Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Сыни рационализм. Постмодернизм 2 страница




Генетикалық инженерия туындау кезінен бастап ғалымдар қоғамда кейбір зерттеулердің қауіптілігіне назар аудартты. Мұндай қорқыныштын туындаған қауіпсіздік пікір 1974 жылы айтылған болатын. Кейін бірнеше сәтті эксперименттен соң in vitro әдісі арқылы рекомбинантты молекуланың ДНҚ алынды. П.Берг бастаған әйгілі молекулярлы биологтар тобы гендік инженерия эксперименттерін жүргізуді шектеуге шақырды. Айтылған пікір екі жақты болды. Алдымен рекомбинантты ДНҚ молекулаларының зертхана сыртында немесе өнеркәсіп орнында шынымен жасушалардың «жоғалып» кетуі ескертілсе, сонымен қатар адам және жануарлар ағзасына келтірілетін зиян бақылаусыз концентрацияда өте жоғары екендігі айтылды. Екіншіден клондалған ДНҚ фрагментіндегі құрылымы мен қызметі туралы білімнің жетіспеушілігі, оларды реципиентті жасушаға енгізгенде олар қалаған затымызды ғана емес, одан да басқа қауіпті (токсиндер, онкоген) өнімдерді синтездеу ықтимал. Гендік инженерия ол функционалдық активті генетикалық құрылымдарды рекомбинаттық ДНҚ молекулалары түрінде қолдан құрастыру. Гендік иженерияның мәні жеке гендерді бір организмнен алып басқа организмге көшіру.
Биотехнология ғылыми-техникалық прогресстің қуатты қозғаушы күші болып келе жатыр. Биология ғылымының сонғы жылдардағы жетістіктері, әсіресе молекулалық биология мен клеткалық биология саласында, биотехнологияның қалыптасуы мен дамуының теориялық және әдістемелік негіздері болды. Сонымен қатар, биотехнология биологиялық процестермен объектілерді пайдаланып экономика жағынан маңызды заттарды (антибиотиктер, витаминдер, ферменттер, амин қышқылдары, белоктар, нуклеотидтер, стероидтар, алкалоидтар, интерферон, гормондар, вакциналар, моноклондық антиденелер, биопестицидтер, биогаз т.с.с.) шығаратын өндірістің ерекше бір саласы болып қалыптасты. Демек, азық-түлік, фармацевтикалық, химиялық өнеркәсіптері мен ауыл шаруашылығының болашақта дамуы биологиялық технологияларсыз мүмкін емес.

 

11.Абайдың дүниетанымы («Қара сөздері»).

Абай Құнанбаев (1845-1904) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауыны Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын дедік. Біріншіден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды. Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.

Мысалы, қырық үшінші қара сөзінде адам «...көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» дейді.

Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті пікір Абайдың "Он тоғызыншы сөзінде" де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс.

Соңдықтан да Абай "Он тоғызыншы сөзінде": "Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады", — деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.

31- сөзінде: Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

32- сөзінде: Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.

Әуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім - ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.

Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.

45- сөзінде: Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі - неше мың жылдан бері әркім әртүрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғадаләт, махаббат құдайға лайықты дегендігі.

Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пендеміз. Сол махаббат пен ғадаләтке қарай тартпақпыз, сол алланың хикметін біреуден біреу анығырақ сезбекпен артылады. Инандым, сендім демек инандырамын, сендіремін деген емес.

Адамшылықтың алды - махаббат, ғадаләт, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол - жаратқан тәңірінің ісі. Айғыр биеге ие болмақта да махаббат пен сезім бар. Бұл ғадаләт, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол - ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп.

Сонымен бірге көптеген өлеңдерінде, отыз сегізінші сөзінде жан-жануарларды, адамды, тіпті, машина, фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды. «Мен» және «менікі» деген философиялық мәселені қарастырып, өзіндік тұжырымға келеді. Ақынның ойынша «мен» - ақын, жан, «менікі» - адам денесі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «менікі» өлсе өлсін, оған бекі» деп, дене өлгенімен жан өлмейді деген қорытындыға келеді. Абай таным туралы құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын қуаттың аты - ақыл дейді. Көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен диалектикалық тұжырымдар бейнесін көруге болады.

 

12.Әлемнің физикалық бейне эволюциясы және физикалық білім онтологиясының өзгеруі.

Ғылым тарихы XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революциялар арқылы пайда болған жаратылыстану — физика ғылымының дамуымен тығыз байланысты екендігін дәлелдейді. Физика ғана бүгінгі күнде ең дамыған, жүйелі түрде дамып келе жатқан жаратылыс ғылымы болып есептеледі.

Әлемнің физикалық картинасы бір жағынан, табиғат туралы бұрынғы алынған білімді қорытындыласа, екінші жағынан физика ғылымына жаңа философиялық идеялар мен жаңа түсініктерді, жаңа принциптер мен гипотезаларды енгізеді, бұның өзі әлемнің картинасы-ның өзгеріп отыратындығын көрсетеді.

Физика ғылымының дамуы — әлемнің физикалық картинасымен тығыз байланысты. Оның өзгерісімен физика дамуында басқа жаңа түсініктер, принциптер, болжамдар мен ойлау стилінің жүйесі қалыптасқан жаңа кезеңге байланысты. Ал бір кезеңнен келесі кезеңге ауысу — физика ғылымындағы жаңа революцияларға, әлемнің ескі картинасының біртіндеп күйреуіне әкеліп соғады.

Физика дамуының әрбір кезеңдерінің барысында әлемнің физикалық картинасы эволюциялық жолмен біртіндеп дамып отырады. Әлемнің физикалық картинасындағы негізгі ортақ ғылыми уғым ол -«материя», буған физика ғылымының көптеген мәселелері келіп тіреледі. Сондықтан, материя туралы түсініктің ауысуы — әлемнің физикалық картинасының ауысуына әкеледі. Физика тарихында бұндай жағдай екі рет қайталанды. Алғашында материя құралы атомистикалық, корпускулярлық теория өрістік-континуальдық теориямен алмасты. Одан соң XX ғасырда континуальдық теория қазіргі кванттық тео-риямен ауысты. Соған байланысты әлемнің физикалық картинасының бірін-бірі алмастырған үш түрін қарастыруға болады.

Физика ғылымының (релятивистік және кванттық) жетістіктері эволюциялаушы ғаламның моделін жасауға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде бақыланып жатқан және жаңадан көзге түскен объектілердің сипаты мен қозғалуын, 1916 жылы Эйнштейн ашқан салыстырмалылықтың жалпы теориясы ғана толық сипаттауға мүмкіндік береді. Бұл теорияда кеңістіктің үш өлшемі және уақыттың бір өлшемі байланыстырылған. Осылардың қосылуы нәтижесінде пайда болатын төрт өлшемді кеңістік – уақыт қисық. Оның қисық түрде болуы ғаламда зат пен энергияның болуымен түсіндіріледі.

13.Білім және ғылым. Жалпы және ерекшелігі.

Француз философы Огюст Конт (1798–1857) біліммен, ғылымды ажыратпады. Егер білім тәжірибеде дәлелденген болса, ол ғылым деп есептеді. Әрине, ғылымның бәрі білім. Бірақ, білімнің бәpi ғылым емес. Білімнің ғылым болуы үшін барлық құбылыстар заңын білу керек. Тек, түрлі құбылыстардың заңын ашқан ғалым объектінің бағдарын ашып, немесе оған әсер етіп, кейбір құбылыс, процестерді бар мақсатына қолдана алады. Олай болса объектінің заңына сүйенген білім, ол ғылым.

Ғылым (араб.: علم‎ (ілім)— білім, тану; лат. scientiaбілім) — жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе. Арнайы мағынасы — ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы. Негізінен ғылымдарды екі санатқа бөледі: жаратылыс құбылыстарын зерттейтін жаратылыстану ғылымдары және Адамзат өмірі мен қоғамдарын зерттейтін гуманитарлық ғылымдар. Бұл санаттар эмпирикалық ғылымдар болып табылады, яғни ондағы білім табиғатта көруге және зерттеушілердің әлдебір шарттарда тәжірибе арқылы тексеруге болатын құбылыстарға негізделген. Ғылым, өзара тығыз байланыста болатын, ғылыми зерттеулер нәтижелерін адамзат мұқтаждығына пайдалану болып табылатын қолданбалы ғылымнан ажырату үшін кейде тәжірибелік ғылым болып аталады.

Көп жағдайда білім мен ғылымды ажыратпаймыз, бұл екеуін бір деп қараймыз. Әрине, бұл екеуі бір–біріне өте жақын, дүниетаным нәтижесі. Бірақ, бір емес. Біріншіден, ғылым білімнен кейін дүниеге келді. Білімнің бастауы адам баласы тіршілік, өмір сүру тарихымен байланысты. Және әр елде, әр этноста түрлі жағдайларға байланысты қалыптасып, дамыған. Ғылым тек ХҮІІ ғасырда дүниеге келді, себебі де өзгеше. Егер білім жәй бір нәрсені көріп қалудан, естуден басталатын болса, ғылым олай емес. Әлемді пассивті қабылдау арқылы емес, объектіні активті байқаудан, пайымдап зерттеуден басталады. Ғылым негізінде қызығу, ішкі байланыстарын, олардың себеп–салдарын ашу жатыр. Бірақ, бұл оңай процесс емес, өмір бойы білім әр нәрсенің сыртқы көрінісі, себеп-салдарына байланысты болып, соны байқауымен шектелетін болса, ғылым олай емес, әр нәрсенің ішкі механизмін ашу арқылы жүргізіледі. Ол үшін оны тудыратын себеп те басқа болуы тиіс.

Білімнің түрі – көп. Оған жататындар: пайымдау, түсіну, пікір-алысу, ой қорыту, әрекет. Сократ айтқандай: «Білім–еске түсіру,» деген. Ғылым білім алудан күрделі. Ол ізденіс, үйреншікті жол емес. Білім алудың екі түрі бар. Бірі, өздігінен, күнделікті өмірден көріп, үйрену арқылы қалыптасады. Бұған жататындар – емшілік, сынықшылық, жұлдызшы болу, түрлі кәсіпкерлік, қолөнерін игеруші ұсталар, бұйым жасайтындар және т.б. Екіншісі, оқып, ұғыну арқылы, ыждақаттың нәтижесінде игеріледі. Бұл мамандық кәсіптік, өнер, сауат ашу, сияқты.

Білім таным арқылы ғылымға ұласады. Ғылым табиғатқа екпінді араласады, оның даму барысында әсер етеді, объектіні өзгертеді, жаңалық ендіреді. Ғылым – шығармашылық. Білім танымнан басталады, таныммен шектелетін болса, ғылым танымнан басталып объектінің ішкі құрылымын ұдайы қарастырып, жаңалық ашады. Бұл мәңгі процесс, ілгеріге ұмтылыс. Огюст Конт «дұрыс» пікірді бес тұрғыдан қарап, ойын дәлелдемек болады. Ол мына ойлар: 1) білім шын болуы тиіс, химерлік, яғни қияли, фантастикалық емес. 2) Білім пайдалы болуы тиіс, пайдасыз емес. 3) Ол айқын болуы тиіс, күдікті емес. 4) Білім нақты болуы тиіс тұрлаусыз емес. Ақырында, 5) білім дұрыс болуы тиіс, керісінше емес55. Міне осы бес принципке негізделген білім – ол ғылым деп қорытынды жасайды. Сондықтан, дейді Огюст Конт, білімде қате кетсе, онда оны тез жөндеу керек, әйтпесе соңы ауыртпалыққа әкеледі деп жазады. Әрине, Огюст Конттың бұл айтқандары шындыққа жатады. Білімде нақты, айқын, шын, жалған не күмәнді емес болуы тиіс.

 

14.Ғылымның философиялық зерттелуі, мақсаты мен міндеттері.

Логикалық позитивизм ұстамы бойынша философия өз алдына, барлық ғылымдардан бөлек тұрған ғылым емес,керісінше ол сол ғылымның ішінде өмір сүретін ілім. Олай болса ол өзінің методологиялық рөлін жоғалтады. Шынында философия басқа ғылымдардан бөлек тұрып, оларға басшылық рөл атқарған. Олай болса ғылымның философиялық проблемалары ол ғылымның ішкі дүниесі емес, оның қоғамдағы рөлі, келтіріп жатқан нақты пайдасы, кемістіктеріне мән беру, ғылымдар алдына проблема қою, ғылым дамуын ғалымдардың тазалығы үшін күресу. Былайша айтқанда ғылымды бетіне жібермей, оны бақылап, дүниені қолдан кемістігінен арылтып, таза ғылым жасап, жолын ашу.

Ғылым философиясы дүниеге кейін, ғылымдар талабына сай пайда болды. Бұрын ғылым дамуын түрлі сыншылар, өмірдің өзі жөндеп келген болатын. Енді ол мәселе нақты жолға қойылды. Біз осы ерекшелікті естен шығармауымыз керек. Логикалық позитивизм жолы – бұл бізді адастыру, философияны жоққа шығару. Ойлап көрейікші: ғылымды бетіне қоя беру ме, әлде оны қоғам дамуына қызмет еткізу ме? Қайсысы дұрыс. Ғылым философиясы – ол әр бір ғылымның жетістіктерін түсіндіретін, баяндайтын, комментарий жасайтын ғылым емес, жоқ, ол ғылымды басқаратын, бағыттайтын ілім. Бұл өмір талабы.

Философия оймен жүргізілетін ілім. Ол болған оқиғаларды тізбектеп, реттеп жазып, соның соңында жүретін ғылым емес. Ол фактілерді билейтін, талдайтын, жан-жаққа ой жүгіртетін, өткен жағдайды талқылап, дұрыс-бұрысын ажырататын, содан қорытынды жасайтын ілім. Айталық ғылымда не болып жатыр, ол қалай дамуда, қандай жетістіктер бар, оның ескерілмей қалған жақтары, немесе ғылымды сүліктей сорып жүргендер бар ма, міне осындай ғылым философиясының қарастыратын мәселесі.

Ғылым – қоғамдық сананың бір түрі, объективтік шындықты жүйеленген, анықталған бейнесі. Бірақ, ғылым объектіні тек бейнелемейді, ол оның себеп-салдарын ашады, болашақты болжайды, өткенді саралайды, түрлі тұжырымдар жасайды, топталған ұғымдар тудырады. Қазіргі ғылыми–техникалық заманда, ғылым тек қоғамның қозғаушы материалдық күші ғана емес, оның даму дәрежесін көрсетеді. Ғылымның ең басты қасиеті – ол объективтік процесстердің заңдылығын ашқандығы. Заңдылығы ашылған процессті бақылауға, бағыттауға, басқаруға болады. Ғылымда тоқтау болмайды. Ол ұдайы өзгерісте, қозғалыста. Ғылымды жасайтын, дамытатын – жеке ғалымдар. Алдымен тынымсыз еңбек, ізденіс соларға тән ғылым түрлері көп, алдымен олар техникалық, жаратылыстық, қоғамдық болып бөлінеді. Теориялық ғылымдар ойдан өрнек жасайды, объектінің заңдылықтарын ашады. Эксперименттік ғылымдар тәжірибе жасайды. Белгілі тұжырымдарды тексереді, дұрысы мен бұрысын анықтайды, керектісін өмірге ендіреді. Теориялық ғылымдар экспериментке сүйенеді. Эксперименталды ғылымдар теория арқылы дамиды. Ғылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру.

 

15.Математика мен философия. Интуициямен ой жүгіртудің математикада алатын орны. Математикада оймен жасалатын эксперимент.

Қазіргі кездегі ғылымның нақты отаны Ежелгі Грекия болып табылады.. Ғылымның іргетасы - математиканы, астрономияны, механиканы, оптиканы, биологияны, медицинаны гректер қалаған. Грек астрономдары мен математиктері тұңғыш рет ғылыми болжам мен дедуктивтік дәлелдеуді қолданған. Математиканың теориялық білімінің салыстырмалы түрде дамыған үлгілелері антикалық полистер контекстінде алғаш рет пайда болып, қарастырылды. Антикалық философтар математиканың дамуының теориялық жолына өтуге қажетті құралдарды өңдеп, математикалық білімдерді дәлелдеулер әдісін қолданулар арқылы жүйелендірудің алуан түрлі қадамдары қабылданды.

Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικόςбілуге құштарлық) әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде — структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым. Ол абстрактілендіру және логикалық қорыту: есептеу, санау, өлшеу және физикалық нәрселерді жүйелі түрде орнықтыру, бейнелеу мен өзгерістерді оқыту арқылы көрініс табады. Математиктер жаңа тұжырымдамаларды сипаттайтын осы түсніктерді ретімен таңдалып алынған аксиомалар мен анықтамаларды пайдалана қорыта отырып зерттейді.

Математикаландыру. Эмпирикалық білімге теориялық мәртебе беретін жалпы ғылыми сипаттағы іргелі әдістердің бірі. Математикаландыру – ғылым жүйесінде қалыптасқан ғылыми білімдердің барлық салаларына математикалық әдістердің енуі. Математикалық тілдің пайдалану тиімділігі жалпы ғылыми сияқты жеке ғылыми міндеттерді шешуде танымның тұжырымдамалық әдістердің бірі ретінде математикалық аппараттың ерекше ролі туралы куәландырады. Бұл ретте математика тек басқа ғылымдарға ғана ұсынылмайды, формальды түрлендіру үшін құрал ретінде ұсынылады, бірақ арнайы ғылымдарда кең қолданысқа ие болады, оның пайдалануы нақты ғылымға абстракциялау және қорытындылаудың неғұрлым жоғары дәрежеге өтуін білдіреді.Математикаландыру әр түрлі көріністе әр түрлі ғылымдарда пайда болады, физика және математика арасында ерекше өзара қатынас түзіледі. Егер классикалық физикада бастапқыда сәйкес келетін математикалық аппарат кейінірек құрылымданатын тиісті процестердің теориясы пайда болса, онда қазіргі замандағы физика жаңа теорияға сәйкес математикалық аппаратты жасайды. Басқаша айтқанда, қазіргі замандағы теория абстрактілі математика-лық құрылымдарда физикалық мағынаны анықтайды. Математикалық әдістерді пайдалану теориялық биологияны жасауға мүмкіндік берді, химияны математикаландыру органикалық синтез мүмкіндіктерін маңызды арттырды, географияда математиканы қолдану оны табиғат туралы жетекші ғылымдардың топтарына жетеледі. Математикаландыру әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық бейіндегі (экономикалық математика, математикалық социо-логия және т.б.) ғылымдарда белсенді пайдаланылуда.

16. Ғылым рухани практикалық қызмет түрі ретінде, қоғамдық еңбек бөлінісінің саласы.

Рухани ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдарының ерекшелігі олардың зерттеу объектілерінің өзгешелігімен ғана байланысты емес, сонымен қатар ол ғылымдардың таным тәсілімен де, тәжірибе үлгісімен де байланысты. Табиғаттың белгілі бір мақсаты жоқ және ешқандай мағыналық құрылымы жоқ болып келеді. Жаратылыстану ғылымдарында табиғат — таным объектісі ретінде ақыл-ойы және еркі бар адамға (таным субъектісіне) қарама-қарсы тұр, өйткені адам үшін табиғат қашанда «сыртқы әлем», «сыртқы» тәжірибенің материалы. Ал енді гуманитарлық ілімдер, немесе «рух туралы ілімдерде» адамның өзі таным субъектісі бола тұра өзін-өзі, яғни адамды зерттейді. Сондықтан бұл жерде объекті мен субъектінің бір болуын, біріне-бірінің дәл келуін байқаймыз. Осы тұста В. Дильтей өзінің шығармаларының орталық мәселесін — адамның, субъектінің өзін-өзі түсіну, өзін-өзі танымдық объекті ету мүмкіндігі туралы жағдайды кетереді. Бір сөзбен айтатын болсақ, жалпы, гуманитарлық ілімдердің болмыстық мүмкіншілігін зерттейді. «Рух туралы ғылымдар жаратылыстану жүйесіне сай құрастырылған қисынға негізделмейді».










Последнее изменение этой страницы: 2018-06-01; просмотров: 264.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...