Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Сыни рационализм. Постмодернизм 15 страница




Тiрi заттар көмегiмен Жердiң көптеген тау жыныстары түзiлдi. Организмдер кейбiр элементтердi қоршаған ортадағы мөлшерiне қарағанда, көп мөлшерде сiңiрiп, жинақтайды. Мысалы, көптеген теңiз түрлерi қаңқаларында кальций, кремний немесе фосфорды жинайды, және суқоймаларының түбiнде тұнба жыныстарын: әктас, бор, кремнилi сланц, фосфориттердi түзедi. Мұндай жыныстар органогендi деп аталады, өйткенi оларды тiрi организмдер түзедi.

Тiршiлiк құрлық бетiнде топырақ қабатын түзедi. Топырақта минералды компоненттер, органикалық заттар және көптеген микро — және микроорганизмдер өзара байланысқан, оны В.И. Вернадский табиғаттың биокосты денелерiне жатқызды. Мұндай биокосты құрам дүниежүзiлiк мұхит суында да бар, ол жерде зат алмасу өнiмдерi мен мекендеушiлер өте көп.

Тiрi организмдер құрлықтағы тау жыныстарының желденуi мен бұзылуында үлкен роль атқарады. Олар — өлi органикалық заттардың негiзгi бұзушылары. Сөйтiп, тiршiлiк өзiнiң өмiр сүру кезеңiнде Жер атмосферасын, мұхит суынының құрамын өзгерттi, озонды экран, топырақ, көптеген тау жыныстарын түздi. Жыныстардың желдену жағдайы өзгердi, өсiмдiк жамылғысы жасайтын микроклимат үлкен роль атқара бастады, Жер климаты да өзгердi.

Ноосфера (гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені — Жер..[1]

Ноосфера – ақыл-ой сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа (1870 – 1954) мен Тейяр де Шарден Пьер (1881 – 1955) енгізген. 

XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді.

Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын пайдаға асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды игеруге, ядролық қарулар жасауға мүмкіндік берді.

Ноосфераның пайда болуы мен дамуы. Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең — заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең — тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі — адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді.

Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі — қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" — шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера — адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.

Ноосфера ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э.Лepya мен П.Тейяр де Шарден енгізді. Олардың ұғымы бойынша ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын "ойлау қабығы".

1930—1940 жылдары В.И. Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып, терендете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытынды жасады.

В.И. Вернадскийдің пікірі бойынша: "Ноосфера — табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе". Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін ғалым атап көрсетті.

Ноосфера кезінде бүкіл адам баласының ақыл-ойы, санасы, ғылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға түсуі керек. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты адамның саналы ақыл-ойы басқарған кезде ғана жеңіске жетеді деп атап көрсетті. Ноосфера кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс айқын байқалады. Бұл кезде бүкіл адамзат үшін ғылымды дамытып, табиғаттың да, қоғамның да бір-бірімен үйлесімді өркендеуіне жол ашылу керек. Бұл кезде әрбір жеке тұлғаның да өсуіне көңіл бөлінеді.

Биосфераның ноосфераға ауысу кезеңіне орыс ғалымы М.И.Будыко терең талдау жасаған (1984 ж.). Ол биосфераның қалыптасуында адамзат қоғамының біртұтас екендігін ұмытпау керектігін ерекше ескертті. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс бүкіл Жер шарын қамтып отыр. Энергияның жаңа көздерін бүкіл адамзат бірлесе отырып, пайдалануға басты назар аудару көзделуде. Ноосфера кезінде Жер бетіндегі барлық халықтың тіршілік деңгейін және қоғамның қажетін көтеру үшін биосфераның қалыпты жағдайын сақтауға айрықша көңіл бөлінеді.

Соңғы жылдары экологиялық мәселелер — бүкіл адамзатты толғандырып отырған күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Қоғамның өркендеп дамуы, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланумен тығыз байланысты. Қазір табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланбаудан және технологиялық процестердің жетілмегендігіненқоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына да қауіп төндіруде. Адам денсаулығын сақтау, адамның үзақ өмір сүруіне кажетті жағдай жасау — қоғамның бастыміндеті. Ол үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа ерекше назар аударылады. Осыған сәйкес казіргі кездегі әлеуметтік экология ғылымының басты мәселесінің бірі—адам денсаулығына зиянды жағдайларды болдырмау.

XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап ауқымды түрде экология ғылымы да қалыптасып келеді. Оның зерттейтін басты бағыттарына да әлеуметтік экология және адам экологиясы жатады.

70. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстандық жол» (Тәуелсіз. Қазақстанның қалыптасуындағы негізгі идеялар). Тәуелсіздік философиясы.

Қазіргі заманғы жаңаша философиялық пайымдаулар бойынша елімізде тәуелсіздіктің жиырма жылында жарық көрген елеу-лі еңбектер көбейе түсуде. Әрине, мағынасы мен мәні жағынан тә-уелсіздік кезеңіндегі еңбектер алдыңғы тарихымызға қарағанда біршама ерекше сипаттамаларға ие болады. Солардың ішінде қа-зақстандық философиялық ойды тұжырымдаушы мамандардың арасында шығармашылық еркіндіктің басымдық таныта бастағанын және оның әлемді философиялық тұрғыдан игеруде жетекші рөл атқаруға бетбұрғанын қуанышпен атап өтуге болады.

Кеңестік социалистік қоғамның ыдырауымен ХХ ғасырдың соңында маркстік философияның дәуірі-де әлеуметтік-рухани кеңістігімізде аяқталды. Елімізде ондаған жылдар бойы негізінен идеологияланған, таптық бағдарға сүйенген философияның үс-темдік етіп келгеніне қарамай шынайы философиялық зерттеулер мен талдаулар жүргізіліп келгенін-де атап өтуіміз керек іспетті. ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда әлемдік философияның принциптері мен заңдылықтарын меңгерген мықты кәсіби философияның негізі қаланды.

Тарих қойнауында қатпарланған даналық көздерін ашу қазіргі жаһандану заманында өрбіп келе жатқан нигилистік көзқарастарға қарсы тұратын дүниелер болып табылады. Оларды насихаттау арқылы ұлттық мәдениетіміздің сақтауға, дамытуға мүмкіндіктер алатынымыз анық. Бұл бағдарламаның тағы бір қыры әлемдік философияның ең құнды деген дүниелерін қазақ тілінде оқырман қауымға ұсыну болып табылады. Бұл жас ұрпақтың философиялық мәдениетін біршама көтерері анық. Тәуелсіз дамудың жылдары рухани мәдениетсіз, жастарды жоға-ры өмірлік құндылықтар рухында жүйелі және саналы түрде тәр-биелемей, тек материалдық игілік жолында тәрбиелеудің табысты болмайтындығын көрсетті, өйткені прагматизм және табыскерлік мүдде жоғары қоюшылық руханилықтан алшақ құндылықтарды егетіні белгілі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тек Қазақстан емес, сонымен қатар көптеген елдер, әсіресе, өз дамуының транс-формациялық кезеңдерінде заманның алға қойған жаңа талапта-ры аясында өздерінің тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне қайта бет бұрды. Міне, осындай тарихи жағдайда өзара түсінісу фило-софиясының болашағы зор. Ол адамдар арасындағы ынтымақ-тастықты нығайтуға теориялық іргетас бола алады деген ойдамыз.

2007 жылы Н.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» атты жаңа кітабы жарық көрді. Кітапта Қазақстанның тәуелсіздік алған сәтінен бергі экономика және саясат саласындағы өзгерістеріне талдау жасалады.

«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы» стратегиялық жоспарлаудың маңызды құжатына айналады. Кітапта стратегия қалай және неліктен әзірленгендігі, оның қандай әсерге ұшырағандығы және жас мемлекеттің қалыптасуы мен дамуында оның қазіргі күнге дейін қандай рөл атқарып отырғандығы жан-жақты түсіндіріледі. Осындай ірі көлемді құжат дайындау үшін Қазақстандық мамандар тобы Бостонда, Гарвард университетінде болды, Кореяның, Сингапурдың, Малайзияның стратегиялық жоспарларымен, сондай-ақ «Боинг», «Дженерал электрик» және «Бритиш петролеум» сияқты әлемдік алыптардың бизнес - стратегияларымен танысты. Бағдарламаны әзірлеуде халықаралық сарапшылар - Х.Берсток, К.Грэй, В.Худжонг және т.б. зор көмек көрсетті.

Стратегия Елбасының Қазақстан халқына арналған жолдауында айтылды.

Келесі бөлім кертартпа адамдармен табанды күресу арқылы 1995 жылғы қолданыстағы Конституцияның қалай жасалғанын баяндайды.

«Каспий үшін шайқас және мұнай шуы» бөлімінде Каспий жағалауындағы елдердің күрделі қатынастары айтылады.

Мұнай жай ғана табиғи ресурс емес. Ол Қазақстан тарихында, әлемнің саяси картасындағы қазіргі жағдайында маңызды рөл атқаратын стратегиялық ресурс.

Мұнай жас республиканың экономикалық тәуелсіздігінің іргетасын қалады, инвесторлардың назарын аударған байлыққа айналды.

Тағы бір таңбалы асу — ұлттық валюта - теңгенің енгізілуі. Бұл туралы «теңге — біздің тәуелсіздігімізді ң символы» тарауында айтылады.

Бұл бөлім біздерді 1992-1993 жылдарға қиын, әлеуметтік жағдайларға қайта оралтады.

Ол кезде Қазақстан бар күшімен рубльдік аймақта қалуға ұмтылды. Ең алдымен, экономикалық тұрғыдан рубль қалыптасқан экономикалық байланыстардың қызметін білдіретін.

Сонда да болса қиын шешім қабылдау, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуында ең маңызды қадам жасау қажет болды.

1992 жылдың көктемінде - ақ ұлттық валютаны енгізуді дайындау бойынша құпия комиссия құрылды. Қазақстанның ақшасы Англияда - «Харрисон және оның ұлдары» және «Томос де ру» компанияларында басып шығаруға шешім қабылданды.

1993 жылы 15 қарашада ұлттық валюта «теңге» айналымға енгізілді, өз алдына дербес валюта қаржы жүйесін, салық және кеден комитеттерін, ұлттық билікті қалыптастырудың алғы шарты болды.

Республика дербестік пен тұрақтылыққа ие бола отырып, аяққа тұрды.

Кітапта қайшылығы көп жекешелендіру мәселесіне біршама бет арналған. Автор осы процестің ішкі логикасын ашып көрсетеді, оның кезеңдерін егжей-тегжей көрсетеді, жіберілген қателіктерге талдау жасайды.

Жекешелендіру жаңа экономикалық - қоғамдық қатынастарды туындатты.

«Мүшкіл жекешелендіру» үмітті ақтамады, жекешелендіру қорлары барлық азаматтар арасында меншікті әділетті бөліске салу мүмкіндігін бермеді.

Жекешелендіру қоғамды бөлуге әкелді, бірақ сонымен қатар орта таптың қалыптасуына негіз қалады. Орта тап бұл еңбек серіктестігімен, алғырлығымен, бастамашылдығымен ерекшеленетін адамдар.

Елдің экономикасы қарқын алды, бірақ маңызды ауылшаруашылық секторы ақсап жатты Жер мәселесінің эволюциясы туралы, парламенттегі қиын пікірталастар туралы және оның үкіметке қарсы тұруы туралы арнайы бөлім баяндайды.

Ауыл шаруашылығы көмекке өте мұқтаж еді. Адамдар жоғарыдан көмек күтті. Қиындықты жеңу үшін жерге жекеменшік енгізу қажет болды. Адамдар өзін жердің нағыз қожасымын деп сезінуі керек еді.

Бүл мәселе өте күрделі маңыз алды. Қоғамдық пікір оны теріс бағалады. Парламент пен Үкіметте бұл туралы бірыңғай пікір болмады, өйткені Қазақстанда ешқашан жерге деген меншік болған емес.

Аграрлық секторды бірнеше кезеңде реформалаудан өткізу қажет болды, сөйтіп тиісті заң қабылдануға тиіс.

2003 жылы 20 шілдеде Президент Жер кодексіне қол қойды, оған сәйкес ауыл шаруашылығына арнап жерге деген жекеменшік енгізілді.

Бұл ауылдағы нарықтық қатынастарды дамыту үшін қажетті шартқа айналды.

Кітапта Қазақстанның қалай ғарыш державасына айналғандығы айтылады, Байқоңырды Ресейге жалға беру оқиғасы баяндалады.

Бүл шешім ғарыш кешенін сақтап қалуды ғана емес, сондай-ақ Мемлекеттік ғарыш бағдарламасын дамытуға да мүмкіндік берді. Сөйтіп, Байқоңыр ғарыш торабымен Қазақстан және Ресейді байланыстырады.

«Жаңа дәуірдің жаңа астанасы» атты соңғы бөлім ерекше толқумен жазылған. Мұнда Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени дамуындағы алыс асулардың қалай ашылғандығы, жаңа астананың жұлдызы қалай жарқырағандығы, Астананың Еуразия кіндігіне, қуатты экономикалық мегаполис пен рухани келісім орталығына айналуы туралы баяндалды.

Бөлімде Президенттің өз жоспарын іске асыру үшін жүргізген күресі туралы көптеген қызықты деректер, куәліктер, болжамдар мен айғақтар келтіріледі. Бүгінгі күнде барлық күмәндар артта қалып қойды.

Жаңа астана шындыққа айналды, ол еліміздің мәдени, экономикалық және саяси өсу көкжиектеріне жол ашты.

Қазақстанның халықаралық беделін арттырды. «Біз астананы жоқтан бастап құрдық. Оның көшірілуіне байланысты барлық проблемаларды жүректен өткіздік. Бүл арман еді. Енді болса ол - әсем қала, Қазақстанның мақтанышы мен жүрегі», деп жазады Елбасы.

ҚР Президентінің жаңа кітабы - ең алдымен жастарға сабақ. Жауапкершілік, саяси көрегенділік, дау жүректік, жігерлілік сабағы.

Ол өз еңбегінің бір бөлшегін және шабытын ортақ үй құруға жұмсаған әрбір Қазақстан азаматы үшін, бәріміз үшін маңызды.

Қазақстандық жол - бұл тәуелсіз республиканы экономикалық және саяси күйреуден, әлеуметтік дағдарыстан гүлденуге, әлеуметтік тұрақтылық пен рухани келісімге әкелетін жол.

Қазіргі таңда Қазақстан экономикалық және саяси реформалар бойынша кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте көш бастап келеді. Оның жүрегі - Астана қаласы Еуразия құрлығында рухани, экономикалық және саяси орталыққа айналып келеді.

Кітап Қазақстандық патриотизмге, ұлттық қадір-қасиеттің жоғары сезіміне және ұлттық мақтанышқа тәрбиелейді.

 

71.Анализ және синтез, индукция мен дедукция, абстрактілік пен нақтылықтардың диалектикасы.

Анализ дегеніміз — объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу. Ондай бөліктер ретінде объектінің белгілі бір заттық элементтері немесе оның қасиеттері, белгілері, қатынастары алынуы мүмкін. Объектінің өзін ұстау заңдарын айқындау үшін алдын ала оның маңызды және екінші қатардағы белгілерін ажыратып алу керек. Олардың жалпы объект құрылымы мен ұстанымында алатын орнын айқындау керек. Объектіні тұтастық ретінде тану оның құрамдас бөліктерін зерттеумен шектелуге болмайды. Таным үдерісінде олардың арасындағы объективтік мәнді байланыстарды ашу, оларды жинақтап, бірлікте қарастыру қажет. Таным үдерісіндегі осы екінші кезенді жүзеге асыру — объектінің жеке құрамдас бөліктерін зерттеуден оның біртұтас байланысқан жағдайын зерттеуге көшуге, анализ әдісін өзге әдіспен, яғни синтезбен алмастыруға байланысты. Анализ аяқталған жерде синтез басталады. Синтездеу кезінде объектінің анализ жасау кезінде ажыратылып тасталған құрамдас бөліктері қайтадан біріктіріледі. Бүл жерде синтездеу деп элементтерді біртұтас жүйеге қарапайым механикалық түрде біріктіру деп түсінбеу керек. Шындығында, ол тұтас жүйедегі өр элементтің орны мен рөлін анықтайды, олардың өзара байланыстарын белгілейді. Демек, біздің көз алдымызда зерттелетін объектінің нағыз диалектикалық бірлігін көрсетіп береді. Анализ бен синтез бір-бірінен бөлек операциялар емес, мәніне қарай олар танымның аналитикалық, синтетикалық әдісінің екі жағы болып табылады. Индукция ойдың жалпыдан жалпыға қарай бағытталуын, дедукция кері бағытта, ойдың жалпыдан жалқыға қарай бағытталуын сипаттайды. Біздің ой қорытуымызда индукция жиі көрініс береді. "Барлық адам өледі. Юлий Цезарь — адам. Демек, Юлий Цезарьдің де өлетіні белгілі". Жалпы жағдайды біле тұра, таным субъектісі оны сол сипаттағы құбылыстардың бәріне ауыстырады. Бұған дейін мұндай объектілер ұзақ индуктивті тану жолынан өткендіктен, сол білімдердің нәтижесінде жеке зерттеу логикалық қорытуға ұласады. Данышпан ғалым-химик Д.И.Менделеевсол кездегі белгілі химиялық өлшемдердің бәрін дерліктей зерттей отырып, элементтердің периодтық заңына алдымен индуктивтік жолмен келді. Элементтердің қасиеттері олардың атомдық салмағына тәуелділігі анықталғанда, ол таза дедуктивтік әдіспен сол кезде әлі ашылмаған, белгісіз элементтердің қасиеттері туралы жорамал айтты. Содан кейінгі ашылған элементтер ол тұжырымдаған заңдылықтардың толығымен дұрыстығын көрсетті. Индуктивтік әдіспен алынған ақиқат үнемі толық бола бермейді, сондықтан ол дедуктивтік әдіспен дәйектелуі керек. Екінші жағынан, дедукция үнемі индуктивтік жолмен алынған нәтижелерді пайдалануы керек.Абстрактілік Пен Нақтылық– абстрактілік – бүтіннің бір жағы, бөлшегі біржақтылық, дамымағандық; нақтылық – көпжақтылық, күрделілік, дамығандық, тұтастық. Гегельбұл терминдерді бір-біріне әрі қарама-қарсы, әрі ажырамас бірлікте қараған. Оның пайымдауынша абстрактілік те, нақтылық та, ең алдымен, болмыста болатын қасиет және соған байланысты ойлау жүйесіне де тән ұғым. Гегельдің пайымдауынша нақтылық саналуандықтың бірлігі, тұтастығы. Оның мағынасы: әрбір жеке зат, процесс,құбылыс — тұтас нәрсе, олардың әрқайсысы көптеген қасиеттердің, белгілердің, қатынастардың іштей байланысқан бірлігі, оқшауланған түйіні. Тұтастық не бірліккездейсоқ, бір-біріне селқос нәрселердің жиынтығы емес, бірінен-бірі туындайтын нәрселердің бірлігі. Осындай табиғаты бір, бірақ әртүрлі құбылыстардың дербес тұтастығын нақтылық дейміз. Мысалы, Жер басқа аспан денелерінен біршама дербес, нақты тұтастық, адамдар қоғамы, ондағы әрбір халық, мемлекет т.б. дүниелерден қаншалықты тәуелсіз, дербес болса да, олар сол шеңберде өзіндік іштей байланысқа құрылған. Үлкен тұтастық ішінде олар қанша түрге бөлінсе де, жалпы табиғаты бір.

72.Қазіргі мәдениеттің экологиялық талаптары. Адам - қоғам - табиғат және олардың өзара байланысы.

Қазіргі таңда табиғи байлықтарды пайдалану тонаушылықпен жүргізілуде. Қоршаған ортаны қорғау туралы, ерекше қорғалатын аймақтар туралы заңдар, қажетті нормативтіқ-құқылық базалар, экономикалық механизмдер болғанымен іс жүзінде ол заңдар, ережелер өз дәрежесінде жұмыс істемей жатыр. Мұның бір себебі, азаматтардың экологиялық мәдениеті деңгейінің төмендігі. Экологиялық мәдениет - бұл азаматтардың экологиялық сауаттылығы, ақпараттармен хабардар болуы, табиғатты тиімді пайдаланудың нормаларын күнделікті орындау белсенділігі мен сенімділігі. Қазіргі кезде экологиялық білім беру және тәрбие мәселелері жалпы тәрбие беру мен білім жүйелері дамуының өзекті бағыттарының бірі. Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін емес. Экологиялық тәрбие - бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға, оның жай-күйіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға әсер етеді.

Экологиялық тәрбие қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтып бірнеше деңгейлерде жүргізілуі керек. Жеке тұлғаның түзілуі негізінен отбасында жүреді. Сондықтан ата-ана баланың қоғамдағы негізгі мінез-құлық нормаларымен қатар, экологиялық мәдениеттің де негіздерін үйрете бастауы керек.

Қоғам мен табиғат арасындағы өзара байланыс бүгінгі таңдағы проблемалардың бастысы болып отыр. Қазіргі уақытта табиғатта және экономикалық дамуда экологиялық тепе-теңдікті сақтау міндеттері өзара байланысты. Өйткені, табиғат байлығын аяусыз сарқа пайдаланып, қоршаған ортаны бейберекет ластаумен экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Табиғи-ресурстық әлеуеттің шектеулі екендігін және ғаламдық экологиялық апаттың жылжып келе жатқандығын әлем қауымдастығының жете түсінуі нәтижесінде туындаған тұрақты даму идеясы осынау тығырықтан шығудың жолын іздеуге адамзатты мәжбүр етеді.










Последнее изменение этой страницы: 2018-06-01; просмотров: 269.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...