Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Дж. Бруно, Б. Спиноза пантеизмі.




Дж.Бруно (1548-1600) Н.Коперниктің теориясы негізінде философиялық көзқарастарын қалыптастырды. Негізгі еңбектері: “Себептілік, бастама және біртұтастық туралы”, “Әлемнің және заттардың шексіздігі туралы”, т.б. Бруноның пікірінше, табигаттан тыс ешқандай күш жоқ. Ол кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал қозгалыс оның өмір сүру тәсілі. Әлем мен құдай бір. Әлем – универсум (әмбебап бастама) жалгыз гана мәнділік. Сондықтан ол мәң.гі және өзгермейді. Барлық заттар өшпейтін мәңгі қозгалыстагы бөлшектерден тұрады. Оларды Бруно монада деп атайды. Монаданың материалдық денелерге гана емес, психикага да қатысы бар.

Спиноза (Spіnoza), Бенедикт (Барух) (24.11.1632, Амстердам, – 21.2.1677, Гаага) – материалистік, пантеистік көзқарастағыНидерланд философы. Спинозаның философиялық көзқарасы ең алдымен ортағасырлық еврей философиясының (Маймонид,Крескас) ықпалында қалыптаса бастағанымен Дж. Бруноның пантеистік-материалистік көзқарасын, Декарттың рационалистік методын, Т.Гоббстың философиясын игеруі оның пантеистік-материалистік көзқарасқа көшуіне себеп болды. Ол пантеистік дәстүрдегі табиғат пен Құдай біртұтас субстанция деген қағиданы өзінің онтологиясына негіз етіп алды. Таным теориясында рационалистік бағыт ұстанып, интеллектуалдық ақыл-ойға, парасатқа негізделген білімді сезімдік таным мен тәжірибеден жоғары қойды. Оның ілімін рационалды интуитивті гносеология, пантеистік метафизика, табиғат жайлы натуралистік көзқарас құрады. Спиноза діни-телеологиялық қағиданы жоққа шығарып, механикалық детерменизмді жақтады. “Көне өсиетті” тарихи-рационалистік тұрғыда сынап, діни нанымды надандыққа балады. Ол өзінің пантеистік метафизикасы мен соған негізделген этикасын нағыз дін деп жариялады.

111. Ғылымдар жүйесіндегі физиканың орны. Физика — атомдар механикасы ретінде.

Физика (грек. physike, physis – табиғат)- өріс пен заттың жалпы қаситтерін және олардың қозғалыс заңдарын зерттейтін ғылым.Физика – табиғат жөніндегі жетекші ғалымдардың бірі. Ол басқа да жаратылыс тану ғылымдары сияқты ұзақ тарихи даму жолынан өтті.
Жеке физикалық ілімдердің пайда болу дәуірі физика жайлы алғашқы деректер Ежелгі Вавилон , Египет жазбаларында кездеседі. Зәулім сарайлар мен күрделі құрылыстар (пирамида , қорғандар) салу жұмысында құрылыс механика мен статиканың қарапайым заңдылықтары және рычаг , көлбеу жазықтық тәрізді қарапайым механизмдер пайдаланылды.Практикалық талаптардан туған Ежелгі Вавилон , Египет ғылымының теориялық негізгі халық арасында тарамады. Ғылым терелдей діни абыздар қолында болды. Ежелгі грек ғалымдары табиғат құбылыстарын, табиғаттан тысқары, күштің әсерінсіз –ақ ғылыми негіздерді түсіндіруге ерекше мән берді. Ежелгі грек ғалымдары (Гераклит, Анаксимандр, Амаксимен, Фалес т.б.) табиғат негізінен төрт элементтен (от, топырақ, ауа және су) тұрады десе Демокрит (б.з.б. 5ғ.) Эпикур (б.з.б. 341-270), Лукреций (б.з.б. 1ғ.) дүниенің ең қарапайым кірпіші одан әрі болінбейтін бөлшек – атом деп санады. Атом туралы ілім талай ғасырға созылып талас – тартыстан кейін , қазіргі табиғат жайлы ғалымдардың негізіне айналды. Аристотелдің табиғат жайлы жазған кітабы “Физика” деп аталған. Осыған орай Аристотильді физиканың негізін қалаушы деп те атайды. Архимед гидростатиканың негізгі заңын (Архимед заңы) ашты , қарапайым механизмдерді зерттеді.
Демокрит , Аристотиль , Архимед тәрізді ерте дүниедегі ұлы ғалымдардың ғылымға қосқан теңдесі жоқ мол үлесі халықтардың ғасырлар бойына жинақталған тәжірибесінен ұштаса келіп , Физиканың ірге тасы болып саналады. Классикалық механикалардың тууына қолайлы жағдай жасады.XVIII ғасырларда Физиканың барлық салаларын онан әрі дамытуға , жетілдіруге бағытталған зерттеулер кеңінен жүргізілді. Ньютон механикасы , жер бетіндегі денелер мен аспан денелерінің қозғалыс заңдарын толық қамтитын кең тараған ілімдер жүйесіне айналады. Физиканың басқа салаларында да тәжірибелік деректер онан әрі жинақталып қарапайым заңдар тұжырымдала бастады. Бір – біріне ешқандай байланыссыз жүргізілген зермтаулер нәтижесінде Г. Кавендин ағылшын ғалымы Дж. Пристали және Ш. Кулон электростатикалардың негізі болып саналатын зарядтардың әсер заңын ашты. Атмосфералық электр туралы ілім де пайда болды (М.В. Ломоносов , В. Франклин).Атом құрылысы жөнінідегі көзқарастың дамуы.
Зат атомдардан тұрады деген идея өте көне ғылымы идея: (біздің дәуірге дейінгі VI-II ғ,Демокрит, Эпикур). Осы идеяға сәйкес заттың ең кіші бөлшегіне-атомға дейін ғана бөлуге болады. Баолық зат атомдардан және атомаралық қуыстардан тұрады. Ал әр түрлі заттық болуы атомдардың пішіні және мөлшеріне байланысты түсіндірілді.
Бірақ, бұл түсініктер дерексіз, ойдан шығарылғандықтан, ұзақ уақыт бойы қолдау таппай келеді. Тек XVIIIғ. ғана химиктер өз тәжірибе нәтижелерін атом ұғымын пайдаланып түсіндіре бастады. Реакцияға түсетін заттардың массалары арасындағы қатынасты түсіндіру үшін атом ұғымы қажет болды. 1808 ж. ағылшын ғалымы Д. Дальтон атомистикалық теорияны тұжырымдады. Осы теорияға сәйкес заттар жойылмайтын және жоқтан пайда болмайтын, өте кішкентай, бөлінбейтін бөлшектер – атомдардан тұрады. Бір элементтің атомдары бірінен – бірі айырғысыз, мысалы, масалары бірдей болады.
Атомдар жөніндегі осы түсінік ғалымда XIX ғ. аяғына дейін орын алып келді.
XIX ғ. аяғы XXғ. басында ашылған бірқатар құбылыстарды атом күрделі және бөлінеді деген тісініктерге сүйенгенде ғана түсіндіруге мүмкін болды. Катодтық сәулелерді зерттеу, бұлардың электрондар ағыны екендігін көрсетті.Электрондардың атомдардан, катодтық қандай заттан екендігіне қарамастан шығарылуы, электрондардың әр түрлі атом құрамында болатындығын көрсетті. 1896 жылы француз ғалымы А.Беккерель радиоактивтілік құбылысын ашты. Осы құбылысты зерттеу нәтижелері атом өзгермейді және бөлінбейді деген түсінікті бүтіндей жоққа шығарды.Ал, атом тұтас алғанда электрлік бейтарап болатындықтан, оның құрамындағы электрондардың теріс зарядын теңестіретін оң зарядталған бөлшектер де болуға тиіс. Енді атомдағы осы оң және теріс зарядтар қалай таралып, орналасқан деген сұрақ туады.

 

112.Жүйе ұғымы, Жүйелік принциптер. Жүйе - адам ойының жемісі      (Л.Фон Берталанфи).

Философия тарихында жүйе ұғымы кейде онтологиялық мағынада, кейде гносеологиялық мағынада, ал кей уақыттарда осы екі мағынада да түсініліп келген. Француз философы П. А. Гольбах (1723 – 1789) әлем бөліктерінің ішкі өзара байланысын атап өте отырып, бұл ұғымды біртұтас әлемге қатысты қолданған. Классикалық неміс философиясының негізін қалаушы И.Кант жүйе ұғымына “бір идеямен біріктірілген, сан алуан білімдер бірлігі” деген анықтама беріп, оны гносеологиялық мағынада түсінген. Солай бола тұра ол Жүйені іштей тұтастыққа бірікпеген білімдер жиынтығына – агрегатқа қарама-қарсы қойды. Гегель болмыс пен ойлаудың тепе-теңдігі принципіне сүйеніп, жүйе ұғымын онтологиялық мағынада да, гносеологиялық мағынада да қолданады. Ол категориялар жүйесі түріндегі диалектика ілімін негіздеді.Философтар арасында жүйе мен ұйымдастыру принципі ретіндегі жүйелілікке, негізінен, иррационалистік бағыттың өкілдері (С.Кьеркегор, Ф.Ницше, М.Хайдеггер және т.б.) қарсы шықты. Олар жүйені нағыз ақиқатты қысып-тұншықтыратын өктем қалып деп санады, сондықтан олардың кейбіреуі өз идеяларын бір-бірімен толық байланыспаған үзінділер, қанатты сөздер, т.б. түрінде баяндады. Ал орыс философы П.А. Флоренский (1882 – 1937) сынды “жүйелілікке, жүйелілік принципіне бағдарлану тек оңай қол жеткізілмейтін идеяға бағдарлану ретінде ғана орынды” деп тұжырымдады. Бірақ зерттеудің ең бастапқы, анағұрлым шығармалық кезеңдерінде ол практикалық реттеуіш ретінде өте-мөте зиянды

Жүйелер теориясының негізін салушы, австриялық биолог Людвиг фон Берталанфи «Жалпы жүйелер теориясының тарихы мен статусы» еңбегінде және Г. Вунш, Дж. Ван Гиг, У. Росс Эшби, А. Холл, А.И. Уемова, Ю.А.Урманцевтер өз еңбектерінде жүйе, элемент, қатынас немесе байланыс, мақсат, қадағалаушы ұғымдарына анықтамалар беруге тырысып, жүйе категориясын таным теориясы категориясымен қатар қойды.

1930 жылдары Л.Берталанфи тұңғыш рет жүйелердің жалпы теориясы концепциясын тұжырымдады.

1940 жылдары байланыстар теориясының практикалық есептерінен пайда болған ақпарат жүйесі қазіргі кезде жүйе элементтерінің үрдісін оңтайлантырудағы (оптимизациялаудағы) қажетті математикалық құралға айналды.

Общая теория систем (теория систем) — научная и методологическая концепция исследования объектов, представляющих собой системы. Она тесно связана ссистемным подходом и является конкретизацией его принципов и методов.

Первый вариант общей теории систем был выдвинут Людвигом фон Берталанфи. Его основная идея состояла в признании изоморфизма законов, управляющих функционированием системных объектов[1].

Современные исследования в общей теории систем должны интегрировать наработки, накопленные в областях «классической» общей теории систем, кибернетики,системного анализа, исследования операций, системной инженерии и синергетики.

Общая теория систем была предложена Л. фон Берталанфи в 1930-е годы[8]. Идея наличия общих закономерностей при взаимодействии большого, но не бесконечного числа физических, биологических и социальных объектов была впервые высказана Берталанфи в 1937 году на семинаре по философии в Чикагском университете. Однако первые его публикации на эту тему появились только после Второй мировой войны. Основной идеей Общей теории систем, предложенной Берталанфи, является признание изоморфизма законов, управляющих функционированием системных объектов. Фон Берталанфи также ввёл понятие и исследовал «открытые системы» — системы, постоянно обменивающиеся веществом и энергией с внешней средой..

 

113.Д. Дидро «Табиғатты түсіндіруге байланыста ойлар».

Дени Дидро – ХҮІІІ ғ.француз материалистерінің көрнекті қайраткерлерінің бірі. Бұл бағыттың барлық өкілдері сияқты, табиғатты түсіндіруге материалист болды, ал қоғамдық құбылыстарды байымдауда идеялист болды. Ол дүниенің материалдығын мойындады, қозғалыс материядан бөлінбейді, дүниені тануға болады, дінге қарсы болды. XVIII ғасырда өмір сүрген Француз философы Дени Дидро «Табиғатты түсіндірудегі ойлар» деген еңбегінде ғалымдардың бетін табиғатты зерттеуге бұру үшін, табиғатты әйелмен салыстырады. Табиғат та әйелдер сияқты өзінің ішкі сырын тек табанды, шыдамдыларға ғана ашатындығын айтады. Материалистік сенсуализмнің бағытын ұстана отырып, Дидро білімнің қайнар көзі түйсіктер деді. Ол “дүниені көзқарас билейді” дей келіп, қоғамды өзгертудің жолы революция емес, ағарту ісін насихаттау, жаңа заңдар шығару, дұрыс қойылған тәрбие арқылы деп қате түсіндірді.

Өзінің тәрбие туралы ойларын Гельвецийдің “Адам туралы еңбегіне біржүйелі түзетулер” деген негізгі еңбегінде айтқан болатын-ды.

Дидро Гельвецийдің тәрбиенің құдіретті күші туралы және адамдарда дара табиғи ерекшеліктердің болмайтындығы туралы тұжырымдарына қарсы шықты. Дидро баланың табиғи ерекшеліктері мен қабілеттерін мойындады.

Дидроның айтуынша, егер де тәрбиеші балаға табиғаттан берілген жағымды нышандарды дамытуға ұмтылса және жағымсыз қасиеттерді тұншықтырса, сол уақытта тәрбие жұмысында жақсы нәтижеге жетеді деп дәлелдеді.

Дидроның баланың табиғи ерекшеліктерін ескеру, оның даралық ерекшелігін дамыту туралы ұсыныстары жағымды бағалауға тұрарлық. Тек ғана таңдаулылар емес, барлық адамдар табиғаттан қолайлы нышандармен жаратылған деп дұрыс түсіндіреді.

Мұғалімге ерекше мән бере отырып, ол өз сабақ беретін пәнін терең білетін, өте қарапайым, әділ және басқа да жоғары адамгершілік сапаларды меңгерген болуды талап етті.

 

114. Ғаламдық эволюционизмнің қалыптасуындағы юиологиялық эволюция теориясының рөлі

Әлемнің қазіргі заманғы ғылыми бейнесін қалыптастырудағы биология ғылымының үлесі Алуан түрлі гүлдер құлпыртып тұрған Өмірді Жер бетінде орын алатын ғажайып оқиға деп қарау керек. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, Күн жүйесінің басқа планеталарында өмір жоқ. Біздің көгілдір планетамызда ғана есепсіз көп жағдайлардың ішінен өмірдің және оның биік гүлі – адамның пайда болуына келтірген кездейсоқтық жеңіске жеткен. Кезінде Л.Фейербах айтқандай, адам арқылы «Ұлы Мәртебелі Табиғат» өз-өзін танып білуге көтерілген. Әлбетте, «ақылды адам» біздің бұл әлемде жалғыз емес екенімізді, Ғаламда басқа да өмір болуы мүмкіндігін түсінеді. Басқа жұлдыздардың 381 планеталар жүйесінде Жерде бар жағдайлар қалыптасса, онда неге өмір пайда болмайды? Алайда осы заманғы ғылым оған байланысты жұмған аузын ашпайды, өйткені басқа жұлдыздар жүйелері бізден тым алыста (ең жақын жұлдыз 4,5 жарық жылдары қашықтығында жатыр) болғандықтан, ондағы өмір туралы қандай да бір мағлұматымыз жоқ. Өмір құпияларын танып білуге деген ынтық қызығушылық ерте замандарда-ақ пайда болған. Сондай-ақ оған терең қызығу өмірлік қажеттіліктерден (тамақ табу, киім тігу, дәрі-дәрмек жасау, баспана салу және т.б.) туған. Адамзаттың жабайылық пен мәдениетсіздіктен өркениетке көшуі өмірге ғылыми-танымдық қызығушылықты оятты. Ертедегі ғылымның ұлы өкілі Аристотель «Жануарлар әлемі туралы» деген арнайы кітап жазған. Сол уақыттан бастап екі мыңжылдықтан астам уақыт ішінде адамзат өмірдің әртүрлі формалары тура- лы бақылаулар мен фактілердің орасан көп санын жинақтады, ол, ақырында, биология ғылымының пайда болуына жеткізді. Алайда өмірдің мәнін ашу бұл ғылымға оңай соқпады. Әлбетте, әрбір адам жандыны жансыздан ажырата алады. Бірақ «Өмір деген не?» деп қойылған сұрақ әлі күнге дейін өз жауабын күтіп келеді. Кезінде Ф.Энгельс өмірге қоршаған ортамен заттектер арқылы алмасатын белок денелерінің өмір сүру тәсілі деген анықтама берген. Кеңес заманында ғалымдар бұл анықтамадан бір мысқал да ауытқымаған. Біз ағаш жаққанда және ауамен тыныс алғанда, екі жағдайда да оттегі өртеліп, көмірқышқыл газ бөлінеді. Осы үдерістердің арасындағы айырмашылық шексіз емес пе? Қазіргі заманғы биология өмірдің көптеген құпияларын ашты. Оларға талдау жасау арқылы өмірдің мәніне жақындауға болатын сияқты. Енді соларды талдап көрейік. 1. Тірі организмдердің құрылымы төтенше күрделі және әлдебір қалыптасқан тәртіпке келтірілген. Мысалы, жасушаның өзегінде ақпараттың 10/34 дәрежедегі көлемі сақталған. Бейнелеп айтсақ, әрбір жасуша өзінше бір қуатты компьютер болып табылады. Егер адамның денесі 1 миллиардқа жуық жасушадан тұрса, онда оның бо- йында 1 млрд. «компьютер» бар деп ойлауға болады. Бұл таңғаларлық емес пе? 2. Тірі организмдер қоршаған ортадан энергия сіңіреді және оны өз-өзін ұстап тұруға және қалыптастыруға пайдаланады. Өмірдің кез келген формасы тікелей немесе жанама түрде Күн энергиясын тұтынады. 382 3. Тірі организмдердің сыртқы әсерге сезімталдығы айқын байқалады. Егер сіз тасты орнынан жылжытсаңыз, ол жаңа орнында қалады, ал жыланды басып кетсеңіз, ол сізді шағып алады. 4. Жанды организмдер өзгеріп қана қоймайды, олар дамуға да қабілетті. 5. Барлық тірі организмдер артына ұрпақ қалдырып, сол арқылы өмір сүруін жалғастырады. Бұл – тірі тіршілік иелерінің ең бір таңданарлық қасиеттерінің бірі. 6. Жаңа өмір тиісті гендік мағлұмат алады. 7. Өмірдің әрбір формасы өзі туған жердегі жағдайларға бейімделеді. Дене құрылысы (құстың қанаты, жыртқыштың тырнақ- тары мен азулары және т.б.) өмір жағдайларына сәйкес дамиды. Осының барлығы да өмір – аса күрделі ұйымдастырылған, қоршаған ортамен заттек, энергия және ақпарат арқылы белсенді ал- масу негізінде өз құрылымын сақтауға және дамытуға, жаңа ұрпаққа генетикалық ақпарат беру негізінде өз тегін ұзартуға қабілетті белок- тар мен нуклеин қышқылдарынан тұратын жүйе болып табылатынын дәлелдейді. Енді тірі тіршілік иесін қалыптастырудың құрылымдық деңгейін қарастырайық. 1. Биосалалық деңгей қоршаған ортамен қоса, барлық тірі тіршілікті қамтиды. 2. Биоценоздар жердің бір немесе басқа таралу аймағын мекен- деген өмірдің бір-бірімен табиғи байланысқан формаларын білдіреді. Мысалы, экваторда бар өмір формалары Қазақстан аумағында өмір сүре алмайды. 3. Популяция (қауымдасып өмір сүру) – бір-бірімен будандасып, өмірге ұрпақ әкеле алатын тірі организмдердің түрлері. 4. Организмдер – өмірдің жеке-дара оқшауланып өмір сүретін формалары. 5. Жасушалар тірі организмдердің дене құрылысын құрайды. 6. Молекулалық деңгей – жасуша өзегінде болатын құрылымдар; генетикалық мағлұматты сақтайтындар, – міне, солар. Жасуша өмірдің негізгі сапалары мен қасиеттерін сақтайтын қарапайым құрамдас бөлшек болып табылады. Жасушаны ашқаны үшін, біз XIX ғасырдағы неміс ғалымдары Т.Шванн мен М.Шлейденге қарыздармыз. Олар өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жасуша- лардан тұратынын және құрылымдарының бір-бірлеріне өте ұқсас 383 екенін дәлелдей алды. Бұл жердегі бар тірі тіршіліктің тұтастығының, олардың шығуы мен дамуының маңызды дәлелдерінің бірі болды. Қазіргі заманның биология ғылымында жасушаны зерттейтін ци- тология деген сала бар. Жасушаның қызметіне: ағза мен қоршаған орта арасындағы заттектер алмасуын, генетикалық мағлұматтардың сақталуын және ағзаның тіршілік қарекетінде соларды іске асыруды қамтамасыз ету жатады. Жасуша өмірінің ұзақтығы да әртүрлі. Мыса- лы, өңеш пен асқазан жасушалары жиі жаңарып отырады, ал ол кезде жүйке жасушалары ағза өмірінің соңына дейін сақталуы мүмкін. Жасушаның құрылысы күрделі. Оның сол арқылы зат алмасуы іске асатын болбыр қабығы бар. Заттардың, энергия мен ақпараттың алма- суы жасушаның метаболизмі деп аталады. Ол кезде жасуша қашанда гомеостаз деп аталатын ішкі орнықты күйін сақтайды. Ғылым ретінде биология тарихи тұрғыда өз дамуының үш сатысы- нан өтті. Бірінші сатыда өсімдік және жануарлар түрлерінің жүйеленуі орын алды. Бүгінгі күнге дейін 1 миллионға жуық жануар, 0,5 мил- лион алуан түрлі өсімдік және үш мыңдай микроорганизм зерт- телді. Бұл жүйелеу ісіне швед ғалымы Карл Линней орасан зор үлес қосты. Екінші сатыда келесі сұрақтар пайда болды: Тірі тіршілік әлемінде не болып жатыр? Жануарлардың бір түрінен қалайша екінші түрі пайда болады немесе олар Құдай қалай жаратса, солай қалады? Жер шарының әр түкпірінен табылған ертедегі жануарлардың сүйектері ғалымдарды жоғарыдағы сұрақтар бойынша ойлануға мәжбүр етті. Француз ғалымы Ж.Ламарк жануарлардың өзгеруін екі жағдаймен түсіндіреді. Бір жағынан, бұл – өзгеріп жатқан қоршаған ортаның әсері, екінші жағынан, – тұқым қуалаушылық факторы, яғни жаңадан пайда болған қасиеттердің келесі ұрпаққа берілуі. «Биоло- гия» деген терминнің өзін ғылымға осы ғалым енгізген. Ж.Ламарктың идеяларын қабылдап, ары қарай дамытқан ағылшын ғалымы, сэр Чарльз Спенсер Дарвин болды. Ол «Бигль» деген ке- меге мініп, жер шарын айнала саяхат жасап, планетадағы әртүрлі жан-жануарлар мен өсімдіктердің саны туралы орасан көп факт жинақтаудың негізінде биологияға эволюциялық теория енгізді. Оның 1859 жылы жарық көрген «Түрлердің пайда болуы» деп аталатын кітабы сол замандағы қоғамдық пікірге «жарылған бомбадай» әсер етті, өйткені ол адамның маймылдан шыққанын дәлелдеуге әрекет 384 етіп, сол арқылы діннің «адамды Құдай өзіне ұқсатып жаратты» дейтін негізгі постулатын терістеді. Әлбетте, өмірдің әртүрлі, әлі де көп құпияны сақтап отырған формаларының күрделілігі эволюциялық теорияға сенімсіздікпен қарайтын ғалымдардың болуына келтіреді. Кезінде М.Лютер атап көрсеткендей, «егер Құдайды білгің келсе, жай ғана бір биттің ішін ашып көр». Алайда бүгінгі таңда жер бетіндегі өмірдің осын- дай әртүрлілігін түсіндіріп бере алатын балама теория туған жоқ. Керісінше, биологияда терең тамырланған эволюция идеясы ғылымның басқа салаларына да кең тарап жатыр. Қазіргі заманғы физика әлемнің «Үлкен жарылыс» нәтижесінде пайда болғанына және миллиардтаған жылдар бойы қалыптасудың, күрделенудің әртүрлі сатыларынан өте келе, химиялық үдерістерді және соларға байланысты химиялық қосылыстарды туғыза отырып, өмірдің өзінің пайда болуының алғышарттарын құрғанына сендіреді. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы биологияның түрлі-түрлі салала- рында ашылған жаңалықтарды қорыта және жүйеге келтіре отырып, өмірдің әртүрлі формаларын түсіндірудің теориялық негізі болады. Эволюциялық теория жанды табиғаттың әртүрлілігін екі фактор- мен: өзгергіштікпен және жаңадан ие болған қасиеттердің табиғи іріктелуі, тұқым қуалаушылығы арқылы ғана түсіндіреді. Олар келесі ережелерден шығады: а) жан-жануарлардың кез келгендерінің ішінде бір немесе басқа түрі өзгерістерге ұшырайды. Оны әрбір елгезек, зейінді адам байқай алады; ә) кейбір өзгерістердің генетикалық сипаты болады, ал кейбіреулері өзгермелі қоршаған ортаға бейімделу нәтижесінде пайда болады; б) ересек кезде тудырушылық жағдайға жеткендерге қарағанда, дүниеге келіп жататын организмдердің саны қашанда басым. Кейбір организмдер өмір жағдайларына төтеп бере алмай, тиісті уақытқа жетпей, өліп жатады. Тек өмірге бейім, өзгеріп жататын болмысқа бейімделуге қабілетті даралар ғана өздерін сақтап қала алады. Жаңадан ие болған қасиеттерін ол тұқымқуалаушылық, мұрагерлік жолмен өз ұрпақтарына қалдырады. Жануарлар тобында бір түрлердің ұзақ уақыт өмір сүруінің (по- пуляция) эволюциялық үдерістері механизмдері ерекше айқын көрінеді. Бір немесе басқа табынның ішінде бір жануарлардың еркін және, сонымен қатар кездейсоқ будандасатынын көреміз. Біздің ой- толғаныстарымыз осы жерге келгенде: «Генетикалық өзгерістер (му- 385 тация) даму үдерісіне қаншалықты ықпал етеді?» – деген сұрақ туады. Әлбетте, мутация үдерісі, яғни генетикалық деректің өзгеруі бір не- месе басқа популяцияның ішінде өмір сүріп жатқан жануарлардың бір түрлерінің басқа түрлерге айналуына жеткізеді. Демек, эволюциялық үдеріске ықпалын тигізеді, бірақ бұл эволюциялық үдерістің шешуші факторы болып табылады деп сендіру асығыстық болар еді. Керісінше, кейде ол теріс ықпалын да тигізіп отырған. Егер ядролық қаруды сынақтан өткізетін аймақта өмір сүрген адамдардың қайғы-қасіретін алып қарасақ, онда радиацияға, генетикалық мутацияға ұшыраған бірде-бір әйелдің жарық дүниеге дені сау, құрсақта дұрыс жетілген нәресте әкелмегенін көреміз. «Популяциялық толқын» (популяцияның құрғақшылықтың, басқа да апаттардың кесірінен күрт азаюы) туралы да жоғарыдағыға ұқсас пікір айтуға болады. Даму үдерісінде олар шешуші рөл атқармағанмен, бәрібір оларға белгілі бір әсері болады. Оқшау күйге түскен популяция тұқымқуалаушылық дерекпен айырбасқа түспегенмен, алайда өзінің гендер қорын сақтау арқылы ары қарай өмір сүруін жалғастыра алады. Олай болса, табиғи іріктелу эволюциялық үдерістің басты факто- ры болып табылады. Соның нәтижесінде популяция өмірде сақталады, қоршаған ортаға бейімделеді, жаңа ұрпақтарды дүниеге әкеледі. Бірақ бұл бір мезетте іске асатын үдеріс емес. Табиғи іріктелудің нәтижелері ұрпақтардың елеулі саны өткенде ғана көрінеді. Сөйтіп, эволюция деп тарихи тұрғыда белгілі бір бағытта организмдердің өзгеруін түсінеміз. Популяцияның қоршаған ортаға бейімделу арқылы өзгеруі микроэволюция деп аталады. Бірақ кез келген эволюция, қайткенде де, өмірдің басқа формаларымен бай- ланысты болғандықтан, оған өз ықпалын тигізбей қоймайды, демек, макроэволюцияға келтіреді. Қазіргі заманғы биологияның негізгі міндеттерінің бірі – эволю- циялық үдерістерді терең түсіну арқылы оларды болжай білу, керек бағытта белсенді ықпал ету. Бұл міндетті шешуге жас, қарқынды да- мып келе жатқан ғылым – генетика көмектеседі. XX ғасырда биология ғылымы дамуында үшінші сатының пайда болуы сол генетикаға бай- ланысты. Оның негізі себептері төмендегідей: • Гендерде кез келген организмнің тұқымқуалаушылық дерегі бар. • Гендер барлық уақытта қоршаған ортаның әсерімен өзгерісте болады. • Австрия ғалымы Г.Мендельдің тұқымқуалаушылық деректің берілуі механизмдері туралы жаңалық ашуы (соның көмегімен 386 өсімдіктер мен жануарлардың адамға қажетті бағытта өзгеруі мүмкіндігі туған). Сонымен, генетика тірі организмдерде болып жататын тұқымқуалаушылық және өзгеру үдерістерін мақсатқа сай меңгеру үшін зерттейді. Генетиканың негізгі ұғымы – ген, ол жасушадағы молекулалық құрылым болып табылады. Химиялық құрамы жағынан ол, негізінен, азот пен фосфордан құралған нуклеиндік қышқылдардан тұрады. Ген жасуша өзегінде орналасқан. Бүгінгі таңда генетика селекционерлермен бірге алынған жаңа ор- ганизмдерден пайдалысын іріктеп алу, тұқымқуалаушылық деректің берілу механизмдерін жетілдіру мақсатында тиімді будандастыру жол- дарын іздестіріп жатыр. Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін, медицинада генетиканың мүмкіндіктері тұқым қуалайтын аурулармен, қоршаған ортадағы мутагендік жағдаймен күрес жүргізуге бағытталған. Соңғы онжылдықтар ішінде өнеркәсіптің өркендеуі, химиялық жолмен түзілген көптеген жасанды материалдар өндірісі және басқадай фактор- лар қоршаған ортаның адамдардың денсаулығына теріс әсерін тигізіп жатқан мутагендік әлеуетін өршітті. Мысалы, жыл сайын әлемде 75 миллионға жуық нәресте дүниеге келсе, оның 1,5 миллионының гендерінде ауытқушылық байқалады. Бұл факторлардың барлығы генетиканың алдына үлкен міндеттер қояды. Генетиканың дамуы өмір мәнін терең түсінуге, оның жаңа формаларының тууына себеп болмақ.

 

115.В.И. Лениннің «Философиялық дәптерлері»: құрылымы және негізгі идеялары.

XX ғасырдың басында орыс философы В. И. Ленин "Философиялық дәптерлер” деген конспектілерінде диалектика мен метафизиканы дамудың екі түрлі концепциясы әрі философиялық ойлау жүйесінің екі түрлі концепциясы әрі философиялық ойлау жүесінің екі түрлі тәсілі ретінде салыстырмалы түрде қарастыра отырып, мынандай тұжырымға келген болатын. Диалектика "өміршең”‚ себебі, ол қозғалыстың, дамудың өздігінен іске асуын түсіндіре біледі. В. И. Ленин (1870-1924) өздігінен жетіліп философ болды. Оған таңданатын ешнәрсе жоқ. Өйткені философия оймен құрастырылып, қалыптасатын ілім. Әрине, арнайы философиялық оқу орнын бітірмей-ақ философ болған жалғыз В. И. Ленин емес. Кезінде К. Маркс, Ф. Энгельс те ондай білімді алмай-ақ философ болды. К. Маркс Берлин университетін құқық мамандығы бойынша бітірісімен, «Демокрит натурфилософиясы мен Эпикур натур- философиясы айырмашылығы» такырыбына диссертация жазып, философия докторы дәрежесін алды. Ол Кельн қаласыпда «Жаңа Рейн» газетіне редактор болғанда, редакцияға келген көптеген мақалаларды сұрыптап, талдап, қорытып философиялық ойын дамытып материалистік диалектиканың негізін салды. Өздігінен философ болғандардың қатарына А. И. Герцен де жатады. Ол Мәскеу университетінің физика-математика бөлімін бітірген. 1843-1844 жж. деревняға барып, сол жерде философия мен табиғат, империя мен идеализм арасындағы байланыстарды ойланып, сондай-ақ философия тарихына бірнеше мақала жазып, өзінің «Табиғатты зерттеу туралы хаттар» деп аталатын еңбегін жарыққа шығарды, Сөйтіп, өзінің философиялық ой пікірін қалыптастырды. Өздігінен философиялык дәрежеге жеткен Абай мен Шәкәрім болды. Бұл да тегін емес. И. Кант айтады: Математика, физика, тарих, басқаларды оқып, білуге болады, ал философия олай емес, деп. Тарихта ірі жаратылыстық ғылымдар өкілдері өздігінен философияны меңгерген. Әрбір ғылымның басқа ғылымдармен, табиғат, қоғам, өмір байланысын ажырату философияға әкеледі. Өйткені философия данышпандық Д. Кішібеков, Т. Кішібеков 250 ілім. Ол оймен жасалған рухани өрнек. Оған жетудің екі жолы бар. Бірі – арнайы білім алып, философия заңдары, категориялары, тарихы, т.б. игеріп, білу. Екіншісі – өздігінмен ойланып, әлемнің заңдылықтарын байқап, оймен өмір байланысын көріп, түрлі құбылыстарды талдап, тұжырым жасау, пікір айту. Сондай-ак, философиялық еңбектермен танысып, білімін толықтыру, дамыту. В. И. Ленин кезінде арнайы философиялық білім ала алмаған дедік. Оның арнайы оқып, бітіргені тек гимназия болатын. Оны А. Ф. Керенскийдің әкесі директор кезінде алтын медальмен тамамдаған. Университетте профессорлар- дың лекциясын тыңдап, жан-жақты білімін толықтыра алмаған. Ол Петербург университетін экстернат болып бітірген. Оның білімі өзіне қажет кітаптарды оқу арқылы қалыптасқан дейді Н. А. Бердяев. Мамандығы да философия емес – заң (құқұқ). Солай бола тұрса да, В. И. Ленин өз заманында арнайы философиялық білім алған, университет- терде толық курс лекциялар тыңдаған белгілі философ Г. В. Плеханов (1856-1918), Н. А. Бердяевтердің (1874-1948) тісі батпаған философиялық проблемаларға назар аударып, ой жүгіртіп, үлкен теориялық тұжырымдар айта алған. Мәселен, ол 1908 ж. шамасы алты ай ішінде Женева, Лондон кітапханаларында түрлі философиялық, жаратылыстық еңбектермен танысып, білікті ғылыми тұжырым жасап, «Материализм және эмпириокритизм» деп аталатын философиялық еңбек жазып, жарыққа шығарды. Оған себеп болған, сол кездегі ғылыми-техникалық орасан зор жаңалықтарға байланысты туындаған, ғылыми-теориялық проблемалармен қатар, түрлі түсінбестік жағдайлар, идеялық дағдарыс еді. Мәселен, 1897 ж. осыған дейінгі 2 мың жыл бойы әбден қалыптасқан «атом» бөлінбейтін, әлемнің ең кішкентай бөлшегі деген Демокрит пікіріне қайшы келетін жағдай кезікті. Атом бөлшектеніп, одан 2 мың есе кіші электрон ашылып, ғылымда белгілі болды. Осыған сәйкес, Ғылым тарихы мен философиясы 251 көптеген жаратылыстану ғылымдары өкілдері арасынан енді атом бөлшектенеді, «материя» жойылды, ғайып болды, оның орнында идея қалды, электрон материя емес, энергия дейтіндер шықты. Осы жағдайға тура келген В. И. Ленин: «Бұл қалай? Материяны ғой ешкім қолдан жасаған жоқ. Жасалмаған нәрсе қалайша жойылады, дүниені ешкім жасамаған болса, онда ол мәңгі өмір сүруі керек, – дей келіп, – материя жойылмақ емес, тек өзгерісте болуы мүмкін» деген қорытынды жасады. Материя емес, жойылған тек ол туралы біздің бұрынғы түсінігіміз деп ой түйді. «Сонда не өзгерді? Өзгергені тек біздің материя туралы осыған дейінгі ұғымымыз», деді В. И. Ленин. Осы тұжырымын ол қалай дамытты демек болсақ, онда ең алдымен оның ойына келгені материя жөніндегі осыған дейінгі пікірлердің толық еместігі, оның бүгінгі жағдайға сәйкес келмейтіні. Демокриттен бастап материяны көзге көрінбейтін, дыбысы естілмейтін, қолға ілінбейтін, бірақ объективті өмір сүретін зат, оның ең кіші, одан әрі бөлшектенбейтін бөлігі – атом деп түсінетін болғандығы. Ал атомның бөлшектенуі бұл бұрынғы пікірді дағдарысқа тіреді, тіпті жоққа шығарды. Мәселен, энергия, сәуле – олар зат, дене емес, бірақ объективті өмір сүретін шындық. Сонда ол не деген сұрау туындады. Оның үстіне, XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын философы Джордж Беркли (1685-1753) материя дегеніміз ол зат емес, оның бейнесі де жоқ, олай болса, ол тек қиял-ой деген болатын. Сондықтан Дж. Беркли И. Ньютонның «кеңістік» жөніндегі, Дж. Локктың «сапа» екі түрлі деген қорытындыларына қарсы шығып, философиялық тұжырым жасаған еді. Дж. Берклидің пікірінше, «кеңістік объективті өмір сүрмейді, ол сананың туындысы, сондай-ақ сапа да біздің ойымыздың туындысы» деген болатын. Дж. Берклидің бұл пікірі көптеген философтарға идеалистік пікірдің үстем болуына әсер етті. Ал XIX ғ. аяғындағы атомның бөлшектенуі Дж. Беркли пікірін «растап», оны ілгері дәріптеуге әкелді. Д. Кішібеков, Т. Кішібеков 252 В. И. Ленин өз еңбегінде Дж. Беркли пікіріне тосқауыл қойды. Әрине В. И. Лениннің пікірінше де «материя ол ұғым, философиялық ой». Дәл осындай қорытындыға келіп материя ой деген пікірді өмірінің соңғы жылдарында Ф. Энгельс те айтқан болатын. Бірақ, Ф. Энгельстің бұл пікірімен В. И. Ленин хабардар болмады, ойын өзінше топшылады. Екіншіден, бұл жөнінде В.И. Ленин Дж. Беркли пікірін сырттай қолдаған сияқты көрінгенімен, шынында мәселе олай емес, тіпті керісінше еді. Дж Беркли материя тек таза ой, қиял десе, В. И. Ленин материя қиял, ой, ұғым, бірақ құр ой, жай ұғым емес, объективтік дүниенің санадағы бейнесі, оның негізі, объективтік шындық. «Материя» сол объективті шындықтың ұғымдық бейнесі деген болатын. Сондықтан, В. И. Ленин ғажап қорытынды жасап, материяға философиялық жаңа анықтама жасады. В. И. Ленин пікірінше: «Материя дегеніміз – адамға, оның түйсіктері арқылы мәлім болатын, біздің түйсіктерімізге тәуелсіз бола отырып, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі алынатын, суреті түсірілетін, бейнесі жасалатын объективтік реалдықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория»1 . Категория деген не? Ол ұғым. Олай болса, материя объективтік шындықтың бейнесі, аты болып шығады. Бұл анықтаманың берілгеніне 100 жылдан асты. Содан бері ғылым шарықтап дамыды. Бірақ, лениндік анықтамаға ешкім өзгеріс жасаған жоқ. Себебі, бұл анықтама дүниенің объективтік шындық екенін, ол өздігінен өмір сүретінін көрсетеді, ол – бір. Екіншіден, бұл объективтік реалдыққа тек зат, дене ғана емес, сонымен қатар энергия, сәуле, тартылыс күші (гравитация) бәрі жататынын дәлелдеді. Олай болса, бұл анықтама әзірше көнерген жоқ, өмір 1 Ленин В. И. Шығармаларының толық жинағы, т. 18. Алматы, 1977. – 138 б. Ғылым тарихы мен философиясы 253 сүруде. Бұдан келіп ол мәңгі өзгермейді деген пікір де туындамауы керек. Келешекте материяның басқа да қасиеттері, сапасы байқалса, анықтама да өзгеруі мүмкін. Бұл – өмір. В. И. Ленин кезінде философиялық арнайы білім алған жоқ десек те, ол философиялық ойдың бұл мәселеде шыңына шықты. Сондай-ақ, ол жаратылыстық таным уәкілі емес екендігі де белгілі, әйтсе де ол физиктер айта алмай, шатасып жатқан мәселелерге ақыл тұрғысынан түсінік беріп, оларды нағыз ғылым жолына бағыттады. Оны В. И. Ленин қалай жасады демек болсақ, оған ол ғылыми, өздігінен ойлау, талдау, топшылау арқылы жетті. Сондай-ақ В. И. Ленин 1914-1915 жж. Г. Гегельдің «Логика ғылым» деген еңбегімен түбегейлі танысып, оны зерттеді, бұл жөнінде де үлкен философиялық қорытындылар жасады. Оған себеп болған Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс болатын. В. И. Ленинге ой салған мына жағдайлар: империализм – халықтардың санасын оятты. Күшті елдер нашар дамыған елдерді басып алып, еріксіз «отар» елге айналдырып, ысырапсыз тонап, езе бастады. Бұл ұлт-азаттық қозғалысын өршітті. Сондай- ақ, империалистік соғыс бір елдің бір елге үстемдік орнатуы үшін жасалған зорлық әрекет екенін көрсетіп, елдердің оған наразылығын тудырды. Бұл мәселенің бір жағы, екінші жағы – соғысып жатқан әрбір ел азаматтарының намысын, патриотизмін туғызды. Олар өз елінің жеңілмеуін тілеп, жанталасты. Осындай қайшылығы мол мәселелерді шешу үшін диалектиканы меңгеру қажет болды. Сондықтан В. И. Ленин арнайы Г. Гегельдің еңбегін тиянақты зерттеп, соған байланысты өз ой- тұжырымдарын дамытты. Оны түсініп, білу үшін В. И. Лениннің шығармалары толық жинағының 29 томымен танысудың өзі-ақ жеткілікті. Бұл еңбекті ресми түрде «Философиялық дәптерлер» дейді. Бұл жай конспект қана емес, үлкен философиялық туынды, өз алдына үлкен Д. Кішібеков, Т. Кішібеков 254 философиялық еңбек. Гегельге дейін К. Маркс, Ф. Энгельс еңбектерін де конспектіледі. Ол да әлгі еңбектен көрініп тұр. Осындай философиялық шығармалардан туындаған ойларын барлық басқа шығармашылық еңбектерінің негізі етіп қолдана білді. Өзінің үлкен философ бола алғанын танытты. Бұған дәлел оның бір ғана империализмге берген анықтамасын айтсақ та жеткілікті. Ол Г. Гегельдің кейбір пікірлерін қолдап, онымен келіседі. Сондай-ақ, онымен келіспей, өз ойларын дамытқанын да байқатады. Олай болса, В. И. Ленин тек үлкен саясаткер ғана емес, сондай- ақ теоретик, философ бола алды. Бұл дәрежеге В. И. Ленин қалай жетті? Өздігінен дүниені барлау, пайымдау, тұжырымдау, қорыту арқылы. Мәселен, әлем тек өздігінен өмір сүріп қана тұрмайды, оны танып білуге болады деп қорытты. Белгілі болған нәрсені танып-білу арқылы өмірді сара жолмен басқаруға болатыны айтылды, агностицизмді сынға алды. Сонымен қатар, адамдардың шығармашылық мүмкіндігін ашты. Бұл ғылымға методологиялық үлкен негіз болатын жаңалық еді. Сондай-ақ, философиялық білімін, тек кітап оқып қана қоймай, оны дамытты дегіміз келеді. Олай болса, оның еңбектерінің қорытындысы, адам өзін-өзі дамытуының өнегесі деуге болады. Мұның жастарға тәрбиелік мәні осында. Кезінде К. Маркс пен Ф. Энгельс, А. И. Герцен, Дени Дидро, т. б. осылай жетілген дедік. Ол кітаптар оқу, байқау және өздігінен терең ой толғау арқылы жасалатынын көрсетеді. Бұл оның барлық ғылымдардан басты ерекшелігі. Әрине, К. Маркс, В. И. Ленин тұжырымдарының көнерген жақтары да бар. Мәселен, ХІХ ғ. орта кезінде К. Маркс дәлелдеген қоғам тек үстем және езілген антагонистік екі таптан тұрады деген теориясына ХХ ғ. басында неміс социологы Макс Вебер (1864-1920) қарсы пікір айтып, қоғам түрлі топ, таптардан құралған. Тіпті, бір Ғылым тарихы мен философиясы 255 мамандыққа жататындардың да тұрмыс жағдайлары бірдей емес, түрліше деген болатын. Олай болса, – дейді Вебер, – қоғамдағы адамдардың тілек, мақсаттары да бірдей болмайды. Сондықтан, әлеуметтік ортақ мақсат жоқ жерде тап күресі болуы мүмкін емес деп теориялық қорытынды жасады. Қазіргі Батыс елдерде осы теория іске асырылып та жатыр.

Философские тетради — заметки Ленина по философии, изданные посмертно, в 1933 году. Основная часть заметок датируется периодом Первой мировой войны.В эти заметки входят конспекты различных произведений, в том числе «святое семейство» Маркса, «о сущности религии» и «о философии Лейбница» Фейербаха, «Наука логики», «Лекции по истории философии» и «лекции по философии истории» Гегеля, «Философия Гераклита Темного» Лассаля, «Метафизика» Аристотеля. Особняком в Тетрадях стоит сочинение «к вопросу о диалектике».

В своих заметках он решительно противопоставляет идеализм и материализм. Ополчаясь против идеализма, Ленин замечает, что тот фактически обосновывает несправедливое положение вещей, является тормозом развития и прикрытием религиозного фундаментализма («поповщины», клерикализма). Материализм, напротив, трезво и смело смотрит на реальный мир и способствует освобождению человечества. При этом Ленин вслед за Энгельсом различает материализм старый (глупый, механический, метафизический) и новeйший (умный, диалектический). Разницу между идеализмом и материализмом Ленин трактует просто: дух порождает материю (1-й случай) или материя порождает дух (2-й случай). В области познания мира идеализм тяготеет к скептицизму, ибо неспособен увидеть за явлением сущность. Критикуя идеализм Гегеля, Ленин ценит его диалектический метод, подчёркивающий сложное единство и мира, а также противоречивость его развития. Рассматривая вопрос о противоречии между ограниченностью человеческого сознания и бесконечностью материи, Ленин, тем не менее, проявляет гносеологический оптимизм, так как человек стремится не к истине вообще, а к той истине, которая удовлетворяет его познавательные запросы. И эта истина, по его мнению, вполне достижима, хотя со временем она может меняться.

По мнению А. И. Субетто, в «Философских тетрадях» Ленин впервые в истории марксизма сформулировал понятие ядра марксистской диалектики[1]. По мнению Ф. Х. Кессиди, высказанная Лениным в «Философских тетрадях» идея борьбы противоположностей является следствием политизации автором философии в целом и философских категорий.

 

116.Моральдық сана, оның категориялары. Қазақтардың дүниетанымының өзіндік сипаты.

Мораль немесе адамгершіліктік сана - адамдар өздерінің мінез- құлықтарында басшылыққа алатын, олардың бір-біріне, қоғамдастықтың əртүрлі формаларына қатынасын білдіретін принциптердің, ережелердің, нормалардың жиынтығы. Мораль қоғамдық сананың ең көне формаларының бірі. Өзін сақтап қалу үшін қоғам адамдардың бəрі ұстануға тиіс ережелер қалыптастырып, олар арқылы жалпы адамдардың, жыныстардың жəне ұрпақтардың арасындағы қатынастарды реттеп отырды. Моральдың пайда болуы туралы бірнеше концепциялар бар. 1) Діни түсінік бойынша, адамгершіліктік заң адамға сырттан, құдайдан беріледі. 2) Эмпирикалық концепция мораль адамның, оның тəжірибесінің, тарихының дамуының, əдеп-ғұрыптары мен дəстүрлерінің қалыптасуының жемісі деп түсіндіреді. 3) Автономдық концепция бойынша мораль адамға əуелден, генетикалықдеңгейде берілген, сондықтан ол салыстырмалы түрде өзгеріске көп ұшырамайды жəне адамдардың индивидуалдық сапаларына байланысты əрбір адамда əртүрлі.










Последнее изменение этой страницы: 2018-06-01; просмотров: 515.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...