Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

М.А. Холодная бойынша интеллектуалды дарынды адамдар типі? 7 страница




   4) олар көп уақытқа сақталады;

  5) биологиялық құрылымдармен, яғни жүйке жүйесінің қасиеттерімен байланысты;

       6) тұқым қуалаушылық болады.

Осы критерилерге сәйкес, ішіндегі негізгі темперамент қасиеттерінің формалды –динамикалық сипаты болып табылатынын темпераменттің түрлі қасиеттері ажыратылады.

6. Темперамент теориялары (гуморалды, формалды, энергетикалық, конституционалды, генетикалық).

Адам тұлғасы, И.П.Павловтың жазуынша-биологиялық тұқым қуалаушылықпен қатар, қоршаған ортамен де анықталады. Жүйке жүйесінің күші (темперамент)-туа біткен қасиет мінез (жүріс- тұрыс формасы) көбінесе жүре пайда болған әдеттерден тұрады. Мидың физиологиялық ұйымдасуы, оның қызметінің индивидуалдық ерекшіліктері және әлеуметтік тәрбие нәтижесінде қалыптасатын психиканың мазмұнды жағы –абсолютты өз бетінше категориялар емес тұқым қуалаушылық нышандар ішінен психиканың мазмұнды жағын шығару, субъектің әлеуметтік тәжірибені игеру ерекшіліктерінде сол нышандардың ролін жоққа шығарумен тең сияқты. Тіке сызықтың детерминизм бұл жерде іске аспайтындығы белгілі, егер біз жүйенің детерминизм позициясына көшсек, яғни қоршаған орта ұсынған әлеуметтік тәжірибе индивидиуалдық, сонымен қатар субъекттік психикалық формалды-динамикалық ерекшіліктерінен тәуелді түрлі қабылданатынын мойындасақ әңгіме басқа болады. П.В.Симонов адамның қажеттіліктерін оның мінез-құлқының алғашқы қайнар көзі және қозғыш күші ретінде қарастыра отырып, әр адам тұлғасын берілген адамның негізгі қажеттіліктерінің (виталды, әлеуметтік және идеалды) ішкі иерархиясы және индивидуалды қайталанбас композицияның олардың сақтау және даму түрлілігін, яғни өзі үшін және басқалар үшін қоса белгілейді деп айтқан. Бұл қажеттіліктердің қайсысы бар және мотивтер иерархиясында ұзақ уақыт бойы басым орын алатындығы, шығармашылық интиуцияның механизмі. Қажеттеліктің қайсысына жұмыс істейді. Яғни К.С.Станиславскидің терминологиясы бойынша үстем сана осы, фактілер тұлға сипатының ең маңыздысы болып саналады. Басқаларға қарағанда жиі және ұзақ басым қажеттілік-берілген адамның, үстем-үстем-өмір міндеті, Станиславскийдің анықтамасы бойынша, тұлғаның нағыз, мәнді ерекшілігі.

       Егер негізігі қажеттілліктер адам тұлғасын құратын болса, онда қосымша қажеттіліктердің (жену, қарулану, еліктеу және күшті үнемдеу) анықтылығы және компазициясы оның мінезін белгілейді. Жену қажетілігі адамның еріктік сапарлар негізінде жатады, қаруланудағы қажеттілікті қанағаттандыру дәрежесі оған экстрималды жағдайларда өзіне сенімділік шешім қабылдау, тұрақтылық көріністерін береді. Еліктеуге бейімділік адам істеген әрекетінің өз бетінше істегенінің мөлшерін анықтайды, ал күшті үнемдеу қажеттілігі мінезді белсенді, мақсатқа ұмытылғыш немесе керсінше еңжар, еріншек, бос уақыт өткізген бейім қылады.

   Адамның қажеттіліктері жалпы дүние тарихының жемісі сияқты, әрбір адамның қажеттіліктерінің жиыны және қатынасы оның тәрбиесінің индивиуалды жағдайлары, оның онтогенетикалық дамуы,оның өмір тарихының жемісі. Табиғи нышандар және қабілеттердің мәніне қарамастан тұлға және мінез нақты әлеуметтік ортаның шешуші ықпалымен қалыптасады. Бас мидың құрылымы мен қызметтерінің индивидуалды ерекшіліктерімен тікелей темперамент байланысты, немесе И.П.Павловтың терминологиясы бойынша, жоғарғы жүйке әрекетінің типі. Павловтың психикамен мінез құлықтың индивидуалдың айырмашылықтар мәселесіне байланысты екі анализ деңгейін ажыратуға болады, оларды Павловтың өзі бірдей мөлшермен жасаған жоқ.

Біріншіден, макродеңгей, яғни жүйке жасаушыларының қозу және тежелу процестерінің қасиеттері- олардың күші, салмақтылығы және қозғалғыштығы. Иттерге өткізген шартты рефлекспен эксперименттер және олардың мінез-құлықтарын көп жылдары бақылау нәтижелері, Павловты мұндай ойға әкелді, яғни антикалық авторлардың темпераменттіне ұқсас жүйке жүйесінің типтері адам және жоғары сүтқоректі жануарлар үшін жалпы болып табылады. Павловтың классификациясында холерикке күшті, қозғыш, салмақты емес тип меланхоликке-әлсіз сәйкес келеді. Павлов бойынша сангвиник-үшін сұрақнамалар құрылады, сынаушылардың үлкен топтарының сұрақтама мәліметтері фактіленеді. Осылай ажыратылған темперамент сипаттамалары, түрлі авторларда саңы және мазмұны бойынша белгілі дәрежеде түрлі болады. Мысалы: С.Берт эмоционалдық сфераға жататын 3 сипатына темперамент үшін маңызды деп санаған, Дж.Гилфорд темперамент қасиеттерінің 13-факторлы құрылымын жасаған.

7. Когнитивті стильдер және ақыл-ой іс-әрекетінің жетістігі туралы пікірлер (М.А.Холодная тұжырымдамасы).

Когнитивті стиль – информацияны оны алудың, сақтаудың қолдану өңдеудің әдісі. Информацияны өңдеудің бұл тәсілі информацияның мазмұнына байланысты емес, адамға байланысты және әр нақты адамдарда тұрақты болады. 70 ж. ортасында жеке ерекшеліктер психологиясында әр түрлі когнитивті стильдің 20 түрі белгілі болады. Когнитивті ортада индивидуалды ерекшеліктер информацияны өңдеудің әдісінде ерекше көзқараспен түсіндіретін, 3 негізгі бағыты бар. 30ж. аяғынан бастап жұмыстар жүргізілді. Онда перзентивтік ерекшеліктің зертеуі белгілі және бүгінгі таңда мұқият зерттелген когнитивті стильдің бөлінуіне алып келді, яғни бұл тәуелділік тәуелсіз деп аталады.

       Тәуелсіз – сыртқы ортаның бенесінің адекватты емес формасы айырылмайтын жағдайда сыртқы әсердің жөнге келуінің ішкі эталонына субъектінің тиісті бағдарын білдіретін ұғым. Ұшқыштарда кеңістіктен бағдарының ерекшеліктерін зерттеу, Герман Уиткин көру және вестибулырлы информацияның индивидуалды ерекшеліктеріне назар аударды. Қалыпты жағдайда көру информациясы (біз айналамыздан көреміз) және вестибулярлы информация (кеңістіктегі өзіміздің денеміздің қалыбының негізінде аламыз) бір-біріне қарама-қарсы емес: біздің вертикаль және горизонталь бағыттағы қабылдауымыз тең дәрежеде және біз өз айналамызда көретінімізге және ауырлық күшін сезінуге негізделуі мүмкін. Бірақ ұшқыштар көбіне көру және гравитациялық бағдарлар сәйкес келмейтін информация беретін жағдайда болып қалады: олар ұшқыштың кабинасынан көретін объектілер горизонтальді және вертикальді бағыттың бір жүйесін береді, ал ұшқыштың кабинасы –басқаны.

Бұл конфликтті жағдайдан шыға алатын адамдарды іріктеу үшін Уиткин 3 тестті өңдеді. Олардың 1-сі желі және қоршау деп аталады. Онда зерттеушілерге қоршау ортасында орналасқан желіні вертикалды қалыбын қайта қалпына келтіру ұсынылады. Желі және қоршау, байқаудан байқауға өткен сайын өзгереді. Өйткені зерттеуші қараңғы бөлмеде болған, онда ел желі манипуляциялап қолдана алатын тип стимулды объектілер, жалғыз ғана бағдарлар баяндалады, бұл қоршау кеңістіктегі жеке жағдай болып табылады.

Зерттеулер кеңістікте өзінің жағдайының негізінде шешім қабылдағандарға қарағанда көбіне қоршаудың жағдайына қарайтындар желінің вертикалды жағдайын аса нақты орнатпайды, яғни желі қоршаған көру өрісіне байланысты болмаған. Дененің қалпын түзететін деп аталып 2-ші тесттің көмегімен зерттеуші ненің негізінде кеңістікте вертикалды сияқты өзінің қалпын қабылдатына анықталады. Экспериментте оның көру өрісі сияқты болатын үстелдің ылди бұрышы және бөлменің алди бұрышы түрленді. Бөлме қисайған жаққа өзінің де үстелін қисайтуға талпыну көру өрісінің байланысы туралы дәлелдейді, ал нақты вертикалды қалыпқа өзінің дене қалыбының жақындауы – сәйкесіне одан байланысты еместігі туралы. Дөңгеленген бөлме деп аталатын 3 тестте зертеушіге жоғарыдағы сияқты өзіне және бөлмеге вертикалды қалып беру усынылды, бірақ одан айырмасы өрістің өзгерісі бөлменің ылди бұрышының өзгеруімен емес зертеушінің дөңгеленуімен алынады. Бөлме және үстел үнемі қатаң вертикалды қалыпта болды. Алғашқы 2 тестті нақты орындаған және 3-ші тестте қателескен индивидтер – тәуелсіздерге жатады, ал үшеуінде жақсы, алғашқы екеуіде қате жіберілген индивидтер - өріске байланыстыларға жатады. Осы 3 тесттің орындалудағы индивидуалды ерекшеліктер тұрақты болып шықты, ал көру өрісінен тәуелділік және тәуелсіздікті Уиткин өзінің, «Перцепция даралықтың негізі ретінде» деп аталатын кітабын – когнитивті стиль деп атады. Осындай жолмен ең алдымен өрістен тәуелділік және тәуелсіздік бойынша индивидуалды ерекшеліктер шынында адамдарға қандай көру немесе вестибулярлы информация маңыздырақ болатынына негізделген.

8. Генетикалық, гормоналды, морфологиялық және азаматтық жыныс түсінігі.

Д.Мани бойынша жыныстық дифференциацияның кезеңдері Д.Мани бойынша жыныстық дифференциацияның кезеңдері. Генетикалық, гормоналды, морфологиялық жəне азаматтық жыныс ұғымдары. Мидің жыныстық дифференциациясы – “жыныстық орталық” ұғымы.Жыныстық дифференциацияның принциптері. Маскулинділік дамуының толықтауыштылығы принципі.Жыныстық диморфизм жəне онтогенездегі психикалық дамудың ерекшеліктері. А. Эрхард бойынша жыныстық айырмашылықтар.Онтогенезде

Жыныстық дамудың орта факторларына тəуелділігі. Жанурлардың жынысын өзерту эксперименттері. Жыныстық əлеуметтену. Идентификация, жыныстық типизация жəне өзіндік категоризация теориясы. Құрдастармен қарым-қатынас жасаудың рөлі. Интерсексуалды күйлер – психосексуалды бағдардың бұзылуы ретінде. Жыныстар арасындағы психологиялық айырмашылықтар жəне олардың физиологиялық негіздері. В.А.Геодакянның теориясы. Еңбектің жыныстық бөлінуі əйел мен ер адам жүріс-тұрыс таптаурындарының əлеуметтік-тарихи факторы ретінде. Маскулинділік-феминділік туралы дəстүрлі жəне қазіргі көзқарастар.

Гендерлі ұқсастық қалай қалыптасады, яғни ол нақтылы дараның еркек немесе əйел жынысына тəн болуды анықтау. Ол мынаған байланысты: біз назарымызды дамудың

Ішкі процестеріне, жыныстың дифференциациясына көбірек аударсақ немесе қоғам баланы қалай тəрбиелейді, белгілі бір жыныстық рольдердің жүйесін меңгеруге қалай көмектесетініне назарымызды көбірек бөлсек, ол процесс психосексуалды даму немесе гендерлі əлеуметтену деп аталады.Американ сексологы Джон Мани ұсынған адамның психосексуалды даму картасының жалпы сызбанұсқасы былай көрінеді.Осы ұзақ процестің алғашқы звеносы - хромосомды немесе генетикалық жыныс (ХХ - ұрғашы, ХУ - еркек) ұрықтану сəтінде жасалынады жəне болашақта еркек немесе əйел жолын өтетін ағзаның дифференциациясының генетикалық бағдарламасын анықтайды Психосексуалды дамуда “табиғи” жəне əлеуметтік факторлар түптелгендіктен оларды бір-бірінсіз түсінуге

болмайды, яғни ол күрделі биоəлеуметтік процесс болып табылады. Жыныстық дифференциациясының кез келген сын кезеңінің бұзылуы болашақта адамның сексуалды жүріс-тұрысына, өзіндік санасына зиян келтіруі мүмкін. Осы кезде потенциалды əлсіз болып табылатын əйел емес еркек. Джон Мани негіздеген “Адам принципі” немесе “еркек қосымшасы” бойынша табиғат алдымен ұрғашының жасалуына қамқорлық  көрсететіндіктен ағзаның жыныстық дифференциациясы алғашында автоматикалық түрде əйел типі бойынша жүреді, еркекті жасау үшін əрқашан бірдеңе “қосу” керек

Қазіргі дифференциалды психологияның бірегей гендерлі əлеуметтік теориясы жоқ. Фрейдтің идентификация теориясы бойынша бала санасыз түрде өз жынысын ересек адам бейнесіне ұқсатады жəне оның жүріс-тұрысын қайталайды, жиі түрде ол ана немесе əке. Уолтер Мишелдің жыныстық гендерлік типизация теориясы жағымды жəне жағымсыз үйрету процестеріне үлкен мағына береді: ересек адамдар баланы маскүнемді жүріс-тұрыс үшін мадақтап, фемининдік жүріс-тұрыс үшін кінəласа, қыздарды керісінше болатындықтан, бала ең алдымен жынысты диорфикалық жүріс-тұрыс үлгісіне үйренеді, содан кейін белгілі бір ережелерді орындайды жəне соңында өзінің Мен бейнесінде осы

тəжірибені интеграциялайды. Лоуренс Колбергтің когнитивті-генетикалық теориясы осы процестің танымдық жағына көп мəн береді: бала алдымен еркек немесе əйел болу көрінісін меңгереді, содан соң өзін бала немесе қыз

9. Дифференциалды психологиядағы гендерлік аспекті, индивидуалдылық теориясы.

Қазіргі ғылыми білімнің және қоғамдық тәжірибенің даму барысы күрделі шындық құбылыстарын жүйелі ұйымдасқан объектілер мен құбылыстар ретінде қарастыру қажеттілігіне әкелді.Қазіргі ғылыми білімнің мәнді тенденциясы психологиялық феномендерді толықтық, интегралдылық, пәнаралық, жүйелі зерттеулерді қарастырады: танымдық процестер, тұлғалық, индивидуалдылық және олардың арасындағы байланыстың тек қана ішкі толықтық шеңберінде емес, сонымен бірге кең көлемде- қоғамдық, биосфера және т.б. қарастыру.
Жүйелі зерттеу жолының ең маңызды кезеңдерінің бірі австриялық биолог Людвиг фон Берталанфидің жалпы жүйе теориясы, сонымен бірге әр түрлі кибернетика контексті және ақпараттық теориялар жүйесіндегі зерттеулер (Р.Л.Акорфф, М.К.Мессарович, А.Раппопорт, У.Р.Эшби) болып табылады.
ХХ ғасырдың 20 жылдары жүйелі жол, ең алдымен Л.фон Берталанфидің жалпы жүйе теориясының әсерінен, метатеория ретінде ерекшеленді және нақты пәндердің танымының жалпы ғылыми методологиясына айналды.
Жүйелі зерттеу жолының принципінің кеңестік психологияда екі басты ғылыми ойлар аймағымен байланысты: философиялық- әлеуметтік және жаратылыс-ғылыми.
Орыс философиялық ойларындағы ең өңделген тақырыптардың бірі тұлғаның толықтылық идеясы болып табылады. (И.Б.Котова, 1996) Тұлғаны тәрбиелеу мақсатында толықтылық идеясымен байланысты мәселелерді көптеген ғалымдар қарастырды (Н.А.Бердяев, Н.Я. Грот,Э.В.Ильенков, Л.П.Карсавин, К.Н.Леонтьев, А.Ф.Лосев, Н.О. Лосский, М.К.Мамардашвили, Н.К.Михайловский,Л.И.Петражицкий, В.В.Розанов, В.С.Соловьев, П.А.Сорокин, М.М.Троицкий, П.А.Флоренский, С.Л.Франк, Г.И.Челпанов және т.б.).
Адамды жүйелі зерттеу психология ғылымымен шектесіп жатқан жаратылыс тану ғылымдарындағы ғылыми жетістіктермен де тығыз байланысты. Сезім мүшелерінің физиологиясы, жоғары жүйке жүйесінің физиологиясындағы өңдеулер психологияның объектісі адамның ішкі әлемінің сыртқы орта шындығымен өзара байланысын түсінуге мүмкіндіктер берді.
А.П.Нечаев,В.М.Бехтерев,А.Н.Бернштейн;Н.Е.Румянцев,А.Ф.Лазурский, А.А.Токарский, С.С. Корсаков, Н.Н.Ланге еңбектеріде психикалық құбылыстарды бүтіндей етіп қарастыруға тырысып, әртүрлі психикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік құбылыстардың өзара әрекетінің фактілерін анықтады.
Психиканың жүйелі табиғатын зерттеуде кеңестік психологияда мәнді қадам жасағандар: Б.Г.Ананьев, В.М.Бехтерев, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия, С.Л.Рубинштейн, Б.М.Теплов және т.б. Мінез-құлық және іс-әрекеттің жүйелі талдауы П.К.Анохин, А.Н.Леонтьев, Н.А.Бернштейннің есімдерімен тығыз байланысты.
Қазіргі кезеңде психологиядағы жүйелі жолдың дамуы құрылым, деңгейлерді және олардың толыққанды қызмет жасауын зерттеумен қатар, ең алдыңғы орынға дамуы мен қалыптасуында қояды. Жүйелі зерттеу бойынша генетикалық бағыт доминантты болып отыр. Кілтті сапа ретінде толықтылық, даму кезеңдері мен деңгейлерінің қатынасы, олардың түрлері, критерилері, психикалық дамудағы өзекті және потенциялды өзара қатынастың туындау механизмдері мәселелерін қарастырады.
Жүйелі жол көмегімен индивидуалдылықты анықтаудағы ғылыми-тәжірибелік міндет осы индивидуалдылықтың даму барысын басқару. В.С.Мерлин пікірінше, тәжірибелік экспериментте іс-әрекеттің индивидуалды стилін қалыптастыру болып табылады. Бірақ басқада болжамдар болуы мүмкін, мысалы, сендіру рөлі, тұлға аралық қатынас құрылымы және т.б. ( В.С.Мерлин, 1986).
Индивидуалдылықты интегралды зерттеу теорияларына дәстүрлі түрде келесі сұрақтарды жатқызады:

 

· индивидуалдылық құрылымдық элементтерін, оларды ұйымдастыру принципін,іс-әрекет формалары мен функционалдық рөлін зерттеу;

· индивидуалдылық құрылымындағы әр деңгейлік қасиеттерін тану критерилерін анықтау;

· индивидуалдылық құрылымындағы жоғары және төменгі деңгейінің өзара әрекеті;

· индивидуалдылық толықтығы типологиясын құру.


Сонымен, дифференциалды психология психология ғылымының маңызды салаларының бірі. Оның даму тарихы ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басы. Ең алғаш 1900 жылы «Дифференциалды психология» терминін ғылымға енгізген неміс ғалымы В.Штерн .
Дифференциалды психология психология ғылымының басқа салаларымен тығыз байланыста. Дифференциалды психология адамдар арасындағы индивидуалды айырмашылықтарды зерттейді.Адамдар арасындағы мінез - құлық, темперамент, қабілет ерекшеліктерін, жыныстық, жастық, нәсілдік, гендерлік айырмашылықтарды,іс-әрекет стилін, жоғары жүйке жүйесі қасиеттеріне байланысты ерекшеліктерді қарастырады. Сонымен қатар, мінез – құлықтағы акцентуацияның дамуын, дарындылық және данышпандылықтың физиологиялық негіздерін қарастырады.
Қазіргі психологиялық білімде индивидуалдылықты зерттеуде көптеген көзқарастар бар, бірақ ортақ концептуалды модель әлі жоқ.Бұл индивидуалдылық құрылымына, ерекшеліктеріне авторлардың әр түрлі көзқарастарына байланысты. Барлық концепциялар эксперименталды жолмен дәлелдер арқылы ары қарай өмір сүруге құқылы.
Дифференциалды психология – бұл психология ғылымының үнемі жаңа мәліметтермен толықтырылып отыратын, аса перспективті, қарқынды дамушы бөлігі.Сондықтан, психология ғылымының дифференциалды психология саласының болашағы мол үміт күттіреді.

10. Дифференциалды психологияның әдістерін топтастыру: тарихи әдістер және өзіндік психологиялық әдістер.

Дифференциалды психологияның зерттеу әдістеріне бақылау, эксперимент, интроспекция, егіздер әдісі, құжаттарды зерттеу, сұрақтама, биографиялық, статистикалық талдау, тестілеужатады. Жалпы айтқанда индивидуалдылықты зерттеудегі әдістер объективті және субъективті түрге бөлінеді.

       Дифференциалды психологияның негізгі зерттеу әдістеріне статистикалық талдау жатады.

Дифференциалды психологияның негізін қалаушысы ағылшын ғалымы Френсис Гальтон индивидуалды айырмашылықтарды зерттеу үшін статистикалық әдістің техникасын еңгізді. Және көп зерттеулерді өткізу үстінде эксперимент жүргізу үшін бірнеше құралдарды жасады. Оның ішінде бүлшық ет сезімін, есту түйсіктерді бағалауға арналған құралдар.

1882 жылы Ф.Гальтон Лондон қаласында бірінші антропометрлік лабораториясын ашты. Сол кездегі ғалымдардың ойынша (бірнеше концепциялар бойынша) дене қасиеттері жан қасиеттеріне қарама қарсы қойылған. Лабораторияда өткізілген Гальтонның зерттеулері бұл теорияларды жоққа шығарды. Антропометрикалық лабораторияда ол сенсорлық, сенсорлық-моторлық процестердің өтілуін өлшеудің пролцедуралары мен түрлі тестерін жасақтады. Сенсорлық мүмкіндіктерді өлшеудің негізінде, ол ол адамның жеке қасиеттерінің айырмашылықтарын түсіндіруге тырысты.

Индивидуалды айырмашылықтарды зерттеуде жинақталынған мәліметтерді өңдеу процедурасы үшін статистикалық әдістің қажеттігі немесе оның осы процедураларға бейімделу қажеттілігі туындады. Осы мақсатта Фрэнсис Гальтон математикалық процедураларды бейімдеді.

Оның бірі корреляция мәселесі. Гальтоннан кейін оның шәкірті Карл Пирсон корреляция теориясының математикалық аппаратын өңдеді.

Корреляциялық талдау - латынның “сәйкестендіру” мағынасын білдіретін, зерттелінуші белгілер мен факторлардың тығыз байланыстары мен белгілерін бағалаудың статистикалық әдісі.

Өз зерттеулерін сүреттеп дәлелдеу үшін Френсис Гальтон Бельгия ғалымы Адольф Кетленің статистикалық теориясын қолданды.

Кетленің ойынша алынған нәтижелерді түсіндіру үшін статистикалық заңдар негізінде «орта адам» теориясын алуға болады. Оның негізінде адам табиғаты армандар, идеалдар ретінде бар болады. Сонда адамдар ықтималдыққа сәйкес одан ауысып кетеді.

Егер орта баға тұрақты болса, онда статистикалық заңдар негізінде әртүрлі жағдайларды алдын ала болжауға мүмкін болады.

1869 жылы Френсис Гальтонның «Дарынның тұқым қуалаушылығы» («Наследственность таланта») атты кітабі шықты.

Бұл кітапта Ф.Гальтон бірнеше биографиялық фактілердің статистикалық талдауын жасады. Және қабілеттерді анықтау үшін Кетле заңдарын қолданып тұқым қуалаушылық фактордың маңызын бекітті. Сонымен Ф.Гальтон алғашқы рет психикалық қабілеттердің дамуының генетикалық негіздері мәселесін ұсынды.

Гальтонның ойынша адамдардың индивидуалды айырмашылықтарының негізінде генетикалық аспект жатыр. Ол психологияда егіздер әдісін ұсынған. Бүл әдістің қолдануының мақсаты генетикалық және сыртқы әсерлердің арақатынасын анықтау болған.

Он тоғызыншы ғасырдың басында дифференциалды психологияның дамуы генетика ғылым саласымен байланысты. 1900 жылы Мендель ашқан тұқым қуалаушылық заңдардың дамуы тұқым қуалаушылық механизмдерін анықтауға арналған эксперименталды жұмыстарды қайта жаңғартты.

Осылайша, биографиялық, сұрақтама, эксперимент нәтижелері тұқым қуалаушылықтың психикалық қасиеттерге, ой қабілеттеріне әсер ететіндігін көрсетті.

       Статистикамен бірге дифференциалды психологияның әдістеріне психологиялық тестілеу жатады. Френсис Гальтонның алғашқы тестілері жоғарыда айтылған сенсомоторлық тәжірибелерге жатқан.










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 1297.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...