Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Б) Жедел вирусты гепатит В.




в) Созылмалы вирусты гепатит С.

г) Созылмалы вирусты гепатит В.

д) Вирусты гепатит Е.

 

183.Науқас М., 30 жаста, белсенді донор, кейінгі 6 айда плазма доноры. Қан құю стансасының дәрігері гиперферментемияға байланысты (АлАТ – 2,5 ммоль/л, АсАТ –1,8 ммоль/л) жұқпалы аурулар бөлімшесіне жолдамамен жіберілген. Бұған дейін аминотрансферазалардың жоғарлағаны болмаған. Науқастың жағдайы қанағаттанарлықтай, шағымы жоқ. Тері түсі қалыпты. Бауыры ұлғайған, қабырға доғасынан 2 см төмен ұлғайған, жұмсақ, консистенциясы эластикалық. Көкбауыры ұлғаймаған. Зәрі мен нәжісі қалыпты түсті. Эпиданамнезі: аминотрансфераз көрсеткіштерінің жоғарылауы тағы 2 донорда анықталған.

Диагноз анықтау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындау керек?

а) ПГАР

б) КБР

В) ИФА

г) РИФ

д) ГАРТ

 

184.Науқас К., 15 жаста, 38,0°С дене температурасымен жедел ауырған, кейін басы ауруып, сарғайған. Қараған кезде әлсіз сарғаю, гепатомегалия, субфебрильді температура сақталған. Вирусты гепатит А диагнозын қою үшін мідетті түрде қандай эпидемиологиялық мәліметтерді сұрастыру керек?       

а) Қан құю;

б) Науқастармен қатынаста болғанын;

в) Стоматологиялық ем шаралар;

г) Татуировкалардың бар болуын;

д) Жануарлармен қатынаста болуын.

 

185.Ф есімді науқас, 32 жаста, ауруының 8 ші күні емханаға келіп түсті. Бірінші күннен бастап әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дене қызуының аздап жоғарылауы, терісінің кышынуы және оң жақ қабырға астының ауырғанын айтады. 7-ші күні склераның сарғыштануы, зәр түсінің өзгергенін байқаған, 2- күннен кейін сарғаю айқын бола бастады

Науқастың жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы сарғыш. Пальпацияда бауыры қабырға доғасынан 1,5-2см шығыңқы, аздап ауырсынады. Нәжісі ахолиялық.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін жүргізі қажет?

а) Жалпы қан талдауы

Б) ИФА вирусты гепатит маркерларымен

в) Жалпы зәр талдауы

г) Бауырдың УДЗ-і

д) Компьютерлік томография

 

186. Науқас А.., Әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, оң жақ қабарға астының ауырсыну сезіміне шағымданады. Осыдан 5күн бұрын мұрны бітіп, дене қызуы 38° С қа дейін көтерілген. Тері жамылғысы, көзге көрінетін шырышты қабаттары сарғыш, тілі жабындымен жабылған, гепатоспленомегалия байқалады және кіші дәрет қоңыр түсті, нәжіс ахолиялық.  

Диагнозды нақтылау үшін қандай лабораториялык зерттеу әдістерін жүргізі қажет?

а) Қандағы трансаминазанаң деңгейін анықтау

б) Сілтілі фосфатаза деңгейін анықтау

в) Зәрде өт пигменттерін анықтау

г) Қан сарысуындағы белок және белоктық фракцияны анықтау;

д) Қан сарысуындағы иммуноглобулин деңгейін анықтау.

 

187. Науқас 40 жаста, ауруының 13-ші күні бөлімшеге келіп түсті. Шағымдары: лоқсу, құсу, күндіз ұйқышылдық, түнде ұықтай алмау, қызыл иектің қанауы, зәрінің қараюы, нәжістің ахолиямы. Ауру біртіндеп басталды, әлсіздік, тәбеттің жоғалауы, буындарының ауруы және дене қызуының 37,3с болуы. 12-ші күні дәреті қарайып, нәжісі түссізденді. Қарғанда терісі сарғыш және гепатоспленомегалия анықталды,

 Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін жүргізі қажет?

а) Қандағы жалпы және тікелей билирубин, АЛТ

б) Қандағы жалпы билирубин, тимол сынамасы және АСТ;

в) Қандағы жалпы билирубин, ГГТП, сілтілі фосфатаза;

г) Қандағы жалпы билирубин, тікелей билирубин, мочевина, креатинин;

д) Қандағы жалпы билирубин, қант және АСТ;

 

188. П.., есімді науқас, 19 жаста , студент. 13.09 күнннен бері дене қызуы 37,5 с қа көтеріліп, қалтырау, басының ауруы, еңбекке қабілетінің төмендеуі, дімкәстік байқалады. Науқас сол күннен бастап өзін аурумын деп есептейді. Біртіндеп тәбет төмендеді, лоқсу пайда болды. 19.09 күні терісінің сарғыштанғанын және дәретінің карайғанын байқады..

Жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Терісі және склерасы иктериялық. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыр қабырға доғасынан 2см шығыңқы, тығыз-эластикалы, ауырсынады.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін жүргізу қажет?

 

а) Қанды ИФА - да тексеру;

б) Қанды иммунограммаға тексеру;

в) Қанды  ПГАРтексеру;

г) Жалпы қан талдауы;

д)  Қанды  иммуноблотқа тексеру.

 

189.С есімді науқастың жанұясында 10-шы қазанда бірінші рет вирусты гепатит А тіркелген болатын, 2-ші қарашада сол жанұядан екінші рет вирусты гепетит тіркелді.

 Екінші науқасқа қатысты дәрігердің жұмыс жасау тактикасы?

а) Шұғыл хабарлама жіберу

б) Науқаспен әңгімелесу

в) Дезинсекция жүргізу.

г) Антибиотик тағайындау

д) Бауырдың УДЗ жүргізу

 

190. Науқас А., 20 жаста. Балабақшада тәрбиеші болып жұмыс жасайды. Мазасызданудың 3-ші күні келіп түсті. Шағымдары: дене қызуының жоғарылауы, басының ауыруы, жұтынудың ауырсынуы. Ауру жедел басталды.

Эпиданамнез: 2 күн бұрын ересектер бөлімінің тәрбиешісі «баспа» диагнозымен жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылған.

Жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Т 38,40С. Терісі құрғақ, түсі қалыпты. Жақасты лимфа түйіндеріндері ұлғайған, ауырсынусыз. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жок. Жүрек тондары тұйықталған, тамыр соғысы 88 рет минутына, АҚ 100/70мм с.б. Араны қызарған, бадамша безі ұлғайған және сұр жабындымен жабылған. Жабынды қиындықпен алынады, жамылғы асты қанап тұр. Болжамды диагнозды анықтаңыз?

а) Жұқпалы мононуклеоз

б) күл ауруы

в) стрептококкты баспа

г) туляремия, ангинозды-бубондытүрі

д) паратонзилярлы абсцесс

 

191.Науқас Э., 28 жаста, программист, ауыр жағдайда, айқын сарғыштанумен келіп түсті. Әлсіз, тежелген, адинамия, сұраққа кідіріспен жауап береді, анамнезін айта алмайды, ориентациясын жоғалтқан.

Жалпы жағдайы ауыр, дене температурасы 37,5 с. Аузынан бауырдың иісі шығады. Тері жамылғысы, склерасы, ауыз қуысының шырышты қабаттары сарғыш түсте. Теріде көптеген петехиальді элементтер байқалады. Санасы анық емес, сөздері түсініксіз. Тілінде қою сары жабынды, ылғал. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасымен. Қабылдау бөлімінде бір рет «кофе қоюсы» тәрізді құсық болды.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін жүргізі қажет?

 

а) Жалпы қан талдауы










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-29; просмотров: 618.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...