Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Сыни рационализм. Постмодернизм 8 страница




 

43.Әлеуметтік болжамның мәселелері және мәні, оның ғылыми әдістері (экстраполяция, тарихи аналогия, компьютерлік модельдер, болашақтың сценариясы, эксперттік бағалау).

Әлеуметтік жұмыста болжаудың атқаратын қызметі зор оны іске асыруда келесідей принциптерді басшылыққа алу керек: вариативтік принцип, стратегиялық шешімдерді қабылдаудакөп критериалдық, ұйымдастыру формаларында конкурстық негізде түрлі технологияларды қолдану оның мәні келесідей:

- болашақта халыққа әлеуметтік қолдау көрсету үшін әлеуметтік экономикалық және ғылыми техникалық жағдайды болжамдау;

  - тұлғаның қоғамдық даму жағдайында рөлінің өзгеруін көрсету;

  - халықтың сұраныстарының өсу динамикасын, маманықтарға сұраныстардың өсуін;

  -әлеуметтік жұмыстың мазмұнының,ұйымдастырылуының,құрылымының өзгеруі. т.б.

 Болжаудың түрлері: әлеуметтік-экономикалық; әлеуметтік-саяси; әлеуметтік-мәдени болжаулар. Ізденістік болжам. Нормативтік болжам. Әлеуметтік болжау объетілері.

Болжау жасау әдістерінеэкстрополяцияжәнеэкспертизаныжатқызамыз.

экстрополяция – ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы;

 интерполяция - құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ осы қатар мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды, көрсеткіштерді табу;

Әлеуметтік болжау тереңдігі, күрделігіне қарай нақтыланып, ашылуы мүмкін түрлі блоктар бойынша қосымша ақпараттар алынады мысалы, ғылыми техникалық, ақпараттық, медико- биологиялық, әлеуметтік -экономикалық, демографиялық, этникалық, экономикалық, әлеуметтік, білім беру- мәдени, әскери- саяси, геокосимикалық, қала құрлысы бойынша. Қазіргі кезде 150 астам болжау жасаудың әдіс процедуралары бар.Олар негізінен үш топқа бөлінеді: жалпы ғылыми, интерғылыми, жеке ғылыми- оның негізін теориялық және тәжірибелік деректер алынады.

Жалпы ғылыми әдістерге жатады: анализ, синтез, экстрополяция, интерполяция, индукция, дедукция, аналогия, гипотеза, эксперимент т.б.

Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:

-Экстрополяция-бір құбылысқа, затқа қатысты қортындының басқа құбылыстарға, мәселерге ықпалы, қатысты болуы. Экстрополяция гипотезаға негізделеді. Экстрополяция әлеуметтік процестерді саралауда, прогноз жасауда қолданылады.

- анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу;

- синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;

- абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;

- жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;

- индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;

44. Постнеклассикалық ғылымның қалыптасуы

XX ғасырда классикалық емес немесе постклассикалық ғылымның пайда болуы және оның ерекшеліктері Классикалық ғылымның, бәрінен бұрын, математикалық талдау әдістемесін пайдаланатын тәжірибелік зерттеулердің жетістіктеріне сүйеніп, ғалымдар XX ғасырда ғылымда таңғажайып жаңалықтар ашты және сонымен бір мезгілде классикалық ғылымның негізгі қағидаларын сынға ұшыратты. Ғылымда жаңа жағдай орын алып, ол ғылым дамуындағы классикалық емес кезеңнің пайда болуына келтірді. Оның негізгі себебі адам даналығының микро- және мегаәлем құпияларына енуі болды. Ғасыр басында Майкельсон бірқатар тәжі- рибелер жасай отырып, ғылымнан кезінде Аристотель енгізген эфир түсінігін қуып шығады. Бірақ, екінші жағынан, мүлдем қара денелер жиынтықтарын түсіндіруде үлкен қиындықтар туды. Классикалық ғылым тудырған, сол уақытта денелер жылдам- дығымен танымал болған әлемнің механистік суреті шектерінде электр-магниттік құбылыстардың табиғатын түсіну мүмкін бол- мады. Соңғылардың жылдамдығы Күн сәулесінің жылдамдығына (300 шақ/сек) парапар болып шықты. Бұл релятивистік физиканың шығуына себеп болды. Немістің ұлы ғалымы А.Эйнштейн 1905 жылы салыстырмалылықтың дербес, ал 1916 жылы жалпы тео- риясын құрып, кеңістік пен уақыттың классикалық ғылымда қалыптасқан түсінігін төңкеріп тастады. «Ультракүлгін апат» деп ата- латын жаңалық классикалық ғылымның микроәлемде болып жататын үдерістерге қатысты түсінік құралын пайдаланудың мүмкін еместігін 241 көрсетті, сөйтіп, макро- және микроәлемдерді танып білуде оларды ажыратудың қажеттігі айқын болды. Классикалық физикада болған энергияның біркелкі және үздіксіз таралуы туралы ережені терістей отырып, М.Планк энергияның жекелеген топ-шоғырлармен таралаты- нын дәлелдеп, сол арқылы кванттық механика негіздерін құрды. Сол жылдары ғалымдар атомның күрделі құрылымын тапты: саны көп қарапайым бөлшектер, олардың қасиеттері, оның ішінде, тыныштық жиынының жоқтығы ашылды. Жоғарыда аталған және басқа жаңалықтардың барлығы да клас- сикалық емес ғылымға есігін айқара ашты. Мүлдем жаңа жағдайда классикалық ғылымның ескі қағидаларының күл-талқаны шықты, зерттеудің ғалымдардың ақыл-ойына үлкен ықпал еткен жаңа жүйелері пайда болды. Олай болса, қолда бар әдебиеттерге сүйеніп, классикалық емес ғылымның негізгі өзгешеліктерін қарастырайық. Психоанализ (психикалық талдау). З.Фрейдтің осы жаңа пәнді құруы адамның ішкі жан дүниесін емдеп жазуға ғана емес, сонымен қатар адам психикасының айқын еместігін көрсете отырып, таным теориясына да зор ықпал етті. Сөйтіп, әртүрлі мәселелер бойынша ғалымдар арасында: қалай шындықты іздеуге және пәтуаға келуге бо- латыны, адамның жыныстық энергетикасының сублимациясының1 шығармашылықта қалай орын алатыны, оның бұрыс немесе дұрыс ырықсыз сезімдерінің таным үдерісіне қалай әсер ететіні туралы сұрақтар туды. Психикалық талдау барысында табылған адам психикасының синкретизмі2 ғылым нысандарының тұтастығы, көпдеңгейлілігі, өзгеше күрделілігі идеясына келтірді. Адам психикасында қоршаған әлемдегі заттар мен құбылыстарға нышан беру механизмдерін зерттеу де бөлу және синтездеу барысында ғылыми ақпараттарға, оның сим- метрияларына талдау жасау үдерісіне ықпал етті. Таным үдерісінде түйсіктіктің, шындыққа тікелей жетудің, субъективтік бейнелердің объективтік маңызын ажыратудың жаңа қырлары ашылды. Персонализм. 3 Классикалық емес ғылымда тұлғаның шығарма- шылық әлеуетіне өзгеше көп көңіл бөліне бастады. Егер алдыңғы 1 Сублимация (лат. sublimare – жоғары көтеру) – бұл жерде: ішкі энергия (мысалы, жыныстық немесе биологиялық) күштерінің тікелей мақсатты нысандарынан «ізгілікті» – әлеуметтік, моральдық немесе эстетикалық сипатқа ауысуы. 2 Синкретизм – бір құбылыстардың әуелгі, о бастағы тұтастығы. 3 Персонализм – болмыстың бастапқы негізі жеке біреу деп есептейтін философиялық бағыт. 242 ғылым монизм1 мен панлогизмнің2 ұстанымдарына сүйенсе, ал жаңа жағдайда ғалым тұлғасының шығармашылықпен өзгерту, түрлендіру мүмкіндіктеріне назар аударылатын болды: ол осы дүниенің жарату- шысы бола алады, әлемге өзінің шығармашылық әлеуетін таңа алады. XX ғасырда бір мезгілде адамның ұлылығын да, ұждансыздығын да көрсететін осы шығармашылық әлеуеттің қалай іске асқаны жайында осы кітаптың келесі бөлімдерінде баяндайтын боламыз. Ал қазір терминдер мен түсініктерге (тәсілдерге) қысқаша тоқталып өтейік. Анархизм (ғылымдағы кез келген беделді, сондай-ақ билікті жоққа шығару) және волюнтаризм (өзінің субъективтік еркін басқаға таңу). Бұл көзқарас ғалым тұлғасын жұртшылыққа қарсы қояды, бір немесе басқа нормалар мен құндылықтарды салыстырмалы, дәстүрлерге жат деп қарайды, әртүрлі ғылыми дәстүрлерде тамыр жайған универса- лийлер мен тұжырымдамаларды теріске шығарады. Модернизм. Бұл барлығын да сын сотына салу, шындықты тұлғаның дүниеге көзқарасымен ұштастыру, кез келген тұлғаның дүниетанымдық бағдарын тану және құрметтеу, шындықтың сюрреа- лизациясы – нақты мен нақты еместің араласып кетуі және т.б. Прагматизм (пайдалылық). Шындықты тұлғаның таным үдерісін- дегі өнімді қызметімен, белсенділігімен ұштастыру. Сөйтіп, XX ғасырдың бірінші жартысында құрылған классикалық емес ғылымның негізгі ерекшеліктері: барлық ғылыми мәселелерге дәстүрлі емес көзқарас; бұрынғы тұжырымдар мен теориялардың барлығын тексеру; ғылымда қалыптасқан стандарттарға сын көзі- мен қарау; нышан-бейне беру, тәжірибе жасау, шарттылыққа сүйену және т.б. XX ғасырды 60 жылдарында қалыптасқан жағдайды бірқатар ғалымдар ғылым дамуындағы жаңа кезең деп атайды. Ол постклас- сикалық емес ғылым, басқаша айтқанда, классикалық еместен кейінгі ғылым деген атқа ие болды. Оның ерекшеліктері ретінде төмендегі си- паттар аталады: Антифундаментализм. Бұл – көпдеңгейлі, қандай да бір түпнегізге жатқызылмаған жүйелі тұтастықты білдіретін нақтылық. Ол өздігінен құрыла да, дами да алады. 1 Монизм – әлемнің негізі бір ғана бастау (материя немесе рух) деп танитын философиялық бағыт.  2 Панлогизм – грек сөзі – логикалық заңдардың ойлаудың ғана заңдары емес, сонымен бірге барлығы да қисынды қажеттіліктермен айқындалатын шындықтың (болмыстың) да негізді заңдары болып табылады деп сендіретін гегельдік дүниетаным. 243 Интегратизм. Егер классикалық ғылымда бүтін бөлшектерден тұрады, бүтінді бөлшектерге бөлуге болады деп саналса, енді қазір бүтіннің де, бөлшектердің де өз-өзіне жеткіліктілігі, олардың өзара ықшамдалмаушылығы (тұжырылмаушылығы), сонымен қатар өзара бір-бірлеріне өткіштігі танылады. Мысал ретінде бір-бірлерінен шығатын қарапайым бөлшектерді айтуға болады. Синергизм. Егер классикалық ғылым нақтылықты қозғалатын, олардан табиғаттың алуан түрлі денелері құралатын материалдық нүктелердің жиынтығы деп қараса, енді табиғаттың терең құпияларына бойлай отырып, қазір нақтылықты солай түсінуден бас тартуға тура келді. Бірақ синергетика туралы біз кейінірек айтатын боламыз. Холизм. Бұл ұстанымға сәйкес, Әлем, Нақтылық көпшамалы иерархиялық тұтастық, яғни әрбір тармағы басқалармен өзара әрекеттесе отырып, өз-өзін тұрақты өзгертіп отыратын тұтастықты білдіреді. Пайыммен қарауға қарсылық. Классикалық ғылым аясын- да ғасырлар бойы танымның мақсат-мұраты заттардың объективтік қасиеттері мен сапаларын ашып көрсету болды, мұнда ешбір субъ- ектілікке, оның ішінде адамның іс-әрекеттерінен шығатын көзқарастар мен ұстанымдарға орын болмауға тиіс. Оның үстіне, зерттеушінің зерттелетін нысанға әсері, ықпалы есепке алынбады. Алайда қарапайым элементтердің физикасы бұл ұстанымды теріске шығарды. Атомның құрылымын зерттеу барысында қарапайым элементтердің бақылау құралдарымен өзара әрекетке түсетіні анықталды. Олай бол- са, нақтылықтың дербестігін микроәлемнің зерттелетін нысандарына да, пайдаланылатын аспаптарға да телу мүмкін емес. Әлбетте, заттар- ды, табиғаттың бір немесе басқа құбылысын зерттеген кезде, қалай болғанда да, сырттан әсер ету орын алады. Екінші жағынан, зерттелетін нысанға таным құралдарының әсерін жоққа шығаруға болмас. Соны- мен, өз бетінше өмір сүретін, таным субъектіне тәуелді емес нысан жоқ. Релявитизм. Ғылымда зерттелетін нысандар шамасының (өлше- мінің) мәні анықталады және оларды әртүрлі формулалар мен түсініктерге бекіту орын алады. Алайда заттар мен табиғат денелері әртүрлі жағдайларда басқа денелермен өзара әрекеттесу барысын- да өз сипаттамаларын өзгертеді. Бұл ережені табиғаттың барлық құбылыстарына қатысты айтуға болады. Демек, заттардың барлық қасиеттері мен сапалары салыстырмалы. Алайда реливитизм танымда 244 анархизммен тең мағыналы емес. Іргелі, маңызды тұжырымдарды та- нымай, қандай да бір теория құру мүмкін емес. Қосымшалық. Бұл ұстаным алдымен микроәлем құбылыстарын зерттеу барысында пайда болды және кейіннен әлемде болып жатқан барлық үдерістерді зерттеуге де қолданылды. Қарапайым бөлшектерді зерттеу барысында олардың «дискреттік-толқындық» табиғатын не- месе «импульс пен координаттарын» бір мезгілде анықтаудың мүмкін еместігі белгілі болды. Олай болса, әртүрлі зерттеу бағдарламаларының және пайдаланылатын аспаптардың көмегімен алынған нәтижелерді біріктіре (бір-бірін толықтыра) отырып, зерттеліп жатқан нысан туралы толыққанды білім алудан басқа амал қалмайды. Ал ол үшін полилог: ғалымдардың әртүрлі мектептер арқылы қол жеткізген нәтижелерін егжей-тегжейлі зерттеу және оларды бір теорияға түзіп шығу талап етіледі. Когеренттік. Лат. – cohaerens – құрылысы күрделі жүйелердің ары қарай дамуы барысында өзара байланыста болуы, келісушілігі деген мағынада, яғни әлемде барлығы да бір-бірімен өзара байланыс- та болады. Сондықтан бір қарағанда бір-бірімен байланысы жоқ бо- лып көрінетін құбылыстар бір-бірлерімен келісілген өзара қарым- қатынастарға түседі. Көпшілік жағдайларда ол күш жұмсалатын емес, «кооперативтік» мәнерде, жаңа құрылымдар мен үдерістерді туғыза отырып орын алады. Бұл қағида бір немесе басқа үдерістердің пайда болуында қажеттіліктердің тоғысатыны туралы ескі үлгіні мойында- майды, керісінше, олардың ішкі әлеуеттіліктерінен шығатын осындай өзара әрекеттердің шығармашылық сипатын растайды. Жүйесіздік. Классикалық ғылымда барлығы да қатаң заңдарға бағынады. Егер бір немесе басқа үдерістердің бастапқы кезеңдері белгілі болғанда, олардың дамуының келесі кезеңдерін болжап айтуға болу- шы еді. Енді бұндай тұжырымдаманың шектеулілігі анықталды. Әлем алдын ала берілген заңдылықтардың негізінде дамымайды, ал оның жаңа сапаға өзгеруі көп жағдайда «Ұлы Мәртебелі Кездейсоқтыққа» байланысты. Бір немесе басқа құбылыс тең салмақты емес күйге және бифуркация (екіге бөліну) нүктесіне жетіп, әртүрлі флуктуацияларды (жүйе шектерінен шығып кететін әлдебір «ашу-ыза») тудырады. Ал сол кезде оның ары қарай жетілуінің сансыз мүмкіндіктерінің, жаңа сапаға өтуінің ішінен өзінің тарихи жолын есепке алу негізінде жаңа жағдайға бейімделуге келтіретіні ғана жеңіске жетеді. Соған байла- нысты, Пригожин мен Стенгерстің жорамалынша, болашақта физика табиғаттың әртүрлі құрылымдарының қоршаған ортаға бейімделуі формасын зерттейтін ғылымға айналатын болады. 245 Көрнекілікті жоғалту. Ғылыми білімнің артуы жинақталған фактілердің жиынын қорыту негізінде емес, математикалық есептеу- лер негізінде алынған кеңейтілген синтез арқылы болады, сол себепті бастапқы көрнекілік жоғалады; ғалымдар әлем нысандарының терең құрылымына бойлай түскен сайын, олардың зерттелетін нысандардың қасиеттері мен сапаларын тікелей бақылауының, тәжірибе жолымен анықтауының мүмкіндігі азая береді. Егер классикалық ғылымда дәлме-дәл және қатаң білім алуға ұмтылу маңызды болса, енді оған қол жеткізудің мүмкін еместігі анықталады. Сондықтан ықтимал білім алуға көп көңіл бөлінетін болды. Оның үстіне, теориялық тұрғыда алынған білімдердің негізгі белгілері қарапайымдылық, симметриялық, когеренттік, эвристикалық1 , болса, ал іс жүзінде – пайдалылық, тиімділік, нақты өмірде қолданушылық және т.б. қасиеттерге назар аударылды. «Болмыстан» «қалыптасуға» бұрылу. Егер классикалық ғылым заттар мен құбылыстардың өзгергіштігінен сапасы жағынан өзгермейтін, орнықты нәрсені көруге тырысса, ал қазіргі заманғы ғылым жаңа құрылымдардың пайда болуын, ескілерінің жоғалуын зерттей отырып, әлемді уақытта мәңгі қалыптасып жататын және күрделене беретін оқиға ретінде қарайды. Сөйтіп, жаңа эволюциялық ғылым пайда болады. Әлбетте, ерте замандарда-ақ ұлы ойшылдар әлемнің мәңгі қалыптасуда болатынын байқаған, заттар мен денелер қарама- қайшылықтардан өзара өту арқылы өмір сүреді (Лао-Цзы), барлығы ағып өтеді, бәрі өзгереді (Гераклит) және т.б. Жаңа заманда қалыптасу санатына Гегель көп көңіл бөлді. Алайда классикалық ғылымның қалыптасуы барысында тікелей қарама-қарсы бағыттар (интенция) пайда болды. Табиғатты зерттеуде энергияны сақтау заңына сәйкес, заттардың аққыштық қасиетінен ғалымдар қаншалықты өзгеріс бол- са да, өзінің негізіне қайтып оралатын әлдебір тұрақты, кезеңдік, бірқалыпты қасиетті табуға әрекеттенді. Бұндай дүниетанымдық көзқарасқа XIX ғасырда өзінің эволюциялық теориясымен Ч.Дарвин, қоғамдық-экономикалық құрылымдар тура- лы ілімімен К.Маркс мықты соққы берді. XX ғасырда эволюциялық химия, ал астрофизикада «Үлкен жарылыс» теориясы пайда болды. Сөйтіп, осы жетістіктер нәтижесінде ғылымда ғаламдық даму теория- сы өмірге келді. 1 Эвристика – теориялық зерттеудегі логикалық тәсілдер мен ережелер жүйесі. 246 Есептеу ғылымының пайда болуы. Нақты тәжірибелік зерттеулер- ге виртуалдық (шынайы емес) зерттеулер қосылды. Ерекше күрделі құрылымдарды оларда болып жататын үдерістерді «машинаға ұқсату» арқылы зерттеуге жол ашылды. Ал енді негізгі философиялық мектептер мен бағыттарға талдау жасайтын уақыт келген сияқты.

45.Дж.Томсон Атом құрылысы жөнінідегі көзқарастың дамуы.

Зат атомдардан тұрады деген идея өте көне ғылымы идея: (біздің дәуірге дейінгі VI-II ғ,Демокрит, Эпикур). Осы идеяға сәйкес заттың ең кіші бөлшегіне-атомға дейін ғана бөлуге болады. Баолық зат атомдардан және атомаралық қуыстардан тұрады. Ал әр түрлі заттық болуы атомдардың пішіні және мөлшеріне байланысты түсіндірілді.Бірақ, бұл түсініктер дерексіз, ойдан шығарылғандықтан, ұзақ уақыт бойы қолдау таппай келеді. Тек XVIIIғ. ғана химиктер өз тәжірибе нәтижелерін атом ұғымын пайдаланып түсіндіре бастады. Реакцияға түсетін заттардың массалары арасындағы қатынасты түсіндіру үшін атом ұғымы қажет болды. 1808 ж. ағылшын ғалымы Д. Дальтон атомистикалық теорияны тұжырымдады. Осы теорияға сәйкес заттар жойылмайтын және жоқтан пайда болмайтын, өте кішкентай, бөлінбейтін бөлшектер – атомдардан тұрады. Бір элементтің атомдары бірінен – бірі айырғысыз, мысалы, масалары бірдей болады.
Атомдар жөніндегі осы түсінік ғалымда XIX ғ. аяғына дейін орын алып келді.
XIX ғ. аяғы XXғ. басында ашылған бірқатар құбылыстарды атом күрделі және бөлінеді деген тісініктерге сүйенгенде ғана түсіндіруге мүмкін болды. Катодық сәулелерді зерттеу, бұлардың электрондар ағыны екендігін көрсетті.Электрондардың атомдардан, катодтық қандай заттан екендігіне қарамастан шығарылуы, электрондардың әр түрлі атом құрамында болатындығын көрсетті. 1896 жылы француз ғалымы А.Беккерель радиоактивтілік құбылысын ашты. Осы құбылысты зерттеу нәтижелері атом өзгермейді және бөлінбейді деген түсінікті бүтіндей жоққа шығарды.
Ал, атом тұтас алғанда электрлік бейтарап болатындықтан, оның құрамындағы электрондардың теріс зарядын теңестіретін оң зарядталған бөлшектер де болуға тиіс. Енді атомдағы осы оң және теріс зарядтар қалай таралып, орналасқан деген сұрақ туады.
Бұл сұраққа жауапты 1911жылы ағылшын ғалымы Э.Резерфорд тәжірибе жүзінде тапты.
1903жылы ағылшын физигі Дж. Томсон атомның алғашқы физикалық моделін ұсынды. Осы модельге сәйкес атом – оң зарядталған сфера, ал электрондар сфераның әр жеріне, атом тұтас алғанда бейтарап болатындай орналасады. Бірақ Томсон моделі көптеген күдік туғызды.

Томсон моделі. Атомның құрылысы туралы дұрыс ұғымға ғалымдар бірден келе қойған жоқ. Атомның алғашқы моделін ұсынған, электронды ашқан — атақты ағылшын физигі Дж. Д. Т о м с о н болды. Оның ойынша, атомның оң заряды атомның келемін түгел жайлайды және осы көлемде тұрақты тығыздықпен тарайды. Ең қарапайым атом — сутегі атомы, радиусы 10~8 см-те жуық оң зарядталған шар, оның ішінде электрон орналасады. Күрделірек атомдарда оң зарядталған шардың ішінде бірнеше электрондар болады, сөйтіп, атом жүзім салып пісірген нан сияқты, ондағы жүзімдер электрон ролін атқарады.Атомның алғашқы үлгілерінің бірін Дж. Томсон ұсынды. Бұл үлгіде атом радиусы ~10−10К)м оң зарядталған шар ретінде қарастырылады. Шардың ішінде тепе-теңдікжағдайының маңында электрондар тербеліп тұрады. Электрондардың теріс зарядтарының қосындысы шарға біркелкі таралған оң зарядты теңестіреді, сондықтан тұтас алғанда атом электрлік бейтарап бөлшек болады. Кейінгі зерттеулер бұл модельдің дұрыс емес екенін көрсетті, сондықтан Томсон моделі қазір тек тарихи тұрғыдан қарастырылады.Атомның ішінде электр зарядтарының орналасу тәртібін анықтау үшін 1911 жылы Резерфорд өзінің шекірттері Г. Гейгер және Э . Марсденмен бірге альфа-бөлшектершоғын өте жұқа алтын фольгадан өткізіп, бірнеше тәжірибелер жасады. Осы тәжірибелерді зерделеу нәтижесінде атомның ядролық, басқаша айтсақ, планетарлық моделі өмірге келді.Тәжірибенің нәтижесінде альфа-бөлшектердің басым көпшілігі фольгадан өткенде алғашқы бағыттан aуытқымайтыны (φ≈1-2°) анықталды. Бұл нәтиже, негізінен, Томсон моделіне сүйеніп жасалған есептеулермен дәл келді. Бірақ, альфа- бөлшектердің мардымсыз аз бөлігі 90°-тан артық бұрышқа ауытқитыны, яғни олар фольгаға соғылып, кері бағытта ұшатыны таңдандырды. Сегіз мыңға жуық бөлшектердің біреуі ғана осындай үлкен бұрышқа ауытқиды екен! Мұны Томсон моделі негізінде түсіндіру тіпті мүмкін болмады.










Последнее изменение этой страницы: 2018-06-01; просмотров: 312.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...