Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Сыни рационализм. Постмодернизм 16 страница




Экологиялық өркениет жағдайында экологиялық сананың маңызы үлкен. Қазақстанның экологиялық дағдарыстан шығуының маңызды бағыттарының бірі, тұрақты даму жолымен жүре отырып, мәні, мақсаты азаматтардың экологиялық білімін, экологиялық мәдениетін, экологиялық тәрбиесін дамыту болып келетін экологиялық – ағартушылық табылады, ондағы басты мақсат қоғамның экологиялық санасын өзгерту, адамның табиғи ортаға деген қарым – қатынасын түбірімен өзгерту болу керек.

Экологиялық өркениеттілік – бұл табиғи инстинктердің мәдени, жағымды іс – әрекет жағына сублимация үдерісі. Экологиялық мәселелер адамның мінез – құлқын белгілейді және оның санасының өзгеруін талап етеді. А.Д. Урсул экологиялық өркениеттің үш қалыптасу кезеңін атап өтеді. Бірінші кезең, экологиялық ахуалды жақсартатын заңдарды қабылдаумен байланыстырылады. Яғни, экологиялық қылмыс кодексін нығайту керек. Екінші кезеңде табиғаттың ластануы мүмкіндігінше азайтылып, биосфера ресурстары тұрақтандырылады. Үшінші кезеңде демографиялық мәселелер түбегейлі шешіледі.

«Экологиялық мәдениет» түсінігінің мазмұны материалдық және рухани жақтарды қамтиды. Материалдық жаққа адамның еңбек ету үдерісіне қатысты бөлігі жатса, рухани жағына адамның табиғат құндылықтарын, оның сұлулығын, табиғат байлықтарына қамқорлықпен қарау жатады. Әлеуметтік экология мәселелерінің жүйесінде «экологиялық мәдениет» «экологиялық сана», «экологиялық ойлау», «экологиялық білім», «экологиялық тәрбиеге» қарағанда кең ауқымды қамтиды.

 

73.И. Кант «Таза ақылға сын» (Құрылымы және негізгі идеялары).И. Канттың априоризмі және агностицизмі.

Канттың :“Таза зердеге сын” еңбегінің трансцендентальды эстетика деп аталатын бөлімі сезімнің формалары туралы ілім. Сезімнің априорлы формалары – уақыт пен кеңістік, математика ілімімен тығыз байланысты болғанымен, олардың дүниетанымға тікелей қатысы бар. Кеңістік – априорлық танымдағы сезімділіктің сыртқы формасы, ал уақыт болса – сезімділіктің ішкі формасы. Міне, осы анықтамасы арқылы ол өзіне дейінгі философтардың сезімділіктің формалары – кеңістік пен уақытты тек онтологиялық түрде, яғни оларды заттардың өмір сүруінің формалары ретінде қарастыруына қарсы шықты. Сөйтіп, Кант уақыт пен кеңістік жаратылыстану саласындағы ұғымдар ғана емес, олар дүниетанудың сезімдік формалары екендігін философия тарихында алғаш рет айқындап берді. Мұндай көзқарас уақыт пен кеңістікті метафизикалық тұрғыдан пайымдап келген жаратылыстану саласының өкілдеріне ғана емес, сондай-ақ, осы формаларды философиялық танымдық негізде түсіне алмаған ойшылдарға да қарсы бағытталған. Өйткені, әрбір ғалым, әсіресе, жаратылыстану саласымен айналысатындар белгілі бір нысанды уақыт пен кеңістік арқылы зерттеп тани алады. Канттың айтуынша, сыртқы дүние біздің сезім мүшелерімізге әсер ете отырып, көптеген түйсіктер жинақтаған материалдар мен фактілердің пайда болуына жол ашады. Бірақ, олар тек құбылыстарды, заттарды бейнелейді. Олар әлі де білімге әкелмейді. Ал бұл құбылыстарды білу – адамның ойлау қызметінің жемісі. Ендеше, таным туралы ғылым, ол ең алдымен ойлау туралы ғылым – логика. Канттың “Таза зердеге сын” еңбегінің негізгі бөлігі “трансцендентальды логика” (латынша трансцендентальды – аттап өту) білім категорияларының пайда болуын қарастырды. Философияда білім, ұғым, сана, идея тәжірибе арқылы пайда болмайды, оны аттап өтеді. Ал тәжірибе білімдердің жиынтығынан пайда болады. Сезімділік формалары жинақталған материалдар мен фактілер белгілі бір ұғымдар арқылы анықталуға тиісті. Осы заттар мен құбылыстар пайымдау категорияларын тудырады. Категориялар, Канттың айтуынша, тәжірибе заттарындағы объективті, жалпы және қажетті байланыстардың пайымдық синтезінің формалары. Кант зерденің кемшілігін таным теориясынан аңғарып қана қоймай, оның практикалық өмірдегі мәнін анықтауға да ұмтылды. Бұл жағынан алғанда оның зерде туралы ілімі екінші бір қырынан көрінеді. “Мен нені білуім мүмкін?” деп сұрақ қойған. Канттың “Практикалық зердеге сын” еңбегі - Кант оған :“Практикалық зердеге сын” деген шығармасында жауап беруге тырысты. Бұл шығарма негізінен этика мәселелерін, яғни адамгершілік, мораль, парасат мәселелерін және оларды шешуді қамтиды. Сөйтіп, Кант теориялық зердеден, оның шешілмейтін шым-шытырық қайшылықтарынан – практикалық зердеге қарай өтті. Кант адамның еркі, бостандығы туралы мәселелерде, негізінен алғанда, француз ағартушылығының, әсіресе, оның көрнекті өкілі Ж.-Ж.Руссоның ықпалында болғандығы байқалады. Сондықтан Кант тірі жандардың ішінде ең саналысы – адам деп санады. Осы мәселелерді өзінің “Практикалық зердеге сын” деген шығармасында жан-жақты талдады. Атап айтқанда, философ еркіндіктегі себептілік идеясы арқылы жаңа заман ойшылдарының біразына сын айтты. Ол, әсіресе, Спинозаның жалпыға тән себептілікті қамтамасыз ету ілімін барынша сынады. Канттың ойынша, адамның адамдығын айқындайтын нәрсе – парасат пен адамгершілік. Ендеше, адамгершіліктің өзі адамның еркіндікте екендігін көрсетеді. Сонымен бірге адамгершілік, парасат адам баласының бақытқа қарай ұмтылуымен тығыз байланысты. Бірақ бақыт деген ұғымның өзі эмпирикалық, оның өзгеруі мен дамуы белгілі бір дәуірдің жағдайымен байланысты. Ендеше, адамгершілік деген не? Біз адамгершілікке ие болған адамды қалай қалыптастырамыз? Шындығында, ондай адамды қалыптастыру үшін материя керек. Ендеше, бұл мүмкіндіктің жүзеге асуы үшін, ол адамгершілік болуы үшін форма қажет. Мұндай категориялы форма, Канттың ойынша, парыз деп аталады. Егер адам белгілі бір іс-әрекетте парызға сәйкес іс атқарса, ондай адамда адамгершілік бар, ол парасатты. Алайда, адамның іс-қимылында әлі де адамгершілік, парасаттылық жоқ. Қайырымдылық өзінен-өзі адамгершілік не парасат бола кетпейді. Өйткені қайырымдылық міндетті түрде белгілі бір парызға сәйкес келуі керек. Бірақ бір мәселенің шешілмей тұрған жайы бар. “Мен мұның адамгершілік, әлде адамгершілік емес екендігін қайдан білемін?”. Бұған жауап ретінде Кант барлық адам баласына ортақ болып есептелетін тұжырымды императив ұсынады. Бұл адамгершіліктің заңы. Ендеше, адамгершілікті адамгершілік сақталмайтын кездегіден айыру үшін адамның өзін мақсат деп білу міндет. Сен өзіңнің іс-әрекетіңде басқаға, барлық адамға мақсат ретінде қарауың қажет. Кімге болмасын, сен оған тек құрал ретінде қарама. Сондықтан, Кант мақсат – оған жету жолындағы құралдарды ақтайды деген теріс принципке жан-тәнімен қарсы шықты. Сөйтіп, ол философия тарихында алғашқылардың бірі болып гуманистік, адамгершілік рухтағы этиканың негізін қалады. Канттың ойынша, адамгершілік заңын жай ғана қағазға жазып, іліп қоюға болмайды. Адамға, ең алдымен, құдайдың болмысын және мәңгі өшпейтін, өлмейтін идеяны беру керек. Бұл адамгершіліктің мақсатына жатады. Сондықтан ұлы философ бұл шығармасында зердеге қарсы шығып, сенімге қарай жол ашады. Оның айтуынша, Құдайдың болмысын ғылыми түрде дәлелдеу мүмкін емес, бірақ Құдайға сену адамгершілікке бастайды. Канттың осы идеясы, зерделі ойы кейінгі ойшылдар мен ақын-жазушыларға ерекше әсер етті. Канттың философиясына талдау жасай отырып, қысқаша мынадай қорытындыға келуге болады. Ол өзінің зерделі философиясы арқылы өткен заман ойшылдары тап болған қайшылықтарды шешуге тырысты. Ең алдымен ол 17 – 18 ғасырлардағы философияда өріс алып, кейін келе өзара сыйыспай, бір-бірінен алшақ кеткен эмпиризм мен рационализмнің басын біріктірмекші болады. Бұл жағынан алғанда, Кант үлкен жетістіктерге жетті. Ол таным теориясында адам танымының қабілеттілігін сезімділік пен пайым деп бөле отырып, олардың бірлігін көрсетті. Канттың ойынша, сезімділік пен пайымның айырмашылығы, танымның бірі – мазмұны, екіншісі – формасы болғандығында. “Сезімділіксіз бірде бір зат бізге берілмес еді, ал пайымсыз олардың бірде бірін ойдан өткізу мүмкін емес. Ойда мазмұн болмаса, ол бос нәрсе, ал аңдаушылық ұғымдарсыз соқыр...”. Бұл екі қабілеттіліксіз таным процесі болмайды. Міне, өзінің осындай ілімі арқылы Кант ұзақ жылдар бойы айтыс-тартыстың қайнар көзі болған эмпиризм мен рационализмді бірлікте деп қарап, проблеманың шешімін тапты.

 

74.Техникалық оптимизм және техникалық пессимизм: техника апологиясы және оған сын.

Оптимизм және пессимизм (лат. optіmusжарқын, pessіmusқара түнек) – болашақ туралы бір-біріне қарама-қарсы көзқарастар жүйесі. Оптимизм болашаққа жарқын сеніммен, түбінде жамандықты жақсылық, әділетсіздікті әділеттік жеңеді деген сеніммен қараса, пессимизм, керісінше, сары уайымшылдықпен қарайды. Оптимизм мен пессимизмнің екі тұрпаты бар. Біріншісі, белгілі бір негізде ашық не жасырын түрде қоршаған дүниені қозғалмайтын, мәңгі қатып қалған құбылыс ретінде қарастырады.Екіншісі, жақсылықтың жамандықты түпкілікті жеңіп шығуға немесе керісінше бағытталған күресін тарихи дамуда қарайды. Мұнда тек өмір шындығына ғана емес, оның тарихи даму келешегіне “барлығы да жақсылыққа бастап келеді” немесе “барлығы да құлдырап барады” формулалары бойынша баға беріліп отырады. Бірінші тұрпаттағы оптимизм және писсимизм негізінен ежелгігрек мифологиясы мен соның негізінде дамыған антикөзқарастық дәуір философиясына тән, онда материялық және әлеуметтік дүниенің өмір сүруі жыл мезгілдерінің ауысуы немесе аспан денелерінің қозғалысы сияқты өзін-өзі мәңгі қайталап отыратын құбылыс деп сипатталады.

«Техника» термині қызметтің осы саласында қол-данылатын құралдар (инструменттер, приборлар, машиналар) мен білімдерге (ережелер, теориялар, әдістер) байланысты да айтылады.

Философияда техника ұғымы әдетте екі оппозициялық мағынада қолданылады: біріншіден, қызметтің жасанды материалдық құралдарының, яғни артефактілердің жиынтыгы ретінде. Екіншіден, терминнің алғашқы магынасына сәйкес – жасай білудің, әдістердің жиынтыгы ретінде. Сонымен, техника – құралдармен инструменттердің материалдық-заттық ерекше саласы; қызмет тәсілі, оның ішінде – құралды қолдану тәсілі.

Біздің ойымызша, техника ұғымы адам және адам қоғамы ұғымдарымен тығыз байланысты қарастырылуы тиіс, сонда ғана оның философиялық мәнін түсінуге болады. Осы тұрғыдан талдағанда, техника – адамның өзін қоршаған ортада, табиғатта оны өзгерту арқылы өмір сүре білу және өмірінің сапасын жақсарту кабілетін көрсететін мәндік сипаты. Техника адамды табиғаттағы басқа тірі организмдерден ерекшелендіретін өмір сүру тәсілі деуге болады, ал адамның өзгерту қабілеті оның қызметінің материалдық құралдарында көрініс табады.

Оптимистік және пессимистік көзқарастар Қайта өркендеу жәнеАғартушылық дәуірлерінде де өзіндік ерекшеліктерімен көрініп, дамып отырды. Болашаққа оптимистік немесе пессимистік көзбен қарау кәдімгі санаға негізделген халықтың дүниеге көзқарасында да үнемі көрініс тапты. Оптимизм тұтас алғанда, сындарлы, адамдарды болмысқа көңілі толушылық сезіміне бөлейді. Алайда ол болмысты сыни тұрғыдан ұғынумен астаспаса, адамдарды тек жағымды жайттарды ғана қабылдауға бейімдеп, адамның санасында әр түрлі жалған үміттер ұялатады. Мұндай көңіл-күй ауанында жеке басының мүддесін көздеген адамдар қоғамдық сана-сезімді бұрмалап, өз мақсаттарына пайдалануға тырысады. Бұқараның бұған көзі жетуі оны қатты түңілдіріп, оптимизмнің орнына пессимизм дендеуі мүмкін. Қоғам сындарлы өзгерістер жағына іс жүзінде аяқ басқанда ғана адамдардың сана-сезімі болмысты неғұрлым жарқын өміршеңдік ауанда бағамдауға ойысады. Бұл екі категория адамзат өмірінің мәңгілік серіктері және олардың түп тамыры адамның өзінде. Дүниеге, тарихқа және адамға қатысты байыпты, реалистік көзқарас қана адамдардың сенімді болашағын қамтамасыз етеді.

75.Адам калыптасуындағы элеуметтік ортаның рөлі. Қоғам дамуындағы тарихи қажеттілік пен адам бостандығы диалектикасы (Э. Фромм «Бостандықтан қашу»)

Адам әлемдегі ең күшті, ақылды, сезімтал, нәзік құбылыс. Қоғамдағы ең күрделі ғажап өзгерістерді жасайтын, әлемдегі барлық тірі жандыларға әмірін жүргізетін табиғат жасамаған заттарды жасап, табиғат күшін өзіне пайдаланатын да сол адам. Сондай-ақ, адамда алдын ойлайтын, болашағын шамалап, жобалайтын сенім, тәуекел, уайым, күдік, сонымен қатар намыс, кек, ыза, ашу, өкпе, көңіл, айла, қулық, т. б. психологиялық қасиеттер бар. Адамды ақылмен сендіріп, ұйымдастырып, ірі қозғалыстарға бағыттап, жігерлендіріп, іске кірістіруге де, не өмірге бүліншілік әкелетін әрекеттерге итермелеуге де болады. Сондықтан амалдап жұмыс атқару, дұрыс қоғам құрып, салауатты өмір сүру үшін ең алдымен оның тілін тауып, әділетті тәртіп орнатып, санасын тұрмыстық, қоғамдық тұрғыда қалыптастыру қажет. Қоғамда қашанда түсіністік қажет. Түсіністік болған жерде қандай қиындық жағдай болса да адам оны жеңеді. Бірақ, адамды орынсыз

қинамау керек. Сөйтіп, көпшілік бостандық, еркіндік өзімен өзі болуды ұнатпайтын болды. Бостандық – жауапкершілік, ұдайы ізденіс, мазасыздану, бұл ерлік, батылдық, тәуекелшілдік, ой тапқыш, айлакер болуды керек етеді. Көпшілік ұжым болып өмір сүргенді қалайды. Ол өмірді қазақ: «Көппен көрген ұлы той» деп қорытқан. Бостандықтан қашудың себебі алдымен осында. «Қазіргі адамдарға тән ең жоғарғы қасиет – өзінің

азамат екенін бекіту сияқты, шын мәнінде оның бүтін азаматтығын әсірелеп, тек бір мәреге (белгіге) теңестірілген – ол интеллект және өзінің ырық күші, ал қалған оны азамат ететін қасиеттер кесілген» деп жазады Эрик Фромм1. Оның пікірінше, сол қасиет кез келген адамда бар, бірақ көрінуі әр қилы. Интеллект деген не десек? Ол: сезімтал, түсінгіш, білімді болу. Біріншіден, өзіндік пікірі болуы (дәл осындай ойды Р. Декарт айтқан болатын). Екінші, өзіне ұнаған кәсіппен айналысу. Үшіншіден, өзіндік ерекшелігі болуы. Эрих Фромм: «Өз пікіріңді айту құқығы, тек сонда ғана мәнді бола алады, егер өз пікіріміз бола алатын болса, бостандық тек сонда ғана мықты игілікті бола алады, егер

ішкі психологиялық жағдай бізге өз ерекшелігімізді жеткізуге сыртқы әкімшілік мүмкіндік берсе»1, деп жазды. Олай болса, өз пікіріңізді айтып, оны көпшілікке жеткізу оңай дүние емес екенін көрсетеді. Сонда әрбір жеке адам неге ерікті? Бірінші, өзіндік білімі, ерекшелігі болуы, екіншіден, ішкі ырқы болуы. Ешбір жолы болмай жүрген адамның да ішкі ырқы бар. Ол – түрліше еңбек етуге, қоғамға, өмірге пайда келтіруге, не оған кері әсер ету, қирату, өртеу, жою т.б. әрекеттерге деген ырық. Мәселе, осы соңғыдан аулақ, сақ болу. Одан соң адамдардың қоғамдық ынтасының жоғары болуы, қоғам өміріне өзіңнің қатысың бар екенін айқын сезіну, жақсылық үшін күресу. Ол болмаған жерде қиындық келеді. Парадокс мынада: өмір бойы адамзат барлық тірі жанға тән қасиет – бостандық, азаттық үшін күресіп, сол үшін талай жандар жанын пида етті. Ал енді сол азаттық, еркіндікке қолы жеткенде, бостандықтан басын алып қашатындар пайда болды. Бұл бостандықты тұтқындыққа айырбастаған емес. Бостандықтан қашқандар бос, еркін,

бірақ жалғыздық, қиындықтан аулақ болсам дейді. Бұл не сонда? Бұл ашық сауда тудырған психология. Ашық сауда жекеменшікке негізделген. Бұл тартыс, талас, пайда табу үшін тынымсыз ізденіс. Оған кез келген адам шыдас бере алмайды. Өйткені дағдарысқа ұшырамас үшін, жеке меншік егесі – күндіз-түні ойлайтын өз шаруасы. Кейбір

адамдар сол жолға түсіп тіршілік етуде. Бірақ көпшілік ондай ауыр жұмысты қаламайды. Сөйтіп, ашық сауда қоғамды іскер, өзіне өзі сенетіндерге және ондай ынта- жігері аз, басын ауыртып жол іздемей, көппен болғысы келетіндерге, яғни бұрынғы табиғи инстинктке берілгендер пайда болғанын айттық. Табиғатта да өзіне сенген тіршілік иелері жеке өмір сүрген: арыстан, бүркіт, т. б. Әлгі жеке қожалық иелері қоғамдағы батыл адамдар. Президентіміз сондайларға «Еңбек ері атағын береді». Жолы болғандар лайықты жұмыс тауып, жолы болмағандар білімі, мамандығы болса да лайықты жұмыс таба алмайтындар пайда болды. Соңғыларды ашу кернеп, өмірінің сәтсіздігін басқалардан көріп, мінез көрсететін де болады. Бұл өте ауыр қауіпті жағдай. Эрих Фромм және А. Камю кітаптарынан туындайтын тағы бір проблема, ол адам табиғатының күрделенуі. Білімді адамның кісілік қасиеті қандай деген сұрауға Эрих Фромм былай деп жауап қайтарады: Ол адамның а) өзіндік пікірі болуы; б) өзіне ұнаған кәсіппен айналысуы; в) өзінің ерекшелігі болуы; г) жөнді деген ойын бетіне айта білуі. Адам бостандықтан неге қашады? Адам өзгерді, ойлаудан қалды. Еш нәрсеге алаңдағысы келмейді. Автоматтанған тірі механизмге айналуда. Басқаның тапсырысымен жұмысын орындаса, өздігінен еш нәрсеге жауап бермесе болды. Мақсат сол. Ал, бостандық әркімге ерік берді. Не істесең өзің біл. Өзіңді өзің асыра, жол тап. Ең дұрысы кәсіппен айналысу. Ол ойлау, іздену, ұдайы жол іздеуді керек етеді, пайда табу оңай емес. Пайда жолына түскен адамда демалыс жоқ. Күндіз-түні ойлайтыны шығындалып қалмау, мүмкін болса пайда келтіру. Пайдасы жоқ кәсіп – банкрот. Көпшілік ондайларды ұнатпайды. Оларға керегі өндіріс, комбинаттарды сағатпен жұмыс істету дедік. Өмірде бәрі автоматтандырылған, жеңіл

болса дейді. Ойландыратын ғылым да оған қажет емес. Тек ғылым нәтижесі кнопкасын, рычагын басу, не құрастыру арқылы жұмыс жүргізсем дейді. Қазіргі адам негізі осындай. Бұл өмірдің ығы (тенденциясы). Ешкім өмір ағысына қарсы жүзгісі келмейді. Әрекет те жасамасам дейді. Осының бәріне себеп болған ғылыми-техникалық прогресс. Адам аз

ойланады, аз қозғалады. Осының бәрі адамдардың психикасын бұзды, еріншек, невроз, психоз етті. Бұларға қарсы тұруға, әрекеттенуге бола ма? Болады. Алдымен керегі: 1) Адамдар өзін тәрбиелеу. Әркім өзінің ерекшеліктерін байқап, конформизмнен өзін сақтау. Басқадай боламын деп өзінің «мендігінен» айырылып қалмау. 2) Денсаулығын сақтау, өзін шынықтыру. Оған жәрдем беретін спорт. 3) Таза жолдан таймау. Өтірік, қулық, біреудің ақысын жеу, ешкімді бақытқа жеткізбейді. Арамдық жасайтын адамның ішкі дүниесі, ой тыныш, жайлы болмайды. Қазақта «Уайымсыз, қайғысыз – қара суға да семіреді» деген мақал бар. Тазалық, адалдық адамгершіліктің үлкен бір көрінісі. «Оңбаған» адамның бір көрінісі – қолы ала, тоғышар, мансапқор болады. Тыңғылықты іс бітірмейтін, ойланатыны қара басының қамы, ауыр жұмысты істегісі келмеу, тер төкпей өмір сүру, жалқаулық әлгідей адамның тағы бір көрінісі. Бұл деградация, яғни адамгершіліктен айырылу. Ол рухани құбылыс. Деградация физиологиялық та болады. Біз ол жөнінде айтқан болатынбыз. Көп жағдайда бұл адамның өзіне байланысты. Өз өмірі былай тұрсын өз денесін өзі билей алмауы. Дене құрылысын өмір, тірлікке бейім етіп ұстау, ол да мәдениет. Дені сау адам түрлі ауруларға шалдықпас үшін өзін күте біледі. Бұл өзін жұмыстан аяу емес, қайта өзін жұмыста шынықтырып, денесін ықшам, өзіне өзі бапкер болып жаратып ұстау. Жұмыстың қандай түрі болса да дайын болу. Денедегі артық салмақ адамды түрлі ауруларға душар етеді. Сонымен, бүгінгі адам қандай? Ғылым философиясы нені аңғартады? Алдымен ол интеллект, білімді, саналы, техниканы біледі, компьютермен жұмыс істей алады, өз ісінің маманы. Сонымен қатар, ол көптің бірі, басқаларға ұқсас, балапандай бірдей. Онымен әңгімелесіп, рухани ләззат таба алмайсың, өйткені оның ойы да сенің ойыңдай. Сондықтан, адамдар рухани ой бөлісу үшін бірін бірі іздемейді. Керегі жоқ. Әркім өзімен өзі. Қазіргі адамдарға тән көрініс конформизм (лат. «соnformis» –ұ .састық бірдейлік). Бірақ, өмір, тіршілік, рухани дүние, адамдар әр түрлілігімен сұлу. Өнерде айнымас бірдейлік, ерекшелік жоқтық, шығармашылықтың сөнгені. Дайын ойға жазылған, не ұқсас шығарма – шығармашылық емес. Эрих Фромм «Азаттықтан қашу» деген кітабында былай деп жазды: «Қазіргі адам өзін адамдық шыңына жеттім деп сезінеді, ойлайды. Ал шын мәнінде оның толық азаматтығы әлсіреген, тек бір белгіге теңестірілген – ол интеллект және ырық күші, ал қалған, оны азамат ететін

қасиеттер кесілген»1. Әлемде жамандық жасайтын, өлтіретін, бүлік әкелетін солар, бірақ ол әшейінде көрінбейді, ашынғанда, күйінгенде, күйзелгенде, ызаланғанда шарпыған

жағдайларда көрініс береді. Қоғам – адамдар қауымы. Мемлекет, заң, тәртіп адамдарды белгілі ережеде тәрбиелейді. Көпшілік біртекті талапқа дайындалады. Бірақ, сол тәртіпті бұзатындар да бар. Олар тәртіпке шақырылады, көнбегендері жазаланады. Бұл барлық қоғамда да бар. Ал енді заңды сақтайтын, еңбекпен өмір сүретіндер де, солардың ішінде ерекше еңбегі мен адамгершілігі, жоғары қасиетімен, қоғамдық әлеуметтік көзқарасымен, көпшіліктің алғы шебінен көзге түсіп көрінетіндері де бар. Олар – қоғам серкелері. Соларды көріп басқалар тәрбиеленеді, өнеге алады. Қазақ айтады:«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп. Сондай адамдар өмірдің қай саласында да бар. Соларды көптің бірі деп қарамай, уақтылы байқап, елге өнеге ете білу керек. Ол үшін құр мақтаудың керегі жоқ. Ондай жеңіл-желпі мақтаудың тәрбиелік мәні де болмайды. Қоғам серкесіндей адамдарды басқаларға өнеге ету үшін нақты қандай ісімен, әрекетімен өнеге болып отыр, соны ашып көрсеткен жөн. Сонда ел, әсіресе жастар сондай адамдарға қарап өнеге алады. Мен де сондай болсам деп ұмтылады. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын» дейді халық. Әрине, орынды мақтау сол адамның нұрын тасытады. Нағыз халықтың сеніміне, қалауына айналған адам өзін мақтағанды қажет те етпейді. Ол өз ұстамымен жүре береді,










Последнее изменение этой страницы: 2018-06-01; просмотров: 329.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...