Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Б) менингококкты назофарингит  5 страница




а) Түйнеменің карбункулезді түрі

б) Біріншілікті тілменің эритематозды-булезді түрі

в) Қайталанбалы тілменің, эритематозды-геморрагиялық түрі

г) Обаның бубонды түрі

д) Туляремияның терілік-бубонды түрі

 

406. Науқас М., жасы 55, жоғары температураға, қалтырауға, бас ауру мен бас айналуға, құсуға, бетінің сол жағында күю сезіміне шағамданған. Аурудың бірінші тәулігінде тексергенде Т- 39,50С-қа дейін көтерілген, сол бетінің аумағында қызарған дақ, зақымдалған жері жылтыр, тығызданған, ұстағанда ыстық. Беттің тері асты қабаттары мен төменгі қабағының ісігі айқын. Эритема перифериясының пальпациясы ауырсынумен. 2-ші күні эритема көрінісінде кішкене жалғыз түссіз сұйықтыққа толған везикула пайда болды, сол жақасты лимфа түйіндері пальпацияланады.

Қандай ем қолдану керек?

а) Антибактериальді терапия

б) Десенсибилизациялау терапия

в) Физиотерапия

 г) Везикуланы ашу

д) Зәр айдайтын препараттар

 

407. 53 жасар науқас А-ға учаскелік терапевт шақырылды. 2 күн бұрын 39,5°С температура, қалтырау, бас ауру мен бұлшық ет ауырсынуы пайда болған. Бірнеше сағаттан соң күю сезімі мен оң жақ самайда тері қызаруы содан кейін жайылған ісік пайда болған. Жағдайы орташа ауыр. Беттің оң жақ бөлігенде беттің жоғары жағын, қабақты, маңдайды самай аумаған және құлақ қалқанының алып жатқан эритема аумағы. Оң жақ көз тесігі ісігендіктен жабылған. Эритема пальпацияда ауырады, ыстық, шеттері түзу емес, көтеріліп тур. Жақасты лимфа түйіндері ауырснады, пальпацияланады АҚ=155/60 мм сын.бағ., ЖЖЖ=122/мин.

Диагнозды анықтаңыз:

а) Түйнеменің карбункулезді түрі

б) Бет тілмесінің эритематозды түрі

в) Қайталанбалы тілменің, эритематозды-геморрагиялық түрі

г) Обаның бубонды түрі

д) Туляремияның терілік-бубонды түрі

 

408. Науқас А., 70 жаста, 3 күннің ішіндегі дене температурасының жоғарлауына, оң жақ балтырындағы кернету сезіміне, әлсіздікке, бас ауруына шағымданады. Оң жақ балтырында – анық шектелген гиперемия, ісіну, оң жақ шап лимфа түйіндері 1,5 см дейін ұлғайған, пальпациясы аурусынумен. Бір жыл бұрын емханада оң жақ балтырының эритематозды-буллезды тілмесімен емделген, қабылдағаны пенициллин 4,0 г/тәулікте, 7 күн.

Тілменің рецидиві бойынша қандай антибактериальды ем тағайындау керек?

а) ампициллин

б) пенициллин

в) цефтриаксон

г) амоксиклав

д) пенициллин+гентамицин

 

409. 44 жасар науқас Н, 6 маусымда жұқпалы аурулар бөлімшесіне жоғары температураға, қалтырауға, бетінің қызарып ісінгеніне, жүрек айнуына, ұйқының бұзулуына, әлсіздікке шағымданып түсті.

    Ауырғаны жедел, температурасы 400С-қа дейін көтерілген, қалтырау пайда болды. Бірнеше сағаттан соң бетінің сол жақ бөлігенде және мұрын аймағында күю сезімімен ауырсыну сезінген, кейіннен бүкіл бетке жайылған қызару пайда болған. 

Жалпы жағдайы орташа дәрежелі. Дене температурасы – 39,50С. Бетінде, мұрын, мойында шеттері тұзу емес ашық түсті гиперемияның зонасы бар. Қабынған аумақ қоршаған тіннен көтеріліп тұр, ұстағанда ыстық, шамалы ауырады. Болымды диагноз:

а) Түйнеменің карбункулезді түрі

б) Бет тілмесінің эритематозды түрі

в) Қайталанбалы тілменің, эритематозды-геморрагиялық түрі

г) Обаның бубонды түрі

д) Туляремияның терілік-бубонды түрі

 

410. 32 жасар науқас Қ ., аурудың 5-ші күні түсті, шағымдары - бас ауруына, сол аяқтың қатты ауырсынуына, баса алмауы. Жедел ауырған, 38°С дейінгі температура, қалтырау, әлсіздік пайда болды. Одан кейін сол табанында ауырсыну және күю сезімі. Келесі күндері табанының терісінде гиперемиясы пайда болып, көпіршіктенген. Ауырардан 2 күн бұрын табанын шаншып алған, емделмеген. Мұндай ауру алғаш рет. Жалпы жағдайы орташа ауыр. Дене температурасы – 38,90С. Тері калыпты түсті. Тілі құрғақ, ақ жамылғысы бар. Пульс – 80 рет/мин, ырғақты, АҚ – 130/80 мм сын.бағ. Сол аяғы ісінген, терісі гиперемияланған. Табанының және балтырдың алдынғы беттерінде, жамбасында – серозды сұйыққа толған ірі көпіршіктер. Қан талдауында: Л – 12,0∙109/л; Т/ө-21, С-51, лимф. 22, м-4, ЭТЖ – 25мм/сағ.

Диагнозы:

а) Сол жақ аяқ тілмесінің буллезді түрі

 б) Сол жақ аяқ тілмесінің геморрагиялық түрі

 в) Сол жақ аяқ тілмесінің эритематозды түрі

г) Сол жақ аяқ тілмесінің рецидивті түрі

д) Сол жақ аяқ тілмесінің қайталанбалы түрі

 

411. 73 жасар науқас К.,зейнеткер аурудың 3- күні түсті. Жалпы әлсіздікке, бас ауруына, оң аяқтың қатты ауырсынуына, баса алмауына шағымданады.

    Жағдайы ауыр. Аяғының қатты ауыруына байланысты ыңқылдайды. Дене температурасы 39,5°С. Терісі бозарған, ылғалды. Тілі құрғақ, ақ жамылғысы бар. Табанның сырт жағында, сирақтың алдыңғы бетінде, жамбасында үлкен серозды сұйықтықпен толтырылған көпіршіктер. Қан талдауында: Л – 18,0∙109/л; Э – 0; Т/ө-23%, лимф. 22%, м-4%, ЭТЖ– 30мм/сағ. Мұндай ауру алғаш рет. Бұл жағдайда қандай ем тағайындайды?.

а) Антибактериалды терапия

б) Десенсибилизациялау терапия

в) Физиотерапия

г) везикуланы ашу

д) Зәр айдайтын препараты

 

412. 45 жасар науқас Н., бас ауру мен бетінің күйіп ауруына шағымданады.

    Жалпы жағдайы орташа ауыр. Дене температурасы – 38,50С.Тері жабындыларының түсі қалыпты. Тілі ақ жамылғысымен, ылғалды. Пульс – 105 рет/мин, ырғақты, АҚ – 120/70 мм сын.бағ. Беттерінде және тұмсығында терінің шеттері түзу емес гиперемиясы, ісінгені бар. Зақымдалған аймақтын пальпациясы ауырсынады. Ісік төменгі қабақты алып жатыр, оң жақ көздік саңылауы тарылған. Ықтимал диагнозы:

а) түйнеме, терілік түрі

б) оба, терілік түрі

в) бет тілмесінің эритематозды түрі

г) Туляремия, жаралы-бубонды түрі

д) эризепилоид

 

413. Науқас П. 56 жаста ауырып, кешкісін әлсіздік, бас ауруы, қалтырау пайда болған. Дене температурасы 39,6 С-қа дейін жоғарылған. Түнде нашар ұйықтаған, екі рет құсқан. Таңертең оң шап аймағандағы күю мен ауырсынуды сезген. Тез арада қызару мен сирақ айналасындағы ісіну басталған. Жағдайы орташа ауыр, дене температурасы 40,0 С. Орта және төменгі сирақта эритема және дұрыс емес кескінді ісік, ұстағанда ыстық, сол аймақта көп қан қуюлар. Сан және шап лимфа түйіндері пальпацияланады және ауырады, үстіндегі терісі гиперемияланған. Оң санның ішкі беті қызарған.

Қандай этиотропты ем қолдану керек?

а) рифампициин

б) пенициллин

в) цефтриаксон

г)бисептол

д) метрогил

 

414. Науқас К 63 жаста , учаскелік дәрігерді шағырған. Ауырғанына 2 күн болған. Аурудың алдында, кешкісін әлсіздік , қалтырау, бас ауруы пайда болып, аздап аяқ-қол, бел бұлшықеті ауырған. Жағдайы орташа ауыр. Дене температурасы 38,2 С-қа дейін жоғарылған. Оң жақ беттің жоғарғы жағында шетінде, қабағында, маңдайында, самайында, құлақ қалқанында эритема. Оң жақ көз саңылауы айқын ісіктен жабылған. Эритема аймағы ұстағанда аыуырсынады, ыстық. Шеттері түзу емес, анық, тіндерден көтеріліп тұр. Ауыратын оң жақтағы лимфа түйіндері пальпацияланады.

Қандай этиотропты ем қолдану керек?

а) рифампициин

б) пенициллин

в) цефтриаксон

г)бисептол

д) метрогил

 

415.Науқас Р. 32 жаста, әлсіздікке, қалтырауға, жоғары температураға шағымданады. Анамнезде сол сирақтың іріңдеп жұлынған жарақаты. Жарақаттың хирургиялық өңдеуі жасалып, антибиотикотерапия жүргізілген. Жазылғаннан 4 ай кейін сол аумақта ашу, гиперемия, бір уақыттағы температураның көтерілуі, бас ауруы пайда болды. 8 күн ішінде пенициллинді инъекция түрінде қабылдаған. Келесі жыл ішінде 3 рецидив болды.

Орташа ауыр жағдайда, дене температурасы 38,20 С. Сирақтың үштен төменгі бөлігінде көлемі 15Х12 см эритема орналасқан, геморрагиялары бар. Ол аумақта тері тығыз, пальпацияда шамалы ауырады, ошақтың пішіні дұрыс емес, зақымдалмаған теріден көтеріліп тұр. Шап лимфа түйіндері 2 см-ге дейін ұлғайған.

 Ықтималды диагнозды атаңыз:

а)Сол жақ аяқ тілмесінің булезді түрі

б) Сол жақ аяқ тілмесі ге, біріншілікті

в)Сол жақ аяқ тілмесінің эритематозды түрі

г)Сол жақ аяқ тілмесі, рецивтевті

д)Сол жақ аяқ тілмесінің қайталанбалы түрі

 

416.науқас Д 56 жаста, бас ауруына, бұлшықет ауруына, ыстықтау сезіміне, дене температурасының 410С-қа көтерілуіне, құсу, естің шатасуына шағымданды. Сирақтың қызаруы пайда болып, кейіннен он жақ табанның сыртында, күннің ортасына қарай бар сираққа тараған. Шамалы уақыттан соң теріде көпіршіктер пайда болды. Анамнезде 4 жыл бұрын бет тілмесі. Жағдай ауыр. Температурасы 40,20С. Ошақтың кескіні дұрыс емес пішінді, пальпацияда ыстық әрі ауырады. Табан сыртында геморрагиялық затқа толы, көп қан қуюлған 3х4 см көпіршіктер бар. Айқын лимфангит, шап лимфа түйіндерінің ауыруы және ұлғаюы, үстіндегі терісі гиперемияланған.

Диагнозын анықтаңыз:

а)Сол жақ аяқ тілмесінің созылмалы түрі

б) Сол жақ аяқ тілмесі, біріншілікті

в) Сол жақ аяқ тілмесінің эритематозды түрі

г)Сол жақ аяқ тілмесінің рецидивті түрі

д)Сол жақ аяқ тілмесінің қайталанбалы түрі

 

417. Науқас С 32 жаста, химик, жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне «сол жақ аяқ тілмесі» диагнозымен түсті. 5 күн бұрын ашу, сол табанның жанама жағында қышыну және қызару пайда болған. Ашу сезімі күшейіп, гиперемиялық ошақ түзетін көптеген қосылмалы бөртпелер пайда болған. Дене теппературасы қалыпты, сол аяқта гиперемияланған аумақ теріден көтеріліп тұр. Табанның 5 саусақ аралықында майда көпіршіктер тырысқан, кенет ауырсынған, серозды сұйыққа толтырылған. Соңғы кездері зауыт цехында көп жұмыс жасаған.

Жуық диагнозды анықтаңыз:

а) Түйнеме, терілік түрі

б) Жанаспалы дерматит

в) Тілме , эритематозды формасы

г) туляремия, жаралы-бубонды форма

д) эризепилоид

 

418. Науқас М. 37 жаста, жағдайы ауыр, дене температурасы 39,90С. Оң аяқта дұрыс емес кескінді жайылған гиперемия ошағы, геморрагиялар, геморрагиялық заты бар көптеген көпіршіктер, оң аяқтың ішкі беткейінде лимфангит, шап және сан лимфа түйіндері периаденит белгілері бар ұлғайып ауырсынады. Айқын лимфедема. Ауру 20 жыл бұрын жол апатында оң жақ сирақтың жарақатын алып, посттравматиқалық лимфедема алғаннан кейін басталған. Соңғы 20 жылда ауру 5-8 айда пайда болып тұрған.

Мүмкін диагнозды анықтаңыз:

а) оң жақ аяқ тілмесінің булезді түрі

б) оң жақ аяқ тілмесінің геморрагиялық түрі

в) оң жақ аяқ тілмесінің эритематозды түрі

г) оң жақ аяқ тілмесінің рецидивті түрі

д) оң жақ аяқ тілмесінің қайталанбалы түрі

419.Науқас, 52 жаста. Қатты қалтырау, бас ауруы, бұлшық еттерінің аурусынуы, оң шап аймағындағы аурусынулар пайда болды.

Жалпы жағдайы ауыр. Дене температурасы 40˚С. Оң жақ табанының сыртқы бетінде, балтырдың алдынғы және бүйір жақ беттерінде, жамбасының артқы және бүйір жақтарында ˗˗ бөксе аймағына таралатын шекарасы нақты ашық түсті эритема. Балтырында эритеманың бетінде геморрагиялық сұйықтығымен үш ірі көпіршік және көптеген ұсақ геморрагиялар бар; осы жер пальпация кезінде ауырсынады. Ұлғайған шап лимфа түйіндерінің пальпациясы ауырсынады. Анамнезінен анықталғаны ˗ 15-20 жыл бұрын осындай өзгерістер сол жақ балтырында болған, дене температурасы жоғарлаған.

Науқас бойынша тактикаңызды анықтаңыз:

a) Жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу;

b) Амбулаторлы ем;

c) Хирургтің кенесі;

d) Диагнозды растау үшін зертханалық зерттеулерді тағайындау;

e) Оң жақ балтырына компресс (жартылай спиртті)

 

420. Қабылдау бөлімшесіне, айқын интоксикациялық синдромы бар (температурасы 39,2˚С, қалтырау, бұлшық еттеріндегі аурсынулар), 48 жастағы Г. науқас жеткізілді. Оң жақ балтырының үштен ортанғы және төменгі бөліктерінде ашық түсті гиперемия бар, зақымдалмаған теріден нақты шектелген, шеттері түзу емес ˗ оттың жалыны тәріздес. Эритеманың бетінде мөлдір сары түсті сұйықтыққа толы екі көпіршік бар. Табанының және балтырының ісінуі айқын. Эритема манындағы тері инфильтрацияланған, ұстағанда ыстық, арташа ауырсынады. Ұлғайған шап лимфа түйіндерінің пальпациясы ауырсынады.

Ықтимал диагнозды көрсетіңіз:

a) флегмона

b) түйнеме

c) тілме

d) эризипелоид

e) тромбофлебит

 

421.51 жастағы У. науқас, аурудың 3-ші күнінде түсті.

Түскенде: жағдайы ауыр,  температурасы 39,6˚С, тахикардия 1 мин 130, АД 95/60 мм.сын.бағ. Сол жақ балтыры бойы терісінің гиперемиясы, көлемді геморрагиялар; қызарғандың пішіні түзу емес, шекарасы перифериялық валикпен нақталған; сыртқы және артқы беттерінде бірнеше қосылған көлемді сары және қоңыр түсті сұйықтыққа толы көпіршіктер бар. Ұлғайған шап лимфа түйіндерінің пальпациясы ауырсынады.40 жасында беттің тілмесі болған.

 Диагноздың дұрыс тұжырымын көрсетіңіз:

a) сол балтырының тілмесі, эритематозды˗геморрагиялық түрі, ауыр ағымы;

b) сол балтырының тілмесі, эритематоздытүрі,аурудың ауыр ағымы;

c) сол балтырының қайталанбалы тілмесі, эритематозды˗геморрагиялық түрі, орташа ауырлық ағымы;

d) сол балтырының қайталанбалы тілмесі, буллезді˗геморрагиялық түрі, ауыр ағымы;

e) сол балтырының рецидивті тілмесі, эритематозды˗буллезді түрі, орташа ауырлық ағымы.

422. С. науқас, 48  жаста, жедел ауырды, дене температурасы38,8˚С дейін жоғарлады, қалтырау. Келесі күні сол жақ балтырында ауырсынулар пайда болды, үштен ортанғы бөлігінде пішіні дұрыс емес, нақты шектелген терісінің гиперемиясы және ісінуі көрінді. Аурудың  3-ші күні қызарған жерде молдір сұйықтығы бар көпіршіктер қалыптасты.   Бұрын осындай өзгерістер болмаған, көп жыл бойы сол жақ балтырының терең көк тамырларының тромбофлебиті бар.

Дұрыс диагнозды көрсетіңіз:

a) сол балтырының біріншілікті тілмесі, эритематозды˗буллезді түрі;

b) сол балтырының біріншілікті тілмесі,эритематозды түрі;орташа ауырлық ағымы;

c) сол балтырының біріншілікті тілмесі,буллезді түрі;орташа ауырлық ағымы;

d) сол балтырының тілмесі, эритематозды˗буллезді түрі;

e) сол балтырының біріншілікті тілмесі, эритематозды˗буллезді түрі,орташа ауырлық ағымы.

 

423. Г. науқас, 57  жаста, жедел ауырды, дене температурасы39,5˚С дейін жоғарлады, қалтырау. Аурудың екінші күні оң жақ балтырында ауырсынулар, гиперемия пайда болды, үштен ортанғы бөлігінде нақты шектелген терісінің қалынданғаны көрінді. Молдірсұйықтығы бар көпіршіктер қалыптасты. Аурардың алдында балтырын соғып алған. Бұрын осындай өзгерістер болмаған, бірак жиі баспаның көріністері болған, көп жыл бойы сол жақ балтырының терең көк тамырларының тромбофлебиті бар.

 Ықтимал диагнозды көрсетіңіз:

a) флегмона

b) түйнеме

C) тілме

d) эризипелоид

e) тромбофлебит

 

430. Науқас С., 39 жаста, 2 күн бұрын ауырған, аузын ашқанда және жұтынғанда ауырсынуын байқаған. 2-ші күні температура 38,2°С көтеріліп, тершеңдік. Аузын аша алмау, жұтынғанда ауырсыну 1 рет арқа бұлшықеттерінің тырысуын байқады. Бір апта бұрын қолын тот басқан шегемен жарақаттап алған. Ауруханаға түскенде: температура 38,3°С, шайнау бұлшықеттерінің тризмі, көзі шүңірейген, арқа бұлшықеттері, алдыңғы іштің бұлшықеттері, аяқ-қол ірі бұлшықеттері тонустары жоғары. Пульс 96 мин., АД 105/65 мм сын.бағ., тыныс алуы 26 мин. Қарау кезінде бұлшықет тырысуы ұзақтығы 1 минут, цианоз, көп терлеу, пульс 140 мин., тыныс алуы 42 мин., есі сақталған.

Болжамды диагнозды атаңыз.

a) Кенелік энцефалит

b) Менингококкты менингит

c) Ботулизм

d) Сал ауруы

e) Сіреспе

 

431. 42 жастағы ер адам әлсіздікке, ұйқышылдыққа, жұмысқа қабілеттігінің төмендеуі шағымдарымен дәрігерге келді. Науқастың 5 жыл бұрын Эфиопияда болғандығы анықталды. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеулер қажет? 

a) Нәжіс микроскопиясы

b) Жыныс мушелерінен алынған жағындының микроскопиясы

c) Қан жағындысының микроскопиясы

d) Ликвор және лимфа түйіндері пунктатының микроскопиясы

e) Бұлшықет биоптатының микроскопиясы

 

432. Науқаста африкандық ұйқы ауруы анықталды. Қандай жәндік жұқпаның жұғу факторы болып табылады?

a) Вольфартов шыбыны

b) Бөлмелік шыбын

c) Көк шыбын

d) Цеце шыбыны

e) Төсек қандаласы

433. Науқас И., 20 жаста, оң жақ балтырының, табанының сырқырап ауратының айтты. 12 сағаттан кейін аузын аша алмау, жұтқыншақ, мойын бұлшық еттерінің спастикалық жийырулуы, шайнау бұлшық еттерінің тырысулары, тершендік қосылды.

Анамнезінен белгілі: екі апта бұрын саяжайында жөндеу жүргізген, оң өкшесімен тот басқан шегеге басты. Медициналық көмекті сұрап бармаған, жарақатты йод ерітіндісімен оңдеген.

Қарағанда: жағдайы ауыр, есі сақталған, жалғасуда. Тризм, «сардониялық» күлімсіреу, аурусынатын желке бұлшық еттерінің тырысулары. АҚ=120/80 мм сын.бағ. Пульс 96/мин. Диурез сақталған. Дене температурасы 36,8°С. Оң өкшесінде – іріндеген жарақат.

Болжамды диагноз қандай?

a) Кенелік энцефалит

b) Менингококкты менингит

c) Ботулизм

d) Сал ауруы

e) Сіреспе

434. Науқас В., 37 жаста, сабанға қораның төбесінен құлағаннан кейін тізесін жарақаттап алған. Жарақатқабіріншілікті хирургиялық өңдеу жасалды. Жылқы ақуызына сезімталдық сынамасы оң болғандықтан сіреспеге қарсы сарысу енгізілмеді. Науқаста 1 аптадан кейін пайда болған тризм, дисфагия, «сардониялық» күлкі және шүйде бұлшықетінің тырысуларына байланысты сіреспе диагнозы қойылды. Науқас қай бөлімшеде емделуі қажет? 

a) Жұқпалы аурулар

b) Хирургиялық

c) Кардиологиялық

d) Гастроэнтерологиялық

e) Жан сақтау

435. Науқас В., 18 жаста, аурудың 5ші күні ауруханаға мынадай шағымдармен келіп түсті:дене температурасының жоғарлауы, басының ауыруы, тітіркенгіштікке, тершеңдікке, бет және мойын аймағындағы тартып ауырсынуына, жұтынудың қиындауына, қозғалыстың шектелуіне, арқа бұлшықетінің тырысуына.

Объективті: тері жамылғысы бозғылт, өкпе тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. ТАЖ минутына 24, жүрек тондары тұйықталған, пульсі-82 соққы минутына, АҚ 120/80 мм. сын.б. Дене температурасы 37,6°С, тризм, қол-аяқтары мен арқа бұлшықеттерінің болар болмас гипертонусы. Менингеальді белгілер жоқ.

Эпиданамнезінен: науқас 1 ай бұрын ауылға әжесіне қонаққа барған. Бақшада алма жинап жүріп сатыдан құлап,оң жақ балтырын жарақаттап алады. Жарақатына мән бермей, алмаларын жинап жүре береді.

Шұғыл терапия тағайындаңыз:

a) Глюкоза-тұзерітінділері.

b) Сіреспеге қарсы сарысу.

c) Сіреспеге қарсы анатоксин.

d) Плазмоферез, гемосорбция.

e) Горомональді терапия.

 

436. Науқас 25 жаста аурудың 5ші күнінде жеткізілді. Ауру біртіндеп басталды. Температура субфебрилді. Аузын ашуының қиындауына, мойын және арқадағы тартып ауырсынуына, қатты тершеңдікке шағымданады. Арқа бұлшықетінің қысқа уақытқа тырысуы байқалды.

 Эпиданамнез: 1 ай бұрын ауылға барған- шөп орған, арықтан су ішкен. Бақшаны қазып жүргенде,аяғын жарақаттап алған.

Болжамды диагнозды анықтаңыз:

a) Кенелік энцефалит

b) Менингококты менингит

c) Ботулизм

d) Сал ауруы

e) Сіреспе

 

437. Науқас И., 35 жаста, неврологиялық стационарға мынадай диагнозбен келіп түсті:оң жақ бет жүйкесінің парезі. 13 күн бұрын жерге құлағанда оң жақ мұрын қанатын тері жамылғысымен бірге жарақаттап алады. Терапевттік көмекке жүгінбеген. 

Түскен кезде ауыз ашуының қиындауы, мимикалық бұлшық еттерінің тартып ауырсынуы, соған байланысты науқас келбеті «сардониялық күлкіге» ұқсады.

Осы аурудың мүмкін болатын жұғу жолын анықтаңыз:

a) Жуылмаған жеміс пен көкөністерді тамаққа қолдану;

b) Жұқпаланған жарақаттың болуы;

c) Ауа-тамшылы;

d) Жыныстық;

e) Көптеген маса шағулары.

 

438.28 жастағы науқаста аурудың басты көрінісі болып кезеңді дене бұлшықеттерінің тырысулары болып табылады. Аузы күлкіде тартылған, 1-1,5 см ғана қиындықпен ашылады. Есі анық, температурасы қалыпты, бұлшықеттік гипертонус. Сол жақ білегінде электротравмадан кейінгі IV дәрежелі жазылып баражатқан күйік.

Болжамды диагнозды көрсетіңіз:

a) құтыру

b) жарақаттық ботулизм

c) сіреспе

d) энцефалит

e) ми қанайналымының бұзылысы

 

439.46 жастағы ер адам трактордан құлап, терең жарақат алады.Сіреспеге қарсы сарысуды келесі жағдайда енгізуге болмайды:

a) соңғы сіреспелік анатоксин енгізілуі 12 жыл бұрын болған

b) сіреспелік анатоксинді қабылдамаған

c) өмір бойына сіреспелік анатоксиннің 2 инъекциясын қабылдаған

d) иммунизацияның толық курсын және 2 жыл бұрын ревакцинация қабылдаған

e) 5 жыл бұрын сіреспеге қарсы сарысу енгізілген

 

440.Науқас Т., 62 жаста,бақшада жұмыс істеп жүргенде оң жақ табанының терең жарақатын алады. Әлсіздік пайда болды, жарақат маңы тартылып кернелді.2 күн өткен соң ауызын ашу мен шайнаудың қиындауын, жұтыну кезінде ауырсынуды байқады. Кейін бет бұлшықетінің кернелуі мен көкірегінде қысу сезімі болды. Медициналық көмекті шақырды. Ұзақ уақыт алкоголь ішеді.










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-29; просмотров: 502.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...