Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Сыни рационализм. Постмодернизм 1 страница




Френель теориясы

Дифракцияны зерттеу Френель еңбектерімен тиянақталды. Френель тәжірибе кезінде дифракцияның түрлі жағдайларын мұқият зерттеп қана қойған жоқ, дифракцияның сандық теориясын да жасады, ол теория, жарық әйтеуір бір бөгетті орап өткен кезде пайда болатын, дифракциялық көріністі есептеуге мүмкіндік берді. Ол тағы алғаш рет толқындық теория тұрғысынан жарықтың біртекті ортада түзу сызықпен таралуына анық түсінік берді.

Френель бұл табыстарға, Гюйгенс принципін екінші реттік толқындардың интерференция идеясымен біріктіріп барып, жеткен болатын. Френель идеясы бойынша кез келген уақыт мезетіндегі толқындық бет дегеніміз айналып өтетін екінші реттік толқындардың жай ғана өзі емес, олардың интерференцияларының нәтижесі(Гюйгенс-Френель принципі).

Кеңістіктің кез келген нүктесіндегі жарық толқынының амплитудасын есептеп шығару үшін жарық көзін ойша тұйық бетпен қоршау керек. Осы бетке орналасқан екінші реттік жарық көздерінің толқындар интерференциясы кеңістіктің қарастырылып отырған нүктесіндегі апмлитуданы анықтайды

ХIХ ғасырдың басында Х.Гюйгенс, Ю.Юнг және О.Френель тәрiздi ғалымдардың еңбектерiнде жарықтың толқындық теориясы ұсынылып, қалыптасты.

Стокс (stokes) заңы[1] – тұтқыр сұйықтық ішінде баяу қозғалатын қатты кішкене шарға әсер ететін кедергі күшін анықтайтын заң: Ғ = 6mprv, мүндағы Ғ —кедергі күші, p-m— сұйықтықтың тұтқырлық коэффициенті, r— шар радиусы, v— шардың қозғалу жылдамдығы. Бұл формуланы ағылшын физигі Стокс 1851 жылы қорытып шығарған. Стокс заңы негізінде байланыссыз грунттардың механикалық құрамы анықталады.

Стокс ережесі – Түскен жарық квантының энергиясы фотолюминесценциямен қоса басқа да оптикалық емес процестерге (мысалы, ортаны қыздыруға) жұмсалады:

hυ =Е + hυ

Эфир ( ежелгі грек тілінен жарқын эфир ,ауаның жоғарғы қабаты . ) - Гипотетикалық етек алар орта ,электромагниттік толқындар ретінде өздерін таныта білетін тербелістер( көрінетін жарық қоса алғанда). эфир тұжырымдамасын ең алғаш рет XVII ғасырда Рене Декарт енгізді. Ал ХІХ ғасырда максвеллдің толқындық оптика шеңберінде электромагниттік теориясында егжей-тегжейлі негіздеме алды. Сонымен қатар Эфир Ньютондық абсолюттік кеңістік материалдық аналогы ретінде саналды. Эфир теориясының басқа нұсқалары да бар. ХІХ ғасырдың соңында физиктер эфир тұжырымдамасынан бас тартуға шешті.

 

5. Моделдеу және есептеуіш эксперимент информатиканың интеллект өзегі ретінде

Модельдеу - әлемді тану мен өзгертудің әдістерінің бірі. Ол сол әдістердің жаңа қызметтерін ашатын (микро-, макро-, мега әлемнің процестері мен құбылыстары, кибернетикалық және имитациялық модельдерді жасау, жүйелік техниканың тууы т.б.) модельдердің жаңа типтерін жасауға негіз болған ғылымның дамуымен байланысты кең тарады.

модельдер құрудың және оларды сәйкес құбылыстар, процестер, объектілер жүйесі негізінде оқып білу әдістерінің жиыны;

зерттеу объектілерінің сипаттамаларын біліп алу немесе анықтап алу үшін, басқаруды жақсарту немесе нұсқа жөнінде сәйкес болжамды тексеру үшін, жаңадан құрастырылатын объектілерді жасау тәсілдерін тиімді ету үшін модельдерді зерттеу нәтижесін пайдалану әдістерінің жиыны. Модель, нұсқаны табиғи жағдайларда зерттеу кандай да болсын себептермен қиын немесе мүмкін болмағанда, кандай да бір объектіні зерттеу процесін жеңілдету керек болғанда қолданылады. Әдістер модельдің сипатына, оны қолдану алаңы мен зерттеу мақсатына тәуелді;

өзінің қүрделілігі мен өлшемдері бойынша сол күйінде зерттеуге мүмкіндік бермейтін қандай да болсын объектілерді қайталап жасау. Модельдеу ғылым, техника, технология негіздері бойынша қабілеттерді дамытуға көмектеседі.

Модельдеу танымның әмбебап формасы ретінде қызметтің кезкелген саласындағы құбылыстардың өзгеруі мен зерттелуінде қолданылады. Модель зерттеу нысанасының орнын ауыстырушы. Модель - басқа жүйелер туралы ақпарат алудың құралы ретінде қолданылатын жүйе, зерттеу болып табылады.Түрлері: материалдық; идеалдық (оймен танылатын).

Модельдеу – кейбір нысандар мен құбылыстарды, физикалық табиғаты дәл сондай олардың модельдерімен алмастыра отырып зерттеу. Модельдеудің негізіне зерттелетін құбылыстардағы заңдылықты анықтау үшін немесе теориялық жолмен табылған тұжырымдаманың дұрыстығын және оның қолданылу аясын тексеру үшін жүргізілетін эксперимент алынады. Физикалық модельдеу ұқсастық теориясы мен өлшемділік талдауына (анализіне) негізделген. Нақты зат (натура) пен оның моделінің арасындағы геометриялық ұқсастық (пішін ұқсастығы) және физикалық ұқсастық физикалық модельдеудің басты шарты болып табылады. Физикалық модельдеу әр түрлі механиклық (гидроаэромеханика, деформацияланатын қатты дене механикасы), жылу және электрдинамикалық құбылыстарды зерттеуде кеңінен қолданылады. Электрдинамикалық модельдеу электр жүйелеріндегі электрмагниттік және электрмеханикалық процестерді зерттеу кезінде пайдаланылады. Гидродинамикалық модельдеуге арналған эксперименттік қондырғыны жасау кезінде қондырғы мен модель, модель мен нақты затқа сәйкес келетін ұқсастық шарттарының өзара тең болуына айрықша көңіл бөлінеді. Физикалық модельдеудің тәсілдері ғылыми-зерттеу жұмыстары мен техниканың көптеген салаларында (гидравлика мен гидротехникада, авиацияда, ракеталық және ғарыштық техникада, кеме және прибор жасауда, машина жасаудың түрлі салаларында, т.б.), сондай-ақ әр түрлі саладағы тәжірибелік маңызы бар күрделі есептерді шешу кезінде кеңінен қолданылады.

6. Дүниеге көзқарас және методология мәселелері.

Дүниеге көзқарас ұғымы миф, дін, ф/я.Адамзат дамуымен қатар ф/я да өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде танылады. Сонымен қатар ол басқа ғылымдарға методологиялық жол сілтейтін, бағыт көрсететін рөл деатқаруда. Көзарас – білімнің толықтырылған, қорытылған түрі. Ол күнделікті өмірді байқаудан, өткенді талдаудан, келешекті болжаудан туындайды. Бұрын бұндай міндетті абыздар атқарған, бірақ дүниеге көзқарас біркелкі емес. Ол жай қарапайым, ғылыми діни, прогресшіл, не кертартпа, ұлтшылдық сипатта кездеседі. Дүниеге көзқарас – дүниені түсіндірудің, оны бағалаудың принциптері мен әрекеттері. Д.К сенімнен, танымнан, нанымнан тұрады. Дін сенуге бағыттайды. Философияның басты ерекшелігі — әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол – дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады. Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде – Қытайда, Индияда, т.б. елдерде, кейінірек антика дәуірінде ежелгі Греция топырағында қалыптаса бастаған. Бірақ, оның түпкі туындайтын түбірі адамдардың әлемдегі айрықша болмысында, дүниеге өзіндік қатынасында жатуы тиіс. Ол қатынас жануарлардың өзін қоршаған табиғи ортаға қатынасынан мүлдем өзгеше. Жануарлар табиғи дамудың төл туындысы, белгілі бір географиялық ортамен тікелей үйлескен, олар өздерін табиғаттан бөліп, оған бір бөгде күштей сырт қатынас жасай алмайды. Сондықтан олар үшін табиғатты игеру, оны түсіну, ішкі сырына қанығу мәселесі тұрған жоқ. Адамдар болса, ортаға тікелей бейімделудің нәтижесінде емес, сол ортаны игеру қызметі нәтижесінде, оған дәнекерлі, құрал-саймандар арқылы, өзара қоғамдасу арқылы қатынасады. Бұл процесс өзі атқаратын іс-әрекеттерді де, оның өзгеретін объектісін де және ақырында өзінің кім екенін де белгілі дәрежеде көре білуді, түсіне білуді де қажет етеді. Осыған орай адам табиғатқа, жалпы әлемге солардың тек бір бөлшегі ғана емес, олардан біршама бөгделенген, оқшауланған сырт күштей қатынас жасай алады. Сол арқылы ол өзін де өзгертіп, өзінің мүмкіндіктерін ортаның мүмкіндіктерімен ұштастырады, өзіне де сырт көзбен қарай алады. Бұл, әрине, адамдардың тарихында өзгере беретін жағдай. Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.
Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі — өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы.
Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары – «дүние» және «адам». Олар ажырамас бірлікте. Яғни, адамнан бөлектенген дүние және табиғат, сондай-ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс-әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясын, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар аумағын кеңейтеді. Адам мен дүние арақатынастары бір-бірімен жаңа байланыста қаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақталынады.
Осыдан келіп дүниеге көзқараста, біріншіден, әлем, табиғат және қоғам туралы, олардың бірлігі туралы, екіншіден, адам және оның дүниедегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен болашақтың мән-жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастайды.
Дүниетанымның тұтастығын құрастыратын негіз – білім. Білім адамның көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады. Сенім дегеніміз – дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне, ұмтылған мұрат-мақсатына деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.

Дүниеге көзқарастың қалыптасуы табиғи, әлеуметтік және нақты мәдени ортаға тәуелді. Дүниеге көзқарасты ғылыми және ғылыми емес, қарапайым деп бөлуге болады.
Сөйтіп, қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ағымдар араласып жатады. Ал тарихи тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және философиялық түрлері қалыптасты. Ежелгі дәуір мәдениетінің дүниетанымы – миф. Миф – алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші бөлінбеген формасы. Мұнда поэзия мен ғылымның, дін мен моральдың, рационалды әсердің элементтері бар. Ежелгі миф-аңыздар алғашқы адамдардың тіршілігінің маңызды белгісіндей, олардың рәміздік мазмұны арқылы адамзат қоршаған ортаны және уақытты әрі игерді, әрі түсінді. Ағылшын тарихшысы Э.Б.Тайлор мифтердің мынадай түрлерін атап өтеді: 1. Философиялық немесе түсіндірмелік; 2. Нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер; 3. Тарихи және аңыздық тұлғалар туралы мифтер; 4. Фантастикалық және метафоралық мифтер; 5. Саяси-әлеуметтік және тұрмыстық мифтер.

Мифологиялық дүниетанымның кіндігі – кеңістік пен уақытты адаммен жақындастыру талпынысы, бағдары. Мифологиялық уақытта адам мен табиғаттың арасында алшақтық жоқ болды. Миф алғашқы адамдардың тіршілігінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Миф – адамның қауымдық санасының алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Жазулы ақпарат жоқ кезде миф оның қызметін атқарған, адам мен дүниенің дәнекері болған. Сонымен, мифологиялық кезеңде адам мен табиғаттың арасындағы бірлік ерекше жоғары дәріптелді.

 

7. Ф. Бэкон «Жаңа Органон» (Қүрылымы мен негізгі идеялары).

 Френсис Бэкон шығармаларының ерекшеліктері ол білімнің өмірге деген қажеттіліктен пайда болатындығын асыра көрсетуі. Ол әсіресе табиғатты зерттеудің қажеттігіне көп көңіл бөледі, ал оның негізгі жолы тәжірибелік зерттеулер. Не іс әрекете пайдалы болса, ғылымда да ақиқатты, ғылымның жетістіктері оның ақиқаттығының көрінісі дейді ұлы ойшыл. Ол жаратылысты екіге бөлді. Олар жемісті тәжірибе мен сәулелі тәжірибе. Бірінші өмірге пайдалы нәтижелер әкелсе, екінші табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседі. Сәулелі тәжірибелер өмірге дереу пайда әкелмегенмен, жемісті тәжірибелерді жүргізуге көмек береді, басқаша жағдайда олар сарқылып қалар еді.

Ағылшын ғалымы Ф.Бэкон «Жаңа Органон» атты шығармасында табиғатты өзінің зерттеу нысаны етіп ала отырып, одан алынған білімнің қандай әдіспен, қалай пайда болғанына назар аударады. Сөйтіп, ол философия мен ғылымда эмпирикалық және индуктивтік әдістердің негізін қалаушы болды. Бірақ, оның әдісінің бәрі тәжірибемен тығыз байланысты болып, кең көлемді теорияның тууына жол аша алмады. Мұндай тар өрістілік Бэкон сияқты философқа танымның әлеуметтік негізін ашып, адамның табиғатын түсінуіне мүмкіндік бермеді.

 

 

8. Руханият түсінігі. Материалдық және рухани өнімнің тарихи процесс кезіндегі ара-қатынасы. Классиктік және биклассиктік философия қайшылықтары. (И.Кант,   Г.Гегель, А.Шопенгауэр, Ф.Ницше)

Геоклассиктік-сана, биклассиктік-ырық. Уәкілдері: Ницше мен ШопенгауерИррационализмнің көрнекті өкілі – Артур Шопенгауэр. Шопенгауэрдің «Дүние, ырық және елестету» деген еңбегінің төртінші кітабында философтың құнды идеяларының бірі анығырақ баяндалған. Дүниені елестету арқылы оны әрі сенімді, әрі анық тануға мүмкіндік туады. Осыдан соң ғана ырықтың алдында оның өзін жарқырата көрсететін айна пайда болады. Ол айнадан ырық өзін өзі толығырак, анығырақ, үнемі өсіп отыратын дәрежеде танып, соның ең жоғарғысы адам ырқы екеніне көз жеткізеді. Бірақ адамның мәні оның іс-қимылы мен әрекетінің байланыстары арқылы белгілі болады. Осындай саналы бірлік ақылдың, зерденің пайда болуына жеткізеді, ал одан тұтастықты қамтуға мүмкіндік туады. Органикалық емес нәрселердің, өсімдіктердің табиғаты мен оның заңдарындағы бізге көрінбейтін ырық соқыр, бой бермейтін ұмтылыс қана. Оның өзі не істеймін десе сонысы болмай қоймайтын осы дүние, өмір. Сондықтан біз өмірдің құбылысын ырықтың айнасы, оның нысаны дейміз. Ал ырықтың ең қажеттісі - ол өмір. Өйткені өмір дегеніміз елестетуге арналған осы ырықтың бейнесі ғана. Ендеше бұл ырық немесе «өмірге қарай ырық» деген сөз.

Ф.Ницше бүкіл адамзаттың ғасырлар бойы қалыптасып келген салт-санасы мен дәстүріне, әсіресе, философияда зердеге қарсы шықты. Ол бүкіл философия тарихына қайтадан шолу жасап, ескі соқпақты жолдардан бас тартып, бұрын-соңды болмаған бағытқа бет бұрды. Ол көне грек тарихының бүкіл проблемаларын, ондағы философиялық, ойлардың пайда болуын сол кездегі халықтың музыкалық рухына және олар өмір сүрген дәуір деп тіршілік қарекетіне байланысты деп есептеді. Осыдан келіп, философ олардың күнделікті мүшкіл халінен туған рухты шебер тілмен суреттеп берді. Мұндай жаңалық философия тарихында бұрын-соңды болмаған еді. Ол өзінің шығармасында көне грек мәдениетін, әдебиетін және өнерін жетік білетіндігін көрсетіп қана қоймай, сол кездегі рухани дүниені танудың жаңа бір әдісін тапқандай болды.
Ф.Ницше өмірдің негізінде ерік, жігер, құлшыныс жатыр дейді. Оның философиясының негізі – билікке деген ерік. Билік – ғарыштық күш, ол бар өмірдің өзегі.

Классикалық неміс философиясы жалпы алғанда – идеалистік философия және мұнда идеализмнің екі түрі де дамып жетілген. ( V бъективтік идеализм ретінде Кант пен Фихтенің, ал объективтік идеализм ретінде Шеллинг пен Гегель ілімдерін қарастыруға болады. Сонымен, классикалық неміс философиясы – классикалық идеалистік философия. Кант таным мәселелерін жаңаша қойды және жаңаша шешті. Таным процесі,- деп атап көрсетеді неміс философы, жай пайымдау, бейнелеу емес, белсенді әрекет. Сананың, ойлаудың, танымның, субъектің белсенділігі, жасампаздығы жөніндегі идея, сөйтіп, Канттаң бастау алады. Адам кез келген объектіні тани бермейді, өзіне қажет, өзін қызықтырған объектіні ғана таниды. Кант философияда алғаш рет практика жөнінде мәселе қойып, практиканы адамның іс — әрекетімен байланыстырып, танымның негізі практика болып табылатынын болжап білді

9.РНҚ, ДНҚ тірі организмнің негізі ретінде

ДНҚ-ны 1868 жылы швейцар физиологы, гистологы және биологы Иоган Фридрих Мишер атты ғалым ашқан. Іріңдеген жасушалар қалдықтарынан ғалым құрамына азот пен фосфор кіретін бейтаныс затты тауып алады. Алғашында бұл жаңа зат нуклеин деген атқа ие болады. Кейіннен Мишер бұл заттың қышқылдық қасиет көрсететінің байқайды. Осыдан кейін бұл жаңа затты нуклеин қышқылы деп атайтын болған

Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі. ДНҚ-ның жасушадағы басты қызметі - ұзақ мерзімге РНҚ мен ақуызға қажетті ақпаратты сақтау ДНҚ-ның ерекшелiгi. Бiр организмнiң барлық жасушарындағы ДНҚ молекуласының 3' бағыттағы қалдықтардан түзiледi. Екi полинуклеотидтi тiзбек өзара бұранда сияқты жалғасып, азоттық негiз арқылы байланысады. ДНҚ молекуласының нуклеотидтiк құрамы, құрылымы, тiзбегiндегi нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы организмнiң ерекше қасиетiн анықтайды. ДНҚ молекуласының полинуклеотид тiзбегiндегi нуклеотидтердiң ретi – ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн генетикалық мәлiмет. ДНҚ құрылымының анықталуы ХХ ғасырдағы биологияның ең маңызды жаңалығы деп саналады. Уотсон мен Крик теориясы бойынша екi полинуклеотид тiзбегiнен құралған ДНҚ-ның молекуласы кеңiстiкте оң қос қабат спираль болып табылады. Қос қабат спиральдағы екi тiзбектiң жолдамасы – антипараллель, бiр тiзбектегi нуклеотидтер арасындағы байланыс 3'фосфорлы қалдықтар ДНҚ молекуласының сыртқы жағына қарай бағытталған. Спиральдiң бiр айналымынаазоттық негiздiң 10 жұбы келедi. Спиральдiң диаметрi 2 нм болады. Бұл – ДНҚ молекуласының құрылымының өте ерекше маңызды қасиет. ДНҚ-ның үш сатылы құрылымының кеңістіктік моделін алғаш рет 1953 ж. америкалық ғалым Д.Уотсон (1928 ж.т.) мен ағылшын биологы Фрэнсис КрикФ.Крик (1916 ж.т.) жасады. ‎ Модель бойынша ДНҚ молекуласы қос тізбектен құрылған.

Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) — жоғары молекулалық байланыс; нуклеин қышқылдарының типі. Табиғатта кеңінен таралған. РНҚ-ның көмірсу бөлігінде рибоза қанты, ал азотты негіздері ретінде аденин, гуанин, цитозин және урацил болады.

Рибонуклеин қышқылдары рибосомалық (рРНҚ), ақпараттық (аРНҚ) және тасымалдаушы (тРНҚ) болып бөлінеді. Рибонуклеин қышқылы тізбегі бірнеше ондаған нуклеотидтерден бірнеше мыңдаған нуклеотидтерге дейін созылатын біржіпшелі полинуклеотидтерден тұрады. Организмде РНҚ ақуыздармен кешенді байланысқан рибонуклеотидтер түрінде болады. РНҚ генетикалық ақпараттың жүзеге асуы мен ақуыз синтезіне қатысып, барлық тірі организмдерде аса маңызды биологиялық рөл атқарады. Көптеген вирустарда РНҚ-н жалғыз нуклеинді компонент (құраушы) құрайды

РНҚ-ның ДНҚ-дан айырмашылығы Мұның құрамында көмірсулы кұрамдас белік ретінде - рибоза, ал азотты негіздер ретінде аденин, гуанин, урацил, цитозин болады (тимин болмайды). РНҚ молекуласының ДНҚ молекуласынан айырмашылығы, оның әрбір молекуласы бір желілі болып келеді. РНҚ жасушалардың ядросында емес, жасуша цитоплазмасында болады. Әрбір жасушада РНҚ-ның үш түрі бар, олар: ақпараттық (аРНҚ), рибосомалық (рРНҚ) және тасымал (тРНҚ) болып келеді

10.Ғалым этикасы және әлеуметтік жауапкершілік. Гендік және клеткалық инженерлік биотехнология. Клондау проблемаларын әлеуметтік- философиялық талдау.

 Ғалым ғылымға таза, адал, шыншыл , әділ пиғылмен еңбек етуге тиіс. Ғылымда да ғалымға қойылатын басты талап оның имандылығы.Имансыз адамның ғалым болуы қоғамға қауіпті құбылыс.

Ғалымныңдамужолықашандаоңайболғанжоқ, қиын, соқпақты. Өйткеніоныңмақсатыбелгіліқалыптасқанқағидалардыталғау, көнергендерінөзгерту, керекдесеоғанқарсытұру,жаңалықендіру. Бұлоңайемес. Ғалымсондықтандатабанды, батылкүрескерболуғатиіс.Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеунысанымораль, адамныңмінез-құлқыболыптабылатынежелгітеориялықпәндердіңбірі.

Гендік инженерия - молекулалық және клеткалық генетиканың қолданбалы саласы. Белгілі қасиеттері бар генетикалық материалдарды In vitro жағдайында алдын-ала құрастырып, оларды тірі клеткаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу процесін өзгеше жүргізу. Бұл әдіспен организмдердегі генетикалық информацияны көздеген мақсатқа сай өзгертіп, олардың геномдарын белгіленген жоспармен қайта құруға болады.
Гендік инженерия ол функционалдық активті генетикалық құрылымдарды рекомбинаттық ДНҚ молекулалары түрінде қолдан құрастыру. Гендік иженерияның мәні жеке гендерді бір организмнен алып басқа организмге көшіру. Бұған рестриктаза мен лигаза ферменттерінің ашылуы мүмкіндік туғызады. Рестриктазалар ДНҚ молекуласын белгілі жерлерден жеке үзінділерге қиып бөлшектейтін ыдыратушы фермент. Қазір ДНҚ молекуласын бір-бірінен өзгеше 120 жерінен үзетін 500-ден астам рестриктазалар анықталған. Алынған полинуклеотид бөлшектерінінің комплементарлық немесе жабысқыш ұштарны ДНҚ лигазасы – бір-біріне желімдеп реттеп жалғасытырып қосады. Осы ферменттердің көмегімен бір ДНҚ молекуласынан қажетті ген бөлініп алынып, басқа ДНҚ молекуласын үзінділерімен құрастырылып рекомбинанттық, яғни жаңа будан ДНҚ жасалады.










Последнее изменение этой страницы: 2018-06-01; просмотров: 285.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...