Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

М.А. Холодная бойынша интеллектуалды дарынды адамдар типі? 1 страница




А.Е. Личко, К.Леонгард бойынша мінез акцентуациясы.

Мінез бен темпераменттің өзара байланысы олардын. физиологиялық негізі арқылы анықталады. Жүйке жүйесінің типтері адамның іс- әрекеттерінен, мінез ерекшеліктерінен анық байқалады. Мысалы, сангвиник адам басқалармен қарым-қатынаста әңгімені бірінші болып бастайды, ал флегматик мұндайда өзін-өзі тежеп, әңгімені тыңдауға ықыласты болады. Сангвиниктер бөтен адамдармен әңгімелесіп, тез танысып кетеді де, бұрынғы таныстарын шапшаң ұмытады. Ал флегматик адам мұндайда өте баяу, самарқау болады. Адам мінезіндегі осындай көріністер оның динамикалық ерекшелігі немесе қозғалғыштық қасиеті деп те аталады. Мұндай ерекшелік-темперамент қасиеттеріне. негізделеді. Мінездегі темпераменттің рөлі басқаша жағдайларда көрінеді. Осы ерекшеліктерден біз жүйке жүйесінің типтері шартты рефлекстердің жасалу-жасалмауына қалайша әсер ететінін байқаймыз. Ал шартты рефлекстер жүйесі мінездің физиологиялық негізі екендігі мәлім. Сөйтіп, темпераменттер адам мінезінің ұнамды қасиеттері мен ұнамсыз жақтарының дамуына да ықпал етіп отырады. Мысалы, сыртқы жағдайдың қолайсыздығы арқылы холерикке қарағанда меланхоликті оп-оңай қорқақ етуге болады. Ал колайлы жағдайда керісінше холерикті меланхоликке қарағанда батыр ету оңайырақ.

Мінез бен іс-әрекет. Әлеуметтік жағдай мен тәлім-тәрбие ісі және олардың өзара ұштастығы адамның психикалық ерекшеліктеріне, мінез қасиеттерінің дамып, қалыптасуына әралуан әрекеттері арқылы әсер етеді. Түрлі іс-әрекеттердің жүзеге асуы адам мінезіндегі қылықтар мен икемділікке байланысты. Өйткені, адам іс-қимыл үстінде түрлі қиыншылықтарға ұшырап, оларды қалайда жеңіп шығудың тәсілдерін іздестіреді. Бұл жайттар адам мінезіндегі ұнамды қасиеттерді дамытып, тұрақтандырады.

Мінездің ұнамды касиеттері автоматталған әрекет-дағдыға айналады. Дағдылар әрқилы істерге жаттығу, төселу нәтижесінде қалыптасады. Мұндай дағдылар мінезіндегі саналы әрекеттер мен белгілі істі орындауға бағытталған мақсатты көрсетеді. Сөйтіп, ол өзінің әрекетінің жемісін сезіп, өз көзімен көреді, оған рахаттанады, бойындағы күш-қуаты мен қабілетіне деген сенімі артады. Мысалы, сабаққа ұқыпты студент емтихандарды ойдағыдай тапсырады: Оқыған пәндерін жүйелі меңгереді. Жолында кездескен кедергілерді жеңіп, елеулі табыстарға қол жеткізеді. Осындай әрекеттер бара-бара адам мінезіндегі ұнамды қасиет болып қалыптасады да, оның қайрат-жігерін шындайды.

І.Адам мінезі онтогенезде пайда болып, бүкіл өмір бойына тұрақты.

2. Мінезге кіретін жеке адам бітістері кездейсоқ емес, олар мінезді анықтауға көмектеседі және типтерге бөледі.

3. Сол мінез типтері бойынша адам мінезі бірнеше топка бөлінеді.

Э.Кречмер бойынша, дене бітіміне, бет әлпетіне қарай астеникалық тип - арық, жіңішке адам, соның аркасында ұзын болып көрінеді. Астениктердің дене және бет терісі жұқа. Иықтары кішкентай. Саусақтары ұзын, жіңішке, бұлшық еттері нашар жетілген, ал әйел адамдар, сонымен қатар кішкентай болады.

Атлетикалық тип - орташа және ұзын бойлы, иықтары кең, көкірегі үлкен, басы ұзынша, әрі тығыз, қаңқа сүйектері мен бүлшық еттері жақсы жетілген. Пикниктік тип - орта бойлы, мойны қысқа, семіруге бейім, себебі бұлшық еттері мен қозғалыс аппараттары нашар дамыған. Э.Кречмердің айтуы бойынша осы типтер психологиялық ауруларға шалдығуы мүмкін. Астениктер мен атлетиктер шизофрения ауруына шалдығып жатады, оларды шизотимиктер деп атайды. Оларға ақ сүйектік, сезімталдылық, менменшілдік, суықтық, қатігездік, билікке құмарлық және эмоциялардың болуы тән. Ал пикниктер маникалды-депрессивті психозға бейім, оларды циклотимиктер деп атайды. Оларға ақ көңілділік, ашық мінезділік, көпшілдік, көп сөйлегіштік, қалжыңға бейімдік, жеңілтектік тән.

Мінездің психологиялық теориялары XIX ғасырдың аяқ кезінен бастау алады. Сол кездегі зерттеушілер адамның мінезін дене құрылысына қарай түсіндіруге тырысқан. Адамның дене құрылысы қандай болса, оның мінезі соған сәйкес қалыптасады. Адамның мінезін сыртқы тұрқынан, бет әлпетінен, нышандары-нан зерттеп, қарастыруға болады. Осы кезде френология ағымы қалыптасты. Ол ағым бойынша адамның бас сүйегіне, формасына, жүйке саласына қарап адамның мінез-құлқын, ақыл-ойы дәрежесін, т.б. ажыратуға болады. Ал графалогия ағымы бойынша адамның жазуына қарап, оның мінез ерекшелігін ажыратуға болады.

Мінез типологиясы

Осы кездерде көптеген ғалымдар мінез мәселесімен айналысты: неміс психиаторы Э.Кречмер, У.Шелдон, К.Леонгард, А.Е.Личко, т.б.

Мінез акцентуациясы А.Е.Личко бойынша: жас өспірімдерді бақылауға негізделген нақты бір мінез күшейуін қарастырды, ол сыртқы жағдайларына байланысты.

1)Гипертимді тип - қозғалмалылыққа, қарым-қатынасқа бейім жасөспірім. Шуды жақсы көреді, тынымсыз ортада болуды қалайды. Көңіл күйі өте жақсы болады, Оқуы бір-қалыпты емес, бір орында отыра алмайды, тәртіпсіздік байқалады. Үлкен адам-дармен қақтығастарға жиі түседі. Көптеген нәрселерге қызығады, бірақ ол тез өтеді. Өздерінің қабілеттеріне тым сенгіш, тіпті шектен тыс өзіне сенеді. Елдердің алдында өзін-өзі көрсеткенді ұнатады, мақтаншақ болып келеді.

2)Циклоидті тип - апатияға бейім, тез қозады, көбінесе өзімен-өзі жалғыз қалғанды ұнатады. Барлық нәрселерді жүрегіне қатты алады. Екі-үш апта сайын көтеріңкі көңіл күйден тұйық қалыпқа ауысады. Ескертулер жасағанда ашуланады.

3)Лабильді тип - көңіл күйі ауа райы секілді тез өзгереді, оған әр түрлі қарапайым нәрселер (біреудің көзқарасы, амандаспауы, бір нәрсеге ден қоюы) себеп болады. Олардың мінез-құлқы уақытша көңілге байланысты. Қазіргісі мен болашағы өзінің көңіліне ұқсас болады, біресе көңідді болыл, біресе түңіліп те қалады. Кейде сәтсіздіктер мен қиыншылдықтар болмаса да көңіл күйі төмен болады, кеп әуреленеді, сондай кездерде оның жақын адамдармен болғаны жөн, оның басқа нәрсеге айналғандығы қажет. Олар өзіне деген қарым-қатынасты ерекше сезінеді.

4)Астено-невротикалық тип - қозғыш, шаршағыш, қырсық. Ақыл-ой жұмыстарына тез шаршайды.

5)Сензитивті тип - жоғары сезімталдық тип. Қозғалыс, құмар ойындарын жақсы көрмейді, үлкен компанияларда болуды қаламайды. Бейтаныс адамдармен ұяң, ұялшақ болғандықтан, тұйық болып көрінеді. Тек жақын адамдарына ғана ашық, сөзшең болады, өзінің қатарластарынан гөрі үлкен кісілермен, кішкентайлармен болуды ұнатады. Үлкендердің тілін алады, ата-аналарына жақын келеді. Мұндай адамдарда «кемістік комплексі» болады. Ортаға бейімделу қиынға соғады. Оларда жастайынан жауапкершілік қасиеті қалыптасып, өзіне және басқа адамдарға үлкен талаптар қояды. Дос тандауда қателеспейді, өзінен үлкен адамдармен достасқанды қалайды, оларды өте жақсы көреді.

6) Психо-астеникалық тип - интеллектісі тез дамиды, өзін-өзі және басқаларды бағалауға бейім, көп ойланып талқылауды ұнатады, бірақ іс жүзінде емес, сөз жүзінде ғана мықты. Өзіне-өзі тым сену шешімсіздікпен байланысты. Абайсыз, салғырт, кенеттен шешім қабылдайды.

7) Шизоидті тип- тұйық, өз қатарластарымен болғаннан гөрі үлкендермен болғанды ұнатады. Басқа адамдарға қызығушылығының жоқ екенін, немқұрайды екенін көрсетіп, олардың жағдайына көңіл білдіре алмайды. Ішкі жан дүниесі қиялға толы. Сырттай өз сөзімін көрсете бермейді, маңайындағылар оны түсіне бермейді.

8) Эпилептоидті тип - көп жылап басқаларды мазасыздандырады. Мұндай балалар кішкентайлар мен жануарларды ренжітеді, өздерін диктатор деп санайды. Олар қатігез билеуші, өзін-өзі жақсы кереді. Басқаларды қорқыту арқылы өзіне бағындырып, қиын ережелер қояды. Өзін басқалардан жоғары деп санайды. Бастықтардың алдында бөрін жасап, көтерілуге тырысады.

9) Истероидті тип - үнемі ортада болуды қалайды, басқалардың алдында өзін суреттеп көрсетеді. Олар басқа біреуді мақтағанды, басқаларға көңіл бөлгенді жақтырмайды. Тек қана оны мақтап жүргенді ғана ойлайды. Көпшілік ортасында лидер болғанды ұнатады.

10) Тұрақсыз тип - ерік-жігерсіз, өзен ағысы бойынша өмір сүреді. Той-томалақты, жұмыссыздықты жақсы кереді. Талғаусыз, бәріне қызығады. Өзінің болашағы жайлы ойламайды, кәсіби қызығушылығы жоқ.

11) Конформды тип - негізгі ерекшелігі барлығы сияқты болу. Өзі үшін досын да сатып кетеді, бірақ не істесе де оған себеп табады.

К.Леонгард өз топтастыруында сында адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасына сүйенеді:

1)Гипертимді тип - анық жестері, мимикалары болады. Сөзге қүмар, қарым-қатынасқа бейім, бастапқы тақырыптан кенет бас тартады, өзінің отбасылық, қоғамдық міндетгеріне қалай болса солай қарағандықтан, адамдармен қақтығысқа тез түседі, қақтығысты өзі бастайды. Оптимист, энергаясы мол, іс-әрекетті сүйеді. Бірақ жеңілтек, аморалды әрекеттерді жасайды. Жоғары козғыштық қасиеттері бар, жалғыздық пен қатал төртіпті қолдайды.

2)Дистимді тип - пессимисті көңіл күйді, аз сөйлегіш, үйде отыруды ұнатады. Тұйық өмір сүреді. Қақтығысқа түспейді. Ол өзімен достасатын адамдарды бағалап, тіпті оларға бағынады. Әділ, байсалды, баяу ойлайды, бірақ тиянақты.

3)Циклоидті тип - көңіл күйі тез өзгереді, сондықтан да қарым-қатынаста өзгермелі болып келеді. Көңіл күйі жоғары болғанда сөзге, қарым-қатынасқа жақсы түседі, төмен болғанда тұйық болады.

4)Қозғыш тип - вербальды және вербалъды емес реакциялары баяу, контактілігі төмен, қақтығысқа бейім, көңілсіз. Отбасында басшы болғанды ұнатады, ұжыммен бірге бола алмайды. Қозған кезде ашуланшақ, ез әрекеттерін қадағаламайды, жақсы күйде таза, ұқыпты, бала мен жануарларды сүйеді.

5)Тежелгіш тип - сөйлемейді, басқаларды үйретеді. Қақтығыста белсенді рол атқарады. Қолға алған жұмыста үлкен дәрежеге жетуге тырысады. Өзіне үлкен талаптар қояды. Ренжігіш, сезімтал, өш алғыш, өзіне тым сенімді, қызғаншақ, ар-ұяты мол.

6) Педантты тип - қақтығыста енжар жақта, жұмыста басқаларға үлкен талапты қойса да лидерлікті кейде басқаларға да береді. Өзінің тазалықты сүюімен үйдегілерді де мазалайды. Ол ұстамды, тазалықты сүйеді, жұмыста сенімді, бірақ қақтығаста ұрысқақ.

7) Уайымшыл тип - ұялшақ, өзіне сенімсіз, қақтығысқа аз түседі, енжар болады. Басқалардан көмек іздейді. Достықты бағалайды, өзін-өзі көп сынайды, алға қойғандарын орындайды. Қалжың көтергіш.

8) Эмотивті тип - жарты сөзден-ақ бірін-бірі түсінетін адамдар тобынан құралады. Ренжісе оны ішінде ұстайды, сыртқа шығармайды. Жауапкершілік, орындаушылық қасиеттері бар, бірақ көндіккіш, тым сезімтал жан.

9) Демонстративті тип - байланысты жеңіл орнатады, мақтанғанды ұнатады, билеуші мен лидерлікке талпынады, өзінің өзіне-өзі сенімділігімен адамдарға ұнамайды. Қақтығысты өзі тудырып, өзін-өзі қорғай алады. Басқаларға ұқсамайтын әрекетгер жасайды. Басқаша ойлайды, басқаларды қызықтырады, бірак, эгоист, мақтаншақ, екіжүзді, жұмыстан қашады.

10) Экзалтацияланған тип - контактіге түсуі өте жоғары, сөзге құмар, тез ғашық болады. Дауласады, бірақ қақтығысқа жеткіз-бейді, қақтығыс кезінде белсенді әрі енжар болады. Достары жақындарына байланып қалады. Оларға көп көңіл бөледі. Талғамы жақсы, шын сөзімге бейім. Көңіл күйі тез өзгергіш.

11) Экстравертивті тип - достары, таныстары өте көп. Сөзшең, әр түрлі нәрселер жайлы сөйлесе береді, достары мен жақындарына лидерлікті береді. Олардан бір нәрсе сұраса соны орындайды, зейін қойып тындайды, бірақ жеңілтек. Басқалардың әсеріне бейім, ойланбай бір нәрсе істей салады, әңгіме айтып отыруға бейім, ойланбай көп нерсе жасайды. Көңілді уақыт өткізуге құмар.

12) Интравертивті тип - тұйық, шындықтан алшақ, данышпандыққа бейім, жалғыздықты сүйеді, тек өз өміріне басқа біреу кіріскенде ғана қақтығысқа түседі. Ұстамды, принциптері көп, қатал сенімдері мен көзқарастары болады. Бірақ бірбеткей, өз идеяларын дәлелдегіш, өз ойы қате болса да өз ойын дәлелдей береді.

Адам мінезіндегі әрбір ерекшелік белгілі жағдайларға сәйкес көрініс береді. Мұндай ерекшеліктердің өзіндік физиологиялық ерекшеліктері бар. Адам мінезінің физиологиялық негізін ашып көрсетуде ерекше орын алатын жөйт жоғары жүйке қызметінің типтеріндегі ауыспалы құбылыс. Осы орайда, И.И.Павлов қандай сигнал жүйесінің басым екендігіне қарай адам мінезінің типтерін мынадай үш типке бөледі:

1. Ойшыл тип - бұл негізінен сөзбен байланысты, екінші сигнал жүйесі рефлекторлық қызметінің басымдылығы.

2 Көркем тип - бірінші сигналдық шартты рефлекстің басымдылығы.

3. Орташа тип - мұнда екі сигнал жүйесінің бірде-бірі басымдылық көрсете алмайды. Адамдардың көпшілігі осы орташа типке жатады. Адам мінезінде бұлардан басқа да мінез ерекшеліктерінің пайда болуына әсер етіп отыратын арнайы типтердің болуы ықтамал.

Әр мінез ерекшеліктеріне сәйкес әр түрлі таптегі адамдардың еңбексүйгіштігі мен әрекетшілдігі де түрліше болып келеді.

Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара мінездегі өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі симптомокомплекс не факторлар деп атайды.

13. Э.Фромм бойынша әлеуметтік мінез типологиясы.

Э.Фромм әлеуметтік мінез типологиясы: Мазохист-садист. Бұл типті адамдар өмірде болып жатқан сәтсіздіктер мен жағдайларды өзінен іздемейді, ол сәтсіздіктердің бәріне адамдарда ғана кінәлі деп есептейді. Егер ондай адамдар табылмаса, ондай агрессияны өзіне арнайды. Мұндай адамдар өздерінің білімін көрсету мақсатында көп оқиды. Бұларда садисттік тенденциялар да байқалады. Олар басқаларды өздеріне бағындыруды, оларға әртүрлі жарақат жасау, олардың қиналғанын көріп рахаттану сезіміне келеді. Мұндай адамдардың тобына Фромм: Гитлер, Сталин сияқты адамдарды жатқызды. Бұзушы. Фрустрация туғызған объектіні толық жоюға, көзге көрініп тұратын агрессияшылдығымен сипатталады. Өздерінің проблемаларын шеше алмайтын, тығырыққа тірелген, жаманшылық, қорқыныш сезімі үнемі болатын, өзінің интеллектуалды және эмоционалды жағдайларын толық сыртқа шығара алмайтын адамдар. Қоғамда болатын аса үлкен өзгерістерге бұндай адамдар бұл төңкерістердің алдыңғы қатарында болады. Конформист – автомат. Бұндай индивид әлеуметтік немесе жеке бас мәселесінде болатын проблемаларды шеше алмайтын болса, онда ол өзін - өзі түсінуден қалады.Ондай адамдар қоғамдық ортада болатын өзгерістерге тез бейімделіп, сол ортаның талап – тілектерін орындайтын болады. Бұл тип саналы және санасыз түрде кез – келген ортаға бейім.

14. Қабілеттік пен дарындылық теориясына отандық психология мен психофизиологияның үлесі.

Қабілет – бұл тұлғаның қандайда бір іс-әрекет түрін табысты орындау шарты болып табылатын индивидуалды – психологиялық ерекшелігі.

Қабілет анықтамасын берудегі негізгі үш маңызды кезең: біріншіден, қабілет бір адамды

екіншісінен ерекшелейтін қасиет, екіншіден, дефектілерге қарағанда табыстылықты

сипаттайды; үшіншіден, адамның білім, дағды, шеберлікті меңгеру икемділігі. Қабілетті индивидуалдылықтың бір деңгейіне қоюға болмайды; кешенді табиғатқа ие бола отырып, басқа сапалармен өзара әрекеттесіп, индивидуалдылықтың барлық деңгейі арқылы өтеді.

2.Қабілет теориялары. 1 Тұқымқуалаушылық теориялары қабілетті дамуы мен көрінуі тұтастай тұқымқуалаушылық қорға тәуелді биологиялық детерминантталған құбылыс ретінде түсіндіреді. Бұл позицияны энциклопедиялық сөздіктерге және атақты адамдардың гениологияларына сүйену арқылы таланттылықты зерттеген Ф. Гальтон ұстанған.

2 Қалыптасқан қабілеттер теориясы. ХVІІІ ғасырда К.А. Гельвеций тәрбие арқылы данышпандылықтың кез-келген деңгейін қалыптастыруға болады деген пікір айтқан.

3 Қабілеттерде тума және қалыптасқандардың диалектикасын қарастырған үшінші бағыт негізінен Кеңес психологиясында дамыды. Тума кезең ретінде тек қана анатомо – физиологиялық ерекшеліктер болуы мүмкін, ал қабілеттердің өзі – қалыптасу нәтижесі (тума және тұқым қуалаушылық бір қатарға қойылмайды). Қабілеттер іс-әрекеттерде қалыптасады, сондықтан іс-әрекет мазмұны мен балаға әрекеттер мен жетістіктер этолонын беретін ересектермен қарым-қатынасқа тәуелді болады. Осының негізінде П.Я. Гальперин қабілеттер интериоризация нәтижесі екендігін көрсетеді.

3.Қабілеттің дамуындағы тұқым қуалаушылық пен орта әсерлері. Қабілеттер дамуының табиғи негізі, организмнің анатомиялық-физиологиялық ерекшелігі нышан туралы түсінік. Қабілеттердің дамуындағы И.П.Павловтың мидың тума қасиеттері ерекшеліктеріне байланысты типтер. Қабілеттіліктің психофизиологиялық негізі есепке алсақ, нышандар негізінен жүйке жүйесінің қасиеттеріне ие болады. А.Г. Ковалев және В.Н. Мясищевтің пікірінше, жүйке жүйесінің күші, салмақтылығы, қозғалымпаздығы коммуникативті және ерікті қасиеттерді демей отырып, қажет іс-әрекетті жақсартады. Ал әлсіз (сезімтал ) жүйке жүйесі өнермен айналысуға қолайлы болады. Нышандар қабілеттер мен темпераменттің арасындағы байланысты жүзеге асыра отырып, нақты бір іс-әрекет түріне және барлығына деген жоғары білімпаздыққа бейімділікте көрінеді.

4.Дарындылық, таланттылық, данышпандылық түсініктері. Дарындылық ұғымы. Қабілеттер мен дарындылық (Б.М.Теплов). Н.С.Лейтестің «Дарынды балалар» атты еңбегі. Таланттылық, данышпандылық түсініктері. Дарындылық қандай бастапқы құрылым жағдайымен жоғары нәтижеге жету мүмкін екенін көрсетеді. Бірақта бұл нәтижеге жете алмауда мүмкін. Дарындылыққа қарағанда данышпандылық шығармашылық процестің потенциалды және құрылымдық емес, өзекті және процессуалды сипаттамаларын көрсетеді. «Данышпандылық» термині адамның шығармашылыққа деген қабілетін білдірумен қатар,қандай да бір аймақтағы өнімді іс-әрекетке деген тума бейімділікті айқындай отырып, оның іс-әрекет өнімділігінің жоғары нәтижесін бағалау. Данышпан талантқа қарағанда дарындылықтың жоғары деңгейін ғана көрсетіп қоймайды, сапалы жаңа туындыларды ұсынады. Данышпан мен таланттың шекарасын келесі формула арқылы айқын көрсетуге болады: «Данышпан не істеу керек, соны жүзеге асырады, ал талант – орындай алатынын істейді».

15. Адамның биологиялық ұйымдасуының деңгейлері мен иерархиясы.

Тірі заттың ұйымдасуында негізінен молекулярлық, клеткалық, ұлпалық, мүшелік, организмдік, популяциялық, түрлік, биоценоздық және ғаламдық (биосфералық) деңгейлерін ажыратады. Барлық осы деңгейлерде тіріге тән барлық қасиеттер көрінеді. Осы деңгейлердің әрқайсысы басқа деңгейлерге тән ерекшеліктермен сипатталады, бірақ әрбір деңгейдің өзіне тән айырықша ерекшеліктері болады. Молекулярлық деңгей. Бұл тірінің ұйымдасуында ең негізгі деңгей болып табылады жэне нуклеин қышқыларынан, белоктардан, көмірсулардан, липидтерден және биологиялық молекулалар деген атқа ие, жоғарыда айтылғандай, клеткаларда болатын стероидтердан тұрады.

Биологиялық молекулалардың мөлшерлері біршама алуан түрлілігімен сипатталады, олар тірі материяда алатын кеңістігімен анықталады. Ең кіші биологиялық молекулаларға нуклеотидтер, аминқышқылдары және қант жатады. Керісінше белок молекулалары үлкен көлемдерімен сипатталады. Мысалы, адам гемоглобинінің молекуласының диаметрі 6,5 нм құрайды. Биологиялық молекулалар төменгі молекулалық ізашарларынан синтезделінеді, олар көміртегі тотығы, су және атмосфералық азот болып табылады және олар метаболизм процесінде аралық қосылыстар арқылы молекулалық массасы үлкейетін (құрылыс блоктары) үлкен молекулалық массаға ие биологиялық макромолекулаларға айналады. Осы деңгейде тіршілік әрекеттерінің маңызды процестері (тұқымқуалаушылық ақпаратты кодтау және беру, тыныс алу, зат және энергия алмасу, өзгергіштік және т.б.) басталады және жүзеге асады.

Бұл деңгейдің физико-химиялық ерекшелігінің мәні сол, тірінің құрамына өте көп химиялық элементтер кіреді, деседе, тірі заттың қарапайым құрамын көміртек, сутек, азот түзейді. Атомдар тобынан молекулалар түзіледі, ал соңғыларынан қүрылысы мен қызметі жағынан ерекшелінетін күрделі химиялық қосылыстар қалыптасады. Клеткаларда бұл қосылыстардың көпшілігі нуклеин қышқылдары және белоктар түрінде болады, олардың макромолекулалары полимерлер болып табылады, олар мономерлер түзілу нәтижесінде синтезделген, соңғылары белгілі бір ретпен қосылған. Бүдан басқа макромолекулалардың мономерлері бір қосылыс шегінде бірдей химиялық топтарға ие және химиялық байланыстар көмегімен оларға тән емес бөліктерімен (учаскелерімен) қосылған.

Барлық макромолекулалар әмбебап, өйткені олар қандай түрге жататынына тәуелсіз бір жоспар бойынша құрылған. Әмбебап болғандықтан олар осымен қатар бірегей, өйткені олардың құрылымы қайталанбайды. Мысалы, ДНҚ нуклеотидтердің құрамына белгі лі төрт (аденин, гуанин, цитозин және тимин) азоттық негіздің біреуі енеді, нәтижесінде кез келген нуклеотид немесе ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің кез келген реттілігі өзінің қүрамы бойынша қайталанбайды, осы сияқты ДНҚ молекуласының екінші құрылымы да қайталанбайды. Көптеген белоктардың құрамына 100-500 аминқышқылдары енеді, бірақ белоктар молекулаларындағы аминқышқылдарының реттілігі қайталанбайды, осынысымен оларды бірегей етеді.










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 1077.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...