Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

М.А. Холодная бойынша интеллектуалды дарынды адамдар типі? 4 страница




        Жағымсыз жақтары үрейлілік, нашар көңіл-күйге бейім, әр түрлі қорқыныш пен тынымсыздыққа бейім болуы.

       5-ші фактор-қажетілік. Жағымды жақтары ойлау өрісі кең, қызығушылықтары кең түрі, олар сыпайы, өзгелер оларды ақылды деп қабылдап, логикасы мен ақыл-ойы жоғары.

Жағымсызы шектен тыс қарапайымдылық, қызық емес адамдар санын құрайды.  

                                             

Пиктограмма дегеніміз не?

Психикалық процестердің сапасын, жеке адамның ерекшеліктерін анықтау үшін арнаулы сынақтардың, тестердің пайдасы зор.

Психологиялық тестердің қорытындысы клиникалық практикада жиі қолданылады. Түрлі әдістер арқылы жүргізілген клиникалық –психологиялық тексерудің, әсерлі психологиялық әңгіменің, өмір мен ауру туралы анамнездік мәліметтермен салыстыру керек.

       Пиктограмма– жанама еске сақтауды тексеруге арналған әдіс. Есте сақтау үшін сайланып алынған сөздерді пайдаланады.

       Пиктограмма әдісі жеке адамның есін ғана емес, оның ойлау, қабылдау, эмоция ерекшеліктерін анықтауға да пайдаланылады.

       Ассоциацияны тексеру.Сөздік-ассоциациялық тәжірибе. Ассоциациялық тәжірибеден бұрын берілетін нұсқау бойынша, адам эксперимент жүргізуші қойған сұраққа өзінің ойына келген бір сөзбен жауап беруі керек. Тексерілуші нұсқауды жақсы ұғынып, тәжірибе кезінде қимылдамауы әрі қайталап сұрамауы керек.

       Бұру мен жалпылау процестерін зерттеу.

Түсінікті жалпылау. Мұнда тексерілуші ұсынылған суреттің жалпы түсінігі мен заттардың атын атап беруі керек.

Түсініктердің жіктелуі. Тексерілушіге жануарлардың бейнесі, көкөністердің және осы секілді заттардың суреттері салынған карточкалар ұсынылады. Кейбір карточкалардың зат суретінің орнынан оның аты жазылуы мүмкін.

       Түсініктерді бөлу. Мұнда тексерілуші өзіне белгілі үйдің, жануарлардың, ағаштардың атын айтуы керек. Түсініктерді анықтау мен айыру. Мұнда адам сараңдық пен үнемшілдіктің, ағаш пен бөрененің айырмасын айтуы керек.

       «Қиыстыру» дағдылары мен әрекеттерін тексеру. Мұнда конструкциялық әрекет және конструкциялы ойлау әдісі қолданылады. Конструкциялы ойлау дегеніміз-мәселені іс-қимылсыз ой арқылы шешу, ал конструкциялы әрекет-есептерді іс-қимылмен шығару.

       Типологиялық сұрау.Мұнда жоғары жүйке қызметінің типтері жүйке процестерінің (қозу, тежелу) күшіне, тепе-теңдігіне және жылжымалылығына қарай бөлініп, арнайы лабораториялық тексерулерде анықталады.

       Талаптану деңгейін тексеру. Талаптанудың объективті және субъективті түрлері бар.

       Өзін-өзі бағалауды тексеру. Тексерілуші ұсынылған төрт тік сызықтан кісінің денсаулығы, мінезі, ақыл деңгейі көрсетілуі тиіс.

7. Интеллекті қасиетінің құрылымы, Дж. Гилфорд бойынша интеллектінің құрылымдық репрезентациясы.

Ерекшелік теориясының ұғымын және принциптерін қолданылатын алғашқы жұмыстар психологияда 30 ж. аяғында пайда болған және олар интеллекттің құрылысының анализімен байланысты. Ерекшелік теориясының контексінде жеке ерекшеліктерді зерттеу, осы кезде басталады, бірақ, шындап 40-жылдың аяғында ашылды. Интеллекттің психологиялық теориялары – интеллекттің теориясының тобы, олардың авторлары интеллектуалды сфераның (Спирмен, Перстоун, Гилфорд, Берт, Вертонның теориялары) зерттеуі кезінде көрінетін нақты интеллектуалды мінездеменің санын азайтуға тырысты.

       Интеллектуалды көпқырлығы – бұл құбылысты тефитиктерін анықтауда көп қиындықтардың себептерінің бірі. Интеллектті зертеуді кейбір пионерлері бұл феноменнің негізгі компоненттерін ашуға тырысып және оның күрделі табалдырығын танып, факторлы анализ кезінде-корелляцияның өлшемінде өзгерістердің негізін анықтау үшін өңделген статистикалық әдісті қолданды. Көбінесе тесттердің батареясын басқаруын қарастыратын эксперименталды парадигма қолданды, олардың әрқайсысы ой, математикалық қабілеттер, кеңістік қабілеттер немесе сөз қоры сияқты интеллекттің нақты бір атрибутын өлшей алады. Тесттің нәтижесінің факторлы анализы кезінде, барлық шкалалар арасындағы корреляция өлшенеді және содан кейін тестті орындау кезінде индивидуалды ерекшеліктер негізінде жататын факторлар анықталды.

       Ерте шыққан ғалымдардың ішінен Чарльз Спирмен: «интеллект «д»-дан немесе жалпы фактордан және «s»-дан немесе жеке ақыл-ой қабілетінде қатысатын нақты факторларды іріктеуден тұрады» - деп айтты. Ч.Спирменнің ойы бойынша, интеллект бәрінен бұрын тест көрсеткішінде басым болатын жеке латентті фактордың терминдерінде ерекшеленеді. Сонымен, адам нақты фактор бойынша ерекше жоғарғы қабілетін таныта алады және басқа факторлар бойынша жағымсыз қабілетін таныта алады. Перстоун және басқа зерттеушілер интеллектті «алғашқы ақыл-ой қабілеттері» деп атаған бірнеше фактордың жиынтығы сияқты санаған дұрыс деп айтты. Дж.Гилфорд афкторлы анализ ұғымына кеңінен ашты, ақыл-ой функциясына қатысатын фактордың логикалық анализін қосты. Оның «интеллект құрылымы» деген жүйесінде тіпті интеллект компоненттерінің ең күрделі мозаикасы ұсынылған. Бұл жерде барлық ақыл-ой қабілеттері үшөлшемді торап түрінде көрсетілген, олардың құрамында алғашында 120 фактор болды, сосын 150-ге дейін кеңейді.

Дж. Гилфорд бойынша интеллектінің құрылымдық репрезентациясы

1 ось бойынша ес және таным, дивергентті және конвергентті ойлау сияқты функцияларды орындау үшін қажет операциялар бөлінген; 2-ші ось бойынша байланыс, жүйе, қайта құрылу және нәтижелер сияқты ойдағы операциялардың өнімдері өтеді; ал 3-ші тапсырмалардың нақты мазмұны – бейнелі, семантикалық, символдық немесе мінез-құлықтық орналасқан.

       Төменде Дж. Гилфорд бойынша ақыл-естің 120 факторы тестінің тапсырмаларының кейбір параметрлері көрсетілген. Адам интеллектінің шегін өлшейтін факторлардың санының көбеюі, бұл құбылыстың күрделі табылатын ұқсатуға кқмектесуі мүмкін; және сонда да кейбір теорияшылдар мұндайәдістер негізсіз қанағатсыздықпен қателесті және иерархиялық моделі әдемі деп санады. Мұндай жүйені Дж. Кеттел ұсынды. Оның жүйесінде жалпы интеллект 2 негізгі фактордан тұрады: «өзгермелі қабілеттер» және «кристалданған қабілеттер».

       Өзгермелі қабілеттер абстрактты және кейде жаңа қатарлардың ұғымын қамтамасыз етеді және индуктивті ой-пікір кезінде аналогия және тесттерде көрінеді.

       Кристалданған қабілеттер факторларды жинаумен және жалпы біліммен байланысты және тесттерде сөз қорында және жалпы информациялануда көрінеді.        Адам интеллектіне факторлы анализ негізінде жақындау, әрине, бұл кұрделі құбылыстардың түсініктілігін кеңейтті, бірақ когнитивті психологтар Спирмен Ч., Перстоун Л., Гилфорд Дж, және кеттел Дж. Салған жолда қпуіпті теруыл жасады. Иельс университетінен Р. Стренберг интеллектті зерттеу әдісі факторлы анализ көмегімен өспелі скептицилді келесі түсініктер бойынша шағарады деп айтты:

1) Факторлы анализ әдісі «ойлау процестермен» әлсіз байланысқан; мысалы, 2 адам интеллекткеарналған (1а) тестте ұқсас көрсетікштер алуы және бұл түрде әртүрлі когнитивті процестер қолдануы мүмкін.

2) Факторлы анализдің жаттығулары және модельдерін оларды бір-бірімен сәйкестендіру жолымен сынап көру қиын.

3) Интеллектіні түсінуге әрекет ету, оларға негізінен факторлы анализдің логикасы тиісті, - бұл адам қабілетінің анализі үшін бар құралдардың ішінен жалғыз ғана емес.

Кейінірек когнитивті технологтар информациялық амалдарға тұтастай сәйкес келетін адам интеллектісінің жаңа модельдерін және жаңа әдістерін ұсынады.

8. Жеке айырмашылықтардың шығуының негізгі факторлары: тұқым қуалаушылық және қоршаған орта, туа біткен және жүре пайда болған не?

Адамның дамуына ықпал ететін негізгі факторларға тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта және тәрбие жатады. Жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында тұқым қуалаушылықтың мәні өте зор. Тұқым қуалаушылық- баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердіғ жиынтығы. Адам дамуындағы тұқым қуалаушылықты екі түрге бөлуге болады:

1. Жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім мүшелерінің дамуы, нәсілдік және ұлттық ерекшеліктері);

2. Даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық, физиологиялық бейімділіктері).

Адам дамуының заңдылықтарын педагогикалық тұрғыдан зерттеу үш басты проблеманы- интеллектуальдық, арнайы және моральдық сапалардың тұқым қуалау арқылы берілуін қамтиды.

Интеллектуалдық сапалардың тұқым қуалау арқылы берілуі : ол қабілет тұқым қуалау арқылы берілмейді тек нышан түрінде беріледі. Ағзаның анотомиялық , физиологиялық ерекшеліктерінің , демек, қабілетттің дамуына қажетті табиғи мүмкіншілікті нышан дейміз. Нышан өздігінен дамымайды оны қозғау және дамыту тәрбиеге және әлеуметтік жағдайларға байланысты. Арнайы нышандарға; математикалық, музыкалық, спорттық т.б. сапалар жатады.

Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі мына нәрселерден тұрады:

- морфологиялық белгілері (сыртқы бейнесінің ерекшеліктері);

- функционалдық ерекшеліктері (қан тобы);

- адамға тән бейімділіктер (сөйлеу қабілетінің дамуы, ойлау, еңбек ету қабілеті);

- жүйке қызметінің түрлері (жүйке процестерінің күші, олардың қозуы мен тежелуі);

- әрекеттің қандай да бір түрінің анатомиялық –физиологиялық бейімділіктері;

- есту мүшелері, ойлау, сезім мүшелері құрылысындағы ерекшеліктер.

Сонымен жеке тұлғаның дамуындағы тұқым қуалаушылық ықпалы дегеніміз- ол ұрпақтарда, ата-аналарының ұқсастықтарының мол болуын тұқым қуалаушылық деп түсінеміз.

Әрбір бала ата-анасынан белгілі бір тұқым қуалаған қасиеттермен дүниеге келеді. Мыс: ата-аналардан балаларға дене қалыптасуы және кейбір басқа да дене күші сапалары мен қасиеттері, шаштарының түр-түсі, көздерінің, терілерінің реңі ауысуы, бұлар туа біткен дене ерекшеліктері деп аталады.

Тілдің дамуы, тік жағдайда жүру нышандары сондай-ақ ойлауға еңбек етуге қабілеттілік сияқты, адамның өзіне тән нышандар тек белгілі бір әлеуметтік ортада адамдар мен араласқан да ғана дами алады. Тұқым қуалаған жалпы адамдық нышандардың дамуы тек тұқым қуалаушылыққа емес , сондай-ақ ең алдымен әлеуметтік жағдайлар мен қоғамдық қатынастарға тәуелді болып келеді.

Тұқым қуалаушылық заңдылықтарын, ерекшеліктерін зерттейтін ғылымды генетика деп атайды.

9. Типтер қасиеттер жиынтығы және жүріс-тұрыстың үлгісі ретінде. Гиппократ және И.П.Павлов типологиясы.

Темперамент туралы ілім ерте кезде пайда болған. Ертедегі грек медицинасының көрнекті өкілі Гиппократ (б.з.д. Ү ғ) пен оның шәкірттерінің айтуынша, адам ағзасының жағдайы негізінен адам ағзасында болатын шырындардың немесе сұйық заттардың (қан, шырын, өт) сандық арақатынасына байланысты, Осы сұйық заттардың араласу пропорциясы грекше «красис» депаталады. Рим дәрігерлері жүздеген жылдар кейін жұмыс істегенбұл ұғымды латынша temperamentumдеп аталады, кейін келіп «темперамент» термині шықты.

Гиппократ темпераментті адамның анатомиялық-физиологиялық және психологиялық даралық ерекшеліктері деп түсіндірді.

Темпераменттің табиғатын ғылыми тұрғыдан И.П.Павлов жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері туралы ілімінде түсіндіріп берді.

И.П.Павлов жүйке жүйесінің үш түрлі негізгі қасиеттерін бөліп көрсетті:

1. қозу және тежелу үрдісінің күші. Ол жүйке клеткаларының жұмыс істеу қабілетіне байланысты;

2. жүйке жүйесінің тепе-теңдігі, демек қозу күшінің тежелу күшіне сәйкес келу дәрежесі;

3.жүйке жүйелерінің қозгалғыштығы, демек қозудың тежелуге ауысу жылдамдығы және керісінше. Бұл барлық қасиеттер жалпы жүйке жүйесі ретінде бір ғана биологиялық қызметті атқарады, өз уақытында ағзаны қоршаған ортамен тепе-теңдікте ұстайды.

И.П.Павлов жүйке жүйесінің 4 негізгі түрін ажыратты:

1.күшті, ұстамсыз(қозудын күші басым болуы);

2.күшті, ұстамды, қозғалғыш;

3.күшті, ұстамды, сылбыр;

4.әлсіз.

Жүйке үрдістерінің күштерін белгілері бойынша И.П.Павлов күшті және әлсіз жүйке жүйелеріне бөлді. Күшті жүйке жүйелерінің окілдерін ол өз кезегімен күшті ұстамды және күшті үстамсыз деп ажыратты. Күшті ұстамдылар шапшаң және баяу болып бөлінеді.

Әлсіз тип. Жүйке жүйесі әлсіз типтің өкілдері күшті, ұзақ мерзімді және шоғырланған тітіркендіргіштерге төтеп бере алмайды. Қозу мен тежелу үрдістері әлсіз болып табылады. Күшті тітіркендіргіштердін әсерімен шартты рефлекстерді алу кешігеді. Сонымен катар тітіркендіргіштердің әсерімен жоғары сезгіштік байқалады.

Күшті, ұстамды тип. Күшті жүйке жүйесімен ерекшелене отырып, ол негізгі жүйке үрдістерінің ұстамсыздығымен- қозу үрдісінің тежелу үрдісінен басым болуымен сипатталады.

Күшті, үстамды, козғалғыш тип. Қозу және тежелу үрдістері күшті және ұстамды, бірақ олардың жылдамдығы, қозгалғыштығы, жүйке үрдістерінің шапшаң өзгеріп отыруы жүйке байланыстарының жылдам ұйымдасуына және тұрақсыздығына алып келеді.

Күшті, ұстамды, сылбыр тип. Күшті және ұстамды жүйке үрдістері аз қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Бұл типтің өкілдері сырт қарағанда салмақты, орнықты, қиын коздырғыш тип.

И.П.Павлов темпераментке былай деп анықтама бере «Темперамент әрбір жеке адамның жалпы сипаттамас болып табылады, оның жүйке жүйесінің негізгі сипаттамас әрбір индивидтің барлық іс-әрекетіне белгі қалдырады».

10. В.С.Мерлин және Б.М.Теплов мектептеріндегі темпераментті зерттеудің бағыттары.

Психикалық қасиеттердің қайсысын кімдер анықтағанын санамай-ақ , басым бөлігі В.С.Мерлин зерттеулерінде жасалғанын мойындауымыз қажет. Ол темперамент құрамындағы синзитивтілік, реактивтілік, белсенділік сондай-ақ белсенділік пен реактивтілік, темп және ырғақ моторикалары, икемділік және ригидтілік, экстраверттік және интроверттік, эмоционалды қозғыштық байланыстары тампераментке көбірек сәйкес келеді деп есептеді.

Синзитивтілік (сезімталдылық) психикалық қасиеттердің сезім мүшелері, яғни анализаторлары болып табылады. Сезімталдылық- адамның қандайда психикалық жауап әрекетінің пайда болуына себепші сыртқы әсер күшінің ең төменгі деңгейі мен сол жауап әрекетінің туындау шапшаңдығы. Абсолютті сезгіштікті көлеміне қарай, яғни сезімталдылықтың төменгі сезімталдылық табалдырығына қарама-қарсы ретінде бөліп көрсетті.Б.М.Теплов пен В.Д.Небылицин сезімталдылықтан жүйке жүйесінің жалпы және порциалды қасиеттерін бөліп көрсетті. Оны «Ч» әрпімен белгілейміз (Чувствительность) Реактивтілік индивид реакциясына сәйкес күші мен жылдамдығын сипаттайды. Реактивтілік сенсомоторлық реакцияның латентті периодының ұзақтығына байланысты, сондықтан оның көрсеткіші ретінде көлемі қызмет етеді. «R» әрпімен белгіленеді (Реактивность) Темпераменттің құрамдас бөлігі ретінде темп және ырғақ моторикалары ісәрекеттің уақыт құрылымын анықтайды. Темп қозғалыс уақытының бірлігі санымен сипатталады, ал (ритм) ырғақ қозғалыс арасының біркелкілігі, бірдейлігі мен жүйелілігімен сипатталады. Темп және ырғақ (темп и ритм) «Т-Р» әріптерімен белгіленеді. Икемділік және ригидтілік индивидтің қалыпты әрекет ету жағдайының шұғыл (кенет) өзгерткендегі икемділік дәрежесін көрсететін психикалық қасиет болып табылады. Икемділікке бейім индивидтер өзгерістерге тез бейімделгіш болады, ал ригидтілілер керісінше баяу болады. Сондықтан икемділік және ригидтілік психикалық икемделгіштік дәрежесінің қарама-қарсы факторы болып табылады. «П-Р» әріптерімен белгіленеді(Пластичность и ригидность) Экстраверсия және интроверсияда психиканың сыртқы тітіркендіргіштер немесе өзіндік ойы мен уайымдарына әсерленушілік дәрежесіне бағытталған темпераменттің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл факторлар «Э-И» әріптерімен белгіленеді. Эмоционалды қозғыштық (әсерленгіштік) темпераменттің құрамдас бөлігі ретінде базалы эмоцияналардың басымдылығына байланысты. Сондықтан индивидтің базалы эмоционалды фоны деп айтқан дұрыс. БЭФ әріптері мен белгіленеді (Базальный эмоциональный фон) Тұрақтылық және үрей (немесе мазасыздық) индивидтің эмоционалды жағдайының тұрақсыздығы немесе өзгергіштік деңгейін көрсетеді. С-Т әріптерімен белгіленеді (Стабильность и тревожность) Осы құрамдастар жиынтығы белсенділік (активность) деп аталады. Белсенділік- мақсатқа жетудегі адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және кедергілерді жеңу үшін жұмсалған әрекет-қылығының қарқындылығы (табандылық, зейін қою, бағдар таңдау) Бірақ нақты талдаулар бойынша біріншіден, белсенділік өзіндік реакция қабілеті ретінде барлық тірі организмге тән. Сыртқы қозғалыссыздық төтенше белсенділіктің көрінуімен болуы мүмкін. Екіншіден, белсенділік саналы индивидтің жекелігін сипаттайды және өз еркімен көрсету деңгейінде байқалады. Небылицин мен Симонов белсенділікті осылай қарастырады. Жиналған мәліметтердің әртүрлі типтердегі көрсетілген қасиеттердің сапалық деңгейінің сәйкестілігін кестеден көре аламыз.

11. Белсенділік және өзін-өзі реттеу қабілеттің интегралды параметрі ретінде (Н.С.Лейтес).

Н.С. Лейтес бойынша: балалық шақта жас ерекшелік дамудың ішкі жағдайлары қабілеттердің қалыптасу факторы болып табылады. Лейтес жастық шақта дамудың ішкі жағдайы ретінде бейімділікті көрсетеді. Оның ролі: бейімділік қабілеттің алдында жүреді және дамудың алдында жүреді және дамудың негізгі факторларының бірі – ми қатысатын процесстерге жағымды эмоциялық күй береді, еңбекқорлықты жоғарлатады, ұйқыдағы күштерді оятады.

12. Жалпы және арнайы қабілеттердің жіктелуі (музыкалық, тілдік, математикалық педагогикалық, әдеби және т.б).

Қабілеттілік - белгілі бір іс-әрекетте жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін адамның жеке дара психологиялық ерекшеліктері. Қабілеттілік - бұл адамның жеке-дара қасиеттерінің бірі. Балаларды отбасы мен мектепте байқай жүріп, біреуінің оңай және жақсы оқып кететінін, ал екінші бала оқуды үлкен қиыншылықпен игеретінін аңғаруға болады. Сол сияқты, бір бала есептерді өте шапшаң , жеңіл қабылдап, тез ұғынып, тез шығарып жатады да, екінші бала мұндай жетістікке есептің мазмұны мен мағынасын ұзақ, әрі төзімді түсіндіргеннен кейін әзер жетеді. Мысалы, мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың матаматика пәніне қабілеті күшті екенін айтады. Ал кейбір оқушылар тіл, әдебиетке, кейбіреулері музыкаға, сурет салуға қабілетті болып жатады. Ғылыми зерттеулер дәлелдегендей, қабілет негізінен екіге бөлінеді:

1. Жалпы қабілет. Жалпы қабілет дегеніміз- адамның ақыл-ой ерекшеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез -келген адамнан табылатын қабілет. Жалпы қабілет, негізінен, ойлауға қатысты болып келіп, оның аңғарғыштық (ойша барлаудың жылдамдығы), ойлағыштық, дербестік, сыншылдық, икемділік т.б. қасиеттерінен көрініп отырады. Жалпы қабілет адамның өзін ой әрекеттері мен еңбек әрекеттерінің түрлі салаларынан көрсете білуге мүмкіндік жасайды. Жалпы қабілеті дамыған оқушы, математика, физика, биология, әдебиет сабақтарын жақсы игере алады.

Бірақ өмірде қабілеті әрекеттің белгілі саласынан ғана мәселен, музыка , сурет, спорт, техника салаларында ғана көрініп, басқа жағынан жетістікке жете алмай жүрген адамдар да кездеседі. Бұл арнайы қабілет. Сонымен арнайы қабілет дегеніміз не?

Арнайы қабілет іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілет. Арнайы қабілеті бар адамдар қатарына спортшылар, музыканттар, суретшілер, ғалымдар жатады. Ес біле бастасымен бала белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады: ақыл-ой жүйріктігімен, сурет салумен, өлең айту, билеу, белгілі бір музыкалық құралда ойнау, мүсін жасау т.б. Бірақ баланың бұл қабілеттіліктерін қалыптастырып жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды. Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі оқу, білім, еңбек арқылы қалыптасады.Ғалымдар қабілеттіліктің 90 пайызы еңбекпен келеді деп тұжырымдайды.

Жалпы және арнайы қабілеттер бір-бірімен тығыз байланыста болып келеді. Адам белгілі бір іске, айталық, музыка немесе бейнелеу өнеріне қабілетті болғанымен, жалпы дамуы төмен болған жағдайда, ерекше жетістікке жете алмайды. Сондықтан да, мектеп пен отбасы міндеті - балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету және сонымен қоса, олардың арнайы қабілетінің де дамуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Психологтардың зерттеуі көрсеткендей, қабілеттілік әрекет үстінде, білім алу, тәрбиелеу негізінде қалыптасып дамиды.

Қабілеттердің дамуының табиғи негізі - нышандар болып есептеледі. Бұл нышандар табиғатын ғылыми негізде әлі де толық зерттеуде , әзірше ол нышандардың ми мен жүйке жүйелерінің анатомиялық –физиологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысты екендігі айқын болып отыр.Бір баланың екіншісіне қарағанда жылдамырақ, сәттірек игеруіне мүмкіндік беретін табиғи нышанның тума жеке-дара айырмашылығы болататыны анық. Шетел психологиясында қабілеттерді анықтауға бағытталған тесттерде «aptitude» деген термин жиі қолданылады. Бұл термин жалпы немесе арнайы білімдер мен іскерліктерді меңгеру табиғи қабілеті деп анықталады. Яғни, қабілеттер туа біткен қасиет ретінде қарастырылады. Барлық қабілеттерді жалпы және арнайы қабілеттер деп бөледі. Жалпы қабілеттер (мысалы, жалпы ойлау қабілеттері) адам әр түрлі әрекеттерде қолданатын көптеген білімдер, дағдылар, іскерліктерді меңгеруін қамтамасыз етеді. Сондай жалпы қабілеттердің жиынтығын психологияда дарындылық деп атайды. Шетел психологиясында интеллект түсінігімен теңестіреді. Арнайы қабілеттер деп арнайы, ерекше әрекеттерге адамның қабілетін айтады. Арнайы қабілеттер классификациясы әр түрлі әрекеттерге сәйкес болады. (музыкалық, математикалық, сурет салуға қабілет т.с.с.). Осыған сәйкес психодиагностикады қолданылатын әдістер жалпы және арнайы қабілеттерге арналған. Бірақ, қабілеттерді бөліп тексеру көп жағдайда мүмкін емес. Өйткені, факторлық талдау көрсеткендей жалпы қабілет ретінде қарастырылатын интеллект вербалды, математикалық, кеңістік, мнемикалық сияқты бір неше арнайы қабілеттерден құралады. Психодиагностикада арнайы қабілеттерді екі негіз бойынша ажыратады: 1. психикалық функциялардың түрі бойынша (моторлық, сенсорлық қабілеттер), 2. әрекет түрі бойынша (әр түрлі кәсіпке сәйкес). Осы екі негізге сәйкес қабілеттер диагностикасы үшін қолданылатын әдістер жасалады.










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 931.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...