Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Актуальные вопросы амбулаторной детской хирургии 24 страница




A. Жедел бронхит

B. Обструктивті бронхит

C. Бронхоэктатикалық ауру

D. Крупозды пневмония

E. Эксудативті плеврит

 

12. Бала төртінші жүктіліктен, 2-ші босанудан, гестацияның 27 аптасында туылған. Жүктілік 2-ші жартысындағы токсикоз, токсоплазмоз тасымалдаушылық, ұрықтық плацентарлық жетіспеушілік, жеңіл дәрежелі анемия фонында өткен. Туылған кездегі салмағы 1050г, бойы 32 см. Туылған кезде қойылған диагноз: «РДС ІІ дәреже». Өмірінің 14 күні әлсіздік, бұлшықеттік гипотония, туа біткен автоматизм, құсу рефлекстері төмендеген, дене массасының динамикасы жоқ екені байқалады. Тері жамылғысы құрғақ, сарғыш. Өкпеде тыныс барлық өкпе алаңы бойынша әлсірегне, сырыл жоқ. ТАЖ-70. Тахикардияға бейімділік, дұрыс ритмді. Іші жұмсақ, аздап үрленген, перистальтикасы белсенді. Осы клиникалық жағдай қандай болжам диагнозға сәйкес?

A. Адаптация кезеңі. Шала туылғандық 27 апта

B. Респираторлы дистресс-синдром. Шала туылғандық 27 апта

C. Неонатальды сарғаю. Шала туылғандық 27 апта

D. Екі жақты пневмония. Неонатальды сарғаю

E. Туа біткен токсоплазмоз

13. Егер науқаста бронхиальді астма симптомдары күнделікті байқалса және 1 секунд ішіндегі форсирленген тыныс шығару көлемі (ФТК1) қалыптыдан 57% тең болса, заманауи классификация бойынша аурудың қандай клиникалық формасына сәйкес?

A. Жеңіл интермиттирлеуші

B. Жеңіл персистирлеуші

C. Орташа ауырлықтағы персистирлеуші

D.Ауыр персистирлеуші

E. Астматикалық статус

14. 8 жасар баланы үйде қарауға шақырды. Қиындаған тыныс шығарумен жүретін тұншығу ұстамалары және қиын бөлінетін қақырықты жөтел мазалайды. Анамнезінен ерте жасынан бастап жиі бронхиттермен ауырады, көктем-күз кезінде асқынулары болады. Соңғы 3 жыл бойы тыныс шығару қиындауымен, түнгі уақытта және күнделікті тұншығу ұстамалары сальбутамол ингаляцияларымен басылады. Қабынуға қарсы базисті терапия жүргізілмеген. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, алыстан естілетін ысқырық сырылдар, ТАЖ – минутына 32 рет. Өкпе үстінде қорап дыбыс, тынысы қатқыл ұзарған тыныс шығарумен, өкпенің барлық алаңында құрғақ ысқырық сырылдар естіледі. Қандай препараттарды тағайындаған дұрыс?

A. Муколитикалық препараттар

B. Антигистаминді препараттар

C. Ингаляциялық глюкокортикостероидтар

D. Антибактериальды препараттар

E.Бронхолитикалық препараттар

15. Балаға 1 жас 7 ай. Кенеттен жөтелу, 15 минуттан кейін жойылған ентігуге шағымданады. Қарағанда: дене температурасы қалыпты, бала белсенді. Аускультацияда: сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде тыныс шығарған кезде ысқырыл сырыл естіледі; перкуторлы – қорап дыбысы. Ең мүмкін диагноз?

A. Бронхиальді астма

B. Обструктивті бронхит

C. Бронхтың бөгде денесі

D. Бронхиолит

E. Көкжөтел

16. Бала 5 жаста. Ерте жастан қайталамалы бронхобструктивті синдром байқалады, көп мөлшерде майлы нәжіс. Қарағанда бірден тамақтанудың төмендеуі. Жабысқақ қиын бөлінетін қақырықты жөтел. Перкуторлы өкпе дыбысы қорапты. Аускультативті: бүкіл өкпе алаңында ұсақ және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар. Төменде көрсетілгендердің ішінен ең бірінші қайсысын жүргізу керек?

A. Сулкович сынамасы

B. Терілік тест

C. Уреазды тест

D. Апта сынамасы

E. Грегерсен сынамасы

17. Қызбала 4 жаста дене қызуының 39 жоғарылауына, тәбетінің төмендеуіне, ылғалды сырылға, ентігуге шағымданып ауруының 5 күні түсті. Қарау кезінде жағдайы ауыр, тері жамылғысының бозаруын, мұрын қанаттарының үрілуін байқалады. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, әлсіз тыныспен ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ТЖ-56 рет мин. ЖҚА-эритроцит-4,4*10г/л, НВ-115 г/л, ТК-0,9, лейкоцит-12*10 г/л, базофил-1, эозинофил-2, метамиелоцит-2, т/я-10, с/я-52, лимфоцит-20, моноцит-3, ЭТЖ-30 мм/сағ. Рентгенде өкпенің оң жақ төменгі бөлігінде ошақтық қараюлар. Науқаста қандай ауру:

A. Бронхиальды астма
B. Жедел обструктивті бронхит
C. Жедел бронхиолит
D. Жедел пневмония
E. Жедел обструктивті емес бронхит

 

18.Бала 5жаста жиі респираторлы аурулармен және іріңді отитпен ауырады. Объективті физикалық дамуы қалыс қалған, іріңді қақырықпен жөтел, саусақ фаланглері барабан таяқшасы, тырнақтары сағат әйнегі тәрізді деформацияланған. Мұрнымен демалысы іріңді көп мөлшерде бөлініске байланысты қиындаған. Өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенологиялық-өкпенің кері орналасуы, жүректің оң жақты орналасуы. Қай клиникалық диагноз туралы ойлау керек?

A.Хамана-Рич синдромы

B.Гудпасчер синдромы

C.Муковисцидоз

D.Картагенер синдромы

E.Өкпенің идиопатиялық гемосидероз

19.Бала 3 жаста жөтелге, дем шығарудың ұзаруына, шағымданады. Тексеру барысында жедел обструктивті бронхит диагнозы қойылды. Ерте жастағы балалардағы бронхиальді обструкцияның патогенезіндегі жетекші симптомы:

A.Бронхоспазм
B.Бронхтың кілегей қабатының қабынуы
C.мукоцилиарлы клиренстің бұзылысы
D.бронхтар дискинезиясы
E.бронхтардың сырттан жаншылып қалуы

20. Бала 3 айлық. ЖРВИ-мен контактіден кейін катаральді белгілер пайда болды. Қарау кезінде жағдайы нашар. Кеуде клеткасындағы шығыңқы жерлерінің кірігуі байқалады, мұрын қанатының керілуі, периоралбді цианоз. ТЖ-60 рет/мин. Перкуссияда-өкпеде қорап дыбысы. Аускультацияда-дем шығарудың барысында ұсақ көпіршікті және крепитацияланған сырылдар естіледі. ЖҚА НВ-115 г/л, эр-4,1*10 г/л, лейк-6,5*10 г/л, т/я-1, с/я-30, л-58, м-8, ЭТЖ-15 мм/сағ. Кеуде клеткасының рентгенографиясы өкпе суреті мөлдір. Қандай ауру?

A.бронх демікпесі
B.ошақты пневмония

C.обструктивті бронхит
D.созылмалы бронхит
E. жедел бронхиолит

21.Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауына 6 айлық баласының дене температурасының жоғарылауына және айқын ентікпе белгілерімен әйел кісі келді. Анамнезінен белгілі болғандай, аурудың басталуы жедел, дене температурасының жоғарылауымен, жөтел, ринорея белгілерімен көрініс берген, ауырғанына2 күн болған.Үй жағдайында симптоматикалық ем көрсетілген, нәтижесі болмаған. Жалпы қарау барысында баланың жағдайы ауыр, мазасыз, мұрын қанаттарының ашылуы байқалады. Периоральды цианоз байқалады. Тері жамылғысы бозғылт «мәрмәр» түсі. Дене температурасы 38,5ºС. Араны қызарған, миндалиналары жабындысыз. Перкуторлы қорапты дыбыс. Өкпеде қатқыл тыныс, екі тыныс фазасында да диффузды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Тыныс жиілігі 70 рет минутына. Жүрек тондары тынықталған, ырғақты. ЖСЖ 140 рет минутына. Сіздің болжам диагнозыңыз?

A. Жедел обструктивті бронхит.

B. Жедел бронхит

C. Бронхиолит

D Құрсақішілік пневмония

E. Стеноздаушы ларинготрахеит

 

22.Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауына әйел кісі 2 жасар баласының бірнеше күн дене температурасының жоғарылауына, жөтелге, мұрыннан бөліністің болуына шағымданып келді. Тамыр тарылту, қызу түсіру және бронхолитикалық ем мақсатында симптоматикалық терапия жүргізілген. Жүргізілген емнен нәтиже болмау себебінен медициналық көмекке қайта жүгініп отыр. Жалпы қарау барысында инспираторлы ентікпе, қатқыл тыныс,мұрынерін үшбұрышында цианоз белгілері байқалады. Бала ауырсыну тітіркендіргіштеріне жаймен қарсылық білдіреді, қойылған сұрақтарға баяу жауап береді. Дене температурасы38,5°С. ТЖ 48 рет 1 минутта. АҚҚ 95/55 мм.сбб. ЖСЖ 120 рет минутына. Сіздің болжам диагнозыңыз?

A. Бронх демікпесі

B. Обструктивті бронхит

C. Ауруханадан тыс пневмония

D. Муковисцидоз

E. Стеноздаушы ларинготрахеит

 

23. Жедел рецидивирлеуші респираторлы инфекциямен науқастанған 12 жасар ұл балаға мектептегі медициналық пункте жоспарлы түрде грипке қарсы екпе жасалынды. Екпе еккеннен 10 минут өткен соң ауа жетпеу, дөрекі ит үрген тәрізді жөтел пайда болды. Объективті: кеуденің ішке кірігу белгілері, дем алудың қиындауы байқалады. Теріде генерализацияланған сипатта цианоз белгілері бірден пайда бола бастады. Өкпенің барлық бөлігінде везикулярлы тыныс. ТЖ 1 минутта 54 рет, ЖСЖ 110 рет минутына. АҚ 120/70 мм.сб. Сіздің болжам диагнозыңыз?

A. Стеноздаушы ларинготрахеобронхит

B. Жоғарғы тыныс алу жолдарының бөгде денесі

C. Бронх обструкциялы синдром

D. Көмейдін аллергиялық ісігі

E. Біріншілік цилиарлы дискинезия

 

24. Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауында 2 жасар баламен әйел келіп отыр. Дене қызуыны жоғарылауына, жөтелге шағымданады.Тексеру барысында жедел бронхит қойылады. Осы ауруға респираторлы жолда қандай симптом тән?

A.Ұзарған ысқырықты дем шығару

B. Дем шығарғанда шашыраған құрғақ және ылғалды сырылдар
С.Дем шығарғанда құрғақ сырылдар
D. тыныс алғанда қосымша бұлшық еттің қатысуы/

E. тыныс жеткіліксіздігі

 














КАРДИОЛОГИЯ

1. 7 айлық баланың казіргі салмағы 5000г., туған кездегі салмағы 3500г. 3 апталық кезінде барлық жүрек аймағында және ІV-V сол жақ қабырғааралықта p.max тырнаған сипатты систолалық шу естілген. Қарағанда: салмақ қосуы төмендеген, терісі бозғылт, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, тынысы пуэрильді, өкпенің төменгі бөліктерінде әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. ТАЖ- минутына 60 рет. Жүректің перкуторлы шекарасы аксиллярлы сызыққа дейін ұлғайған. Аускультативті: өзгеріссіз. Бауыр оң жақ қабырғадан 5см+ , талақ 2см+. Жамбас артерияларында пульс қалыпты. Туа пайда болған жүрек ақауына күмән туғандай зерртеулер көлемі қажет?

A. Электрокардиография, эхокардиография

B. Кардиоинтервалография, коронарография

C. Пульсоксиметрия, эхокардиография

D. Электрокардиография, допплерометрия

E. Эхокардиография, коронарография

 

2.Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауында 2 жасар бала. Шағымдары ата-анасының айтуы бойынша: ентігу ұстамаларына, физикалық және эмоционалдық жүктеме кезінде ентігу белгілерінің пайда болуы. Қарағанда: «сия реңкті» диффузды ционаз назар аудартады. Физикалық дамуы жасына сай. Дене қалпы дұрыс. Тері қабаты мен көзге көрінетін кілегей қабаттарының диффузды цианозымен қатар тырнақтары «сағат әйнегі» және саусақтары «барабан таяқшалар» типі бойынша өзгерген. Тыныс везикулярлы. Ылғал жөтел жоқ және бұрын болмаған. Жүрек тұсы визуальді өзгермеген. Салыстырмалы жүрек тынықтығы шекаралары өзгермеген. Тондары қатты. Сол жақ кеуде қуысында интенсивті систолалық шу естіледі. Бауыр мен талағы ұлғаймаған. Фалло тетрадасының анатомиялық белгілеріне жатады:

A. Аорта стенозы, декстрокардия, аорта коарктациясы

B. Өкпе артериясының стенозы, қарыншааралық перденің ақауы, аортаның оңға ығысуы

C. аортаның оңға ығысуы, аорта коарктациясы

D. Жүрекшеаралық перденің ақауы, ірі қан тамырлардын транспозициясы

E.қарыншааралық перденің ақауы, жүрекше аралық перденің ақауы, он жақ бөліктердің дилатациясы

 

3. 5 жасар балада қарағанда айқын цианоз, ойнағанда және тыныш күйде цианоз байқалған. Анамнезінен: балада кезеңді түрде жағдайы нашарлайтын ұстамалар болып тұрады, ұстамалар кезінде бала отырып қалады. Бойы – 100см, салмағы – 12кг. АҚҚ – 110/70мм с.б.б. ЖСЖ – минутына 115рет. Аускультативті: жүрек тондары қатты, сол жақ кеуде аймағында ІІ қабырғааралықта орташа интенсивті систолалық шу. Ритм ырғақты. ЭхоКГ: ОЖ- 3,0см, ОҚ- 5,0см, СЖ- 1,9см, СҚ- 2,0см. Өкпе артериясының оң тармағы 0,50см, сол- 0,51см. Лақтыру фракциясы – 64%. Қарыншааралық пердеде 1,6 см болатын аортаасы ақау анықталды. Сол қарыншаның гипоплазиясы. Осы клиникалық жағдайдағы ең ықтимал болжам диагноз?

A. Фалло тетрадасы

B. Фалло триадасы

C. Магистральді тамырлардың қосарланып ажырауы

D. Магистральді тамырладыр транспозициясы

E. Жүрекшеаралық перденің ақауы

4. Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауында 10 жасар бала. Шағымдары: тыныш күйде ентігуге, ісіктер, тез шаршағыштық. Кардиолог маманда қарыншааралық перде ақауы диагнозы бойынша диспансерлік есепте тұр. Қарағанда: жағдайы ауыр, мәжбүр қалыпта. Акроцианоз, бетінің, алдыңғы іш қабырғасының, тобықтың, табанның ісінуі, тыныш күйде ентігу. ТЖ-минутына 40 рет, өкпеде ылғал кіші көпіршікті сырылдар.Жүрек шекаралары ұлғайға, тахикардия – минутына 128рет. Бауыры қабырға доғасынан 4,0см шығыңқы. Жалпы тәжірибиелік дәрігер клинико-анамнестикалық мәліметтерге сүйене отырып созылмалы жүрек жетіспеушілігін диагностикалады. Осы науқаста қан айналымының жетіспеушілігінің (ҚЖ) қандай типі орын алған?

A. Сол қарыншалық ҚЖ ІІб

B. Оң қарыншалық ҚЖ ІІб

C. Тотальді ҚЖ ІІб

D. Тотальді ҚЖ ІІа

E. Оң қарыншалық ҚЖ ІІа

 

5. 6 жастағы балада кенеттен қорқу сезімі, мазасыздық, күрт әлсіздік және суық тер пайда болды. Жағдайы ауыр, бозғылт, мойын тамырларының пульсациясы көрінеді. Қатты терлеу байқалады. Пульс минутына 180 рет соққы береді, толымдылығы әлсіз. Жүрек тондары анық, тахикардия. Жүректің салыстырмалы шекаралары өзгеріссіз. Ісіну жоқ. ЭКГ нәтижесі: Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы. Осы синдромға электрокардиограммада қандай патогномикалық өзгерістер тән?

A.PQ (PR) интервалының 0,10с кем қысқаруы, QRS комплексінің жайылуы,дельта-толқындардың пайда болуы

B.PQ (PR) интервалының 0,10с астам ұзаруы, дельта-толқындардың пайда болуы

C.QRS комплексінің тарылуы Р тісшесінің қарыншалық комплекстің артында орналасуы

D.QRS комплексінің кеңеюі, минутына 300 рет жиілікпен орақтәрізді толқындардың болуы

E. Дельта-толқындардың пайда болуы, изолиния болмауы, Р тісшесінің қарыншалық комплекстің артында орналасуы

 

6. Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауында 13 жасар қыз. Шағымдары: буындардың зақымдалуы, кардиалгия, әлсіздік. Анамнезінен: жедел респираторлы инфекциямен ауырғаннан кейін осы жағдай пайда болған. Шағымдары мен клинико-анамнестикалық мәліметтеріне сәйкес болжам диагноз: «Жедел ревматикалық қызба, белсенді фазасы». Диагностика және емдеу шараларының хаттамасына сәйкес осы жағдайда стрептококкты инфекцияның этиологиялық маңызы бар екенін дәлелдейтін ең ақпаратты әдіс?

A. Қанның клиникалық анализі

B. ЭКГ

C. АСЛ-О анықтауы

D. Қанның биохимиялық анализі

E. ЭхоКГ

 

7. Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауында 12 жасар ер бала. Ішінің ауырсынуы, сол жақ тізе және балтыр буындарының ауырсынуы және қозғалсының шектелуіне шағымданып келді. Анамнезінен: 2 апта бұрын баспамен ауырған, тамағы ауырсынып, дене тмпературасы 39,0*С дейін көтерілген. Амбулаторлық жағдайда симптоматикалық терапия жүргізілген. Қараған кезде: балтыр буынында ісіну мен қозғалысының шектелуі, жүрек тынықтығы шекараларының сол жаққа 2см+ ығысуы, тахикардия 120рет/мин, І тон әлсіреуі, жүрек ұшында «жұмсақ» систолалық шу. Ең мүмкін диагноз?

A. Жүйелі қызыл жегі, кардит

B. Ювенильді ревматоидты артрит, жүйелі түрі

C. Ревматикалық емес кардит

D. Реактивті артрит

E. Жедел ревматикалық қызба, кардит

 

8.Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауында 16 жасар ер бала. Анамнезінен: 2 жыл бұрын жүрек зақымдалуынсыз болған біріншілік ревматикалық шабуыл, осыған байланысты стационарда этиотропты және патогенетикалық терапия жүргізілген, патологиялық процес толығымен кері қайтқан. Сол кезден бері және қазіргі уақытта бала аурудық толық клинико-лабораторлық ремиссиясында. Бала дене шынықтыру сабағында қандай топта болуы тиіс?

A. Арнайы топта

B. Негізгі топта

C. Дайындық тобында

D. Қосымша топта

E. Спорттық топта

 

9. 7 жастағы балаға «Ревматикалық емес кардит, жүректің өткізгіш жүйесінің идиопатикалық зақымдалуы, созылмалы ағымы, ауыр, ҚЖ ІІБ» диагнозы қойылды. Осы балада қанайналым жетіспеушілігінің симптомдары бар?

A. Бетінде ісіну, асцит, жөтел, ентігу, гидроторакс, акроцианоз, гидроперикард

B. Асцит, жөтел, бауыр қабырға доғасынан 3-4см шығыңқы, гидроперикард

C. Жөтел, ентігу, тахикардия, акроцианоз, өкпеде әртүрлі калибрлі ылғал сырылдар, бауыр қабырға доғасынан 4-5см шығыңқы

D. Аяқтарының ісінуі, ентігу, гидроторакс, жөтел, тахикардия, өкпедегі құрғақ сырылдар

E. Асцит, жөтел, ентігу, бауыр қабырға доғасынан 4см шығыңқы, гидроперикард

 

10. Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауында 5 жастағы бала ауруының 7-күні дене температурасының 37,5*С-ке дейін жоғарылауына, дене ауыстырған кезде күшейетін жөтелге шағымданып келді. Қарағанда: аранында катаральды өзгерістер, өкпесінде артқы төменгі бөліктерінде шамалы тынықталған перкуторлы дыбыс, ұсақ көпіршікті сырыл, ТАЖ – 40рет/мин. Жүректің сол жақ шекарасы бұғанаорта сызығы бойынан солға қарай 2 см ығысқан, ЖСЖ – 126 рет/мин. Бауыры қабырға доғасынан 2 см төмен. Тәуліктік диурез төмендеген, зәр шығару бұзылмаған. Мүмкін диагноз?

A. Жедел пневмония

B. Жедел бронхит

C. Жедел обструктивті бронхит

D. Ревматикалық кардит

E.Жедел ревматикалық емес кардит

11. Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауында 5 жасар қыз бала бас ауруына, делсалдыққа, ентігуге, жүрек соғуына шағымданып келді. Анамнезінен: 2 апта бұрын – гастроэнтерит. Объективті: баланың жағдайы ауыр, делсалдық, бозару бар, тахикардия 120 рет/мин., галоп ритмі, жүрек тондары анық емес, шу жоқ, өкпеде ылғал сырылдар, бауыр 2см+. Шеткі пульс әлсіз, жүрек көлемінің ұлғаюы. ЭКГ: ST сегменті және T тісшесінің өзгеруі, аритмия. Осы симптоматика қай ауруға сәйкес келеді?

A. Ревматикалық емес кардит

B. Инфекционды эндокардит

C. Жедел ревматикалық қызба

D. Кардиомиопатия

E. Жедел пневмония

12. 8 жастағы балада 3 апта бойы қалтыраумен интермитирлеуші қызба, арасында полиартрит кезеңдерңмен, дақты-папулезді бөртпелері болады. Гепатолиенальді синдром. Жалпы қан анализінде: нормохромды анемия, нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ-58 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде: гематурия, протеинурия. Қанды қоректік ортаға себу: стерильді. Осыған байланысты айтарлықтай оң нәтиже бермеген антибактериальді терапия жүргізілген. Мүмкін диагноз?

A. Ювенильді ревматоидты артрит, жүйелі варианты

B. Жедел ревматикалық қызба, артрит

C. Геморрагиялық васкулит, нефрит

D. Жүйелі қызыл жегі, люпус-нефрит

E. Жүйелі склеродермия, локализацияланған формасы

 

 

ГАСТРОЭНТЕРОЛОГИЯ

 

1. Қыз бала, 5 жаста. Шағымы: қобалжудан кейін, кейде тамақ ішкенен кейін пайда болатын эпигастрии аймағындағы жайсыздық сезімі. Логоневрозға байланысты невропатологта қаралады. ЭФГДС-те: дуодено-гастральді рефлюкс анықталды. Сіздің болжам диагнозының:

A. Асқазанның моторлы тип бойынша функциональды бұзылысы

B. Асқазанның секреторлы тип бойынша функциональды бұзылысы

C. Созылмалы гастрит

D. Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы

E. Созылмалы дуоденит

 

2. Жасөспірім бала тамақ қабылдағаннан кейін l-l,5 сағаттан кейін пайда болатын қышқыл кекіруге, іш қатуға шағымданады. Эпигастрий аймағындағы дискомфорт тамақ қабылдағаннан кейін басылады. Объективті: іші жұмсақ. Қан анализі: эритроцит – 4,5* l0¹²г/л, гемоглобин - l45г/л, лейкоцит-5,2*l0л, т/я- l0%, с/я- 62%, лимфоцит-23%, моноцит- 5%, ЭТЖ-8мм/сағ.Төменде көрсетілген, қайсы дәрілік заттар емдеуде ең дұрыс деп саналады?

A. Спазмолитиктер

B. Протонды помпаның ингибиторлар

C. Ферменттер

D. Анальгетики

E. Пробиотики

 

3. Ер бала, 12 жаста. Фиброгастродуоденоскопия жүргізгенде келесі өзгерістер анықталды: өңештің абдоминальды бөлімінің кілегей қабатының шамалы эритемасы мен болбырлығы, өңещтің төменгі сфинктерінің тонусының төмендеуі. Осы эндоскопиялық белгілер қайсы ауруға тән:

A. Дуоденогастральды рефлюкс

B. Барретт өңеші

C. Гастроэзофагеальды рефлюкс

D. Диафрагманың өңеш бөлімінің жырығы

E. Өңештің стриктурасы

 

4. Қыз бала, 13 жаста созылмалы гастритпен 2 жыл шамасында ауырады. Тамақтан соң пайда болатын эпигастрий аймағында ауырсыну және ауырлау сезімі, кекіру, жүрек айну, ауыздан шығатын жағымсыз иіс мазалайды. Метеоризм, диарея. Қарағанда бозғылт, склерасы субиктериялық, тілі «лакталған», кейде тілінің ашуы, қол-аяқтарында «құмырсқа жүргендей» сезім мазалайды. ЖҚА-да гиперхромды, макроцитарлы анемия. Осы клиникалық жағдайға созылмалы гастриттің қандай эндоскопиялық түрі сәйкес:

A. Атрофиялық түрі

B. Эрозивті түрі

C. Гипертрофиялық түрі

D. Беткей түрі

E. Аралас түрі

5. Ұл бала, 10 жаста. 3 жыл бойына ревматизммен ауырады. Соңғы 3 айда эпигастрий аймағында тамақтанған кезде және тамақтан соң ауырсыну және ауырлау сезімі пайда болды, кезеңді жүрек айну, қыжылдау мазалайды. ФГДС-да: асқазанның антральды бөлімінің кілегей қабығының гипертрофиялық зақымдануы, гастроэзофагальды рефлюкс. Ең алдымен қандай қосымша зерттеу тәсілін қолдану қажет?

A. Іш қуысының УДЗ-сі

B. Жалпы қан анализі

C. Дуоденальды зондтау

D. Неlicobacter pyloriзерттеу

E. Асқазанды зондтау

 

6. Он екі елі ішектің жара ауруы бар науқаста ауырсынудың түрі өзгерді,ауырсыну ас қабылдағаннан кейін күшейе түсті,тез жүргенде және жүгіргенде пайда бола бастады. Қабынудың лабораторлы көріністері анықталды. Аталған клинико-лабораторлы көріністер келесі асқынулардың дамуын көрсетеді:

A.Қан ағу










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 542.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...