Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

М.А. Холодная бойынша интеллектуалды дарынды адамдар типі? 6 страница




Бұндай зерттеудің үлгісі болып лонгитюд зерттелуі есептеледі.

Лонгитюдті зерттеу – ол уақы таралық вариант. Квазиэксперимент пен корреляциялық зерттеулер бағынышты жеке анықтау қажет.

Корреляциялық жоспар зерттелуі параллелепипед ретінде, әр шеті зерттелуші, операция, уақытша этапы болып есептеледі.

Негізгі коррелляциялық зерттеулердің түрлерін анықтауға болады.

1. Екі топты салыстыру.

Бұл жоспарды шартты түрде корреляциялық зерттеуге жатқызады. Бұл зерттеу екі табиғи топтың психологиялық қасиетін анықтау үшін қолданады. Мысалы, ер адам мен әйел адам арасында экстроверсиялық айырмашылығын анықтау. Ол үшін екі репризентті таңдау жасап, ЕРА тест арқылы өлшеу өткізуіміз керек. 2 топтың орта нәтижесі Стюдент t- критеримен салыстыру керек. Керек жағдайда дисперсия көрсеткіші мен экстраверсия критерииін салыстырады. 2 топты салыстыру артефакт қатарын корреляциялық зерттеулеріне қатысты. Біріншіден, топтың таңдап алған критериіне бөлінеді.

Екіншіден, өлшемдер әр түрлі уақытша өтеді,

R1-01-

RII-02

Үшіншіден, топ ішінде тестер уақытта өтеді. Жеке зерттелушілер әр уақытта тестен өтетін болса, нәтижесінде уақытша фактор болады.

Егер зерттелуші екі топты салыстыратын болсақ, ең алдымен топтарды ауыстырып алмау қажет. Алғашқы топтарды бөліп тесті жоспар бойынша өткізу керек.

Күрделі деңгейлі сұрақтар

1. Жүйке жүйесінің қасиеттері түсінігінің дамуы, оларды зерттеудегі эксперименттік және өмірлік көрсеткіштердің салыстырмалы рөлі.

Жүйке жүйесін нерв жасушаларының жиынтығы мен нерв бұтақтары (өткізгіш жолдар) құрайды. Ол орталық (ми және жұлын), перифериялық және вегетативтік жүйке жүйесі болып бөлінеді . Онтогенездік тұрғыдан мидың мына бөлімдерін ажыратады: ақырғы ми (ми жарты шарлары және қыртыс асты құрылымдарының бір бөлігі – стриатум), аралық ми (көру төмпешіктері, төмпешік асты және қыртыс асты құрылымдарының басқа бөлігі – паллидум), орталық ми (төрт төмпешік және ми аяқшалары) және артқы ми (Варолио көпірі, сопақша ми, мишық). Сопақша ми бас сүйегі шегінің сыртында жұлынмен жалғасып жатады. Ми мен жұлыннан бұлшық еттерге, байламдарға, буындарға, теріге перифериялық, яғни шеткі жүйке талшықтары тарайды. Жүйке жүйесі артикуляциялық және қаңқалық моторикамен ғана емес, ішкі мүшелермен де (вегетативтік жүйке жүйесі арқылы) тығыз байланысты болады.

Әрі қарай біз жүйке жүйесінің әр бөлімімен егжей-тегжейлі танысамыз.

Жүйке жүйесі тірі ағзаның тіршілігін негізгі қасиеті – тітіркенгіштікті қамтамасыз етіп, адам мен жануарларды сыртқы ортамен байланыстырады. Анатомиялық тұрғыдан жүйке жүйесі орталық және шеткі болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесіне бас миы мен жұлын, ал шеткіге – шеткі жүйкелердің түйіндері олардан шыққан талшықтар, талшықтардың терминальды ұштары жатады.

Жүйке жүйесінің морфологиялық субстраты болып табылатын рефлекторлық доға. Рефлекторлық доғаның құрамында көптеген функциональды маңызды әртүрлі нейрондар тізбегі бар. Бұл нейрондардың денесі жүйке жүйесінің шеткі түйіндері мен орталық бөлігіндегі сұр затында орналасады.

Орталық жүйке жүйесі– адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі. Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен (ганглийлерден), ал омыртқалы жануарларда жұлын мен мидан тұрады. Тірі организмді құрайтын түрлі мүшелер жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады. Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, орталық жүйке жүйесінің орындаушы бөлімдері – орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты” тиісті орнына жеткізеді. Нәтижесінде орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі – рефлекстің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

Орталық жүйке жүйесінде сомалық және вегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары орналасқан. Сомалық жүйке жүйесі сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдайды және қаңқа бұлшық еттерінің қызметін басқарады, ол организмнің қимыл-қозғалысын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Орталық ми қыртысында орналасқан – айқын шектелген шекарасы жоқ, ядро және шашыраған бөліктерден тұрады. Ми қыртысынан шыққан импульстер ми бағанасы мен жұлындағы қозғалтқыш ядролар арқылы бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді. Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі мүшелердің қызметін, зат алмасуды, өсіп-өну процестерін реттейді. Вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің орталықтары ми көпірінде, ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөздік аймағында; симпатикалық бөлігінің орталықтары жұлынның VІІІ мойындық, І – XІІ кеуделік, І – ІІ белдік сегменттерінде орналасқан. Аталған екі бөліктің де қызметін біріктіріп басқаратын жоғарғы вегетативтік орталық – мидың сұр затының құрамында болады. Адам мен жануарлардың ми сыңарларының қыртысы және қыртыс асты (базальді) ядролары орталық жүйке жүйесінің жоғары дәрежелі жүйке қызметін іске асыратын орталығы болып табылады. Адамның мінез-құлқы, оның санасы мен ақыл-ойының ең күрделі көріністері осы ми қыртысындағы шартты рефлекстер арқылы іске асады.

Жүйке орталығы және оның қасиеттері жайлы түсінік

Жүйке орталығы – организмнің белгілі бір қызметінің реттелуін қамтамасыз етуге қатысатын нейрондардың жиынтығы. Бұл түсінік функционалды, себебі нейрондар ОЖЖ әртүрлі анатомиялық бөліктерінде орналасуы мүмкін.

2. Типологиялық теорияны әзірлеу үшін Б.М.Тепловтың сенсорлық психофизиология бағытындағы зерттеуінің мәні.

Борис Михайлович Теплов (21 қазан 1896, Тула — 28 қыркүйек 1965 жыл, Мәскеу) — кеңес психологы, Дифференциалды психология мектебінің негіздеушісі. Ресей ҒА мүшесі (1945), Ресей Федерациясының еңбегі сіңген ғылым қайраткері (1957), профессор, психологиядан педагогикалық ғылымының докторы (1940). Бихебиоризмнің, негізін салушылардың бірі, жануарлардың жүріс-тұрысын эксперименттік зерттеудің обьективті әдістемелерін жасаған («Жануарлар арқылы», 1898). Теплов Машықтар мәселесін зерттеуге елеулі үлес қосты, үйретудің бірқатар заңдылықтарын бекітті, педагогика және оқыту әдістемесі бойынша бірнеше еңбектер жарияланды.

Атақты орыс психофизиологы Борис Михайлович Теплов темперамент жөнінде келесі пікірлерді айтқан. Темперамент –жеке адамның биологиялық іргетасы, тікелей жүйке саласынан туындайтын тума қасиеті. Темперамент адамның аффективті, эмоциялы мінез-құлықтың азды-көпті тұрақты жүйесі.Мінез –құлық пен жүйке жүйесі қасиеттерінің байланысына алғаш рет көңіл аударғандардың бірі көрнекті орыс физиологі И. П. Павлов өзінің итке жүргізген тәжірибесінің нәтижесінде күш, қозғалушылық, теңдік сияқты жүйке процесстерінің түрлерін көрсетті. Бұл сапалар дарақтарды ортаның өзгеруіне икемделуін қамтамасыз етеді. Дегенмен, бұл қасиетерді құрмалай отырып, теориялық тұрғыда жүйке жүйесінің 24 типін бөліп көрсетуге болады (соған қоса түр мінез –құлықтың кеңейтілген бейнесінде белгіленеді). Олардың төртеуі медицинада бұрыннан белгілі темперамент түрлеріне сәйкес қойылады (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик).Жүйке жүйесінің қасиеттері даралық психологиялық айырмашылықтар ретінде Б. М. Павловтың ықпалынан біршама айрықшаланады. Олар өздерінің зерттеулеріне тұрғызған принциптер әлі күнге дейін дифференциалды –физиологиялық зерттеулердің негізін білдіреді.

1. Қасиеттерді емес, түрлерді зерттеу қажет. Егер И. П. Павлов ситетикалылығын ұстанса, (типологиялық ықпалдың) онда Б. М. Теплов бірінші жеке қасиеттерді бөліп алу қажет, ал кейін олардың мүмкін болатын бірігуін зерттеуге болады деп тұжырымдайды.

2. Жеке жағдайлардың суреттелуін емес, сандық анализді іске асыру қажет. Бұл принцип зерттеудің обьективті парадигмасына жаратылыстану ғылымдарының нақты зерттеулеріне сүйенеді.

3. Жүйке жүйесі қасиеттерінің күнделікті көріністерді суреттеуін емес, ал лабараторлы эксперименттерді қолдану қажет.

4. Ағзаның тек еріксіз реакцияларын зерттеу қажет. Яғни өмірлік элементтердің реттелуі минимумға жеткізілуі қажет.

5. Психофизиологиялық сипаттамалардағы индивидуалды айырмашылықтарға бағалау ықпалдарын қолдануға болмайды (яғни жақсы және жаман қасиеттер болмайды, олардың әр қайсысы қандайда бір іс - әрекетке пайдалы болуы мүмкін).

3. Жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері теориясына В.Д.Небылицының үлесі.

Б. М. Теплов пен В. Д. Небылицын қозу және тежелу процестеріне қатысты барлығы төрт –төрттенқасиеттерді бөліп көрсетті.

Парциалды сипат емес, бұл қасиеттердің валенттілігін бөліп көрсетуге кеңейтілген мидің белсендіру қасиеттерін білдіру мүмкін болатын және осылайша коррелятор негізі ретінде орталық жүйке жүйесінің қасиеті табылады. Э. Э. Г. көмегімен орталық жүйке жүйесінің қасиеттеріммен сәйкес келетін төрт интегративті қасиеттер: кеңістік –уақыттық синхронциясы, мидің бүтіні ретіндегі лабильділігі максималды жетістік жылдамдығы мен белсенділік жетістіктерінің минималды шегі. Көрініп тұрғандай, бұл қасиеттер психиканың барлық маңызды бөліктерінде индивидуалды айырмашылықтарды түсіндіре алады, - темперамент түрлері, мінездің, когнетивті стильдер, интеллектуалды және де басқа процестердің жылдамдығы бұл сипаттамалармен байланысты. Жүйке жүйесінің динамикалылығы мен күшін зерттей отырып, В. Д. Небылицын орталық жүйке жүйесінің қасиеттері мен психологиялық көріністерінің анық байланысатынын белгілеген, - мысалы жүйке жүйесі әлсіз адамдар монотонды жұмыстарымен жеңіл шұғылданады, ал экстремальді жағдайда күш –қуаты мен динамикалылығы жоғары адамдар өздерін жақсы көрсетеді. Жүйке жүйесінің жалпы қасиеті адам мінез –құлқының тұрақты негізін құрайды, сондықтан олардың тұқымқуалаушылығын зерттеу туралы сұрақ туады. Егіздерге жасалған зерттеулер Э. Г. Г. –нің ішкі құрсақтық ұқсастығы аса жоғары, оған қоса бұл балалар мен егде егіз адамдарға да қатысты екенін көрсетті. Сонымен қатар онтогенездегі орталық жүйке жүйесінің қасиеті (динамикалылық пен күштің) табиғи тұқымқуалаушылыққа қатысты тұрақты өмір сүреді. Осылайша, Орталық жүйке жүйесінің тұрақтылығы жайлы қорытынды шығаруға болады, бірақ олардың шығу тегін түсіндіруге болмайды. Осылай адам мінез –құлқы мен оның индивидуалды вариацияларын биологиялық тұрғыда анықтай отырып, олар әрқашан тұқым қуаламайтынын көреміз.

4. Жүйке жүйесінің жалпы және жеке қасиеттері арасындағы функционалдық және психологиялық айырмашылықтар

Жүйке орталықтарының қасиеттері

Бір жақты өткізгіштік.Химиялық синапстардың бір жақты өткізгіштігімен байланыстырылады.

Қозудың өткізуiн аялдау.Синапстық аялдауның суммациямен анықталады.

Қажудың жоғарылығы.Тежелу процесінің пайда болуымен, сонымен қатар химиялық синапстардың қажудың жоғары болуымен және төменгі тұрақсыздығымен байланысты.

Әсерден кейінгі құбылыс. Қысқа және ұзақ мерзімді әсерден кейінгі құбылыстар болыпбөлінеді. Қысқа мерзімді нейронның ұзақ ізді деполяризациясымен түсіндіріледі. Ал ұзақ мерзімді болса нейрон тізбектеріндегі қозудың айналымымен байланысты болып табылады.

Қозу ырғағының трансформациясы.Жүйке орталығы арқылы қозудың өтуі кезіндегі әсер ету потенциалы жиілігінің өзгерісімен жүзеге асады. Бірнеше механизмдері болуы мүмкін. Жүйке орталықтары өздеріне келген импульстер ырғағын өзгерте алады, трансформациялайды. Сол себептен де жүйке орталығының жұмыс мүшесіне жіберетін эфференттік импульстері белгілі шамада тітіркендіру сипатынан басқаша бола алады. Афференттік жүйкеге түскен бір стимулға жауап ретінде жүйке орталығы жұмыс мүшесіне қозу импульстарының тобын жібереді. Жүйке орталықтарынан шеткі жұмыс мүшелеріне секундына 50-200 жүйке импульстары түседі.

Жүйке орталықтарының тонусы. Қызмет атқаратын мүшенің тонусына байланысты болады. Жүйке орталықтарының тонусын сақтап тұратын қызмет атқаратын мүшеден афферентация маңызды орын алады. Мүшелердің деафферентациясы қозғалыс орталықтарына сай тонустар мен қаңқа бұлшықеттерінің тонусының төмендеуіне әкеліп соқтырады (Бронжестің тәжірибесі). Орталық жүйке жүйесінде биоэлектрлік құбылыстарды зерттеуден мынадай ерекшілік анықталды: тыныштық күйде болғанның өзінде жүйке орталықтарынан, ондағы нейрондардан ылғи да белгілі жиіліктегі жүйке импульстері шығып шеткі мүшелерге қарай бағытталып отырады. Сондықтан да олардың тұрақты тонусы (қозу күйі) болады деп есептейді.

Жүйке орталықтарындағы суммация.Уақыт бойынша суммация және кеңістік суммация болып бөлінеді.

Уақыт бойынша суммация бір синапс шегінде ғана жүруі мүмкін. Оның негізінде қоздыратын постсинапстық потенциал (ҚПСП) немесе тежейтін постсинапстық потенциалдардың (ТПСП) жиынтығы жатыр. Тек қозу немесе тек тежеу ғана суммацияланады.

Кеңістік суммациясы бірнеше синапстардың қоздыратын постсинапстық және тежейтін постсинапстық потенциалдардың жиынтығынан құралады. Қозу, тежелу және қозу мен тежелу де бірге суммациялануы мүмкін.

Конвергенция, окклюзия және жеңілдену құбылыстары. Орталық жүйке жүйесіндегі бір нейронда әр түрлі жолдармен жүретін импульстар тоғыса алады. Осыны конвергенция құбылысы деп атайды. Әр түрлі талшықтардағы импульстердің бір нейронда тоғысу кезінде олардың әлсіреуі де (окклюзия), кушеюі де (жеңілдену) мүмкін. Окклюзия кезінде, мысалы, екі афференттік талшық арқылы бір мезгілде жүйке орталығындағы бір немесе бірнеше нейрондарға жететін импульстер тудыратын эффект сол афференттік талшықтарды жеке-жеке тітіркендіргенде туатын эффектілердің қосындысынан аз болады. Жеңілдену – бұған кері құбылыс. Әр түрлі жүйке жолдары арқылы импульстер 2 не 3 нейронға бір мезгілде жеткенде пайда болатын эффектілердің қосындысынан артық болады.

ОЖЖ жұмыс қызмет етудiң үйлестiретiн ұстанымдары

Көптеген мүшелердің қызметтерін біріктіріп, байланыстырып, сыртқы ортаның әсеріне бейімделуін орталық жүйке жүйесінде ағзаның қызметтерінің үйлестірілуі дейді. Орталық жүйке жүйесінің рефлекторлы реакцияларды үйлестіруі қозу мен тежелудің бір-бірімен байланысына және олардың қасиеттеріне негізделген. Координацияның жалпы заңдылықтары немесе принциптері айқындалған.

Жалпы ақырғы жол принципі. Бұл принципті ағылшын физиологы Ч.Шеррингтон қалыптастырған. Әртүрлі көптеген афференттік талшықтар арқылы орталық жүйке жүйесіне келетін импульстер 1 ғана қондырма немесе эфференттік нейрондарға тоғысуы (берілуі) мүмкін. Бұл принцип эфференттік нейрондардан афференттік нейрондар санының әлде қайда көп екендігімен түсіндіріледі, сондықтан афференттік нейрондар эфференттік және қондарма нейрондардың денелері мен дендриттерінде көптеген синапстарды түзеді. Ақырғы жол әр түрлі рефлекстердің орындалуына қатынаса алады және организмдегі кез келген рецепторлық аппаратпен байланыста бола алады. Жалпы ақырғы жолы бар рефлекстерді одақтастар және онтогонистер деп ажыратады. Біріншілері бірін-бірі қолдайды, күшейтеді, ал екіншілері, керісінше бірін-бірі тежейді, яғни , өзара жалпы ақырғы жол үшін «күреседі».

Иррадиация принципі. Орталық жүйке жүйесінде қозудың таралуын иррадиация деп атайды. Егер әсер ететін тітіркендіргіш күшті және ұзақ әсер ететін болса, иррадиацияның көрініс беруі де жоғары болады. Бір жүйке орталығында пайда болатын қозу көрші жатқан жүйке орталығына да тарала алады. Бұндай қозу таралуын ондағы нейрондар өсінділерінің толып жатқан тармақтарының және әр түрлі жүйке орталықтарын өзара байланыстырып жатқан аралық нейрондар тізбектерінің болатындығы қамтамасыз етеді.

Индукция принципі. Жүйке орталығында қозу тежелуге немесе тежелу қозуға жылдам ауысады, сонымен қатар бір жүйке орталығының қозуына байланысты екінші бір жүйке орталығының қозуы тежеледі немесе бір жүйке орталығы тежелгенде екіншісінің қозуы күшейуі мүмкін. Бұны қозу мен тежелудің индукциясы деп атайды. Қозу мен тежелудің өзара әрекеттесуі өзара индукция құбылысына негізделеді. Егер бір аяқты бүгетін еттермен байланысты жүйке орталығында қозу туғанда, оның жазғыш еттерімен байланысты тежелу туады (теріс индукция), ал екінші аяқты жазғыш еттерімен байланысты орталықта қозу туғанда, бүгуші еттерімен байланысты керісінше, тежелу туған (оң индукция). Антогонистік еттердің жүйке орталықтары бір мезгілде қарама-қарсы күйде болады. Бұл реципроктық иннервация. Реципроктық иннервацияға байланысты туатын тежелуі – реципроктық тежелу деп атайды.

Рефлекстердің реципроктық иннервацияға негізделген бірін-бірі тежеуін бірмезгілді теріс индукция деп те атайды.

Рефлекторлық әрекеттердің үйлестіру механизмінде жүйке орталығы күйінің контрасты өзгерістерінің де маңызы үлкен. Мәселен, жүйке орталығын тежеуші әсерлер аяқталысымен онда қозу туа алады (бір ізді оң индукция), немесе қозу аяқталысымен тежелу туады (бір ізді теріс индукция).

Доминанта принципі. Бұл принципті А.А.Ухтомский ашты және оны ол жүйке орталықтары жұмысының негізгі принципі деп есептеді. Доминантаның мәнісі – белгілі бір жағдайда белгілі бір жүйке орталықтарындағы қозу басқа жүйке орталықтарындағы қозудан күшті және басым бола алады. Күші басым қозу ошақтары өзінен әлсіз қозу ошақтарына қарағанда доминантты роль атқарады. Мұндай доминанты жүйке орталығы бір жағынан әлсіз қозуларды тежейді, екінші жағынан, өздерін солардың есебінен одан әрі күшейте, тұрақтандыра түседі. Осыған орай орындалатын рефлекторлық реакциялар үйлесімді, белгілі бір мақсатқа, пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттер іске асады. Доминантты қозу ошағының басты қасиеттері: 1) жоғарғы қозғыштық; 2) қозудың тұрақтылығы; 3) қозуды жинақтай алуы; 4) қозуды тудыратын әсер тоқтағаннан кейін де ұзақ сақталуы.

Кері байланыс принципі. Кері байланыстар үрдістерінің маңызына айрықша мән бергендерінің бірі Н.А.Бернштейн болды. Ол физиологиялық үрдістердің өздігінен реттелу механизмдерін зерттеу барысында, рефректорлық реакциялар орындалу үшін «рефректорлық шеңбер» керек, ал бұл «шеңбердің» маңызы звеноларының бірі «кері байланыстар» деп есептеледі. Кері байланыс рефлекторлық реакцияны бағалауға, қателік кетсе әр уақыт үзіндісінде түзету ендіруге мүмкіндік береді.

Орталық жүйке жүйесіндегі қозу

Қозу жүйке клеткасының деполяризациясының нәтижесі болып табылады, ол натрий мен кальцийдің иондарына мембрана өткізгіштігінің жоғарлауымен немесе калий және хлор иондары үшін өткізгіштігінің төмендеуімен байланысты болуы мүмкін. ОЖЖ-гі қозудың таралу ерекшеліктері: суммация, конвергенция, реверберация, иррадиация, қозудың тек бір жаққа таралуы – рецептордан аралас нейрондар арқылы эффекторға.

Жүйке орталықтарындағы қозудың суммациясы физиологиялық реакцияны дамытады, егер жеке қоздыратын әсерлердің күші айтарлықтай қозу табалдырығынан төмен болса, бірақ мұндай импульстардың уақытша және кеңістік жинақталуы эффекторлы клетканың қозуын тудырады. Жүйке орталықтарының функциональдік лабильділігіне және иннервацияланатын жұмысшы мүшелерге сәйкес келетін тітіркену ырғағын белгілі бір қозу ырғағына трансформациялау нәтижесінде ОЖЖ пессимумның (пессимальды тежеу) пайда болуының алдын алады.

Иррадиацияның қасиеті нәтижесінде жүйке орталығына түсетін әрбір жеке жүйке талшығының қозуы импульстар арқылы орталықтан көптеп шығатын талшықтарға таралады. Жүйке орталықтарының интегративті іс-әрекетін қамтамасыз ететін конвергенция қасиеті.

Аралас нейрондар жүйесіндегі импульстардың созылмалы айналымымен байланысты реверберация қасиеті афферентті қозудың қасиеттерінің уақытша сақталуын қамтамасыз ететді.

 

Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу

Тежелу - қозуды басатын немесе әлсірететін белсенді жүйкелік процесс; белгілі бір әрекеттің бәсеңдеуі немесе тоқтауымен сипатталатын құрылымдардың ерекше биологиялық күйі. Тежелу шеткі мүшелерге де, орталық жүйке жүйесіне де тән. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу процесін алғаш рет И.М. Сеченов ашқан (1862), физиологияда мұны Сеченов тежелуі деп атайды. Тежелу процестерінің негізгі мағынасы ОЖЖ реттеуші рөлін жүзеге асыруына мүмкіндік жасайтын қозу процесіне шек қоюынан тұрады. Екінші мағынасы – қорғаушы (ОЖЖ шамадан тыс қозудан қорғайды). Механизмі жағынан пресинапстық және постсинапстық тежелуді ажыратады .

5. Функционалды жүйедегі миды қамтамасыз етуді ұйымдастырудың үш деңгейі және В.М.Русалов бойынша жүйке жүйесінің үш деңгейлі қасиеттері

В.М.Русалов ұсынған темперамент қасиетерінің критерлері .

1) адамның энергетикалық потенциялымен байланысты;                   

      2) өмір әрекетінің барлық сфераларында көрінеді;

   3) ерте балалы шақта шығады;










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 1282.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...