Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Компьютерлерді интеллектендіру принципі.




Адам миының жұмысын атқарып жүр. Интеллектендіру деген сол.

Рассматриваются возможности интеллектуальных компьютеров для исследования и решения задач науки и инженерии на примере интеллектуального компьютера Inparcom. Принадлежность интеллектуальныхкомпьютеров к открытым системам позволяет снизить скорость морального старения интеллектуальногокомпьютера и стоимость перманентного обновления его аппаратной составляющей.

Решение научно-технических задач на компьютерах обеспечивает научно-технический прогресс общества. Поэтому не случайно 70 % различных типов суперкомпьютеров используется для решения задач науки и инженерии. Для решения научно-технической задачи необходимо сформулировать прикладную задачу, построить физическую модель, описать ее математическими формулами и получить математическую модель, с помощью средств дискретизации (например, методом конечных элементов или конечных разностей) эту модель арифметизируют, т.е. сводят к дискретной модели, данные о которой вводят в компьютер и в конечном итоге получают в компьютере машинную модель задачи. Если научно-техническая задача решается впервые, то, как правило, исследуют ее математическую и дискретную модель. На основании метода решения с учетом свойств дискретной модели задачи строится алгоритм решения. Вычислительная схема решения задачи, реализующая алгоритм, выписывается с учетом математических и технических характеристик компьютера и его системного программного обеспечения (языка программирования, компилятора, операционной системы и т.д.).

Затем вычислительная схема записывается в языке программирования, компили-руется, и в компьютере получают алгоритм решения в машинных кодах. В этой технологической схеме компьютер, используя данные о машинной модели задачи, реализует решение с помощью машинных кодов и получается машинное решение научно-технической задачи, достоверность которого должен оценивать пользователь.                              Решение научно-технических задач на компьютерах обеспечивает научно- технический прогресс общества. Поэтому не случайно 70 % различных типов суперкомпьютеров используется для решения задач науки и инженерии [1]. Для решения научно-технической задачи необходимо сформулировать прикладную задачу, построить физическую модель, описать ее математическими формулами и получить математическую модель, с помощью средств дискретизации (например, методом конечных элементов или конечных разностей) эту модель арифметизируют, т.е. сводят к дискретной модели, данные о которой вводят в компьютер и в конечном итоге получают в компьютере машинную модель задачи. Если научно-техническая задача решается впервые, то, как правило, исследуют ее математическую и дискретную модель.

Интеллектуальный компьютер работает со знаниями. На основе информации о машинной модели задачи и погрешности в задании исходных данных интеллектуальный компьютер вырабатывает знания о свойствах машинной модели задач, принимает решение об организации топологии, выбирает алгоритм и синтезирует программы. После получения компьютерного решения интеллектуальный компьютер анализирует полученное решение с использованием знаний о свойствах машинной модели задачи с погрешностью в задании исходных данных.

Вместо традиционных библиотек и пакетов программ на интеллектуальных компьютерах целесообразно использовать библиотеки интеллектуальных программ. Под интеллектуальной программой будем понимать программу, которая в ходе решения задачи проверяет соответствие выбранного пользователем алгоритма и программы, свойствам машинной модели задачи, формирует топологию из процессоров MIMD-компьютера в соответствии с выбранным пользователем числом процессоров рассылает исходные данные в память процессоров, решает задачу и оценивает ее достоверность

Программное обеспечение интеллектуального компьютера предусматривает три уровня:

– операционная среда, поддерживающая интеллектуальное программное обеспечение;

– интеллектуальное численное программное обеспечение для исследования и решения задач вычислительной математики с приближенно заданными исходными данными;

– интеллектуальное прикладное программное обеспечение по классам при- менений, например, для исследования и решения задач анализа прочности конструкций.

Преимуществом интеллектуальных компьютеров является:

– освобождение пользователя от работы по исследованию задачи, созданию алгоритмов, написанию и отладке программ, что сокращает время постановки и решения задач науки и инженерии не менее, чем в 100 раз;

– постановка задачи пользователя в компьютере на языке предметной области с приближенно заданными исходными данными;

– получение машинного решения с оценкой его достоверности, а также по желанию все свойства решаемой машинной модели задачи с приближенно заданными исходными данными;

– сокращение времени машинного исследования и решения научно-технических задач по сравнению с решением той же задачи на MIMD-компьютере с тем же числом процессоров и той же элементной базой, но с традиционной параллельной архитектурой.

 

96.«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол». Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы. «Егемен Қазақстан». 2014, 12 қараша

Мемлекет басшысының «нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты жолдауына «қазақстан-2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының үндеуі. Әлем бүгінде күрделі сынақтардың алдында тұр.

Жаһандық экономикалық дағдарыс, геосаяси шиеленістер, санкциялық текетірестер, сондай-ақ, энергия ресурстарына әлемдік бағаның төмендеуі әлемдік үдерістердің белсенді қатысушысы - біздің елімізге әсер етпеуі мүмкін емес.

Елбасы атап өткендей, «...таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұдан тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады...».

Осындай жағдайда Мемлекетіміздің Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық саясатын жариялады.

Бұл тарихи құжатта дағдарысты еңсерудің кешенді шаралары ғана көрсетіліп қоймай, еліміздің әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуіне қажетті жағдай, ұзақмерзімдік даму жолы анықталып отыр.

Бүгінде көптеген әлемдік алаңдарда саясаткерлер, экономистер, сарапшылар дағдарысты еңсеру, сондай-ақ, ұлттық экономиканың өсімін сақтап қалу жөніндегі тұспалдар мен болжамды шараларды қарастырып жатқанда, еліміз Елбасының стратегиялық көрегендігінің арқасында алғашқылардың бірі болып айқын, әбден пысықталған іс-қимыл жоспарын қабылдады.

Алғашқы кезекте экономиканың елдің дамуына және азаматтарымыздың әл-ауқатының артуына неғұрлым оң әсерін тигізетін салаларына қолдау көрсетіледі.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Үкіметке барлық әлеуметтік міндеттемелермен сөзсіз қамтамасыз ету міндетін жүктеді.

«Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық саясаты – бұл болашақтың инфрақұрылымын кең көлемде инвестициялау есебінен экономиканы жүйелі түрде қайта құру. Көлік, индустриялық, энергетикалық, тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ шағын және орта бизнеске барынша қолдау көрсету тұрақты экономиканың негізі – мықты орта тапты қалыптастыра отырып, болашақ Қазақстанның іргетасын мызғымастай етіп нығайтады.

Жолдар құрылысы өңірлерді байланыстырып, ауыл мен қаланы жақындатуға, еліміздің транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Шағын және орта бизнеске, сондай-ақ, азаматтарға өндіруші нарықты қолжетімді етудің арқасында сауда-саттық жанданады.

Тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылым құрылысының, сондай-ақ, мемлекеттік қолдаудың жаңа тетігінің арқасында миллиондаған қазақстандық баспанаға қол жеткізуге және өмір сапасын арттыруға мүмкіндік алады.

«Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру дегеніміз – жүздеген мың қосымша жұмыс орны, жаңа өндірістер, бизнесті жандандыру және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру.

Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің, оның ішінде АҚШ пен Германияның тәжірибесі инфрақұрылымды кең көлемде инвестициялау болашақ өркендеу үшін мызғымас негіз қалыптастыратынын көрсетеді.

Қазақстан «Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық саясатының жүзеге асырылуын Ұлттық Қорға жиналған қаржының арқасында қамтамасыз етпек.

Кейбір саясаткерлер мен экономистердің Ұлттық Қордағы жинақты тұрғындарға таратып беру жөніндегі популистік үндеулеріне қарамастан, Елбасы бағдарының арқасында, болашақ ұрпаққа арналған Қорға қомақты қаражат жиналды. Бұл қазақстандықтардың келешекке сеніммен қарап, Мемлекет басшысының сарабдал саясаты мен көрегендігінің нәтижелерін толықтай бағалауына мүмкіндік береді.

Ел Президенті нақты іс-қимыл жоспарын бекітіп және қажетті қаржылық негізбен қамтамасыз ете отырып, мемлекет үшін сын-қатерлерді мүмкіндіктерге айналдыра келе, экономикамыздың бұдан әрі өрлей беруі үшін барлық шараны қабылдады.

Барлық жетекші үкіметтік емес ұйымдардың, партиялардың, Үкіметтің, Парламенттің, яғни, баршамыздың ортақ міндетіміз – Жаңа экономикалық саясаттың мақсаттарына қол жеткізуге қажеттінің барлығын жасау.

Осыған байланысты, Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы барлық азаматтық институттарды, саяси партияларды, сарапшылық қауымдастығын, сондай-ақ, барша азаматтарды «Нұрлы Жол» бағдарламасының жүзеге асырылуы мен мемлекет қаражатының жұмсалуына қоғамдық бақылау жасауға атсалысуға шақырады.

Мемлекет басшысы атап өткендей, «...жаһандық сынақтан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз... Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз».

Сондықтан, Коалиция, барша қазақстандықтарды, барлық қоғамдық бірлестіктерді Елбасының Мемлекеттік бағдарының төңірегіне топтасуға және Жаңа экономикалық саясаттың іске асуын бірлесе қамтамасыз етуге шақырады.

«Нұрлы жол», бұл – ел дамуының жаңа кезеңінің бастауы. Бұл тек дағдарысты еңсеру бағдарламасы ғана емес. Бұл - біздің ортақ мақсатымыз – Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуін қамтамасыз ете отырып, бұрынғыдан да күшейе түсуіміздің, топтасуымыздың және Мәңгілік Ел идеясын іске асыруымыздың тарихи мүмкіндігі.

 

97.Информациялық қауыпсыздық концепциясы

Ақпараттық қауіпсіздік — мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі.

Ақпаратты қорғау — ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.

Ақпараттық қауіпсіздік режимін қалыптастыру кешендік мәселе болып табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық, программалық, техникалық шаралар қажет.

Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады:

қол жеткізерлік (оңтайлық),

тұтастық,

жасырындылық.

Қауіпсіздік саясаты - мекеменің ақпаратты қалайша өңдейтінін, қорғайтынын және тарататынын анықтайтын заңдар, ережелер және тәртіп нормаларының жиыны. Бұл ережелер пайдаланушының қайсы кезде белгілі бір деректер жинағымен жұмыс істей алатынын көрсетеді. Қауіпсіздік саясатын құрамына мүмкін болатын қауіптерге талдау жасайтын және оларға қарсы әрекет шаралары кіретін қорғаныштың белсенді сыңары деп санауға болады. Кепілдік - жүйенің сәлетіне және жүзеге асырылуына көрсетілетін сенім өлшемі. Ол қауіпсіздік саясатын іске асыруға жауапты тетіктердің дұрыстығын көрсетеді. Оны қорғаныштың, қорғаушылар жұмысын қадағалауға арналған, белсенсіз сынары деп сипаттауға болады.

С1 - Дискретті қорғау

Кластың талабы: пайдаланушы ұсынылған қорғау құралдарын қолдану мүмкіншілігі бар. Қорғау бірнеше үзінді «нүктелі» элементтерден ұйымдастырылады.

Тиісті критерийлары:

Авторизациялау сервері болу керек

Аппараттық және программалық құралдары болуы керек

Қауіпсіздік ережелерін сақтау талабы қойылады

Қорғаныс механизмдері тестіленіп отыруы керек

Идентификация және аутентификация

С2 - Қатынаумен таңдамалы басқару

Қатынауды тиімділеу бағытта, ұсыныстар, кеңестер беріледі. Жүйеге қадағалау енгізіле басталады.

Тиісті критерийлары:

объектілердің қайта қолдануы

жүйеде орындалған әр іс-әрекет нақты пайдаланушымен байланысты

тіркелетін ақпарат қорғалуға тиісті

В1 - Мандатты басқару

Мандатты басқару – (англ. Mandatory access control, MAC) — субъектілердің объектілерге қолжетімділігін берілген құқыққа немесе (мандатқа, рұқсатқа) сәйкес ұйымдастыру. Кейбір жерлерде оны Еріксіз басқару деп аударады.

Тиісті критерийлары:

Қауіпсіздік саясат

Архитектураны верификациялау

Қауіпсіздік белгілері

Пайдаланушыны жүйемен жұмыс жасауда құжаттандыру керек

В2 - Құрылымдық қорғаныс

Ақпаратты жіберетін жасырын арналарға бақылау жүргізе отырып,барлық субъектілерге қолданылатын дискрециялық және мандатты қатынауды басқаруды ескеретін формалды анықталған және нақты құжатталған қауіпсіздік моделі

Тиісті критерийлары:

Сенімді есептеу базасы, өзіне тиесілі жобалардың енуі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуі

Алғашқы идентификациялық,аудентификациялық операцияларды орындағанда есептеуіш базасына сенімді байланысу жолын қамтамасыз ету

Жады мен алмасу құпия арналарын тіркеу

Тестілер құпия ақпарат алмасу арналарының қатынау қабілеттілігінің шектеуін құптайды

Есептеу базасы жақсы құрылымданған және тәуелсіз модульдерден тұрады

В3 - Қауіпсіздік домендері

Барлық қорғау механизмдері қауіпсіздік ядросында шоғырлануы керек.Аудит құралдарының жұмыс істеу жауапкершілігіне және жүйені қалпына келтіруге администратор жауапты.

Тиісті критерийлары:

Анықталған қауіпсіздік саясатты ұстануы

Аудит құралдарына хабарландырулар енуі тиіс

Қауіпсіздік мониторын қолдау

Қауіпсіздік ядросы ықшамды болып келеді

Есептеуіш базаға сырттан келген шабуылға қарсылық көрсету

Жүйенің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру құралдарының бар болуы қажетті.

А - Верификацияланған (тексерілетін) қауіпсіздік

Тестілеу сенімді есептеу базасының формалдық спецификациясының жоғары деңгейін қадағалап, өндіруі қажет

Формальды спецификациялық жоғары деңгейлі болуы тиіс. Заманауи әдіс формалды спецификация мен верификациялық жүйені қолданады.

Конфигурациялық механизм басқару жүйесі бүкіл өмір циклін және барлық жүйе компаненттерін, оған тиесілі қауіпсіздік әрекеттерін қамтамасыз етеді.

Кепілдіктің екі түрі болады: операциялық және технологиялық. Біріншісі жүйенің сәулеті және жүзеге асырылу жағына, ал екіншісі - құрастыру және сүйемелдеу әдістеріне қатысты.

98.И. Ньютон мен А. Эйнштейн ілімінде кеңістік және уакыт проблемасы. Материя, қозғалыс, кеңістік және уақыт бірлігі.

Кеңістік және Уақыт-Механикалық козғалысты карастырғанда біз дененің кеңістіктегі орнының уақыт өтуіне байланысты өзгеретінін сөз еттік. Бұл екі үғымның физикадағы маңызы өте зор. Оқиғаньің бәрі әйтеуір бір жерде және кандай да бір мезгілде, баскаша айтқанда, кеңістік пен уақыт ішінде өтеді. Кеңістіктен орын алмай және кеңістіктен тыс өмір сүретін бірде-бір объекті болмайды, болуы да мүмкін емес, яғни кеңістік материямен тығыз байланысты. Өтіп жаткан сан алуан окиғаларды қарастыра отырып, біздің санамызда кең және map, жуан және жіңішке, ұрзын және қысқа, алыс және жақын деген сияқты кеңістіктің салыстырмалы түрдегі сипатын кәрсететін ұғымдар қалыптасады. Кеңістіктің негізгі қасиеттеріне мыналар жатады: оның шынайы бар болуы, материямен біртұтастығы, шексіздігі, үш өлшемділігі (барлық физикалық объектілердің ұзындығы, ені және биіктігі болады). Кеңістіктің бір кесіндісін, яғни ара кашыктықты өлшеу үшін сызғыштан бастап, әр түрлі ұзындык өлшеуіш кұралдар колданылады. Ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі метр болып табылады. Ғылым мен техникада метрдің еселік және үлестік өлшемдері де пайдаланылады. дене козғалғанда өзінің орнын тек кеңістікте ғана өзгертіп қоймай, уақыт бойынша да өзгертеді.Уақыт материямен, қозғалыспен, кеңістікпен тығыз байланысты.

Кез келген өзгерістің немесе окиғаның бастамасы және соңы болады (түзу кесінді сиякты). Кейбір өзгерістер көз алдымызда басталып, кө алдымызда аякталады (судың қайнауы); екінші біреуі көзді ашып-жүмғанша, лезде өтеді; ал үшіншілері бірден байқалмайды (мысалы, ағаштың өсуі).

Алуан түрлі өзгерістерді салыстыра отырып, біздің уақыт жайлы көзкарасымыз калыптасады. Уақытқа катысты тез және ұзақ, болған және болады, қазіргі шақ және болашақ, бұрын және жуық арада және т.с.с. ұғымдар пайда болады.

Уақыттың негізгі қасиеттеріне мыналар жатады: шынайы бар болуы, үздіксіздігі, тәуелсіздігі, бір калыптылығы, бір бағыттылығы (уакыт тек алға карай, өткеннен болашакка қарай жылжиды).

Уакыт арнаулы кұрал - сағаттың көмегімен елшенеді. Құрылысы жағынан сағат алуан түрлі болады. Уакыттың негізгі өлшем бірлігіне секунд алынады.

Кеңістік шексіз, уақыт үздіксіз болғандықтан, физикада кеңістіктің бір кесіндісі және кайсыбір уакыт аралығы өлшенеді.Кеңістік пен уақыт, философияда – философиялық категориялар Кеңістік пен уақыт категориялары бір-бірімен тығыз байланысты, олардың бірлігі кез келген жүйенің қозғалысы мен дамуынан көрініс табады. Ньютон кеңістікті денелерге тәуелсіз және олардан бұрын өмір сүретін нәрсе деп қарады. Кеңістік үздіксіз нәрсе, сонымен қатар мынадай қасиеттерге ие: кеңістік үш өлшемді, тең өлшемді және барлық бағыттарда шексіз көсіліп жатады, мәңгі және табиғаты бойынша өзгермейтін нәрсе. Кеңістіктің барлық бөліктері қозғалмайды және бір ғана қасиеттерге ие. Ньютонның пайымдауынша, шегі бар нәрсе кеңістіктің қайсыбір бөлігінде де болмай тұра алмайды; Құдай күллі шексіз кеңістікте бар. Ньютонның бұл пайымдауын 17 ғ-дың көптеген философтары мен теологтары, атап айтқанда, Т.Мор мен Дж.Рафсон қуаттады. Мыс., Мор тек қана Құдай мен кеңістікке тең түрде қатысты 20 қасиет бар деп есептеді, олар: бірлік, қарапайымдылық, қозғалмайтындық, мәңгілік, кемелдік, шексіздік, т.б. Ньютонда кеңістік – жаратылған физ. дүниенің өзінше бір субстанциясы. Ньютонды замандастары, атап айтқанда Лейбниц, осы үшін сынға алды. Ньютонның абс. және салыстырмалы уақыт туралы іліміне осындай бейімделу тән: “Абсолюттік, шынайы математикалық уақыт өзінен өзі және өзінің мәні жағынан, әлдебір сыртқы нәрсеге ешқандай қатыссыз, тең өлшемде өтеді және басқаша ұзақтық деп аталады. Салыстырмалы сияқты немесе күнделікті уақыт не дәл, не өзгермелі, сезіммен көз жеткізуге болатын, қайсыбір қозғалыс арқылы жасалатын сыртқы, созылыс өлшемі, бұл өлшем күнделікті өмірде шынайы математикалық уақыттың орнына қолданылады, былайша айтқанда: сағат, күн, ай, жыл”. С.Кларктің түсіндіруінше, Ньютон абс. уақытты, яғни ұзақтықты бейнебір өзгермейтін, мәңгі деп ойлайды, сондықтан да ұзақтықты Құдайдан тыс өмір сүрмейді деп есептейді. Ньютоннан өзгеше түрде Лейбниц абс. уақыт пен кеңістікті де, абс. қозғалысты да мойындамайды: “Мен ... кеңістікті – қатар өмір сүру тәртібі, уақытты – тізбектілік тәртібі деп есептеймін”. 18 ғ-да метафизиканы сынаумен бірге уақыттың метафизикалық тұжырымдамалары да қайта қаралды. Олардың орнына психол. (Локк, Юм) және аңдаулық (созерцание, восприятие) (Кант) туралы тұжырымдамалар келді. Канттың уақыттың идеалдылығы туралы ілімін Фихтежаңаша түсіндіреді. Келешек, қанша ұмтылсаң да ешқашан қолға түспейтін бұлдыр сағым болып шығады. 20 ғ-дың басынан бастап физикада ашылған жаңалықтар Кеңістік пен уақыттың өзара байланысы, бір-біріне тәуелділігі жөніндегі жаңа көзқарастарға алып келді. Әсіресе, А.Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы үлкен жаңалық әкелді. Ол микробөлшектердің кеңістіктегі қозғалысы сәуленің жылдамдығына (секундына 300000 км) жақындаған сайын оның массасы шексіз ұлғая беретіндігін және ол бөлшектің тұрқының да қысқара түсетіндігін дәлелдеді. Сонымен қатар биол., қоғамдық ғылымдардың жетістіктері қозғалыстың органик. және әлеум. түрлерінде кеңістік те, уақыт та, тіпті басқаша сипатта болатынын көрсетеді. Әлеум. өмірдің ырғағы біздің заманымызда әлдеқайда шапшаңдады. Өзгерістердің тым баяу өтуіне үйренген адамдар көп жағдайда жаңа дәуірдің екпініне бейімделе алмайды. Сондықтан Кеңістік пен уақытты да материя сияқты адамдардың дүниеге қатынасынан оқшау қарап, тек табиғаттағы адамға қатысы жоқ заттар мен құбылыстардың қасиеті деп түсіну – мәселені филос. тұрғыдан қарау емес, физика, т.б. жаратылыстану ғылымдарының тұрғысынан қарау болып шығады. Бұлай қараудың дүниеге көзқарастық мәні жоқ. Философиялық пайымдау кеңістік, уақыт, қозғалыс және болмыстың бірлікте екенін көрсетеді. Бұлар болмыстың өзіндік айқындықтары. Болмыстың ең жалпы, ең абстрактілі айқындықтарынан адам бұрынғыдан да гөрі нақтырақ, мазмұны күрделірек айқындықтарына өрлей береді. Соның негізінде айқындықтарды бейнелейтін ұғымдарды анықтайды. Бұл диалектикалық ойлау жолы.

 

99.Философиядағы әдіс мәселесі. Ғылыми танымның әдістері мен формалары.Танымның эмпирикалық және теориялық деңгейі

Ғылыми танымның әдістері жалпы деңгейлеріне, ғылыми зерттелу үдерісіне, қолданылу ауқымының кеңдігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Сондай-ақ олар: жеке,

жалпы ғылыми және жалпылама (философиялық) әдістерге бөлінеді.

Жеке әдістер нақты зерттеулердің тар шеңберінде қолданылады және зерттелетін объектілердің сапалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады. Пәндік бағдарына қарай зерттелу үдерісіне: физикалық, биологиялық, әлеуметтік әдістері қолданылады. Мысалы, химиядағы валенттілікті табу, социологиядағы анкета жүргізу әдістері сияқты. Зерттелетін объекті мен оны зерттеу арасындағы тәуелділікті ескере отырып, зерттеуші объект пен әдістің сәйкестілігін қадағалау керек.

Жалпы ғылыми әдістер ғылыми зерттеулер аясында кең қолданылады.

Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады.

Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі — бақылау. Ол айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашқы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады. Бұл әдісті қолданған кезде танушы адам белгілі бір тану мақсатына сүйенеді. Әдетте, ойша әрекет бағдарламасын жоспарлайды және алынған айғақтарға, демек, реалдылық туралы білімдерге сәйкес келетін түсінік береді.

Бақылау үдерісінде зерттеуші салыстыру және өлшеу операцияларын қолданады. Зерттеуші объектіні белгілі бір белгісі бойынша салыстырады, сонан кейін оны өлшейді. Өлшеу барысында субъективтілікті мейлінше азайтады. Ал өлшеу кезінде өлшеу құралдарын қолдану зерттеушіні физикалық үдерістерді тіркеудің; сезім органдары сияқты сенімсіз құралдарынан бас тартқызады.

Эмпириялық танымның бұдан да күрделі әдісі тәжірибе болып табылады. Тәжірибе деп объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау жолымен әсер етуін айтамыз. Мұндай жағдайда зерттеуші алдын ала объектінің белгісіз (жасырын) сипаттарын ашу үшін, оның өту жағдайларын өзгерте отырып, табиғи үдеріс барысына енеді.

Жоғарыда сипатталған ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылады. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді.

Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.

Зерттелетін заттардың әртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымы методологиясында заттың жеке ерекшіліктері ескерілмейді, себебі ол баяғыда қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған. Мысалы, тарих ғылымында заттың пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерінің толығымен қарастырады. Әлеуметтік танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан пәннің өзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады: 1) әлеуметтік таным өзін - өзі жоюшы нәтижеге алып келеді (“биржаның заңдарын білу осы заңдардың өзін жоюға әкеліп соғады”-деп жазды кибернетиканың негізін салушы Н.Винер); 2) егер жаратылыстану ғылымдары танымында жекелеген фактілер бірдей болса, әлеуметтік танымда ондай емес. Сондықтан, әлеуметтік таным методологиясы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие индивидуалды фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден объективті үрдіс пайда болып, солармен де түсіндіріледі. Гуманитарлық таным методологиясының өзіне тән ерекшелігі осында.

Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда.

Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді.

Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған: 1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; 2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту; 3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; 4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.

Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады: 1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру; 2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру; 3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.

Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді. Интерғылыми әдістерге – экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады. Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар.

Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:

· анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу;

· синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;

· абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;

· жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;

· индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;

· дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;

· аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б

· классификация- зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері).

Зерттеу процесі барысында төмендегідей интерғылыми әдістер қолданылады: • экстрополяция – ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы; • интерполяция - құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ осы қатар мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды, көрсеткіштерді табу; • модельдеу – шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу – түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу; • ретроспекция- объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін зерттеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу; • эксперттік бағалау - эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары мен ойлары;

Күрделі құрылымды объектілерге анализ жасау үшін төмендегі әдістерді қолданады:

· декомпозиция – үлкен жалпы бір мақсатты бірнеше топтарға бөлу;

· селекция – зерттелуге келетін варианттарды іріктеп алып, маңызы жоқ фактілерді алып тастау;

· агрегирование – жекелеген сипаттамаларды жалпы сипаттамаға біріктіру.

Егер объектінің құрылымы жүйесіз болса, оны талдау үшін дезагрегациялау, яғни жалпылаушы сипаттамаларды жеке сипаттамаларға жекелендіреді.

Жоғарыда айтылып өткен әдістердің немесе тәсілдің ешқайсысы да, дара түрде зерттеудің негізіділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті зерттеуде жоғары нәтижеге жету үшін олардың бірнеше түрінің жиынтығын пайдалану ғана тиімді бола алады.

 

100.Геологияның ғылымдарды генетикалық жіктеудегі алатын орны. Геологиядағы актуализм принципі.      

Жер қыртысының жоғарғы қабаттарын зерттеу жумыстары негізінен табиғи ашылмалар мен (өзен аңғарында кездесетін құлама жар, жыра, тау беткейі, жартас) жасанды ашылмаларды (ор, шурф, карьер, шахта) зерттеу арқылы жургізіледі.

Ал жердің ішкі, терең қабаттарын зерттеп білу үшін бурғылау скважиналары мен геофизикалық зерттеу әдістері қолданылады.

Геологиялық процестердің орасан зор мөлшері мен өте ұзақтығы—жердің даму тарихының ең басты ерекшеліктері болып саналады. Егер біз жер қыртысын құраушы және оны өзгертуші геологиялық процестерді бақылау мүмкін деп санасақ, онда ол процестерді тек өте қысқа мерзім аралығында ғана байқаған болар едік. Ал көпшілік жағдайда жердің ұзақ даму тарихын ескерсек геологиялық оқиғаларды геологиялық масштабта ұзақ уақыт бақылау мүмкін емес.

Бұрын болған геологиялық оқиғалардың куәсі ретінде тау жыныстарының немесе руданың құралуын, сол секілді әр турлі геологиялық құрылымдардың пайда болуын айтуға болады. Бұл оқиғалардың мазмунын дұрыс тусіну үшін, болып өткен геологиялық процестерді қайта реттеп немесе реконструкция жасай білу керек. Жердің өткен тарихына реконструкция жасауда “актуа-лизм” принцишнің маңызы өте зор. Бұл принцип алғаш рет XIX ғасырдың 30 жылдары ағылшын ғалымы Ч. Лайельдің еңбектерінде эволюциялық ғылыми-зерттеу әдісі ретінде ұсынылды. Актуализм принципі бойынша, дәл қазіргі кезде, біздің заманымызда жүріп жатқан геологиялық процестер мен табиғи құбылыстар бұрынғы кезде жердің көне тарихында да болып өткен. Ч. Лайельдің сөзімен айтқанда: “Бүгінгі өмірді зерттеу, өткен өмірдің тарихын түсінудің кілті”.

Әрине қазіргі уақытта жүріп жатқан геологиялык процестерді жердің алғашқы тарихында болған оқиғалармен дәлме-дәл мағынада салыстырсак, онда қателескен болар едік. Өйткені, жердін даму тарихы бір бағытта ғана жүріп отырады және бұрынғы болған оқиғалар ешуақытта да қайталанбайды. Сондықтан да, актуализм принципін дәл Ч. Лайель айтқандай мазмұнда түсінуге (болмайды. Геологтар бұл принципті жаңа мағынада (толықтыра отырып, тарихи салыстырмалы зерттеу әдісі ретінде қолданады.

Геологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқару барысында геологиялық байқаулар жүргізе білудің маңызы өте зор. Тау жыныстарының құрамын анықтау, оларды құраушы минералдардын. өзара бір-бірімен қарым-қатынасы, сонымен қатар олардың жатыс пішіндері және олардың құрамында кездесетін әр түрлі органика-лық қалдықтардын, (фауна мен флора) түрлерін анықтау, соған қоса эксперимент жүзінде зерттеу жұмыстарының нәтижесін пайдалану жер қыртысының геологиялық дамуы мен құрылымдық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

 

101. Адамдағы биологиялық пен әлеуметтік. Антропосоциогенез ұғымы

Антропосоциогенез – материя қозғалысының биологиялық формадан әлеуметтік формаға өту процесі; жануардың адамға айналуыфның және жануарлардың адамзат қоғамымен ажырамас бірлігі. Антропогенез және социогенез қапталдаса жүріп отырған екі дербес процесс емес. Адамның қалыптасуы оның мәнінің қалыптасуы болып табылады. Алайда адамның мәні жеке индивидке тән абстракті немесе өзінің шын мәнінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Демек адамның қалыптасуы (антропогенез) денегіміз ең алдымен қоғамдық қатынастар жиынтығы, яғни, қоғамдық (социогенез) қалыптасуы. Социогенез – антропогенездің мазмұны. Антропосоциогенездің біртұтас процесінің бір-бірінен айырғысыз байланысты екі жағы бола отырып, антропогенезбен социогенез уақыт жағынан сәйкес келеді. Жалпылама түрде қарастырғанда қоғамның қалыптасу кезеңі сонымен бірге адамның қалыптасу кезеңі болып табылады. Бұл идея қазіргі антропологтар мен археологтар жасаған «екі секіріс теориясының» ғыл. Концепциясында нақты жүзеге асты. Бұл теория бойынша, адам эволюцииясында екі үлкен өтпелі кезең болды. Біріншісі және негізгісі -–адамның өзінен бұрынғы жануарлар сатысынан қалыптаса бастаған адамдар сатысына өтуі – бұл соңғыға архентроптар (пикентроптар, синантроптар және басқа ұсақ формалар) және палеоагтроптар (неандертальдар) жатады. Екінші секіріс – алғашқы және кейінгі палеолит аралығында, шамамен 35-40 мың ж. бұрын болған палеоантроптардың қазіргі адамға айналуы. Бірінші секіріс әлеум. заңдылықтардың пайда болуы болса, екінші секіріс олардың толық та тұтас үстемдігінің орнауы болды. Қалыптасуы адамдар – (архантроптар мен палеоантроптардың) – коллективі енді таза биологиялық бірлесу кезеңінен өтті, бірақ ол әлі нағыз адамдар қоғамы бола қойған жоқ. Қалыптасушы адамдар – (ең алғашқы зерттеушілер алғашқы адамдар табыны немесе алғашқы қоғам деп атады. Қоғамның тууы оның өмір сүруінің алғашқы формасының – алғашқы қауымдық формацияның қалыптасуы процесі болды. А-дың бастамасы жөнінде әлі пікір таласы орын алып келеді. Құрал жасаған алғашқы жануар питекантроптар емес, олардан бұрын болған хабилистер екенін көрсеткен 1960 жылдардағы ашылған жаңалықтардан кейін зерттеушілердің бір бөлігі хабилистерді адам деп қарай бастады және осыған сәйкес Антропосоциогенездің бастамасын 2,5-2 мың ж. бұрын австралопитектердің хабалистерге өтуімен байланыстырды. Антропосоциоге-нездің аяқталуы жайлы мәселе де толық бірегей көзқарас жоқ. Кейбір зерттеушілер оны неантроптардың пайда болуымен ертерек уақытқа жатқызуға бейім. Алайда алғашқы палеолит кезеңінде адамның бір биологиялық түрінің екіншісіне өту процесі жүріп жатқаны даусыз. Палеонтроптардың неоантроптарға өтуімен адамның биологиялық түр ретіндегі эволюциясы тоқталды. Бұл осы кезден бастап, адамдардың бұдан былайғы дамуы бүтіндей әлеуметтік заңдылықтармен анықтала басталғанын, яғни қалыптасқан қоғам пайда болғанын дәлелдейді. Неантроптардың пайда болуымен бір мезгілде антропогенезде де және социогенезде де біртұтас Антропосоциогенез процесі аяқталды.

102. Химиядағы кинетикалық теориялардың проблемалары

Химия – заттардың бір - біріне айналып өзгеруін зерттейтін ғылым. Химия – заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, химиялық өзгерістерін, өзгеріс жағдайын, әрі өзгерістермен қабат болытын құбылыстарды зерттейтін ғылым. Химик бір құбылысты немесе процесті зерттеп отырғанда, келген ойының, жорамалының дұрыс екенін білу үшін тәжірибе қойып шешедіХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың ортасын қамтыды: классикалық емес жаратылыстануды туғызды. Төңкерістік сипа барлық ғылымдарды қамтыды: физикада – кванттық теория, биологияда – генетика, химияда – кванттық химия т.б. пайда болады, Яғни, микроәлем нысанаға алынды. Табиғат сол күйінде, таза қалпында емес, прибордан обектінің қалай көрінетіндігі бойынша анықталды. Оны бастапқыда, «прибролық идеализм» деп атағанмен, бірақ кейіннен орл бағыт мойындалды. Химияның басқа ғылым саласынан ерекшелігі — өзінің зерттеу пәнін өзі жасайды (Д.И.Менделеев). Басқа ешбір ғылым бір уақытта ғылымның да, өндірістін де рөлін атқара алмайды. Барлық химиялық ғьглым жүйесі — теориялар, заңдар, әдістемелер мен технологиялар — химияның негізгі мақсаты үшін — қажетті қасиеттері бар заттарды алуеа негізделген. Химия ғылымының барлыц тарихы, дамуы осы негізгі мәселені шешуге арналған.

Ал оның өзі негізгі 4 факторға байланысты: .

1) элементтік және молекулярлық құрамына;

2) молекулаларының құрылымына;

3) химиялық реакция кезеңіндегі термодинамикалық және кинети-

калық жағдайларға

4) заттардың химиялық ұйымдасу деңгейіне

Эволюциялық химияның негізінде химиялық өнімдерді алу про-цестерінде химиялық реакциялардың катализаторларын өздігінен жетілуге жеткізетін, яғни, химиялық жүйелердің өздігінен құрылуына әкелетін шарттарды пайдалану принципі жатыр. Буның өзін — химияны өзіндік бір биологизациялау тәсілі деп қарастыруға болады. Қазіргі кезде химия үшін биологиялық принциптерді қолдану маңызды болып саналады. XX ғасырдың өзінде биологиялық процес-тер үшін биокатализдің үлкен әсері бар екедігін ғалымдар түсінген. Сондықтан химиктер тірі табиғатқа катализаторлар қолдану төжірибесін жасайтын жаңа химияны шығаруды мақсат етіп қойды. Ұқсас молекулалар синтездеу принциптерін, әр түрлі қасиеттері бар, ферменттер принципімен жұмыс істейтін катализаторлар қолданылатын химиялық процестерді басқарудың жаңа түрі шықты.

 

103. Ғылым жаңалығы – А.Лавуазье

Антуан Лоран Лавуазье (фр. Antoine Laurent de Lavoisier; 26 тамыз 1743ж., Париж — 8 мамыр 1794 ж., Париж) - 18-ші ғ-дың француз химигі, қазіргіхимия ғылымының негізін салушысы[1]. Лавуазье 1778 жылы оттегін ашып, оның атын қойып және оттектің жану процессіндегі ролін айқындаған. 1783 жылы Сутегін ашып, 1787жылы кремнийді болжамдаған. Қазіргі метрикалық жүйенің негізін салып және сол кездегі химиялық номенклатураның реформасын жасаған[2]. 1777жылы күкүрттің тек қана химиялық қосылыстарының құрамында емес, жеке элемент ретінде табиғатта болатынын дәлелдеген[3]. Ғалым массаның сақталу заңын ашқан. XVIII ғасырға дейін әлем ғалымдары темірді, болатты балқытатын флогистон деген материал деп соны іздеп шарық ұрғаны белгілі. Бірақ, ол табылмады, өйткені, табиғатта ол жоқ. Ақырында ондай күшті қызу беретін кислородты Франция физик-химигі Антуан Лавуазье (1743-1794) ашты. Ол да жәй қарапайым байқау нәтижесі. Айталық, адам демалғанда ішіне оттегі (кислород) жұтып, іштен көмір тегін (углерод) шығарады. Бұл углерод сол жанған кислород деп А.Лавуазье соған көңіл аударып, ойын тоқтатты. Ақырында, кислород жанғыштығы сонша дем алып, дем шығарған мезетте жанып үлгереді. Содан ол өте тез және ең жаңғыш, күшті қызу беретін материал әлемде жоқ флогистон емес, кислород деп, ғылыми жаңалық ашты. Флогистонды жоққа шығарды. XVIII ғасырда А. Лавуазье ғылымсыз тіл, тілсіз ғылым жетілмейтінін дәл басып айтты. Ол жалпы жаратылыстану ғылымы үш бөліктен: 1)ғылыми деректер, 2)олардан туындайтын көзқарастар, 3)осы екеуін баяндайтын тіл,-дегенді айтты. Лавуазьенің ең маңызды жұмыстарының бірі ол суды жерге айналдыруға болама деген сұрақ болды. Бұл зерттеуінде химилық есептерді шешкен кезде ылғалдылық қандай маңызды роль атқаратанын көрсетті. Сегіз рет тазартылған жаңбыр суын шыны ыдыска ыдысқа құйып, оны кейін гермитакалық мөрмен тығындап өлшеді. Ыдыстың салмағын алдын ала зерттеп алды. 100 кун ыдысты қайнатып турды, нəтижесінде шынымен де жердің (земля) пайда болгандығын байкады.

Масса Тұрақтылық Заңы, масса сақталу заңы, реакцияға қатысқан заттар (реагенттер)массаларының қосындысы реакция нәтижесінде түзілген заттар (өнімдер) массаларының қосындысына тең. Химиялык реакция кезінде реакцияға түскен заттардың молекулалары бұзылып, оны кұраушы атомдар басқаша топтасып жаңа молекулаларды түзеді. Реакция барысында атомдардың сандары өзгермейді, сондықтан олардың массалары да өзгермеуге тиісті. Реакцияға қатысқан заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең болады. Бұл тұжырым зат массасының сақталу заңы деп аталады.

Оны тәжірибе жүзінде орыс ғалымы М.В. Ломоносов 1748 жылы ашқан, ал француз ғалымыА. Лавузье де 1789 жылы осындай қорытындыға келген. Бұл заңның жаратылыстану ғылымдары үшін маңызы өте зор, химия ғылымында сандық катынастарды пайдаланудың өзі осы заңға негізделеді.

1. Барлық химиялық теңдеулер осы заңның негізінде кұрылады.

2. Бүл заң жаратылыстың жалпы заңының бір көрінісі: жоқтан бар пайда болмайды, бар нәрсе із-түзсіз жоғалып кетпейді.

3. Осы заңды пайдаланып, сандық есептер шығаруға болады.[1]

1774 — 1789 жылдары француз химигі Антуан Лавуазье, өзі жасаған күрделі тәжірибелерге сүйене отырып, тұжырымдаған. Мыс., 32 г оттек пен 4 г сутек қосылғанда 36 г су түзіледі; 2Н2+О2=2Н2О. Мұндағы реакцияға түскенреагенттердің жалпы массасы (36 г) реакция нәтижесінде түзілген өнімнің массасына (36 г) тең.

104 .Информатиканың қалыптасу тарихы.

Информатика – адам өмірінің әртүрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән. Информатиканың кегізгі зерттеу объектісі қазіргі заман қоғамындағы адам іс-әрекетінің барлық салаларын қамтып келе жатқан ақпараттандыру және компьютерлендіру үрдісі болып табылады. Дәлдеп айтсақ, бұл – ақпаратты жинау, өндеу, беру және қолданудың арнайы технологиясына сүйенген автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (АЖ) арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық технологиялар (АТ). Информатиканың ғылым болып қалыптасуы және адам іс-әрекетінің барлық салаларында компьютердің (ЭЕМ-ның) қолданылуы XX ғасырдың елуінші жылдарына тұстас келеді. Бұл аталым француздың Informatique, яғни Informacion (ақпарат) және Automatique (автоматика) деген сөздерінен шыққан. Көптеген батыс Европа және АҚШ елдерінде басқа аталым – Computer Science (компьютерлік ғылым) қолданылады.

Информатиканың көзі болып екі ғылым саласын санайды – документалистика және кибернетика. Документалистика XIX ғасырдың аяғында өндірістік қарым-қатынастардың қарқынды дамуына байланысты қалыптасты, оның негізгі пәні – құжаттар айналымының (ақпараттардың) тиімділігін арттырудың құралдары мен әдістерін зерттеу. Бұл информатиканың алғытарихын анықтайды, ол ауыз сөздің, жазудың, кітап басудың, радио, телефон, кино, фотография сияқты ғылым жетістіктерінің, соңында магниттік ақпарат тасушылардың даму кезеңдерімен сипатталады. Екінші дүниежүзілік сөғыстан кейін әртүрлі жүйелердегі (жасанды, биологиялық, әлеуметтік және т.б.) автоматты басқару және байланыстардың жалпы заңдылықтарын зерттейтін жаңа ғылым – кибернетика екпінді дами бастады. Оның негізін 1948 жылы жарияланған американ ғалымы Норберт Винердің математикалық логикадан еңбектері қалады, ал бұл аталым гректің kyberneticos – басқару өнерлілігі сөзінен шыққан. Алғашқы ЭЕМ-ң құрылуы мен шығуы информатиканың ғылым ретінде даму тарихына жол ашты. Біріншіден, «Информатика» термині есептеу техникасының дамуымен тығыз байланысты, және алғашында есептеулер туралы ғылым ретінде түсінілді. Екіншіден, информатиканың жеке ғылым болып бөлініп шығуына есептеу техникасындағы өңделетін және сақталатын ақпараттардың ортақ көрсетім пішімдері сияқты маңызды қасиеті әсер етті. Барлық ақпараттар түріне тәуелсіз бір жүйеде, яғни екілік пішімде сақталатыны және өңделетіні есептеу техникасының информатиканың ғылым болып қалыптасуында белсенді рөл атқаруына себепші болды. Қазіргі заманда информатика кешенді ғылыми – техникалық ғылым.

 

105. Биклассикалық философиядағы иррационалдық және рационалдық еместік проблема (А. Шопенгауэр «Дүние - ерік пен елес ретінде», Ф. Ницше «Жақсылықпен жамандықтың арғы жағы», «Антихрист»,З. Фрейд «Психоанализге кіріспе туралы дәрістер»).










Последнее изменение этой страницы: 2018-06-01; просмотров: 262.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...