Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Сыни рационализм. Постмодернизм 7 страница




38. Логикалық позитивизм – О. Конт ілімнің амалсыз эволюциясы

Логикалық позитивизмнің (1920 – 50 жж) классификациясы.

Екі мағынадағы сциентизм:

- білімді тек ғылым нақты түрде береді;

- барлық ғалымдардан «үстемді ғылым» - физиканың әдісіне с.йену қажет.

1)Формальды ғалымдар:логика математика

2)Фактуальды ғалымдар: физика биология тарих

3)жалған ғалымдар: астрология психоанализ

4)Метафизика

Әрине, бұл классификацияны біз жұмысшы түрінді қабылдаймыз, сонымен бірге, ол ғылымның негізгі типтік айырмашылықтарына сілтеу жасайды, сөйтіп эмпириялық пен теориялық әдістерде қолданылатын пәндік айырмашылықтар мен нақты заңдылықтарына да назар аударады. Осы жағдайда , ядерлық физикамен әлде этология мен орта ғасыр сурет тарихының арасындағы айырмашылықтарды да анықтау қиын.

Огюст Конт (1798 – 1857)жж өзінің «Жағымды философия курсы» (1830 – 42жж) атты шығармасында қазіргі ғылым философиясының қалыптасуына ықпал ететін аса күрделі идеяларды ұсынған. Мысалы үш кезең туралы заң. Оны Конт келесі түрде анықтайды. «Біздің әр идеямыз , білімнің әр салдары бір ізгілікті үш түрлі теориялық кезеңнен өтеді. Теологиялық әлде фиктивті , өтірік, метафизикалық әлде абстракциялық, ғылыми әлде жағымды,. Осы заңмен негізделіп Конт келесі тұжырымды жариялайды. Спекулятивті метафизикалық философияның уақыты өтті, енді жағымды философия ғылыми философияға айналуы қажет, яғни ғылым философиясына. Оның ролі екі мақсатқа жинақталады.біріншісі нақты ғылымдардың күрделі нәтижелерін синтездеу; екіншісі – ғылыми танымның әдістерін дамыту.

Позитивизм сонша кең таңылды, оның негізінде ғылым философиясы өзгеше философиялық пән ретінде дамиды. Осыған үлес қосқан ағылшын философы – позитивист «Логика жүйесі» атты әдіс мәселесіне арналған шығарманың авторы Дж Стюарт Милль:

- табиғаттанудағы индуктивті әдістер

- әлеуметтік моральдық ғылымдардағы әсіресе политэкономия гипотетикалық дедуктивтік әдістер

- позитивизмнің негізгі принциптері неопозитивизмде сақталған

19 –ғасырдың аяғында позитивизмнің екінші түрі пайда болды, оны махизм әлде эмприокрипицизм деп атайды.Оның негізгі себебі физикадағы методологиялық дағдарыс. Олар электронның ашылуы, радиактивтік құбылыстардың ашылуы.

39. Мәдениеттің философиялық мағынасы

Мәдениет философиясы — мәдениеттің идеясын, мақсаттарын, принциптері мен алғышарттарын зерттейтін философиялық пән. Мәдениет философиясы мәдениетке, оның формалары мен мән-мағынасына филос. талдау жасайды. “Мәдениет философиясы” терминін XIX ғасырдың басында неміс философы А.Мюллер енгізді. XX ғасырдың басында Мәдениет философиясы мәдениет эволюциясының әр түрлі кезеңдерін зерттеуге бағыт алды. Осыған орай мәдениет феномендерін зерттеуде ерекше тәсілдерді қолданып, онымен айналысатын арнайы ғылым саласын қалыптастыру идеясы туды. Мысалы, неокантшылдар В.Виндельбанд пен Г.Риккерт “мәдениет туралы ғылымдар” мен “табиғат туралы ғылымдарды” ажыратуды ұсынды. Осылайша олардың тұжырымдамасы мәдениет пен табиғат арақатынасы мәселесін, сондай-ақ мәдениеттің құндылықтық мәнін айқындады. Мәдениеттің теоретикалық ілімдерінің көптігі оны пайымдаудың барлық баламаларын көрсетеді. Олар әр түрлі ғылыми теориялар негізінде Мәдениет философиясының принциптері мен тәсілдерін айқындайды. Мәдениеттануда “дәуір мәдениеті”, “этнос мәдениеті”, “ұлттық мәдениет”, “христиандық мәдениет”, “мұсылмандық шығыс мәдениеті”, тағыда басқа ұғымдар көп кездеседі. Осы секілді ұғымдар әр түрлі мәдени тұтастықтарды тарихи, әлеум., филос. көзқарастар тұрғысынан жіктеу нәтижесінде тізбектеледі. Білімнің гуманитарлық саласы мәдениеттің алуан түрлілігін белгілі бір жіктелімге енгізіп, мәдениеттің типологиясына немесе философиясына әкеледі;

40.Рухани және материалдық мәдениеттің құндылықтары.

Мәдениет әлемі - құндылықтар әлемі. Кез келген мәдениетті нақты құндылықтардың жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Философиялық тұрғыдан алғанда құндылық дегеніміз – жалпы қоғам үшін, топ, адам үшін ең қадірлі, ең қасиетті нәрсе туралы түсінік. Әрбір мәдени дәуірдің өзіне тән құндылықтары, яғни белігілі бір аса құрметтелетін қасиеттер, құбылыстар жүйесі болды. Осы рухани абсолюттер ауысқан уақытта басқа дәуір басталады. Құндылық ұғымы мәдениеттің ерекшелігін түсінуге көмектеседі. Адам өзі үшін не нәрсе маңызды екенін өзі анықтайды. Көптеген рухани абсолюттер көп адамдарға ортақ. Мысалы, тіршілік ету, өмірді сүю, ата-ананы қадірлеу, құрметтеу. Бұл барлық адамдарға қымбат, ортақ рухани абсолюттер. Бұлжымайтын, асыл өмірлік бейімделуді философия құндылық деп атады. Құндылық дегеніміз адамның өмірін мәнді, сәнді ететін түсініктер жүйесі. Адам баласының тарихында қандай қиындықтар болса да адамды адам етіп қалдыратын рухани тіректер қалыптасты. Осы рухани тіректер бірте-бірте құндылықтарға айналды. Құндылықтар шындықты реттейді, оған мән, мағына, маңыз береді. Адамның қолынан жасалған нәрсенің бәрі бос әурешілік емес, олар белгілі бір мақсатқа бағытталған. Мақсатсыз қоғам, адам-тұл. Көне өнер бізді қызықтырады, толғандырады, өйткені, олар адамдардың бір кездегі пішінге, порымға, түрге, мәнге, мағынаға деген ұмтылысын білдіреді. Соны білу, игеру бізге де қажет. Бүгінгі адам баласы қол жеткізген биік деңгей, технологияның тың жетістіктері бұрынғы кәсіби шеберлік пен икемділікті жоққа шығармайды. Керісінше, оны білу, пайдалану кез келген жаңа технологияны кеңейтеді, байытады. Адам өмірінің мәні құндылықтар жүйесінің тұлғалық интеграциясы. Құндылық дегеніміз – адам қажеттілігініқ бейнесі. Ол зат немесе идея болуы мүмкін. Сондықтан құндылықтар материалдық немесе идеалдық деп екіге бөлінеді. Материалдық құндылықтар – еңбек құралдары мен тікелей тұтынатын заттар. Рухани құндылықтар – философиялық, діни, эстетикалық, моральдық, құқықтық, саяси, идеялар. Барлық құндылықтар қоғамдық өндірістің нәтижелері. Кез келген құндылықтың екі сипаты – функциональды маңызы және тұлғалық мәні бар. Мысалы, машинаның болуы бір адам үшін мақтану объектісі, екінші адам үшін оның қызметінің бұлжымас бір бөлігі, құралы, үшінші адам үшін табыс көзі. Материалдық және рухани құндылықтардың қоғамдағы, адам өміріндегі маңызы әр түрлі, олардың бірнеше маңызды сипаттары бар: Материалдық құндылықтар : Физикалық статусы; 2.Техникалық құралы; 3.Праксеологиялық - экономикалық формасы. Рухани құндылықтар 1. Ақпараттың мағынасы мен сипаты; 2.Материалдық іске асуы; 3.Аксиологиялық функциясы; 4.Әлеуметтік – экономикалық формасы. Материалдық құндылықтар дегеніміз, ең алдымен, белгілі табиғи сипаттары мен қасиеттері бар әртүрлі табиғи материалдар. Олардан жасалатын заттардың техникалық құрылымына байланысты оның құндылығы анықталады. Белгілі бір техникалық тетікке немесе құралға айнала отырып, табиғи зат өндіріс барысында немесе адамның тікелей тұтынуында өзінің қажеттілігін көрсетіп отырады, сондықтан оның өндірістік – техникалық және тұтынылу функциясы туындайды. Материалдық құндылықтар қоғам дамуының барлық кезеңдерінде әрекет етеді. Рухани құндылықтар белгілі ақпараттық және ақиқаттық мағынамен сипатталады. Саяси, құқықтық, этикалық және басқа да идеялар дұрыс немесе бұрыс болуы да мүмкін, бірақ олар өзінінің құндылық табиғатын жоғалтпайды. Өйткені олар адамдардың әртүрлі уақыттағы және кеңістіктегі ұмтылыстарын білдіреді. Барлық идеялардың материалдық болмысы да бар, өйткені олар кітаптарда, мүсіндерде, архитектуралық құрылымдарда, өлеңдерде, әндерде, әртістердің ойындарында, үнтаспалар мен ноталық жазуларда көрініс береді. Идеялар құндылық аясында белгілі бір нақтылық функцияны орындайды, олар адамдардың арасындағы белгілі бір қатынастарды реттейді. Адам тіршілігінің құндылықтары. Адам өзінің күнделікті күйбең тіршілігінің аясын кеңейтіп, оған мән, мағына беруге тырысады. Біріншіден, ол өзінің өмір сүру фактісін өзі үшін ғана емес басқалар үшін де маңызды еткісі келеді. Сондықтан ол өзіне-өзі үңіліп, өзін танытуға, өзінің тылсым мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысады: қарапайым сурет салу мен қолөнерінен бастап өнер мен спорттың жоғары жетістіктеріне, қарапайым үй жұмысынан бастап саяси қызметке дейін көтеріледі. Осы процессте әр адамның өзіндік қабілеті мен таланты ашылады. Екіншіден, адам өзін-өзі басқалармен қарым-қатынаста көрсеткісі келеді. Қарым-қатынастың бастапқы түрі “Мен және Сен” қатынасы. Осы қатынаста адам өзін-өзі басқаға жақын етеді, өзінің түпкі мақсаттары мен тілегін білдіреді. Бұл қатынастағы “Сен” міндетті түрде басқа адам емес, кез келген ұнаған зат немесе құбылыс болуы мүмкін. Қарым-қатынаста адамдар өздеріне тән адамгершілігін паш етеді, жан сұлулығы мен жүрек жылуын, мейірімін ұсынады. Үшіншіден, адам өзінен тыс жоғары құндылықтаға қол созады, яғни өзі-арман еткен болашақтың немесе кәсіптің жетілген биіктігін бойына сіңірген саяси лидерді, танымал актерді, рок-жұлдызды, философиялық, көркем, адамгершілік идеясын өзіне идеал етіп алады. Бұл тілек адамның өзін бүкіл әлемнің, дүниенің бір бөлігі ретінде сезінуіне мүмкіндік жасайды. Бұл бір тамаша сезім, осындай сана сезім, өзін-өзі бір керемет деп сезіну адамды бақытты етеді. Сонымен қатар, адам әр уақытта өзіне-өзі “осы мен кіммін”, “қайдан шықтым?”, “қайда барам?” сияқты сұрақтарды қойып отырады. Бұның өзі оған одан әрі нығая беруіне, тамыр жая беруіне жағдай жасайды. Осы қасиеттердің бәрі адам тіршілігінің жоғары құндылықтары жинақталатын, тоғысатын, рухани өмірді білдіреді. Адамның ең жоғарғы құндылықтары – шығармашылық, махаббат, еркіндік, қайғыру, бақыт, рухани өмір туралы толғаулар адам еркін бе, әлде құл ма? “Еркін болу дегеніміз не” сияқты сұрақтардан басталады. Жоғарғы рухани құндылықтар дүниетаныммен тығыз байланысқан, оларға адам әруақытта сүйеніп отырады. Жоғары рухани құндылықтардың әрқайсысы үлкен мағынаны білдіреді, адам болмысының аса маңызды қырларын бейнелейді. Шығармашылық - адамның табиғи таланты мен интеллектуалдық мүмкіндігінің кеңінен ашылуының жоғарғы көрінісі. Шығармашылық - бұл ұлы қуаныш, сонымен қатар, ұлы қиналу мен күйзеліс. Өйткені, осы процестің барысында өнерде, әлеуметтік өмірде, ғылым мен техникада бұрын соңды болмаған жаңалықтар пайда болады, дүниенің тылсым сыры ашылады, әлем өз болмысының әртүрлі қабатында мүлгіген керемет қасиеттері мен заңдылықтарына жол ашады. Шығармашылық - адам бойындағы энергияның сыртқы атқылануы, яғни бұрқылдап, буырқанып сыртқа шығуы. Соның нәтижесінде табиғат құбылыстарының теңдестік, ырғақтылық, арақатынастық белгілері көркем өнерде бейнеленді. Шығармашылық өмірді қайта құруға, дамытуға, нығайтуға әруақытта жағдай жасап отырады. Оның бір тамаша қасиеті - өзің өмір сүріп, тіршілік етіп отырған ортаға өзіндік баға бере отырып, одан туындаған құндылықтарды көркем образдар арқылы көрсетуге мүмкіндік береді. Шығармашылықтың осы бір мүмкіндігі қазақ кеңес әдебиетінің өкілі О.Бөкеев еңбектерінде өте әсерлі көрініс тапты. Өкінішке орай, оны уақытында көп адамдар түсініп бағалай алмады. Басты себебі социализмнің жұмағында өмір сүріп жатқан қазақ халқының тағдырының кейбір қайшылықтарын жазушының мол дарыны көре де, көрсете де алды, бірақ оны оқушысы қабылдай алмады. Өйткені О.Бөкеевтің кейіпкерлерін қоғамдық сана мен мораль тұрғысынан қабылдау қиын еді, олар көбінесе жалғыз, “қиялиң, “кісікліктеу”, көрер көзге оғаштау, сәл өзгешелеу адамдар болып келді. Сонымен қатар, жазушы оларды көбінесе табиғи стихияға қарама-қарсы қойып, қоғамдық ортадан бөлектеу қарады. Мұның өзі О.Бөкеев тапқан өзіндік шығармашылық жол, рең еді. “Қар қызы”, “Жетім бота”, “Атау-кере” т.с. моральдық - этикалық символдар. Солар арқылы автор нақты цивилизациядан табан бекітер орын таба алмай аулақта, сағым көшінде, әуеде, су арасында, жағалауда ойнақтаған басқа идеалды өмірдің ұшқынын көрсеткен.

 

41.Софистика, эклектика, догматизм, релятивизм, метафизика диалектикаға кереғар баламалары.

 Экзистенциализм (лат. eksіstentіa – өмір сүру) – адам өмірінің мәні, оның тұлғалық болмысы жайлы батыс философиясындағы иррационалистік бағыт. Адамның өзіндік Менін тануы өмір мен өлімнің мәні, еркіндіктің мағынасы,адамгершілік, рахымдылық, сұлулық, әділеттілік пен ақиқат, адамның дүниеге келудегі мақсаты, қоғамдағы орны сияқты көптеген филос. мәселелердің шешімін табуға

итермелейді. Экзистенциализмның негізгі өкілдері: М.Хайдаггер, К.Ясперс, Н.А. Бердияев, Ж.П. Сартр, Г.Марсель, А.Камю, сондай-ақ олардың идеялық қолдаушылары: Августин, Ф.Шеллинг, С.Кьеркогор, А.Шопенгауэр, Ф.М. Достаевский, Ф.Ницше.

Софистика(қайталау) дегеніміз – бастапқы теорияны сақтап қалу үшін логика ережелерін субъективті түрде пайдалануды мүмкін етіп қарайтын аргументтердің көп түрінің жиынтығы. Бастапқы деп алынатын теория ақиқат деп қаралады және сынауға, қайта қарауға тиым салынған болады. Софистика әдісі көздегенге жету үшін, соны дәлелдеу үшін семантикалық және логикалық ережелерді пайдаланады.Софистер (гр. sophists-өнерпаз, дана)-«даналықтың,» «шешендіктің» кәсіби ұстаздары ретінде саналған ежелгі грек философтарын осылай атаған. Олардың халықты риторикаға, философияға үйретудегі атқарған еңбектері зор. Діннен бас тарту, табиғат құбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық және әлеуметтік релятивизм-олардың ортақ көзқарасы болып табылады. Софистер екі топқа бөлінді: «Аға софистер»-табиғатты материалистік тұрғыда түсіндірді. Бұл топтың өкілдері-Протагор, Гиппий, Продик, Антифондар-алғашқы ағартушылар. Екінші тобы- «Кіші софистер» (ақсүйектер тобы)-Гипподам, Критий-философиялық идеализмге ден қойғандар. Софистер дау–дау кезіндегі кейіпке байланысты пайда болған «Софистика» деген әдісті қолданды. Софистика – дауласу немесе дәлелдеу кезінде қисынсыз пікірлерді, софизмдерді, яғни сырттай ғана дұрыс болып көрінетін айлаларды саналы түрде қолдану. Сондықтанда Аристотель оларды «жалған даналық» ұстаздары деп атады.Эклектика сенікі де оныкы да дұрыс дегенді білдіредіМетафизика терминін алғаш қолданған Аристотель. Сөзбе-сөз алғанда ол “физикадан кейін келетін” деген мағына береді. Аристотель оны “алғашқы философия” деп атады; ол барлық ғылымдар үшін міндетті нәрселердің өзгермейтін және сезім мүшелерімен емес, оймен ғана пайымдауға болатын ең жоғарғы бастамаларын зерттейді. Ортағасырлық философияда метафизика теологияның философиялық дәлелдемесі ретінде қызмет етті.Метафизика диалектикаға қарсы. Дүние тұрақтылықта болады дейді. Ал диалектика дүние үнемі қозғалыста дейді. Догматизм [ көне грекше: δόγμα - пікір, ой ] - тексерусіз, зертгеусіз соқыр сенімге ғана сүйенген, дәлелденбеген қағида негізінде теориялық және саяси мәселелерді зерттеп шешуде нақтылы жағдайларды ескермейтін абстрактілік ойлау әдісі.Релятивизм[1] (лат. relatіvus — салыстырмалы) — дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар өзара тек салыстырмалы қарым-қатынаста болады деген методологиялық қағида. Релятивизм заттардың, құбылыстардың, ғыл. теорияның, адамгершілік құндылықтардың, моральдық нормалардың, т.б. баяндылығын, тұрақтылығын, абс. мәнін жоққа шығарады. Релятивизмнің негізгі үш түрі:метафиз. (онтол.) Релятивизм;танымдық (гносеол.) Релятивизм;этик. (моральдық) Релятивизм.Эклектика – әр түрлі, қарама-қайшы көзқарастардың, теориялық алғышарттардың, саяси бағалардың тоғысуы. Мәселен материализммен идеализмді жанастырудың көптеген әрекеттері немесе ревизионистердің марксизм мен эмпириокритицизмді, диалектикалықматериализм мен кантшылдықты, т.б. ұштастыру ниеті Эклектикалық сипатта болды. Эклектиканың негізгі методология кемшілігі – объективті дүниенің байланыстары мен қатынастары жиынтығынан заттың, құбылыстың нақты тарихи негізділігін ескеріп, олардың басты байланыстарын ажырата алмаушылық және түрлі көріністерін, қасиеттерін тұрпайы түрде біріктіре салушылық болып табылады. Нақты қызмет, саясат саласында Эклектика қателіктер мен жаңсақтықтарға апарып соқтырады, өйткені ол оқиғалар тізбегіндегі басты буынды табуға, тарихи кезеңдердің неғұрлым көкейкесті міндеттерін шешу үшін шаралар белгілеуге бөгет жасайды

 

42.М. Фарадей мен Дж. Максвеллдің электромагниттік теориясы

Максвелл Джеймс Клерк (ағылш. James Clerk Maxwell; 13 шілде 1831 жыл, Эдинбург, Шотландия — 5 қараша 1879 жыл,Кембридж, Англия) — ағылшын физигі, классикалық электродинамиканы жасаушы, статистикалық физиканың негізін салушылардың бірі. Лондон корольдік қоғамының мүшесі (1860). Эдинбург (1847 — 50) және Кембридж (1850 — 54) университеттерінде оқыған. Кавендиш лабораториясын (1871 жылдан оның директоры) ұйымдастырған. Максвеллдің негізгі ғылыми еңбектері электромагнетизм, газдардың кинетикалық теориясы, оптика, серпімділік теориясы, т.б. көптеген мәселелерге арналды. Оның алғашқы зерттеулерінің бірі зат түсін көрудің физиологиясы мен физикасы және колориметрияжөніндегі еңбектері болды (1852 — 72). Максвелл дискісі деп аталған түсті сандық түрде өрнектеуге арналған алғашқыприборды жасады. Сатурн сақиналары бір-бірімен байланыспаған қатты бөлшектерден тұрғанда ғана орнықты бола алатындығын дәлелдеді (1857 — 59); Максвелл Фарадей идеясын дамыта отырып, электро-магниттік өріс теориясын (Максвелл теңдеуі) тұжырымдады; ығысу тогы туралы түсінікті енгізді; электромагниттік толқынның болатындығын алдын ала айтты; жарықтың электромагниттік табиғаты туралы тұжырым жасады. Статистикалық үлестірілуді (кейін Максвелл үлестірілуідеп аталды) ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Газдардың тұтқырлығын, диффузиясын және жылу өткізгіштігін зерттеді.Оптикадан (Максвелл эффектісі), серпімділік теориясынан (Максвелл теоремасы, Максвелл — Кремона диаграммасы),термодинамикадан, физика тарихынан, т.б. еңбектер жазды.

1831 жылы, Максвелл дүниеге келген жылы, М. Фарадей электромагниттік индукцияның ашылуына әкелген классикалық тәжірибелер жасаумен айналысты. Электр және магниттік құбылыстардың табиғатына қатысты екі көзқарас болған кезеңнен шамамен 20 жыл өткен соң Максвелл электр және магнетизмді зерттеуге кірісті. А.М. Ампер және Ф. Нейман сынды ғалымдар электромагниттік күштерді екі массаның арасындағы гравитациялық тартылысқа ұқсас деп қарастырып, алшақ әсер ету концепциясын ұстанды. Фарадей болса, оң және теріс электр зарядтарын немесе магниттік солтүстік және оңтүстік полюстерін байланыстыратын күш сызықтары жөніндегі ойды ұстанды. Күш сызықтары барлық қоршаған кеңістікті (өріс, Фарадей терминологиясы бойынша) толтырады да магниттік және электрлік өзара әсерлесуді туындатады. Фарадейге сүйеніп Максвелл күш сызықтарының гидродинамикалық үлгісін құрастырды және Фарадейдің механикалық үлгілеріне сәйкес келетін электродинамиканың сол кезде белгілі болған қатынастарын математикалық тілде өрнектеді. Осы зерттеудің негізгі қорытындылары «Фарадейдің күш сызықтары» атты жұмысында бейнеленген.

1860-1865 жылдары Максвелл электромагниттік құбылыстардың негізгі заңдылықтарын сипаттайтын теңдеулер (Максвелл теңдеулері) жүйесі ретінде құрастырған электромагниттік өріс теориясын жасады: 1-ші теңдеу Фарадейдің электро-магниттік индукциясын білдірді; 2-шісі – ығысу тогы түсінігі негізінде Максвеллдің өзі ашқан, магнитоэлектрлік индукцияны білдірді; 3-шісі – электр мөлшерінің сақталу заңы; 4-шісі – магниттік өрістің құйындық қасиеті. Осы ойларды дамыта отырып, Максвелл мынадай қорытындыға келді: магнит және электр өрістерінің кез келген өзгерістері қоршаған кеңістікті сүзіп өтетін күш сызықтарының өзгеруін туындатуы керек, яғни ортада таралатын импульстар (немесе толқындар) болу керек. Осы толқындардың таралу жылдамдығы ортаның магниттік және диэлектриктік өтімділігіне тәуелді болып, электромагниттік бірліктің электростатикалық бірлікке қатынасымен анықталады. Максвелл мен басқа да зерттеушілердің деректері бойынша бұл қатынас 3,4·1010 см/с шамасын құрайды, әрі ол бұдан жеті жыл бұрын француз физигі А. Физо өлшеген жарық жылдамдығы шамасына жуық болды.

1861 жылдың қазан айында Максвелл Фарадейге өзінің ашқан жаңалығын мәлімдеді: жарық – ол өткізбейтін ортада таралатын электромагниттік қозу, яғни электромагниттік толқындардың бір түрі. Зерттеулердің бұл соңғы сатысы Максвеллдің «Электромагниттік өрістің динамикалық теориясы» атты жұмысында баяндалған, ал оның электродинамика бойынша жасаған жұмыстарын әйгілі «Электр және магнетизм жөніндегі трактат» шығармасында қорытындылады. Электромагниттік өріс теориясы және де одан туындайтын электромагниттік толқындардың болуы жөніндегі қорытындылар Максвеллдің өмір сүрген заманында ешқандай тәжірибелік дәлелдемелері жоқ жай ғана теориялық жағдайлар болып қалғандықтан, оны замандастары көбінде «ой ойыны» ретінде қабылдады. 1887 жылы неміс ғалымы Генрих Герц, Максвеллдің теориялық қорытындыларын толығымен дәлелдейтін тәжірибе жасады










Последнее изменение этой страницы: 2018-06-01; просмотров: 309.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...