Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

М.А. Холодная бойынша интеллектуалды дарынды адамдар типі? 8 страница




Ал психологиялық тестілеудің дамуының келесі кезеңі Джеймс Маккин Кэттеллдың атымен байланысты. Бұл американдық ғалым өз жұмыстарында эксперименталды психологияны және адамдардың индивидуалды айырмашылықтарын зерттейтін психология саласын біріктірді. 

       1890 жылы Кэттелл өз мақаласында «интеллектуалды тест» ұғымын ұсынды. Бұл тесттер колледж студенттердің интеллектуалды деңгейін анықтауға арналатын. Кеттелл ойынша интеллектуалды функцияларды өлшеу үшін адамның сенсорлық қасиеттерін (бұлшық ет күшін, салмағын, жылжу жылдамдығын, ауруға сезгіштігін, көру және есту өткірлігін, реакция уақытын) тестілеу керек.

Кэттеллден кейін европалық психологтар (Германияда Орн, Креппелин және Эббингауз, Италияда Гуччарди және Феррари) осындай тестелерді құрастырып жинады. Бірақ Бине және Генри 1895 жылы Францияда шыққан мақаласында тестілерде интеллектуалды деңгейді анықтау үшін сенсорлық қасиеттерге көп көңіл аударудың қажеті жоқ деген. Өз көзқарасын дәлелдеу үшін олар жаңа тестілерді ұсынды. Бұл тесттер ес, қиял, зейін қасиеттерін өлшеуге бағытталған болған.

11. В.Н.Мясичев бойынша жеке тұлғаны қарастырудың нормалық және патологиялық аспектісі

қатынастар психологиясы В.Н.Мясищевтің еңбектерінде дамытылды. Ол мына тезисті тұжырымдады: тұлғаның мәні оның болмысқа қатынасы болып табылады. Адамның дамыған психологиялық қатынас ол әртүрлі жағы бар болмысы бар тұлғаның индивидуалды, таңдамалы, саналы байланыстарының тұтастай жүйесін көрсетеді. В.Н.Мясищевтің айтуынша психологиялык қатынастың құрамына үш компонент кіреді: танымдық (когнитивті), эмоциялық және ерік. Алайда бұл компоненттерді қатынастардың құрылымдық элементтері ретінде емес оны психологиялық талдаудың үш әртүрлі мағыналық ракурсы ретінде қарастырылады. Тұлғаның қатынастары орнықты немесе орнықсыз болуы. Тұлғалық құрылымның жоғарғы қабатына кірген қатынастар өзгергіштікпен сипатталады. Қатынастар тұлға ядросына жақын болған сайын соғұрлым олар статикалы болады және ішкі мен сыртқы өтіп жатқан өзгерістерге ұшырамайды. Егерде бұл терең қатынастар өзгере қалса да онда тұлғаның психологиялық қатынастарының барлық жүйелері трансформацияланады.

Кеңестік психологиядағы тұлға теорияларының жалпы постулаттары: Тұлғаның кеңестік концепциялары егер вариациялары болса онда келесі жалпы теориялық пункттерде қосылады: Тұлғада биологиялық айналдырылған формада әлеуметтік ретінде өмір сүреді. Табиғи (органикалық) сипаттамалар тұлға құрылымында оның әлеуметтік шарттанған элементтері сапасында болады. 2. Тұлғаның белсенділігі ситуацияға алғашқы берілген шектеулерді түсіруге әкеледі. Мақсатқа жету жолындағы кедергілер мен шектеулер оларды жеңуге бағытталған ерекше іс-әрекетті оятады. Тұлға деген ол индивидтің социумда алған жүйелік сапасы. Өзіндік ұйымдасудың осы арнайы формасы туа берілген индивидтік қасиеттердің үстінде орналасады. Тұлға орнықты тұлғааралық байланыстар жүйесінде ғана түсінікті болады. Кеңестік психологияның базалық жағдайларының негізінде (А.Н.Леонтьев) бұл байланыстар бірлескен іс-әрекеттің мағынасымен, мазмұнымен, құндылықтарымен жанамаланады.  Максимализация постулаты: тұлға индивидтің максималды персонализацияға ұмтылуынан туады (А.В.Петровский) Осы постулаттан теориялық гипотезалар туындайды: а) индивидуалдылығын белгілеу жоспарында құндылықтары бар индивид қабылдаған кез келген бастан  кешірулер қажеттілікті персонализацияға маңыздандырады және басқаның мәнділігін іздеумен анықталады онда индивид идеалды түсініктерді алуы мүмкін; b) индивид қарым-қатынастың кез келген ситуациясында өзінің

индивидуалдылығын таратуға және анықтауға ұмтылады, осы нақты жағдайда

персонализация мүмкін болады. Оны жүзеге асырудың мүмкін болмауы өзінде

жаңа мүмкіндіктерді іздеуге апарады немесе заттық іс-әрекетте өзін табуға

апарады;

с) қарым-қатынастың екі немесе оданда көп серіктестерінен субъект

максималды адекватты персонализацияны қамтамасыз ететін адамды дұрыс

көреді. 















М.А. Холодная бойынша интеллектуалды дарынды адамдар типі?

Дарындылық - бұл бірдей өмір шартында қатарларымен салыстырғанда үйрену мен оқуға аса жоғары қабылдаулары мен шығармашылық ерекше көрініс берулері. Бұл - “тек ақыл-ой дамуының жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның дамуына бағытталған кейбір талап-мақсаттар”, бұл - “мақсатты ұмтылушылық ақыл-ой күшіне ерте дайындық”, бұл - “адам іс-әрекетінің кез-келген әлеуметтік - маңызды сферасында белгілі жетістіктерге жете алу қабілеті”.

Келтірілген цитаталардан көретініміздей, дарындылық - бұл тек психологиялық құбылыс емес, сонымен қатар әлеуметтік құбылыс. Өйткені адамның іс-әрекетінің әлеуметтік сферада жетістіктерге жетуі туралы сөз болып отыр.

Қазіргі кезде интеллектің бірнеше анықтамасы бар. “Интеллект кең - мағынада - барлық танымдық іс-әрекет, ал тар мағынада - адамның ақыл-ой қабілеттілігінің сферасын білдіретін жалпылау түсінігінің ерекшелігі”. Интеллектуалды қабілеттіліктер адамға қоршаған ортадағы заңдылықтар байланысы мен қатынасын ашуға, өз ақыл-ой процестерін танып, оларға әсер етуге (рефлекстер мен өзіндік регуляция), пайда болатын өзгерістерді көруге, жаңа ситуацияларға үйренісу және ақиқатты белсенді өзгертуге көмектеседі.

М.А. Холодная пікірі бойынша, ақыл-ой қабілетілігінің негізінде адамның қоршаған ортаны талқылап, көретін ерекше түрде ұйымдастырылған даралық тәжірибесі бар.

Ресей психологиясында интеллектуалды қабілеттілік пен креативтіліктің даралығы мен интеграциясы труалы мәселе, бүгінгі күнге дейін арнайы қарастырылмады. Бірақ қазір бұл сұраққа арналған көп зерттеу жұмыстары бар (В.Н. Дружинин, А.М. Матюшкин, М.А. Холодная тағы басқалар).

В.Н. Дружинин бұл мәселе бойынша отандық және шетел авторларының түсініктеріне анализ жүргізе отырып, өз позициясын бөліп көрсетті. Оның пікірі бойынша, интеллектуалды қабілеттілік пен шығармашылық қызметтерін бөлудың қажеті жоқ, креативтілік үшін интеллект төменнен кем болмауы қажет, бірақ осымен қатар интеллект және креативтілік - тәуелсіз қабілеттіліктер деп айтады.

Осылай, интеллектуалды қабелттілік пен креативтіліктің арақатынасы жөнінде бірдей пікір жоқ. Бірақ, бұл мәселе дарынды балалармен жұмыс жасаудың теориясы мен практикасында қызығушылық туғызып отырғаны күмәнсіз.

В.А.Геодакян теориясы.

В.А.Геодакянның теориясы. Гендерлі ұқсастық қалай қалыптасады, яғни ол нақтылы дараның еркек немесе əйел жынысына тəн болуды анықтау. Ол мынаған байланысты: біз назарымызды дамудың

Ішкі процестеріне, жыныстың дифференциациясына көбірек аударсақ немесе қоғам баланы қалай тəрбиелейді, белгілі бір жыныстық рольдердің жүйесін меңгеруге қалай көмектесетініне назарымызды көбірек бөлсек, ол процесс психосексуалды даму немесе гендерлі əлеуметтену деп аталады.Американ сексологы Джон Мани ұсынған адамның психосексуалды даму картасының жалпы сызбанұсқасы былай көрінеді.Осы ұзақ процестің алғашқы звеносы - хромосомды немесе генетикалық жыныс (ХХ - ұрғашы, ХУ - еркек) ұрықтану сəтінде жасалынады жəне болашақта еркек немесе əйел жолын өтетін ағзаның дифференциациясының генетикалық бағдарламасын анықтайды Психосексуалды дамуда “табиғи” жəне əлеуметтік факторлар түптелгендіктен оларды бір-бірінсіз түсінуге

болмайды, яғни ол күрделі биоəлеуметтік процесс болып табылады. Жыныстық дифференциациясының кез келген сын кезеңінің бұзылуы болашақта адамның сексуалды жүріс-тұрысына, өзіндік санасына зиян келтіруі мүмкін. Осы кезде потенциалды əлсіз болып табылатын əйел емес еркек.

14. Дж. Гилфорд бойынша интеллектінің құрылымдық репрезентациясы

Дж. Гилфорд бойынша интеллект құрылымын көруге болады. Осы көптеген параллельді қабілеттердің интеграция тәсілін тапты, белгілі интеллектуалды факторларды тұтас үшөлшемді модельге жинады. Бірінші өлшем-мазмұны бойынша төрт категориялы; екіншісі-операциялар бойынша бес категориялы; үшінші өлшем-нәтиже бойынша алты категориялы. Сонымен, мазмұн, құрылымының үшөлшемді есептеледі .

Дж. Гилфорд нәтиженің (өнімнің) төмендегідей 6 типін белгілейді:

1) бірліктер;

2) класстар;

3) қарым-қатынастар;

4) жүйелер;

5) трансформация;

6) импликация.

15. У.Шелдон зерттеулері және компоненттері.

АҚШ-та 1940 жылдары У. Шелдон темперамент теориясы кең танымалдыққа ие болды. Э. Кречмер конституциялық типо-логия теориясы Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың 40-жыл-дарында АҚШ-та одан әрі жалғастырған У. Шелдон болды. Шелдон колледжде оқитын 4000 жуық студенттердің фотосуреттерін визуалды зерттеуде күрделі антро-поскопиялық әдісті қолданды.

У. Шелдон сыртқы белгілер мен мінез-құлық сиаптамалардың арасында корреляциондық анализ жүргізіп, жеке тұлғаның 3 типін ұсынды:

1) Эндоморфты тип- қарны қампиған, майлы тканьдері көп, қарым-қатынаста ашық. Өзінің сезімдерін еркін бейнелейді.

2) Мезоморфты тип – бұлшықет жүйесі жақсы дамыған. Денесі түзу және нығыз. Сезім және ойларында тұйықтық, тынымсыз ке»де агрессивті мінез-құлық байқалады.

3) Эктоморфты тип - арық, ішкі мүшелері әлсіз дамыған. Қол-аяқтары ұзын, жіңішке, бұлшық еттері әлсіз. Мұндай адам тұйық,интровертті және өмірдің қиын жағдайларында жалғыз болуды қалайды.

У. Шелдон құрған типология, конституционалдық типологиялардың арасында негізделген және статистикалық дәледенген болып саналады. Бұл теориялардын көпшілігінде ғалымдар тұлғаның психикалық қасиеттерінің қалыптасуында қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайлардың ескерілмей қалғанын өткір сынға алды.

 

16. «Джогари терезесі» әдістемесінің тиімділігі.

Өзіңді-өзің тану процесі өзіңді-өзің жұртқа ашып беру процесімен тығыз байланысты. Өзгелермен кері байланысқа шығудың америкалық психологтар Лафт Джозеф пен Гарри Инграмның үлгісі бар. Ол «Джогар терезесі» деп аталады.

Бұл диаграммада 4 аймақ белгіленіп алады. Олардың әрқайсысының сипаттамасы да бір-біріне ұқсамайтын, бөлек боп келеді. Оларда мынандай ақпараттар сақаталады:

1.Ашық аймақ.

2.Соқыр аймақ

3.Жабық аймақ

4.Белгісіз аймақ.

Енді осы аймақтардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталсақ.

Ашық аймақ. Адамның өзіне және оны қоршаған адамдарға белгілі іс-әрекет, сезім, ойды қамтиды. Бұл аймақтың ақпараттары өзге индивидтермен байланысқа түскен кезде айқындалып шығады. Ашық аймақ адамдар арасындағы сенімнің күшеюімен бірге кеңіп отырады.

Соқыр аймақ Адамның өзіне белгісіз, бірақ өзгелерге айқын сол туралы ақпараттарды қамтиды. Басқаша айтқанда, өзі байқамаса да, өзгелер байқайтын бірақ оның өзіне ескертуге ұялатын ақпараттардан тұрады. Бұл әрине адамды кері итеретін сөйлесу әдебі болуы ықтимал, сондай-ақ, әңгімелесушінің ашуын тудырып қалуы да ғажап емес. Екеуара әңгіме барасында әдетте байқалған сыртқы белсенділік өзгелер арқылы байқалып, ол жинақталған кезде, оларда сол адам жайлы толық көзқарас қалыптасады. Бұл ретте адам оның бәрін өзі бірде-бір рет байқамаған болып шығуы да ғажап емес.

Жабық аймақ. Бұл аймақта адамның өіне белгілі болғанмен, оны қоршаған адамдарға белгісіз ақпараттарды қамтиды. Яғни, өзі сезінетін, бірақ былайғы жұртқа беймәлім ақпараттарға ие. Бұл шешелімеген мәселелер, интимдік моменттер, оның ешкіммен бөліспейтін сезімдері де болуы мүмкін.

Белгісіз аймақ. Бұл аймақ адамның өзіне де, оны қоршаған адамдарға да белгісіз мәліметтерді қамтиды. Мәселен, әлі ашылғмаған қабілет-қарым, дамудың потенциалдық мүмкіндіктері…

17. Жеке тұлғаны зерттеуде Льюшер әдістемесі.

Түстерді таңдау әдісін Макс Люшер психологияда алғашқы болып ұсынған. Әдістеме саналанбайтын, тұлғаның терең мәселелерін, реакция типін, қоршаған ортаға бейімделу деңгейін, мінездің өткір жақтарын және клиникалық көрінісін анықтауға арналған.

Бұл әдісті қолдану практика саласындағы психологтарға, әсіресе, дәрігерлік және педагогика мамандықтарына кадрлерді іріктеуде, жанұялық кеңес беруде, дифференциалды психологияда, психологияляқ жекелілік өлшемдегі коррекция мен психотерапияда т.б. жағдайларда қолдану ұсынылады.

Макс Люшер – дәрігер, әлеуметтанушы, Базелдегі Швейцариялық антропологиялық институтының психотерапия кафедрасының доценті. Оның сегіз түсті тесті – өте қызықты, стимулды материал, оригиналды түрде жасалған әдістеме, сондай – ақ адам психикасының жан - жүрегіне күшті аккорд (аккорд – түрлі деңгейдегі жоғарлылық) бірнеше музыкалды дыбыстардың үйлесімді түрде байланысуы ) ретінде әсер етеді.

Түсті қабылдаудағы ғылыми жұмыстар 20 ғасырдың басынан басталды және үш түсті теорияда қарастырылған: Юнг – Гельмгольц, сондай – ақ Хартридж көп түсті қабылдау еңбегінде де қарастырды. Түстік перцепцияның психологиялық және физиологиялық процесстерге әсерін көптеген зерттеулерде де көрсетілген. ( Ю.Ф. Поляков, А.М. Иваницкий). М. Люшердің бұл еңбегі көптеген психологтар мен дәрігердің назарын аудартты. Мысалы: Х. Клар, К. Флиннхауз, У. Гро, А.Алишев, А. М. Эткинд, Е.Ф. Бажин, Н.В. Агазаде, А.И. Юрьев т.б.

Әдісті өңдеудің теориялық негізінде әлеуметтік – тарихи символикалық түстер, психоанализ бен психосоматика элементтері жатыр. Өзге тұлғалық тестерден, әсіресе вербалды тестерден үлкен айырмашылығы мәдени – этникалық негізі төмен, әдісті өткізуде тұлға бойындағы қорғаныс механизмдері деңгейінің төмен болуымен де ерекшеленеді.

Люшердің түстік тесті. Сегіз түс қатары ұсынылады. Люшер әдістемесінің негізі екі нұсқадан тұрады: 73 түстік кестенің көмегімен толық зерттеу; 8 түстің ретін қолдану арқылы шағын зерттеу болып табылады. Толық зерттеудегі түстер қатарындағы әдістеме күшті көп талап етеді, тұлға жайындағы алынатын мағлұмат та толық болады. Алайда, алынған нәтиженің дұрыс өңделмеуі, ақпараттың дұрыс игерілмей қалуы нақты, толық емес ақпараттың алынуына әсерін тигізеді.

Әдісті жүргізудегі тексеру кезеңі төмендегідей өткізіледі: зерттелушіге алдындағы кестедегі түсті таңдау және таңдалған түс сол жердегі киімнің түсімен т.б. жағдайлармен сәйкестендіріліп таңдалмауы қажет деген нұсқау психолог тарапынан дұрыс түсіндіріліп өтілуі қажет; Ол сол сәтте қай түсті қаласа, соны таңдап көрсетуі керек; Зерттелушінің алдына қойылатын түстің эталонын қоюда индифферентті фонды қолдану қажет. Бұл әдісті күндіз, жарық жерде өткізуді ұсынады. Түстік кестелер арасындағы қашықтық 2 см –ден кем болмауы қажет. Таңдалған эталон үстелдің үстінен алынады немесе теріс жағына аударылып қойылады. Психолог әрбір таңдалған эталонды нөмірлеп, хаттамаға тіркеп отыруы қажет. Оларды тіркеудегі жазу үрдісі солдан оңға қарай жүзеге асады. Түстерді орналыстыруда мына нөмірленген рет міндетті түрде сақталуы қажет:

1 – қою-көк ( темно синий )

2 – қою жасыл ( темно зеленый )

3 – қызғылт-сары - қызыл ( оранжево – красный )

4 – сары

5 – күлгін ( фиолетовый )

6 – қоңыр

7 – қара

0 – сұр

Барлық түсті таңдағанға дейін, яғни әрбір түсті таңдағанда « Сіз өзіңізге жаңғымды түсті таңдаңыз! » деп психолог зерттелушіге ұмытпай ескертіп отыруы қажет. 2 – 5 минуттан соң түстерді қайта өзге ретте араластырып, зерттелушінің алдына қайта қоя отырып, психолог:

- «Бұл әдіс сіздің ес үрдісіңізді зерттеуге арналмаған. Өз еркіңізбен ұнаған түстерді таңдаңыз!» деп нұсқау береді.

- Алғашқы таңдалған екі түстің біріншісі - зерттелушінің негізгі әрекетінің әдісін, ал екіншісі - мақсатын аңғартады. Бұл екеуі « + » қосудың таңбасымен белгіленеді. Яғни, таңдалған әрбір түстер қатары белгілі таңбалармен кодталады.

- Үшінші - төртінші ретте таңдалған түстер қатары « * » таңбасымен белгіленеді. Бұндағы таңдалған түстер «сол ситуациядағы заттардың шынайы орналасуын » және « әрекеттің бейнесін » көрсетеді.

- Бесінші – алтыншы позициядағы түстердің таңдалуы «селқостықты » аңғартса, « = » тең белгісімен кодталады. Тұлғаның бесінші – алтыншы позициядағы таңдаған түстері сол кездегі қажет емес резервке бағыттайды, тұлғаның әрекетсіз индифферентті зонасын көрсетеді.

- Жетінші - сегізінші реттегі түстер «жағымсыз», ол «-» алу таңбасымен белгіленеді және функционалды мәні «орындалмай қалған тұлға қажеттіліктері». Бұл М.Люшердің түстік реттегі интерпритациясы. Жалпы әдістемедегі түстер екіге бөлінеді: 1-іншісі - негізгі түстер: қою көк, қою жасыл, қызғылт сары қызыл, ашық сары түстер; 2 – іншісі - қосымша түстер: қара, сұр, күлгін, қоңыр.

М.Люшер бойынша негізгі түстер базалық психологиялық қажеттілікті символдайды, олар:

1. Қою - көк түс - қанағаттану, тыныштықтың белгісі, сезімталдылық пен жарақаттанушылықты көрсетеді, эстетикаға бейім, эмпатиясы бар, сенімділік, сензитивтілік, берілгіштікті байқатады. Бұл түстің төменгі қатарда таңдалуы эмоционалды қарым - қатынаста қанағаттанбаушылықты көрсетеді. Темпераменттің ішінде флегматик типі жиі осы түсті қалайды. Өмірде түн мезгілімен салыстырмалы түрде қарастырады. Өйткені ол тұлғалардың босаңсу, тынығу, ұйқы т.б. процесстерімен тікелей байланысты.

2. Қою - жасыл түс - өзіндік бекітудегі қажеттілік. Тұлға бойындағы қысымды, талпыну, мақсатқа ұмтылушылықты, өзгерістерге қарсы тұру, көзқарасының тұрақтылығы. Сары түспен қатар қолданылуы бостандыққа деген ұмтылысты білдіреді. Екінші - үшінші позициядағы түстер емес, өзге түстердің ретінде таңдалса тұлға бойындағы қысымды айқындайды. Өмір ситуациясында адамдарды қоршаған ортасының түсімен тікелей байланыстырады: өсімдіктердің, ағаштардың, гүлдердің т. б. Ол обьектілер қоршаған орта болып табылатындықтан қорғанысты білдіреді. Темпераменттердің ішінде меланхоликтердің сүйікті түсі болып табылады.

3. Қызыл түс - «әрекет ету», «жетістікке жету». Тұлғаның энергиясын жұмсаудағы физиологиялық күйі, спортқа, жеңіске, эротикаға т.б. деген ерігі, қалауы. Бұл әдістемені жүргізу барысында бұл түсті қаламау физиологиялық және жүйкелік жұқару, тозу, сексуалды қызығушылықтың төмен болуын аңғартады. Таңдалған түстердің алдыңғы қатарында болуы көшбасшылыққа деген ұмтылыс, тұлға бойындағы шығармашылық бастау т.б. байқатады. Алғашқы үш түс қатарында болмаса эмоционалды - вегетативті қысымды көрсетеді. Өмірлік жағдайда ертедегі ер адамдардың аң аулау үрдісімен тікелей байланыстырады, яғни отбасын асырау үшін аңды аулауда белсенділікті байқату, сондай - ақ адамның сексуалды қозу зоналары да осы түспен байланыстырылады. Бұл түс сангвиниктердің түсі болып табылады.

4. Сары түс - алға ұмтылу, үміттену қажеттілігі, релаксацияны білдіреді. Сары түсті таңдау үлкен бақытқа деген үзілмес үміт, болашаққа ұмтылыс, жаңаға ұмтылу т.б. Тұлға бойындағы жағымсыз күйлерде ол шыдамсыздықты, мазасыздануды, көре алмауды т.б. білдіреді. Сары түсін қаламау ( 6,7,8 орын ) көңілдің қалуы, адам үмітінің орындалмай қалуын аңғартады. Жасыл түспен қатар қолданылуы үлкен әлеуметтік статусқа ұмтылуды байқатады. 2,3,4,5 реттегі түстерден басқаларда тұлға бойындағы қысымды білдіреді. Өмір жағдайында қараңғы түннен соң шығатын күн элементімен байланыстырылады. Аспанды жарыққа толтыру, адам бойында белсенділікті оятуға шақырады. Бұл холерик типтес индивидтердің жиі қалайтын түсі болып табылады.

5. Жалпы жоғарыда қарастырылған түстер тепе - теңді тұлғада алдыңғы қатарда болулары қажет.

6. Күлгін түс - қызыл мен көк түстің қасиетін қамтиды. Жауапкершіліктің болмауы, шынайлылыққа сай келмеу, магия, өзгелерді таң қалдыруға деген ұмтылыс т.б. Бұл түсті жеткіншектер және жүкті әйелдер жиі таңдауы мүмкін. Себебі ол кезеңде олар эмоционалды тұрақсыздықтың күйінде жүреді. Гомосексуалдылыққа икемділерде бұл түс таңдалады. Күлгін түс 3,7 позицияда мәні жоқ, ал жүктілер мен жеткіншектерде 1,2 позицияларында ешқандай мәнге ие емес.

7. Қара түс – экстремалды жүріс - тұрыс, көп жағдайды қаламау, яғни «жоқ» ұғымымен сәйкес келеді. Өзге түстердің таңдалуына да әсерін тигізеді. Бірінші орында таңдалса адам өмір оқиғаларына қарсы келу, ойланбай әрекет етуді байқатады.

8. Қоңыр түс – алдыңғы қатарда болса физикалық дискомфортты байқатады. Әсіресе тұлғаның ауыру, науқастану кезінде жиі алдыңғы қатарда таңдалады. Өз жанұясын жоғалтқандарда бұл түсті таңдау байқалады. 8 позицияда болса қажеттілікті терістеу, яғни ол босаңсуда, физиологиялық қанағаттануда өз қажеттіліктерін терістеу болып табылады.

Г. Клара мен Л. Буш қара түсті таңдау ол тыныштыққа ұмтылу, ашық түс тұлғаның эмоцияға бейімділігін, яғни сыртқы әлеммен қарым қатынасын білдіреді деген пікірлерін тұжырымдайды.










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 806.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...