Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

М.А. Холодная бойынша интеллектуалды дарынды адамдар типі? 3 страница




1869 жылы Френсис Гальтонның «Дарынның тұқым қуалаушылығы» («Наследственность таланта») атты кітабі шықты.

Бұл кітапта Ф.Гальтон бірнеше биографиялық фактілердің статистикалық талдауын жасады. Және қабілеттерді анықтау үшін Кетле заңдарын қолданып тұқым қуалаушылық фактордың маңызын бекітті. Сонымен Ф.Гальтон алғашқы рет психикалық қабілеттердің дамуының генетикалық негіздері мәселесін ұсынды.

Гальтонның ойынша адамдардың индивидуалды айырмашылықтарының негізінде генетикалық аспект жатыр. Ол психологияда егіздер әдісін ұсынған. Бүл әдістің қолдануының мақсаты генетикалық және сыртқы әсерлердің арақатынасын анықтау болған.

Он тоғызыншы ғасырдың басында дифференциалды психологияның дамуы генетика ғылым саласымен байланысты. 1900 жылы Мендель ашқан тұқым қуалаушылық заңдардың дамуы тұқым қуалаушылық механизмдерін анықтауға арналған эксперименталды жұмыстарды қайта жаңғартты.

Осылайша, биографиялық, сұрақтама, эксперимент нәтижелері тұқым қуалаушылықтың психикалық қасиеттерге, ой қабілеттеріне әсер ететіндігін көрсетті.

       Статистикамен бірге дифференциалды психологияның әдістеріне психологиялық тестілеу жатады. Френсис Гальтонның алғашқы тестілері жоғарыда айтылған сенсомоторлық тәжірибелерге жатқан.

Ал психологиялық тестілеудің дамуының келесі кезеңі Джеймс Маккин Кэттеллдың атымен байланысты. Бұл американдық ғалым өз жұмыстарында эксперименталды психологияны және адамдардың индивидуалды айырмашылықтарын зерттейтін психология саласын біріктірді. 

       1890 жылы Кэттелл өз мақаласында «интеллектуалды тест» ұғымын ұсынды. Бұл тесттер колледж студенттердің интеллектуалды деңгейін анықтауға арналатын. Кеттелл ойынша интеллектуалды функцияларды өлшеу үшін адамның сенсорлық қасиеттерін (бұлшық ет күшін, салмағын, жылжу жылдамдығын, ауруға сезгіштігін, көру және есту өткірлігін, реакция уақытын) тестілеу керек.

Кэттеллден кейін европалық психологтар (Германияда Орн, Креппелин және Эббингауз, Италияда Гуччарди және Феррари) осындай тестелерді құрастырып жинады. Бірақ Бине және Генри 1895 жылы Францияда шыққан мақаласында тестілерде интеллектуалды деңгейді анықтау үшін сенсорлық қасиеттерге көп көңіл аударудың қажеті жоқ деген. Өз көзқарасын дәлелдеу үшін олар жаңа тестілерді ұсынды. Бұл тесттер ес, қиял, зейін қасиеттерін өлшеуге бағытталған болған.

20. Э.Кречмер бойынша дене құрылымы бойынша адам типологиясы.

Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологтясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер.. Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:

Лептосоматик – бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.

Пикник – мығым, сезімшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.

Атлетик – бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік; ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.

Дисплатик – дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақым-сырқаттарға ұшырағандар.

Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай: шизотомик, иксотомик, циклотомик. Шизотомик – дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған, тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгеріміне ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға икемдесуі қиын. Иксотомик – денесі мығым, мінезі байсалды, сезімталдығы кем, ым-ишара жоқ, ойлау қабілеті шабан, көбіне майдашыл. Циклотомик – сезімшең, домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды.

Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған – Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың 40-жылдарында АҚШ-та одан әрі жалғастырған У. Шелдон болды. Бұл ғалымның да темперамент типтерін айыруда ұстанған принципі – адам дене құрылымы және оның өзінің жаңалығы - эмбриологиялық белгілер.

Конституционалдық тұжырымдардың көпшілігі жантану ғылымында өткір сынға алынды. Бұл теориялардың негізгі кемшілігі: тұлғаның психикалық қасиеттерінің қалыптасуында қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайлардың ескерілмеуі.

Орташа деңгейлі сұрақтар

1. Т.М.Палей және В.К.Горбачевский анықтаған темперамент қасиеттерін атаңыз.

1. Біздің мемлекетте өткізілетін темпераментті зерттеулерде қандай да бір мінез құлықтың ерекшелігін темперамент қасиеттеріне жатқызу үшін негізгі критериі, яғни, оның формалды-динамикалық сипаты болады. Темперамент қасиеттері формалды, өйткені олар әрекеттің мазмұнымен де, ол әрекетті жасайтын адамның мақсат және мотивтерімен де байланысты емес. Темперамент қасиеттері динамикалық болып табылады, өйткені олар әрекеттін динамикасын жиілігі, темпераменті, сол әрекеті іске асыруға қосылған психологиялық ерекшіліктердің ырғағын анықтайды. Темперамент қасиеттерін басқа психологиялық ерекшіліктердің арасында ажыратуға мүмкіндік беретін басқа белгілер немесе критерилер тізімі әр түрлі авторларда сәйкес келеді.

       2. Т.М.Палей және В.К.Горбачевский темперамент қасиеттері:

1) ағза генетикалық қасиеттеріне тәуелді;

2) оларға онтегенетикалық алғашқылық (яғни ерте балалық шақта көрінеді) тән;

3) олар көп уақытқа дейін сақталады;

4) олар берілген адамға тән және кең жағдайда көрінеді;

5) олар адам үшін ең қиын жағдайларда, мысалы стрестік жағдайда анық көрінеді;

6) олар әрекеттің жемістілігіне ықпал етпейді.

2. В.М.Русалов ұсынған темперамент қасиеттерінің критерийлері қандай?

В.М.Русалов ұсынған темперамент қасиетерінің критерлері .

1) адамның энергетикалық потенциялымен байланысты;       

       2) өмір әрекетінің барлық сфераларында көрінеді;

   3) ерте балалы шақта шығады;

   4) олар көп уақытқа сақталады;

  5) биологиялық құрылымдармен, яғни жүйке жүйесінің қасиеттерімен байланысты;

       6) тұқым қуалаушылық болады.

Осы критерилерге сәйкес, ішіндегі негізгі темперамент қасиеттерінің формалды –динамикалық сипаты болып табылатынын темпераменттің түрлі қасиеттері ажыратылады.

3. Қазіргі дифференциалды психологияның зерттеу бағыттары мен даму деңгейлері?

Кітапта индивидуалды айырмашылықтардың негізгі зерттеу принциптері ұсынылған, бірінші рет психологиялық сипаттаманы зерттеуде номотетикалық және идиографикалық жолдарының салыстырмалы анализі берілген және әр қайсысына сәйкес келетін әдістер сипатталған. Намотетикалық (орта статистикалық заңдылықтарды бейнелейтін) және идиографиялық (әр индивиттің уникалдылығын бейнелейтін) атауларды да индивидуалды айырмашылықтар психологиясына Штерн енгізген.

Индивидуалды айырмашылықтар психологиясымен психодиогностика арасындағы үзілмес, тығыз байланыстар осы екі пәннің дамуының ерте кезенің сипаттайды. Индивидуалды психология пәннің сипаттау кезінде бұл білім аймағының зерттеу сұрақтарының бірі адамдар арасындағы айырмашылықтарды түсіну үшін маңызды психологиялық сипаттамаларды бөліп қарастыру болып табылатындығы айтылған. Бірақ сипаттарды ажырату диагностикалық әдістерсіз мүмкін емес, сондықтан осы уақытқа дейін бұл екі аумақ ұштасу зоналарын сақтап отырады, бірақ олардың пайда болуынан 100 жылдан астам уақытта олардың зерттеу нысаналары және шешетін нәтижелері өте өзгерген.

Штерн кітабында жеке психологиялық бөліктерден басқа индивидуалдық айырмашылықтарды зерттеу кезінде қолданатын математикалық әдістердің нақты анализы ұсынылған. Ол кездейсоқ емес. Өйткені тараудың басында айтылғандай индивидуалды айырмашылықтар психологиясының дамуы, адамдар арасындағы айырмашылықты бағалау әдістерінің дамуынсыз мүмкін емес болар еді. Индивидуалды айырмашылықтың кәзіргі заман психологиясы. Индивидуалды айырмашылықтарды зерттеумен айналысқан түрлі зерттеушілер өз жұмыстарында осы зерттеу аймағының түрлі мәселелерін қойған. Өткен тарауда айтылғандай индивидуалды айырмашылықтар психологиясында бірінші зерттеулер индивидуалды айырмашылықтың табиғатын анықтауға және адамның ақыл-ой қабілетінде индивидуалды айырмашылықтарды адекватты бейнелейтін психологиялық сипаттарды іздеуге бағытталған. Штерннің жұмыстарында маңызды психологиялық ерекшіліктерін бөлуге үлкен көңіл бөлінген, сонымен қатар оны барлық адамдарды әр түрлі деңгейде көрінетін, осы нақты ерекшіліктер әр нақты индивидте өзгеру мәселесі де қызықтырды.

Бұдан кейінгі жұмыстарда зерттеу тематикасы кеңейтілген, ажыратып және олардың табиғатын зерттеу мәселесімен қатар топтық айырмашылықтар анализін индивидуалды айырмашылықтар сферасына жатқызды. Р.Кэттел ең маңызды сипаттарды ажырату жолында олардың өзара сәйкестігін және құрылымның зерттейді. Отандық индивидуалды айырмашылықтар психологиясында негізі назар психологиялық сипаттардың құрылымында және индивидуалды айырмашылықтардың физиологиялық негіздеріне аударылады. (Б.Г.Ананьев,Б.М.Теплов).

Индивидуалды айырмашылықтар психологиясының қалыптасуын талдай отырып, әр түрлі тематикаға және түрлі авторлардың түрлі теориялық негіздеріне қарамастан, осы психологиялық аймақта өткізіліп жатқан зерттеулерді үлкен топқа біріктіреді.Д.П зерттеу кластары.

1)Психологиялық қасиеттердің құрылымның анализі.

       2)Психологиялық ерекшіліктерде индивидуалды айырмашылықтардың пайда болу себептерін іздеу.

     3)Индивидуалдылықтың идиографиялық анализі.

  Зерттеудің бірінші бағыты психологиялық қасиеттер құрылымын талдаумен байланысты. Бұл зерттеулерде қарастыратын негізгі проблемалар –адамның психологиялық бейнесінде қандай психологиялық сипаттарды маңыздырақ деп қарастыруға мағынасы бар және олар бір-бірімен қалай байланысты. Берілген бағыттағы жұмыстарда индивидуалды айырмашылықтар тек зерттеу нысанасы ретінде ғана емес, статистикалық процедура көмегімен психологиялық ерекшіліктерді құрастыруды пайдалануға мүмкіндік беретін жағдай ретінде де болады. Зертеудің екінші бағыты психологиялық қасиеттер құрылымын талдаумен байланысты. Бұл зерттеулерде қарастыратын негізгі проблемалар адамның психологиялық бейнесінде қандай психологиялық сипаттарды маңыздырақ деп қарастыруға мағынасы бар және олар бір бірімен қалай байланысты. Берілген бағыттағы жұмыстарда индивидуалды айырмашылықтар тек зерттеу нысанасы ретінде ғана емес, статистикалық процедура көмегімен психологиялық ерекшіліктерді құрастыруды пайдалануға мүмкіндік беретін жағдай ретінде де болады. Зерттеудің екінші бағыты психологиялық ерекшіліктерде индивидуалды айырмашылықтардың пайда болу себептерді іздеумен байланысты. Бұл топтың зерттеулері сан алуан және олар индивидуалды айырмашылықтардың биологиялық және әлеуметтік детерминнаттар анализіне, индивидуалды айырмашылықтардың қалыптасуындағы тұқым қуалаушылықтың және қоршаған ортаның ролін даму процесіндегі индивидуалды айырмашылықтар динамикасына байланысты. Зерттеудің үшінші бағыты индивидуалдықтың идиографияық анализі болып табылады. Психологиялық зерттеу нысанасы екі алдындағы бағытта номотетикалық жолмен яғни топ болса, бұл жағдайда психологиялық зерттеудің нысанасы жеке субьекті болады.

Даму деңгейлері.Әр түрлі ерекшеліктері бар тәуелділік және тәуелсіздің өзара байланысының зерттеулері Уиткинді және оның әріптестерін когнитивті стильдің глобальды ерекшеліктері туралы қорытындыға әкелді. Осымен байланысты олар бұл стиль психологиялық дифференцияланудың деңгейіні көрсеткіштерінің бірі болып табылады деп есептейді.

Психологиялық дифференциялауды ең жалпы түрінде дамудың деңгейі сияқты анықтауға болады: өмірдің алғашқы кезінде өзінің және қоршаған ортаның ерекшеліктері глобальды, бөлінбейтін және дифференцияланбаған болып (бөлінеді) қабылдайды. Уақыт өте келе өзара және қоршаған ортамен шекарасы туралы көрініс қалыптасады, өзінің денесінің бөліктері және олардың арасындағы байланыс туралы көрініс танылады, жеке белсенділікке талпыныс п.б. Басқаша айтқанда, уақыт өте келе психологияның дифференцияланудың деңгейі жоғарылайды.

Психологиялық дифференциялану түрлі функционалды жүйеде тиісті жекеленушілігінде, адамдардың өзі және қоршаған ортасы туралы (көрініс танылады, жеке белсенділікке талпыныс п.б.) көріністерінің анықтығында көрінуі және маңызды индивидуалды ерекшеліктері болады.

Психологиялық дифференциялаудың параметрлерінің қатарына Уиткин және оның әріптестері мыналарды жатқызады.

1) Тәуелділік – тәуелсіздік, яғни өрістеп тәуелсіздік дифференциялауға сәйкес келетін когнитивті стиль.

2) Дене құрылысының қалыптасуында көрінетін физикалық қасиеттер туралы қалыптасудың құрылымы.

3) Басқарушы және қорғаныс механикалық жоғары дамуын болжайтын психологиялық фнукциялардың специализациясы.

4) Жеке автономдықты сақтау қабілетімен байланысты жеке аралық қатынастар ерекшеленеді.

5) Психикалық іс-әрекеттің биологиялық базасы бар нейрофизиологияның функциясының специализацясы.

4. Уиткин және оның әріптестері психологиялық дифференциялаудың қатарына жатқызған параметрлерді атаңыз?

Герман Уиткин көру және вестибулырлы информацияның индивидуалды ерекшеліктеріне назар аударды. Қалыпты жағдайда көру информациясы (біз айналамыздан көреміз) және вестибулярлы информация (кеңістіктегі өзіміздің денеміздің қалыбының негізінде аламыз) бір-біріне қарама-қарсы емес: біздің вертикаль және горизонталь бағыттағы қабылдауымыз тең дәрежеде және біз өз айналамызда көретінімізге және ауырлық күшін сезінуге негізделуі мүмкін. Бірақ ұшқыштар көбіне көру және гравитациялық бағдарлар сәйкес келмейтін информация беретін жағдайда болып қалады: олар ұшқыштың кабинасынан көретін объектілер горизонтальді және вертикальді бағыттың бір жүйесін береді, ал ұшқыштың кабинасы –басқаны.

Бұл конфликтті жағдайдан шыға алатын адамдарды іріктеу үшін Уиткин 3 тестті өңдеді. Олардың 1-сі желі және қоршау деп аталады. Онда зерттеушілерге қоршау ортасында орналасқан желіні вертикалды қалыбын қайта қалпына келтіру ұсынылады. Желі және қоршау, байқаудан байқауға өткен сайын өзгереді. Өйткені зерттеуші қараңғы бөлмеде болған, онда ел желі манипуляциялап қолдана алатын тип стимулды объектілер, жалғыз ғана бағдарлар баяндалады, бұл қоршау кеңістіктегі жеке жағдай болып табылады.

Зерттеулер кеңістікте өзінің жағдайының негізінде шешім қабылдағандарға қарағанда көбіне қоршаудың жағдайына қарайтындар желінің вертикалды жағдайын аса нақты орнатпайды, яғни желі қоршаған көру өрісіне байланысты болмаған. Дененің қалпын түзететін деп аталып 2-ші тесттің көмегімен зерттеуші ненің негізінде кеңістікте вертикалды сияқты өзінің қалпын қабылдатына анықталады. Экспериментте оның көру өрісі сияқты болатын үстелдің ылди бұрышы және бөлменің алди бұрышы түрленді. Бөлме қисайған жаққа өзінің де үстелін қисайтуға талпыну көру өрісінің байланысы туралы дәлелдейді, ал нақты вертикалды қалыпқа өзінің дене қалыбының жақындауы – сәйкесіне одан байланысты еместігі туралы. Дөңгеленген бөлме деп аталатын 3 тестте зертеушіге жоғарыдағы сияқты өзіне және бөлмеге вертикалды қалып беру усынылды, бірақ одан айырмасы өрістің өзгерісі бөлменің ылди бұрышының өзгеруімен емес зертеушінің дөңгеленуімен алынады. Бөлме және үстел үнемі қатаң вертикалды қалыпта болды. Алғашқы 2 тестті нақты орындаған және 3-ші тестте қателескен индивидтер – тәуелсіздерге жатады, ал үшеуінде жақсы, алғашқы екеуіде қате жіберілген индивидтер - өріске байланыстыларға жатады. Осы 3 тесттің орындалудағы индивидуалды ерекшеліктер тұрақты болып шықты, ал көру өрісінен тәуелділік және тәуелсіздікті Уиткин өзінің, «Перцепция даралықтың негізі ретінде» деп аталатын кітабын – когнитивті стиль деп атады. Осындай жолмен ең алдымен өрістен тәуелділік және тәуелсіздік бойынша индивидуалды ерекшеліктер шынында адамдарға қандай көру немесе вестибулярлы информация маңыздырақ болатынына негізделген.

5. Гордон Олпорттың тұлға зерттеуіндегі ерекшелік теориясының пайда болуына қосқан үлесі?

Жеке қасиеттердің құрылымды зерттеулері - әр елде, әр түрлі теориялық бағытта жұмыс істейтін зерттеушілер-дара айырмашылықтың типологиялық емес жолдарын іздестіре бастады.

       Тұлға зерттеуіндегі ерекшелік теориясының пайда болуы Гордон Олпрытың қанағатсыздық нәтижесі болған жоқ, ол осы теорияның негізін салушы. Гордон Олпорд-американ психологы, ерекшелік теориясын құрушы, қәзіргі заманғы психологияда тұлғаның маңызды деңгейде методикалық аппарат қатарына бағыттауын анықтады. Оның ғылыми ізденуінің мотиві-психоаналитикалық теория ұсынған тұлғаның көзқарасты қабылдамаумен байланысты. Тәртіптің танымдық ерекшеліктерін іздестіруде, Олпорд-адамды сипаттайтын барлық сөздердің катологын құрастырудан басталады. Тұлғаның нақты ерекшеліктері тілде бейнеленуі қажет (адам өзінің танып-білген нәтижесіне атау береді)

       Тұлғаға қатысты терминдік сөздік 30-шы жылдардың ортасына қарай құрастыруды және ол 18000-ға жуық сөздерді қамтиды. Бұл тізімнен адамның қабілетін білдіретін сөздерді, оның физикалық ерекшеліктерін (толық сары шашты т.б.) сөздерді сөздік авторларын Г. Олпорд пен Г. Одберт алып тастап, тек ғана адамдардың нақты ерекшеліктеріне байланысты, оның өмірлік жағдайға бейімделу әдістерін анықтайтын терминдерді. Мысалы, агрессивті, табанды, тұйықтық, басқа адамдармен қарым-қатынас кезіндегі жұмсақтық т.б.с.с. Сөздердің тізімі едәуір азайды, бірақта анализдің экспериментальді мақсаты ол әлі де болса да кең болады, оның құрамына 4504 сөздер кірді. 2) Г.Олпорд-ерекшеліктердің тегістеу (классификациясын) ұсынады. Ерекшеліктің тегістеу классификациясын-Г.Олпордтың ерекшелік классификациясы, ол 3-деңгейден тұрады:

       1-ші деңгей-басты ерекшеліктер (кардинальный) деп аталады. Олар адамның барлық тәртібін анықтайды. Бұл ерекшелікке: қандай да бір әрекетке қызығушылық жатады. Басты ерекшеліктер-көптеген тұлға сфераның ерекшеліктерін анықтайды, және ол кез-келген адамдарда бола бермейді.

       2-ші деңгей ол-орталық ерекшеліктер деп аталады. Олар адам тәрбиесінің әр түрлі жағдайында анықтайды. Егер осы заманға сай психологияда дәл осы ерекшелік айтылса, онда ол осы деңгейдегі ерекшелік туралы айтылады.

       3-ші деңгейді-қосымша ерекшеліктер құрайды. Олар тек кейбір адамдарға, кейбір жағдайға ғана тән болады. Мұндай ерекшеліктер-жекеліктің идиографикалық сипаттауын және әр аламның уникальді екенін көрсетеді.

3) 40 жылдың басында Гаймонд Кэттели/ Г.Олпорд пен Одберт жасаған сөздік тізімінен нақты ерекшелік пен жағдайды сипаттайтын сөздерді алып тастайды. Бұл сөздер санынан-ол сирек қолданылатын және мағнасы жағынан синонимдес етіп топталған сөздерді алып тастады. Әр синоним тобына ол антонимдер тобын құрды. Қорытындысында ол 171 биполярлы ерекшелік тобын алды. Кластерлік анализ жолымен (топтастыруды көрсететін матиматикалық әдіс) ол 35-топты бөлді, 6-дан 12-ге дейінгі дейінгі ерекшеленеді.

       Кэттелл басшысымен жүргізілген жұмыстарда эксперттер 35-бөлінген тұлға ерекшеліктерін бағалады. Әр 12-факторға кіретін ерекшелік құрамы-анализден өткен, және оған сұрақтар құрастырылған, оған жауап ретінде қай деңгейде қай ерекшелік адамдарда сипатталғанын айтуға болады. Нәтижесінде сұрақнама пайда болды. Ол тұлғалық сфераның 12-сипаттамасын бағалай алады. Бірақ Р.Кәттелдің ойынша, барлық тұлғалық ерекшеліктер эксперттерге көріне бермейді, сондықтан ол сұрақнамаға тұлғаның жалпы сипаттамасын қосты, онда адам өз ерекшелігіне бағалай алады. Жалпы, тұлғалық 16-ерекшелік болады, ал оның диагностикасына пайдаланатын методика-Р Кәттелдің 16-факторлық сұрақнамасы деген атауға ие болады. Кластерлік анализ бойынша, бұл құрлымды бағалап, әр түрлі зерттеушілер оның 5-факторын бөліп қарастырады.       Ерекшеліктің үлкен 5-типі маңызды деңгейде әр түрлі авторлар жұмыстарда сай келетін факторлар экстраверсия, альтруизм, навютизм.

1-ші фактор ереже бойынша-экстраверсия деп аталады. Жағымды жақтары-қарым-қатынасқа тез түсуі, табандылық, өзіне-өзі сенімдік, белсенді жылдам, доминантты. Жағымсыз жақтары-адамдармен емес өзімен-өзі болуға тырысады,

2-ші фактор- «альтруизм»-адамдарға көмектесуге үнемі бейім тұрады достықты сүйгіш мейрімді, сезімтал, өзіне сенім артатын адамдарды тез кешіреді. Ал жағымсыз жақтары-адамдарға суық лебіз білдіреді, достықты сүймеушілік, қайрымсыз болуы.

       3-ші фактор-саналылық. Жағымды жақтары. Ұйымшыл, жауапкершілігі мол, өз іс-әрекетін үнемі жоспарлайды т.б. Жағымсыз жақтары міндетсіздік, ұқыпсыздық, ұмытшақтық өз іс-әрекеттерін ұйымдастыра алмаушылық т.б.

       4-ші фактор-невритоз. Жағымды жақтары эмоциясы тұрақты, қанағат пен тынымға бейім.










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 582.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...