Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

В)Жедел  вирусты  гепатит В




Б) сальмонеллез

в) амебиаз

г) балантидиаз

д) жедел дизентерия

 

113.Науқас Ш., 20 жаста, студент, жатақханада тұрады. Аяқ астынан жүрек айну, бас айналу, дене температурасы 39° С көтеріліп, көп мөлшерде сүйық дәрет болды, кейінірек дене температурасы 35° С дейін түсті. Бірден әлсіреу сезімі, мұздай тер пайда болды.Объективті: пульсі сезілмейді, АҚҚ бірден төмендеді. Тахикардия 120 рет/мин.

Науқаста қандай асқыну дамыды?

а) гиповолемилық шок;

б) анафилактиялық шок;

в) жедел бауыр жетіспеушілік;

г) мидың ісуі;

д) жедел бүйрек жетіспеушілігі.

 

114. Науқас Л., 53 жаста. Танғы 5 ауырған, ұйқысынан ішінің кесіп ауыруынан, жүрек айнуынан оянды, құсу, әр бір 30-40 мин сайын көпіршікті, иісі жаман сұйық нәжіс пайда болды.

Кеше кешке көшеден сатып алынған шүжыұ қосылған бутерброд, шай, қуырылған жұмыртқа жеген.

Жалпы жағдайы ауыр, t – 39,9ºС. Терісі бозарған, акроцианоз. Беті салбыраған (осуновшиеся), даусы қарлыққан. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ, ДЖ – 23 рет/мин. Жүрек тондары бәсеідеген, экстрасистолия. ЖЖЖ – 120 рет/мин., пульсінедивидный, жұрек шекаралыры қалыпты. АҚ 80/50 мм сн.бғ. Іші ісінген. Ішін пальпациялағанда эпигастрии, кіндік айналасыжәне оң жақ мықын аймағы ауырсынады, оң жақ мықын және кіндік айналасында құрылдау байқалады. Нәжісі сұйық, иісі жаман, көпіршікті. Кіші дәретке отырмағанына 7 сағат болды. Катетермен 30 мл зәр алынды. Мүмкін болатын диагноз?

а) ішекті иерсиниоз

Б) сальмонеллез

в) амебиаз

г) балантидиаз

д) жедел дизентерия

 

115.Науқас К., еттен жасалған «холодец» тағамын жеген, 12 сағаттан соң жедел ауырған. Айқын болатын әлсіздікті, қалтырауды, ұйқы без тұсының кесіп ауруын, жүрек айнуын байқады. Кейін құсу және іш өту болды. Құсу кезінде басы айналды. Алғашында жеген тағамды құсып, кейін өт сұйықтығымен бірге болды. Нәжіс сұйық, көп мөлшерде, әрбір сағат сайын қайталанды. Температурасы39,5°С. Беті гиперемияланған, ерні, саусақтары көгерген. Пульсі 120 рет 1 минутына, әлсіз толу, ритмді, АҚҚ 90/80 мм сн.бғ.. Жүрек тондары бәсеңдеген. Тыныс алу жиілігі — 28 рет 1 мин. Тілі құрғақ, қоңыр түсті жабындымен жабылған. Іші аздап тартылған, пальпациялағанда эпигастрии кіндік айналасы оң жақ мықын аймағында ауырсынады, құрылдайды. Нәжісі сұйық, көп мөлшерде, жасыл түсті. Мүмкін болатын диагноз?

а) ішектік иерсиниоз

Б) сальмонеллез

в) амебиаз

г) балантидиаз

д) жедел дизентерия

 

116.Науқас Н., 32 жаста, инженер. Шағымы: әлсіздік, бас айнаоуы, сұйық нәжіс, субфебрильді дене қызуы. Науқастың жағдайы ауыр, дене температурасы 38,7º. Тері жабындысы бозарған. Тілі ақ жабындымен жабылған. Пульс 110 рет. мин., толымдылығы әлсіз, жүрек тоны бәсеңдеген. АҚҚ 90/60. Іші жұмсақ, эпигастрии, мезогастрии, тоқ ішек бойында және оң жақ мықын аймағында ауырады.

Мүмкін болатын диагноз?

а) ішектік иерсиниоз

Б) сальмонеллез

в) амебиаз

г) балантидиаз

д) жедел дизентерия

 

117. Науқас Н., 42 жаста, ауруы басталған соң 15 сағат өткенде, ауыр жағдайда клиникаға жеткізілген. Ауруы қайталанып құсудан, сұйық нәжістен, ішінің ауыруымен, дене температурасының  38,5° көтерілуімен басталған.Түскен кезде бірден әлсіздікке, басының айналуына, аяқтарының құрысуына шағымданады. Объективті: t°- 35,2°, тері жабындысы бозарған, акроцианоз. Тері тургоры төмендеген. Беті үшкірленген, даусы қырылдаған. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульс 120 рет мин, толымдылығы әлсіз. АҚҚ 60/30 мм сн.бғ. шырыш қабатты құрғақ, тілі ақ жабындымен жабылған. Іші аздап ісінген, эпигастрии және ащы ішек бойында сезімтал, құрылдайды. Науқаста қандай асқыну дамыды?

а) гиповолемиялық шок;

б) анафилактиялық шок;

в) жедел бауыр жетіспеушілігі;

г) ми ісінуі;

д) жедел бүйрек жетіспеушілігі.

 

118. Науқас М., 36 жаста. Ауру потологиялық қоспасыз болған сұйық нәжістен жедел басталған. Жалпы әлсіздік күшейген, құсу пайда болған, нәжісі сұйық, көп мөлшерде 15 ретке дейін. Түсті аста борщ, жұмыртқа-глазунь, алма жеген. Жағдайы ауыр, сөзі тежелген, есі сақталған, t˚ - 35,6˚.

Тері және шырышты қабаттары бозарған, акроцианоз. Тері тургоры төмендеоген. Жүрек тондары бәсеңделген, ритм дұрыс, пульсі 106 рет мин., толымдылығы әлсіз. АҚҚ 70/40 мм сн.бғ. Іші жұмсақ, эпигастрии және кіндік айналасында ауырсынады. Нәжісін қарағанда: сұйық, көп мөлшерде, потологиялық қоспасыз. Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу әдісін нақтылау керек?

 

а)  Қанды, нәжісті бактериологиялық себу

б) Қанды, зәрді, нәжісті бактериологиялық себу

в) Зәрді, құсық массасын, нәжісті бактериологиялық себу

г)құсық массасын, нәжісті бактериологиялық себу

д) Қанды, зәрді, құсық массасын, нәжісті бактериологиялық себу

119.Науқас Н., 28 жаста, жедел ауырды: қалтырау, бас ауруы, бас айналуы, аз уақытқа есін жоғалту пайда болды. Кешке температурасы 39 0С көтеріліп, жүрек айнуы мен 1 рет құсу болды. Аурудың 2-күні сұйық жасыл түсті, потлогиялық қоспаларысыз нәжіс пайда болды. Кіндік айналасында ауру мазалады. Жағдайы орташа дәрежелі; Науқас қозған, температурасы - 37,5 0С. Тілі құрғақтау, жабындымен жабылған. Жүрек тондары бәсеңделген, ритм дұрыс, пульсі 88 рет в мин, АҚҚ – 100/65 мм бғ.сн. Іші желденген, пальпациялағанда эпигастрии және кіндік айналасында ауырсынады. Нәжісі сұйық, көп мөлшерде, жасыл түсті, иісі жаман, шырыш араласқан. Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу әдісін нақтылау керек?

 

а) Нәжісті бактериологиялық себу.

б) Вирусологиялықт әдіс.

в) Копроскопия.

г) Ректороманоскопия.

д) Іш құысының мүшелерін ультрадыбыстық зерттеу

 

 

120. Ауру шикі үйрек жұмыртқасын қолданған соң, 12 сағат кейін бірден пайда болған интоксикация,жоғары температурамен, ішінің ауруымен, құсумен, жасыл түсті, иісі жаман, шырыш араласқан, сұйық нәжістен басталды, клиника-эпидемиологиялық қалай бағалану керек:

а) тырысқақ

б) амебиаз

в) дизентерия

г) сальмонеллез

д) балантидиаз

 

121.Науқас К., 78 жаста, жұмыртқаны жеген соң, 3 сағ кейін жедел ауырған. Қалтырау, қатты бас ауруы, температура 39,3°С. 2 рет құсу, жиі көп мөлшерде жасыл түстес нәжіс пайда болды. Науқас қозған, түнгі сандырақ. Аурудың 2-күні ауруханаға жатқызылған. Бозарған, терісі сарғылт түс береді. Пульс 98 рет мин. АҚҚ 110/70 мм сн.бғ.Қабылдағын емге қарамастан, дене температурасы гектикалы, қалтырау, терлеу. Аурудың 1-дан кейін бауыр және көкбауыр ұлғайған. Теріде розеолезды бөртпелер пайда болды.

Мүмкін болатын диагноз:

а) сепсис

б) жалған туберкулез

в) сальмонеллез

г) лептоспироз

д) бөртпесүзегі

 

122.Науқас Е., 30 жаста, ауруының 2-күні орта дәрежелі ауырлықта ауруханаға түсті. Асханада түскі ас ішкеннен кейін (сүтті сорпа, котлет, күріш, кисель) 6 сағат өткенде ауру жедел басталды. Әлсіздік, бас ауруы, қалтырау, температура 38,2°С болды, сонымен қатар эпигастрида ауырсыну , жүрек айнуы, 4 рет құсуы болды. Түскен күні нәжіс сұйық, көп мөлшерде, 6 рет болды, ал келесі күні нәжісі жасыл түсті, сұйық, 5 рет болды. Тенезім және жалған шақырулар болған жоқ. Мүмкін болатын диагнозды атаңыз:

а) дизентерия

б) тағамдық токсикоинфекция

в) сальмонеллез

г) тырысқақ

д) амебиаз, ішектік форма

 

123. Сальмонеллезге күдіктелген науқаста тағайындарған терапияға қарамастан, 11-күні дене қызуының көтерілуі сақталады. Интоксикация айқын: бас ауру, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, бұлшықет және буындарының ауруы, жүрек айну. Нәжісі қалыптанды. Бауыр мен көкбауыр ұлғайды. Эпигастрии, умбиликальді және оң жақ мықын аймақтарында шамалы ауырсынады. Іші кепкен, брадикардия, гипотония.Мүмкін болатын диагнозды атаңыз:

а) амебиаз

б) перитонит

в) бөртпе сүзегі

г) сальмонеллездің жайылған түрі

д) иерсиниозаның жайылған түрі

 

124.Науқас 58 жаста қонаққа барып қуырылған тауық, қаймақ пен майонез, жұмыртқа қосылған салат және араластырылғын спирт ішкеннен соң ауырған. 4-5 сағ кейін бірден қалтырауын, басының ауруының, бас айналуының, эпигастрии ауруының, 3 рет құсуын, температурасының 39°С көтерілуін байқаған. Жедел жәрдем дәрігерімен қарағанда жағдайы ауыр. Терісі бозарған, акроцианоз, жүрек тондары тұйықталған, пульсі 124 рет мин., АҚҚ 80/40 мм бғ.сн., іші желдетілген, эпигастрии аймағы ауырсынады, көп мөлшерде сұйық нәжіс болды. Мүмкін болатын диагнозды атаңыз:

а) ішімдік сурогатымен улану

б) жедел панкреатит

в) миокардтың инфаркті

г) тағамдық токсикоинфекция

д) сальмонеллез

 

125.50 жастағы науқас, үйде дайындалған ет консервасын жегеннен кейін, қалтырау, бас айналу, эпигастриде кесіп ауыру, тағы 2 сағ кейін жиі, сұйық, жасыл түстес нәжіс пайда болды. Осы ауруға ұқсас бірақ жеңіл түрі әйелінде де болған. Мүмкін болатын диагнозды атаңыз:

а) Тағамдық  токсикоинфекция

б) Дизентерия

в) Вирусты  гастроэнтероколит

г) Эшерихиоз

д) Лямблиоз

 

126. Түскі асты асханадан бірге ішкен 12 адам ауырған. Барлығы көкөністерден майонез қосылған салат, 3-борщ, 4-ет котлетін, 8-гуляш жеген, барлығы кептірілген жемістерден жасалған компот ішкен. Түскі астан кейін 2-6 сағ кейін ауырған. Барлығында жүрек айну, көп рет құсу, сұйық нәжіс 5 реттен 12 дейін, дене температурасы 38,5°С. Барлығы жұқпалы аурулар ауруханасына тағамдық токсикоинфекция диагнозымен жатқызылды.

Қандай ем шара қолданады:

а) люмбальді пункция

б) асқазан шаю

в) сарысу енгізу

г) шокка қарсы терапия

д) қан мен зәрді бак.себуге алу.

                                                 

127.Науқас В., 20 жаста, студент. Қабылдау бөліміне көп рет құсуға, ішінің ауыруына, сұйық нәжіске шағымданып түсті. Асханада түскі ас ішкен соң (борщ, котлета, макороны, пирожныймен шәй ішкен) 3 сағаттан соң жедел ауырған. Өзімен бірге тамақтанған құрбысы осындай шағымдармен осы ауруханаға 1 сағат бұрын келіп түскен. Объективті: тері қабаты құрғақ, бозарған, акроцианоз. Жүрек тондары бәсеңдеген. АҚҚ 70 / 50 мм.сн.бғ. Тілі құрғақ ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ эпигастрий және кіндік айналасы ауырады. Қабылдау бөлімінде 3 рет құсу және 5 рет сұйық нәжіс болды. Температурасы бастапқыда 38,4 0С, қабылдау бөлімінде 35,3 0С.

Мүмкін болатын диагнозды атаңыз:

а) Тағамдық токсикоинфекциясы

б) Дизентерия

в) Вирусты гастроэнтероколит

г) Эшерихиоз

д) Лямблиоз

 

128. Науқаста балмұздақ жегеннен соң 2 сағат кейін эпигастрии аймағында кесіп ауыру, жүрек айну, көп рет құсу, 2 рет сұйық нәжіс, әлсіздік, бас айналу болған.

Емдеу кезіндегі қателікті табыңыз:

а) Асқазанды шаю

б) но-шпа 1 таб күніне 3 рет

в) смектит 1 пакеттен күніне 3 рет

г) пероральді регидратация

д) левомицетин 2,0 грамм тәулігіне

 

129. Науқас  С., 30 жаста, ауруханаға жүрек айну, құсу, сұйық нәжіс, әлсіздікке, оқтын оқтын ішінің ауыруына шағымданып емделуге келген. Өзінің ауруын кешкісін ет қосылған салатпен байланыстырады. Осы салатты бірге жеген әйеліндеде әлсіздік пен сұйық нәжіс болған.

Объективті: температурасы 37,6оС, төсектегі қалпы активті, тері қабаты таза, құрғақ, тілі құрғақ, іші жұмсақ эпигастрии аймағында ауырады, пульс 78 рет мин, АҚ110/60, нәжісі сұйық көп мөлшерде, патологиялық қоспаларсыз.

Мүмкін болатын диагнозын атаңыз:

а) Тағамдық  токсикоинфекциясы

б) Дизентерия

в) Вирусты гастроэнтероколит

г) Эшерихиоз

д) Лямблиоз

 

130. Науқас В. жұқпалы аурулар бөлімшесіне келесі шағымдармен алып келді: әлсіздік, бас айналу, қатты толғақ тәрізді эпигастрии аймағының ауыруына, көп рет құсу. 1-1,5 сағат бұрын жедел ауырған. Ауырар алдын 2-3 сағат бұрын дәмі бұзылуына күмәндәніп, тәтті күлше жеді.

Жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай. Температурасы – 37,8˚С. Терісі бозарған, бөртпелер жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі – 108 рет мин, ритмді. АҚҚ 105/55 мм сн бғ. Тілі ылғалды, түбірі жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, терең пальпациялағанда эпигастрии аймағында ауырсынады. Мүмкін болатын диагнозды атаңыз:

а) Тағамдық токсикоинфекция

б) Дизентерия

в) Вирусты гастроэнтероколит

г) Эшерихиоз

д) Лямблиоз

                                                                                             

131.Науқас С., 15 жаста, ауырғанының екінші күні дене қызуы 39,4˚С, әлсіздікке, басының ауруына, эпигастрий және ішінің ауруы сезіміне, көп рет жасыл түсті құсуына және жиі сұйық, көпіршікті, сары түсті нәжіске шағымданып түсті. Эпиданамнез: жанұяда бәрі сау. Науқас аурырар алдын мектеп асханасында котлет және сүзбе жеген. Қараған кезде жағдайы қанағаттанарлықтай; тері жабындысы және шырыш қабаты бозғылт. Демалысы везикулярлы. Тыныс алуы – 24 рет мин. Жүрек тондары қатаң. АҚ 90/50 мм сн бғ, пульс 110 рет мин. Эпигастрий және мезогастрий аймағында ауру сезімі бар. Бауыры ұлғаймаған. 

Емдеу іс шарасын көрсетіңіз:

а) Люмбальді  пункция

б) Асқазан шаю

в) Сарысу енгізу

г) Шокка қарсы терапия

д) Қан мен зәрді бак.егуге алу

 

132. Науқас К., 30 жаста, аурудың 3 күні түсті. Әлсіздікке, жүрек айнуына, құсуына, эпигастрия және мезогастрия аймағының толғақ тәрізді ауруына, сұйық нәжіске шағымданады. Температурасы қалыпты. Тері жабындысы бозарған, шырышты қабаты құрғақтау. Демалысы везикулярлы. Жүрек тондары қатаң, АҚ 100/60 мм сн бғ, пульс 96 рет мин. Ішінің эпигастрий және мезогастрий аймағында ауру сезімі бар. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. Жиі құсу (5рет), патологиялық қоспасыз жиі сұйық нәжіске (тәулігіне 8 рет) шағымданады. Эпиданамнез: жанұяда және жұмыста эпиджағдай қалыпты. Кейінгі кезде қайнамаған сүтті қолданады.

Зертханалық нақтамасы үшін қолданылады:

а) Жалпы қан талдауы

б) Биологиялық әдіс

в) Серологиялық әдіс

г) Бактериологиялық әдіс

д) Микроскопиялық әдіс

 

133. Науқас Б., 25 жаста, шұжық жегеннен соң 6 сағаттан кейін әлсіздік, жүрегінің айнуын, кешірек тағаммен құсу және сасық иісті қан, шырыш аралспаған сұйық нәжіске шағымданды. Тәулігіне сұйық нәжіс 7 рет болған. Дене қызуы 37,8˚ С. 2 күн аралығында әлсіздікпен жиі сұйық нәжіс сақталуда.

Емдеу шарасын көрсетіңіз: люмбальная пункция

а) Асқазан шаю

б) Люмбальді пункция

в) Сарысу енгізу

г) Шокка қарсы терапия

д) Қан мен зәрді бак.егуге алу

 

134.Студент К., 18 жаста,  жедел ауырған, ауырар алдын буфеттен сатып алынған ет котлетін жеген соң 40 мин соң ауырған. Әлсіздік, басының айналуы, салқын тер, эпигастрий аймағының қатты ауруына, өтпен құсу, сұйық нәжіс пайда болды, дене қызуы 37,3°С. Сауықтыру пунктінде асқазанын шайған. Диспепсиялық бұзулыстар жойылды.

Мүмкін болатын диагнозды атаңыз:

а) ботулизм

б) сальмонеллез

в) тағам токсикоинфекциясы

г) дизентерия

д) эпидемиялық  гастроэнтерит

 

135. Науқас М., 52 жаста туыстарына қонаққа барғанда жолда асханадан кремі бар тәтті күлше және жемістен жасалған компот ішкен. 1 сағаттан соң бірден әлсіздік, жүрек айнуы, жеген тағамымен құсу пайда болған. Кейін көп мөлшерде сұйық нәжіс пайда болған. Тенезмалар және жалған шақырулар байқалмады. Дене температурасы - 38,6. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. 

Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз:

а) тырысқақ

б) тағам  токсикоинфекциясы

в) сальмонеллез

г) дизентерия

д) амебиаз

                               

 

136. Келесі бауыр сынамаларына қарап қандай клиникалық белгілерді анықтауға болады?

Жалпы билирубин 250,0 мкмоль/л

Тура билирубин 200,0 мкмоль/л

Тимол сынамасы10бірлік.

АЛТ                       3,72 ммоль/л

а) Терісі мен көз склерасының сарғаюы, зәр мен нәжістің қараюы.

б) әлсіздік, эпигастрии аймағының ауырлауы, зәрінің қараюы.

в) Терісі мен көз склерасының сарғаюы, зәрінің қараюы, нәжісінің ағаруы.

г) Жүрек айну, құсу, аузынына ащы дәмнің келуі, тәбетінің төмендеуі, ішінің ауыруы.

д) Бас ауыру, тәбетінің болмауы, ұйқысыздық, терінің қышуы.

 

137 Науқас С 40 жаста, вирусты гепатит В ауырғаннан соң 4 айдан соң анда санда тәбетінің төмендеуі, әлсіздік байқалған. Кейде жүрек айну, зәрінің қызғыштануына, терісі мен көз склерасының сарғайғанын айтты. 2 рет ауруханада емделген. Соңғы жағдайының нашарлауы 3 күн бұрын басталды.

Жағдайы қанағаттанарлықтай. Тері мен көз склерасы аздап сарғайған. Өкпесі мен жүрегінде өзгерістер жоқ. Тілі ылғалды, жамылғымен жамылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында аздап ауырсынады. Бауыры қабырға доғасынан 1 см төмен, эластиалық консистенцияда, ауырсынады. Мүмкін болатын диагнозды атаңыз:

а) вирусты гепатит В, өршу кезеңі

б) вирусты гепатит В, рецидив

в) вирусты гепатит В, созылыңқы кезеңі

г) созылмалы  вирусты  гепатит В,белсенділігі жоғары

д) созылмалы  вирусты  гепатит В,белсенділігі төмен

 

138.Вирусты гепатит кезінде цитолиз синдромы ненің жоғарылауымен анықталады:

а) қан глюкозасымен

б)  АЛТ жоғарылауымен

в) Тура  билирубиннің

г) Тура емес билирубиннің

д) Сілтілі  фосфатазаның

 

139.Келесі белгілердің қосындысы: 30 жастан жоғары, жиі қозатын қосымша аурулардың болуы, ауыр ағымда өтетін, клиникалық көріністердің біртіндеп басталып, аурудың біртіндеп аяқталуы, көбінесе аурудың жағымсыз аяқталуы қандай ауруға тән:

а) вирусты гепатит А

б) жедел вирусты гепатитВ

в) жедел вирусты  гепатит D

г) вирусты  гепатит Е

д) жедел вирусты  гепатит С

 

140. Науқас К., 27 жаста. Жедел ауырған, дене  температуры 39,5 ºС, айқын қалтырау, басының әсіресе маңдай бөлімінің ауыруымен, барлық денесінің ауыруымен басталған.

Түскен кезде жағдайы орташа ауырлықта,  температурасы  38,5 ºС. Тері қабаты бозарған, беті ісіңкі.  Склерасы қызарған. Мұрнымен демалу қиналған. Аранның шырышты қабаты айқын қызарған. Өкпесінде қатқыл тыныс. Пульс 92 рет. мин. АҚ 110/75 мм.сн.бғ. 

Мүмкін болатын диагнозды атаңыз?

а) тұмау

б) паратұмау

в) аденовирусты жұқпа

г) риновирусты жұқпа

д) РС-жұқпа

 

141. Вирусты гепатит В ауыратын науқастың қанынан қандай спецификалық маркерларын анықтауға болады?

а) aHBcorIgM; aHCVIgG; aHAVIgM; aHDVIgM; aHBcorIgG

б) aHBcorIgM; aHBcorIgG; aHCVIgG; aHCVIgM; HbeAg; HbsAg

в) HbsAg; aHDVIgM; aHBs; aHBcorIgM; HbeAg; aHBe

г) HbsAg; aHBs; HbeAg; aHBe; aHBcorIgM; aHBcorIgG

д) aHBs; aHBe; aHAVIgM; aHBcorIgM; aHDVIgM; aHCVIgM

 

142. Науқас ауруының 1-күні басының маңдай бөлімінің ауыруына, мұрнының бітелуіне, құрғақ жөтелге, тамағының жыбырлауына шағымданып түсті. Жедел ауырған, температурасы 39,90 С, қатты бас ауыру, әлсіздік, артралгиялар, миалгиялар. Температурасы 39,60 С, беті гиперемияланған, көз склерасымен конъюнктивасы қызарған, жарықтан қорқу, мұрнынан су ағады. Ауыз-жұтқыншақ шырышты қабаты айқын қызарған. Жөтелі құрғақ, даусы қарылған.

Диагнозын анықтау үшін міндетті түрде қандай зерттеулер тағайындау керек?

а) Қанның биохимиялық талдауы;

б) қанды иммунограммаға;

в) ҚандыКБР;

г) Қанның жалпы талдауы;

д) қанды иммуноблотқа

 

143. Вирусты гепатитке қандай  патогенетикалық  синдромдар тән:

а) Интоксикация, холестаз, цитолиз

б) Цитолиз, холестаз, гемолиз

в) Бауырдың зақымдалуы, интоксикация, қабыну

г) Цитолиз, холестаз, мезенхимальді қабыну

д) Интоксикация, мезенхимальді қабыну

 

144.Вирусты гепатит D кезінде, қандай маркерлар анықталады?

а) анти-НBсоrIgM, анти-НbсоrIgG

б) анти-НСVIgM, анти-НСVIgG

в) анти-НАVIgM, анти-HСVIgG

г) анти-НАVIgM, анти-НbcorIgG

д) анти-HDVIgG, анти-HDVIgM

 

145. Қан биохимиясының келесі көрсеткіштері қандай синдромға тән: АЛТ 5,0 ммоль/л, АСТ 3,0 ммоль/л, қан сарысуындағы темір 30 ммоль/л?

а) Холестаз

б) Гемолиз

в) Мезенхимальді қабыну

г) Цитолиз

д) Эксикоз

 

146.Қан биохимиясының келесі көрсеткіштері қандай синдромға тән:  тимол сынамасы  10 бірлік, жалпыақұыз 50 г/л, альбуминдер 25 г/л ?

а) Холестаз

б) Гемолиз

в) Мезенхимальді қабыну

г) Цитолиз

д) Эксикоз

 

147. Студент, ауырып жатқан жолдасына барып қайтқан соң, 2-күні қалтырау, дене  температурасы 39,1ºС, басының әсіресе маңдай бөлімінің қатты ауыруы, көз орбитасының , бұлшықеттерімен буындарының ауыруы , әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, жүрегінің айнуы пайда болды. Ауруының 1-күні мұрны бітіп, тамағының жыбырлауы, құрғақ жөтел, жөтелгенде төс сүйектің артында ауырсыныу мазалады.

Объективті қарағанда беті гиперемияланған және ісіңкі. Өкпесінде– қатқыл тыныс, бірең-сараң құрғақ сырыл. Пульс 102 рет мин., ритмді. АҚҚ – 115/80. Жүрек тондары тұйықталған.

Осы науқас бойынша ары қарай тактикасын анықтаңыз.

а) Сабақтан босату туралы анықтама беру.

б) Эпидкөрсеткіші бойынша аурухана жатқызу.

в) Ошақты  дезинфекция жасау.

г) Клиникалық көрсеткіші бойынша ауруханаға жатқызу.

д) Тұмаудан егулер жасау.

 

148.Науқас Ф., 32 жаста, Ауруханаға ауыруының 8-күні келіп түсті. Бірінші күннен бастап әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, дене температурасының аздап көтерілуіне, терісінің қышуына, оң жақ қабырғасының ауырсынуына шағымданды. Ауыруының 7-күні склерасының сарғаюын, зәрінің түсінің өзгеруін, ал 2 күннен соң сарғаюдың айқындауын байқады. Жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлықтай. Терісі сарғайған. Бауыры 1,5-2 см ұлғайған, ауырсынады. Нәжісі ақ.

Мүмкін болатын  диагнозды атаңыз?

а) вирусты гепатит А

б) жедел вирусты гепатит В

в) лептоспироз

г) иерсиниоз

д) жалған туберкулез

 

149. Науқас У С., 20 жаста, вирусты гепатит А ауыратын науқаспен қатынаста болғаннан соң14 күн кейін, әлсіздік, жүрек айну, бір рет құсу, эпигастрии және оң жақ қабырға астының қатты емес ауырсынуы пайда болды.

Жағдайы орташа дәрежелі. Тілі ылғалды, жамылғымен жамылған.

Тері қабаты және склерасы өзгермеген.Іші жұмсақ, эпигастрии және оң жақ қабырға асты ауырсынады.

 Бауыр қабырға доғасынан 2 см төмен пальпацияланады, көкбауыр шеті анықталады. Нәжісі мен зәрі кәдімгі түсті. Биохимиялық анализдері: жалпы билирубин қалыпты, АЛТ – 2,5 есе қалыптыдан жоғары. Мүмкін болатын  диагнозды атаңыз?

а) вирусты гепатит А, сарғаю түрі

б) вирусты гепатит А, с холестатикалық компонентпен

в) вирусты гепатит А, сарғаюсыз түрі

г) вирусты  гепатит А, субклиникалық түрі

д) вирустасымалдаушы

 

150.Гепатиттің қай түріне келесі белгілер тән: Адамның жас болуы, қосымша аурулардың болмауы, жеңіл ағымда өтуі, билирубин және АЛТ динамикада тез қалпына келуі, аурудың жағымды аяқталуы.

Болжамды диагнозды атаңыз?

а) Вирусты  гепатит А

б) Вирусты гепатит Е

в) Жетел  вирусты  гепатит В

г) Жедел  вирусты  гепатит С

д) Жедел  вирусты  гепатит D

 

151. Науқас Д., 17 жаста, қалтырауға, бірден басының әсіресе маңдай бөлімінің ауыруына, дене қызуының көтерілуіне, бұлшықеттерінің ауыруына, тамағының жыбырлауына, құрғақ жөтелге, мұрнының бітелуіне, жарықтан қорқуына шағымданады. Объективті: аранның айқын қызаруы, конъюнктивит.

Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындау керек?

а) Қанды биохимиялық зерттеу;

б) Қанды  иммунограммаға зерттеу;

в) Қанды  ИФА зерттеу;

г) Қанды жалпы талдауға;

д) Қанды  иммуноблотқа зерттеу.

 

152. Гепатиттің қай түріне келесі симптомокомплекс тән:көбінесе балалар мен жас адамдар ауырады, жеңіл ағымда өтеді, клиникалық көріністері, сарғаю, биохимиялық өзгерістер қысқа уақытта қалпыны келеді, сауығу:

А) Вирусты  гепатит А

б) Вирусты  гепатит Е

в) Жедел  вирусты  гепатит В

г) Жедел  вирусты  гепатит С

д) Жедел  вирусты  гепатит D

 

153.«Вирусты гепатит В» диагнозымен ауруханада жатқан науқастың жағдайы аурудың 11күніне қарай нашарлады, сарғаю құрт түсті. Науқас қатты әлсірілген. Жүрек айну, қайталанбалы құсу. Оң жақ қабырға асты аймағындағы ауырсынуларға шағымданады, ұйқысы келе береді. Келесі күні қозған, бір орында отыра алмайды, мазан. Науқастың аузынан тәтті бауырлық иіс, «кофе қоюсы» тәрізді құсық. Инъекция жасаған жерлерінде геморрагиялық өзгерістер бар. Бауырдың өлшемі азайған, қабырға доғасынан 1-1,5 см жоғары. Көрсетілген сипаттама қандай асқынуға тән?

а) гиповолемиялық шок

б) жедел бауырлық жетіспеушілік

в) мидың ісінуі

г) инфекциялы-токсикалық шок

д) жедел бүйректік жетіспеушілік

 

 

154. Гепатиттің қай түріне келесі симптомокомплекс тән: көбінесе 30жастан жоғары адамдар ауырады, орташа және ауыр ағымда өтеді, клиникалық көрінісі баяу дамиды, жоғары интоксикациямен өтеді. Баяу реконвалесценция, кейде жағымсыз аяқталу:

а)Вирусты  гепатит А

б) Вирусты  гепатит Е

в)Жедел  вирусты  гепатит В

г)Жедел  вирусты  гепатит С

д)Жедел  вирусты  гепатит D

 

 

155. Аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне науқас А., 1985ж.туылған жатқызылды. ауру жедел басталған, температурасы 38ºС жоғарлаған, интоксикация белгілері (әлсіздік, тәбетінің төмендеуі), жұтқыншағы ауырған. Лабораторлық зерттеу қорытындысы: РТГА реакциясында грипп А вирустарына антиденелер табылған (H1N1) – 1:40, A(H3N2) – 1:80. Эпидемияға қарсы шараларды анықтаңыз.

а) Антибиотиктер тағайындау

б) Бетперделі тәртіп

в) Бірреттілік шприцтерді қолдану

г) Қатынаста болғандардың бәрін жатқызу

д) Ошақтық дезинсекция.

 

 

156. Әйел адам 28 жаста, тұмау эпидемиясы кезінде ауыр халде жатқан қызына қарау үшін ауруханаға жатқызылған.

Эпидемияға қарсы ісшараны атаңыз.

а)  антибиотик тағайындау.

б) Бетперделі тәртіп.

в) Шприцтерді бір рет қолдану.

г)  Контактта болғандардың барлығын ауруханаға жатқызу

д) Ошақты  дезинсекция.

 

157.Вирусты гепатиттің жедел түрімен ауыратын науқастың қанынан HBsAg анықталса, гепатиттің қай түрін дәлелдейді?

а) вирусты гепатит А   

б) вирусты гепатит В

в) вирусты  гепатит С  

г) вирусты  гепатит D

д) вирусты  гепатит E

 

158.Науқас , 20 жастағы, балабақшадағы тәрбиеші. Ауырғаны жедел. Дене қызуы 38,0 С жоғарлады, қалтырау, бастың ауруы, тамағындағы жыбырлау сезімі, риниттің белгілері. Кейінгі күндеріде де қызбасы болды. Аурудың 4-ші күнінде тамағындағы ауырсыну сезімі күшейді. «Фолликулярды баспа» диагнозымен ауруханаға жолдама алды. Ауруханаға түскен кезде: Т- 37,8°С, мұрынның бітелуі. Араңды қарағанда: айқын гиперемия, жұтқыншақтын артқы қабырғасының ірі дәндіктеуі, бадамша бездер гиперемияланған, тыртықтары бар, дужкаларымен байланысқан. Жақ аста лимфа түйіндері орташа ұлғайған. Бір жақты фолликулярды конъюктивит. Эпид.анамнезі нақтыланған: соңғы уақытта балабақшада ЖРВЖ тіркелген. Аурудың 8-ші күніне қарай науқастың жағдайы жақсарды. Болжамды диагноз қандай?

а) Лакунарлы баспа;

б) Аденовирусты жұқпа;

в) Созылмалы тонзиллит, өршуі;

г) Паратонзиллярлы  абсцесс;

д) Жұқпалы мононуклеоз.

 

 

159. Науқас П., 25 жаста, жұмысшы, ауруының 3-күні госпитализациаланған. Шағымдары; әлсіздік, жұтынған кезде ауру сезімі, мұрнының бітелуі. Ауру жедел басталған, температура 38,6 С, бүкіл денесінің қақсап ауруы, басының ауыруынан.

Науқасты қарағанда жағдайы қанағаттанарлықтай, температура 37,8 С,Тері жабындысы бозғылт. Мұрны бітелген, серозды сұйықтық ағады. Араны қызарып, жұтқыншақтың артқы қабатында фолликула гиперплазияланған. Өкпесін тыңдағанда везикулярлы тыныс қатаңдау сырылмен бірге естіледі.Перкуторлы – анық өкпелік дыбыс. Тыныс алуы-24 рет мин. Жүрек тыңдағанда: ритм қалыпты, тондары қатаңдау, шуылдар жоқ. АҚ – 120/60. Пульс 82 рет/мин. Тілі ақ жабындымен жабылған, ылғалды. Іші жұмсақ ауру сезімсіз. Қан анализінде: Эр – 3,9×1012, НВ – 80 г/л., л – 4,0×109, э – 0, т/ө – 6%, с – 47 %, м – 5 %, ЭТЖ – 17 мм/сағ.

Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындау керек?

 а)Қанды биохимиялық зерттеу;

б)Қанды иммунограммаға зерттеу;

в)Қанды КБР зерттеу;

г )Қанды жалпы талдауға;

д)Қанды  иммуноблотқа зерттеу.

 

160. Науқас А., аурудың 1-ші күні - 20.10, медпунктің дәрегеріне келесі шағымдармен жолықты: маңдай және көз аймақтарындағы бастың ауыруы, жөтел. Жедел ауырд , 39,50 С дейін дене температурасы жоғарлады,бүкіл денесінің сырқырапауырсынғаны пайда болды, әлсіздік, сабағын әрі қарай жалғастыра алмады. Бірге оқийтын студенттердің арасында жөтеліп және тұмауратып жүргендер бар екенің айтты. Жағдайы орташа дәрежелі, беті гиперемияланған, склералары инъекцияланған, конъюктивит. Тыныс алуы везикулярлы – мин. 18, құрғақ жөтел, төс сүйегінің артында жағымсыз сезімдер. Жүрек соғу дыбыстары тұйықталған, пульс -112, АҚ 100/80 мм сын.бағ. Ауыз-жұтқыншақтың шырышты қабаттары ашық гиперемияланған, жұмсақ таңдайы ісіріңкеген, тілшік және дужкаларының аймағында көптеген «дәндіктеулер». Берілген клиникалық өлшемдер қандай ауруға тән?

а) тұмау

б) паратұмау

в) аденовирусты жұқпа

г) риновирусты жұқпа

д) РС-жұқпа

 

161. Науқас К 27 жаста, ауруының 5-күні қатты басының ауыруына, Т-көтерілуіне, әлсіздікке, мұрнының бітелуіне шағымданып дәрігерге келді. Өзінің ауыруын салқындап қалумен байланыстырады, кешке қарай температурасы 38,2 С көтеріліп, келесі күні мұрны бітеліп, құрғақ жөтел пайда болған. Басы қатты ауырған. Жұмысында көп адам тұмаумен ауырады. Жағдайы орташа дәрежелі, дене температурасы 38,2 С, беті бозғылт, ісіңкі, мұрын шырыш қабаты ісіңкі, ауыз, жұтқыншақ шырышты қабаты гиперемияланған, жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, жұмсақ ауру сезімсіз. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Пульс 80 рет/мин, жүрек тондары анық. Науқасқа этиотропты емін атаңыз:

а) Фервекс

б) Пенициллин

в) Интераль

Г) Тамифлю

д) Колдрекс

 

162. 45 жастағы науқас В., аз мөлшердегі қақырығы бар жөтелге, кеуденің сол жағында орташа ауырсынуларға, тамаққа тәбетінің жаман болуына, маңдай аймағындағы басының ауруына, 380С дейін дене температурасының жоғарлауына шағымданып келді, денесінің сырқырап ауырғанын байқады. Жағдайы орташа дәрежелі. Еріндерінің айқын емес цианозы бар. Жұтқыншақтың шырышты қабаты кішкене гиперемияланған, жұмсақ таңдайында көп емес «дәндіктеулер». Тыныс алуы – мин. 26. Өкпелерде: сол жақты төменгі бөліктерінде, жауырын астында, аксилырлы сызба бойы – перкуторлы дыбыс тұйықталған, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, пульс температураға сәйкес келеді. АҚ 120/70 мм. сынап бағ.

Науқасқа қатынасты тактиканы белгілеңіз:

а) Сабақтан босататын анықтама беру.

б) Эпидемиялогиялық көрсеткіші бойынша ауруханаға жатқызу.

в) Ошақты дезинфекция жүргізу.

г) Клиникалық көрсеткіші бойынша ауруханаға жатқызу.

д) Тұмауға қарсы егу.

 

163. 42 жастағы О. науқас, әлсіздікке, терлегіштікке, жұтқан кезде тамағының ауырғанына, көп мөлшердегі ірінді бөліністері бар ринит, бас ауруына шағымданады. Жалпы жағдайы қанағаттырылған, мұрын арқылы дем алуы қийындалған. Жұтқыншақтын шырышты қабаты тегіс емес, орташа гиперемияланған, артқы қабырғасында – шырышты-ірінді бөліністер. Ішкі мүшелер жағынан – патологиялық өзгеріссіз. Дене температурасы - 37,30 С.

Эпидемияға қарсы шараларды белгіліңіз:

а) антибиотик тағайындау.

б) Бет перделі тәртіп.

в) Шприцтерді бір рет қолдану.

г) Контактта болғандардың барлығын госпитализациялау.

д) Ошақты дезинсекция.

 

164. 28 жастағы Ч. науқас, мұғалім. Ауруы ринит белгілерінен басталды, көп ұзамай дене температурасы 380 С дейін жоғарлады. Қараудың кезінде басының ауруына, әлсіздікке, тамағындағы «жыбырлау» сезіміне, көзіндегі ашу сезіміне, жасының ағуына шағымданады. Қарағанда келесі белгілер анықталған: мұрынның бітелуі, тұщкіру, ылғалды жөтел, мұрыннан аздаған шырыш-қанды бөліністер, мұрын астындағы және жоғары ерінің үстіндегі терісінің қызарғаны бар. Жұтқыншақтын шырышты қабаты орташа гиперемияланған, ісінген, бадамша бездер ұлғайған, лакуналарда шырыш. Конъюктивалар гиперемияланған, әсірісе – сол жақтағы. Өкпелерде, жүректе патологиялық өзгерістер байқалмайды. Жақ асты және алдынғы мойын лимфа түйіндер ұлғайған. Іші ауырмайды, бауыры қабырға доғасынан шықпайды, менингеальдық белгілер анықталмайды. Физиологиялық бөліністер жағынан – өзгеріссіз.

Берілген клиникалық өлшемдер қандай ауруға тән?

а) тұмау

б) паратұмау

 в) аденовирусты жұқпа

 г)риновирустыжұқпа

 д)РС-жұқпа

 

165. Жалпы билирубин 230,6 мкмоль/л

Тура билирубин 200,0 мкмоль/л

Тимол сынамасы  7,0 ед.

АЛТ                       2,81 ммоль/л

Қан сарысу темірі 35,4 ммоль/л

Бұл көрсеткіштер қандай ауруға тән?

а) Өт тас ауруына байланысты холецистит

Б)Вирусты гепатит

в)безгек

г) қатерлі емес гипербилирубинемия

д)эхинококкоз

 

166. 25 жастағы И. науқас, халінің нашарлауына, ауырсынумен жүретің құрғақ жөтелге, мұрынның бітелуіне, тыныс алудын қийындалғанына байланысты жедел жәрдем шақыртты. Сөйлегенде - тамағы қарылған. Ауырғанына 3 тәулік, тонып қалуымен байланыстырады. Біріншіден тамағындағы «жыбырлау» сезімі, мұрынның бітелуі, даусының қарылғаны пайда болды, одан кейін – қатты жөтел қосылды. Дене температурасы аздап жоғарлады -(37,40). Көп дәрі-дәрмектерді көтере алмайды, осыған байланысты емделген жоқ. Жұмысын істеп жүре берді. Бүгін түнде жағдайы оданда нашар болды, дауысы жоғалды, жөтелгенде ауырсыну сезімі пайда болды, тыныс алуы қийындалды. Қарағанда: жағдайы орташа дәрежеде. Ентікпе – 26/ мин. Жөтелі қатты, «ит үргендей». Қақырық түскен сон дауысы шығады, одан кейін қайтадан жоғалады. АҚ- 130/90 мм сынап бағ., пульс - мин.90,  температурасы 38. Жұтқыншақтын артқы қабырғасының , бадамша бездердің шырышты қабаты ісіңгіріген, айқын емес гиперемияланған. Өкпелерде құрғақ сырылдар. Басқа ішкі мүшелер жағынан – өзгеріссіз.

Берілген клиникалық белгілер қандай ауруға тән?

а) тұмау

б) паратұмау

в) аденовирустыжұқпа

г) риновирустыжұқпа

д) РС-жұқпа

 

167.Науқас 40 жаста ауруының 13-күні жүрек айнуына, лоқсуына, күндіз ұйқысының келуіне, түнгі ұйқысыздыққа, тісінің қанағыштығына, зәрінің қою-сары, нәжісінің ағаруына шағымданып бөлімшеге түсті. Ауруы біртіндеп әлсіздіктен, тәбетінің болмауынан, буындарының ауыруынан, дене қызуының 37,3 С дейін көтерілуімен басталған. 12-күні зәрінің түсі қоңырқайланғанын, нәжісінің ағарғанын аңғарған. Қарағанда сарғайған, гепатоспленомегалия.

Қандай зерттеу тағайындайсыз:

а) Қанды биохимиялық зерттеу;

б) Қанды  иммунограммаға;

в) Қанның ірі тамшысын  микроскопияға;

г) Қанды  ИФА лептоспирозды антигенімен;

д) Қанды  электролиттерге зерттеу.

 

168.Науқас 37 жаста, анық сарғаюмен ес түссіз жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Аузынан бауырлық иіс байқалады. Пульс ритмді, әлсіз 120 рт мин.АҚҚ – 110/70 мм сн. бғ. Перкуссиялағанда бауырдың төменгі шекарасы қабырғадан 2,0 см шығыңқы.Сарғаю ауруханаға тусер алдын 1 күн бұрын пайда болған, ал 1 апта бұрын суықтап ауырған.

Науқаста қандай асқыну дамыды?

а) Жедел тыныс жетіспеушілігі;

б) Жедел бүйрек үсті безі жетіспеушілігі;

в) Жедел бауыр жетіспеушілігі;

г) Жүрек қан тамыр жетіспеушілігі;

д) инфекциялы-токсикалық шок.

 

169. А деген науқас, әлсіз, тәбеті төмендеген, оң қабырға астының ауырсынуы, көңіл күйінің болмауын айтады. Ауруы 5 күн бұрын түшкірумен және дене температурасының 38°С децін көтерілуімен басталған. Объективті: тері жабындысы және шырышты қабаты сарғайған, тілі қалың ақ жабындымен жабылған, гепатоспленомегалия, зәрі қою сары, нәжісі ақ.  

Диагнозын анықтау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындау керек?

а)  Қандағы трансаминазалардың деңгейін анықтау керек;

б)  сілтілі фосфатаза мөлшерін анықтау керек ;

в) Зәрді өт пигменттерінің бар болуына зерттеу;

г) Қан сары суындағы ақуыз және ақуыз фракциясын анықтау;

д) Қан сары суындағы иммуноглобулин мөлшерін анықтау;

 

170. Науқас 26 жаста жедел ауырған,дене температурасы 39ºС, артралгия, бас ауыру, қайталап құсу. Ауруының 3-күні әлсіздік, бас ауыру, терісі сарғайған, температурасы қалыпты.Бауыры +1 см ұлғайған, терісі аздап сарғайған.Сол күні кешке айғайлап,  возбужденный, өзін дұрыс ұстамай, қарағанда қарсылық көрсетті. 1 сағ соң есінен айырылды. Перкуторлы бауыры 6-9 қабырға аралығында, зәрі катетер арқылы гематурия.

Болжамды диагнозын атаңыз.

а) Жедел  вирусты гепатит А

б) Созылмалы  вирусты гепатит В, вирустың репликациясысатысы

в) иерсиниоз, гепатиттік түрі

г) лептоспироз, сарғаю түрі

д) жедел  вирусты гепатит В, фульминантті түрі

 

171. Науқас 28 жаста жедел ауырған, дене температурасы көтерілген, басы ауырып құсқан. Өзі антибиотик қабылдаған. Аурудың 4-күні басы қатты ауырып, құсу жиілеген. Температурасы 39,2º С, құсу, бауыры қабырғадан +1,5 см шығыңқы, менингеальді белгілер оң.Жұлын сұйықтығы қалыпты. Аурудың 5-күні сарғайып, қанмен құсу және гематурия пайда болған. 6-күні қозу, кома.

Өмірге қауіп төндіретін синдром:

а) Жедел бауыр энцефалопатиясы

б) Жедел бауыр жетіспеушілігі

в) Мидың ісінуі

г) Тамыр ішілік қан ұйю синдромы

д) инфекциялы-токсикалық шок   

 

172.16 желтоқсанда балалар жұқпалы аурулар бөлімшесіне 7 жастағы Саша науқас бала жеткізілді. Ауруы 3 күн бұрын тамағының ауруымен және «жыбырлау» сезімінен, мұрынның бітелуімен, құрғақ жөтелдің пайда болуымен басталды. Аурудың 2-ші күнінде айтылған белгілерге дене температурасының 37,50С дейін жөғарлауы, әлсіздік, тамаққа тәбетінің төмендеуі қосылды. Аурудың 4-ші күні «ит ұргендей» жөтел, дауысының қарылғаны, тыныс алудың қийындалғаны пайда болды.

    Жалпы жағдайы орташа дәрежелі. Беті бозарған, мұрын-ерін үшбұрыштың цианозы, дем алғанда мұрын қанаттары көтеріледі. Тері қабаттары таза. Жұмсақ таңдайы және жұтқыншақтын артқы қабырғасы айқын емес гиперемияланған, таңдай дужкалары дәндіктелген. Өкпелердегі тыныс алуы везикулярлы, бірен саран құрғақ сырылдар. Дем алғанда кеуде клеткасының, бұғана үсті және бұғана асты, жоғарғы қабырға аймағындағы жұмсақ тіндері ішке қарай тартылады. Жүрек тондары таза, ырғақты, пульс – 90, АҚ 110/70 мм сынап бағ. Басқа мүшелерде – өзгеріссіз.

Берілген клиникалық өлшемдер қандай диагнозға тән?

а) тұмау

б) паратұмау

в) аденовирустыжұқпа

г) риновирустыжұқпа

д) РС- жұқпа

 

173. Науқас И, 25 жаста, жағдайының нашарлауына, ауырсынумен жүретін құрғақ жөтелге, түшкіруіне, мұрынның бітелуіне шағымданып, жедел жәрдем дәрігерін шақырған. Қарлыққан дауысымен сөйлейді. Науқас 3 күн ауырады, ауруын салқындаумен байланыстырады. Алдымен тамағы жыбырлап, мұрыны бітеліп, даусы қарлығып, жөтел күшейген. Бүгін түнде жағдайы нашарлап, даусы шықпай, жөтелгенде өкпесінде ауру сезімі пайда болып, демалысы қиындаған. Жағдайы орташа дәрежелі, тыныс алуы 26 рет мин. Қатты қатаң жөтел. АҚ – 130/90 мм сн. бғ., пульс – 90 рет мин, температура – 38,0 °С. Өкпесінде құрғақ сырыл; бадамша бездер, жұтқыншақтың артқы қабырғасы гиперемияланған, ісіңкі.

Диагностика үшін қандай зерттеу әдісін тағайындау керек?

а) Жұтқыншақтан жағындыны алып бактериологиялық зерттеу.

б) ГАТР қос сарысулармен.

в) Жалпы қан талдауы.

г) Қанды бактериологиялық әдісімен зерттеу.

д) Биологиялық әдіс.

 

174.Науқас Ж., 27жаста, медбике 1 апта бұрын ауырған: әлсіздік, ұйқысының келуі, жұмысқа қабілетінің төмендеуін байқаған. 3-4 күн тәбеті болмаған, 2 рет құсу болып, әрдайым жүрегі айныйды. Ауруының 7 күні зәрінің қарайғанын, айналасындағылар көз склерасының сарғайғанын байқаған. Түскен кезде: жағдайы ауыр, есінен анда-санда айырылады, әрдайым жүрегі айну, қабылдау бөлімінде құсу болған. Сан аймағында үлкен геморрагиялық дақ анықталған, айқын сарғаю. Бауыры қабырға доғасымен сәйкес келеді. Есі анық, анда-санда уақыт пен жыл мезгілін айта алмайды.

Жедел вирусты гепатиттің клиникалық көрінісінің ауыр дәрежесін көрсетіңіз:

 

а) Геморрагиялық синдром

б) Айқын диспепсиялық бұзылыстар

в) Артериальды қысымының төмендеуі

г) Дене қызуының болмауы

д) Әлсіздік, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі

 

175.Науқас 40 жаста емхана дәрігеріне ішінің жоғары бөлімінің ауруына шағымданып келді. Тері жабындысы қалыпты. Жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлықтай. 20 жасында вирусты гепатитпен ауырған. Қазіргі кезде ішімдік қолданады. Клиникалық портальді гипертензия белгілері, спленомегалия анықталған. Клиникалық көрінісінің себебі болып қандай патологиялық механизм жатыр?

а) Бүйрекүстілікблогы

Б) Бауырішілікблогы

в) Бауыр асты блогы

г) Аралас  блогы

д) гиперспленизмде.

 

176. Науқас Ю., 38 жаста, Қытайда болған іс сапарынан келген соң ауырған. Ауыр созылыңқы басталған: қалтырау, бас ауыру, тамағының жыбырлауы, құрғақ жөтел. Кейін дене 39 °С көтеріліп, науқаста тыныс алуы тарылып, жүрек соғысы жиіленген.

Объективті: таңдай, жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабаттары гиперемияланған, өкпенің төменгі шет бөлігінде өкпе дыбысы тұйықталған, аускультативті майда көпіршікті сырыл және крепитация естіледі. Гемограммада: лейкопения, лимфопения, тромбоцитопения.

Қандай зерттеу әдісі осы аурудың диагностикасы үшін қажет?

А)Жұтқыншақтан жұғынды алып бактериологиялық зерттеу.

Б) ГАРТ қос сарысулармен.

В)Жалпы қан талдауы

Г)Қанның бактериологиялық әдісі .

Д)Биологиялық әдіс.

 

177. Вирусты гепатитпен ауыратын науқастың қан сарысуындағы билирубин 14,6 мкмоль/л, байланысқан – 4 мкмоль/л, АсТ – 2,0 ммоль/л, АлТ – 3,5 ммоль/л. Оран алатын синдромды көрсетіңіз :

а) цитолиз

б) холестаз

в) мезенхимальді қабыну синдромы

г) гепатодепрессивті синдром

д) синдромдыанықтау қиын

 

178.Науқас М.,ауруханаға 4 күн бойы дене температурасының 38 ºС көтерілуіне, қалтырауына, басының ауруына, тез шаршағыщтыққа, жүрек айнуына, құсуға шағымданып келді. 3 күні бүкіл денесіне папулезді- везикулалы бөртпе пайда болып, ертесінен қоңыр түсті қабыршақпен жамылды.

Мүмкін болатын диагноз?

а) Орама ұшық

Б) Желшешек

в) Жай ұшық

г) Цитомегаловирустыжұқпа

д) Жұқпалы мононуклеоз

 

179.Студенттік жатақханалардың бірінде жел шешекпен ауыру анықталды. 8 адам ауырған; 5 – жұқпалы ауруханада изоляцияланған, 3 – жағдайының қанағаттанарлықтай болуынан және аурудың жеңіл дәрежесіне байланысты жатудан бас тартқан.

Карантин неше күнге жариялау керек?

а) 5 күн

б) 10 күн

в) 17 күн

г) 21 күн

д) 30 күн

 

180.15 жастағы З. науқас. Ауырғанына 8 күн болды – дене температурасы 38°С дейін жоғарлады, мұрыны бітелген, тамағындағы жыбырлау сезімі болды. Өз бетімен емделген, аспирин мен антигриппин қабылдаған. Дене температурасы қалпына келді, бірақ халі нашарлады: тамаққа тәбеті жоғалды, әлсіздік күшейді, зәрінің түсі өзгерді – «сыра түсті». Кеше анасы склераларының сарғайғанын байқады.

Науқасты қарағанда: тері қабаттары және склералары сарғайған, іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 2 см төмен, консистенциясы – жұмсақ, тегіс. Зәрі қоныр. Науқас халінің жақсарғанын байқады, тамаққа тәбеті бар, әлсіздік жойылды.

Эпиданамнездің мәлеметтері: сыныпында тағы 2 оқушы ауырып қалған.

Болжамды диагноз қандай?

А) Вирусты гепатит А.

б) Жедел вирусты гепатит В.

в) Созылмалы вирусты гепатит С.

г) Жедел вирусты гепатит В.

д) Вирусты гепатит Е.

 










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-29; просмотров: 921.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...