ертедегі қазақ халқының қоғамдық өмірі, дүниетанымы , әдет-ғұрып, салт-санасынан ой толғайтын шығармалары арқылы келешек ұрпақтың көзін ашып, ақ қарасын ажыратып, ақ жол таңдауды ұсынады. Шығарманы қортындылай келе,ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы Шыңғыс тау бөктерінде осы бір оқиғаны тарих сахнасына жазып қалдырып, кейінгі ұрпақ өзі саралап, бағасын өздері берсін деп,ақыл таразына салуды жас ұрпақ еншісіне қалдырған деп ойлаймын.
XIX ғ. II жартысындағы өмір сүрген сал-серілер мен бүгінгі таңдағы әншілердің арасында байланыс бар ма? Қазақ әнінің қасиетін оздырып, қазақ әнінің алтын ғасырына айналған ғасыр - бұл сал-серілер өмір сүрген ғасыр. Қазақ әнін әлемдік деңгейге көтерген бірегей тұлғалардың есімдері тарих сахнасында алтын әріптермен жазылды. Олар өздерінің жан–жақтылығымен, дара тұлғасымен ерекшеленді.Сал- серілер қазақ даласындағы сан алуан өнер түрлерін бойларына сіңірген өнерпаздар. Әрі өлең, әрі музыкасын шығарып, оны айтушы да –осы әнші-ақындар.»Сегіз қырлы, бір сырлы»- деген сөзге саятын жандар. Олар: Біржан сал, Ақан сері, Мұхит Мералыұлы, Үкілі Ыбырай, Әсет Найманбаев сынды сал-серілер. Қазақ даласын ерекше ән-күйге бөлеген осы сал-серілер жан-жақтылығымен ел есінде қалды. Көкше елінің сұлу табиғаты, көгілдір көлі, көк мұнар тауы, тамаша жайма-шуақ ауа-райы ескен жерде өмірге келген сал-серілердің ақынжанды болмауы да мүмкін емесі анық. Сұлу табиғаттан нәр алған олардың үстіне киген киімдері де, жеген астары да, жасаған қылықтары да өзгеше бір ғажайып бір дүние еді. Оған халық қайран қалды, таңданды. Ән-жырына құмарта қарады. Бұл түсінікті жағдай еді. Өйткені сал-серіден үлгі аларлықтай мінез-құлық, өнер, ерекшелік адам баласы қызығарлықтай еді. Бірақ жақсы киім, жақсы ат, жақсы көріну ғана емес олардың айтар ойы шындықпен сабақтасып жатты. Айналасындағы жағдайды, теңсіздікті көре отырып, ол туралы ауыз ашпау ақындарға ауыр сын болар еді. Алайда, олар сол ащы шыңдықты жырға қосып әуелетті. Мысалы, Ақан серінің мына бір жыр жолдарына назар салайықшы: Амалым не өкшелеуді қоймаса, Қуғын көру ежелгі еншім, Барлық ақын қуғын көре туыпты,- деп, халық басына туған азапты күндерді өз жүрегімен шерте білген. Халық азабын өз азабындай көрген ақын. Ақан осылай деп жырласа, Біржан сал да қалыс қалмаған. Дау –дамай қаңқу толы ел арасы, Еңіреп, өксіп-өксіп... тұр дағдырып, Жарлысы, жақыбайы, жалаңашы... Осы жолдардан аңғарғанымыздай, ақындардың өлеңдері тек қана махаббат мәселесі емес, сұлулық қана емес, халық жанашырының жүрегінен шыққан ащы жыр екендігіне де күмәніміз жоқ. Сонымен қатар, өз өлеңдерінде кейінгі ұрпаққа, жастарға айтар өсиет, батасы да жоқ емес. ... Жалтар желдей ескен күн, Берейін, жастар, батамды, Сендерге тізгін көшкен күн,-десе, Жаяу Мұсаның ащы, уытты тілі ешкімді бей-жай қалдырмаған. Мен айтсам-параңды айттым, тілім ұзын, Кигенім үстімдегі бәрі қызыл. Жылансың екі басты ел жалмаған, Қоймаймын не қылсаң да, айтар сөзім,- деп әділдікті аңсаған. Бұл жиырмасыншы ғасыр көрінісі... Ал қазіргі заманда сал-серілер бар ма? Бар болса қайда? Осы сұраққа жауап берер жан бар ма? Мүмкін жауап берер, мүмкін бермес те... Біздің заманымызда сал-серілер болса, олардың арасында байланыс бар ма? Әншілеріміздің көптігі сонша - кімнің -кім екенінде кей жағдай да білмей жатамыз. Әнші болса, ақын емес, сазгерлігіде бар ма екен? Жан-жақтылығы да бір сұрақ. Байланыс қандай жағдайда орнайды, әншілердің әдебиетке жақындығынан орнайды. Егер әнші әдебиетті, тарихты білмей жатса, онда одан халықтың қамын ойлар азамат шығар-шықпасы екіталай... Сал-серілер халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұндап, кезі келгенде жалғыз атын соя салған екен. Ал мұндай мәрттік... Барлық әншіге топырақ шашуға болмайды, әрине, қаншама атына заты сай әнші ағаларымыз бары анық. Олар әрине, сал-серілер өмірінен хабардар, байланыс та бар. Талай терме, жырды әуелетіп айтып, халықтың құлағының құрышын да қандырып жүргені де қаншама. Қазақ халқының тарихына, мәдениетіне, тіліне, дініне, діліне өзіндік бір қолтаңбасын қалдырып жүргені қаншама.Өмір шындығын баса айтып, көріп ел құлағына жеткізу ақын-әншілердің еншісінде.Қазақтың маңдайына біткен дарын иелері өз халқының намысы үшін маңдай терін төгіп қызмет атқаруда. Ақынжанды, сазгерлер халық үшін, елі үшін ән-жырын паш етуде. Тәуелсіздік алғалы қазақ даласында көптеген әндер дүниеге келді. Әнші-сазгерлерде осы жолда еңбек етуде.Егемен Қазақстанның жеткен жетістігін, алған абыройын асқақтатып, елім деп еңіреген ер-азаматтар баршылық.»Мәңгілік Ел» тағдыры үнемі толғандырады, өлеңіне ту етіп алады. Түрлі жағдайлар да болып жатыр, сол жағдайларға өз көзқарастарын да білдіріп жатқан да, шындық іздеп шырылдап жатқан да сал-серілердің жолын қуған ағаларымыз. «Хас шеберлер туызған ғажайып өнер ешқашан өлмейді»- демекші, шынында да, қазақ даласында қай ғасыр болса да, өнер атты құдірет өлмесі анық. Бұл үрдіс қазірде өз жалғасын табуда. Сал-серіліктің жаңа заманға сай жаңа түрі туған сияқты. Бұл да заман талабы болмақ. Сал-серілердің жеке тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелер ме, әлде ғашықтық па? Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі Жаратылыстану-математикалық бағыт 11-сынып оқушысы Төлегенқызы Ақбота Сал-серілер дәстүрлі ұстанған, адамзаттық құндылығы бар, танымдық мұраларға бай жан-жақты өнер иелері – қазақ сахарасының рухани келбеті. Олардың ерекше қасиеті – ақындығы, әншілігі, күйшілігі, елді ән мен сәнге бөлейтін, адам жанына ізгілік нұрын себетін зиялылығы. Ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрге сай өнердің даму сатысында хас таланттардың өзіндік дүниетанымы, эстетикалық талғампаздығы, табиғи жаратылысындағы ерекше дарындылығы – өнердің бірнеше түрін меңгеруде. Сал-серілер – әдебиет тарихында да, музыка өнері тарихында да есімдері алтын әріппен жазылған, халықтың ерекше сүйіспеншілігіне, ықыласына бөленген өнер иелері. Сол кездерде халықтың көзайымы болған сал-серілердің бейнесі қандай болған? Олардың жеке тағдырына әсер еткен не жағдай? Өз басым, қазақ әдебиетінің драматургия саласындағы шоқтығы биік туындылардың біріне айналған, қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, әрі ақыны, сал-серісі Ақан Қорамсаұлының өмірін суреттейтін және замана шындығын танытатын тарихи шындық сипатталатын»Ақан сері Ақтоқты» пьесасын қарастыруды жөн көрдім. Бұл - жазушы Ғабит Мүсіреповтың тарихи шығармасы. Пьесада Ақанның кішкентайынан бастап өнер жолына шығуы, тыныс-тіршілігі түгелімен көрініс табады. Ақан жас кезінде көбінесе махаббатты, сұлулықты жырласа, есейе келе сүйіспеншілік тақырыбына ел мәселесі де қосылады. Ол бай-болыстардың қараңғы халыққа көрсеткен озбырлығын, қастандығын ашық түрде айтады. Қазақ елінің Ресейге қосылу тарихының маңызын тереңнен түсіне алмады және осы жайлар кейбір қайшылықтарға да әкеліп соқтырды. Өмірде Ақан серінің өз басының қайғы-қасіреті де көп болған адам. Оның сүйіп қосылған жарының өмірі қысқа болып, жалғыз ұлы мылқау болады. Ақтоқтыдай сұлу қызға ғашық болып, үйленбек мұратына жете алмады. Сөйтіп ол Ұрқия деген қызға үйленіп, үш айдан кейін шешек ауруынан ол да қайтыс болады. Бір басына осы жылы қайғы тым ауыр тиеді. Оның қыран құсы Қараторғай өледі. Қасқырға салған уды жеп тазысы да өледі. Құлагердей пырағы опасыз байлардың қолынан мерт болады. Ақан патшаның отаршыларынан да опасыздық, зорлық көріп, туған жерінен айырылып, жалғыз мылқау ұлын қасына алып, мұңлы жүрегіне домбырасы жұбаныш болып, елден безіп, көл жағасында қайғырып күн кешеді. Оған елдің»Ақан сері перінің қызымен көңіл қосыпты» деген сөздері жаралы жүрегіне бата түседі. Ақан Қорамсаұлы өмірден осындай ауыр қайғы-қасірет пен азап көреді. Ол қартайып, ұзақ уақыт науқастанып, жездесінің қолында қайтыс болады. Қорыта келе, біз бұл шығармада серінің тағдырын өзгерткен ғашықтық және әлеуметтік мәселе екенін байқаймыз. Сал-серілердің әрқайсысы халықтың рухани тұрмысында өнерді насихаттап қана қойған жоқ, әлеуметтік тұрғыда ой қозғап, қоғамдық мәселелер көтерді. Ұлт бірлігін, жерін сақтау, өнерді қастерлеу – ғасырдан- ғасырға жеткен сал-серілер өнернамасының негізі болмақ. Үкілі Ыбырай өлеңінің «Қалдырған» аталуына себепкер болған ойларды талдап жазыңыз Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі Жаратылыстану-математикалық бағыт 11-сынып оқушысы Спан Бақжанар Үкілі Ыбырай- сал-серілер ішіндегі халықтың еркін өмір сүруін, адамның мінезі мен іс-әрекетін жеткізе білетін талантты жан екенін шығармаларынан білуге болады. Барлығына белгілі Ыбырайдың бұл шығармасында халқының оған деген көзқарасының, жас кезіндегі өмірлерін білеміз. Махаббат жайындағы ән-өлеңдері ерекше бір сырлы сезімге толы болып келеді. «Қалдырған» өлеңі ақынның ойы кіршіксіз, сезімі сыршыл жанның шығармасы болып табылады. Ол өз өмірін бұл шығармада: -Халқымды сұлу сөздеріммен бойларына жылу сыйлайтын өлең жаздым. Мені көрген халқым үнемі еркелетіп, маңдайымнан сүйіп, ақ-тілектерін жылы лебіздерімен білдіретін,-деп өмірінің жастық шағында қызықты өткенін баяндап бастайды. Бұл өлең расында нәзік сезімді, сыңғыр күлкілі таза бұлақтай балдырған болса, соңында өзін ешбір жанға керексіз, бақытсыз адамға айналатыны өкінішті. Жастайынан сөзге араласып, көп қырлы өнерімен ел арасына танылған. Ол өзінің айналасындағы құрбы-құрдастарымен, замандастарымен әр кезде әзіл-қалжың түрінде сөз қағыстырып жүрген. Ақынның дарындылығы бала кезінен бойынан байқалады. Міне, уақыттың зымырап өтіп, қартыққа бой алдырған кезінде өзінің жас кезінде өте көп құрбы-құрдастарының іздеп келмегенін айтып, мұңын шағады. Сөйтіп, ренішке бой алдырған кезінде осы толғауды өлең жолдарына тізеді. Бұл өлеңнің соңына жете жастарға ақ батасын беріп, енді қарттарды сыйлап, олардан қалатын өсиет-насихатты іске асыруды аманат етеді. Өлеңде : Кәрілер бесік тербетіп, Жастар гүлдеп өскен күн,- деп айтады. Ақынның бұл өлеңі»Қалдырған» аталуының себебі:өзінің барлық шығарған өлеңдерін аманат етіп, келешек ұрпақтарына жалғыз өлең жолдарын емес, жүрекке тербеліс сыйлайтын күйлерінде мәңгі өшпеуін қалаған. Жалпы, ақын өзінің өлең жолын осы бір өлеңге сыйдыра, болашаққа үндеу тастап,»Қалдырған» өлеңін жазды.
Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі тұлпары Құлагердің ақын Жамбыл ауданы Преснов жалпы білім беру мектебі Даниярова Дильнара Ақан серінің»Құлагер» өлеңін оқи отырып тұлпардың ақын өміріндегі орны ерекше екендігін түсіндім.»Құлагер құнанында керім еді, Нағашым сұрағанда беріп еді»,- деп жырлаған Ақанға Құлагердің өмірлік серік болғандығына тәнті болдым. Ақын жүрегімен тұлпардың шабысы, желісі сабақтастық тапқандай. Құлагердің Сағынайдың асында қастандықпен өлтірілуі мені қатты қынжылтты. Осы бір жасалған қастандық ақынға ауыр соққы болып тиеді, жанын жаралайды. Ақан Құлагердің өлгенін естігенде есінен адасқандай күй кешеді. Дүбірлі бәйгелерде озып шығып, елінің намысын асқақтатып жүрген сәйгүліктен айырылу тек Ақанға ғана емес, барша жұртшылыққа да қиын болды. Төбеден жай түскендей әсер етті. Өлеңнің әр шумағы өкінішке, қайғыға толы. Жүрек зарына толы.»Бүгін болмаса ертең осындай қайғылы жағдай болмас па еді?» деген сұрақ туындайды. Жан серігінен, асыл тұлпарынан ойда-жоқта айырылып қалған Ақан қатты күйзеліске ұшырайды. Нағашысының үйінен кетерде алған бар байлығы осы бір пырағы болатын. Ақын өлеңінен адам мен жануар арасындағы достықты ерекше бағаладым. Осы орайда ойыма»Ат –ер қанаты» деген қанатты сөз келді. «Құлпырған күлте жібек құйрығың-ай, Суырылып топтан озған жүйрігім-ай» жолдарында Ақанның көңіл-күйі айқын байқалады. Сонымен қоса, Құлагер жылқы малы болса да Ақанның өмірінде сырласы, жолдасы ретінде орын алады. Атын жанындай жақсы көргендігі де мені толғантты.»Сен өлсең, орның басар Кербесті бар, Болады, құдай қосса, о да тұлпар»,- деп өзін-өзі жұбатып қайғыны ақылға жеңгізіп, амалсыздан жан серігінің өліміне көндігіеді. Тұлпармен қоштасуы адаммен қоштасумен бірдей көрінді. Ел намысы мен абыройын көтеріп жүрген атының өлімін Ақан Атығай, Қарауыл елдерінің қайғысындай қабылдап, болашаққа үмітпен қарайды. Қорыта келе, Құлагер ақын өмірінде ойып тұрып орын алғанын байқадым. Достықтың тек адамдар арасында ғана емес, адам мен жануар арасында да болатынын ұғындым.
Әсет Найманбайұлының «Салиха – Сәлмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіттердің сүйгені үшін күресін талдап жазыңыз Жамбыл ауданы «Благовещенка жалпы орта беру мектебі» КММ Ғашықтық жырлар - лирикалық әрі эпикалық шығарма. Оқиға желісі бірін-бірі құлай сүйген екі жас арасындағы махаббатқа құрылады. Көпшілігінің оқиғасы сүйгеніне қосылуды аңсаған, жастарға ескі салт-сана қарсы тұрып, мерт қылумен аяқталады. Екі жастың бір -біріне деген сүйіспешілігін жырлайтын эпостарда, негізінен, махаббат отына жанған қыз бен жігіттің қосыла алмай, трагедияға ұшыраған тағдыры баяндалады. Әдетте, олардың бақытына кедергі болатын нәрсе -ата- аналардың қарсылығы немесе қызға ғашық басқа жігіттің жауыздығы , иә болмаса екі рудың араздығы болып көрсетіледі. Міне, осындай ауқымы кең махаббат тақырыбына қалам тербемеген бірде – бір ақын , жыршы төл әдебиетімізде жоқ емес. Ғашықтық жырлары –«Салиха Сәлмен «, «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу«, «Қыз Жібек«, «Айман - Шолпан»; осының түп дәлелі. Сал – серілер бастаған әнші ақындардың аса талантты өкілдерінің бірі- Әсет Найманбаев. Ақынның мол мұраларының бірі- қисса – дастандар. Монғол өмірінен алып жырлаған Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәлмен» дастаны алғаш Шығыс Түркістанда 1945 жылы басылған. Оқиғаның желісі моңғол халқының ескі дәуірдегі тұрмысынан алынған. Сәлмен – хан жасағындағы белгілі батыр әрі Салиханың ғашығы. Жырдың ақырында ескі замандағы қатал әкенің қаһарына ұшыраған Салиқа өзін-өзі өлтіреді. Көкше әулиенің көріпкелдік болжамынан соң Сәмен Ұлан тауға келіп, қыздың қабірі басында қадалған қанжарды өз жүрегіне салады, сөйтіп, ғашық жарының жанына құлайды. Жоғарыда атап өткен барлық жырларда сүйгені үшін жан беріп , мерт болған образдар. Ғашықтық жарларындағы кейіпкерлер махаббаттың бал сезіміне адалдықпен жауап қайырған. Иә, махаббат – қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайтын тамаша сезім. Махаббатты бағалай біліп, оның отын өшірмей, махаббат символына айналған, кейіпкерлер бар ұрпаққа адалдығымен үлгі болары анық. Ойымды « Махаббатсыз дүние бос» - деп жырлаған қазақ елінің кемеңгер ақыны Абай атамыздың сөзімен аяқтағым келеді. Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асынан мысал ретінде дәләлдер ала отырып, ас беру дәстүрі туралы талдап жазыңыз Жекенбаев Нурсейт 11 «А» сынып оқушысы «Өлі разы болмай- тірі байымайды» дейтін қазақта ұғым бар. Бұл сөздерде дүниеден өткен туысқанының рухын риза етпесең, шаңырағыңда береке болмайды деген ой жатыр. Шындығында да, қазақ дүниеден өткен туысқанының рухын риза етуді міндет санайды. Барын төгіп, асын береді. Сауын айту, үй тігу, мал сою, ас беруге келу салтанаты, қонақтарды қарсы алу, табақ тарту сияқты дәстүрлерді орындайды. Туған халқына мәңгілік мұра болғандай ғасырлық туынды сыйлаған жазушы Мухтар Әуезовтің»Абай жолы» романындағы Бөжейдің асы жайында»Табақ тартуға өңшең жорға аттарды сайлапты. Барлық ат күміс ер-тоқыммен ерттелген. Күтуші жігіттер бастарына тегіс жібек орамал байлапты. Ас ошағымен екі арада бұлар қос табақтан алып, қатар ызғытып жөнелгенде, өлке бойы жайнап кеткендей болды», – деп астың этнографиялық пошымын дəл суреттеді. Иә, бұл керемет сөздер кез келген адамды ойландырмай қоймайды, себебі қазақтың ас беру салты жан-жақты ойластырылады. Асқа күтуші жігіттерді таңдап алады. Есте қаларлықтай салтанатты түрде өткізілетін болған. Сол жылы немесе бір-екі жыл алдын яки кейін дүниеге келген баланы Бөжейдің асын берген жылы туған бала деп айтатын. Осы жолдарды оқығанда бірден күміс ер-тоқымды жорға аттарға мінген, бастарына тегіс жібек орамал байлаған қонақ күтуші жігіттер көз алдыма келді. Бір сәт хош иісті даланың жұпар ауасын жұтып, өлке бойы жайнап кеткенін сезінгендей болдым. |
||
Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 1065. stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда... |