Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Сыни рационализм. Постмодернизм 17 страница




оның табиғаты солай, қай жағдайда да басқа бола алмайды. Біреулер мемлекеттік сыйлық, ал біреулер орден, медаль алып, «Еңбек Ері» болып жатады. Бұл да жай сыйланған адам қуанышы емес. Бәйге, атақ оған не үшін берілді, соны жан-жақты ашып айту керек, сонда ел біледі, оған сыйлық не үшін жасалады. Бұған да ашық айқындық керек. Сонда көзге көрініп, сыйлық алуға ұмтылған айлакерлер саябырланды. Шын еңбек адамы сыйлыққа

ұмтылмайды, ол оған өзі келеді. Ондай адам алған сыйлығы, марапаты үшін елден ұялмайды, мақтанбайды да. Қоғам адамдардан тұрады. Оны шынықтыру, шыңдаудың бір көзі – бәрін ашық жүргізу, кім не үшін көтерілді, кім төмендеді, т. б. Шындық жоқ жерде, қауесет жүреді. Бұл – рухани бірлікке ши жүгірту.

 

76.Демокрит пен Эпикурдың атомизмі. Араб ойшылдары әлемнің ең кіші бөлшектері туралы Ш. Қудайбердиевтін «Үш анық» еңбегінен.

Античтік атомистика - материяның дискретті құрылысы туралы біздің эрамызға дейінгі УІ-У ғ. Ертедегі Грецияда пайда болған материалистік ілім. Античтік атомизмнің негізін құрушылардың бірі ертезаманғы ұлы данышпандардың бірі Демокрит (б.э.д. 460-370)барлық дүние тек бос кеңістік пен атомдардан тұрады деп тұжырым жасады. Античтік атомизм себептің қатаң үстемдігін мойындап, табиғаттағы барлық заттардың айырмашылығы олардағы атомдардың әр түрлілігімен түсіндірілді. Демокрит ертедегі атомис-тиканың негізін салушылардың бірі Левкипптің (б.э.д. 500-400)оқушысы еді. Ол атомдар барлық заттардың ең соңғы негізі (түбірі), олар еш бөлінбейді және олардың ішкі құрылысы жоқ деді. Олар жаңадан пайда болмайды және жоғалмайды.

Демокрит ілімінін мәнімынада:

1. Атомдар мен таза кеңістіктен басқа ештеңе де жоқ.

2. Атомдар саны жағынан шексіз және қалпы жағынан шексіз әр түрлі.

3. "Ештеңе жоқтықтан" ештеңе шықпайды.

4.Ештеңе де кездейсоқ болмайды, тек қана белгілі бір негізге және қажеттілікке байланысты болады.

5. Заттар арасындағы айырмашылық олардың атомдарының санының көлемінің қалыбының және ретінің айырмашылығына байланысты болады.

Демокрит ілімін дамыта отырып, Эпикур (б.з.д. 341-270)атомдық көзқарастардың негізінде барлық жаратылыстық, психикалық және әлеуметтік құбылыстарды түсіндірмекші болады. Егер Демокрит пен Эпикурдың барлық пікірлерін жинақтап көрсек, онда, жақсы қиялымыз болса, олардың еңбектерінен атомдық және молекулярлық-кинетикалық теорияның нышандарынкөруге болады. Ежелгі гректік атомшылардың ілімі бізге Лукрецийдің (б.э.д. 99-56)әйгілі "Заттар табиғаты туралы" поэмасы арқылы жетті

Енді біліп жаратқан ие де жоқ, өлген соң өмір де жоқ деген жолдың түбінде осы барлық, әлем неден бар болды деген ойдан шыққаны төменгі сөзден мәлім болды. Ескі заманның білімділері әр нәрсенің түпкі негізі неден жаралғанын тексеріп, тамам нәрсенің негізі төрт нәрсе деп білген. Онысы — от, су, топырақ, ауа. Олардан кейінгі білімділер ол төрт нәрсенің әр біреуі әлденеше негізден жаралғанын таба - таба жақынырақ кезде түп негізі сексен шамалы екенін тапты. Әр дененің көзге ілінбейтін кішкентай тараулардан қосылып жаралғанын тауып, ол кішкентайды қанша ұсақтаса да ақырында тіпті бөлуге келмейтін болады. Сол бөлінуге келмейтін түп негіздердің атын Европаша атом, деп атап, арабша мадда немесе әсер деп атады. Біздің қазақша аты жоқ болған соң бұл кітапта біз оны атом, мадда деп атаймыз. Сүйтіп барша нәрсе сол сексен шамалы атомдардың бір-біріне қосылғанынан дене жасап, әлденеше түрге түсіп, бірі - бірінен өршіп, жаралып жатқанын тапқан.

Мұны алғашқы тапқан; Ион – грек - жұртының Пифагор деген білімдісі. Кейбіреулердің сөзіне қарағанда, Пифагор оны Финикия жұртынан үйренді дейді. Олай болса алғашқы тапқан Финикияның Садда деген қаласынан шыққан Мocкo деген адамы болады. Кім бұрын тапса да, бұл атомды басында не нәрседен жаралғанын, оның не іске жарайтынын білу үшін іздеп тапса да, гректің Эпикур уа Демокрит деген білімділері сол атомды дәлел қылып, барлық әлем атомнан өршіп жаралып жатыр, оны былай қылайыншы деп біліп жаратқан ие жоқ деген бір жолға негіз салды.

Араб жұртының патшалығы зорайып әр елдерді қол астына қаратқан Аббас патша болған кезде ион - гректің білімділерінің жазған кітаптарын араб тіліне көшіргенде осы атом туралы сездерді араб тіліне көшіріп, мұсылман молдаларының ортасына: Барлық әлем басынан бар ма еді? Соңынан жаралды ма деген дау кіруіне осы атом себеп болды. Соңғы кезде Европаның. Гасенди, Декарт, Ньютон, Линней сияқты ойшылдары бұрынғы Эпикур, Демокрит - терден қалған жаратушы ие жоқ дегенді қайта жаңғыртып, Европа арасына сол ойдың жайылуына себеп болды. Және атомдар бірін-бірі тартып қосылуына бір күшті дәлел табылды. Ол әр нәрседе бірін-бірі тартатын қуат барлығы. Оны орысша притяжение деп, арабша тажазиб дейді. Мұны алғашқы тапқан Англияның Исаак Ньютон деген ойшылы.

«Үш анық» философиялық трактаты

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Шәкәрімнің қазақ философиясына әкелген концепциясы, өзінің жеке тұжырымдарынан туындаған «үш анығы» барын танытады. Бұлар-Шәкәрім өзі қол жеткізген анықтар. Осы үш анықтың негізінде келіп Шәкәрімнің көрсеткен ар ілімі қалыптасады. Ар ілімі-ол рухани тазалық жолы. Ар Аллаға тән қасиеттің адам жүрегіндегі сәулесі болып табылмақ. Ұлы ойшыл, гуманистік қайшылыққа толы қоғамда өмір сүрді. Шәкәрімнің дүниеге, өмірге, табиғатқа, сан – сала құбылыс көріністерге, дінге көзқарастарында кейбір қайшылықтар кездескенімен, бағыт бойынша дүниені жаратушы бір күш бар дегенді мойындау, оның дәлелі табиғаттың жарасымдылығы, қозғалысы, өмірде ақиқат, шындық, білім – ғылым, ақыл мен сезім дамуы арқылы іске асатынын, адамның болмысты танып білуі адам өзін - өзі жетілдіру арқылы жүзеге асатынын түсіндірді.

Біз Шәкәрім Құдайбекрдіұлының еңбектерімен таныса отырып, сонау ерте заманда өмір сүрседе өзінің құнын жоғалтпайтын мәңгілік құнды дүниелерді келер ұрпаққа аманат етіп тастап кеткенін түсіндім.

Ақын бар ғылымның түп атасы – таза ақыл мен ойлану, ойлау, деген ұғымға үлкен мән береді, оны өмір – болмыстың, дүниенің ғажап сырларына терең бойлау, не нәрсені болсын ақылмен сынап, ұғып – түсіну мағынасында алып қарайды.

Шәкәрімнің дүниенің, жаратылыстың қозғаушы күші, адам өмірінің, тіршіліктің мәні мен сыры, жан мен тән секілді мәселелерді қарастырған.

Шәкәрім «Үш анықта» Ақиқат деген не? деген сұрақ қояды. Оған өзі «адам ақиқатты ақыл – ес көзімен көріп, қабылдауы керек. Ақиқат - әрбір адамның жанында болады не ол өзіндік өмір сүреді» - деп қорытынды жасайды. Жанның ең негізгі қажет ететіні – ұждан. «Адамның нысап, әділет, мейірім – үшеуін қосып, мұсылманша айтқанда, ұждан бар дейді.

Ол адамның рухани өсуіне мықты тірек болатын үш анықты атайды: Бірінші – мәңгі өзгерістегі барлығына себепші жаратушы ие.

Екіншісі – бұл жаратушы барлық тірі мен тірі емеске жан береді, адам өлген соң, одан әрі тазарып, жоғарылайды, өздігінен өмір сүреді.

Үшіншісі – жанның жоғарылап, тазаруы үшін адам ұжданға сай арлы өмір сүруі керек. Шәкәрім адамдарды осыған шақырады.

Бүгінгі қоғамымыздың өзекті мәселесі рухани ізгілік бағыттағы ауқымды істерімізді бүгінгі ұрпағымыздың бойына адамзаттық құндылықтарды сіңіруде басшылыққа алып, өскелең ұрпақтың тәрбиесінде құндылығын жоғалтпайтын дүниелер Шәкәрім атамыздың еңбектерінен бастау алады.

Сондықтанда мен осы тұлғаны және осы еңбегін таңдадым.

 

77.Диалектика - әдіс және ғылым. Объективтік және субъективтік диалектика.

Философияны ілім ретінде бір жүйеге келтірген, оның заңдары мен категорияларын жан-жақты қарап, ғылымға ендірген неміс философы Г. Гегель (1770-1831 жж.) болатын. Ол «Рух феноменологиясы» (1807 ж.), «Логика ғылым» (1812-1816 жж.), «Философия ғылымдарының энцикло- педиясы» (1818 ж.) деген ауқымды еңбектер жазып, философияның дәрежесін көтерді. Сондай-ақ, ол «Құқық философиясы», «Дін философиясы» атты еңбектер жазды, ал «Философия тарихы» мен «Тарих философиясы» оның мәні терең құнды лекциялары. Бұл лекциялар Г. Гегель дүние салған соң жарық көрген болатын. Г. Гегель еңбектерінің үлкен бір саласы, ол оның диалектикаға аса зор көңіл бөлгені, өмірді ұдайы қозғалыста, дамуда деп түсінуі. Сондай-ақ Г. Гегель философияның жалпылық үш заңын ашып, олардың әрқайсысына ғылыми анықтама берді. Олар «сан құбылыстарының ұдайы өзгерісте болуы арқылы сапаға айналуы», «қарама-қарсылықтың бірлігі диалектиканың, негізіне жатады. Сол заңдарды байыпты қолдану арқылы К. Маркс пен Ф. Энгельс өзінің талай метафизикалық әдісті қолданған қарсыластарын уәжбен жеңіп, өз ойын іске асырды. Сондықтан да олар диалектиканы сомдаған Г. Гегельді өздерінің ұстазы деп атады. Оларға әсіресе қатты ұнағаны Г. Гегельдің «Барлық шындықақылға сияды. Барлық ақылға сиятын – шындық» деген жұмбақ сырын ашып, оның өмірде қандай көрініс табатынын айтқаны. Өйткені, бұл пікір бойынша, дүниеде бардың бәрі ақылға сия бермейді. Олардың ішінде ақылға сыйатындары да, сыймайтындары да бар екендігі. Сонда ақылға сиятыны не демек болсақ, онда ол солардың ұдайы өзгерісте, дамуда болатыны. Ал, егер өмірде бар бола тұрып, бірақ қозғалмайтын, дамымайтын болса, онда оны ақылға жатқызуға болмайтыны. Әрине, ондай құбылыс өмірде бар болса да шындық емес, оған жат екендігі. Олай болса диалектика – философия тірегі, мұқалмас, оңды- солды қолдануға бірдей жарайтын қару екендігі. Диалектика ұғымы философияның ең күшті, жанды бөлігі. Ол дүниенің мәні үздіксіз қозғалыста, дамуда деп түсінуі. Ол дүние өзгермейді, қозғалмайды деген ұғымды

жоққа шығарады. Диалектика – әрі әдіс, әрі ілім. Әдіс дейтініміз ұдайы құбылмалы дүниені зерттеу үшін икемділік керек дегені. Диалектикада ол бар. Ілім дейтініміз өмірді

қайшылық күйінде бейнелеуі. Диалектика ұғымы және ол туралы термин ең алғаш антик дәуірінде дүниеге келді. Диалектика – алғаш диалог, былайша айтқанда әңгімелесу дегеннен туындаған ұғым. Екі адам арасындағы пікір алысу, сөйлесу диалогқа жатады. Осыдан туындаған. Әркім өз сөзінің өтімді болуы үшін, оны біржақты емес, жан-жақты дәлелді етуге тырысқан. Кейін оны алғаш философияға ендірген антик философы Гераклит болды. Ерте замандардан қазақтар сөз дәлелдігін «уәж» деп атаған. Сол уәждің ғылыми дамыған түрі – логика әдісі, дәрежесі – диалектика болып қалыптасты. Диалектика екіжақты өткір қару. Оны дұрыс қолданбасаң, өткір пышақ сияқты қолыңды кеседі. Егер буржуазиялық революция арқылы феодализмді құлатқан капиталистік қоғам уәкілдері кезінде оны кең пайдаланған болса, кейін үкіметке келген соң, олар диалектикалық философиядан іргесін аулақ ұстауға тырысты. Бұл негізсіз әрекет емес. Өйткені, үкіметке келген жаңа үстем тап өкілдері қоғамның одан әрі дамып өзгергенін қаламады. Ол түсінікті де 1917 жылғы Қазан революциясы арқылы құрылған жаңа қоғамда да диалектика шын мәнінде кеңінен қолданылды дей алмаймыз. Бір кезде өз қарсыластары, метафизиктермен идеялық тартыста барынша кеңінен қолданылған, жеңіске жеткізілген диалектикалық әдіс біртіндеп басылып, оның орнына догматизм кеңінен тарап кетті. Әрине, Кеңес жылдарында философияға, оның өткір бөлігі диалектикаға ешқандай кедергі болған жоқ. Оқу орындары диалектикаға, маркстік философияға кең жол ашылды. Сөйтсек те іс жүзінде диалектика оқу жүйесінде, ғылымда ғана орын тапты.

Диалектика – бұл философиялық ілім дедік. Ол бүкіл дүниені, әлемді табиғатты, қоғамды, адам санасын ұдайы қозғалыста деп түсінеді. Ал қозғалыс, өзгеріс болған жерде

қарсылық болады. Даму дегеніміз – сол қарсылықты жеңу арқылы іске асады. Сол процесті бейнелейтін заңды Г. Гегель «Қарама-қарсылықтың бірлік және күрес заңы»

деп атады. Бұл қарсы жақтар қашанда бірлікте, бірінсіз- бірі жоқ, әйтпесе объектінің мәні жоғалады. Мәселен, «ақ» пен «қара», «ұзын-қысқа», «жақсылық-жамандық» т.т. Бұлардың бірі болмаса, екіншісінің мәні болмайды. Бірақ олар тек бірлікте ғана емес, ұдайы күресте болады. Өмір осындай болып қалыптасады. Бұл – диалектика. Олай болса одан қалайша бас тартуға болады? Өмірді дұрыс түсіну, ол оны сол күйінде қабылдап, қажырлы әрекеттену, тіршілік ету, қиындықты табандылықпен жеңу. Тағы бір айтатын мәселе. Диалектикада кездесетін екі ұғым бар: революция және эволюция. Гегельдің қорқатыны

біріншісі. Революция – халықтың ызасы. Бұл табиғатта қыздырған судың қайнап, өзінің сұйық зат қасиетін жоғалтып, буға айналғаны сияқты, қоғамда да заттың сандық, сапалық

өзгеріс заңы бойынша бір қасиетін жоғалтып, екінші қасиетке айналғанына жатады. Бірақ, революциядан басқа қоғамда жай, жұмсақ, бірте-бірте өзгерісте болатыны да бар. Бұл да әлгі заңнан туындайтын жол. Бұл – эволюция. Қоғамды тығырыққа тіремеу үшін халықтың зығырына тиіп, қинамау. Революция – амалсыздық, жойқын әрекет. Революция мен эволюция медальдің екі жағы, аты – диалектика. Айналып келгенде, өмірдің дәлме-дәл бейнесі. Неше түрлі құбылмалық – диалектика ол, процесс, өмірдің өзі. Таным көзбен көру, құлақпен естуден басталады. Бірақ, ол жүйеленген сезім емес. Оны жүйеге келтіретін теория. Теория – оймен құрылған өрнек. Ол байқау, пайымдау арқылы түрлі құбылыстар бірімен-бірі байланыста, бірінен бірі туындайтынын, сондай-ақ кейбір құбылыстар қайталанып отыратынын аңғару, ол қайталау тұрақты ма, әлде кездейсоқтық па, неге байланысты және нәтижесі қандай, осы жағдайларды талдау арқылы, белгілі ой түйіні жасалады. Бірақ, бұл әлі сынау, тексеруді керек етеді. Оны анықтайтын практика. Практикада дәлелденбеген ой-түйіні – теория болса да ғылым емес. Егер дәлелденсе, сонда ғана ол ғылым, негізі заңға айналады. Дамуда қайталу болады. Бірақ, бұл механикалық емес, диалектикалық, жаңаша қайталау. Ол терістеуді – терістеу заңы арқылы жүреді. Олай болса ғылым – заңға сүйенген теория. Бірақ, теорияда түрліше болады, шын, жалған, прогрессивті, реакциялық, пайдалы, зиянды. Қашанда ғылым теориядан тұрады. Бірақ, ғылымға факті (айғақ) де керек. Демек, кез келген айғақ ғылымға негіз бола алмайды. Тек, сол жағдайға негіз болатын факт ғана ғылымға тірек. Ол үшін мәселе айғақтың көп, не аздығында емес, нақтылығында. Нақты факті – ой жүйесін нығыздайды. Алдымен өмірге жүйелі (логикалық) сөйлеу, ой айту келді. Кейін теория жасалды. Кез келген ғылымның өзіндік теориясы, заңдары бар. Теория ойдың жинақталған, артық-кемі алып тасталған, әрі қысқа, нұсқа түрі. Бірақ теория да мәңгі емес. Өмірге, танымға байланысты ол да өзгеріп, дамиды. Мұны білмеу, белгілі бір заманда дүниеге келген теорияны «бас-көзсіз» қайталай беру – әлгі догматизм. Өмірмен тығыз байланысы жоқ теория – схоластика. Теорияны орынсыз, кез келген жерге қолдана беру – софистика. Ғылым осының бәрін көтермейді. Бұл да ғылым тазалығына жататын талап. Философияда теорияны құрастыру деген ұғым бар. Бұл дұрыс пікір. Теория өмірдегі құбылыстарды топтап, жүйелегеннен туындайды. Көшпелілер ой өрнегін де, кілем тоқу өрнегін де жасай білген.

 

78.Информатикада шындық проблемасы. Интернет глобальдық (жаһандық) ми метафорасы ретінде және оның философиялық маңызы.

Информатика (Computer science, informatics) — компьютер және одан басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану зандылықтарын, тәсілдерін, жолдарын зерттейтін ғылым саласы. Компьютерді жасап шығару мәселелерін, оны пайдалану зандылықтарын, ғылыми ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиетін, сондай-ақ оның жаратылу, түрлену, жеткізілу және адамзат қызметінің әр түрлі саласында пайдаланылу заңдылықтарын зерттейтін пәндер: қолданбалы математика, программалау, программалық жасақтамалар, жасанды интеллект, компьютер архитектурасы, есептеу желілері. Ақпараттермині латынның information сөзінен аударғанда (Түсіндіру, Баяндау, Мәлімет) деген мағынаны білдіреді. Ақпарат — қоршаған орта мен онда болып жатқан құбылыстарды таңбалары мен сигналдар түрінде беретің мағұлымат.

Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы.

Әрбір топтарда көбінесе UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды.

Торапты оның иесі - провайдер деп аталатын ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады.

Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз - басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді.

Интернет желісіне әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді . Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ хабар беру тәсілдері туралы бірыңғай келісімдер қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-ның қай-қайсысыда басқа кез келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады.

Интернет технологисы жылдам өзгеріп отырады. Интернет -пен жұмыс істеу оңайланғандықтан, қазіргі өзгерістер торапты кім немесе қандай мақсатпен қолдануында болып отыр. Дегенмен, " Web-тен білгім келген нәрсе туралы, информация таба аламын ба?"-деген сұрақ туындайды. Сол себепті бір жаққа телефон соғудан бұрын немесе кітапханаға барар алдында Web-тен информация алады.

Адамдарды іздеу. Егер қажетті адамыңыздың қайда екенің білмесеңіз, оны қайда болмаса да сіз қазіргі уақытта тауып алу мүмкіндігіғңіз бар. Ол үшін сіз қызмет каталогын немесе телефон кітапшасын қолдана аласыз.

Компанияларды, өнімдерді немесе басқа да қызметтерді іздеу. Сары парақ (Yellow Page) атты жаңа каталог қызметі- сізді қызықтыратын мамандықтары бар компанияларды іздеуге мүмкіндік береді. Оның адресін тез табу үшін сіз сол облысқа сәйкес кодты бере аласыз. Осылайша өзіңіз қолыңыз жетпей жүрген затынызды да табуға болады.

Зерттеу. Заң кенселері бұрын қажетті информациялар үшін сағатына $8600 төлесе, қазір олар оны Интернет-тен өте аз бағаға ала алады. Жылжымайтын заттармен айналысатын фирмалар, олардың бағасын бағалау үшін Интернет-ке сай келетін демографиялық мәләметтерді пайдаланады. Ғалымдар өздерінің соңғы зерттеу нәтижелерімен ауысады. Интернет көмегімен бизнесмендер болашақтағы нарықтарды үйренеді.

Білім. Мектеп мұғалімдері бүкіл әлемдегі оқыту программаларын бақылап отыра алады. Колледж оқытушылары өз шанырақтарымен электрондық почта арқылы хабарласып, сонымен қатар телефонмен сөйлесу ақысын үнемдейді. Студенттер компьютерде курстық жұмыстарын жасайды. Сонымен қатар, диалогтық режимде энциклопедияның соңғы басылымын және басқа да қажетті материялдарды алуға болады.

Сапар. Үлкен, кіші қалалар, штаттар және бүкіл мемлекеттерді Web-те туристік және басқа да қажетті информациялардан табуға болады. Желіде сапар шегушілер ауа райы туралы мәліметтерді, транспорт қозғалысының уақыт кестесін немесе мұражайдың жұмыс уақыттары туралы мәліметтер ала -алады.

Маркетинг және сауда. Мұнда программалық жабдықтарды шығарушы компаниялар өз өнімдерін сатып, желіде жаңа нұсқаларын ұсынады. Желі көмегімен басқа да түрлі өнімдер сатылады. Электронды кітап және грампластинка дүкендерді оперативті режимде істейді. Клиент өзіне қажетті мәліметті каталогтардан көре алады.

Денсаулық сақтау. Науқас адамдар мен дәрігерлер денсаулық сақтау облысындағы соңғы ашылған жаңалықтарды біліп отырады. Өз білімдерімен алмасып және медициналық мәселелерді шешуде бір-біріне көмектесіп отырады.

Инвестиция. Адамдар акция сатып алып ақшаларын пайдалы айналымға жібереді. Кейбір компаниялар өздерінің акцияларын оперативті режимде ұсынады.Осылайша инвесторлар жаңа өнеркәсіптерді, ал өнеркәсіптер капитал табады. Конференция және аукциондарды ұйымдастырушылар хабарлама жасау, өтініш жинау немесе қатысушыларды тіркеу, т.б. жұмыстарды Web-те жасайды. Мұнда информация барлық уақытта жаңарып отырады, мұнда қағазды және транспорт шығынын әлдеқайда үнемдеуге болады.

Дін. Дін немесе басқада қоғамдық ұжымдар Web-те өздері туралы айтып, басқа адамдарды ұжымдарына шақыратын өз парақтары бар.

 

79.М.В. Ломоносов - көрнекті орыс ғалымы, жаратылыстанушысы. Оның 1748 жылғы 5 маусымдағы Л. Эйлерге хаты.    

Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765)–орыстыңұлы ғалымы, жаратылыстанушы, ақын, философ, суретші,тарихшы, ағартушы. Ломоносовтың шығармашылық қызметі өзінің қызығушылық өрісінің кеңдігімен және табиғат сырларына терең енуімен ерекшеленеді. Оның зерт теулері математика, физика, химия, Жер туралы ілім, астрономия салаларына жатады. Бұл зерттеулердің нәтижелері қазіргі заманғы жаратылыстанудың негізін салды.










Последнее изменение этой страницы: 2018-06-01; просмотров: 600.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...