Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

М.А. Холодная бойынша интеллектуалды дарынды адамдар типі? 2 страница




Әртүрлі типтегі макромолекулалар бірігіп молекулаға дейінгі құрылымдар түзейді, оларға мысал нуклеин қышқылдары мен белоктардың жиынтығы болып табылатын нуклеопротеидтер, липопротеидтер (липидтер мен белоктардың жиынтығы), рибосомалар (нуклеин қышқылдары мен белоктардың жиынтығы) жатады. Бұл қүрылымдарда жиынтықтар нековалентті байланысқан, бірақ та нековалентті байланысу мүлдем өзгеше. Биологиялық макромолекулаларға ферменттер катализатор болатын химиялық реакциялар қамтамасыз ететін үздіксіз айналу тән. Бұл реакцияларда ферменттер субстратты реакция өніміне өте қысқа мерзімде (ол уақыт бірнеше миллисекунд немесе тіпті микросекунд құрауы мүмкін) айналдырады. Мысалы, ДНҚ-ның қос тізбекті спиралының репликация алдында оралу уақыты тіпті, бірнеше микросекундты құрайды.

Молекулярлық деңгейдің биологиялық ерекшелігі биологиялық молекулалардың қызметтік ерекшеліктерімен анықталады. Мысалы, нуклеин қышқылдарының ерекшелігі сол, оларда белоктардың синтезі жайындағы генетикалық ақпарат кодталған. Мұндай қасиетке басқа биологиялық молекулалар ие бола алмайды. Белоктардың ерекшелігі олардың молекулаларындағы амин қышқылдарының ерекше реттілігімен анықталады. Бұл бірізділік әрі қарай белоктардың арнайы биологиялық қасиеттерін анықтайды, өйткені олар клеткалардың негізгі құрылымдық элементтері, клеткаларда жүретін эртүрлі процестердің катализаторлары мен реттегіштері болып табылады. Көмірсулар мен липидтер энергияның маңызды көздері болса, стероидтық гормондар түріндегі стероидтар бірқатар метоболизмдік процестерді реттеу үшін маңызды болады.

Биологиялық макромолекулалардың ерекшелігі сол сияқты, биосинтез процестерінің метоболизмнің белгілі бір сатысында жүзеге асуымен де анықталады. Оданда басқа, нуклеин қышқылдарының, аминқышқылдары мен белоктардың биосинтездері организмдердің қандай түрге жатуына тәуелсіз ұқсас үлгі бойынша өтеді. Осы сияқты май қышқылдарының тотығуы, гликолиз және басқа да реакциялар жан-жақты болып табылады. Мысалы, гликолиз барлық эукариот-организмдердің әрбір тірі клеткасында өтеді және 10 бірінен кейін бірі жүретін ферментативтік реакциялардың нәтижесінде жүзеге асады, олардың әрқайсысы арнайы ферментпен катализденеді. Барлық аэробты организмдер-эукариоттардың митохондрияларында молекулярлы «машиналар» болады, оларда энергияның босалуына байланысты Кребс циклі мен басқа да реакциялар жүзеге асады. Молекулярлық деңгейде көптеген мутациялар жүреді. Бұл мутациялар ДНҚ молекулаларындағы азотты негіздердің бірізділігін өзгертеді.

Молекулярлық деңгейде сәуле энергиясы тұрақталады және бұл энергияның химиялық энергияға алмасуын жүзеге асырады, бұл клеткалардағы көмірсуларда және басқа да химиялық қосылыстарда қор болып жиналады, ал көмірсулардың және басқа молекулалардың химиялық энергиясы қол жететін биологиялық энергияға, ол АТФ-да макроэнергетикалық байланыстар түрінде қорға жиналады. Ең соңында бұл деңгейде макроэнергиялық фосфаттық байланыстар энергиялары жұмысқа — механикалық, электрлік, химиялық, осмостық — айналуы жүреді, барлық метаболистік және энергетикалық процестердің механизмдері жан-жақты.

Биологиялық молекулалар, сол сияқты молекулалық және деңгейі бойынша одан кейінгі деңгейдің (клеткалық) арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді, өйткені ол молекулаға дейінгі құрылымдардың материалы болып табылады. Молекулярлық деңгей клеткалық деңгейді энергиямен қамтамасыз ететін химиялық реакциялардың «алаңы» болып саналады.

Клеткалық деңгей.Тірі заттың ұйымдасуының бұл деңгейі тэуелсіз организм түрінде әрекет жасайтын клеткалардан (бактериялар, қарапайымдылар және басқалары), сол сияқты көпклеткалы организмдердің клеткаларынан түрады. Бұл деңгейдің негізгі ерекше белгісінің мәні сол, одан өмірдің басталуы. Тіршілік етуге, өсуге және көбеюге қабілетті бұл клеткалар тірі материяның үйымдасуының негізгі формаеы, қарапайым бірлігі болып табылады, бұлардан барлық тірі организмдер (прокариоттар мен эукариоттар) құрылады. Өсімдіктер мен жануарлар клеткаларының арасында құрылымы мен қызметтері бойынша принциптік айырмашылықтар жоқ. Кейбір айырмашылықтар тек олардың мембраналары мен жеке органеллаларының құрылысына ғана тиесілі. Елеулі айырмашылық прокариотклеткалары мен эукариот клеткаларының құрылысында болады, бірақ қызметі бойынша бүл айырмашылықтар теңеседі, өйткені бар кезде «клеткадан клетка» ережесі жұмыс жасайды. Молекулаға дейінгі құрылымдар бұл деңгейде клеткалардың мембраналық жүйелері мен органеллаларын (ядролар, митохондриялар және басқалары) қалыптастырады.

Клеткалық деңгейдің ерекшелігі клеткалардың мамандануымен, көпклеткалы организмде клеткалардың мамандаған бірлігі ретінде болуымен анықталады. Клеткалық деңгейде кеңістік пен уақыт бойынша тіршілік ету процестерінде шектелу мен реттелу жүреді, ол қызметтің әртүрлі субклеткалық қүрылымдарға дәл болуына байланысты. Мысалы, эукариоттардың клеткаларында мембраналық жүйелер (плазматикалық мембрана, цитоплазматикалық тор, пластикалық кешен) жэне клеткалық органеллалар (ядро, хромосомалар, центриольдар, митохондриялар, пластидтер, лизосомалар, рибосомалар) біршама дамыған.

Мембраналық қүрылымдар маңызды тіршілік процестерінің «алаңы» болып табылады, сонымен бірге мембраналық жүйенің қосқабатты құрылысы «алаң» ауданын ұлғайтады. Бұдан басқа, мембраналық құрылымдар қоршаған ортадан клеткалардың бөлініп шығуын, сонымен қатар клеткалардан көптеген биологиялық молекулалардың кеңістікте бөлінуін қамтамасыз етеді. Клеткалардың мембранасы өте талғампаздық өткізгіштікке ие. Осыған орай, олардың физикалық жағдайлары оларда болатын кейбір белоктар мен фосфолипидтердің тұрақты түрде диффузды қозғалуына мүмкіндік береді. Клеткаларда жалпыға ортақ мембраналардан басқа ішкі мембраналар да болады, олар клеткалық органеллаларды шектейді.

Клетка мен орта арасындағы алмасуды реттей отырып, мембраналар сыртқы стимулдарды қабылдайтын рецепторларға ие болады. Сыртқы стимулдарды қабылдауға мысал жарықты қабылдау, бактерияның қорек көзіне қарай қозғалуы, нысана-клеткалардың гормондарға, мысалы, инсулинге жауабы болып табылады. Мембраналардың кейбіреулері бір мезгілде өздері сигналдар (химиялық және электрлік) тудырады. Мембраналардың тамаша ерекшеліктері оларда энергия айналуы жүзеге асады. Мысалы, хлоропластардың ішкі мембраналарында фотосинтез жүреді, ал митохондриялардың ішкі мембраналарында фосфорлардың тотығуы жүзеге асады.

Мембраналардың компененттері қозғалыста болады. Негізінен белоктар мен липидтерден құралған мембраналарға әртүрлі қайта құру тән, бұл клеткалардың тітіркендіргіштігін анықтайды — ол тірінің маңызды қасиеті. Ұлпалық деңгейбелгілі құрылысты, мөлшерлі, орналасуы мен қызметтері ұқсас клеткаларды біріктіретін ұлпалар. Ұлпалар тарихи даму жолында көпклеткалылықпен бірге пайда болған. Көпклеткалы организмдерден олар клеткалардың жіктелуінің әсерінен онтогенез процесінде қалыптасады. Жануарларда ұлпалардың бірнеше типтерін (эпителий, дәнекер, бұлшық-ет, нерв, сол сияқты қан мен лимфа) ажыратады. Өсімдіктерде меристемалық, қорғаныш, негізгі және өткізгіш ұлпаларды ажыратады. Осы деңгейде клеткалардың мамандануы жүреді.

Органдық деңгей.Организмдер органдардан тұрады. Қарапайымдыларда асқорыту, тыныс алу, заттар айналымы, шығару, қозғалу және көбею әртүрлі органеллалар есебінен жүзеге асырылады. Біршама жетілген организмдерде органдар жүйесі болады. Өсімдіктер мен жануарлардың органдары әртүрлі санды ұлпалар есебінен қалыптасады. Омыртқалылар үшін цефализация тән, ол бастағы жинақталған маңызды орталықтар мен сезім мүшелерін қорғайды.

Организмдік деңгей.Бұл деңгей организмдердің — табиғаты өсімдік және жануар болатын бірклеткалы және көпклеткалы организмдердің — өздерінен тұрады. Организмдік деңгейдің арнайы ерекшеліктерінің мәні сол, бұл деңгейде генетикалық ақпараттың кодын шешу және іске асыру жүреді, осы түрдің организміне тән құрылымдық және қызметтік ерекшеліктер қалыптасады. Табиғатта организмдер ерекше, өйткені олардың дамуын, қызметін және олардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын детерминациялайтын генетикалық материалы ерекше болады.

Популяциялық деңгей.Өсімдіктер мен жануарлар оқшауланып тіршілік ете алмайды; олар популяцияларға бірігеді. Организмге дейінгі жүйені құра отырып, популяциялар белгілі генофондармен және белгілі мекендеу орнымен сипатталады. Популяцияларда қарапайым эволюциялық өзгерістер басталады, бейімделу формасының дағдылануы жүреді.

Түрлік деңгей.Бұл деңгей табиғатта тірі буындар ретінде кездесетін өсімдіктермен, жануарлармен және микроорганизмдердің түрлерімен анықталады. Түрлердің популяциялық құрамы өте алуан түрлі. Бір түрдің құрамында бірден көптеген мың популяция болуы мүмкін, олардың өкілдері мекендеу ортасының өте эртүрлігімен сипатталады және әртүрлі экологиялық қуыстарды иеленеді. Түрлер эволюция нәтижесімен және орын алмасушылығымен сипатталады. Қазір кездесетін түрлердің ертеде өткен түрлермен ұқсастығы жоқ. Түр тіршілік иелері классификациясының бірлігі болып табылады.

Биоценоздық деңгейәртүрлі түрге жататын организмдердің биоценоздарынан — қауымдастығынан тұрады. Мұндай қауымдастықтардағы әртүрлі түрлердің организмдері белгілі бір дәрежеде бір-біріне тәуелді болады. Тарихи даму барысында биогеоценоздар (экосистемалар) қалыптасты, олар организмдер мен ортаның абиотикалық факторларының өзара тәуелді қауымдастықтарынан тұратын жүйе болып табылады. Экожүйелерге организмдер мен абиотикалық факторлар арасындағы динамикалық (өзгермелі) тепе-теңдік тән. Бұл деңгейде организмдердің тіршіліктеріндегі заттық-энергетикалық айналымдар жүзеге асады.

Биосфералық (ғаламдық) деңгей.Бұл деңгей тірінің (тірі жүйелердің) ұйымдасуының жоғары формасы болып табылады. Ол биосферадан тұрады. Бұл деңгейде барлық заттық-энергетикалық айналымдардың бірігіп заттар мен энергияның бір алып биосфералық айналымға түсуі жүзеге асады.

Тіршілік иесінің ұйымдасуының әртүрлі деңгейлерінің арасында диалектикалық бірлік болады, тірі зат негізі жүйелердің басымдылығын құрайтын ұйымдасу жүйесінің типі бойынша құрылады. Бір деңгейден екіншісіне көшу алдыңғы деңгейде қызмет еткен қызметтік механизмдердің сақталуымен және құрылым мен қызметтің жаңа типтерінің пайда болуымен байланысты жүреді, сонымен қатар ол жаңа ерекшеліктерді сипаттайтын өзара әсерлердің, яғни жаңа сапаның пайда болуымен байланысты.

16. Адамның жалпы және жеке конституциясы.

Онтогенез – жеке ағзаның даму процесі (процесс развития индивидуального организма.. Психологияда онтогенез индивид психикасының негізгі құрылымдарының балалық кезеңде қалыптасуын қарастырады.

       Даму дегеніміз - өзгеру. Яғни, анатомиялық, физиологиялық, әлеуметтік, рухани аспектілердің бір қарқынмен сандық және сапалық жағынан өзгеруі. Даму тек қана прогресс емес, ол – тұйықталу немесе регресс те болуы мүмкін.

       Даму мәселелерімен салыстыру психологиясы, генетикалық психология, психогенетика, даму психологиясы және жас ерекшелігі психологиясы айналысады.

       Дамудың көріну формалары: филогенез, онтогенез.

Даму сфералары: 1. психофизикалық – дене күшінің өзгеруі (индивид.;

                           2. Психоәлеуметтік сфера (жеке тұлға.;

                           3. когнитивтік сфера (іс-әрекет субъектісі..

Психикалық дамудың факторлары: 1. тұқым қуалаушылық;

                                                         2. орта;

                                                         3. белсенділік.

Тұқым қуалаушылық жеке қасиеттерде дамудың шарты ретінде роль атқарады. Генотип – ағзаның генетикалық конституциясы немесе барлық гендер жиынтығы. Фенотип – сыртқы ортаның әсері барысында онтогенезде дамитын барлық белгілер жиынтығы.

Фенотип = генотип + орта

Генотиптік факторға байланысты эволюцияда екі тенденция бар: типизация және индивидуализация.

       Даму принциптері:

ü даму жүйесінің көзі ретіндегі тепе-теңдік еместің тұрақты динамикалық рпинципі;

ü даму жүйесінің шарты ретінде сақталу және өзгеру тенденцияларының өзара әсер ету принципі;

ü даму құрылымының критериі ретіндегі дифференциация және интеграция принципі;

ü даму функциясының критериі ретіндегі бүтіндік принципі.

Жеке тұлғаның онтогенезде қалыптасуы және даму туралы нақты ортақ теория жоқ. Дегенмен жеке тұлғаның тума құбылыс емес, жүре қалыптасатындығыортақ тұжырым мен сәйкес дәлелдемелер бар. (Жеке тұлға компоненттеріне қысқаша талдау жасау.. Жеке тұлға биологиялық тұқым қуалаушылық қасиеттер мен әлеуметтік шартты қасиеттердің қосындысының негізінде қалыптасатындықтан қалыптасу және даму жөніндегі алшақтықтар қалыптасу және дамудың негізгі қозғаушы күштерін анықтауда байқалады.Олар: жеке тұлғаның онтогенезде қалыптасуы және дамуының заңдылықтары, оған әсер ететін әлеуметтік топтардың маңызы, даму этаптары, тұлға дамуының қалыптасу және дамуындағы дағдарыстар, олардың ерекшеліктері, даму процесін түзету немесе тездету мүмкіндіктері және т.б. 

Осы мәселелерге байланысты жеке тұлғаның онтогенезде қалыптасуы және даму стадиялары сатылары туралы жоғарыда аталынған түрлі теоретиктер өз ұстаным бағыттарын ұсынады. Әрбір теория өзіндік сенімді дәлелдемелері бар, соның ішінде барлық теориялар мен концепциялар позицияларын пайдалана отырып, дамудың интегративтік концепциясын жасаған американ психологы Э.Эриксонның эпигенетикалық теориясын атауға болады. Бұнда жеке тұлғаның туғаннан соңғы күндеріне дейінгі дамуының генетикалық алғышарттылық 8 кезеңдерін көрсетеді. Бұл кезеңдерді адам өміріндегі міндетті түрде болатын психологиялық дағдарыстардың (қарама-қарсылықтар: қалыпты және қалыптан тыс шекаралар. негізінде түсіндіреді. Осындай даму туралы осы бағытты ұстаған теориялардың бірі американдық психолог Э.Эриксонның концепциясы, яғни эпигенетикалық принцип: адам туғанынан өмірінің соңына дейін міндетті түрде өзінің тұлғалық дамуында өтетін сатылардың генетикалық негізін алдын ала анықтады. Э.Эриксон адам өз өмірінде басынан сегіз психологиялық дағдарысты өткізеді деп көрсетті:

1. Сену-сенбеу дағдарысы (өмірдің бірінші жылы)

2. Ұялуға қарсы автономия (2-3 жас айналасы)

3. Кінә сезіміне қарсы бастамашылдықтың көрінуі (шамамен 4-6 жас аралығы)

4. Өзін толық қанды сезінбеу комплексіне қарсы еңбексүйгіштік (7-12 дейін)

5. Конформизм, сұр индивидуалдылыққа қарсы жеке бастық өзіндік анықталу (12-18 жас).

6. Жасқа байланысты психологиялық изоляцияға қарсы көпшілдік және интим (20 жас шамасы).

7. «Өзіне кетуге» қарсы жаңа ұрпақты тәрбиелеу қамқорлығы (30-60 жас аралығы).

8. Өкіну сезіміне қарсы өміріне қанағаттану (60 жастан жоғары).

Э.Эриксонның концепциясында тұлғаның анықтамасы сатылардың алмасуы арқылы түсініледі, әрбір сатыда адамның ішкі әлемінде сапалы өзгерулер, қоршаған адамдармен қатынас радикалды өзгерістер өтеді. Соның нәтижесінде тұлға дамудың сол сатысына тән жаңа сапаларды игереді. Оның пікірінше тұлғалық қырлар алдыңғы даму негізінде пайда болады.

Тұлға ретінде дамып және қалыптасып адам тек жағымды сапаларды ғана емес кемшіліктерді де меңгереді. Бір теорияда әрі жағымды әрі жағымсыз өзгерулердің үйлесу варианттарын келтіру мүмкін емес. Сондықтанда Э.Эриксон өзінің концепциясында тек тұлғаның екі даму сызығын көрсетті: нормалды және аномалды. Әрине олар дәл сондай болып таза күйде өмірде кездеспейді, алайда нақты көрсетілген ол жағдайлардан аралық варианттарды адамның тұлғалық дамуында көруге болады.

Жас ерекшелік кезеңдері мен стадиялары көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл - әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әлі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының ерекшеліктері де енеді.

Сонымен, жас шағы адамға оның дамуының сол кезеңде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айналасындағылармен қарым-қатынас ерекшеліктері деңгейімен , білім мен ойлау дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.

17. Э. Кречмер зерттеулері, дене конституциясы және дене бітімі типтерінің жіктелуі.

конституциялық типология (Э.Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде ж.т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалы? тип белгіленген:

Лептосоматик (єлжуаз) - бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.

Пикник (шєлтік) - мығым, семізшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.

Атлетик (шомбал) - бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік; ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.

Диспластик (м‰гедек) - дене бітімі қисынсыз. Бұл адам-дар - әрқилы мүшелік зақым-сырқаттарға ұшырағандар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ-қолы кемістер).

Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай: шизотомик, иксотомик, циклотомик. Шизотомик - дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған (асте-нический), тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгеріміне ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға икемдесуі қиын. Иксотомик- денесі мығым (атлетический), мінезі байсалды, сезімталдығы кем, ым-ишараға жоқ, ойлау қабілеті шабан, көбіне майдашыл. Циклотомик - семізшең, домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды (Э.Кречмер).

18. Жаратылыстану ғылымы мәліметтерінің дифференциалды психологияның дамуына тигізген әсері.

Дифференциалды психологияның зерттеу әдістеріне бақылау, эксперимент, интроспекция, егіздер әдісі, құжаттарды зерттеу, сұрақтама, биографиялық, статистикалық талдау, тестілеужатады. Жалпы айтқанда индивидуалдылықты зерттеудегі әдістер объективті және субъективті түрге бөлінеді.

       Психологияның дербес ғылымға айналуында оның ХІХ ғ. басталған жаратылыстану ғылымдармен бірлікте зерттелуі үлкен маңызға ие болды. Осы байланыстардың нәтижесінде психологияға экспериментальдық әдіс енді (Г.Фехнер), рефлекторлық теория ашылды (И.М.Сеченов. И.П.Павлов). Қазіргі заман психология проблемаларының зерттелуіне Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы да үлкен ықпалын тигізіп, тіршілік иелерінің құбылмалы орта жағдайларына икемделудегі психиканың рөлін анықтауға, жоғары психикалық әрекет формаларының қарапайым түрлерден туындайтынын түсінуге мүмкіндік берді.

Психология үшін оның қоғамдық ғылымдармен байланысы үлкен маңызға ие. Психологиялық факторлар өздігінен әлеуметтік процестерді бағыттай алмайды, керісінше олардың осы қоғамдық процестерді талдау а түсінуі мүмкін.

Дифференциалды психологияның негізгі зерттеу әдістеріне статистикалық талдау жатады.

Дифференциалды психологияның негізін қалаушысы ағылшын ғалымы Френсис Гальтон индивидуалды айырмашылықтарды зерттеу үшін статистикалық әдістің техникасын еңгізді. Және көп зерттеулерді өткізу үстінде эксперимент жүргізу үшін бірнеше құралдарды жасады. Оның ішінде бүлшық ет сезімін, есту түйсіктерді бағалауға арналған құралдар.

19. Тестілеу және оның дифференциалды психологияның дамуына тигізген әсері.

1882 жылы Ф.Гальтон Лондон қаласында бірінші антропометрлік лабораториясын ашты. Сол кездегі ғалымдардың ойынша (бірнеше концепциялар бойынша) дене қасиеттері жан қасиеттеріне қарама қарсы қойылған. Лабораторияда өткізілген Гальтонның зерттеулері бұл теорияларды жоққа шығарды. Антропометрикалық лабораторияда ол сенсорлық, сенсорлық-моторлық процестердің өтілуін өлшеудің пролцедуралары мен түрлі тестерін жасақтады. Сенсорлық мүмкіндіктерді өлшеудің негізінде, ол ол адамның жеке қасиеттерінің айырмашылықтарын түсіндіруге тырысты.

Индивидуалды айырмашылықтарды зерттеуде жинақталынған мәліметтерді өңдеу процедурасы үшін статистикалық әдістің қажеттігі немесе оның осы процедураларға бейімделу қажеттілігі туындады. Осы мақсатта Фрэнсис Гальтон математикалық процедураларды бейімдеді.

Оның бірі корреляция мәселесі. Гальтоннан кейін оның шәкірті Карл Пирсон корреляция теориясының математикалық аппаратын өңдеді.

Корреляциялық талдау - латынның “сәйкестендіру” мағынасын білдіретін, зерттелінуші белгілер мен факторлардың тығыз байланыстары мен белгілерін бағалаудың статистикалық әдісі.

Өз зерттеулерін сүреттеп дәлелдеу үшін Френсис Гальтон Бельгия ғалымы Адольф Кетленің статистикалық теориясын қолданды.

Кетленің ойынша алынған нәтижелерді түсіндіру үшін статистикалық заңдар негізінде «орта адам» теориясын алуға болады. Оның негізінде адам табиғаты армандар, идеалдар ретінде бар болады. Сонда адамдар ықтималдыққа сәйкес одан ауысып кетеді.

Егер орта баға тұрақты болса, онда статистикалық заңдар негізінде әртүрлі жағдайларды алдын ала болжауға мүмкін болады.










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 672.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...