Студопедия КАТЕГОРИИ: АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Туберкулез туралы не білу керек? 18 страница
Вирустық цирроз
Бұл бауыр циррозының түрі сары аурумен сырқаттанып шыққан науқастарда кездеседі. Ісінген бауыр торшалары өліп орнына дәнекер тіні дамиды. Бұның қауіпті түрі ауыр түріне өтіп, тез арада бауыр жеткіліксіздігіне әкеліп соғады. Сонымен қоса бұл ауруда дене қызуының көтерілуі жиі кездесіп, аурудың белсенділігін көрсететін қолайсыз белгі болып табылады. Науқас оң жақ қабырға астының, іштің ауырсынуына, диспепсиялық және әлсіздік, вегетативтік өзгерістердің пайда болуына шағымданады. Сонымен қоса тез шаршағыш, әлсіз, жұмысқа деген қабілетінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы байқалады. Жалпы қарағанда көздің шырышты қабатында, жұмсақ таңдайда, тілдің астыңғы беткейінде одан соң алақанда, табанда жалпы терінің сарғаюы және қышыну байқалады. Көп жағдайларда теріде бауырлық белгілер табылады: тамырлы жұлдызшалар дененің жоғарғы бөлігінде орналасқан. Алақанның эритемасы (бауырлы, “пальмарлы” алақан) қызыл түсті немесе ошақты түрде байқалады, алақан жылы болады, қызыл, жылтыр еріндердің болуы байқалады.
23 суретБауыр циррозының белгілері 1 – ісіктер; 2 – қан құйылу; 3 – жұмыртқаның атрофиясы; 4 – “бауыр” алақандары; 5 – іш құрсаққа сары судың жиналуы (асцит) 6 –бүдірленіп солған бауыр; 7 – гинекомастия; 8 – тамыр “жұлдызшалары” 9 – ашық қызыл ерін; 10 - өңеш көктамырларының кеңейуі; 11 – спленомегалия (көк бауырдың үлкеюі); 12 – “медуза басы”; 13 – шаштың түсуі; 14 – тырнақтардың өзгеруі;
Гормон бұзылыстарының өзгеруінен ер адамдарда гинекомастия, тағы басқа әйелдің жыныс белгілері, белсіздік байқалады, ал әйелдерде етеккір циклінің өзгеруі білінеді. Теріде сарғыш - қоңыр түсті дақтар пайда болады, олар қабақта, алақанда, кеудеде, арқада орналасады. Зертханалық тексерісте қанда нәруыз құрамы өзгеріп, жалпы холестерин, фибриноген мөлшері төмендейді. Тимол сынамасы артады.
Порталдық цирроз
Бұл ең жиі кездесетін сырқаттың түрі. Әртүрлі бауырға жағымсыз әсерлерден (ішімдік, ақуыз, дәрумендер жеткіліксіздігі) дамиды. Порталдық цирроздың қалыптасуы бауырдың бөліктерін қоршап тұратын дәнекер тінінің түзілуіне байланысты, осы дәріс бауырдың барлық бөліктерін қамтиды. Сондықтан порталдық циррозға тән біркелкі түйіндер пайда болады. Маңызды белгілердің бірі - көк тамырлардың кеңеюі. Тез арада асцит білінеді - ішке сары судың жиналуы. Кіндік маңайының тамырлары кеңейіп, жан - жаққа жайылып өзіне тән көрініс береді,мұны “медузаның басы” деп атайды. Осы аталған үш белгі порталдық гипертензияға тән үштік белгіні құрайды. Науқаста сонымен қатар әлсіздік, тәбетінің төмендеуі немесе мүлде болмауы, бауыр аймағында ауырсынудың болуы, диспепсия белгілерінің білінуі анықталады. Жалпы қарағанда тері қабатының сарғаюы, қара түсті дақтар, тамырлы жұлдызшалардың пайда болуы, эритематозды алақандардың болуы. Көк бауыр, бауырдың көлемі ұлғайғандығын, тығыздалғанын, ауырсынудың белгілерінің білінуін науқастан сұрастыру арқылы және сипалау арқылы білуге болады. Сонымен қоса бұл ауруда гормоналды өзгерістер білінеді. Асқынулары. Варикозды тамырлардан, жатырдан, өңештен, асқазаннан қан кетуі мүмкін. Жұқпа аурулары, бауыр, бүйрек жеткіліксіздігі дамиды. Сырқаттың соңғы кезеңінде эндогенді дистрофия белгілері байқалады - науқас жүдеу келеді, жағы суланған, терісі бозарған, ерні мен тілі жылтыр - қызыл түсті болып келеді, аяқ - қолдарының пішіні жіңішкеріп, ұштары үлкейген. Бүйрек жеткіліксіздігі дамиды. Жалпы қан анализінде билирубин мөлшері көбейеді, жалпы нәруыздың мөлшері төмендеп, құрамы өзгереді. Тимол сынамасы жағымды нәтиже береді. Қаназдық белгілері, лейкопения, тромбоцитопения білінеді.
Биллиардық цирроз
Бұл аурудың пайда болу себебі - бауыр өзектерінің созылмалы қабынуы. Бара-бара өт жолдары дәнекер тінімен бітеліп, қасындағы бауыр торшалары өт құрамындағы заттармен уланып, қызметін атқара алмай қалады. Клиникалық бейнесі.Көбінесе әйелдер ауырады. Бастапқы кезеңінде дененің сарғаюы және терінің қышуы осы сырқаттың негізгі белгісі болып табылады. Қарағанда терісі құрғақ, тығыз, үстінде дақтары бар, теріде тырнақтың іздері қалған, қабақта, шынтақта, тізеде, алақанда дақтар, тамырлы жұлдызшалар байқалады. Аурудың айқын кезеңінде мұрыннан, қызыл иектен жиі қан кетеді. Бауыр көлемі ұлғайған, тығыз. Сүйек жүйесінде өзгерістер болады. Арқада, қабырғаларда ауырсыну, остеопороз, сүйек эпифизінің үлкеюі, омыртқаның патологиялық сынуы байқалады. Асқынулардың бірі болып он екі елі ішектің пептикалық ойық жарасы, өт қабының ұстамалы түрде шаншуы, қызбаның қалтырау түрінде өтуімен сипатталады. Іш мүшелерінің қызметі бұзылады: өкпе, асқазан, бүйрек, шеттік лимфа бездері үлкейеді. Сырқаттың ақырғы кезеңінде айтылып кеткен белгілердің барлығы өршіп, ісіну, асцит, қансырау байқалады. Кахексия дамиды, бүйрек зақымданады, бауыр шамасыздығы комамен аяқталады. Қанда холестерин, фосфатаза, трансаминаза, билирубин мөлшерлері жоғарылайды, анемия белгілері білінеді. Зәрде протеинурия байқалады. Сырқаттың дерт анықтамасы. Негізінде клиника - биохимиялық мәліметтер арқылы анықталады. Зертханалық тексеріс альбуминнің, протромбиннің мөлшерінің азайғанын, ал гаммаглобулиннің артқанын көрсетеді. Қан торшаларының деңгейінде де ауытқушылықтар байқалады, мысалы: лейкоцит, тромбоцит мөлшерлері кемиді. Нақты цирроздың түрін анықтау үшін бауырдың құрылысын, көлемін, цирроз жайылған аймағын лапароскопия арқылы анықтайды, бауырға биопсия, сканерлеу, эхография, томография әдістерін қолданады. Болжамы жағымсыз. Өмір сүрудің орташа ұзақтығы 3-6 жыл.
23 сурет Бауыр циррозындағы бауыр мен көк бауырдың сканограммасы. Емі. Бауыр циррозын емдеуде ең алдымен тамақтануға көңіл бөлу керек. №5 емдәм тағайындалынады: майлы, қуырылған, ащы тамақтардың мөлшерін шектеу. Құрамында дәрумендері, ақуызы, көмірсуы мол тағамдармен жиі және аз мөлшерде қолдану керек. Бауыр циррозының барлық түрлерінде симптомдық ем жүргізіледі. Аяқ ісінген жағдайда, асцитте тамақтағы тұзды азайтады, зәр айдайтын дәрілер ішкізеді. Демалыс және еңбек тәртібін дұрыс ұйымдастырған жөн. Қозу кезінде қатаң төсек тәртібін сақтау керек. Қабынуды басу мақсатымен гормонды дәрі - дәрмектерді қолдану. Кортикостероидтар: преднизалон, триамценалон, Е, В1 ,В 6, В12, тобының дәрумендерін қолдану, кокарбаксилазаны алмасу дәрісін жақсарту мақсатымен тағайындау. Бауыр препараттары: сирепар, легалон, эссенциале, Лиф-52. Уыттануға қарсы - көп мөлшерде көк тамыр арқылы дәрілік ерітінділерді енгізу (5% глюкоза, 0,9% физиологиялық ерітінді). Ас қорыту процестерін жақсарту мақсатымен фермент препараттарын қолданады. Асцитте абдоминалды парацентез жүргізеді. Қансырауда гемостатикалық ем қолданылады: 5% аминокапрон қышқылын, дицинон ерітіндісін, кальций хлорид ерітіндісін көк тамырға енгізеді. Сонымен бірге симптомдық ем жүргізеді: қышынуда, ауырсынуда, остеопорозда т.б. Алдын алуы. Біріншілік: алдын алудың маңызы гепатиттердің алдын алу, салауатты өмір салтын сақтау, рационды тамақтану. Екіншілік: алдын алуда бауыр циррозымен ауыратын науқастарды диспансерлік тіркеуге алып, жағдайына байланысты диспансерлік нұсқауға сүйене отырып, жалпы тәжірибелік дәрігер, гастроэнтеролог қарап отырады. Зертханалық тексерістерге жалпы қан анализі, АЛАТ, АСАТ ферменттерін, билирубинді, холестеринді, ақуыз құрамын тексеру жатады. Сонымен қатар науқастың күнделікті дұрыс тамақтануы, жағымсыз қылықтардан аулақ болуы, бауырға жағымсыз әсер ететін заттармен қарым-қатынас жасамауы, дұрыс тынығуы осы аурудың алдын алуындағы маңызды роль атқарады.
Бақылау сұрақтары: 1. Бауыр циррозы сырқатына түсініктемелі сипаттамасын беріңіз. 2. Бұл сырқатта бауырдың атқаратын қызметтері қалай зақымдалынып бұзылады? 3. Бауыр циррозының әр клиникалық түріне қысқаша сипаттама беріңіз. 4. Зертханалық тексерістерде қандай өзгерістер байқалады? 5. Сырқаттың емдік қағидасының негізі. 6. Сырқаттың алдын алу шараларын айтып беріңіз. 6.6. Өт жолдарының дискинезиясы Дискинезия дегеніміз - бұл өт қабы мен өт жолдарының тонусының жұмыс қызметінің бұзылысы. Өт бөлу жүйесінің 70% ауруын өт жолдарының дискинезиясын құрайды. Бірақ та өт жолдарының жүйелерін зерттеудің нақты функционалдық әдістері жеткіліксіз болғандықтан қазіргі кезде олардың нақты жиелігін анықтау қиын. Дискинезияның екі түрі бар: гипертоника – гиперкинетикалық - өт қабының гипертониялық жағдайына ОДДИ сфинктерінің гипертонусы қосылады. Екінші түрі – гипотоника – гипокинетикалық түрі, өт қабы мен ОДДИ сфинктерінің гипотоникалық жағдайы сәйкес келеді. Өт жолдарының дискинезиясы ер адамдарға қарағанда әйелдерде жиі кездеседі. Гипертоника - гиперкинетикалық дискинезия жастарда көбіне кездессе, гипотоника - гипокинетикалық астениктер мен жасы ұлғайған адамдарда жиі кездеседі. Этиологиясы және патогенезі. Өт жолдарының дискинезиясының пайда болуы біріншіден нейрогуморальді қалыптастырудың бұзылуына байланысты. Олар невроздың жергілікті белгілерінің бірі болып табылады. Ішкі сөлденіс бездерінің бұзылысында, гипо- және гипертиреозда, климакста, жұмыртқа бездерінің қызметі жеткіліксіздігінде, бүйрек үсті безі және басқа да ішкі сөлденіс бездерінің бұзылысыда байқалады. Өт жолдарының дискинезиясы, әсіресе гипертоникалық-гиперкинетикалық түрі асқазан ойық жара ауруы, соқыр ішектің қабынуында, ішек ауруларында тағы да басқа ішкі мүшелердің ауруында пайда болуы мүмкін. Адамның осы ауруға бейімділігі, өмір сүру ерекшеліктері де маңызды орын алады. Тамақтану аралығының өте ұзақ болуы, дұрыс тамақтанбау, әртүрлі дискинезияларға әкеліп соқтырады. Клиникалық көрінісі. Өт жолдарының гипертоникалық–гиперкинетикалық дискинезиясы оң жақ қабырға астының ұстама түріндегі сыздап ауырсынуы немесе толғақ тәрізді ауруы болады. Өт тасы ауруындағы ұстама шаншуына ұқсайды, бірақ аса күшті емес және спазмолитик дәрі-дәрмектердің көмегімен тез басылады. Ауырғанда адам қобалжып жүйке психикалық қозуы байқалады. Әйел адамдарда аурудың өршуі етеккір циклімен байланысты болуы мүмкін. Ауырсыну оңжақ жауырынға, оң жақ иыққа, кейде жүрек маңайына әсер етуі мүмкін. Тез терлегіштік сезімі, бозғылттану, лоқсу, кейде жүрегінің жиі соғуының білінуі мүмкін. Ауырсыну ұстамасының ұзақтылығы бірнеше минуттан бірнеше күнге созылуы мүмкін. Оңжақ қабырға астының қысып, сыздап ауруы апталап созылып, кейде күшейіп, кейде басылғандай болады. Ауырсыну ұстамасы кезінде іш қатаймайды, өт қалтасы, өт қалта тұсы сипағанда аздаған ауырсынуды білдіреді. Сары ауру ұстамасы, дене қызуы көтерілу серпілісі, лейкоцитоз және ЭТЖ көтерілуінен кейін әдетте байқалмайды. Өт жолдарының гипотоникалық–гипокинетикалық түрінде оң жақ қабырға асты ауырсынады. Бұл ауырсыну аса қатты емес, қысып тұрғандай, кернеп тұрғандай, ұзаққа созылған ауырсыну. Сипалап қарағанда өт қабы маңында кей кезде аздаған ауырсыну пайда болады. Кейбір іш қабырғасы босаңсыған науқастарда өт қабының созылып кеткенін сипалап білуге болады. Дерт анықтамасы. Өт бөлу жүйелерінің мүшелік зақымдалу белгілері объективті түрде байқалмаса, науқастың осы сырқатқа тән шағымдары негізінде дискинезия диагнозын қоюға көмек береді. Өт жолдарынан бірнеше рет сөл алу ерекше маңызды роль атқарады: дискинезияның гипертоникалық-гиперкинетикалық түрінде, екінші кезең: (Одди сфинктері жабық тұрғанда) қалыптағыдай немесе уақытша созылуы мүмкін, төртінші кезең: (өт қабының жиырылуы) қысқа, кейде кешігіп бітеді, өт қабы босаған кезде көбінесе науқастар оң жақ қабырға астының ауырсынуын сезеді. Дискинезияның гипотоникалық – гипокинетикалық түрінде екінші кезең болмауы да мүмкін, төртінші кезең созылады, өт қабының рекфлексін тек қана көп мөлшердегі тітіркендіргіш енгізгеннен кейін ғана байқауға болады. Өт жолдарының дискинезиясында анық түрдегі және көбінесе ауырсыну белгілерінің клиникалық көрінісінің әртүрлігіне қарамастан диспепсиялық құбылыстар, вегетативті бұзылыстар, объективті байқаулар аздап қана білінеді. Тек қана көбірек жасалған сүңгілеу, холецистография, сонымен қатар эхография көмегімен өт бөлу жүйелерінің ауруларын нақтылап қоюға болады. Емі. Дұрыс тамақтану мен еңбекпен дем алысты дұрыс кезектестіру, орталық жүйке жүйесінің қызметін қалыптастыру ерекше орында тұрады. Жүйке жүйесін қалыптастыру үшін тыныштандыру, ұйықтататын дәрілерді тағайындауды қажет етеді. Гипертоникалық – гиперкинетикалық дискинезия түрінде 5 емдәмді қолдану керек. Гипертонусты басу үшін спазмолитиктерді қолданады: но-шпа, галидор, одестон т.б. Өт айдайтын дәрі-дәрмектерді қолдану нәтижелі болады. Зондсыз тюбаж үнемі жасаған тиімді. Гипотоникалық – гипокинетикалық дискинезия түрінде Певзнер бойынша 3 немесе 5 емдәм, қоздыру әсері бар дәрілер, өт айдайтын дәрілер, емдік дене шынықтыру және физио емдік тонусты жоғарылататын іс-шаралар қолдануға кеңес етіледі. Қайталанып жасалған сүңгілеу, тюбаждар, минерализациясы жоғары минерал сулар қолданған жақсы нәтиже береді. Оларды суық немесе жылытылған күйде тамақтан 30 - 60 минут бұрын 200 мл-ден күніне 2-3 рет ішу тағайындалады. Өт жолдарының дискинезиясы бар науқастарды отау әдісімен емдеу қажет емес. Алдын алуы. Науқастар дипансерлік нұсқау бойынша жалпы тәжірибелік дәрігер мен гастороэнтерологқа қаралып отырады. Зертханалық тексерістерде жалпы қан анализін, билирубинді, холестеринді, ақуыз құрамын тексереді. Өт жолдарының дискинезиясын алдын алу үшін дұрыс тамақтану тәртібін қадағалап, еңбек ету мен дем алуды қалыптастырып, жүйелі түрде дене шынықтырумен айналысып, күйзеліс жағдайларды болдырмау, дер кезінде жүйке жүйесінің бұзылыстарын емдеу керек.
|
||
Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 963. stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда... |