Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

М.А. Холодная бойынша интеллектуалды дарынды адамдар типі? 5 страница




13. Дифференциалды психологияның дамуына үлкен үлес қосқандар В.Вундт, Крепелин, Бине, Шарко, У. Штернның зерттеулерін салыстыра отырып, дифференциалды психологияның даму кезеңдеріне салыстырмалы сараптама жасаңыз.

Бине тесттің бірінші түрі 1904ж,ал соңғысы 1911ж шыққан,ал 1912ж неміс зерттеушісі Вильян Штерн (1871-1938)Берлиндегі экспереиталдыпсихология бойынша конференцияда бине тестерін өңдеуде, кәзір барлық психологтарға белгілі интеллект индексін, яғни ақыл-ой жасын, хронологиялық жаста болуды пайдалануды ұсынды. Бұл индекс жеке интеллектуалдық немесе интеллект коэффициент (І )атағын алды.

    Осы уақытқа дейін Штерн индивидуалды айырмашылықтар зерттеуші деген атаққа берік ие болды. Ол психодиагностика бойынша маман (балалар және дифференциалды психологиядан) персоналық психология-адамның уникалдылығы туралы ілімінің жасаушы ретінде белгілі болды. Зерттеуші ретінде оның қалыптасуы неміс психологиясындағы жетекші екі бағыт –экспереминталды психология (В.Вунд П.Эббин Гауз) және түсінетін психология (В.Дильтей) арасындағы түсінбеушілік кезінде болды. Оның ұстаздары осы екі мектептің өкілдері де болды, осы жағдай оның жеке зерттеулерін анықтады, яғни қызығушылықтың психологиялық құрылымның элементтері сияқты тұтастық индивидуалдыққа да сәйкестігін. 1906ж Отто Липломанмен бірге, Берлинде қолданбалы психология журналының қосымша редакторы болды. Оның қызығушылықтарын ауқымдығы туралы психологиялық дамудың фактлері және себептері (1908). Дифференциалды психология (1911) Интелекті тестілеу әдістері (1912), Ерте балалық шақ психологиясы (1914), Психология және персонализм (1917) атты кітаптары бойынша байқауда болады. 1916-1933ж.ж ол Гамбургтағы колониалды институттын (университет деңгейіндегі оқу орны) басқарады және бір қатар зерттеушілік жобалар жүргізеді.1919ж билікке нацистер келгеннен кейін,ол институтты қалдыруға мәжбүр болып АКШ жер аударып мұғалімдік пен айналысты.

  Штерн Индивидуалды айырмашылықтар психологиясы туралы (1900)еңбегінде дифференциялды психология яғниадамдарды дифференциялау психологиясы,олардың арасындағы айырмашылықтарды.Дифференциалды психология және оның әдістемелік принциптері атаумен ауқымды еңбегінің басып шығарды.

14. Отандық психология мен психофизиологияның қабілеттер мен дарындылық теориясына қосқан үлесі?

Адам қабілеттілігі А.Н. Радищевтің, В.Г. Белинскийдің, Ы. Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың еңбектерінде де əлеуметтік тұрғыда талданған. Абайдың шығармаларында, əрбір қазақ азаматының өзінің қабілетіне сай, бала бағу немесе мал бағу, білім қуу, өнер үйрену, егін егу, сауда жасау сияқты белгілі бір кəсіппен айналысу қажеттігі айқын көрсетілген .

ХІХ ғасырдың екінші жартысында қабілеттілікті зерттеудің жаңа кезеңі басталды, психологиялық тестілеу, онымен бірге ғылымның жаңа бағыты ретінде даралық ерекшеліктердің психологиясы (дифференциалды психология) пайда болды. Бұл мəселемен Францияда өзінің қызметкерлерімен бірге А. Бине, АҚШ-та Д. Кеттел мен С. Холл, Германияда – В. Штерн мен Э. Крепелин айналысты.

ХХ ғасырдың басында француз психологы А. Бине ақыл-ойдың даму деңгейін анықтау тəсілдерін жасаған. Кейінрек, неміс психологы В. Штерн интеллектің жеке деңгейін сипаттау үшін «интеллектуалдық коэффициентін» есептеп шығаруды ұсынды, əрі ақыл-ой қабілеттілігіне мынадай анықтама берді: «Ақыл-ой қабілеттілігі – өз ойын саналы түрде жаңа талаптарға қарай бағыттайтын, жаңа міндеттер мен өмір жағдайына бейімдейтін жалпы ақыл-ой қабілеттілігі».

Қабілет мəселесі арнайы психологиялық зерттеудің пəні ретінде – ағылшын ғалымы Ф. Гальтон ұсынған адамдағы ерекшеліктердің эксперименттік жəне статистикалық зерттеулерінің негізінен болып табылады. Ф. Гальтон адамдардың жеке дара ерекшелігі мəселесін зерттеп, 1869 жылдан бастап ғылыми зерттеулер жүргізе бастады. Сонымен бірге ұлы да қабілетті адамдардың өмірлерін бақылай келе кез келген деңгейдегі қабілеттілікте тұқымқуалаушылық негізгі шарт деген қорытындыға келді.

Кеңес психологтары Б.М. Теплов, Б.Г. Ананьев, Л.С. Выготский, Л.И. Кузмина еңбектеріндегі психологиялық тұжырымдары дарындылыққа интегралдық жеке тəрбие ретінде жүйелі көзқарас тууына негіз болды, адам қабілеттілігінің құрылымдық бөліктерін анықтауға мүмкіндік берді.

Қабілет мəселесіне терең талдау жасаған Б.М. Тепловтың пікірінше, қабілетті дамытпау, көрсете білмеу, біртіндеп айырылу дегенді көрсетеді. Ол эмпирикалық қабілеттіліктердің үш сипатын ұсынды:

1) қабілеттіліктер – бұл бір адамды басқадан айрықшалайтын жеке психологиялық ерекшеліктері;

2) бір немесе бірнеше ісəрекеттердің жетістікті орындалуына қатысы бар ғана ерекшеліктер;

3) білім мен біліктілікті меңгерудің жеңіл əрі жылдам болуының шарты бола тұрса да, қабілеттіліктер білімге, біліктілікке жəне іскерлікке теңелмейді. Əрине, іс-əрекеттің табысты болуын мотивтер де, тұлғалық ерекшеліктер де ықпалын тигізеді. Мотивтердің жоғары болуы жəне еңбексүйгіштік сияқты тұлғалық ерекшеліктер де жетістікке жетуді жоғарылатады. Б.М. Тепловтың іс-əрекетті меңгерудің жеңілділігі мен жылдамдылығына іс-əрекеттегі жетістікпен бірге қабілеттілік те негіз болады жəне бұл үйрену жылдамдығы мотивтерге тəуелді болуы мүмкін, бірақ үйрену барысындағы жеңілдік сезімі (басқаша айтқанда, «субъективті баға беру», қиыншылықтарды бастан кешіру) ынталандыру мотивіне кері қатынаста болуы əбден мүмкін деген анықтаманың жағдайын өзгертеді. Б.М. Тепловтың ғылыми зерттеулерін одан ары қарастырған В.Д. Небылицин қабілеттерде жəне дарындылықта, ең алдымен жеке даралық айырмашылықтарға назар аудару керек деді .

Сонымен, адамның қабілеттілігі неғұрлым дамыған болса, соғұрлым ол іс-əрекетті табысты орындап, оны тез меңгереді, ал іс-əрекеттің өзі жəне іс-əрекетті меңгеру үрдісі өзінің қабілеттілігі жетпейтін саладағы жұмысы немесе оқуына қарағанда субъективті оңай болады.

С.Л. Рубинштейн қабілеттіліктерді адамның белгілі бір іс-əрекетті жасауына қажетті бірқатар мəліметтерден жəне нақтылы бір ұйымдасқан іс-əрекет үрдісі барысында ғана қалыптасқан ерекшеліктерден тұратын синтетикалық күрделі құрылым деп түсінеді .

И.П. Павлов адам қабілетінің əртүрлі болуын сигнал жүйелерінің өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіреді. Мұны қандай да бір іс-əрекетпен айналысқанда көріп байқауға болады. Сигнал жүйелерінің арақатынасының ерекшеліктеріне орай И.П. Павлов адамның жоғарғы жүйке жүйесінің үш түрін келтіреді. Олар көркем, ойлағыштық жəне орта түр болып бөлінеді. Бірінші түріне жататындар əсершіл, қызу қанды, ашық, ақ жарқын болып келсе, көргені мен естігенін ой елегінен өткізіп, талдағанды, саралағанды жақсы көреді, ал үшіншілері талантты, дарынды жандарды қамтиды. Адамның қай түріне жататындығына қарай оның қабілетін байқауға болады. Яғни, мүлде қабілетсіз адам болмайды, тек ол біреуде күштірек болса, біреуде шамалы болуы мүмкін.

Қабілеттілік үнемі жетілдіруді, дамытуды қажет етеді. Оны дамыту ұдайы ізденуге, жаттығуға, үздіксіз өздігінен оқуға байланысты. Мəселен, ертедегі Грецияның əйгілі тапқыр шешені Демосфен ерекше ойланып жаттығу мен тынбай тілін сындырып сөйлеп дағдыланудың нəтижесінде өзінің кекештік кемістігін жойып, шебер сөйлейтіндей шешендік қабілетін жетілдірген. Орыс ғалымы Е.К. Гусева оқуды 40 жасынан бастап, 73 жасында ғылым докторы болған. Құлағы көрмейтін, көзі көрмейтін, сөйлей алмайтын мылқау кемістіктеріне қарамастан И.О. Скороходова барынша үзбей жаттығудың нəтижесінде көптеген ғылыми жəне əдеби еңбектер жазып, ғылым докторы дəрежесіне жеткен.

Сонымен қатар, жоғары қабілеттілікті Шоқан Уəлихановтың өмірінен аңғаруға болады. Ол бірқатар Еуропа жəне шығыс тілдерін меңгерген, этнограф, ботаник, социолог, тарихшы, саяхатшы жəне əскери мамандықтарды меңгерген .

Қабілеттіліктің дамуына əлеуметтік жағдай көп əсерін тигізді. Осы тұрғыдан психолог – профессор А.Н. Леонтьевтің «адамның өзіндік қабілеттілігі» деген теориясының мəні зор болды. А.Н. Леонтьев адам миында болатын процестің механизмін зерттей келе өзінің ұсынған бұл теориялық болжамын дəлелдеді. Ол арнаулы жаттығулар жүйесін қолдану арқылы музыкалық түйсігі нашар балалардың музыкалық қабілеттерін қалыптастырды.

Психологиялық теория тұрғысынан адам тұлға болып туылмайды, оның тұлғалық қасиеті іс-əрекет негізінде дамытылады. Адамның тұлғалық қасиеттері оның творчествалық қабілетімен, яғни потенциялдық мүмкіндігімен анықталады. Сондықтан, адам ресурсын, оның тұлғалық сапасын, творчествалық қабілеттіліктерін зерттепзерделеумен психология мен педагогика, философия мен əлеуметтану, экономика мен эстетика, құқық пен тарих сияқты көптеген ғылымдар айналысып келеді.

Қабілеттілік – белгілі бір іс-əрекеттің нəтижелі орындайтындай тұлғаның жеке дара ерекшелігі. Ол іс-əрекетті жылдам, тұрақты, сапалы орындаудың əдіс-тəсілдерімен сипатталады. Оның жоғарғы деңгейі – таланттық, дарындылық, данышпандылықпен жəне бəсекелестікпен ерекшеленеді. Қабілеттіліктің нышандары – адам ағзасының, негізінен орталық жүйке жүйесінің ерекшелігі. Ол – қабілеттілікті дамытудың алғышарты болып табылады

15. Адамдар арасындағы алғышарттар туралы ілімнің айырмашылықтары.

Дифференциялды психология (қазақшаға аударғанда индивидуалды айырмашылықтар психологиясы) – бұл ғылымдағы жеке индивидті немесе топтағы адамдардың индивидуалды ерекшеліктерін зерттейтін бөлім.Оларды қандай да бірп ерекшеліктеріне байланысты: жасына, жынысына, қандайда бір әлеуметтік ортасына қарай топтастырады.

«Дифференциалды психология» терминін 1900 жылы неміс психологы В.Штерн енгізді. Сол кезде оның «Индивидуалды айырмашылықтар психологиясы» атты еңбегі жарық көріп, Штерн әр елдің ғалымдарына психологияның бұл бөлігін бір атаумен атауды ұсынды.

Дифференциалды психологияның зерттеу салалары өз бетінше дамиды және көп жағдайда өзара аз байланысады.

Дифференциалды психологияның міндеті адам психикасындағы индививдуалды айырмашылықтардың заңдылықтарының пайда болуын және көрінуін қарастыру, зерттеудің психодиагностикалық теориялық негізін және психокоррекциялық бағдарламаларын өңдеу болып табылады.Бүгінгі күні білімнің бұл аймағы практика сұранымдарына максималды жауап беруде, сондықтан өте тез дамуда.

Дифференциалды психология психологиялық ғылымның басқа бөліктерімен де байланыс түзеді. Оның жалпы психологиядан айырмашылығы жалпы психология психиканың ( жануарлар психикасын қоса) жалпы заңдылықтарын зерттеуге бағытталған. Салыстырмалы психология ( бір кезде бұл термин дифференциалды психологияға синоним ретінде қолданған) қазіргі кезде эволюциялық баспалдақтың әр түрлі деңгейінде тұрған тіршілік иелерінің психикасының ерекшеліктерін зерттейді. Ол көбінесе зоопсихологияның білімдерін қолданады, антропогенез және адам санасының пайда болу мәселерімен айналысады.

Жас ерекшелік психологиясы жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейді.Дифференциалды психофизиология адам психикасын жоғары жүйке жүйесі қасиеттерінің шартталуымен байланыстыра қарастырады.

Дифференциалды психология өзінің қалыптасуының басынан өз пәнінің ерекшелігімен көңіл аудартты. Штерннің пікірінше, дифференциалды психология психикалық және физикалық феномендерді (құбылыстарды), әрекеттерді және бейімделушіліктерді зерттейді. Яғни, жасырын және объективті бақылауға болмайтындарды ғана емес, сонымен бірге мінез-құлықта және тілекте, бағдарда, басқаша айтқанда жүзеге асатын немесе жүзеге аспайтын қабілеттерде көрінетін құбылыстарды да зерттеуге тырысады. Феномендер дәстүрлі түсінік бойынша – тікелей тәжірибе объектісі, ал іс-әрекет пен бейімділік- жанамалы тәжірибе объектісі.Қазіргі кезеңде дифференциялды психология индивидтік, индивидуалдылықтың пәндік-мазмұнды және рухани-көзқарастық сапасын,өзіндік сана ерекшеліктерін, тұлғалық стиль сипатын, әр түрлі іс-әрекетті жүзеге асыруын зерттейді.

16. Жаңа туған нәрестелер санасын зерттеу. Дифференциалдық сипаттамалары.

Нәрестенің ай сайынғы дамуындағы өзгерістер:

1 айлық бала тік көтерген кезде басын ұстауға тырысады;

2 айлығында етпетінен жатып, басы мен кеудесін көтереді;

3 айлығында етпетінен жатып, шынтақтап денесін көтереді, демеп ұстаса, жамбастап отырады, шалқалап жатып, бүйіріне аунап түседі, мойны қатайып, басын тік ұстайды;

4 айлығында қозғалысы ширап, жеңілдей түседі; бала көтерілгенде алақанымен жер тірейді, әрі-бері аунап түседі, шалқалап "көпір" жасайды, әр түрлі заттарды қолына ұстайды;

5 айлығында әлденеге сүйеніп отырады, қолтығынан демесе, тізесін бүкпей түзу тұрады;

6 айлығында демеп ұстамай-ақ өзі құйрығын басады, немесе тік тұрып, аяғын басуға талпынады;

7 айлығында еңбектейді, өздігінен отырады, тізерлеп тұрады, қолынан ұстап демесе, аттап қадам басады, ойыншықтарын бір қолынан екінші қолына алмастыра алады;

8 айлығында өздігінен отырады, басын өзі көтере алады, бір нәрседен ұстап жүруге талпынады;

9 ай толғанда қаз тұрады және қолынан жетектесе қаз-қаз басады;

10 айлығында өздігінен отырып тұрады, үстелді айналып жүреді, бір қолынан ұстаса, алғашқы қадам жасауға талпынады;

11-12 айлығында бір қолынан ұстағанда жақсы жүреді, демеп ұстамай-ақ өздігінен жүруге талпыныс жасайды, сүйеусіз-ақ отырады, жерде жатқан затты тізерлемей жерден көтеріп алады.

Сана-сезімі мен тілінің дамуы:

нәресте дүниеге келгеннен кейін 2-аптада-ақ оянғаннан кейін бірнеше минут көзін ашып жатады, қарны ашқан кезде жылай бастайды, саусағынсорады;

анасы емізерде бетін солай қарай бұрып, аузын ашады, емуге ыңғайланып, жұтынады;

1 айлығында ширап, аяқ-қолын ербеңдетеді, басын жан-жаққа бұрады, түрлі-түсті заттарға көз тоқтатып қарайды;

2 айлығында дауыс шыққан жаққа мойынын бұрады, ашық түсті зат көрсетсе, емгенін тоқтатады, әр түрлі эмоциялық реакция пайда болады, өзіне қаратып айтылған сөзге езу тартып шалықтап, "гуілдейді";

3 айлығында дыбыс шыққан жақты сезеді де, сол жаққа бұрылады, кәдімгідей күледі;

4 ай толғанда заттың қозғалысын көзімен бақылайды, бөтен адамға жатырқап қарайды, іліп қойған ойыншықрады түрткілеп ойнайды, оларды ұстайды;

5 айлығында анасы мен туыстарын жақсы таниды, өзіне қаратып айтылған дауысты ажырата алады, іліп қойған ойыншық, сылдармаққа қолын созып ұстап, көпке дейін босатпайды;

6 айлығында ойыншықтарға көңіл аударады, оларды қолына ұстап көтеріп, бір орыннан екінші жерге алып қояды, сөз буындарын айтуға алғашқы талпыныс жасайды, қасықпен берген тамақты іше алады, тағамды көргенде аузын ашады;

7 айлығында айнадағы өз келбетіне қарай талпынады, көп уақытқа дейін уілдеп "сөйлейді", бір орында тұрған затты көзімен іздейді, қолда қолға ұмтылады, сөдің жеке буындарын ("ма-ма", "а-па") жақсы айта алады;

8 айлығында ересектердің өтінішімен үйреткен қимылдарды қайталайды, көзіне түскен затты қолына алуға немесе іздеп табуға тырысады, ойыншықтарға анықтап қарайды, бір-біріне соғады т.б.;

9 айлығында әр жерде жатқан ойыншықтарды іздеп табады, кейбір сұрағаныңды орындайды, ұсақ заттарды жинастырады, жәшіктегі ойыншықтарын алып ойнайды;

10 айға толғанда қарапайым сөздерді айта алады, атаған ойыншықты өзі іздеп табады, тыйым салғанды ұғады, жасырынбақ ойнайды (бетіне жаялығын бүркейді);

11-12 айлығында көптеген заттардың атауын біледі, 10-12 сөзге тілі келеді, дене мүшелерін айырып көрсете алады, көресткен және бұрын таныс әрекеттерді қайталайды, сондай-ақ жаңадан әрекеттер жасайды т.б.

17. С.Медниктің креативтілік концепциясы?

Шығармашылық психологиясындағы креативтілік атауымен белгілі болған бағытты зерттеуді Дж. Гильфорд, С. Медник, В. Смит, К. Тейлор, Е. Торренс, Х. Трик, М. Уоллах, Д. Халперн және тағы басқа шетел ғылымдары жүргізді. Бірақ, Н.Т. Алексеев, С.М. Бернштейн, А.Н. Лук, Я.А. Пономарев, Н.Г. Фролов, Э.Г. Юдин, М.Г. Ярошевский сияқты авторлардың айтуы бойынша креативтілікті зерттеудің қорытындылары айтарлықтай нәтижелі болмады. Шетел зерттеулерінің креативтілікке берген анықтамалары мен ұғымдарын талдай және жалпылай отырып, Р. Холлменн былай дейді: «Креативтілік жаңа тәсілмен жүзеге асырылған қабылдау ағыны (Маккеллар), жаңа байланыстар табу қабілеті (Кюби), жаңа қарым-қатынастардың пайда болуы (Роджерс), жаңа шығармалардың туындауы (Меррей), жаңалықтар ашуға және оларды білуге қабілеті (Лассуэль), жаңа шешімдерге әкелетін ақыл-ой іс-әрекеті (Жерар), жаңа ұғымға тәжірибені көшіру (Тейлор), жаңа констелляциялық мағыналардың елесі (Гизелин)»

Креативтілікті зерттеуде өткізілген талдау жалпы заңдылықтар мен ерекшеліктерді тауып, кәсіптік андрагогикада жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Креативтілік тұлғаның аса маңызды интеллектуалдық-эвристикалық сапасы ретінде емес, бағалы-тұлғалық, көп деңгейлі білім беру деп түсіндіріледі.

Креативтілік адамның рухани және тұлғаның шығармашылық өзіндік даму шартының ажырамас бөлігі болатын бағалы тұлғалық саналы категориясы. Ол оның өзіндік көкейтестілігінің айтарлықтай резерві болып табылады. Креативтілік тұлғаның білімнің жан-жақтылығымен емес, қабылдау, мәселелерге сезімталдығы, жаңа идеяларды қабылдауға икемділігі мен жаңаны құру мақсатында тұрақтап қалған стереотиптерді өзгертіп, өмірлік проблемалардың күтпеген және кездейсоқ шешімін табумен айқындалады.

Педагогикада креативтілікті зерттеу оның тұлғалы категориясы ретінде өздік білімін көтеру мен шығармашылық тұлғаның дамуына жету мақсатында оқыту және тәрбиелеудің шығармашылық процесті тиімді ұйымдастыру мен басқару формаларын табуға мүмкіндік береді. практикалық аспектідегі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру мазмұнды түрде инновациялық практикада қорытындылатын білім беру мен тәрбиелеу процесін модельдеуден көрінеді. Тұлғаның креативтілік потенциалы саналы іс-әрекетте дамитын болғандықтан білім беру әрекетінде тұлғаның креативті процеске тиімді кірісуіне жағдай туғызу керек. Шығармашылық дара тұлғаның саналы және бейсаналы ұғымдары қалыптасатын креативті процесті үздік ұйымдастыру мен реттеуде қиыншылық туғызады.

18. Роджерс Сперридің зерттеулері? 

Ро́джер Уо́лкотт Спе́рри (ағылш. Roger Wolcott Sperry; 20 тамыз 1913, Хартфорд, Коннектикут, АҚШ — 17 сәуір 1994, Пасадина, Калифорния, АҚШ) — нейропсихолог, психобиология профессоры, 1981 жылы Дэвид Хьюбелмен және Торстен Визелмен бірге «ми жартышарларының функционалдық мамандануына қатысты жаңалықтары үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын алған.

Өмірбаян

Сперри, Хартфордта Фрэнцис Бушнел және Флоренс Кремер Сперридің отбасында дүниеге келген. Оның ағасы болған (Руссел Лумис). Әкесі Сперри 11 жасқа келгенде қайтыс болды. Сперри Оберлин колледжіндеағылшынша жоғары білім алды (1935), магистр дәрежесін де сол психология мамандығы бойынга алды (1937). Доткторлықты болса Чикаго университетінде 1941 жылы алды. Кейінірек Сперри, постдокторлық зерттеулеріне Карл Лешлимен бірге Гарвард университетінде жалғастырды.

1949 жылы, Норма Гей Дюпреге үйленді. Бір ұлы (Гленн Майкл) және бір қыздары (Джанет Хоуп) болған.

Зерттеулері

Сперридің 10 жылдары өз заманының бірінші ірі ғылыми зерттеулері, Чикаго университетінде замандасы Пауль Уаистің жасаған кеңінен танымал теориясын жоққа шығару болды. Бұл теория бойынша, сезу мүшелері мен бұлшықеттер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін жүйке желісі, кездейсоқ бір-бірімен қосылған жүйке талшықтары қалыптасқан, әсіресе кездейсоқ бір-бірімен қосылған, жаңартылмаған және мамандандырылмаған үлкен оқыту тәжірибесі мен жоғары дәрежелі үйлестіру әсері арнайы мақсаттағы қызмет жүйесін қайта құрды. Адаптация (ing. plasticity) және әрбір фунцияның болуы бұл теорияның шешуші идеялары болды. Вайс бұл теорияға барынша ықтияттылықпен тәжірибе жасады, бірақ ол жағынан деректерді дұрыс түсіндіре алмады. Содан кейін Сперри эксперименттер сериясында әйгілі болған, дәлірек айтқанда Уайс теориясын керісінше көрсетті, не болып жатқанын шын елестетіп көрсетті.

19. Айзенк пен Дж.Гилфордтың факторлы теориялары?

Дж.Гилфорд факторлы анализ ұғымына кеңінен ашты, ақыл-ой функциясына қатысатын фактордың логикалық анализін қосты. Оның «интеллект құрылымы» деген жүйесінде тіпті интеллект компоненттерінің ең күрделі мозаикасы ұсынылған. Бұл жерде барлық ақыл-ой қабілеттері үшөлшемді торап түрінде көрсетілген, олардың құрамында алғашында 120 фактор болды, сосын 150-ге дейін кеңейді.

1 ось бойынша ес және таным, дивергентті және конвергентті ойлау сияқты функцияларды орындау үшін қажет операциялар бөлінген; 2-ші ось бойынша байланыс, жүйе, қайта құрылу және нәтижелер сияқты ойдағы операциялардың өнімдері өтеді; ал 3-ші тапсырмалардың нақты мазмұны – бейнелі, семантикалық, символдық немесе мінез-құлықтық орналасқан.

Төменде Дж. Гилфорд бойынша ақыл-естің 120 факторы тестінің тапсырмаларының кейбір параметрлері көрсетілген. Адам интеллектінің шегін өлшейтін факторлардың санының көбеюі, бұл құбылыстың күрделі табылатын ұқсатуға кқмектесуі мүмкін; және сонда да кейбір теорияшылдар мұндайәдістер негізсіз қанағатсыздықпен қателесті және иерархиялық моделі әдемі деп санады.

20. Егіздердің психологиялық ұқсастықтары және корреляциялық зерттеулер.

Корреляциялық зерттеу біріне бірі бағынбайтын өлшемдер зерттеушілер тобына бөлінеді. Корреляциялық зерттеу жоспары квазиэксперименталды жоспардың түрі болып есептеледі. Тест өтетін топтар эквивалентті шартта болуы қажет. Зерттеу жұмыстарының практикасында параметрдің уақытша корреляциясын анықтайды.










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 945.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...