Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Сыни рационализм. Постмодернизм 9 страница




 

46.Проблема, гипотеза және теория - ғылым дамуының түрлері.

Ең бірінші проблема пайда болады. Содан кейн гипотеза жасалады. Гипотеза ғылыми тұрғыдан дәйектелген, болжамға негізделген теория. Бірақ кез келген болжам гипотеза бола алмайды.Гипотеза практикадан тексеруден өткен жағдайда немесе ақиқаттығы әбден дәлелденген мәселелерден туындап тұрған болса, ол ғылыми теорияға айналады.Гипотеза (гр. ὑπόθεσιςнегізгі, жорамал) — белгілі бір құбылысты түсіндіру үшін алға тартылатын және тәжірибе түрінде тексеруді және сенімді ғылыми теория болып қалыптасу үшін теориялық негізді талап ететін ғылыми болжам, дәлелденбеген тұжырымдама, жорамал. Әдетте гипотеза өзін құптайтын байқауларға (мысалдарға) негізделе жасалады, сондықтан рас болып көрінеді. Гипотезаны аяғында не дәлелдеп ақиқатқа айналдырады, немесе одан (қарсы мысал келтіру арқылы) бас тартып алдамшы тұжырымдамаға жатқызады. Ал, бас тартпаған және дәлелденбеген гипотезаны ашық мәселе (проблема) деп атайды.гипотезаның пайда болуы ежелгі дәуірдегі математиканың дамуымен тығыз байланысты. Көне заман математиктері гипотезаны матем. есептер шешімін дәлелдеу әдісі ретінде ұсынды және алғашқы жобаның дұрыстығын тексеру мақсатымен олардан қорытынды жасайтын дедуктивтік ойлау әдістерін кеңінен қолданды. Платон гипотезаны ой қорытудағы абс. ақиқат сипатты қамтамасыз ететін дәлелдеудің синтет. талдау әдісі ретінде қарастырды. Теория (гр. theorіa – пайымдау, анықтау)– белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым. Теория өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалық байланыста болатын біртұтас білім жүйесін құрайды. Теорияның мазмұны белгілі бір ұғымдар мен тұжырымдарға негізделіп, арнайы логикалық-методологиялық принциптер мен ережелерге сүйеніп баяндалады. Теория көбінесе болжамдық, тұспалдық сипатқа ие. Теорияның кең көлемді теориялық материалды жүйелеуге, сипаттауға бағытталған сипаттамалы немесе логикаға негізделген дедуктивті түрлері бар. Логикалық көзқарас тұрғысынан Теория өзара байланыстағы гипотетикалық-дедуктивтік жүйені құрайды. Кез келген теориялық қорытынды негізгі тұжырымнан (аксиома, анықтама, қағида) тұрады немесе бірнеше ой-тұжырымдардың логикенті қорытындысы (теорема, нәтиже) болып табылады. Эпистемологиялық мәнде Теория үнемі дамып, өзгеріп отыратын білімдер жүйесі. Қазіргі ғылым методологиясы Теорияның негізгі төрт құрамдас бөлігін айқындайды:

1. Теорияның теориялық тұрғыдан түсіндірілуге тиісті тәжірибелік нәтижелері мен деректік жиынтығынан тұратын эмпирикалық негізі;

2. Әр алуан жалпы заңдылықтар мен қағидаттардан тұратын теориялық негізі;

3. Белгілі бір логикалық және методологиялық реттегіштер;

4. Дәлелдерден, қорытындылардың жиынтығынан тұратын негізгі теориялық жүйе.

Теория практикалық іс-әрекетті, тәжірибені қорытып, оны жаңа жағдайда ғана қолданбай, ол тәжірибе нәтижелерін шығармашылық тұрғыдан өзгерту арқылы практиканың алдына жаңа талаптар қойып, оның өрісін кеңейте түседі. Ғылыми-техникалық төңкеріс заманында Теорияның практикаға қатысты ғылыми-өндірістік маңызы айқын көрінеді. Сондықтан практика Теорияның ақиқаттылығын дәлелдеумен қатар, оны дамытып, жетілдірудің негізі.Теория (Theory) - білім саласындағы негізгі идеялар жүйесі. Автоматтар теориясы (Теория авто-матов; automata theory) — автоматты құрылғылардың жасалу, жұмыс істеу және қолдану принциптерін зерттейтін ғылым. Алгоритмдер теориясы (Теория алгоритмов; algorithm theory) — алгоритмдердің жалпы қасиеттерін зерттейтін математика ғылымының бір тарауы. Алгоритмдер теориясының екі тармағын атап өтуге болады. Біріншісі — математиканы конструктивті негіздестіруді және алгоритмдік шешілмеушілік феноменін зерттейтін логикалық теория. Екіншісі — алгоритмдердің өзін, олардың құрылымын, эквиваленттік түрлендіру әдістерін, тиімділікті бағалау тәсілдерін және құру әдістерін зерттейтін алгоритмдердің аналитикалық теориясы. Ақпарат теориясы (Теория информации; information theory) — ақпаратты классификациялау, сақтау, алмастыру, шығару тәсілдерін сипаттау және оларды бағалау жұмыстарымен айналысатын кибернетиканың бір саласы.

 

47.Мәдениет және өркениет, олардың байланысы мен өзгешелігі. А. Тойнбидің көшпелі қоғам жөніндегі ілімін сынау

Бұл екі ұғым бір біріне өте жақын. Бірақ бір емес. Мәдениет адам баласының ақылымен, қолымен жабайы табиғаттан бөліп алып өңдеген заты, құбылыс. Өркениеттілік кең көлемде алғанда алғашқы қауымдық құрылыстан таптық қоғамға көшу, одан тарлау мағынасында бір қоғамдық формациядан екіншісіне көшу, ал тар мағынасында әр елдің өз алдына даму ерекшеліктері. Мәдениет тарихи процестермен үштасып жасады, сол тарихи процестердің тікелей туындысы болып табылады. Сонымен бірге мәдениеттің бір ерекшелігі оның өз бойындағы сабақтастықты терең сақтай білуінде. Мәдениеттң түсіне үшін тарихи дәуірді білу, оның өндірістік қатынастары қандай болғаны анықтау, өмір салты, рухани дүниесі қандай ерекшеліктерімен анықталатынын ажырата білу керек.

Мәдениет (латын cuItura өңдеу, егу деген сөзден шыққан). Мәдениет адам жасаған әлем сияқты «екінші табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы. Қарым қатынас нәтижесінде қалып тасқан ерекше құбылыс. Сократ, Спенсер, Блинский, Чернышевский сияқты ойшылдар Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса да буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы мәдениет философиясын қамтиды. Қазіргі кезеңдегі материалдық және материалдық емес өндіріс орындары еңбекке қабілетті, технологиялық мәдениетті игерген адамдарды қажет етеді. Осыған орай, соңғы кездері педагогикалық құжаттардағы «технологиялық мәдениет», «еңбек мәдениеті» ұғымдарының мәнін көпшіліктің дұрыс түсінуі қажетті шарт болып табылады.

Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: материалдық және рухани. Материалдық - бұл өндірістегі құрал-саймандар техника, құрылымдар және тағы басқалар. Рухани - бұл ғылым, өнер, әдебиет тағы басқалар. Материалдық мәдениет құрамына еңбек құралдарымен бірге барлық қолмен, ақылмен өңделген еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны мен түрі мәдениеттің даму сатысын көрсетеді. Сондықтан мәдениеттегі қазіргі бардың, болашақтың сабақтастық байланысын тани білу қажет. Өткендегі құрал – саймандар із-түссіз жоғалып кетпейді.

Мәдениет - тұтас бір құбылыс, оны зерттегенде жүйелі талдау әдісі қолданылады. Тіл-адамзаттың білімі мен тәжірибені сақтап, оны ұрпақтарға жеткізу құралы. Танымды білдіретін әрбір таңба, символдың, элементтің өзінше маңызы бар. Олардың әрқайсысы жоқ обьектілердің қарама-қатынастары болған уақытта қолданылып отыратын бейнесі болып саналады Мәдениет адамсыз жасалмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Өткен уақыт мәдениеті – халықтық мұра ол адамның өзі оның өткен жолы, болашағының сатысы, сондықтан бұрыңғы мәдениет туындыларын қазіргі сана дәрежесі негізінде қоғамның осы заманғы қалпына сәйкес бағалау ойлауды қажет етеді. Мәдениетті қоғам дамуынан бөліп алуға болмайды, өйткені мәдениет – сол дамудың көшірмесі, бейнесі, белгілі бір мағынада болашағы да. Жаңа тарих дәуірі кейбір антикалық ойларды қайта жаңғыртып, мәдениет дамуына тиек етті. Солардың бірі табиғи ортамен байланыстыра қарау. Мәдениеттің ерекшелгі сол, ол тек обьективті шындық түрі ғана емес, шығу тегі жағынан алғанда, оның обьективті мазмұны. Мәдениеттің материалдылығының өзі, шығу көзі адамға байданыстылығында. Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырайық. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды «варварлықтар» деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. «Өркениет» олардың түсініктері бойынша, азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.

Мәдениет пен өркениеттілік осы екі ұғым біріне-бірі өте жақын. Бірақ бір емес. Мәдениетт - адам баласының ақылымен, қолымен жабайы табиғаттан бөліп алып өңделген заты, құбылыс. Мәдениет пен өркениет бір біріне байланысты ұғымдар. Өркениеттілік деген термин үш түрлі мағынада қолданылады. Кең көлемде алғанда- алғашқы қауымдық құрылыстан таптық қоғамға көшу, одан тарлау мағынасында – бір қоғамдық формациядан екіншісіне көшу, ақырында, тар мағынада - әрбір елдің өз алдына даму ерекшеліктері,Үнді өркениеті, Вавилион өркениеті.

Өркениеттілік - қоғамдық қатынастар мен рухани көзқарастың нәтижесі. Мәдениет мәселесінің маңызды буындарының ішінде жеке адам мен мәдениет арақатынасы ерекше рөл атқарады.

 Танымал ағылшын әлеуметтанушысы, философ және тарихшы Ар-нольд Джозеф Тойнби (1889-1975) мәдениеттердің тарихи дамуы мен ары қарайғы байланыстарының ғаламдық өзгерістері мәселелерін зерттей келе, 21 өркениетті бөліп алып, сипаттап шықты. Француз тарихшысы Люсьен Февр Тойнбидің дүниетанымын әзілдей «ғарыштық оптимизм» деп атады. Алайда жекелеген өркениеттерге пессимистік көзқараспен қарауы – кейбір әріптестерінің Тойнбиді «өркениеттерге көр қазушы» деп атауына себеп болды. Ал, шындығында, ғалымның назары өркениеттің дүниеге келуінен бастап, оның құлдырауына, сілесі қата діңкелеуіне және құруына («көр қазушы» деген ат та соған бола қойылған, шамасы) дейінгі қатерлі айналысқа ауған еді. Оның үстіне, ол Еуропаның өз өркениетін өркениет атаулымен теңбе-тең санау сезімін жоғалтқанына қатты қынжыла отырып, Батыстың дағдарысын өзгеше қиын сезінді.

48.Г. Гегель «Философиялық ғылымдар энциклопедиясы». Т. 3 «Рух философиясы».

Гегельдің философиялық жүйесіндегі ең құндысы оның рух жөніндегі ойлары. Ол адамзат рухын тарихи көзқарас тұрғысынан талдап, оның даму сатылары жөнінде тамаща ойлар мен пікірлер айтады.

Гегельдің ойынша Рух даму процесінде өзінің үш сатысынан өтеді:

1 Субъективті рух, яғни жеке адамның санасы

2. Объективті рух, оған ол құқ, мораль, адамгершілік, отбасы, азаматтық, мемлекеттікті жатқызады.

3. Абсолюттік рух ол өнер, дін және философия

Гегель диалектикалық таным әдістемесін жасап, философияның ғылымдық абыройын бұрын болмаған дәрежеге көтерді. Оның философиясының осы құнды жағы болашақ марксизмнің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Гегель-обьективтік идеалист. Оның еңбектері:”Логика ғылымы”,”Право философиясы”, ”Рух феноменологиясы”, ”Философиялық ғылымдар энциклопедиясы”. Гегель Кант философиясының қайшылықтарын жеңбек болды.Гегель: қандай білім болса да –дамудың нәтижесі деп жариялады.Білім ішкі қайшылықтар нәтижесінде пайда болады, дамиды. Гегельдің ең басты жетістігі: ол таным процесін адамның іс-әрекетімен байлаыстырды.Бірақ адамның іс-әрекеті тек рухани сферамен шектелді. Гегель философиясының жүйесі мынадай үш бөлімнен тұрады:а) логика: б) табиғат философиясы: в) рух философиясы; Гегель берген көптеген философиялық анықтамаларды біз пайдаланып жүрміз. Бірақ Гегель таза идеяның абсолюттік идея, әлемдік санаға, демиургке айналуын қиял түрінде тұжырымдады. (Демиург-шебер жаратушы). Идеяның даму заңдары обьективті щындықтың даму заңдарының санадағы көшірмесі екенін Гегель түсінбеді .Оның пікірінше табиғат-абсолюттік идеяның екінші өмірі.Бірақ табиғат дамымайды,дамитын тек идея. Олай болса білім физикалық дүниеге сәйкес келмей қалады. Оны сәйкестіндіретін адам іс-әрекеті,танымдағы практикалық тарихи қызмет.Ойдың өмір сүру шындығы-бұл тіл. Материя—бұл ұғымның бір көрініісі деп қаарастырды Гегель.

49.Сенім, күмән, білім, ғылым.

Сенімсіз ештеме болмайды. Кейбір кезде сенім бола тұрып, күмән пайда болады. Бірақ бұл екеуін ажырату үшін білім керек.Сенім - адамның қоршаған ортаға және ақиқатқа көзқарасын, қарым-қатынасын анықтайтын түсінік, білім, елес, идеялар. Сенім — адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Болашақтың тікелей және белсенді «агенті» - бұл оқу-білім саласы. Білім беру саласы болашаққа жұмыс жасайды. Білім беру деген сөздің мәнін ашу үшін оның төрт аспектісін ескеруіміз керек:

1. білім беру – бұл құндылық;

2. білім беру – бұл жүйе;

3. білім беру – бұл процесс;

4. білім беру – бұл нәтиже.

Білім беруді құндылық ретінде қарастырудың өзі үш блоктан тұрады:

1) білім бері мемлекеттік құндылық ретінде;

2)білім беру қоғамдық құндылық ретінде;

3) білім беру тұлғалық құндылық ретінде.

Білім беру мен тұлғаның дамуын ұштастыру тәжірибелері бар. 1)Біз нені оқып үйренуіміз керек? 2)Біздің қалай оқып үйренуіміз тиімді? 3)Нені оқып жатқанымызды қалай біле аламыз? деген сұрақтар төңірегінде ұйымдастырылғаны тиімді болады.

Білім философиясының арнайы ғылыми сала ретінде бөлініп шығуына себеп болған маңызды негіздерге мыналар жатады: 1)білім берудің технологияларының өзгеруі; 2)білімнің көлемінің өсуі; 3)қоғам мен оқу-білім саласы арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі.

Білім философиясында білімділік идеясы, білім берудің мақсаты, білім беретін жүйелердің тарихы сияқты маңызды педагогикалық сұрақтар талқыланады.

ғылым дегеніміз — арнаулы қоғамдық қызмет нәтижесінде алынып, дамыған және қолдану барысында қоғамның тікелей тәжірибелік күшіне айналған объективті шындықтың динамикалық жүйесі.

 

50.Менделеевтің қайталамалы (периодтық) жуйесі-элементтер дамуы туралы           ілімнің аяқталу кезеңі. Элементтер жайлы ілімдердің алғашқы түрлері (флогистон теориясы, ятрохимия т.б.).

 Менделеевтің периодтық заңы , периодтық заң – атом ядросы зарядтарының артуына байланысты химиялық элементтер қасиеттерінің периодты өзгеретінін тұжырымдайтын табиғаттың негізгі заңы. Бұл заңды 1869 жылы Д.И. Менделеев ашты. Ол оның толық тұжырымдамасын 1871 жылы жариялады. Менделеевтің 1869 жылы жасаған еңбегі элементтердің периодтық жүйесі – Менделеевтің периодтық заңының графиктік бейнесі. Бұл заң элементтердің периодтық жүйесімен тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырып, түсіндіреді. Ядроның заряды (Z) жүйедегі элементтердің атом нөміріне тең. Z өсуі бойынша орналасқан элементтер Z (Н, Нe, Lі, Be…) 7 период түзеді.

Ол атом салмағын тауып оның қайталамасын да табады. Д.И. Менделеев өзі ашқан заңға сүйене отырып, белгісіз элементтердің химиялық қасиеттері атомдар ядросы зарядының санымен(яғни ядродағы протондардың санымен) байланысты екенін анықтап, ол тәуелділіктің маңызы мен мазмұнын тереңдете түсті. Осыған орай химия ғылымы көп нәрсені түсіндірді, яғни алға қарай дамыды.Периодта элементтердің қасиеттері сілтілік металдардан инертті газдарға өткенде заңды түрде өзгереді. Вертикальды бағаналар – қасиеттері ұқсас элементтердің топтары болып табылады. Топтың ішінде элементтердің қасиеттері де заңды түрде өзгереді (мысалы, сілтілік металдарда Lі-ден Fr-ға дейін химиялық активтілік өседі). Z=58 – 71, сол сияқты Z=90 – 103 элементтерінің қасиеттері ұқсас болғандықтан лантаноидтар және актиноидтар қатарларына топтастырылған. Элементтерқасиеттерінің периодтылығы атомның сыртқы электрон қабаттарының конфигурациясының периодты қайталануына байланысты. Ауыр ядролар тұрақсыз, мысалы,америций (Z=95) және содан кейінгі элементтер табиғатта табылмаған, оларды жасанды, ядролық реакциялар арқылы алады.Менделеевтің периодтық заңы қазіргі заманға дейінгі химия ғылымының дамуына үлкен әсер етіп, оның біртұтас ғылым болып қалыптасуында басты рөл атқарды. Менделеевтің периодтық заңы мен элементтердің периодтық жүйесіне сүйене отырып, ғалымдар атом құрылысы және химиялық байланыс теорияларын жасады; жер қыртысы мен ғарыштық нысандар зерттеледі. Бұл заның барлық жаратылыстану, техника, технология саласындағы ғылымдар үшін философиялық мәні зор.[1]

Периодтық заңның маңызы

Периодтық заң ашылған кезде көптеген элементтер белгісіз еді. Д. И. Менделеев аса үлкен болжампаздықпен олардың кейбіреулерінің қасиеттерін сипаттаған болатын (скандий - Л.Нильсон, галлий - Лекок де Буабодран, германий - К. Винклер).Ғалымның көзінің тірісінде ол болжаған элементтер ашылып, периодтық заңның дұрыстығының айғағы болды.Галлий Ga 1875 ж., скандий Sc 1879 ж., германий (Ge) 1885 ж. ашылды. Д. И. Менделеев есептеу жолымен анықтаған сипаттамалары олардың тәжірибе жүзінде анықталған шамаларына сәйкес келеді. Периодтық заң ашылған кезде белгісіз бекзат газдар да қасиеттеріне қарай галогендер мен сілтілік металдар арасынан орын алды.Заңның ашылған кезінде кейбір элементтердің валенттіліктері мен атомдық массалары дұрыс анықталмаған еді. Элементтердің қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары сақталатындай етіп, Менделеев бериллийдін, (Be), торийдің (Тһ), церийдің (С1), индийдің (In), т.б. кейбір элементтердің атомдық массаларын түзетті.Периодтық заң табиғаттың дамуы мен бірлігін көрсететін жалпы заңдарға жатады. Бұл заңның құрылымдық кескіні болып табылатын периодтық жүйеде периодтар бойынша элементтердің сыртқы қабаттарында электрондар санының біртіндеп өсуінен (1-8) металдық қасиет екідайлылық арқылы бейметалдыққа ауысады. Бұл заңдылық табиғаттың санның сапаға ауысу заңының бір көрінісі. Табиғаттың тағы бір жалпы заңы — терісті терістеу бір периодтан екіншісіне өткенде байқалады. Әрбір келесі периодтың элементі өзіне ұқсас алдыңғы периодтың (III—>11) элементінің (К—>Na, CI—>Ғ) қасиетін қайталағанымен, оның касиеті алдыңғы элементтікінен аздап өзгешеленеді, яғни олардың белсенділігі жоғарырақ екенін көреміз. Қарама-қарсылықтың күресі мен бірлігі - периодтың басынан аяғына жеткенде байқалады (Na - CI; К - Вг).Периодтық заңға сүйеніп радиобелсенді элементтер ашылды, бұл еңбектер әлі де жалғасуда. Осы айтылғандардың барлығы Менделеевтің периодтық заңды ашуы сәті түскен іс емес, терең ғылыми танымдық маңызы бар табиғаттың іргелі заңдарының бірі екенін дәлелдейді.[2]

ФЛОГИСТОН (грекше phlogіstos — жанғыш) — 17 — 18 ғасырлар химиктерінің түсінігінше барлық заттың құрамында болатын жанғыш немесе жаққанда қаққа және әкке айналатын затты 1669 ж. неміс химигі И.Бехер басқа да құрам бөліктерімен қатар әр заттың құрамында Флогистон болады деген пікір айтқан. 1697 ж. неміс химигі Г.Э.Шталь Флигстонның оңай тұтанатын заттарда (май, көмір, күкірт, т.б.) көп болады, ал металл өртелгенде Флигстон жоғалып қақ, топыраққа айналады деген тұжырым жасады. Шталь және оның серіктері металл қағы жай зат, ал металл күрделі зат деп түсінген. Флигстон теориясы қате түсінік болғанымен химия тарихында маңызды рөл атқарды. Ол тәжірибе қорытындыларын бір жүйеге келтірді және химияның алхимия түсініктерден тазаруына себепші болды. Флигстон теориясын А.Лавуазье еңбектері жоққа шығарды.

 Ятрохимия, ескіше иатрохимия (көне грекше: ἰατρός — дәрігер) — химияны медицаға қызмет етуге бағыттаған химия ғылымының XVI және XVII ғасырлардағы бағыты. Негізгі мақсаты — дәрі-дәрмек дайындау.

51.Ертедегі Шығыс философиясы. Ежелгі Үнді мен Қытай философиясындағы жалпылық және ерекшеліктер. Буддизм шындықтың төрт түрлі игіліктері туралы. Конфуций басқарудың үш негіздері жайлы

Сонау көне заманнан бастап, Қытай философиясында үш негізгі ағым пайда болды. Олар: даосизм -бұл ағымды Қытайдың натурфилософиясы деуге болар еді. Екінші ағым-конфуциандық ол Қытай халқының моральдық философиясы, Фа-цзя мектебіол Қытайдың әлеуметтік саяси философиясы. Бұл ағымдар сонау көне заманнан пайда болып, осы уақытқа шейін осы халықтың дүниетанымында елеулі орын алады.

Ежелгі Үнді философиясы.Үнді елінің ғажап ерекшелігі оның әлеуметтік ұйымдастырылуында. Ондағы адамдар үлкен жабық әлеуметтік топтардан тұрады. Оны варна, яболмаса каста дейді.4 тарихи каста бар:

Брахмандар(ақтар)

Кшатрилер(қызылдар)

Вайшьилер(сарылар)

Шудралар(қаралар)

Әрбір кастаның үш принципі бар:Әр кастаның ішкі тазалығы және басқалардың сол тазалықты бұзуы мүмкіншілігінен пайда болатын үрей қорқыныш сезімі; Касталық қоғамның пирамидальдық құрылымы. Әр каста өзінен төмен жатқан топтарға жоғарыдан қарап, өзінің қадірлігін сезінуге мүмкіндік алады; Реинкарнация, яғни адамның жан дүниесінің келесі өмірде ауысып кету мүмкіндігі.Буддизм - (санскритше - बुद्ध धर्म, buddha dharma Будданың ілімі) - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т. Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Үш себет") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Буддизмде дүниені жаратушы құдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт асыл ақиқатты білу қажет:










Последнее изменение этой страницы: 2018-06-01; просмотров: 328.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...