Студопедия КАТЕГОРИИ: АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Темы эссе по русскому языку и литературе 4 страница
Қарап отырсақ, Мәди Бәпиұлының өлеңдері жан тебірентерлігімен ерекшеленеді, оқығанда бейне бір сол заманға тап болғандай боласың және өлеңдері арқылы ақын өз өмірінің көріністерін айқындап көрсете алған.Ол тағдырының ауырлығын, әділетсіздікті өлеңдеріне қосқан, сонымен қатар, осы әрекеті арқылы іштегі бар шерін тарқататын. Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көріністеріне талдап жазыңыз Хусаинова Р.С. Қызылжар ауданы «Архангельское орта мектебі « КММ – нің 11 «А» сынып оқушысы Өмірзах Нурпейістің эссесі Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белестерге көтеріп, өз ән – өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Оның «Теміртас» өлеңі «Теміртас, Асыл, Ақық қалдың зарлап, Адамзат қалмақ па екен солай сарнап», - деп басталады. Өлеңнің музыкасы бар. Жасы ұлғайған шағында денсаулығы нашарлаған Біржанды ағайын-туыстары «қартайдың» дегенді сылтауратып, алысқа жібермеген. Еркін өскен, үш жүзге аты шыққан ел еркесін, «жынданды» деп киіз үйдің керегесіне таңып тастаған. Соған ақынның ашу-ызасы келіп, өмірінің соңғы кезіндегі осындай ауыр күйзелістен «Теміртас» өлеңі дүниеге келген. Осы өлеңді оқығанда менің есіме Мұқағали Мақатаевтың «Майгүлге» деген өлеңі есіме түседі. Мұқағали өзінің өлеңінде құлдыраңдаған қызының өмірден жастай кеткеніне өкініп, сағынышын өлеңмен жеткізеді. Ақын «Теміртас» өлеңінде өзінің ішкі күйзелісін, өткен өмір жолдарын толық қамтиды. Жас кездегі серілік құрған уақытын сағынышпен еске алады. Өзінің балаларына деген махаббаты арқылы өмірдің тек қана қызық-қуаныштан ғана тұрмай, қайғы-қасіреті де болатынын жеткізген. Жасы келсе де еркін өмірді аңсап, құрбы-замандастарын сағынады. Тордағы бұлбұл құс секілді күй кешеді. Менің ойымша, дәулетті атасының тәрбиесінде болып еркін өскен, сал- серілік құрған ақын өмірінің соңында бұғаулы өмірге, қапас тірлікке мойын ұсынғысы келмеген. Біреудің айтқанымен жүруді білмеген, басынан дұшпан сөзін асырмаған Біржан айтарын ешкімнен қаймықпай айтып өткен ақын. Біржан осы өлеңімен адамның өмірінде істеген істеріне бір кезде жауап беретінін, біреуге қиянат жасамау керектігін де меңзейтін сияқты. Өзінің балаларына деген мейірімі шексіз екенін, олардың болашағын ойлап толғанатынын сезесің. Біржанның «Теміртас» сияқты әні дәстүрлі қазақ әндерінің классикалық үлгілері ретінде қазақ мәдениетінің алтын қорынан орын алады. Біржан салдың ақындық өнерінің өріс ашып, өрби түсуіне Сара, Әсет, Доскей, т.б. қатарлы тұтас бір сала буын игі әсерін тигізген. Өмірінің соңғы кезінде ру арасындағы талас-тартыстар, ағайын ішінің кикілжіңі Біржан салдың жеке басына да қатты әсер еткен. Бiржан сал – қазақтың ең атақты, аса көрнектi тұлғаларының бiрi. Ұлттық өнердiң жарық жұлдызы. Оның есiмi қазақ елiнiң өте ардақты адамдарымен қатар ең жоғары деңгейде, барлық энциклопедияларда, тарихи оқулықтарда үлкен құрметпен аталады. Бiржан бабамызды соншалықты биiкке көтерiп, алаш аспанында шарықтатқан – оның Құдай берген табиғи таланты: асқақ әнi, ойлы, сезiмдi өлеңi: аңызға айналған әншiлiгi. Оның әндерi бiр жарым ғасырдан астам уақыт бойы кең-байтақ даламызда үзбей айтылып келедi. Радиода, теледидарда, концерттерде, конкурс, фестивальдарда Бiржан әндерi ұдайы, күн сайын шырқалып, талай ұрпақтың рухани азығына айналды. Оның мұрасы – тiрi. Ол халықпен бiрге жасай беретiн бай қазына. Кез келген тарихи тұлғаның қадiр-қасиетi – көпiрме мақтау сөз, жарнама-дақпыртпен емес, оның жасаған iсiмен, елiне, адамзатқа сiңiрген еңбегiмен бағаланады. Түптiң түбiнде, таразыға еңбек тартылады. Ал Бiржан салдың еңбегi – оның өнерi, қалтқысыз адал, таза, асқақ, шалқар, терең мазмұнды әндерi мен өлеңдерi. Ол әлi күнге тiрi! Ел аузында! Халық жадында, ұрпақ санасында! Ұлтымыздың рухани әлемiнде! Өйткенi оның жаны бар, қаны бар, жалпы адамдық мазмұн-маңызы бар! Біржан әндері өзі өмір кешкен заманның қилы-қырлы қасиетті жайлары мен адамның бас бостандығы, ерекше тұлғалығы, жан-дүниесінің нәзіктігін, пәктігін, махаббатты жырлауға арналды. Осы салада едәуір жаңалық әкеліп, ән, айтыс, орындаушылық мәдениетінің шоқтығын көтерген халык композиторы деп бағалаймыз. Өмір сүрген заманының әділетсіздігіне, зорлық-зомбылығына деген наразылығы, өкініші «Теміртас» әнінде айқын көрінеді. Мұнда Біржанның, өз жайы, оның аса бір төменге кетіп бара жатқан жағдайы, кешегі ел сүйген серінің, салдың бүгінгі мүшкіл жайы сонша қайғымен, қара бояумен баяндалады. Салғаным ағаш үйге ызботты пеш, Бірақ қолы байлаулы бұлбұлды ешкім босатып алмайды. Тордың ішінде қамаулы түрған бұлбұлдай көзі жасты Біржан жылай зарлап әндетеді. Бұрынғы өткен дәуреннің, кешкен күндердің енді қайта оралмасын, сол күндердегідей қайта бола алмасын сезген сал дүниенің оп-оңай өтіп бара жатқандығын, қайта келмейтіндігін айтады. Аяғында көп қиналумен 64 жасында байлаулы жатып, аспандағы аққуға үн қосатын, бүкіл қазақ даласын әнге бөлеген асыл өнердің иесі — Біржан бұл дүниемен қоштасады. Біржанның өмірі, Біржанның әндері — қазақ музыкасының биік белесі. Біржан сонысымен қымбат, сонысымен керек. Бiржан – қазақтың халықтық музыка мәдениетiнiң алыбы. Біржан ақынның «Теміртас» өлеңіндегі жағдай қазіргі заманда да өзінің өміршеңдігін көрсетеді. Күнделікті өмірдегі алуан түрлі адам тағдыры, келіспеушілік, адамдардың бір-біріне жасайтын қиянат, озбырлықтары әлі күнге дейін кездесіп жатады. Қорыта айтқанда менің түйгенім - қиянат, озбырлықтарға қарсы тұра білу, оған мойымай, оларды жеңе білу. Қиянатқа қарсы қиянат жасамай, керісінше өмірде қолыңнан келсе жақсылық жасап, жұртқа қуаныш сыйлауға асық. Кездескен қиындықтарды жеңсең ғана өмірің мәнді, мағыналы болмақ. Адам баласына берілген өмір меніңше сонысымен құнды. Мағжан Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыстыра қарауға болады ма? Көзқарасыңызды дәлелдер арқылы талдап жазыңыз Мамлют ауданы «Мамлют қазақ мектеп-интернаты» КММ Толипбаева Динара 11- сынып оқушысы Мағжан — қазақ өлеңінің көркіне көрік қосқан, саздылығы мен әуезділігін әсемдеген ақын. Өлеңдерінде ол қарапайым өмір кұбылыстарын әсем суретке айналдыра жырлайды. Ал «Толқын» атты өлеңінде ақын өмір философиясы туралы толғанады. Әркім дүниені әрқилы көреді. Өз жүрегімен таниды. Мағжан толқынға жан бітірген. Толқын жылан болып бүктетіледі, не балаша былдырлайды. Тағы бірде ғашық жардың қылығына көшеді. Жарын құшып өліп те кетеді. Өбеді,сүйеді. Жансыз дүниеге «жан бітіріп» кейіптеудегі Мағжан жеткен өрені тағы да бір үлкен ақынымыз Әбділдә Тәжібаев ақындықтың биік мәдениетіне балайды. Нағыз ақын жолдары айқын жазылса да ескірмек емес. Бүгін оқысаң – бүгінгінің, ертең оқысаң – ертеңгінің сырын айтуға жарайды. Ақындарымыз Мағжанды «өзі бір жанып тұрған жарық сияқты» деуі осындай ойлардан да туса керек. «Толқын» өлеңінде, «Ақын өзен, тұнған теңіз дүниесі де ақын өмірінің бір шындығы секілді. Судағы қуаныштың қалай басталып, қалай аяқталғаны алты жолдық өлеңді ұзақ хикаяға айналдырып жібергендей. Менің ойымша, ақын бұл өлеңінде толқындардың қозғалысының әртүрлі болып келетіндігіне назар аудартады. Сылдырап аққан бұлақтың бетінде бірде көпіршіп, бірде иіріле ағатын толқындар нәзік, қарапайым, зиянсыз, сырттай қарағанда өмірге қатер тудырмайды. Солай болса да Мағжан толқынның қимылынан біріне-бірі жақындап келіп, сырласқан болып, бірінің сырын бірі ұрлап, бірін-бірі жұтып жіберетін жымысқы адамдардың әрекетін көреді. Толқындар бірін-бірі қуалай алдап, еркелей ойнап, жарыса жүгірген болып, абайсызда итеріп құлатып жібергеннен кейін өтірік жылап, көз жасын сүртіп, жағалауға шегініп, өзге толқындарға ілесіп, көрінбей кететін адам әрекетінің образын ойға салады. «Толқын» табиғаттағы су бетінің ырғалысынан пайда болатын тербелісті білдіреді. Мағжан табиғаттың осы бір құбылысын ала отырып, терең ой толғайды, қозғалыс перзенті, ал өмірдің өзі қозғалыстан тұрады. Ақын өлеңде «Толқыннан толқын туады» деп бастап, өмір заңдылықтары: уақыт, қозғалыс, өмірдің өзгермелігін, өмір жолындағы жарыс пен тартысты, ұрпақ жалғастығын, жылайтын, күлетін адамның болмысы мен сезім-күйін өлеңнің мағыналық астарына дәріптейді. Алдыңғы толқынның өмірден озуы, кейінгі толқынның орнын басуы заңдылық. Ақын өмірді философиялық оймен толғандырады. Толқыннан толқын туады, Толқынды толқын қуады, Толқынмен толқын жарысады, - деп ақынымыз жырлағандай өмірдің өзі бірін-бірі қуған, жарысқан осындай толқындардан тұрмақ. Қорыта келе, менің түйгенім: ақын ағамыздың атлған өлеңі бір қарағанда табиғат құбылысын суреттейтіндей болып көрінгенмен, түбінде тұңғиық ойы бар терең шығарма. Өмір бір қалыпта тұрмайды. Өмір ағысы осындай... Өмір – сырға толы, қызық әлем. Жүрекке бірде қуаныш сыйлап, шаттандырса, бірде еріксіз мұңға бөлейді. Менің түсінігімше, өмір – теңдесі жоқ, құдіретті күш иесінің бізге ұсынған сыйлығы. Біз, яғни адамзат баласы сол ғаламат сыйлықтың қадіріне жетіп, бағалай білуіміз қажет. Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жазыңыз Абдаз Аялакүнайым 11- сынып оқушысы Мамлют қазақ мектеп-интернаты» КММ Мамлют ауданы Тарихта қалған тарландар өмірі біз үшін үлгі. Өмір атты теңізде қолдарына қалам алып дүние сырына тоймай тамсана жазған талай дана адамдар болды. Өмірге жұлдыз болып келетін, халықтың еркесі, халық жүгін көтеретін дара адамдар, дарынды жандар аз емес. Айтқым келгені, әр адамның өз келбеті, өз жан-дүниесі болады. Осы орайда Сәкеннің «Сыр сандық» атты өлеңі туралы сыр шерткім келді. Ақын өлеңі ой мен сезім терең қабысқан өмір, достық, адам тағдыры туралы үлкен толғаныстан туған шығарма екенін айта кету керек. Өз жайын, өз басының мұңын, өзінің арманын ғана айтып отырған жоқ, жалпы адамзат баласын ойландыратын құндылықтарды жырлаған. «Сыр сандық» - Сәкеннің көңіл-күй лирикасының ішінде адамға адамның достығы мен ар тазалығының нәзік сырларын шерткен қазақ поэзиясының шоқтығы биік шығарма десек еш қателеспейміз. Сезім мен сыр, ой мен образ жымдаса қабысып кеткен бұл өлеңнің ырғағы, әуезі есіле төгіліп, жібек торғындай судырап тұр. Адалдық пен арамдық, талант пен күншілдік, мансап пен ождан, достық пен қастық туралы тебірене сыр шерткен ақын мұзбалақ, зеңгір тау, сыр сандық, сым перне, алтын сарай образдары арқылы эстетикалық-этикалық мұраттарын ірікпей толғаған. Осы мәселеге қатысты автордың көзқарасын жақтаймын. Меніңше, дос - асыл қазына, рухани жақындық. Жүзіңдегі күлкіні емес, жүрегіңдегі мұңды сезінетін жан. Адамның көңілін, сырын, тұспалдай жырлап, оны биік таудың басындағы кілттеулі сыр сандыққа балайды. Дос жанын түсіне білетін нағыз адам- дос қана, сол құзар биіктегі сыр сандықтың кілтін тауып ашып, көңілдің пернесін баса алатыны сөзсіз. Сезімді жырлаумен ғана шектемей, оған азаматтық әуен, ойлы мазмұн, үздік үлгілерді тудырған ізгі де сұлу сезімдерді айнымас достық пен махаббаттың шабытты жыршысына айналдырды. Өмір, достық туралы терең толғанған ақынның жаны таза, ешкімге қиянаты жоқ, адалдық пен арамдық, мансап пен ар-ождан, достық пен қастықтың ара жігін ажырата алған, адам үшін құнды байлық-достықты жырлау. Автор дос көңілін шыңдағы қоймаға, алтын сарайға балайды. Достық сезімін құзды шыңға, нулы шатқалға, мөлдір суға, қымбат жасауға ұқсатады. Алтын сарай- шын достыққа нағыз дос ие болады дегенді айтады. Сұлу пернелер - адам бойындағы жақсы, жағымды қасиеттер. Адамдағы асыл қасиеттер шын достыққа жеткізетінін ақын тебірене жырлап көрсете білген. Қоырыта келе, менің түйгенім: Дос биікке жетелейтін, қуанышыңа ортақ, қиындықта демеу болатын жан. «Жігітті досына қарап таны! - деген қазақ философиясы өте орынды айтылған. Бұл ұғым аласармасын десек әрбір адам дос тұрғысынан да адал міндет атқарғаны абзал. Сонда ғана достықтың құны жоғары болмақ. Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтай білейік. Сабит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма? Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» паэмасы да махаббат дастаны. Поэмадағы оқиға бірін-бірі сүйген екі ғашық Сұлушаш пен Алтайдың махаббатынан құрылған. Махаббатқа адалдық оларды неге болса да тайсалмай қарсы тұруға жетелейді. Әйтсе де, ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, алде Алтай ма? Менің пайымдауымша, ғашықтар діңгегі екеуіде деп балаймын. Қарап отырсақ, Сұлушаштың сұлу бейнесі де, байдың қызы бола тұрып, кедей жігітке ғашық болды, сол жолда мерт болуы да лиро-эпостық жырлардағы ару қыздарға ұқсайды. «Басқаны Сұлушаштың сүйері жоқ, Алтайдан басқа көңілі тиері жоқ», -деген жыр жолдарында ақылына көркі сай Сұлушаш ғашығы Алтайдың кедейлігін мін санамауы оның адамгершілігі мен парасаттылығын көрсетеді Сұлушаш асқан сұлу ғана емес, өзінің махаббат мұраты жолында қандай қиындыққа да қарсы бара алатын намысты, жігерлі жан болып суреттеледі. Ол қауіпті, қатерлі кездерде уайымға, мұңға берілмей, қайта Алтайды батылдыққа талпынтып, болашаққа сеніммен қарауға үйретеді. Көзін ашқаннан бері көргені байдың есігіндегі жалшылық, жоқшылық, қиянат болғандықтан, Алтайдың бойында да байлар әулетіне деген ыза мен кек бар. Дегенмен, шынайы махаббат сезіміне келгенде екі жастың арманы да, мақсаты да үндесіп кетеді Алтай ғашығы үшін отқа да, суға да түсуге дайын болды. Озбырлардан қанша қысым көрсе де, Сұлушашының тау шеңгелінен алып қашып махаббатқа адалдығын көрсетеді. Қорытындылай келсек, Алтай мен Сұлушашты махаббат діңгегі еткен екеуінің жүректерінде жалындаған сезім алауы еді. Екеуі де ақтық демдері шыққанша махаббаттары үшін күресе білді Сұлушаш өзінің нәзіктігімен, парасаттылығымен, ақылдылығымен, сабырлылығымен махаббат үшін күрессе, Алтай ержүректілігімен, қайтпас қайсарлығымен, жігер-намысымен арманына жетуге талпынды. Махаббат қос жүректің лүпілі болғандықтан ғашықтар туралы айтқанда екі жанды бөле жара айту мүмкін емес деп айтқым келеді. Өз өміріңіздегі әжелерді М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз. Ж.Тәшенев атындағы №20 орта мектептің 11-сынып оқушысы Кстаубаев Нұрлан Мұқаңның өлеңі «Әже,сен бірге жүрсің меніменен, Өліге мен өзіңді телімегем» - деп басталады .Осы жолдарды оқығанда бірден есіме ақ жаулық киген әжелер түседі.Бейне бір ақ кимешек киген әженің сөзін естігендей болдым,сезінгендей болдым.Шынымды айтсам,»ақынды табындырған әжемен қазіргі таңғы әже бейнесін салыстыра талдап жазыңыз» деген сұрақ ешқашан ойыма келмепті.Әлде уақыт болмады ма? Көңіл аумады ма? Білмедім.Бірақ,бұл сұрақтар көңілімді ауғызып,жаңа ойларға жетелейді. Мұқағали туралы мен не білемін? Ол туралы біздің түсінігіміз көбінесе ақиық ақын, мұзбалақ сияқты ойлармен шектелуі де мүмкін.Ақынның ақ кимешек көрінсе өлеңін жазғандағы мақсаты не? Әлде сағынды ма? Әже бейнесі оны қаншалықты табындырды? Меніңше,бұлар өте маңызды сұрақтар,себебі олар бізді еріксіз ізденіске итермелеп,ақын өлеңінің терең сырына бойлауға жетелейді.Біреулер бұл сұрақтарды: «Маңызды емес!»-деп есептеуі мүмкін. Аталмыш туындыда автор әжесіне ұқсаған,ақ кимешек киген әже арқылы өз әжесін асқан шеберлікпен суреттейді.Осы кезде жадыма шалқыған қанатты қиялын,өртеген іңкәрлігін сұрқай тірліктің тар қауызына сыйғыза алмаған Мұқаң тағдыры елестейді. Әлемдегі әжелер сияқты әлі күнге әжесін тірі екен деп бір жасарып қалғандай. Ал енді мұны қазіргі әжелер бейнесімен салыстыра аламыз ба? Иә,автор айтып кеткен өлең біз үшін өте маңызды болып отыр. Себебі,мына әумесер заманда адам-адамды аямайтындай дәрежеге жеттік. Қазіргі кездегі әжелер үшін мына заман жайланарлық емес. Автордың сөзі өлеңде ашық көрсетілгенімен,өлеңдегі мына сөздер «...Ақ кимешек көрінсе,сені көрем, Ақ кимешек жоғалса... Нені көрем?» мені шын-шытырмақ ойға салды. Бірден әжесін өлі адамға телімеген ақынның астарлы ойы есіме орала кетті.Бұл менің әжесін сағынған ақынның арман аңсары екен деген ойымды бекіте түспек.Бұл жағынан мен ақынды жақтаймын. Бірақ, өкінішке орай, өзім өмір сүріп жатқан шақтың әжелері ақ кимешек киюден қалды. Ал ақынға әжесінің бір уыс аялы алақанының жылуын сезіну ауадай қажет.Екі ғасыр аралығы тым ұзақ емес.Өкінішке орай, бұл қазақты қатты өзгертіпті. Қарттарымыз сиреп,қадіріне жете алмай барамыз. Осы өлеңді оқып шыққанда, мәселені талқылау барысында қолда бар нәрсемізден айырылып қалмайық деген ой түйдім.Оған өзгелері де зәру болуы мүмкін. « Ақ кимешек көрінсе сені көрем!» деген сөздер өлеңнің негізгі ойы болып табылады.Ол ой ақынның мінсіз үйлесіммен,әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезімін танытады. Қорыта келе, менің түйгенім, ақын жырлаған әже бейнесіне әрбір әже лайықты.Осынау сезім менің көркемдік әлемімді таныта түсетін құлақ күйім секілді. Өзім үшін түйген өмірдің бұл да бір сабағы іспеттес... М.Мақатаев «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз. Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі-Мұқағали Мақатаев өзінің шынайы таланты, сырға толы өлеңдері арқылы көпшілікке белгілі болған, мұзбалақ ақын. Ақын шығармалары бүгінде керемет жетістікке жетті, ақынның өлеңдері ел пайдасына жарап жатыр десем артық болмас. Оның қысқа ғұмырында жазып кеткені бізге қалдырғаны мәңгілік өлмес мұра екені анық. Ақын туған жерін, ана тілін ардақтап, ерекше алдыңғы орынға қоя отырып жырлады. Ақынның ерекше, жүректен-жүрекке жететін туындысының бірі, өзінің асыл әжесіне арналған туындысы «Ақ кимешек көрінсе». Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесін кең,ауқымды түрде қамтиды. Жоғарыда айтып кеткендей, ақынның өлеңдерінің көпшілігінің тақырыбы ақ жаулықты аналар туралы. Бұған дәлел «Ақ кимешек көрінсе» өлеңі. -Әже,сен бірге жүрсең меніменен, Өлімге мен өзіңді тенемегем Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем, Кимешек астынан сені көремін-деп Жырлаған өлең жолдарын оқи отырып, анаға деген сағынышты, мейірімділікті, сыйластықты аңғаруға болады «Анаңа ауыр сөз айтпа, атаңа ауыр жүк артпа» демекші аналарды, әжелерді қадірлеп сыйлай біліп, әрқашан жанынан табылайық. Ақиық ақынмен қатар әже тақырыбында қалам тербеткен ақындар қаншама,бәрін айта берсек айтар сөз, жазар әңгіме таусылмасы анық.Мен азда болса сол ақындар жайлы айтып кетейін,ана тақырыбына ең көп қалам тербеткен жазушы Ғабит Мүсірепов ол кісінің,сегіз новелласы бар екен.Айта кетсем «Ашынған ана», «Ананың анасы», «Адамның анасы» т.б. Мұқағали мен Мүсірепов шығармаларындағы ана, әжелердің ұқсастықтары жетерлік. Мен ақынның әжесін Абай атамыздың әжесімен салыстыруға болады деп ойлаймын, Абай атамыз әжесі Зереден тәлім алса, Мұқағали атамыз да өз әжесінен үлгі алып өскен.
М.Мақатаевтың «Дариға‑жүрек» шағын поэмасындағы |
||
Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 1134. stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда... |