Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Онтологические и методологические основания фундаментальной физики




Физика как наука изучает простейшие и вместе с тем наиболее общие свойства материального мира. Вследствие этой общности физика и ее законы лежат в основе всего естество­знания, она является основой эволюции научных картин мира, способствует синтезу естественно-научного и гуманитарного зна­ния.

Философские проблемы физики включают в себя онтологиче­ские, логико-гносеологические и методологические основания. Специфика методов физического познания связана со структур­ностью, системностью и функциональными особенностями реальности.

Онтологические проблемы физики включают в себя изучение и выявление общих свойств и законов структурной организации и развития различных типов природно-материальных систем и пред­полагают рассмотрение ряда важнейших понятий и принципов.

87. Техника деген не? Техниканың тарихы мен философиясы. Техникалық білімді гуманизациялау және гуманитаризациялау. Қазіргі техногендік өркениеттің болашағы мен шегі.

«Техника» терминінің тамыры грек және латын тілдерінде, алғашқы мағынасында құрылысшының, ағаш шеберінің өнері, шеберлігі, кеңірек мағынасында өндірістегі және басқа қызмет салаларындағы өнер дегенді білдіреді. Орта ғасыр дәуірінде teshne және ars терминдерінің мағыналары бірдей болды. Кейінірек техника мен өнер адам қызметінің екі жеке түрі ретінде беліне бастады: техника адам қызметінің рационалды түріне, ал өнер интуитивтік, шығармашылық процеске айнадды. Мысалы, құрылыс өнері – құрылыс техникасы, фотография өнері – фотография техникасы және т. б. «Техника» термині қызметтің осы саласында қол-данылатын құралдар (инструменттер, приборлар, машиналар) мен білімдерге (ережелер, теориялар, әдістер) байланысты да айтылады.

Философияда техника ұғымы әдетте екі оппозициялық мағынада қолданылады: біріншіден, қызметтің жасанды материалдық құралдарының, яғни артефактілердің жиынтыгы ретінде. Екіншіден, терминнің алғашқы магынасына сәйкес – жасай білудің, әдістердің жиынтыгы ретінде. Сонымен, техника – құралдармен инструменттердің материалдық-заттық ерекше саласы; қызмет тәсілі, оның ішінде – құралды қолдану тәсілі.

Техниканың пайда болуының алғы шарты – табиғатты тану, одан қорғана білу және оны түсінуге талпыну. Оның мақсаты – адамның өмір сүруін қауіпсіздендіру, жақсарту. Техниканың алғашқы түрі – адам еңбегінің құрал-аспаптары мен әдіс-тәсілдері ұзақ уақыт бойы қарапайым деңгейде болып келді.

Техниканың жалпы мәні мануфактуралық өндіріс дами бастаған XIX-ғасырда өзгерді. Бұл кезендерде механикалық машиналар дүниеге келіп,олар адам қызметінде, әсіресе материалдық өндірісте қолданыла бастады, техника ғылым жетістіктерін кеңінен қолдануға негізделген машиналық техникаға айналды, өндіріске индустриалдық қоғамға дейінгі шебердің орнына инженер келді. Техника бірте-бірте өндіріс саласын ғана емес, адам өмірінің басқа салаларын да қамти бастады, автоматтандырылған машиналар пайда болды және бұл процесс өте тез қарқынмен жүре бастады. Бұл тұрғыдан алғанда ХХ-ғасырдың екінші жартысының ерекше болғандығын атап көрсеткен дұрыс.

Техниканың дамуы бүкіл адамзаттың өмірін өзгертті деуге болады. Оның жағымды жақтарын атап көрсетсек:

1) Техниканың дамуы рационалды ойлауды, дәлдікті, еңбек құралдарын үнемді қолдануды қалыптастырды;

2) Ғылыми-теориялық білім ұсынған жаңа технологиялардың өндіріс процесінде және ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылуы әлемдегі көптеген мемлекеттердің экономикасын өркендетті;

3) Техниканың өндіріс процесіне енуі адам еңбегін айтарлықтай жеңілдетті;

Техника дамуының жағымсыз жақтары туралы айтатын болсақ, олар өте маңызды және жағымды жақтарынан басымырақ десек те болады:

1) Техниканың өндіріс процесінде қолданылуы шикізатты, табиғат байлықтарын аяусыз пайдалануды ұлғайтты;

2) Адамның сұраныстары мен қажеттіліктері шектен тыс күшейді, техника, әсіресе, әскери техника саясат саласында күшті құралға айналды;

3) Жеке адамның құндылығы төмендеп, оның орнын техника жасаған құндылықтар басты;

4) Техникаға табынудың нәтижесінде қоғамның механизациялануы күшейіп, тұлғалық сипаты жоғала бастады;

Осындай күрделі мәселелердің пайда болуы осыдан шамамен 100 жылдан астам бұрын философияның жаңа бағыты – техника философиясын қалыптастырды. Техника философиясының статусы туралы әр түрлі көзқарастар бар. Ғалымдардың бір тобы техника философиясын жеке философиялық ғылым ретінде, келесі тобы оны ерекше философиялық мектеп деп бағалайды, ал зерттеушілердің үшінші тобы техника философиясын жаңа, басқа философиялық бағыттарды жоққа шығаратын бағыт деп қарастырады. Біздің ойымызша, техника философиясы жалпы философия ғылымының жеке саласы, оны тым әсірелеу немесе төмендету дұрыс емес.

Ойымызды қорытсақ, техника философиясы техника феномені табиғатын, оның пайда болу және даму кезеңдерін жан-жақты зерттеп, оның қазіргі адамға, жалпы қоғамға тигізетін оң және теріс ықпалын талдайды, техниканың болашағы туралы ғылыми болжамдар жасайды.

Гуманизациялау (ізгілендіру) принципі - оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына ңолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау керек.

Бұл принцип гуманитарлық бағдарды жүзеге асыруды керек етеді.

Бұл принципті іске асыруда халық педагогикасының маңызы зор. Халық педагогикасы қазақ халқының ғасырлар бойы атадан балаға өлмес мирас, өмірлік мұра болып келе жатқан тәрбие жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Әсіресе балаларды ізгілікке тәрбиелеуде халық педагогикасының қағидалары мен салт-дәстүрлерінің орыны ерекше.

Ізгілендіру принципінің шарттары:

• оқытуда жеке тұлғаның ар-намысына тиетін жазалау әдісін қолданбау;

• оқушының өз міндетін орындауға деген ықыласын мақұлдау;

• үлгерімі нашар, жауапкершілігі төмен оқушыларды әдепті, бірақ қатаң түрде айыптау, оларға қателіктерін шыдамдылықпен түсіндіру;

• баланың өзі туралы жақсы бағасын өзіне сенімін, сый-құрметін қалыптастыру;

• қол жеткен жетістіктерді бекітіп, тұрақты түрде талап қою;

• жеке тұлғаның іс-әрекетін дұрыс бағыттап, теріс қылықтардың көрінуіне жол бермеу;

• баланы түсіну, жақсы көру, бірақ талапта қою;

• оқушының табысына шынайы түрде қуану;

• баланың көңіл-күйін ескеру;

• баланың дене кемістігін сөз етпеу;

• баланың өздігін баспау;

• балаларды басқа балалармен салыстырмау;

• баланың ар-намысына тиетін сөз айтпау.

 

88. Платон «Мемлекет». Құрылуы және негізгі идеялары.

Платон көне грекше: Πλάτων (б.з.б. 427 — 347) — ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы. Платон оның лақап аты (жалпақ, кең), өз есімі — Аристокл.

Негізгі шығармалары: “Апология” (Сократты қорғау), “Критон” (заңды сыйлау туралы), “Кратил” (тіл туралы), “Федон” (әдептілік туралы), “Мемлекет” (идеялар теориясы), “Теэтет” (білім туралы), “Тимей”, “Заңдар”, т.б.

Платонның ойынша қажеттілік мемлекетті тудырады. Себебі, біреу егіншілікпен, біреуі мал шаруашылығымен, енді біреу қолөнермен айналысады. Кейін өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін айырбас жасайды. Халық тек бірігіп қана өмір сүре алады деген. Платон адамдарды үш топқа бөлген:

1.Әкімдер.

2.Қорғаушылар.

3.Өндірушілер.

Әкімдер — табиғи жаратылысынан шындықты, ақиқатты,танып біле алатын адамдар болуы керек деген.

Қорғаушылар — мемлекетті қорғайды.

Өндірушілер — мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етіп отырады. Бір таптың екінші тапқа өтуіне болмайды. Әркім өз міндетін атқарады. Ешкім бай-кедей болмағанын қалады деген. Сонымен қатар Платон қоғамдық меншікті қолдады. Ал жеке меншіктің болуы; талас-тартыс туғызады деп түсінді. Мұнда әкімдер мен қорғаушылардың мүддесі ортақ болса, ортақ игілік үшін адал еңбек етеді деп айтқан, яғни барлығының ортақ болғанын жөн көрді. Оларды мемлекет қорғайды деп түсінген.

Платон мемлекеттік құрылысты беске бөлді:

1.Аристрократия — мемлекетті ақсүйектер билейді.

2.Тимократия — мемлекеттік билік бір адам қолында болады.

3.Олигархия — мемлекет азғантай топ қолында болады.

4.Демократия — мемлекет халықтың қолында болады.

5.Тирания — мемлекет күшпен басып алушы қолында болады.

Платонның ойынша бұлардың ішінде ең тиімдісі –аристократиялық мемлекет түрі. Мұнда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері — адамгершілік, абырой, ар-намыс деп саналады. Ежелгі Рим ойшылы Марк Тулий Цицерон (б.з.д. 106-43ж.) саяси даму тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оның «Мемлекет туралы», «Заңдар туралы», «Міндеттер туралы» деген еңбектері бар.

Цицеронның ойынша мемлекет меншікті қорғау, адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабынан туады. Мемлекетті үшке бөлген:

1.Патшалық билік.

2.Аристократия.

3.Демократия.

 

89. Болмыстың құрылымдық байланысы. Бүтін және бөлшек. Себеп және салдар.

“Болмыс” ұғымы- қоршаған әлемдi философиялық тұрғыдан танып бiлуде ең ежелгi, негiзгi және ең маңызды категориялардың бiрi. Болмыс түсiнiгiнiң арғы түбiрiнде “болу”, “бар болу” деген мағынаның жатқаның аңғартуға болады. Бұл түсiнiк адамның айнала қоршаған ортаны бiртұтас (онда адам да, заттар, процесстер мен құбылыстар да өз орының табады) әлем есебiнде танып-бiлуге ұмтылуынан туындаған.

Болмыс мәселесiн әр түрлi талқылау, болмыс ұғымының кеңдiгiнең және абстрактiлiгiнен туады. Шынында да болмыс категориясы адамның және оны қоршаған әлемнiң ең маңызды қасиеттерiн бейнелейдi.Болмыс сөзiнiң әр түрлi мағынасын аңғартуға болады: а)болмыс- адамның санасынан тәуелсiз, тысқары өмiр сүретiн объективтi, материалдық дүниенi бiлдiредi; в) болмыс-бардың бәрiн, өмiр сүретiннiң барлығын-материалдық дүниемен қоса рухани дүниенi де қамтиды; с) болмыс- бар болуды, өмiр сүрудi айқындап белгiлейтiн, реалды дүниенiң барлық түрлерiн қамтитын кең ауқымды философиялық ұғым.

Болмыс- объективтi (материалды социо-табиғи дүние) және субъективтi (адамның психикалық күйлерi, оның санасы, оның рухани дүниесi) нақтылықтың бiртұтастығы. Болмыс- бар болатынның, өмiр сүретiнiң бәрi-бәрi. Әлеуметтiк болмыс- бұл адамдардың бiрлескен болмысы, бiркелкi, дамып отыратың жүйелердi құратың олардың арасындағы алуан түрлi қатынастар, ең маңыздысы экономикалық. Рухани болмыс (саналы, санасыз феномендер, олардың нәтижелерi идеялар, принциптер, нормалар мен ережелер, бiлiмдер т.б.): Индивидуалды рухани болмыс- жеке адамның рухани әлемi: психикасы, жүрiс-тұрысы, өмiр денгейi, мамандық әрекеттерi, бiлiм денгейi т.б. Жалпы айтқанда болмыстың түрлерi материалды да, рухани да бола алады. «Бүтін» және «бөлшек» ұғымдары өзінің мазмұны жағынан «жүйе» және «элементке» өте жақын. Дегенмен де олардың айырмашылығы да жоқ емес.Бүтін деп өзінің іштей байланысты құрамдас бөлшектерін бірлікке әкеліп, оларды анықтайтын зат, я болмаса құбылысты айтамыз.Бөлшек деп бүтіннің құрамына кіріп, оның сапалық қасиеттерін өз бойына қабылдайтын зат, я болмаса құбылысты айтамыз. Бүтін мен бөлшектің жүйе мен элементтен айырмашылығы - бүтін заттың бірлігін, ерекшелігін көрсетсе, жүйе - бірліктің көптілігі арқылы көрінеді. Бөлшек бүтіннен тыс байланысқа түсіп өмір сүре алмайды, ал элемент бір жүйенің құрамдас бөлігі ретінде, сонымен қатар, басқа байланыстарға да түсуі мүмкін. Бөлшек әрқашанда бүтіннің ерекшелігін көрсетеді, сонымен қатар өзіне тән ерекшелігін де бойында сақтайды. Ал бүтінге келер болсақ, ол өзінің бөлшектерін біріктіріп, солар арқылы өз ерекшеліктерін болмысқа әкеледі.

Диалектикалық материализмнің зерттейтін заңдары оның ұғымдары мен категориялары сол ғылымдардың барлығында да кездеседі және зерттеу процесінде пайдаланылады. Сан мен сапа, себеп пен салдар, форма мен мазмұн, мән мен көрініс, қажеттілік пен кездейсоқтық, кеңістік пен уақыт, материя мен қозғалыс, өзгеріс және даму тәрізіді. Диалектикалық материализм — революцияшыл пролетариаттың дүниеге көзқарасы, маркстік ілімнің бір саласы, оның ғылыми философиялық негізі, марксизм философиясы.

 

90. Норберт Винер және оның ізбасарлары ашқан кибернетика ғылымы.

Норберт Винер Ресейден шыққан славян тілі профессорының баласы. Ол 18 жасында Гарвард университетінде философия докторы ғылыми дәрежесін алды. Содан соң Кембриджде Бертран Расселмен және Геттингенде Дэвид Гильбертпен бірге жұмыс істеді.

Винердің мексикалық психолог әрі кардиолог Артуро Розенблютпен бірге қызмет атқаруы, оның «адам мен компьютер» проблемасына көзқарасының қалыптасуына үлкен ықпалы тиді.

Сондықтан да оның «Кибернетика» атты кітабы сол Розенблют ке арналған еді. Винер араласқан ұлы ғалымдардың бәрін атап шығу мүмкін емес, соның ең атақтылары: Альберт Эйнштейн, Макс Борн, Ричард Курант, Клод Шеннон, Феликс Клейндер болатын.

Норберт Винердің «адам мен компьютер» проблемасына назар аударуының бірқанша себептері болған. Ең алдымен оны техника-дағы, тірі табиғаттағы және қоғамдағы коммуникация мәселелері қызықтырады. Одан бөлек, ғалым өмірінің бірнеше жылын арнаған әскери тақырыптан алшақтағысы келеді.

Винердің компьютерге байланысты ешқандай практикалық жұмыстарының жоқтығына таңғалудың реті келмейтін сияқты, өйткені ол бұл кезде одан да маңызды нәрселермен айналысып жүрген еді. Винер сол кездері кибернетикалық философияның негізін қалады және осы салада өз мектебін ашып, осы ілімін шәкірттері мен ізбасарларына табыстап кетуінің өзі неге тұрады. Шынтуайтына келгенде, Интернеттің пайда болуына әкелген көптеген жұмыстар, осы Винер мектебінің еншісіне тиесілі.

Шамасы, Винер цифрлық компьютердің пайда болуы адамның компьютермен қарым-қатынасын түбірімен жаңа деңгейге көтеретіндігін алғашқылардың бірі болып түсінген. Бүгінгі күні әр компьютер түрлі интерактивті құрылғылармен жабдықталған кезде, көп нәрсеге қол жеткенін анық айта аламыз. Алайда өткен ғасырдың 40-50 жылдары есептеу машиналарының ролі жөнінде біріне-бірі қарама-қайшы пікірлер жетіп артылатын: бір ғалымдар, есептеу машинасын тек есептеу құралы деп қана білсе, ал енді біреулері оларды адамның ақыл-ойынан тыс қабілетке ие болады деп көрегендік жасады. Винер бұл екі көзқарасты да қате деп есептеді.

Норберт Винер өмірінің соңғы кезеңінде пәлсапалық және этикалық проблемаларға ой шалдырды, ол ойлары оның соңғы «God and Golem» атты кітабында көрініс тапты. Ол одан басқа «Мен -математикпін» және «Бұрынғы вундеркинд» деген мемуарлардың да авторы.

Ақпараттық технологияның аяққа тұру кезеңдерінің маңызды-лығын мойындай отырып, кибернетика – тек өткен шақтың ғана емес, керісінше, оның болашақтың да ғылымы екендігін ескеруіміз керек. Кибернетика деп атап жүрген гректің kebernetes сөзінің тағы бір мағынасы – бастаушы, жетекші дегенді білдіреді.

Көптеген жылдар бойы жасалып келген кибернетикалық жүйелердің барлығы дерлік, «басқарушы-адамды» ескермегені түсініксіздеу.

Осыдан бірнеше жыл бұрын кибернетиканың жаңа бағыты - екінші ретті кибернетика (second-order cybernetics) пайда болды. Оның бұрынғы классикалық бағыттан айырмашылығы, енді оның басқару аймағына бұрынғы дәстүрлі таза машиналық бақылаушы-адамның да енетіндігінде болып тұр.

 

91. Химия ғылымының философиялық мәселелері. Химимяның классикалық биклассикалық философиясы.                                                                                                          Химия философиясы — химияның іргелі түсініктерін, даму мәселелерін және әдіснамасын ғылымның бір бөлігі ретінде зерттейтін философияның бір бөлімі.Ғылым философиясында химиялық мәселелер,адамның білімділігіне алып келетін экстремалды танымды жағдайдайдағы физика философиясына және математика философиясына қарағанда қарапайым орынды алады. Химия философиясында химиялық білімнің және химияның іргелі түсініктерінің эволюциясының философиялық даму сараптамасының маңызы зор. Бұл сараптамада үлкен үлесін қосқан ғаымдардың бірі орыс химигі және философы В.И. Кузнецов, ол химияның тұжырымдамалық даму жүйесінің теориясын ойлап тауып және соны ары қарай дамытты 1989. Гегельдің «Логикасында» абсолюттік идеялардың тарихи қалыптасуы сипатталады, және де «шындықтың» үш түрі еске түсіріледі: механизм, химизм және организм.                                                                                         Химия және физика өзара қатынасының философиялық мәселелері. Кванттық механика химия мәселелерін қолданбалы математикаға нақты алып келеді. Бұл жағдайды Г.М. Шваб химияның теориялық білім дағдарысы деп айтқан. Дегенмен химиялық құбылыстар өзінің күрделілігіне орай физикалық құбылыстарға түйіспейді. «Шикізат физик үшін – көбінесе тек оны қызықтыратын іс шаралары орындалатын алаңы ретінде; тек егер, байқалған құбылыстар, үрдіске сантүрлі үлгілерді қажет еткен кезде мүлдем басқаша орын алса, ол әртүрлі шикізаттармен жұмыс жасауы мүмкін. Ал химикті дәл сол шикізаттың өзі және сол шикізаттың топтары қызықтырады. Физикалық тұрғыдан туындамайтын және химикке ең маңызды сұрақтардың бірі ол – «Сутек атомын метилға, этилға пропилға және т.б. немесе калий, рубидий, цезийға ауыстырғанда қасиетімен(балқу температурасымен, электр өткізгішімен және т.б) не болады?» деген сұрақ (П. М. Зоркий) Химияда химиялық түрленулердің үстінде физиканың динамикалық және статикалық заңдарымен түйіспейтін себептіліктің жаңа түрлерінің пайда болуымен айқындалады. Бұл себептіліктің түрлері химиялық түрленулердің деңгейінде өзін өзі айқындайды.Мысалы химияда реакцияның каталитикалық бақылау жүруі мүмкін, ол тепе теңдік күйін бұзбай үрдісті баяулатады немесе жылдамдатады. Химия және биология өзара қатынасының философиялық мәселелері. «Өмірдің туындауына әкелетін химиялық эволюция - биогенез, өмірде дамудың барлық мүмкін үрдістердің ішіндегі бірі, яғни өлі табиғаттан тірі табиғатқа ауысуының жалғыз диалектикалық формасы болып табылады.» (А. П. Руденко) Материяның әрекетінің химиялық формасын оқып білу, заттың эволюциясының химиялық этапын қарастырмай, яғни химияның уақыт және тарихи сипаттамаларынан тыс оқып білуге болмайды. (Ю. А. Жданов)                Мәселен, біз білетін дүние бар. Ал, ғалымдар бұл дүниеге қарама-қарсы антидүние (антимир) бар дейді. Мәселен, ең жеңіл элемент водород (сутегі) бір атомнан тұрады. Ол атом ішінде бір ғана плюс заряды бар протон мен теріс зарядты электрон бар. Ал антидүниеде бәрі керісінше болмақ. Олар антиводород (антисутегі) антипротон, антиэлектрон болуы керек39. Бірақ, ондай элементте, антидүние де ашылған жоқ. Бірақ, теориялық ойласаң ол мүмкін. Егер ол ашылса әлем қандай болмақ? Ғалымдар бізге параллель тіршілік бар дегенді де айтады. Ғалым алдында осындай мәселелер шексіз туындай бермек. Ашылғандары бүгін жаңалық, ертең ғылым тарихы. Ашылмағаны болашақ сыбағасы. Қазір біз материяны айтамыз. Біздің өмірімізде алма ағаш сабынан құлап жерге түседі. Оған себеп әлемдік тарту күші. Ал антидүниеде бұл қалай болмақ екен? Протонның антипротонға айналуы лабораторияда секундқа жетпес болса, сол процессті баяулатып минутқа, сағатқа, аптаға созуға бола ма? Әлде процесс басқаша шешіле ме? Міне мұның бәрі ғылымның таным арқылы күрделенуі шексіз екендігі. Бұларды тудыратын адам ойы, ақылы ғана емес, ғылымның ішкі даму логикасы, бір жаңалық бір жаңалықты тудыратыны. Адам ақылы – соларды байқап, тізгіндеп отыруы тиіс. Бұл ғылым философиясына жататын проблема.                                                          В ХIX-XX вв. происходит принципиальная смена философских парадигм – методов, категорий, установок и проблематики философских исследований, что обозначается в литературе как переход от классической к неклассической философии, своеобразным водоразделом между которыми является философия немецкого трансцендентального идеализма (И. Кант, Г. Гегель), воплощающая в себе уже некоторые черты трансформации классической традиции.                                                                  Специфика классической философии:

• Идея разума как объективного и основополагающего начала, определяющего порядок природы и устройство человеческого мышления – рационалистический характер философствования;                           

• Представление о человеке как ответственном и деятельном субъекте, свободной, творческой личности, опирающейся на свой интеллект и принципы морали – отождествление мышления и практики, рациональная этика;                                                      • Представление о разуме философа как привилегированной точке отсчета, помещенной над бытием, в абсолютной перспективе – «объективизм» познания.      

• Познание как достижение объективной, абсолютной и общезначимой истины – абсолютный характер философских умополаганий.

 • Ориентация на стандарты естественнонаучного познания, на строгие нормы организации научного знания, на четкие понятия научного языка – органичное отождествление философии с наукой.

 • Ориентация на прозрачность познавательных процедур, на ясность и точность рассуждений – научно-рациональный стиль философского познания;                      В целом классической философской традиции были присущи: объективизм, предполагающий независимое от человека существование мира как данности;субстанциализм, согласно которому единство законов универсума обеспечивается наличием вечной и неизменной субстанции (Бог, материя, разум);созерцательность, поскольку философия мыслилась как высший род умозрения; видимость беспредпосылочности философского знания, ведь философы стремились мыслить за всех, универсально и объективно постигая абсолютную истину. Сама философия мыслилась как «высший род знания» (Аристотель), «наука наук» (И. Фихте). Классическая философия преимущественно выступала как метафизика, видящая мир единым, устойчивым и целостным, и ориентированная на постижение предельных оснований, фундаментальных структур реальности. Все эти особенности предопределили последующую критику философской классики мыслителями ХIX-XX в. В их творчестве заново переосмыслены критерии аутентичности философии, цели и смысл философствования, созданы предпосылки для радикального расширения ее предметной области.       Базовые ориентации современной неклассической философии:

 • Методология: отрицание или существенная трансформация метафизики. Новая установка: идея исчезновения реальности, ее принципиальной недоступности, ее «симуляции» разнообразными образами, заслоняющими ее самое, идея отсутствия какого-либо принципиального разграничения между видимостью и реальностью;        

• Познание: отказ от априоризма и трансцендентализма в познании. Иррационалистическая философия проповедует примат неразумного начала в бытии и человеческом существовании (воля, интуиция, бессознательное), выражая радикальный протест против панлогического усечения и упрощения мира. Определение нового объекта философской рефлексии как принципиально непредметной, дотеоретической целостности. Отказ от идеи тождества Бытия и Мышления (Мира и Разума), а также от возможности системных описаний последних.                                                                    • Онтология: переосмысление классической онтологии и субъект-объектной схемы ее представления и познания. «Бессубъектная философия»: субъект всегда находится и мыслится как находящийся не вне, а внутри мыслимого, будучи необходимо вовлеченным в то, что он собирается помыслить (герменевтика) - ситуация взаимопринадлежности, диалогичности субъекта и объекта в противовес классической субъект-объектной дихотомии, формирование субъект-субъектной установки познания.

• Язык: отсутствие полагания тождества бытия и языка. Язык рассматривается уже не только как средство описания мира, а как способ его конституирования. Лингвистический поворот от философии сознания к философии языка.

 • История: в отличие от классической философии, ориентированной на поиск определенных закономерностей в историческом процессе, на постижение его смысла и цели, в неклассической традиции исповедуется представление о сменяемости, а не преемственности цивилизационных образований, уникальности и неповторимости исторических событий

• Установки и стиль: образный, фрагментарный, эмоционально насыщенный и полисемантичный характер написания философских текстов. Отказ от попыток создания завершенных философских систем, акцент на обнаружении уникальных, характерных (идиографических) свойств и отношений в предметах в противоположность поиску универсальных законов их существования.

 

92.Р. Декарт «Әдіс туралы ой толғау». Оның танымдағы рационалдық әдісінің төрт ережесі.

Рене Декарт (1556-1650). Ол- француздың атақты философы, дворяндар отбасынан шыққан. Оның басты еңбегі- «Әдіс туралы ой-толғау». Космология (дүниенің құрылымы), космогония (планеталардың пайда болуы және дамуы) жөнінде, физика және физиологияда Декарт-материалист болды. Ол дүниенің өздігінен жаралғанын, оның даму заңдылықтары бар екенін, бірақ олар механикаға негізделгенін айтты. Ал психологияда, таным теориясында ол идеалист болды. «Мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін –деген қағиданы айтты. Мен еш нәрсеге сенбеуім мүмкін, бірақ сол сенбестікті ойлай алатыныма сенбеуім мүмкін емес. Ойлай білу- тірлік кепілі»,-деді. Бірақ ол өзін материалист екенін анық байқатты. Декарт- рационалист. Таным процесінде сезімнен гөрі ойлауды жоғары қойды. Декарт сонымен бірге жаратылыстану ғылымдарының дамуына үлкен ықпал жасады.                                                                      «Әдіс туралы ой толғам» деген еңбегінде Рене Декарт екі түрлі ғалым кездесетінін айтады. Бірі өзін бәрінен жоғары ұстап, тек өз ойын дұрыс деп, басқа пікірмен келіспейтін пенде. Ондай адам бір рет қателессе дұрыс жолға еш түспейтін, адаса беретінін айтады. Екіншісі өз ойы жоқ, әркімнің пікірін қоштайтын адам дейді. Осы екеуін айта келіп, өзінің бұл екеуіне де қосылмайтынын білдіреді. Шындында ғалым өз ойын дәлелдеп те, айта да, қорғай да білуі керек. Ол үшін терең зерттеуде басқалардың пікірімен есептесу де керек. Ғалым менменшіл де, жалтақта болмауы керек. Мысалдар көп. В.И.Вернадский, мәселен үлкен биогеохимик. Ол Фаустпимен терең танысқаннан кейін мынадай қорытынды жасады. «Бұл көркем-философиялық еңбекте адамның ішкі құрылымын зерттеуде оның жаңалығы биология, анатомия, морфология, генетикамен барабар, тең» деген пікір айтты. Міне, бұлеркіндікжәнебіліпайтылғаннақты ой.       Әрнәрсені білу үшін анық нәрсені алу керек. Сосын әрбір түсініксіз ұғымды аныққа бөлу керек, содан кейін анықтан анықсызға қарай көтерілу керек. 4-шісі барлық анық нәрселерді картотекаға түсіру керек. Сосын үйреніп, тануға болады деген. Бұл негізі жалпы айтқанда «Метафизика», Өмірде негізінен бұлай болмайды, әрбір нәрсені білсек, ол ертең жаңа жағдайға сәйкес өзгеріп отырады.

93.К. Маркс Гегельдің «Философия тарихы» және «Тарих философиясы» жайлы лекциялары туралы.

Философия б.ғ.д. VI-V ғ.ғ. пайда болып, өзінің бүгінгі ахуалына келді. Қайсыбір философия, Гегельдің айтуына қарағанда, оймен ұсталып қалынған өз заманы, дәуірі. Философия тарихы, олай болса, адамзаттың ой-өрісінің даму тарихы, шегіне жеткен ең жалпы адам мен Дүниенің қарым-қатынасы жөніндегі мәселелерді шешудегі өз заманымен шектелген ойлау, рух талпынысы.

Философия тарихы сонау көне заманнан бері қалыптаса бастады. Оның қайнар көзі - Дүние мен адамның байланысы жөніндегі алғашқы жиналған ойлар мен пікірлер, оларды белгілі бір жүйеге келтіріп, сараптау қажеттігі, соның негізінде әрбір философтың өзінің ой-пікірін жеке көрсетуге тырысуында жатса керек. Сондықтан Кон-фу-Цзы, Платон, Аристотель сияқты көне замандағы.i ірі ойшылдар өздерінің көзқарасын бұрынғы тарихта қалыптасқан пікірлермен салыстырып, оларға баға береді.

Сонымен қатар сол көне заманда өз шығармашылық еңбегін тек қана әдейі философия тарихына арнаған ойшылдар да болды. Оған, мысалы, III ғ. өмір сүрген Диоген Лаэртийді, Секст Эмпирикті жатқызуға болар еді. Д. Лаэртийдің «Атақты философтардың өмірі мен ілімдері, нақыл сөздері», С.Эмпириктің «Ғалымдарға қарсы» деген еңбектері арқылы біз көне замандағы философия ішіндегі ой-тартысты, әрбір ойшылдың шығармашылық тәжірибесінің ерекшелігін байқаймыз.

Орта ғасырларды алатын болсақ, онда философия тарихы көбінесе тарихтағы болған ұлы философия еңбектеріне жасалған комментарийлер (түсініктер) арқылы көрінді. Мысалы, Әл-Фараби Аристотельдің шығармаларын тек қана араб тіліне аударып қана қойғанжоқ, сонымен қатар өзінің кең түсініктемелерінде оларға баға беріп, басқа грек ойшылдарының еңбектерімен салыстырып, олардың бір-бірімен сабақтастығын көрсете білді.

94. Сабақтастық – ғылым дамуының заңы. А. Майкельсон – ғылым тазалығына күрескер.

Ғылым ғалымдардың тәжірибесі пікір-таласы, ой бөлісуі, сабақтастық арқылы дамиды. Мәселен, XVIII ғасырда өмір сүрген, бір бағытта топ болып жұмыс атқарған француз философтары К. А. Гельвеций (1715–1771) мен П. Гольбахтың (1723–1789) пікірлері кейбір мәселелер жайлы алшақ болса да, олардың бір болуына кедергі келтірмеген. Айталық, К. Гельвеций адам табиғат сыйы емес, тәрбиенің нәтижесі деп өзінің «Адам, оның ойлау қабілеті және тәрбиесі» деген кітабында жазған болса,          П. Гольбах «Табиғат жүйесі» деген кітабында адам табиғат жасандысы, ол табиғатта өмір сүреді. Оның заңдарына бағынышты. Адам одан ой түрінде де өзін бөліп, ажырата алмайды деп жазды. Классиктік неміс философиясы өкілі И. Кант (1724– 1804) «Таза ақылға сын» деген кітабында «философия болашақ ғылымның идеясы десе», Г. Гегель «Менің ғылымым философия, оның жаңа түрі» – деген болатын.

Диалектиканы И. Кант, көрініс логикасы десе, Г. Гегель «Диалектика философия – жаны» дейді. Мұнда Г. Гегельдің ғылым «жаны» деп отырғаны философия тірегі диалектика екендігі. Өйткені Г. Гегель диалектиканың жалпы заңдарын ашты, оны ғылымға айналдырды. Егер Г. Гегель (1770–1831) «Шындық дегеніміз біздің ойымыздың танымда объектіге дәлме-дәл келуі», десе, И. Кант таным процесс, сондықтан «субъект пен объект ара қатынасында дәлме-дәлдік болмайды» деген болатын. И. Канттың пікірінше, шындық ол білместіктен біліктілікке, саяздан тереңге қарай таным процесі, ол ешқашан біржолата шешілмейді. Өйткені әлем қозғалыста дейді. Бүгін білгенің ертең өзгереді, көнереді

Ашық ой, пікір айтылған жағдайда қашанда ғылым, өмір дамиды. Мәселен, И. Кант ақыл қайшылықтан тұрады, оны тәжірибе арқылы шешу мүмкін емес деп, сол арқылы ой антиномиясын жасаған болса, Г. Гегель қайта сол қайшылықтардан шығарып, өзінің диалектикалық үш жалпы заңдылықтардың бірі – қарама-қарсылықтың бірлік және күрес заңын ашты дедік. Түрлі талас, пікір ой қозғайды, ал біркелкі пікір, бірдей тұжырым адам ойын маужыратады. Ғалым ғылым жасаушы және оның тазалығын сақтаушы күзетшісі болуы керек. Ғылымда пікір таласы біреудің біреу жағасынан алу емес, тек ой бөлісу. Өз пікіріңді ой жүйесі және нақты фактімен дәлелдей білу. Дұрыс болса, ол қабылданады, ғылым дамиды. Эфирді ең алғаш ашқан ағылшын физигі Дж. К. Максвелл (1831–1879) болатын. Ол электромагниттік өріс (поле) қандай орта арқылы тарайтынын ойланып, Г. Герц пен (1857–1894) бipгe сол орта-эфир деп шешті. Ол қатты құбылыс екенін айтты. Кейін сол эфир туралы екі физик ғалымдар арасында пiкip, талас басталды. Бipi – француз физигі О. Ж. Френель (1788–1827), eкiншici, ағылшын физигі Дж. Стоке (1819–1903). О. Ж. Френель пікірінше, жер қозғалмайтын эфир арқылы жүріп, сол эфирді аздап өзіне iлiп алады, оны «эфир желі» деп атады.

Ағылшын физигі Дж. Стокс пікipi бойынша жер эфирмен бipгe бірдей қозғалыста, сондықтан эфир қозғалысы нөлге тең деген болатын.

Американ ғалымы, эксперимент жасаушы А. Майкельсон (1852–1931) тексеру тәжірибесін жүргізіп, 1881 жылы Дж. Стокс пікірін дұрыс деп шешті9. Бipaқ, Нидерланд физигі лорд К. А. Кельвин (1824–1907) Дж. Стокс пiкipi қайшылыққа толы, Майкельсон тәжірибесі Френель пікірін жоққа шығармаса да, Стокс пікірін дұрыс деп тапқаны күмәнді деп пiкip айтты10. Шынында да мәселе солай шешілді. Әрине, кейін А. Майкельсон да Нобель сыйлығына иегер болды11. Бipaқ, әлгі қателігі үшін емес, басқа да жүргізген еңбектері үшін. Олай болса, бұл айтылғандар таза ғылым жолы өте ауыр екенін көрсетеді. Сонымен, ғылым бастауы идея, болжам, кейін теория. Сол теорияны ымырасыз тексеретін эксперимент. Ол талап әділ болмайынша ғылым жоқ. Әрине, ондай тексерісте кезінде қате де кeтyi мүмкін. А. Майкельсон, Э. Mopли жүргізген бұл эксперимент қате болды. Бipaқ өмip оны жөндеді. Әрине, ғылымда сабақтастық бар, ал сыбайластық болмауы керек. Тазалық ғылымға ауадай қажет.

 










Последнее изменение этой страницы: 2018-06-01; просмотров: 300.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...