Студопедия КАТЕГОРИИ: АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Туберкулез туралы не білу керек? 15 страница
Асқазан ауруларымен ауыратын науқастарды тексеру әдістері 10 бейнелеме
(асцит), бауыр ісінгенде, ішке ауа жиналғанда - іш көлемінің үлкейгенін байқауға болады. Осымен бірге күре тамырдың солқылдауына, тері астындағы, іш маңайындағы көк тамырдың варикозды кеңеюіне назар аудару керек. Сипалау арқылы патологиялық өзгерісті анықтауға болады. Мұның екі түрі бар: беткей және терең. Сипалау В.П. Образцов және Н.Д. Стражеско тәсілі бойынша жүргізіледі. Беткей сипалау арқылы ауырсыну аймағын анықтайды, ал терең түрімен мүшенің орналасуын, тығыздығын, көлемін анықтайды. Ішті сипалағанда науқас төсекте көлденең жатады, кейде түрегеліп тұрады. Сипалау әдісінің көмегімен қабырға астында пайда болған ауырсынуды, құрсақ тітіркенуін анықтауға болады. Кейбір жағдайларда дерт анықтама жүргізгенде тыңдау әдісі қолданылады. Бірақ асқазанды тыңдаудың аса мәні жоқ. Тыңдауды сипалаумен бірге асқазанның төменгі шекарасын анықтау ретінде пайдаланады. Бұл қарапайым әдіс болғанымен кейде дұрыс емес нәтиже береді. Қалыпты түрде іш қуысында тықылдату арқылы тимпанит дыбысы анықталады. Бауыр, көк бауыр ауруларының қатерлі ісіктерінде, іш шеменінде топас дыбыс естіледі. Зертханалық тексеру әдістерін қолдана отырып ас қорыту мүшелерінің ауруларының белгілерін анықтауға болады. Нәжісті әртүрлі зерттеулерге тексеріп, асқазан және ішек қызметін анықтауға болады. Мысалы: ішек қабыну ауруларында нәжістің құрамында сілекей, ірің болады, асқазан ойықжара ауруында нәжістің құрамында қан білінеді. Асқазан және ұлтабар сөлін тексере отырып, ас қорыту мүшелерінің сөл шығару қызметін бағалайды. Сөлдің түсіне, құрамына, иісіне, қоюлығына көңіл аудару керек. Асқазан ауруының түріне байланысты асқазан сөлінің қышқылдығы әртүрлі болып кездеседі. Ас қорыту мүшелерінің ауруларында құрал – жабдықтар арқылы тексеру әдістері міндетті түрде қолданылады. Іш қуысындағы мүшелердің орналасуын рентген сәулесі, ультрадыбыспен, сканерлау әдісі арқылы анықтауға болады. Эндоскопия әдісі арқылы асқазан және ішектің ішкі кілегейлі қабатының жағдайын, қатпарлардың, шырышты қабаттардың бұзылысын, жараларды, ісіктерді анықтауға болады. Бояу заттарды қолдана отырып өт қалтасының өзгерістерін көруге болады (холецистография). Ішек жолдарын тексеру үшін ирригоскопия (тоқ ішекке бояу зат енгізіп, рентген сәулесімен қарау), колоноскопия (колоноскоп құралымен тоқ ішектің ішкі кілегей қабатын тексеру) әдістерін қолданады. Ас қорыту мүшелерінің қатерлі ісігін анықтау үшін тіннің гистологиялық тексерісін жүргізеді (биоптат алу). Бақылау сұрақтары: 1. Ағзадағы ас қорыту мүшелерінің атқаратын қызметтерінің маңызды ерекшелігі. 2. Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы басты клиникалық белгілерді атаңыз. 3. Ас қорыту мүшелерінің ауруларының дерт анықтамасында қолданатын зертханалық және құрал - жабдықтар арқылы қандай тексеріс түрлерін білесіз? 4.4. Гастроэзофагальды рефлюкс ауруы (ГЭРА)
БДҰ-дың жіктелуіне сәйкес ГЭРА – созылмалы, қайталанбалы, асқазан және өңеш аумағының қызметінің бұзылу нәтижесінде пайда болатын сырқат. Өңеш сақинасының әлсіздігінен асқазан сөлі кері атқарылып, өңештің төменгі бөлігін зақымдайды. Клиникасы. ГЭРА-ның клиникасы өңештік және өңештен тыс симптомдарынан тұрады. Өңештік симптомдарға қыжылдау, кекіру, құсу, дисфагия жатады. Өңеш тұсы, эпигастрий маңайы ауырсынады, түйілу сезімі байқалады.Кекіргенде ауызда ащы дәмді сезінеді.Өңештен жұтқан тамақтың өтуі қиындайды. Науқас аузына сілекейдің көп жиналуына шағымданады. Өңештен тыс симптомдарға өкпе синдромы, анемиялық синдром, кардиалдық синдром, стоматологиялық синдром жатады, яғни пневмония, жүрек қыспасы, қаназдық белгілері байқалады. ГЭРА-да жүрек қыжылдауы көбінесе еңкейіп жұмыс істегенде, кейбір тағамдар ішкенде – ыстық нан, қышқыл сусындар, ішімдіктерден асқынады. Эзофагоскопияда өңештің ішкі кілегей қабатының әртүрлі дәрежеде зақымданғанын байқауға болады. Емі. Біріншіден, науқас өмір сүруін өзгерту керек: тамақ тәртібін сақтап, қышқыл, майлы және ащы тағамдарды қолданбау керек. Сонымен бірге шамадан тыс артық тамақтанбаған жөн, әсіресе жатар алдында тамақтанбау керек. Ұйықтағанда жастықты биік, жоғары төсеген жөн. Дене салмағын қалыпта ұстаған дұрыс. Екіншіден, асқазан қышқыл сөлінің әсерін басу мақсатымен келесі дәрі-дәрмектерді қолданады: маалокс, мотилиум, фамотидин, омепразол т.б.
Гастриттер Жіті гастрит Жіті гастрит дегеніміз - асқазанның ішкі кілегей қабатының жедел түрде қабынуы. Этиологиясы. Дұрыс тамақтанбау, ішімдік ішу, ретсіз көп мөлшерде дәрі - дәрмектерді қолдану (ацетилсалицил қышқылы, сульфаниламидтер т.б.) әсер ететін факторларға жатады. Асқазан сөлінің мөлшері азайғанда немесе көбейгенде ас қорыту дәрісі бұзылады. Осы себептен тамақ қалдықтары асқазанның ішкі кілегейлі қабатын тітіркендіріп қабыну дәрісіне әкеліп соқтырады. Жағымсыз тағамдардың ішіндегі улы заттар асқазан қабынуына әкеліп соғуы мүмкін. Жіктемесі. І.Түріне байланысты: қарапайым; коррозиялы, фибринозды, іріңді. ІІ. Себебіне байланысты: эндогенді, экзогенді. Клиникалық бейнесі. Қалыпты түрде айтылып кеткен факторлардың әсерінен тез арада 4 - 6 сағаттан кейін науқастың іші бүріп қатты ауырады, қыжылдау, тамаққа тәбетінің төмендеуі, аузынан жағымсыз иіс, кекіру, лоқсу, құсу, іштің кебуі және өтуі байқалады. Ауырсыну сезімі ұстамалы түрде өтеді. Науқастың дене қызуы көтеріледі, әлсіздік пайда болады. Қарағанда терісі боз, тершең, тілі уылған. Сипағанда құрсақ қуысы ауырсынады, көбіне эпигастрий маңайында. Тамыр соғуы жиілейді, қан қысымы сәл төмендейді. Қанда ЭТЖ артады, лейкоцитоз білінеді. Ауру 3 – 7 күнге дейін созылады. Дерт анықтамасы. Сырқаттану анамнезі арқылы және клиникалық белгілеріне сүйене отырып анықталады. Фиброгастроскопия әдісін қолданғанда асқазанның ішкі кілегейлі қабатының ісініп, қызарғаны байқалады. Қалыпты түрде жіті гастритте науқас бір аптаның ішінде жазылып шығады. Кейбір жағдайларда ауру созылмалы түріне айналады. Емі. Негізгі ем қағидасы - асқазанды жуып, тағам қалдықтарынан босату. Егер жағымсыз тамақ ішкеніне 6 сағат өтіп кетсе, сифон клизмасын қолданып ішекті жуып босатады. Емдәм терапиясын жүргізу. Алғашқы бір - екі күнде науқас ашығады. Ауырсынуды басу үшін спазмолитик тобының дәрі – дәрмектері қолданылады. Платифиллин 0,2% - 2 мл тері астына немесе но - шпа ерітіндісі 2 мл тері астына енгізеді. Тоқтаусыз құсықта көк тамырға 0,9% - 500 мл изотоникалық ерітіндісін немесе 5% глюкоза ерітіндісін енгізеді. Созылмалы гастрит Әртүрлі факторлардың әсерінен асқазанның ішкі кілегейлі қабатының қайталанған түрде қабынуын созылмалы гастрит деп атайды. Сырқаттың нәтижесінде эпителий торшаларының жаңадан түзілу, жаңару процесі бұзылады, қалыпты физиологиялық регенерациясы төмендейді. Созылмалы гастриттің эндогенді және экзогенді түрі бар. Этиологиясы. 95%-да сырқаттың себебі хеликобактер жұқпасы болып табылады. Ауруға әкеп соғатын негізгі себептердің бірі жиі кездесетін жедел гастрит. Осымен бірге асқазан ішкі кілегейлі қабатына жағымсыз әсер ететін факторлар маңызды роль атқарады. Маскүнемдік, шылым шегу, әртүрлі ретсіз көп мөлшерде дәрі - дәрмектерді қабылдау, дұрыс тамақтанбау. Патогенезі. Асқазанда мочевинаның барлығы мәлім. Хеликобактер түзейтін уреза ферменті мочевинаны ыдыратып, ол HCI қышқылын жойып, хеликобактер айналысында сілтілік орта жасап, оның кедергісіз өсіп-өнуіне жағдай туғызады. Процестің нәтижесінде хеликобактер асқазанның сілекей қабатында үдей өсіп, бүкіл қабаттарына жайылады, соңында дистрофиялық өзгерістерге әкеліп соғады. Жіктемесі. Созылмалы гастриттің 3 түрін айырады (1994 ж, Хьюстен) Атрофиясыз түрін, атрофиялық түрін және ерекше түрін.Созылмалы гастриттің этиопатогенезіне, белсенділік дәрежесіне байланысты бірнеше түрі бар. І.Аутоиммундық А типі. 2.Бактериалдық (хеликобактерлік) В типі. 3.Аралас А,В типтері 4.Химико-токсикалық С типі. 5.Ерекше түрлері: аллергиялық, эозинофильдік т.б. түрлері Клиникалық бейнесі. Екі синдромнан құралады: ауырсыну және диспепсиялық. Асқазан диспепсиялық синдромы асқазан сөлінің құрамына байланысты. Созылмалы гастриттің сөліне байланысты үш түрі бар: 1. секрециялық функциясы жоғарылаған гастрит, гиперацид гастрит; 2. секрециялық функциясы өзгермеген гастрит; 3. секрециялық функциясы төмендеген гастрит, гипоацид гастрит. Аурудың белгілері сөлінің құрамына және мөлшеріне байланысты. Жалпы түрде науқастың жағдайы қатты нашарламайды. Жұмысын істеп жүре береді. Шағымдары: эпигастрий тұсында ауырсыну сезіледі, тамаққа тәбеті төмен, кекіру, қыжылдау, лоқсу, құсу байқалады. Ісінген асқазанның ішкі кілегейлі қабаты әртүрлі тітіркенгіштердің әсерінен ауырсыну тудырады. Осымен бірге жоғары сөлдің қышқылдығы әсер етеді. Науқас тамақ ішкенде асқазаннан қышқыл сөл бөлініп, ауырсыну тудырады. Құсықтан кейін асқазан босап, ауырсыну басылады. Айтып кеткендей созылмалы гастриттің клиникалық бейнесі сөліне байланысты. Егер асқазан сөлі жоғары болса науқаста қыжылдау білінеді, үлкен дәреті кідіріп қалады. Ауырсыну аш қарында білініп, тамақтан кейін басылады. Ал егер асқазан сөлі төмен болса ішкен тамақ уақытында қорытылмай, науқаста жағымсыз иісті кекіру, іштің өтуі байқалады, тамаққа тәбеті төмендейді, тілі уылады. Осы аурумен ауыратын науқастарда қан қысымы сәл төмендейді, адинамия дамиды. Негізінде ауырсыну белгісі тамақ ішкеннен кейін білінген соң, науқастар тамақ ішуден бас тартады, жүдейді. Сөлі жоғары созылмалы гастритте асқазаннан қан кету жиі кездеседі. Ал сөлі төмен созылмалы гастриттерде сирек кездеседі. Бұл мерзімсіз ауру. Аурудың ағымында науқастың жағдайы уақытша оңалып, патологиялық факторлардың әсерінен қайталанып отырады. Қарағанда: тілі уылған, науқас жүдеу болуы мүмкін. Беткей және терең түрдегі сипалау жүргізгенде эпигастрий маңайында ауырсыну білінеді. Созылмалы аутоиммундық гастриттің клиникалық ерекшеліктері: асқазан маңайы түйіліп ауырсынады. Сасық, ащы кекірік байқалады. Жүрек қыжылдайды, ауызда темір дәмі білінеді. Тамаққа тәбеті төмендейді, ішек қозғалысы күшейеді, гиповитаминоз белгілері байқалады – көз көруі нашарлайды, қансырау белгілері дамиды, дерматит, іш құрылдайды,өтеді. Дерт анықтамасы. Сырқатты анықтау үшін науқастың шағымдарын талдап, қосымша әдістерін жүргізеді. Жалпы қан анализінде: ЭТЖ артады, лейкоцитоз білінеді. Анемия болуы мүмкін, себебі асқазанның кілегейлі қабаты қалыпты түрде В12 витаминін шығарады. Гастритте бұл витамин шықпайды, жетіспейді, сондықтан қан жарату дәрісі бұзылады да қан аздық білінеді. Асқазан сөлін тексеру маңызды роль атқарады, яғни асқазан сөлінің құрамына байланысты арнаулы ем жүргізіледі. Нәжісті жасырынды қанға тексеріп, қансырау белгілерін анықтайды. Құрал - жабдық аппарат арқылы тексерістерді қолданып нақты диагноз қояды. Бұларға рентгенге түсірілген сурет, рентгенмен көріп тексеру және гастроскоп аппараты арқылы (фиброгастроскопия) асқазан ішкі кілегейлі қабатын көзбен көру жатады. Емі. Созылмалы гастриттің емі құрамды және нақтыланған болу керек. Бірінші орында дұрыс тамақтану тұрады. № 1 емдәм қолданылады. Науқас тамақты аз мөлшерде және жиі ішеді. Жағымсыз әсер ететін факторлардың бәрі жойылуы керек. Гастриттің емі асқазанның сөліне байланысты. Егер қышқылы жоғары болса оны азайтатын дәрі-дәрмектер қолданады. Бұл топты антацид дәрілері деп атайды. Бұл топқа жататын дәрілер: алмагель, викалин, гастрофарм, гастросидин. Ал егер сөлі төмен болса, қалпына келтіру үшін табиғи асқазан сөлін тамақ алдында 30 минут бұрын береді. Ауырсынуды басу үшін спазмолитик тобының дәрілерін береді: папаверин, платифилин, но - шпа ерітінділері. Асқорыту дәрісін жақсарту үшін ферментті дәрілер береді: фестал, панзинорм, дигестал. Кейбір жағдайларда нәжісті жасырынды қанға тексергеннен соң физио емін қолданады: парафин, тоқтар, балшықпен емдеу. Бактериалдық В типті гастриттің ем кестелері:
1 кесте:
Кесте
Кесте
Алдын алуы. Сырқаттың алдын алуының екі түрі бар: алғашқы және екіншілік. Жіті гастритті уақытында емдеп шығу алғашқы алдын алу түріне жатады, ал созылмалы гастриттің қайталанып келуіне қарсы қолданатын шаралар екіншілік түріне жатады. Созылмалы гастритпен сырқаттанатын науқастар диспансерлік тізімге алынады.Жалпы тәжірибедегі дәрігерде жылына 1 рет қаралып тұрады. Тағам нәрлі және құнарлы болу керек. Нәтижелі зертханалық тексерістерге клиникалық қан анализдері, нәжісті жасырынды қанға тексеру жатады. Жылына 1 рет асқазанды эндоскопиялық әдіспен тексереді (ФГДС), және осы мерзімде тіннен биоптат алады. Негізгі емдік-сауаттану шаралары темекіден және ішімдіктен бас тарту, дұрыс тамақтану болып табылады.
Бақылау сұрақтары: 1. Гастрит сырқатына анықтама беріңіз. 2. Қандай факторлар жіті гастритке әкеліп соқтырады? 3. Асқазан сөліне байланысты созылмалы гастриттің қандай клиникалық түрлері бар? 4. Созылмалы гастриттің емдік қағидасының негізі. 5. Сізге таныс антацид тобына жататын дәрі – дәрмек түрлерін атап шығыңыз. 6. Асқазан ауруларының алдын алу шараларына түсінік беріңіз.
5.6. Асқазан және ұлтабар ойық жара ауруы
Асқазан ойық жара ауруы дегеніміз - асқазанның ішкі қабатында өлі еттің пайда болуы. Негізінде жастар 20 жастан - 40 жасқа дейін сырқаттанады. Көбінесе ер адамдарда байқалады. Асқазан ауруларының ішінде бірінші орында гастрит, ал екінші орында асқазан ойық жара ауруы болады. Этиологиясы. Асқазан ойық жара ауруының дамуына 70-90% хеликобактер микробы әсер етеді. Ол қарында тіршілік етіп, асқазанның сөл бөлу қабілетін күшейтіп, ондағы тұз қышқылы деңгейін мөлшерден тыс арттырып жіберетіні белгілі. Микроб асқазан кілегей қабығын біртіндеп зақымдап, ойық жараның түзілуіне әкеліп соғады. Асқазан ойық жара ауруының пайда болуына нейрогуморалдық бұзылыс маңызды орын алады. Күйзеліс, реніш орталық жүйке жүйесінің қозуын шақырады. Ал бұл вегетативтік жүйке жүйесін қоздырып, қан тамырларын жиырады. Осының әсерінен асқазанның қоректену үрдісі бұзылып жергілікті жерде ишемия пайда болып, жараға әкеліп соқтырады. Сонымен қатар аурудың дамуына әсер ететін факторларға жатады: дұрыс тамақтанбау, химиялық және механикалық тітіркендіретін тағамдар, шылым шегу, ішімдік, созылмалы гастрит, әсіресе сөлі жоғары түрі, тұқым қуалаушылық. Дәрі - дәрмектерді дұрыс қолданбауда әсер етуі мүмкін. Жара асқазанның әр жерінде пайда болуы мүмкін, бірақ та кіші дөңесінде жиірек кездеседі.
20 сурет. Асқазан (2, 3) және ұлтабар (1) жара ауруларындағы ауырсыну аймақтары.
Патоморфологиялық анатомиясы. Жергілікті өзгерістеріне байланысты келесі түрлері болады: 1. жай жара түрі – бұл жара қоршауындағы қабыну дәрісінің байқалмауы; 2. каллезденген түрі – бұл жараның қоршауындағы қабыну дәрісінің өрістеніп байқалуы; 3. асқазандағы ойық жара тесіліп, көрші жатқан ағзалармен бітелуі; 4. асқазандағы ойық жараның тесілуі. Жіктемесі. (П.Я.Григорьев, 1986ж) Жараның орналасуына байланысты асқазан және ұлтабар ойық жарасы болады. Жекеше (бір жара) немесе көпше (бірнеше жара) түрлері бар. Жараның көлеміне байланысты ұсақ және ірі болады. Асқазанда орналасуына байланысты кіші және үлкен дөңесте орналасқан: асқазанның шыға берісінде, жоғарғы бөлігінде, асқазанның күмбез бөлігіндегі орналасқан түрлері болады. Ағымына байланысты: жеңіл түрі – 1-3 жылда қозып отырады, 10-14 күннің ішінде жазылады, науқас белсенділігінен айырылмайды. Орташа түрі – жылына кемінде 2 рет қозып отырады, ауырсыну синдромы айқын білінеді, науқас арықтайды, асқынулар жиі байқалады. Ауыр түрі – сырқат жиі қозып отырады, ауырсыну синдромы қатты мазалайды, аурудың асқынулары жиі дамиды. Клиникалық бейнесі. Ұзақ жыл жүреді. Көктемде күзде өршиді.Негізгі белгісі іштің ауырсынуы болып табылады. Асқазан ойықжара ауруында эпигастрий маңайы ауырады, ал ұлтабар ойықжара ауруында ауырсыну көбінесе кіндік түбінде білініп, сырқат жауырынының астына әсер етеді. Ойықжара ауруының ерекшеліктері: 1. ауырсыну жергілікті түрде білінеді; 2. ауырған жерін науқас саусағымен шұқып көрсетеді; 3. іштің ауырғаны тікелей тамақтану тәртібімен байланысты; 4. бұл мерзімді, көктемде және күзде қозып отыратын ауру. Ауырсыну жараның орналасуына байланысты. Егер ол асқазанның шыға берістегі антральды бөлігінде немесе ұлтабар сағасында болса, аш қарын кезінде және тамақтанғаннан кейін 1,5 –2 сағат өткен соң асқазан тұсы күйіп ауырып мазаны алады. Аурудың түнде қатты ұстап, ұйқыдан мезгілсіз оятатын кездері де бар. Жара асқазанның жоғарғы бөлігінде , яғни кіре берісінде болса, науқас ас іше бастағаннан-ақ ауыра бастайды. Ол әсіресе ащы және ыстық тамақтар ішкен кезде күшейе түседі. Ауырсыну сезімі өңеш бойына, жүрек тұсына таралады, төс ұшының асты сыздайды. Асқазанның күмбез бөлігіндегі жара асқазанды сыздатып, түйілтіп ауыртады. Ол көбінесе ас қабылдағаннан кейін 20-30 минут өтісімен білінеді.Тамақтанғаннан соң үнемі кекіру, лоқсу, ауыздың су татып тұруы да осы кеселге тән көріністер. Асқазан ойықжара ауруында іштің ауырғаны тамақтан кейін аз уақыт өткен соң байқалады (ерте ауырсыну), ал ұлтабар ойықжара ауруында тамақтан кейін 3 - 4 сағат өткен соң ауырады (кеш ауырсыну). Негізінде асқазан жара ауруында ауырсыну аш қарынға немесе түнгі уақытта білінеді. Тамақтанғаннан кейін ауырсыну басылады. Қыжылдау және құсу белгілері де жиі кездеседі, кейде құсық қан аралас болып білінеді. Құсықтан кейін науқастың жағдайы жақсарады, өйткені асқазан қышқыл сөлінің жараға деген әсері азаяды. Асқазан және ұлтабар ойық жара ауруларында аурудың белгілері қатты білінеді. Пациент жұмысқа деген қабілетінен айырылады. Асқазан ойықжара ауруында сырқат ашуланшақ, ұйқысы бұзылады, тілі уылған, эпигастрий маңайында немесе кіндік түбінде ауырсыну білінеді. Үлкен дәреті көбінесе кідіріп қалады. Қарт адамда клиникалық бейнесі білінбей өтуі мүмкін. Сырқаттың жалпы түрі өзгермейді. Дерт анықтамасы. Жалпы қан анализінде қаназдық білінеді, лейкоцитоз байқалады, ЭТЖ артады. Асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы қалыпты түрде 40 - 60 бірлік, бос қышқылы 20-40 бірлік, ал байланысқан қышқылы 20-30 бірлік. Асқазан ойықжара ауруында осы көрсеткіштердің бәрі артады. Нәжісті жасырынды қанға тексергенде Грегерсен сынамасы оң болып білінеді (нәжісте қан табылады). Рентген көрінісінде ойықжара болған жерге барий сұйықтығы құйылып, ойма, яғни «+» белгісі байқалады. Фиброгастроскопияда жараны көзбен көріп, көлемін, орналасуын, жараның түрін анықтайды. Биопсия арқылы асқазан ойықжара ауруын асқазан қатерлі ісігінен айырады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 923. stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда... |