Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Туберкулез туралы не білу керек? 16 страница




       Асқынулары. Асқазаннан қан кету, теспелеу, пенетрацияға ұшырауы, қақпаның қатаюы, аурудың қатерлі ісікке ұшырауы.

Асқазаннан қан кету

 

    Тез арада дамиды. Қан тамырлары зақымданып қан ағады. Пациенттің жағдайы күрт нашарлап, терісі бозарып, жабысқақ суық тер шығады. Қан аралас құсық білінеді (“кофе” тәрізді). Үлкен дәреті қараяды (мелена). Қан қысымы төмендеп, тамыр соғысы әлсізденеді, жіп тәрізді болады. Науқастың аяқ - қолы суыйды.

    Алғашқы көмек. Пациентті жатқызып, басын бұру керек. Ауыз қуысын қаннан, құсықтан тазартып отыру, эпигастрий маңайына мұзды мұйық қою. Қан тоқтататын дәрі - дәрмектерді әзірлеу: дицинон, кальций хлор ерітінділерін. Дәрігер келгенше пациенттің жағдайын қадағалау қажет.

 

 

 

21 сурет.Асқазан жарасының

     рентгенограммасы.

 

Теспелеу (перфорация)

Күрт дамиды. Асқазан теспелеген жағдайда перитониттің клиникасы байқалады, неге десе, асқазан сөлі құрсақ қуысына құйылып іш пердесін зақымдайды. Сырқат күрт әлсізденеді. Ішке пышақ сұғып алғандай ауырады. Біраз уақыттан соң іштің ауырғаны басылып науқаста шок дамиды. Сана - сезімі кері тартады, көзі үңірейеді. Іші қатайып тақтай тәрізді болады. Дене қызуы көтеріледі, қан қысымы төмендейді, тамыр соғуы жиілейді. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз білінеді, ЭТЖ артады.

Емі. 6 сағаттың ішінде ота жасау керек.

Көрші жатқан ағзаға жабысып тесілу (пенетрация)

Асқазан жарасы теспелеп, тесілген жер көрші ағзамен бітеліп, перитонит белгілері кешірек білінуімен сипатталатын жағдай. Асқазан ойықжарасының клиникасы өзгереді: ауырсыну үнемі қатты болып мазалайды. Емі - тесілген жерді ота арқылы тігу.

Қақпаның қатаюы (стеноз)

Егер асқазан жарасы қақпаның маңайында орналасса, соңында сол жерде дәнекер тіні дамиды, яғни тіннің эластикалық қасиеті бұзылады. Қақпаның тесігі кішірейіп тамақ уақытында асқазаннан ұлтабарға өтпейді. Тамақ асқазанда қалып қояды. Осының себебінен бара-бара асқазан созылады. Науқастар тамақты қабылдағаннан кейін асқазан аймағында ауырлық сезеді және оның толып кеткеніне шағым етеді. Қалып қойып отырған тағамдар шіриді, пациенттің аузынан жағымсыз иіс шығады. Кідіріп қалған тамақты құсық ретінде сыртқа шығарып отырады. Пациент арықтайды, әлсізденеді. Басында кішірейген қақпадан қою тағамдар өтпейді, бара - бара сұйық тамақ та өтпей қалады.

Емі. Ота арқылы емдейді, асқазанға резекция жасалынады. Жүдеген және әлсіреген, асқазан сөлінің қышқылы кеміген науқастарға асқазан мен аш ішектің арасына анастомоз жасалады.

 

Қатерлі ісікке ауысу

Білінбей басталады, бара – бара науқастың іші мерзімсіз ауырады. Күн сайын ауырсынуы күшейе түседі. Сырқат арықтайды, ет тағамдарын жақтырмайды, қан аралас құсық білінеді. Рентген суретінде асқазан ішінде ісіктің көлеңкесі білінеді (“ - ” белгісі). ФГДС, биопсия әдістері диагнозды анықтайды.

Асқазан және ұлтабар ойық жара ауруының емі. Негізгі ем қағидалары: қабыну дәрісі мен диспепсиялық белгілерді жою, ауырсынуды басу, асқазанның сөлденіс және қозғалу қызметін жақсарту. Емдәм тәртібін сақтау маңызды роль атқарады. Асты бөліп-бөліп ішу керек. Асқазанның сөл бөлу дәрісін қоздыратын қышқыл, тұзды, майлы тағамдарды ауыру сезімі басылып, ойық жара жазыла бастағанша қоя тұрған жөн. Науқас күнделікті ас ішу тәртібін сақтауға тиіс. Қоздырғышқа қарсы антимикробты ем: трихопол, фуразалидон, оксациллин, ампиокс, тетрациклин тағайындайды. 2 немесе 3 антибиотикті қолданған дұрыс. Асқазанның кілегей қабатының сыртқы бетіне әсер етіп қабынуды бәсеңдетуге үлес қосатын метилурацил мен әртүрлі емдік майларды қолдануға болады. Ауырсынуды басу үшін тұз қышқылын, пепсинді төмендететін дәрі-дәрмектерді қолданады. М - холинолитиктер селективті дәрі - дәрмектер: гастроцепин, пирецепин. Селективті емес дәрілер: пробантин, кватерон.   Түйілуді басатын спазмолитик тобының дәрілерін тағайындайды: но - шпа, галидор, папаверин. Асқазан сөлі төмен жағдайда тұз қышқылын шығаратын протон промпасының ингибиторларын қабылдау қажет: омез, цитопротекторлар: сукральфат, вентер.Асқазан сөлінің қышқылдығы көп жағдайда антацид препараттарын тағайындау жөн: аллюминий, магний тұздары. Бұған: алмагель, викалин, маалокс, викаир, протаб, алцид В және т.б. жатады. Осымен қатар асқазан және он екі елі ішектің қозғалу қызметін жақсарту үшін церукал, реглан, эглонил дәрілері қолданылады. Жараны сорып бітейтін репарант дәрілер ретінде алоэ, облепиха майы, гефарнил, метацил, анаболик гормондары, В16, В12, U витаминдерін қабылдайды. Аурудың емінде тыныштандыру дәрілерінің әсерінің маңызы зор: бром қоспалары, элениум, назепам. Нәжісті жасырынды қанға тексеріп, оның нәтижесі теріс болған жағдайда физио емін жүргізеді: электрофорез, парафин, балшық емі, ультрадыбыс, лазер емі. Бұнымен қоса минералды сулардың да мәні үлкен: боржоми, ессентуки және т.б.

Болжамы.  Уақытында емделмеген жағдайларда асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін.Сонымен қатар асқазанның ішкі кілегей қабатының атрофиялық өзгерістері қатерлі ісіктің дамуына әсер етеді.

Алдын алуы. Сырқаттың алдын алуының екі түрі бар: алғашқы және екіншілік. Алғашқы алдын алу шараларына жұмыс және демалу тәртібін дұрыс құрастыру, дұрыс мезгілімен тамақтану, ошақты жұқпалардан сақ болу жатады, ал аурудың қайталанып келуіне қарсы қолданатын, асқынуларын алдын алу шаралары екіншілік түріне жатады. Сырқаттанған науқастар диспансерлік тізімге алынады.Жалпы тәжірибедегі дәрігерде жылына 1 рет қаралып тұрады. Нәтижелі зертханалық тексерістерге клиникалық қан анализдері, нәжісті жасырынды қанға тексеру жатады. Жылына 1 рет асқазанды эндоскопиялық әдіспен тексереді (ФГДС). Негізгі емдік-сауықтану шаралары темекіден және ішімдіктен бас тарту, дұрыс тамақтану болып табылады. Санаториялық-курорттық ем қолданылады: Жосалы, Сарыағаш т.б.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Асқазанның ойық жара ауруына анықтама беріңіз.

2. Сырқаттың негізгі клиникалық бейнесіндегі белгілерін айтып шығыңыз.

3. Асқазан ойық жара ауруындағы кездесетін қандай асқыну түрлерін білесіз?

4. Асқазанның және ұлтабардың ойық жара ауруларының дерт анықтамасын жүргізу үшін қандай зертханалық және құрал – жабдықтар арқылы тексеріс түрлерін қолданады?

5. Сырқаттың емдік қағидасының негізі не болып табылады?

6. Сырқаттың алдын алуы үшін қандай шараларды өткізеді?

5.7. Асқазан обыры

    Асқазан обыры (қатерлі ісігі) аса қауіпті аурудың бірі. Аурудың пайда болуы және асқыну себептері түпкілікті анықталмаған. Себебі белгісіз. Көбінесе ер адамдар ауырады.

Әсер ететін факторлар: шылым шегу, дұрыс тамақтанбау, созылмалы ас қорыту ағзаларының аурулары, әсіресе оның ішінде асқазан қатпарларының семуі, сонымен бірге асқазан ойық жара ауруы малигнизацияға ұшырауы мүмкін және тұқым қуалайтын факторлар. Сөйтіп, обыр алдында болатын ағзадағы өзгерістерге тоқталып өтсек олар – асқазанның кілегей қабатының созылмалы қабынуы, асқазан қышқылының өте төмендігі, асқазанның түйіншектері және жазылмайтын ойық жаралары.

Аурудың дамуы. Асқазан кілегейлі қабатының торшалары ретсіз бөлініп, жетілмеген торшалардан құралған ісік пайда болады. Ісік өсіп, көлемі үлкейіп, функционалды және органикалық өзгерістерге әкеледі. Асқазанның ішін бітеп немесе сыртқа өсіп ісік көрші ағзаларды зақымдайды.

Жіктемесі. Бірінші кезең: ісіктің көлемі 2 см – ден көп емес. Асқазанның кілегейлі қабатын ғана зақымдайды. Екінші кезең: ісіктің көлемі 4-5 см. Қасындағы бездер шошынады. Үшінші кезең: ісік кілегей, бұлшық ет, сірнелі қабаттардан өтіп, көрші ағзаларға, аймақты лимфа бездеріне таралады. Төртінші кезең: ісіктің көлемі әр түрлі. Ісік дененің бәріне жайылып, дененің лимфа бездері шошынып, метастаздар білінеді. Дамуына байланысты үш кезеңі бар: бастапқы кезеңі, нақты клиникасы байқалатын кезең, аурудың ақырғы кезеңі.

Клиникалық бейнесі. Бастапқы кезеңі білінбей біртіндеп басталады. Әлсізденеді және жүдей бастайды, тәбеті төмендейді, кейбір науқастар ет тағамдарын жақтырмайды, кейбір тағамдардың иісін көтере алмайды. Лоқсу, құсу, іші өту белгілері байқалады. Анық клиникасы білінетін кезеңде науқастың іші үздіксіз ауыра береді. Іші шыдатпай ауырады, дәрі – дәрмектер аз көмектеседі. Іштің ауырғаны тамақпен байланыссыз. Егер қою тағамдардың өтуі нашарлап, тамақтану кезінде тырнағандай, күйгендей сезім пайда болса, бұл ісіктің асқазанның жоғарғы бөлігіне орналасқанының белгісі. Ал қатерлі ісік асқазанның орта тұсына орын тепкен жағдайда ауру біршама уақыт белгісіз түрде өтуі мүмкін. Тек астан соң немесе ашқарынға асқазан тұсы сыздап ауырады. Бұл асқазан қышқылының сақталуына байланысты. Қатерлі ісік асқазанның төменгі жағына орналасқан жағдайда, асқазан іші тарылып, ас қорыту нашарлайды. Аз ғана асқа тойғаннан соң кекіру пайда болып науқас адам ішкен асын қайта құсып тастайды. Ауру адам әлсіреп, салмағы 10-20 кг-ға дейін азаяды. Қатерлі ісік ыдырай бастаған кезде науқас жиі құсып, құсығында қан байқалады (“кофе” тәрізді). Кейіннен науқастың дене қызуы көтеріліп, уыттану белгілері білінеді. Әлсіздік ұлғаяды. Науқас қатты жүдейді, оны қатерлі ісік кахексиясы деп атайды. Қарағанда науқас жүдеу, терісі боз, тілі уылған, ішін сипалағанда эпигастрий маңайында бұлшық еттердің ширығуы, кейбір жағдайда қатайған, көрші ұлпамен жабысқан өспе байқалады. Соңғы кезеңінде ауырсыну бүкіл денеге сезіледі, метастаздардың бүкіл ағзаларға жайылуынан науқас қатты әлсірейді. Тамақ ішкен сайын құсады, терісі құрғақ, боз, кахексия ұлғаяды.

Дерт анықтамасы. Сырқаттың бастапқы кезеңінде диагноз қою үшін үлкен мағынаға ие болған “кіші белгілер синдромына” көңіл бөлу қажет. Едәуір кешірек кезеңдерінде төс шеміршек асты аймағында ауырсыну пайда болады және осы аймақта томпақтық қолға сезіледі.

Жалпы қан анализінде ЭТЖ артады, лейкоцитоз, анемия білінеді. Нәжісті жасырынды қанға тексергенде нәтижесі оң болып табылады. Асқазан сөлінің құрамында көбінесе қышқылы төмен болады. Аурудың дерт анықтамасында рентген сәулесі, гастроскопия, биопсия әдістері маңызды роль атқарады. Асқазанға контраст затты енгізіп, рентген сәулесімен тексергенде суретте толу кемістік белгісі (“ – “) байқалады. Гастраскоп арқылы ісіктің орналасуын көлемін, түрін байқауға болады. Осы жағдайда биопсия алынып ісіктің түрін айырады.

Емі. Бірнеше түрде ем жүргізу әдістерін қолданады. Симптомдық ем дәрі – дәрмектерді қолдану арқылы жүргізіледі: науқастың жағдайын жақсарту үшін және ауырсынуды басу үшін жансыздандыру дәрілерін қолданады (анальгин, баралгин, омнапон, морфин). Дене қызуы көтерілгенде аспирин, парацетамол қолданады. Уыттануға қарсы арнаулы ем жүргізіледі. Ол үшін көк тамырға 5% глюкоза, изотоникалық ерітінділерді енгізеді. Тіндердің ретсіз өсуін тоқтату үшін цитостатик дәрілерін қолданады (фторурацил, фторафур). Сонымен қатар сәуле емін қолданады. Сырқаттың ерте кезінде науқасқа хирургиялық ем жүргізіледі. Ота арқылы асқазанды жартылай немесе түгел алып тастайды (аурудың кезеңіне байланысты).

 

        

 

 

22 суретАсқазан қатерлі ісігінің

           рентгенограммасы.

    Алдын алу шаралары. Нақты түрде асқазанының сөлі аз созылмалы гастритпен ауыратын науқастарды диспансерлік тіркеуге алып, жылына бір рет дәрігер қарап отыру керек (жалпы жағдайын, дене салмағын, жалпы қан анализін, асқазан және он екі елі ішектің сөлін, нәжісті жасырынды қанға тексеріп, рентген сәулесіне түсіру). Сонымен қатар науқасқа алдын алу ретінде күнделікті дұрыс құнарлы тамақтануы, жағымсыз қылықтардан аулақ болуы, дұрыс тынығуы осы аурудың алдын алуындағы маңызды роль атқарады.

 

Ішек ауруларымен ауыратын

                        науқастарды тексеру әдістері       

                                                                                                                              11 бейнелеме

Науқастың шағымдары
1.Іштің ауырсынуы (мерзімі, бағыты, тамақпен байланысы) 2.Ауырсынудың нәжістің шығуымен байланысы 3.Метеоризм, іштің қорылдауы 4.Іштің өтуі, іш қатпасы 5.Ішектен қан кету 6.Тамаққа тәбетінің өзгеруі, арықтау
Сырқаттану анамнезі
1. Себебі.                                   4. Жүргізілген ем,оның нәтижесі 2. Бастамасы                          3. Аурудың ағымы

 

Өмірбаяндық анамнез
1. Ұлты                                           5. Аллергологиялық анамнез 2. Жағымсыз қылықтары                  3. Тамақтану тәртібі                                        4. Тұрмыс жағдайы
                          Науқасты тікелей тексеру әдістері  

 

   Қарау

Сипалау

  Тықылдату
 1.дене салмағының азаюы; 2.тіл өзгерістері; 3.іштің пішіні; 4.терінің түсі.  

1.бауыр

2.көк бауыр

3.асқазан

4.ішек

5.тік ішекті саусақпен сипалау

 

1.іштің екі бүйірі 2.бауыр 3.ішек шулары  

Қосымша тексерістер

Зертханалық

Аспаптық

1.қан анализдері

2.нәжіс анализдері (жалпы, жасырынды қанға, құрт-гельминтке).

1.ирригоскопия

2.колоноскопия

3.ректороманоскопия

4.биоптат алу

 

       

Бақылау сұрақтары:

1. Сырқаттың этиологиялық патогенезін айтып беріңіз.

2. Сырқатқа тән белгілеріне қысқаша сипаттама беріңіз.

3. Асқазан обырының басқа асқазан аурулар түрлерінен жалпы қандай айырмашылықтарына қарап ажыратуға болады?

4. Дерт анықтамасын жүргізгенде қандай зертханалық және құрал – жабдықтар арқылы тексеру әдістерін қолданады?

5. Мейірбикенің педагогикалық аспектідегі жұмысы не болып табылады?

Созылмалы энтерит

Созылмалы энтерит дегеніміз жіңішке ішектің қабынуы.

Этиологиясы. Әкеліп соқтыратын себептерге ішектік жұқпалар, алиментарлық бұзылыс, дұрыс тамақтанбау, тағамдық аллергия, құрт-гельменттер, улану, радиациялық зақымдану т.б. факторлар жатады.

Патонегезі. Қалыпты түрде жіңішке ішекте бактериялық флора өте аз. Энтеритте ішекте патогендік микроорганизмдер өсіп, бүкіл жіңішке ішекке жайылып кетеді. Жіңішке ішек қызметі бұзылады, тамақ толық қорытылып сіңірілмейді. Жұқпа әсерінен ыдыраған тағам бөліктері ішек қабырғасының қабынуын күшейтіп одан әрі зақымдайды. Ішектің қабырғасында қабыну, дистрофиялық, атрофиялық процестер дамиды. Осы өзгерістердің әсерінен ішектің сору беткейі азаяды, нәтижесінде ас қорыту процесі бұзылады.

Жіктемесі. (А.В.Фролькис, 1996 ж)

1.Себебіне байланысты: жұқпалық, паразиттік, уытты түрі, дәрі-дәрмектік түрі, тағамдық, радиациялық және басқа ауруларға байланысты түрлері.

2.Орналасуына байланысты: еюнит, илеит, тотальді энтерит.

3.Ағымына байланысты энтериттің 3 дәрежесі байқалады:

І дәрежесі – сырқаттың клиникалық белгілері айқындалмаған. Науқас 5 кг дейін арықтайды. ІІ дәрежесі – сырқаттың белгілері айқын білінеді. Ішектің ас қорыту қызметі бұзылады, науқас 10 кг дейін арықтайды. ІІІ дәрежесі – ішектің ас қорыту, сіңіру қызметі бұзылып, ауыр зат алмасу өзгерістері дамиды. Энтериттің ағымында ремиссия және өршу кезеңдері ажыратылады.

Клиникалық бейнесі. Созылмалы энтеритте кіндік аймағы түйіліп ауырсынады. Ішті қолмен сипағанда ауа құрылы, сұйық сылдыры естіледі. Бұны В.П.Образцов симптомы деп атайды. Созылмалы энтериттің негізгі басты белгісі – іш өту (ішектік диспепсия). Тәулігіне 15-20 рет үлкен дәрет білінеді. Нәжіс сасық иісті, қорытылмаған ас бөліктері байқалады, газ көпіршіктері міндетті түрде болады. Нәжістің түсі ашық сары, саз балшық тәрізді. Науқас тамақ іше салып, дереу дәретке жүгіреді. Дәреттен соң әлсіздік дамиды, суық тер шығады, қолы дірілдейді. Сіңірілу процесінің бұзылуының белгісі- трофикалық бұзылыстар. Сырқаттың ауыр ағымында науқас салмақ жоғалтады, кейде кахексия дамиды, әлсірейді. Гиповитаминоздың белгілері анықталады: терісі құрғайды, шашы түседі, тырнақтары сыңғыш келеді, жүйке жүйелері зақымданады. Іш мүшелері дистрофиялық өзгерістерге ұшырайды. Қанда – гипопротеинемия, гипохолестеринемия, анемия байқалады. Нәжіс микроскопиясында қорытылмаған ас бөлшектері, майлардың тамшылары (стеаторея), бұлшық ет тарамдары (креаторея), торшалардан босаған крахмал (амилорея) байқалады. Аспаптық тексерісте (рентгенологиялық) барийдің ішектен өту уақыты 30 минутқа дейін қысқарады (қалыпты түрде бұл уақыт – 2,5-3 сағат).

Дерт анықтамасы. Аурудың диагнозын клиникалық белгілеріне сүйеніп, нәжіс тексерістерінің нәтижесін шығарып, аспаптық зерттеулердің нәтижелерін талдап анықтайды. Копрологиялық синдромға жатады: сұйық, сілтілі нәжіс, полифекалия, креаторея, стеаторея, амилорея.

Емі. Біріншіден, емдәм тәртібі тағайындалынады. 4а, 4б үстел қолданылады.Тәулік ас құрамы: нәруыз мөлшері – 130-150 гр, майлар – 100-110 гр, көмірсутегілері – 400 – 450 гр. Дисбактериозды асқындырып алмау үшін антибиотиктерді абайлап қолданады. Олардың орнына колибактерин, бифидумбактерин, бификол, хилак форте т.б. тағайындайды. Іш өтуді тоқтату үшін шөп дәрілерін, тұтқырлы висмут препаратын қолданады. Сырқаттың ауыр ағымында анаболдық стероид гормондарын қолданады, ретаболил 0,05г аптасына 1 рет бұлшық етке енгізеді.

Алдын алуы. Созылмалы энтериттің алдын алуы, біріншіден, ішек жұқпа ауруларын уақытында емдеу болып табылады. Сонымен бірге тамақтану тәртібін сақтау маңызды роль атқарады (толық тамақтану, тағамды толық шайнау т.б.) Созылмалы энтеритпен сырқаттанатын науқастар диспансерлік тізімге алынады. Жалпы тәжірибедегі дәрігерде жылына 1 рет қаралып тұрады. Нәтижелі зертханалық тексерістерге клиникалық қан анализдері (нәруыздың жалпы түрі, нәруыз фракциялары, электролиттер, билирубин мөлшері), нәжісті жалпы анализге (копроскопияға) және жасырынды қанға тексеру жатады. Жылына 1 рет ректороманоскопия жасайды. Негізгі емдік-салауатты шараларына темекіден және ішімдіктен бас тарту жатады. Құрамында сүті бар тағамдарды қолданбау, сонымен бірге нәруыз, дәрумендер, микроэлементтері бар тағамдарды кең қолдану.

 

 

Созылмалы жарасыз колит

    Созылмалы жарасыз колит деп тоқ ішектің созылмалы түрде қабынуын айтады.

Этиологиясы. Әр түрлі жұқпалар, саңырауқұлақтар, амебалар, лямблиялар, құрт-гельменттер, улы заттар, дәрі-дәрмектер, дисбактериоз, тамақтану кемістіктері, кейбір ішкі мүшелердің сырқаттары.

Патогенезі. Осы айтылып кеткен факторлардың әсерінен тоқ ішектің ішкі кілегей қабаты зақымданады: сілекей қабаты ісінеді, бара-бара атрофияға ұшырайды, жұқарады.

Клиникасы. Біріншіден іш перистальтикасы бұзылады. Науқас іштің өтуіне шағымданады, іші тәулігіне 2-3 тен 10-15 ретке дейін өтеді, кейде іш қатпамен алмасады. Іші түйіліп ауырсынады, әсіресе тамақтан кейін, дефекация алдында. Сонымен бірге анорексия, кекіру, жүрек айну, іш құрылдау тағы да басқа диспепсиялық белгілері білінуі мүмкін. Науқас әлсізденеді, тез шаршағыш болып келеді, ұйқысы бұзылады, басы аурады, тілі уылады. Образцов - Стражеско тәсілі бойынша ішті сипап қарағанда тоқ ішектің бөліктерінің түйілгенін, газбен тырсылдап тұрғанын анықтауға болады. Нәжіс құрамында сілекей, лейкоциттер, қан, газ көпіршіктері байқалады, дисбактериоз дамиды. Қанда анемия, сәл лейкоцитоз дамиды, ЭТЖ артуы мүмкін. Ирригоскопия тоқ ішектің қабырғаларының атониясын немесе жиырылып қалуын көрсетеді. Колоноскопия тоқ ішектің ішкі сілекей қабатының морфологиялық өзгерістерін дәлелдейді.

Емі. Емдәм тәртібі тағайындалынады. 4а, 4б үстел қолданылады. Науқас жиі тамақтануы керек: тәулігіне 5-6 рет. Химиялық құрамы: ақуыз – 100-120гр, майлар – 100-120гр, көмірсутегілер – 400-500гр. Қабыну дәрісін басу мақсатымен кең спектрлі антибиотиктер, сульфаниламидтер тобының дәрі-дәрмектері тағайындалады (бисептол – 480, фталазол, нитрофурандар). Іш өтуді тоқтату үшін висмут, танальбин, энтерол, церукал береді. Сонымен қатар тік ішекке қабыну дәрісін басу үшін дәрі-дәрмектер қлизма арқылы жіберіледі. Метеоризмде белсенді көмір, эспумизан тағайындалады. Іш түйіліп ауырсынғанда спазмолитик дәрілерін беріледі (но-шпа, галидор, папаверин).

Алдын алуы. Созылмалы колиттің алдын алуы, біріншіден, ішек жұқпа ауруларын алдын алу, оларды уақытында емдеу болып табылады. Сонымен бірге рационды тамақтану, тамақтану тәртібін сақтау маңызды роль атқарады.










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 859.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...