Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Сыни рационализм. Постмодернизм 19 страница




Энтропия (грек. еntropіa – бұрылыс, айналу) – тұйық термодинамикалық жүйедегі өздігінен жүретін процестің өту бағытын сипаттайтын күй функциясы. Энтропияның күй функциясы екендігі термодинамиканың екінші бастамасында тұжырымдалады. Энтропия ұғымын термодинамикаға 1865 ж. Р.Клаузиус , мұндағы k –WD) деп аталатын шамамен байланыстырады. Больцман принципіне сәйкес: S=kІnWDQ/Т түріндегі толық дифференциал болатындығының қажетті және жеткілікті шарты, ал Энтропия – күй функциясы. Энтропияның абс. мәні термодинамиканың үшінші бастамасы бойынша анықталады және ол бойынша абс. нөл темп-рада кез келген жүйенің Энтропиясы нөлге айналады. Адиабаталық оңашаланған жүйелеріндегі қайтымды процестер кезінде Энтропияның мәні тұрақты болып қалады да, қайтымсыз процестер кезінде Энтропияның мәні артады; барлық реал процестерінде Энтропияның мәні артады (Энтропияның арту заңы). Статист. физикада Энтропия статист. салмақ (dS=Q/Т. Ал кез келген қайтымды жолмен алынатын тұйық процесс үшін: . Соңғы теңдік Энтропияның dS=DQ – жүйеге күйі шексіз аз квазистатик. болып өзгергенде берілетін жылу мөлшері, Т – жүйенің абс. темп-расы; интрегал екі күйді өзара жалғастыратын кез келген қайтымды жолмен алынады. Изотерм. процесс жағдайында: dенгізген. Кез келген А және В күйлеріндегі жүйе Энтропиясы мәндерінің айырымы мына формула арқылы анықталады: , мұндағы Больцман тұрақтысы. Сонымен Энтропия – термодинам. тепе-тендік күйдегі макроскоп. денелерге тән қасиет. Ол бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) Дж/К арқылы өрнектеледі. Энтропия ұғымы ғылымның көптеген салаларында (физика, химия, т.б.) маңызды рөл атқарады.

 

85. Ш. Уәлиханов «Қырғыздарда шамандықтың іздері», «Дала мусылмандығы туралы», «Сот реформасы туралы жазбалар».

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы,тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы.

Шоқан Уәлиханов (1835-1865) еңбектері қазақ халқының тарихына көз жүгіртіп оның дүниетанымымен танысуға, 18-19 ғғ. қазақ халқының тұрмыс тіршілігінің жандануына, өзіндік әлеуметтік-реформасының қалыптасуына негізделген.

«Қырғыздардағы шамандықтың іздері» еңбегінде Шоқан зорастризм және шаманизм дінідерін қазақтардың ежелгі діні деп, ондағы наным-сенімдердің тамырын зерттеген. Сол белгілерді қазақ халқының күнделікті тұрмыста қолданып жүрген сөздерімен де дәлелдеп береді.

Шоқан Уәлиханов өзінің қысқа өмірінде қоғамдық ғылымдардың алуан саласында — тарихта, шығыстануда, географияда, этнография да, экономикада, филологияда, өнертануда — көптеген құнды еңбектер қалдырды. Ол Қазақстанның, Орта және Орталық Азияның түрік тілдес халықтарының — қазақтың, қырғыздың, өзбектің, ұйғырдың, турікменнің тарихы мен сол кездегі жағдайы, тілі мен әдебиетін терең зерттеумен шығыстану ғылымына зор үлес қостң. Шоқанның «Қазақтың шежіресі», «Жоңғария очерктері», «Қазақтар туралы жазбалар», «Абылай», «Көне замандағы қазақтың қару-жарақ, сауыт-саймандары», «Даладағы мұсылмандық», «Қазақтағы шаман дінінің қалдықтары», «Қазақтың көшіқоны», «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы туралы пікірлер», «Ыстықкөл күнделіктері» тағы басқа еңбектерінде Қазақстан мен Орта Азиядағы түрік халықтарының келелі мәселелері кеңінен зерттелді және де зерттеулерде, мәселелер қою мен шешуде қазақ ғалымы дұрыс ғылыми бағыт ұстағаны кейінгі оқымыстылар зерттеулері арқылы расталды, бүгінгі күні де ғылыми мәні сақталды. Ол Омбыға барып, сол кезде Қазақстанда сот реформасын жүргізудің жобасы жасалып жатқанда, облыстық басқарманың заң комиссиясының жұмысына қатысады, сот реформасы елге тиімді, пайдалы болуды талап етеді. Бұл тұста оның «Сот реформасы туралы жазбалар» еңбегінің маңызы аса зор. Онда қазақ қоғамының экономикалық, саяси, рухани жағдайлары және қазақ халқының болашақ даму негіздері мен жолдары терең талданды, Ш. Ш. Уәлиханов «…Азаматтық жағынан өсіп-өркендеуінде үлкен үміт туғызып отырған, орыстарды отандас туысқанымыз деп санап отырған және орыс мемлекетінің қарамағына еркімен қосылып отырған миллиондағанадамамдардың тағдыры, Шекспирше айтқанда, болу не болмау» деген сияқты үзілді-кесілді мәелелерді шешерде көбірек көңіл бөліп, көбірек қамқорлық жасауға тұратын іс сияқты», одан әрі Шоқан қазақ елінің дамуы үшін қандай шаралар қажет екенін егжей-тегжейлі сөз етеді.

 










Последнее изменение этой страницы: 2018-06-01; просмотров: 274.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...