Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Сыни рационализм. Постмодернизм 18 страница




М.В. Ломоносов химиялық реакция кезіндегі массаның сақталу заңының (1756 ж.) жалпы негіздік сипатына назар аударды;

(1741-1750 ж.) өзінің корпускулалық (атом-молекулалық) ілімінің негізін жариялады, ол тек 100 жылдан кейін ғана дамыды;

(1744-1748 ж.) жылудың кинетикалық теориясын ұсынды;

(1747-1752 ж.) химиялық құбылыстарды ұғындыру үшін физиканың қажеттігін түсіндірді және химияның теориялық бөлімі үшін «физикалық химия», тәжірибелік бөлімі үшін «техникалық химия» атауларын ұсынды.

Оның еңбектері табиғи философияны тәжірибелік жаратылыстанудан бөліп қарайтын ғылымның дамуына негіз болды. 1748 жылға дейін Михаил Васильевич Ломоносов көбінесе физикалық зерттеулермен айналысты, ал 1748-1757 жылдар аралығында оның еңбектері негізінен химияның теориялық және тәжірибелік мәселелерін шешуге бағытталды. Атомдық түсініктерді дамыта отырып, ол алғаш рет денелердің «корпускулалардан», ал олардың өз кезегінде элементтерден тұратындығы туралы пікірін айтты. Бұл тұжырым қазіргі заманғы молекулалар мен атомдар туралы түсініктерге сәйкес келеді. Ол салыстырудың нақты әдістерін жасап шығарды, сандық талдаудың көлемдік әдістерін қолданды. Пісірілген түтіктерде металдарды күйдіру тәжірибесін жасау кезінде (1756 ж.) олардың салмағы қыздырудан кейін өзгермейтінін көрсетті және Р. Бойльдің металдарға жылулық материя қосылуы туралы ойының қате екендігін көрсетті. Денелердің сұйық, газ тәрізді және қатты күйлерін зерттеді. Ол газдың кеңею коэффициентін айтарлықтай дәл анықтады. Тұздардың әртүрлі температурадағы ерігіштіктерін, электр тогының тұздардың ерітінділеріне әсер ететіндігін зерттеді, таза еріткішпен салыстырғанда тұздарды еріту және ерітіндінің қату нүктесін төмендету кезінде температураның төмендеу деректерін анықтады.

Әртүрлі аспаптарды (вискозиметр, вакуумдық сүзу жабдығы, қаттылықты анықтайтын құрылғы, газды барометр, пирометр, жоғары және төменгі қысымда заттарды зерттеу қазандығы) ойлап тапты, термометрлерді жеткілікті дәлдікпен градуирледі. Термодинамиканың бірінші заңы бойынша жабық жүйеде зат та, энергия да жойылмайды,

сақталады. Ол заңды М.В. Ломоносов (1711-1765 жж.) өзінің 1748 жылы Л. Эйлерге (1707-1783 жж.) жазған хатында айтқан болатын. Бірақ, термодинамиканың екінші заңы бар. Ол заң бойынша дүниеде де барлық зат тозып, түсі оңады, үлбіреп жойылады. Энергияда бәріне күш беріп тұрған таусылады, тіршілік тоқтайды, өмір сөнеді. Бірақ, бұл тіршілік атаулының бәрі жойылады деген сөз емес. Әлемде өмір басқа жерде, басқа уақытта, басқа түрде жалғаса бермек. Қазірдің өзінде Жерден тыс әлемде тіршілік, өркениет бар деген болжам айтылады. Мақсат сол дүниемен байланыс жасау деген қорытындыға ғылым келіп отыр. Мәңгілік – дегеніміз осы. Сөйтіп, қозғалыс барлығын дін де, ғылым да мойындайды. Бірақ, оны олар әрқайсысы өзінше түсіндіреді. Философтардың қозғалыс жөніндегі пікірі өзгеріп отырады. Р. Декарт материяда сезімталдық бар деген болса, Н. Ламетри онда сезімдік пен түйсік бар деді. Бірақ ол тек дамыған денелерге тән екенін басып айтты.

 

80.Аналогия және оның ғылыми танымдағы рөлі. Аналогия және модель.

'''Аналогия''' деп түрлі объектілер арасындағы, олардың белгілерінің, қасиеттерінің, қатынастарының арасындағы ұқсастықты атаймыз. Объектілер арасындағы ұқсастың пен айырмашылық оларды салыстыру кезінде айқындалады. Демек, аналогия әдісінің негізі салыстырудан тұрады деген сөз. Аналогия әдісі ғылымның көптеген салаларында — математикада, физикада, химияда, кибернетикада, қоғамдық пәндерде қолданылады.

Осылай XVI ғасырда Галилей маятник тербелісінің заңдылықтарын зерттеу шіркеудегі шамдалдың (люстра) тербелуі мен маятниктің ауытқуы арасындағы аналогиядан басталды. И.Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына да ағаштан алманың түсуі мен аспан денелерінің жерге құлауы арасында аналогия түрткі болғаны белгілі. Дыбыс пен жарықтың берілу, бейнеленуі, сыну құбылыстарының арасындағы аналогия XVII ғасырдағы голланд физигі Гюйгенсті жарықтың толқын сияқты табиғатын айқындауға бастап әкелді.

Аналогия бойынша қорытынды шығарудың өр түрлі тұрпаттары бар. Бәріне ортақ нәрсе — тура зерттеуге алынатын объект басқа болып, ал қорытынды екінші объект туралы жасалады. Сондықтан аналогия бойынша қорытындыны жалпылама мағынада ақпаратты бір объектіден екіншісіне аудару деп қарауға болады.

Мұндайда алғашқы зерттелген объект — модель ақпарат аударылған объект — түпнұсқа (оригинал) делінеді. Осылайша, модель әрқашан аналогия ретінде көрінеді, өйткені модель мен түпнұсқа бір-біріне ұқсас. Модельдеу әдісінің мәні таным субъектісі таным объектісінің түпнұсқасы туралы оның түпнұсқадан үнемі айырмашылығы бар моделін зерттей отырып, қосымша ақпарат алатындығынан көрінеді. Сондықтан модельдеу аналогия әдісінің бір түрі болып есептеледі. Мұндайда ақпарат кешіру модель мен түпнұсқа ұқсастығының деңгейіне байланысты. Болашақ салынатын ірі құрылыстар мен жасалатын техникалық бұйымдардың қасиеттері мен сипаттамасы алдын ала олардың модельдерінде зерттеледі. Қаржы-экономикалық тұрғыдан бұлар толық ақталады.

Модельдеу әдісін ғалымдар бірнеше ғасырлар бойы пайдаланып келеді. Кезінде XV ғасырда өмір сүрген Леонардо да Винчи модельдеудің маңызын жақсы түсінген. "Құстың ұшуын барлық бөлшектері бойынша зерттеу өте қиын, — деді ол, бірақ оны жасап шығаруға болады. Судың астында жүзу туралы жазып көр — кұстың ауада ұшқанын аласың". Модельдеу әдісін Галилей, Ньютон және басқа ғалымдар да пайдаланған. Ол кезде: "Модельдеуді зерттеудің ең бастапқы кезінде ғана пайдалануға болады, ол ыждағатты ғылыми зерттеулер жүргізуге жарамайды" деген пікір таралған еді. Мысалы, 1870 жылы Англияда аса ірі бронкеме "Кептен" жасалды. Бұл кемені моделі бойынша сынақтан еткізген инженер Рид бронкемесінің маңызды кемшіліктерін анықтады. Алайда ағылшын билеушілері "ойыншықпен" жасалған тәжірибені назарға алғысы келмеді. Ақыры сол үшін олар жазасын алды, "Кептен" ашық теңізге шыға берісімен суға батып кетті, 500 адамның өмірі үзілді. Қазіргі кезде де модельдеу әдісін жеткілікті бағаламауға немесе оны көзге ілмеуге болмайды.

"Модель" дегенде, әдетте, біздің ойымызға адам арнайы жасамақшы болған белгілі бір шынайы нәрсенің немесе жүйенің, құрылғының, шығарманың, сипаттаманың кішірейтілген үлгісі келеді. Модель арқылы, қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын зерттеу объектісі туралы қалыпты жағдайда киын немесе мүмкін болмайтын білім алуға болады. Ғылымның түрлі салаларында таным үдерісінде әр түрлі модельдер қолданылады. Оларды екі топқа бөліп қарастыру керек: біріншісі— заттай немесе материалдық модельдер, екіншісі — логикалық немесе идеалдық модельдер.

Заттай модельдер көрнекі формада зерттеу объектісінің материалдық қалпын көрсетеді. Олар күрделі техникалық жүйелерді, қымбат тұратын агрегаттарды сынақтан өткізгенде қолданылады. Модельмен эксперимент жасау арзанға түседі әрі ыңғайлы.

Логикалық немесе идеалдық модельдер материалдық түзіліммен байланысты емес. Олар зерттеушінің санасында құрылады. Қазір оларды жасауға компьютер қолданылады. Компьютерді пайдаланып ғалымдар күрделі ақпараттың модельдер жасайды

 

81. Логикалық позитивизм – О. Конт ілімнің амалсыз эволюциясы

Логикалық позитивизмнің (1920 – 50 жж) классификациясы.

Екі мағынадағы сциентизм:

- білімді тек ғылым нақты түрде береді;

- барлық ғалымдардан «үстемді ғылым» - физиканың әдісіне с.йену қажет.

1)Формальды ғалымдар:логика математика

2)Фактуальды ғалымдар: физика биология тарих

3)жалған ғалымдар: астрология психоанализ

4)Метафизика

Әрине, бұл классификацияны біз жұмысшы түрінді қабылдаймыз, сонымен бірге, ол ғылымның негізгі типтік айырмашылықтарына сілтеу жасайды, сөйтіп эмпириялық пен теориялық әдістерде қолданылатын пәндік айырмашылықтар мен нақты заңдылықтарына да назар аударады. Осы жағдайда , ядерлық физикамен әлде этология мен орта ғасыр сурет тарихының арасындағы айырмашылықтарды да анықтау қиын.

Огюст Конт (1798 – 1857)жж өзінің «Жағымды философия курсы» (1830 – 42жж) атты шығармасында қазіргі ғылым философиясының қалыптасуына ықпал ететін аса күрделі идеяларды ұсынған. Мысалы үш кезең туралы заң. Оны Конт келесі түрде анықтайды. «Біздің әр идеямыз , білімнің әр салдары бір ізгілікті үш түрлі теориялық кезеңнен өтеді. Теологиялық әлде фиктивті , өтірік, метафизикалық әлде абстракциялық, ғылыми әлде жағымды,. Осы заңмен негізделіп Конт келесі тұжырымды жариялайды. Спекулятивті метафизикалық философияның уақыты өтті, енді жағымды философия ғылыми философияға айналуы қажет, яғни ғылым философиясына. Оның ролі екі мақсатқа жинақталады.біріншісі нақты ғылымдардың күрделі нәтижелерін синтездеу; екіншісі – ғылыми танымның әдістерін дамыту.

Позитивизм сонша кең таңылды, оның негізінде ғылым философиясы өзгеше философиялық пән ретінде дамиды. Осыған үлес қосқан ағылшын философы – позитивист «Логика жүйесі» атты әдіс мәселесіне арналған шығарманың авторы Дж Стюарт Милль:

- табиғаттанудағы индуктивті әдістер

- әлеуметтік моральдық ғылымдардағы әсіресе политэкономия гипотетикалық дедуктивтік әдістер

- позитивизмнің негізгі принциптері неопозитивизмде сақталған

19 –ғасырдың аяғында позитивизмнің екінші түрі пайда болды, оны махизм әлде эмприокрипицизм деп атайды.Оның негізгі себебі физикадағы методологиялық дағдарыс. Олар электронның ашылуы, радиактивтік құбылыстардың ашылуы.

 

82. Классиктік термодинамика мен эволюциалық биология арасындағы қайшылықтар және өздігінен қалыптасу концепциясы. Ч. Дарвин ілімі мен креационизм.  

Чарльз Роберт Дарвин (ағылш. Charles Robert Darwin; 1809 - 1882) - ағылшын натуралисті, оның табиғи сұрыптаутеориясы биологиялық көптүрліліктің пайда болуының революциялық негіздемесін берді. Дарвин идеялары «Түрлердің шығу тегі туралы» (1859) еңбегінде жарық көрді. Оның түрлердің біртіндеп эволюциялық дамуы туралы идеяны білдіретін ғылыми тәсілі кең таралды және, сонымен бірге, алғашында өшпенділікпен қарсы алынды, әсіресе, шіркеумен.

Чарлз Дарвин ілімінің шығу себептері. XVIII ғасырдың соңында Англияда өндірістің дамуы шикізат қорын ұлғайтуды талап етті. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дами бастады. Жануарлардың колтұқымдары мен өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығару үшін селекциялық жұмыстарды дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

Ч.Дарвин ілімінің шығуы және оның алғышарттары. Ч.Дарвин ілімінің шығуына, негізінен, әлеуметтік жағдайлар және түрлі ғылым салаларының жетістіктері себеп болды. Әлеуметтік-экономикалық алғышарттары:

1) XVIII ғ. Англияда өндірістің дамуы шикізат қорын ұлғайтуды талап етуі;

2) өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы; 3) XVIII ғасырдың соңында өнеркәсіптің машина өндірісіне ауыстырылуы;

4) қолтұқымдар мен іріктемелер шығару үшін шаруашылықта селекциялық жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі;

5) Англияда ірі қара, жылқы, шошқа, кой, ит, кептерлердің қолтұқымдары мен мәдени өсімдіктердің іріктемелерінің шығарылуы.

Қолдан сұрыптау дегеніміз — пайдалы белгілері мен қасиеттері бар дараларды сақтап, көбейту жолымен жануарлардың жаңа колтұқымдары мен өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығару.

жұмыртқалардан ғана шығатынын, яғни шыбынның өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеп берді.

Тіршіліктің пайда болуы жайында, негізінен, бір-біріне қарама- карсы екі көзкарас қалыптасқан. Оның

• біріншісі — тіршілік өлі табиғаттан пайда болған деген абиогенездік теорияға келіп тіреледі.

• Екінші көзқарас — биогенездік теория. Бұл көзқарас бойынша тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Тіршіліктің пайда болуы жайындағы бұл екі көзқарас арасындағы өзара келіспеушілік пікір осы күнге дейін жалғасып келеді.

Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеу үшін 1860 жылы француз ғалымы, микробиолог Луи Пастер (1822—1895 жж.) арнайы тәжірибе жасады. Ол ұшы латынның S-әрпі тәрізді шыны түтікті қолданды. Л.Пастер шыны ішіндегі қоректік ортаны кайнатып, оны иір иінді түтікпен жалғастырды да, түтіктің ұшын ашық қалдырды. Түтік ішіне ауаның еркін кіруіне мүмкіндік жасалды.Микроорганизмдердің споралары шыны түтіктің иір иініне жиналып, қоректік ортаға түспегендіктен, шыны ішіндегі ерітінді ұзақ уақыт таза қалпында сақталды. Л.Пастер қарапайым ғана тәжірибесі арқылы ағза тек тірі ағзадан ғана пайда болады деген биогенездік теорияның дұрыстығына көз жеткізді.

Абиогенез теориясын жақтаушылар Л.Пастер тәжірибесінің дәлелділігін мойындамады. Олардың бір тобы жер бетіндегі тіршілік мәңгілік әрі оны жаратушы күш бар деген пікірді ұсынды. Бұл көзкарас креационизм (латынша "creatio" — жаратушы) деп аталады. Осы көзқарасты К.Линней, Ж.Кювье, т.б. колдады. Жер бетіне тіршілік тұқымы басқа ғаламшарлардан метеориттер арқылы үнемі таралып тұрады деген де көзқарастар болды. бұл көзқарас ғылымда панспермия теориясы (грекше "pan" — барлық және "sperma" — тұқым) деген атпен белгілі. "Панспермия теориясын" 1865 жылы алғаш неміс ғалымы Г.Рихтер ұсынған. Оның пікірі бойынша жер бетінде тіршілік бейорганикалық заттардан пайда болмайды, яғни тіршілік басқа ғаламшарлардан таралған. Бұл көзқарасты сол кездегі көрнекті ғалымдар Г.Гельмгольц, Г.Томсон, С.Аррениус, П.Лазарев, т.б. қолдады.

Тіршілік мәңгі, ол ғарыш кеңістігінде кеңінен таралған. XX ғасырдың бас кезінде швед ғалымы С.Аррениус (1859—1927 жж.) панспермия тұжырымын колдады. "Ол тіршілік ғарыш кеңістігінде күн сәулелерінің қысымы арқылы бір аспан денелерінен екіншісіне ауысып отырады,"— деп түсіндірді. бұл тұжырымды қолдаушылар тіршілік Жерге метеориттер арқылы келуі мүмкін деген пікірде болды.

Қазіргі кездегі биология ғылымының жетістіктеріне сәйкес тіршілік деген ұғымға көптеген анықтамалар беріліп жүр. Солардың ішінде орыс ғалымы М.В.Волькенштейнніңберген анықтамасы ғылыми тұрғыдан дұрыс деп есептеледі. Бұл анықтама бойынша: "Жер бетінде тіршілік ететін тірі организмдер — нәруыздар мен нуклеин қышқылдарының биополимерлерінен тұрады және олар өзін-өзі реттеп отырады. Тірі организмдер артына өзі тектес ұрпақ қалдырып, тіршілік үнемі жалғасып отырады". Бұл анықтама әлем кеңістігіндегі басқа да ғаламшарларда жер бетіндегі тіршіліктен өзгеше тіршіліктің болуын жокка шығармайды.

 

83. Сөйлеу және жазу, олардың пайда болуының мәселелері.

Жазу мен тілдің өзара байланысының жайы жалпы тіл білімінде, жазу ілімінде (грамматалогия) бұрыннан сөз болып келе жатса да, мұның негізгі мәселелерінде ғалымдар арасында нақты тұжырым жоқ. Кей авторлардың пікірінше, бұл - қазірде орнығыңқырап қалған көзқарас, жазу ауызша тілден әлдеқайда кейін, адамзат мәдениеттің белгілі бір биік деңгейіне (өркениетке) жеткен кезінде ғана пайда болған құбылыс ретінде түсіндіріледі. Бүгінгі күнгі жазудың қызметі тұрғысынан келгенде, айтылып жүрген пікір, сырттай қарағанда, дұрыс-ақ сияқты көрінуі де мүмкін. Дегенмен, бұл көзқарастың терең негізі жоқ екендігін аңғару қиын емес. Енді бір ғалымдардың пікірінше, жазу таңбалары тілден бұрын пайда болған(Н.Я.Марр, И.И.Мащанинов, Ч.Лоукотка, О.Сүлейменов, т.б. ).

Тілдің шығуы - адамзат қоғамының пайда болуымен байланысты, алғашқы адамдамың сөйлеу мүшелерімен дыбыстарды бірінен соң бірін ажырата айтуы арқылықарым-қатынас қажеттілігінің етелуі. Тіл қоғамда пайда болды, оны дамытатын - қоғам, халық. Тілсіз қоғам, қоғамнан тыс тіл болмайды. Тілдің шығуы практикалық қызмет үстіндегі кернекі ойлаумен тығыз байланысты, өмір сүру үшін күрес, еңбек процесінде, практикалық мәселені шешу үстінде пайда болды. Дыбыстап сөйлеудің шығуына дыбыс шығару қабілеті тікелей әсер етті. Тілдік қарым-қатынастың пайда болуы қоғамдық сананың қалыптасуымен орайлас. Адамды адам еткен - тіл. Тілдің шығуы - адамның әлеум. тіршілік иесіне айналуының алғы шарты. Дыбыстап сөйлеудің пайда болуы адамға тән екінші сигнал жүйесін қалыптастырды (сөз тітіркендіргіш қызметін атқарды, реакция туғызды). Сөздің пайда болуы адамдар арасындағы қатынасты жетілдіріп, қоршаған орта құпиясын ашатын ойлаудың жаңа сатысын туғызды. Тілдің шығуы мен жекелеген тілдердің пайда болуын шатастыруға болмайды. Қазіргі кезде дүние жүзіндегі тілдің саны 5 мыңнан асады. Бірақ олардың бәрінің субстраты - біреу, ол - адамды қоршаған орта, міндеті де біреу, ол қарым-қатынас құралы қызметін атқару. Тілдің шығуы теориялық тұрғыдан алғанда, қазіргі адамның (homo sapiens) пайда болумен түспа-тұс келеді.

Дыбыстық жазу (әріп жазуы) орыс. звуковое(фонетическое) письмо — тіл дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі. Сондықтан кейде оны “әріп жазуы” деп те атайды. Әріп жазуы буын жазуынан кейін пайда болды. Таза күйінде консонантты дыбыстық жазу б.з.б. ІІ-мыңжылдықтың ІІ-жартысында пайда болса, вокалданған дыбыстық жазу б.з. І-мыңжылдығының басында пайда болған. Әріп жазуы пайда болуының дүниежүзілік мәдениеттің дамуы үшін үлкен маңызы болды. Жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы — ең қолайлы жазу. Әр түрлі тілдерде буын саны мен сөздің санынан дыбыстың саны әлдеқайда аз. Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін, әдетте, 20-дан 40-қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады. Әріп жазуындағы таңбалардың мұндай шағын мөлшері жазуды меңгеруді, сауаттылыққа үйретуді жеңілдетеді. Әріп жазуы — сөздерді ғана емес, сонымен бірге олардың дыбыстық жағы мен грамматикалық формаларын да дәлме-дәл белгілеу үшін өте-мөте қолайлы жазу.

Ертедегі әріп жазуы (финикий жазуы, еврей жазуы, арамей жазуы және т.б.) консонантты дыбыстық жазу болды. Ондағы таңбалар тек дауыссыз дыбыстарды ғана белгілейтін болған. Жазудың бұл жүйесі дауыстыларға қарағанда дауыссыздардың қызметі мен мәні басым тілдерде пайда болып қалыптасқан. Мысалы, семит тілдерінде (ішінара хамит тілдерінде) сөздің түбірі дауыссыз дыбыстардың тіркесінен құралады да, оларға дауыстылар қабаттасқанда, ол дауыстылар түрлене отырып, туынды сөздің әр түлі грамматика формаларын білдіреді. Консонантты дыбыстық таңбалар алғаш рет Мысыр жазуында пайда болды. Ежелгі мысыр тілінің семит тілдерімен (ассиро-вавилон, финикий, еврей тілдері және т.б.) біраз ортақ жақтары болған. Мысалы, мысыр тілінде дауыстылардан дауыссыздардың мәні басым. Бұл тілде де сөздің түбірі дауыссыздардан құралады.

 

 

84. Даму және прогресс. Прогресс пен регресс. Әлем тарихының бірлігі мен қөптүрлілігі. Энтропия ұғымы

Қоғам өмірін тарихи процесс ретінде бейнелеу үшін қолданатын ұғымдарының бірі – прогресс ұғымы (лат. – ілгері қозғалу табыс деген сөзден аланған).

 Прогресс – қоғамның материалдық күш қуатының артуы оның қатынастарының кемелдене түсуі, қоғам мүшелерінің жан – жақты жетілуіні қажетті мүмкіндіктердің молаюы, яғни қоғамның ұдайы төменнен жоғарға қарай өрлей дамуының түрі сипаты.

 Жалпы алғанда, қоғамның даму бағыты, болашағы туралы мәселе – адамзаттың қоғамдық ойының ежелгі мәселелерінің бірі.

 Батыстың алғашқы идеологтары прогресті ең алдымен адамның ақыл – ойының парасатының кемелденуі мен байланыстырады. Адам парасатының кемелденуі негізінде ғана адамды әлеуметтік бұғаудың барлық түрінен азат етуге болады, оның кейбір қажеттерін қамтамасыз ету ізгіліктің, адамгершіліктің жетілуі деп есептеледі.

Қоғамдық прогресс – күрделі процесс. Адамзат тарихының дамуы барысында қоғам өмірінің бір саласының жетілуі, кемелденуі басқа салаларының мешеулігімен, тіпті кері кетуімен (регреспен) қабаттаса жүріп орыратынын да көрсетеді.

Қоғам дамуының нақты сатылары қоғамдық экономикалық формациялар болғандықтан, прогрестің тарихи типтеріне талдау жасау дегеніміз әрбір қоғамдық экономикалық формацияға прогрестің жүзеге асуы жағдайларын, мүмкіндіктерін нәтижесін қарастыру болып шығады. Адамзат тарихының бастамасы – алғашқы қауымдық қоғам. Өндіргіш күштердің даму дәрежесі өте төмен: ең қарапайым дөрекі еңбек құралдары шоқпар, тастан жасалған балталар, пышақтар, тас сүнгісі бар найза, әртүрлі торлар, т.с.с. Білім жоқ тәжірибе өте аз, төмен. Сөйтіп алғашқы қауымдық қоғам – адам дамуының ең төменгі сатысы. Ру мүшесі қатаң әлеуметтік байланыстарға бағынышты, оның не істейтіні, қалай істейтіні, өзінің қалауына байланысты емес, қалыптасқан өмір тәртібіне байланысты болады.

Регресс (лат. regresus — кері қозғалу) — дамудың кері кетіп, төмен қарай құлдырауы. Регресске деградация, ұйымдастыру дәрежесінің әлсіреуі, қажетті іс-әрекеттерді орындау қабілетінің жойылуы тән. Регресс, сондай-ақ тоқырау, ескі формалар мен құрылымдарға кері оралу кезеңдерін қамтиды. Регресс өзінің бағыты жағынан прогреске қарама-қарсы. Бірақ та бұлардың арасында күрделі, жан-жақты байланыс бар, бір жағынан, кейбір регрессивті өзгерістер жалпы прогрессивтідамудың шеңберінде болып жатса, екінші жағынан, кейбір регрессивті өзгерістердің үдей түсуі кезінде оның кейбір құрамы дамудың прогрессивті бағытын сақтайды. Қоғамдық дамуда Регресстің болуы тарихи дамудың қарама-қарсылық мәніне тән. Реакцияшыл топтар мен күштер уақытша (реакция кезінде, фашизм өріс алғанда)прогрессивті күштерден басым болуы мүмкін. Бірақ мұндай регрессивті құбылыстар бұрынғы әлеум. форманың ыдырауының нәтижесі ғана болып, оның орнына алдыңғылардың құнды жағын бойына сіңірген жаңа форма келеді. Мұндай құбылыстың ыдырауы жалпы жүйе шеңберіндегі даму процесін үзіп тастай алмайды, оның қажетті алғышартының біріне айналады.










Последнее изменение этой страницы: 2018-06-01; просмотров: 350.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...