Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Сыни рационализм. Постмодернизм 3 страница




Адамды түсіну үшін оның дүниетанымын, көзқарасын, идеалдарын, яғни рухани әлемін білу қажет. Ал ол жаратылыстану ғылымдары сияқты көзге көрініп тұрған нәрсе емес, сондықтан оны танып білу, зерттеудің де өзіндік ерекшеліктері бар. Осы тұста бізді қызықтыратын ұғыну, түсіну мәселесі көтеріледі. Жаратылыстану ғылымдары зерттейтін пәніне көзімен көріп, қолымен ұстап «сыртқы» әлемнен «сыртқы тәжірибе» арқылы жететін болса, рухани ғылымдарға бұған қарама-қарсы тәсілмен әрекет ету керек. Рухани әлемді тек «эмпатикалық» ену, бойлау арқылы, яғни сол зерттейтін субъектінің орнына өзіңді қойып, соған айналу арқылы — бір сөзбен айтсақ, ұғыну арқылы танимыз. Жаратылыстану, немесе нақты ғылымдар өз фактілерін өздері түсіндіретін болса, ал рухани ғылымдарды түсіну, ұғыну керек. Оларды суреттеп, мазмнұндап беру мүмкін емес, оларды түсіну керек, әркім өз санасынан өткізіп, өз жеке басымен сезіну керек. Табиғатты біз түсіндіреміз, сипаттаймыз, ал рухани өмірді үғынамыз. Табиғат құбылыстары қайталанбалы нәрсе, сондықтан да оларды тәжірибе жүзінде бақылауға болады, ал рухани ілім объектілері, мысалы тарихи факті өмірде жалғыз рет қана орын алады, бірегей, сондықтан да ешбір тәжірибе жүзінде бастапқы қалпында қайталанбайды. Біз ешқашан Цицеронды өмірге қайта келтіре алмайтындығымыз сияқты, ешқашан оның өмір сүрген кезеңін де, ондағы тарихи жағдайларды да өз қалпында қайталай алмаймыз. Нақты ғылымдарда біз абстрактілі жалпылауыш түсініктермен істес болсақ, ал тарихи ілімдер немесе тағыда басқа рухани ілімдерді игеру барысында біз өзіміз сияқты ерен жеке тұлғамен, оның ойымен, арман-мақсатымен кездесеміз. Басқаны объективті түрде суреттеп, сипаттап, түсіндіріп беру мүмкін емес. Басқаны ұғыну, сезіну, түсіну қажет.

17.Ғылымның пайда болу мәселесі. Ғылымның шығу теориясы.

Біздің заманымыздың ХVII ғасырында қоғамдық сана шыңы – техникалық революция арқылы ғылым дүниеге келді. Ғылым ол тек себеп пен салдарды байқау емес. . ХХ ғасырда, сол ғылымға айналған ой адам әрекеттері арқылы өндіруші, материалдық күшке айналды. Ғылымы дамыған ел қашанда алда тұратыны осыдан. Ғылым – қоғамдық сананың бір түрі, объективтік шындықты жүйеленген, анықталған бейнесі. Бірақ, ғылым объектіні тек бейнелемейді, ол оның себеп-салдарын ашады, болашақты болжайды, өткенді саралайды, түрлі тұжырымдар жасайды, топталған ұғымдар тудырады. ХІХ ғ. орта кезінде қоғамдық ғылымдар дүниеге келді. Техникалық, жаратылыстық ғылымдар дүниеге келді. Философия ғылымға айналды. 

Бүгін ғылым өмірдің қозғаушы күшіне айналды. Оның араласпаған жер бетінде, қойнауында, космоста бірде бір объект жоқ. Бүкіл материалдық, рухани дүние, өндіріс, техника, мәдениет, өнер, саяси–қоғамдық өмірдің барлық салаларына негіз болып отырған ғылым. Ғылым үздіксіз, тоқтаусыз дамуда. Алда не күтіп тұр? Оны ешкім кесіп айта алмайды. Ғылымда не болып жатыр, ол қалай дамуда, қандай жетістіктер бар, оның ескерілмей қалған жақтары, немесе ғылымды сүліктей сорып жүргендер бар ма, міне осындай ғылым философиясының қарастыратын мәселесі. Әрбір ғылым өзінің логикасы бойынша дамиды, ол неге алып келеді, әрбір ғылымдағы жаңалықтың нәтижесі неде, ол мәселеге ғалым көп жағдайда мән бере бермейді. Ғылым логикасы ғалымды кейде өзіне жетелеп әкетеді. Әрбір ғылымның зерттейтін өз проблемасы, шеңбері бар. Ол сонымен айналысады, басқа ғалымдар зерттеп отырған өзекті мәселелер оның өзіне, зерттеулеріне байланысты болмаса, араласпайды. Осы сияқты мәселелерге араласып, онымен айналысатын тек философия. Ғылым алдында тұрған проблемалар көп. Оларды тудыратын өмір. Биологияда клондау әдісінің өмірге енгеніне онша көп болған жоқ. Бұл ғылыми ірі жаңалық еді. Әлем бұл әдісті санасыз дүниеге қолдануға болады, бірақ адамға пайдалануға болмайды деп шешті.

Ғылым бір жағынан қарыштап дамып, екінші жағынан тереңдеуде. Ғылым әрбір елдің даму деңгейінің көрсеткішіне айналды. Ғалымдардың ауыр ізденіс жұмыстарын қолдауда неше түрлі ғалымдарға жасалып отырған бәйге, сыйлықтың маңызы аса зор. Бүгінгі таңда сондай дәріптеудің биік шыңы – Нобель сыйлығына иегер болу. Ғылым әлемді ақпаратты (информациялық) ашық қоғамға айналдырып қана қойған жоқ. Компьютер, интернет өмірдің барлық салаларына енді. Қазіргі ғылым ендірген жойқын қарудан аман қалу мүмкін емес. Сондықтан бүгінгі мақсат – бір елге бір ел үстемдік ету емес, өйткені ғылымға, жоғары техникаға сүйенген кішкентай елде әлемге топалаң сала алады. Олай болса, заман императиві барлық елдер болып бірігіп планетамызды түрлі апаттан сақтау, өркениетті бола беру. Ғылымды соған қызмет еткізу.

18. Э. Резерфорд ұсынған атомның планетарлық моделі

Барлық заттар бөлiнбейтiн аса ұсақ бөлшектерден – атомдардан тұрады деген ұғым ерте қалыптасқан болатын. Егер атом шындығында заттың бөлiнбейтiн алғашқы кiрпiштерi болса табиғаттағы кездесетiн сан алуан заттарға сан алуан атомдар сәйкес қойылуы тиiс. Бұлай болуы бiр жағынан күмән туғызады. Физика ғылымының дамуы барысында ХIХ ғасырдың аяғына қарата атомның қасиеттерiне байланысты жаңа тәжiрибелiк деректер жинала бастады.

Атақты физик, Нобель сыйлығының иегері Э.Резерфорд (871-1937) кезінде атом ішіндегі құбылыс күн жүйесіне ұқсас деп, атомның ішінде өзегі бар – ол протон, оны айналып, сәуледей жылдамдықпен жүретін электрон бар, протон плюс, электрон минус зарядымен қамтылған Күнді планеталар қалай айналып жүрсе, әлгі атом ішіндегі кәдімгі бөлшектер де солай құрылысқан деген пікір айтты (1911). Бірақ, соны айтқан Э.Резерфорд атом ішіндегі бөлшек электрон да корпускулды-толқынды дуализм бар деген пікірге зорға, әрең дегенде келіскен болатын. Келіспесе, бұл орасан ғылымға жат, қате болған болар еді. Олай болса, ғылымда қате жібермеуге ұмтылу – ол дұрыс. Бірақ, ол да ізденіске сай бола бермейтін жағдай. Ол – ядролық физиканың негiзiн қалаушы.

Э.Резерфорд атом құрылысының моделін ұсынды. Бұл модельді атомның ядролық немесе планеталық моделі деп атады. Өйткені, атом құрылысы Күн жүйесіне ұқсас деп қарастырылды. Бірақ бұл модель атом құрылысының орнықты күйін және олардан шығатын сәулелердің қарқынын классикалық физика ұғымдары аясында түсіндіре алмады. Сондай-ақ атом құрылысына байланысы бар жаңа ашылған құбылыстарды да ескі физиканың шеңберінде (фотоэффект, дененің жылулық сәуле шығаруы т.б.) Резерфорд моделіне сүйеніп түсіндіру мүмкін болмады. Дегенмен, бұл модельдің дұрыстығын Резерфорд өз тәжірибесінде дәлелдеп берді. Сондықтан Резерфорд моделі мен классикалық физика арасындағы айтылған қайшылықтарды шешу үшін 1913 ж. Н.Бор өз қағидаларын ұсынды. Тәжірибеде байқалған атомдық құбылыстарды үйлестіру мақсатында Бор 1913 жылы екі қағида (постулат) (қараңыз Бор қағидалары) және оларға қосымша сәйкестік принципін ұсынды. Бұл принцип бойынша шектік жағдайда (кванттық сандардың үлкен мәндерінде) теориялық жолмен алынған формулалар классикалық физиканың заңдарына айналады. Бор квант тұрақтысы h-ты пайдалана отырып, заңдары классикалық механика заңдарынан өзгеше, сутек және сутек типтес атомдағы электрондардың қозғалысын анықтады. Сонымен қатар Бор теориясының жетістіктерімен бірге кемшіліктері де байқалды. Бұл теория электрондардың күрделі атомдардағы қозғалысын, атомдардың бір-бірімен байланысып молекулалар түзетіндігін, т.б. түсіндіре алмады. Атом теориясының одан әрі дамуына классикалық теорияның ұғымдары (траектория, орбита, т.б.) кедергі болды. Сондықтан электрондардың атомдағы қозғалысын толық сипаттау үшін атомның алғашқы және кейінгі стационар күйлеріне тәуелді шамалар ғана енетін жаңа теория жасау қажет болды.Оң зарядты нүктелік ядро туғызатын өрісте қозғалатын электронға классикалық механиканың теңдеулерін қолдануға болмайды, яғни механика мен электрдинамика заңдарына негізделген Э. Резерфорд пен Н. Бор жасаған атом моделі орнықсыз болуға тиіс. Бірақ тәжірибе жүзінде атомның орнықты жүйе екендігі дәлелденді. Атомдарда стационар күйлер мен энергия деңгейлерінің бар екендігі Франк-Герц тәжірибесінде (1913–14) дәлелденді.

Жоғарыда біз тәжірибеге тек сапалық талдау жүргіздік. Резерфорд сонымен қатар өз моделінің және Томсон моделінің негізшде есептеу жұмыстарын жүргізді, олардың нәтижесі Резерфорд үлгісінің дұрыстығын көрсетті. Бірақ классикалық физика тұрғысынан мұндай атомның орнықты болуы мүмкін емес. Бұдан бұрын айтылғандай, зарядталған бөлшек үдемелі қозғалса, міндетті түрде сәулеленуі (электромагниттік толқындар шығаруы) керек. Бұл сәулеленудің жиілігі электронның ядро маңында айналу жиілігіне тең болуы тиіс. Электрон ядроны айнала дөңгелек орбитамен қозғалса, оның центрге тартқыш үдеуі бар. Олай болса, электрон сәуле шығара отырып, өз энергиясын азайтуы тиіс. Энергияның (орбиталық жылдамдықтың) азаюы электронның ядроға кулон күшінің әсерінен біртіндеп жақындап, ақыры оған құлап түсуіне әкеп соғады. Бұған бар болғаны 10−8 с-ка тең уақыт кетеді екен және классикалық теория бойынша мұндай атомның сәулелену спектрі тұтас болу керек, ал шын мәнінде атомдық спектрдің сызықтық болатынын алдыңғы тақырыпта айтып кеттік.

Сайып келгенде, бұл жерде классикалық физиканың заңдары жүрмейтін болып шықты. Тіпті жоғарыда әңгіме болған атомның планетарлық моделі, дәл айтқанда ол бар болғаны нағыз атомның механикалық үлгісі екеніне біртіндеп көзіміз жетеді

 

19. Жаңа Еуропалық мәдениетте тәжірибелі ғылымның құрылуы.

Жаңа заман еуропалық мәдениеті. Еуропа үшін жаңа заман (XVII—XIX ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады. Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге толы. Жаңа заман — өнеркәсіптік өркениеттің қарыштап алға басып, қоғамның барлық салаларында түбегейлі өзгерістердің белең алғандарға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмұнға ие болды. Ғылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтерді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында жетекші орынға ие бола бастаған ғылым — адамдардың нәсіліне, ұлтына, табына қарамастан халықтың рухани дүниесін байытуда айтарлықтай рөл атқарды. Мемлекет тарапынан жасалынған үлкен қамқорлықтың арқасында XVII ғасыр ғылыми революцияның даму қарқыны өте жоғары болды. Ғылыми революция математика және механика саласында басталды да, басқа ғылым салаларындағы ғылыми жаңалықтармен жалғасты. XVII ғасыр ғылыми революция — адамзат баласының өзін қоршаған дүниені танып-білуге деген құлшынысының жемісі болды. Ғылымның қарышты қадаммен алға басуы және оның қоғамдық өмірдің барлық саласына біртіндеп кіре бастауы рационализмнің қалыптасу процесін аяқтауға мүмкіндік берді. Рационализм жаңа заман адамының өмірі мен бет-бейнесін жан-жақты айқындай отырып, халық санасынан еркін орын алды. Рационализм қоғамдағы орын алған тарихи жағдайларды ескере отырып, христиан дінінің католиктік тармағымен, оның дүниені құдайдың жаратқандығы туралы ілімімен де санасып отырды.

Жаңа заманда еуропалықтардың күш-жігері табиғатты меңгеруге жұмсалды, сондықтан да болар XVII ғасырда ғалымдарының басты назары табиғат құбылыстарын ғылыми тұрғыдан зерттеуге бағытталды. Сонымен қатар XVI—XVII ғасырлар қалыптасқан ұлттық, мемлекеттік, экономикалық және саяси қарым-қатынастардың негізінде философиялық, әлеуметтік және саяси-құқықтық теориялар өмірге келді. Олардың авторлары ғасыр ойшылдары: Гоббс, Джон Локк,Спиноза, Гуго, Гроций және т.б. болды.

XVIII ғасырдағы Еуропалық мәдениет — XVII ғасырдағы мәдениетінің заңды жалғасы болумен қатар, өзінің түрі, мазмұны және мәні жағынан ерекше мәдениет. XVII ғасыр рационализмнің қалыптасу кезеңі болса, ал XVIII ғасыр Ағартушылық ғасырына айналды. Бұл дәуірдің ұлы ағартушы гуманистері: Вольтер менРуссо (Франция), Гете мен Шиллер (Германия), Юм (Англия), Ломоносов пен Радищев (Ресей) және т.б. адамзат баласының теңдігін батыл қолдап, құлдық пен деспотизмге қарсы бітіспес күреске шақырды. Қоғамдық сананың жаңа сатыға көтерілуі, протестанизм идеяларының кеңінен таралуы, жаратылыстану ғылымдарының қарқынды дамуы, ғылымға бұрын-соңды болып көрмеген қызығушылықтың пайда болуы және т.б. — осылардың бәрі де жаңа ғасырға тән белгілер еді. XVIII ғасыр құдайға, қоғамға, мемлекетке, тіпті адамның өзіне деген көзқарастар өзгеріп, жаңа арнаға түсті.

Жаңа заман стильдері — заман талабынан туған мәдени қажеттілік болып саналады. Солардың бірі — мәдениет саласындағы ескі дәстүрлер (готика) мен демократиялық еркін ойлау идеяларын өзара ұштастыра білген өнердегі мүлде жаңа стиль — барокко бағыты болды. Барокко — астарлы, әдептен тыс деген мағына береді. Оның әлеуметтік негізі — абсолютизм дәуіріндегі дворяндық мәдениет. Барокко — халықаралық құбылыс, ол әсіресе Италияда, Испанияда, Францияда, Германияда кең қанат жайды.

Еуропа мәдениетінің тағдырына дәуірдің үш ұлы уақиғасы:

1. Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі,

2. Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін күресі

3. Ұлы Француз революциясы ерекше ықпал етті.

Дәлірек айтқанда, бұл ұлы тарихи уақиғалар еуропалық мәдени бетбұрыстың жүзеге асыру процесін одан әрі жылдамдата түсті. XIX ғасырдың бет-пердесі адамзат тағдырының өзгерістерге ұшырауына тығыз байланысты болды. Өз кезегінде жаңа дүниенің қалыптасуы да негізінен үш факторға байланысты болды. Олар: демократия, тәжірибелік ғылым және индустрияландыру. Екінші және үшінші факторларды бір сөзбен «техника» деп атауға да болады, ал бұл факторлар осыдан екі ғасыр бұрын пайда болды да, XIX ғасырда қоғамдық өмірдің барлық салаларына еркін ене бастады.

 

20.Тіл мен ойлаудың бірлігі. Ғылым мен техникада жасанды тілдің қалыптасуы.

Ойлау үрдісін тілсіз көзге елестету өте қиын шаруа. Егер ми сананың физиологиялық негізі болатын болса, тілді шынайы ойдың материясы ретінде түсінуге болады. Айтылған сөз дыбыс толқындары материалдық құбылыс екені ешкімнің дауын тудырмайтын жәйт. Тіл дегеніміз ойды адами қатынастарды қамтитын белгілі бір белгі жүйесі.Тіл ойдың сыртқы материалдық қабығы, соның арқасында адамдар бір біріне неше түрлі ақпараттарды, өз ойларын жеткізе алады. Сонымен қатар адамның өзіндік санасының өзі тілмен берілген, тілсіз ойлау тіпті мүмкін емес. Тіл мен сана күміс ақшаның оңы мен астары сияқты бір бірінсіз өмір сүре алмайды.

Тілдік қатынас күрделі қоғамдық-әлеуметтік құбылыс бола келіп, көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты. Бұл саланың басқа ғылымдар негізінде қалыптасып, тіл білімінде жетекші орын ала бастауы - кейінгі жылдардың жемісі. Сондықтан тілдік қатынас мәселесінің түпкі тамырларын белгілей отырып, оның ғылымдағы орнын және онымен тікелей байланысты ілімдермен ара қатысын айқындаған жөн.
Тілдік коммуникацияның лингвистикалық негізіқарым-қатынас құралы тілге байланысты екені анық. Лингвистика тіл туралы ілім болса, тілдік қатынас сол тілдің қарым-қатынасқа қатысты ерекшеліктерін қамтиды.

Тіл мен oйлау — қоғамдық кызметтін өзаратығыз байланысты, мәні және арнайы белгілері жағынан ерекшеленетін екі түрі. Ойлау шындык болмысты бейнелеудің жоғарғы формасы, ол заттар мен кұбылыстардын аракатынасын, байланыстарын жинактап танып білуге багытталған. Адам заттын танымдык және әлеумегтік-тарихи тәжірибесі жинакталып, ойлаудын эр түрлі формаларында (үғым, категория, теория түрінде) берілген. Ойлау процестері өзара күрделі катынастағы үш негізгі түрден түрады: практикалык-әрекеттік, көрнекі-бейнелік және сөйлеу-логикалык. Ойлаудын күралы — тіл, оған баска танбалар жүйесі де жатады. Танбалык кызмет аркылы тіл ойдын материалдык күйін білдіреді. Практикалык-әрекеттік кызметтен баска ойлау түрлерінін психикалык, нағыз табиғи сипаты бар, ал тіл болса ол өзінін бастапкы жаратылысында-ак физикалык-материалдык күбылыс. Тіл мен oйлаудын байланысы кандай дәрежеде екенін және онын накты сипатын аныктау — теориялык тіл білімі мен философияда ежелден-ак эр түрлі пікірлер туғызған. Тіл мен oйлауды бірдей күбылыс (Ф. Э. Шлейермахер,И. Г. Гаман) немесе тілге ерекше мән беріп, оймен өте жакын күбылыс (В. Гумбольдт, Л. Леви-Брюль) деумен бірге, ол екеуінін арасындағы тікелей байланысты жокка шығарған (Ф. Э. Бенеке) пікірлер орын алған. Диалектикалык материализм Тіл мен oйлаудын өзара карым- катынасын диалектикалык бірлікте алып карастырады. Тіл сөйлеу-логикалык кызметі аркылы ойдын тікелей материалдык тірегі болып табылады. Қоғам мүшелерінін карым-катынас процесі ретінде тіл практикалык-әрекеттік немесе корнекі- бейнелік кызметтін нәтижесі ретінде калыптаскан "ойдынтікелей шындығы" (К. Маркс) түрінде кызмет етеді.Коп ғасырлар бойы тілдің көмегімен калыптаскан ойлау процесі тілдің грамматикалык кұрылысында біркатар формалды үксас категориялардың дамуына жағдай жасаған. Мысалы: бастауыш,баяндауыш, толыктауыш,аныктауыш — мағыналык категориялардың субъект, предикат, объект, атрибут сиякты түрленуіне сәйкес келеді. Тіл мен oйлаудың тарихи дамуы нәтижесінде олардын карым- катынасы езгеріске үшырап отырады. Коғам дамуының алғашкы кезеңдерінде карым-катынас кұралы ретінде дамыган тіл өзі де ойлау процесіне эсер етіп отырған. Жазудың шығуы тілдің ойлауға ыкпалын онан сайын күшейтті. Жалпы алғанда, ойдын жан-жакты дамуы оның тілге ыкпалын арттырған. Бүл әсіресе соз мағынасының кеңеюінен, тілдін лексикалык, фразеологиялык күрамынын жетіліп отыруынан айкын байкалады.

В.А.Артемов ойлау мен тілдің айырмашылығы сөздердің семантикалық шеңберінің бір-бірімен сәйкессіздігінен, олардың мағыналарының түрліше қабылдануынан деп санайды. Ол адамдардың әр түрлі тілде сөйлеуі сөздердің түрліше аталуынан деген тұжырымға келеді. Бұл автор тіл ойлаумен болмыстағы заттар мен құбылыстар арқылы байланысты болады, өйткені адам осы құбылыстарды кездестіргендіктен, оларды белгілі бір сөздермен атауға тиіс деп есептейді. Оның пікірінше, әр ұлт, әр халық заттарды, табиғат құбылыстарын т.б. түрлі сөзбен айтады, сондықтан тіл де әр түрлі болады.
Н.И.Жинкин ойлау, әрине, сөз арқылы бейнеленеді дей келіп, екінші бір бөтен тілді үйренгенде ойлау ешқандай ана тіліне де, ұлттық тілге де қатысты емес, ол әр адамның өз жеке басына байланысты ерекше тілде дамиды деп түсіндіреді.
Н.И.Жинкиннің пікірі шет тілін үйрету үшін сөйлеуге үйрету керек, ал оқушы /үйренуші/ өз тілінде ойлай берсін, ең бастысы ойлау емес, сөйлеу дегенге саяды. Бұл автор, негізінен, болмыстағы объективтік құбылысты өз бетінше қабылдауға көңіл аударады.

 

21. Т. Гоббс. «Левиафан, немесе материя, түр және мемлекеттік шіркеу азаматтық билік».

ГОББС (Hobbes) Томас (5 апреля 1588, Малмсбери – 4 декабря 1679, Хардуик) – английский философ-номиналист, материалист, теоретик общества и государства. Родился в семье сельского священника. Окончил Оксфордский университет (1608). Бакалавр искусств. Работал воспитателем в аристократическом семействе У.Кавендиша.

Т.Гоббстың ойынша, қоғамдық шартқа өту тілсіз іске аспас еді. «Тілсіз адамдарда мемлекет, қоғам, шарт, бейбітшілік те болмас еді»

Адамдардың мемлекеттік өтуінде олардың табиғатында бар заң үлкен рөл атқарады. Ол заң «өзіңе тілемеітінді басқаға да жасама». Оны біз моральдың «алтын ережесі»дейміз.

Т.Гоббс құқық пен заңның арасындағы айырмашылықты анық байқаған адам. Бір жағынан алғанда, мемлекетте заңдылық, тәртіп болуы керек. Екінші жағынан, заңдар мөлшерден шығып, барлық қоғамдағы қатынастарды ретке келтіруге тырысса, онда адамдардың белсенділігіне нұқсан келеді.

22.Субстанция ұгымы. Монизм, дуализм, плюрализм.

 Бұл бірлік жайындағы ой пікірлер дүниеде бар барлық нәрселердің бәріне ортақ негіз туралы түсініктің тууына алып келді, ал бұл философияда субстанция категориясын тудырады. Субстанция (латынша substantia - негізінде жатқан мән дегенді білдіреді) толып жатқан нақты заттардың, құбылыстардың, процестер мен оқиғалардың көп түрлілігінің ішкі бірлігін, мәнін білдіреді. Дәлірек айтсақ, субстанция деп дүниедегі барлық нәрселердің бастапқы мәнін, пайда болу негізін түсінеді. Егер түрліше жеке заттар мен құбылыстар пайда болатын және жойылатын болса, ал субстанция жойылмайды да жоқтан пайда болмайды, тек өзінің болмысының формасын ғана өзгертіп, басқа күйге өзгереді. Ол - өзі өзінің себебі және басқа нәрселердің өзгерісінің негізі. Қоғамдық сананың формасы ретінде философияның қалыптасуының өзі ең алдымен осы субстанция идеясының тууынан және айналадағы дүниенің субстандиялық бірлігінің, шындық дүние құбылыстарының заңды байланысының тууынан болды. Дүниенің бірлігін бір субстанция арқылы түсіндіретін ілімдер монизм философиясына жатады. Алайда, негізге алатын субстанция түрліше болады, субстанция ретінде не материяны, не рухты негізге алуға болады. Осыған сәйкес материалистік монизмді (мәселен, Фалестің, Гераклиттің, Спинозаның т.б ілімін) және идеалистік монизмді (мәселен, Платонның, Гегельдің философиясын) айыра білген жөн. Монизмге қарсы дүниенің дуалистік түсінігі бар. Дуализм түсінігі бойынша, дүниенің екі бастапқы негізі - материалдық және идеалдық субстанциялары бар. Оның біріншісі - денесі бар шындық дүние заттары болса, екіншісі - рух дүниесі (Р.Декарт). Материалдық субстанцияның өзін философия тарихында түрліше түсінді. Мәселен, ертедегі Грецияның Милет мектебінің материалистік ілімінде дүииенің субстанциясы ретінде заттардың нақты бір формасы алынды: су (Фалес), ауа (Анаксимен), от (Гераклит) т.с.с.. Алайда, бұл түсініктердің бәрі субстанцияның жалпылық идеясын жүйелі түрде, қайшылықсыз көрсете алмады. Дүниенің жеке заттық бастапқы төрт субстанцияның ешқайсысында қажетті жалпылық пен тұрақтылық болмады.
Левклипп пен Демокрит негізін салған (біздің заманымызға дейінгі Ү ғ), кейіннен Эпикур әрі қарай дамытқан (біздің заманымызға дейінгі III ғ) субстанцияның атомистік теориясы ондай кемшіліктерден арылды.










Последнее изменение этой страницы: 2018-06-01; просмотров: 290.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...