Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Актуальные вопросы амбулаторной детской хирургии 23 страница




A. Дене массасының транзиторлы төмендеуі, токсикалық эритема, несеп қышқылдық инфаркт

B. Физиологиялық эритема, дене массасының транзиторлы төмендеуі, олигурия

C. Дене массасының транзиторлы төмендеуі, несеп қышқылдық инфаркт, мелена

D. Меконий, физиологиялық эритема, дене массасының транзиторлы төмендеуі

E. Дене массасының транзиторлы төмендеуі, олигурия, тері бөртпесі

 

 

19. Жаңа туған бала 2200 г салмағымен, жүктіліктің 34 аптасында дүниеге келді. Апгар шкаласы бойынша 7-8 баллмен бағаланды. Сильверман шкаласы бойынша 0-1 балл. Алдын ала диагнозыңыз қандай?

A. 34 апталық шала туылған бала

B. 34 апталық шала туылған бала. Туғанда дене массасының төмен болуы.

C. 34 апталық. Жеңіл дәрежелі асфикция

D. 34 апталық шала туылған бала. РДС жеңіл дәрежелі

E. 34 апталық шала туылған бала. Орташа дәрежелі асфиксия

 

20. Г. есімді қыз бала, өмірінің алғашқы 10 тәулігі, 24 жастағы анасының анамнезі бойынша, қан тобы А (II) Rh теріс. Бірінші жүктілігі 3 жыл бұрын болған, 9 аптасында медабортпен аяқталған, асқынуы болмаған. ЖҚА мен БҚА тексергенде – анемия үдеуде, тіке емес билирубин деңгейі жоғарылаған. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал:

A. Жаңа туған баланың гемолитикалық ауруы, Rh факторы бойынша сәйкессіздік

B. Жаңа туған баланың гемолитикалық ауруы, АВО жүйесі бойынша сәйкессіздік

C. Гемолитикалық анемия

D. Гипопластикалық анемия

E. Туа пайда болған инфекция

 

 

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПАТОЛОГИЯСЫ

 

1. 1 жастағы балада тыныс алу жүйесінің көріністерімен қатар дене температурасы фебрильді дәрежеге дейін көтерілген кезде мазасыздық пен тонико-клоникалық құрысу эпизоды болған. Анамнезінен бала перинатальді энцефалопатия бойынша диспансерлік есепте тұрғаны белгілі. Бұрын фебрильді құрысу жағдайлары болған. Шұғыл терапия құрамында қандай бағыттар болуы тиіс?

A. вирусқақарсытерапия, құрусыға қарсы терапия

B. антибактериальді терапия, құрусыға қарсы терапия

C. муколитикалық терапия, құрусыға қарсы терапия

D. қызуды түсіруге бағытталған терапия, құрусыға қарсы терапия

E. қабынуға қарсы терапия, иммуномодуляциялық терапия

 

2. Жалпы тәжірибиелік дәрігер қабылдауында 3 жасар бала. Анамнезінен: бала 3 күннен бері ауырады, ауру температура жоғарылауы, жөтел, тұмаумен жедел басталған. Түнде жағдайы нашарлаған, мазасыздық, дауыс қарлығуы, жөтелдің үрмелі түрге айналуы пайда болған. Тынысы шулы, тынысты алуы алыстан естіледі, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, бозарған, жұтқыншықтың кілегейі қызарған, дәнді бөртпелер бар. Жұмсақ жерлерінің ішке кіруі байқалады, сырылдар естілмейді, пульс минутына 120 рет. Осы клиникалық симптоматика қай патологиялық жағдайға тән?

A.бронхопневмония

B.обструктивті бронхит

C.бронхиальді астма

D.бронхтардың бөгде денесі

E. ларинготрахеит

 

3. 2,5 айлық бала қараша айының басында туылды, ана сүтімен қоректенеді. Соңғы 2-3 аптада мазасыз, нашар ұйықтайды, ұйықтап жатқанда шошынып оянады, тершең. Емшекті бұрынғыға қарағанда нашар емеді. Ұлы дәреті тұрақсыз. Қарағанда бозғылт, терісі ылғал, шүйдесінде шашы жоқ. Тіндерінің тургоры азайған. Қаңқаның көзге көрінетін деформациясы жоқ. Үлкен еңбектің жиектері басыңқы. Ішкі мүшелері патологиясыз. Осындай жағдайда аурудың қандай сатысы болуы мүмкіндігін бағалаңыз?

A. бастапқы кезең

B. өршу кезеңі

C. реконвалесценция кезеңі

D. қалдық өзгерістер кезеңі

E. продромальды кезең

 

4. Қабылдауда 8 айлық бала. Анамнезінен 1-ші жүктіліктен, мерзімінде туылған, 3400 салмақпен. 1,5 айынан жасанды тамақтанады. Тамақтануы бұзылған, қосымша тамақтану уақытында берілмеген. Анасының айтуынша басын 2,5 айынан бастап ұстайды, 7 айында отырған, тұрмайды. Ұлы дәреті тұрақсыз. Қарағанда: әлсіз, тершең. Тері жамылғылары бозғылт. Жалпы бұлшықет гипотониясы. Басы төрт бұрышты, маңдай томпағы шығыңқы. Үлкен еңбегі 2,0х 2,5 см., жиектері басыңқы. Тістері жоқ. Кеуде клеткасы бүйірінен қысылған, апертура ашық. Айқын «білезіктер». Іші «бақа тәрізді», жұмсақ. Бауыры қабырға доғасынан 3 см-ге шығыңқы.

Балада қанның биохимиялық анализінде қандай өзгерістер болуы мүмкін?

A. Р төмендеуі, алкалоз, сілтілі фосфатазаның артуы

B. Са төмендеуі, ацидоз, сілтілі фосфатазаның азаюы

C. Са төмендеуі, Р төмендеуі, сілтілі фосфатазаның артуы

D. Сілтілі фосфатазаның артуы, Р төмендеуі, диспротеинемия

E. Са төмендеуі, Р төмендеуі, сілтілі фосфатазаның төмендеуі

 

5. Балалардағы темір тапшылық анемиясының дамуындағы қауіптілік факторыны:

A. Қарқынды босану

B. Тар жамбастық (анасының)

C. Ұзаққа созылған сусыз кезең

D. Ұрықтың асфиксиясы

E. Көп ұрықты жүктілік

 

6.3 жасар баланы қараған кезде жалпы тәжірибелік дәрігер тері жамылғысының және кілегей қабаттарының бозғылттануына назар аударған. Талақ пен бауыр ұлғаймаған. Темір тапшылық анемиясы бар науқастардың геммограммасына тән:

A. Гемоглобин мен эритроциттер санының төмендеуі, эритроциттер гипохромиясы, ретикулоциттер санының төмендеуі;

B. Гемоглобиннің төмендеуі, эритроциттердің гипохромиясы және анизоцитоз, ретикулоциттердің қалыпты саны;

C. Гемоглобиннің төмендеуі, эритроциттердің гипохромиясы, макроцитоз, ретикулоциттердің түгелге жақын болмауы;

D. Гемоглобиннің төмендеуі, эритроциттердің нормохромиясы мен нормоцитозы, ретикулоциттер санының көбеюі;

E. Гемоглобиннің төмендеуі, эритроциттердің нормохромиясы және анизоцитозы, ретикулоциттердің қалыпты саны.

 

7. Жалпы тәжірибиелік дәрігер қабылдауында 3 жастағы бала. Шағымдары: әлсіздік, мазасыздық, құрғақ жөтел. Анамнезінен ауру жедел, катаральді көрініспен басталғаны белгілі. Субфебрильді қызба, өте аз физикальды симтоматика байқалады. Дәрігердің алғашқы болжам диагнозы: «ЖРВИ. Аденовирусты инфекция», бірақ атипиялық этиологиялы бронхитпен дифференциальды диагностика жүргізу қажеттігі туды. Үй жағдайында симптоматикалық терапия жүргізілді. Келтірілген клиникалық көріністердің қайсысы аденовирусты инфекцияға тән?

A. фарингит, конъюнктивит

B. хориоретинит, синусит

C. лимфаденит, синусит

D. артралгия. эпиглоттит

E.эритема, увеит

 

8. Дәрігер қабылдауында тамақтың ауырсынуы мен сұйықтық қабылдау алмауына шағымданып келген бала. Анамнезінен ауру симптоматикасы жедел, катаральды көріністер фонында дамығаны белгілі. Осы клиникалық симптоматика қай жағдайға сәйкес?

A.стрептококкты емес фарингит

B.стрептококкты фарингит

C. аран дифтериясы

D.лакунарлы ангина

E.жұтқыншақ абсцес

 

9. Сіз жалпы тәжірибелік дәрігерсіз. Сіздің қабылдауыңызда 3 жасар бала. Респираторлы шағымдармен, интоксикация және фебрильді қызбамен шағымданған науқастағы қандай объективті зерттеу кезінде анықталған физикальды өзгерістер пневмониялық процесске тән?

A. Крепитация көріністері, барлық алаң бойынша тимпаникалық дыбыс

B. Барлық алаң бойынша тимпаникалық дыбыс, жайылмалы әр түрлі калибр сырылдар

C. Өкпе дыбысының локальды тынықталуы, тыныстың локальды әлсіреуі

D. Барлық өкпе алаңы бойынша қорап дыбысы, кеуденің эмфизематозды өзгеруі

E. Қабырға аралардың кеңеюі, өкпе экскурсиясының шектелуі

 

10. Үй жағдайында 2 жастағы бала айқын токсикоз, аралас сипаттағы ентікпе, 38*С температура жоғарылауы. Перкуссияда: қораптық дыбыс. Аускультацияда: әр жерден сырылдар естіледі, оң жақтан жауырын астында – тұрақты ұсақ көпіршікті сырылдар, рентгенограммада – оң жақтан жауырын астында – ошақтық инфильтрация. Осы ауру кезінде мақсатты алғашқы терапия қандай?

A. Макролидтар

B. Аминогликозидтар

C. Карбапенемдар

D.Аминопенициллиндар

E. Фторхинолондар

11.ЖТД қабылдауында 3 жасар бала. Тез шаршау, сол жақ қарынша пульсациясы күшейген, ІІ қабырға аралықта діріл анықталды. ЭКГ бойынша: сол жақ қарыншаның жүктемесі жоғарылаған. Рентгенограммада: кіші қанайналым шеңберінде гиперволемия, сол жақ қарынша ұлғаю белгілері. Осы клиникалық жағдайдағы ең ықтимал болжам диагноз?

A. Өкпе артериясының стенозы

B. Қарыншааралық перде ақауы

C. Субаортальді стеноз

D. Ашық артериальді өзек

E.Аорта коарктациясы

 

12.Бала 5 жаста, ЖРВИ-мен ауырып шықты. Сауыққаннан кейін 6 күннен соң жағдайы нашарлады. Делсалдық, ұйқсыздық, тәбетінің төмендеуі, ентігу, жүрек шекараларының кеңеюі пайда болды. Пульс – 120рет/мин., АҚҚ – 80/40 мм.с.б.б.. ЭКГ: тісшелер вольтажының төмендеуі, тыныстық аритмия. ЭхоКГ: миокардтық жиырылу функциясының төмендеуі және сол жақ қарынша қуысының кеңеюі. Диагноз: «Ревматикалық емес кардит». Ем жүргізілді. Баланың жағдайы жақсарды, бірақ ЭхоКГ-да жүрек шекараларында және өзгерістерде оң динамика жоқ. Баланың стационарда жатқанына 5 ай. Аурудың клиникалық ағымы қандай сипатқа ие?

A. Жедел

B. Жеделдеу

C. Созылмалы

D. Найзағай тәрізді

E. Торпидты

 

13.3 жастағы балада интоксикация түрінде зәр жүйесінің инфекциясы, зәрінде өзгерістер бар. Бастапқы жүргізу тактикасы қандай?

A. Алғашында бактериальді флораға зәрді себу және антибиотикке сезімталдық табу және бірден эмпириялық антибиотик тағайындау

B. Сезімталдыққа және флораға зәрді себу және нәтиже алған соң емді бастау

C. Цистография жүргізу және ем бастау

D. Қуық-несепнәр рефлюксін анықтаған кезде – бірден оперативті коррекция

E. Бактериальді зерттеусіз антибактериальді ем тағайындау

 

14.Клиникалық хаттамаға сәйкес амбулаторлы жағдайда балалардағы ТТА диагностика мен емінің қауіпсіз әдістерін және тиімді емдеу индикаторларын таңдаңыз?

A. Тәбетінің, физикалық белсенділігінің жақсаруы

B. Ретикулоциттердің қалыпқа келуі

C. Тері және көзге көрінетін жамылғылар түсінің қалыпқа келуі

D. Темір қорының толықтыруы

E. Hb 110 г/л болғанда жағдайының жақсаруы

 

15.Тамақтанудың рационына ет пюресін қосуға болатын баланың жасын көрсетіңіз:

A. 7 айлықтан

B. 8 айлықтан

C. 9 айлықтан

D. 10 айлықтан

E. 12 айлықтан

 

16.Алдын ала қарауда бір жастағы бала. Физикалық және жүйке-психикалық дамуы жасына сай. ЖРВИ дан кейінгі реконвалесцент. Церебралды ишемия II дәрежелі, жедел кезең диагнозымен невропатологта «Д» есепте тұрады. Екпелерін уақытында алған. Бала қандай денсаулық тобына жатады:

A. I

B. II

C. III

D. IV

E. V

17. 2,5-жасар бала, мәліметтер: ФД – гипосомия, I дәрежелі салмақ жетіспеушілік; ЖПД – III топ, I дәрежелі; гемоглобин деңгейі – 85 г/л; анамнезінде ремиссия сатысындағы атопиялық дерматит. Қай денсаулық тобына жатқызасыз:

A. бірінші

B. екінші                

C. үшінші

D. төртінші

E. бесінші

 

18. Ұйымдасқан мекемелерде респираторлы вирусты инфекциялармен ауырған балаларға жүргізіледі:

A. 1-2 аптада физикалық тәрбиелеудің негізгі сабақтарын босату

B. Арнайы физкультуралық топ ұйымдастыру

C. Физкультурадан арнайы дайындық тобын ұйымдастыру

D. Жарыстардан босату

E. 1 айға сабақтан босату

 

19. 8 айлық балаға патронаж кезінде, сол жақ қолтық астында тығыз, көлемі ұлғайған, ауырсынусыз лимфатүйін анықталады. Пальпация кезінде флюктуация анықталады. Күнтізбемен екпелер жасалған. Алғашқы диагноз:

A. лимфоаденопатия

B. лимфа түйінінің ісігі

C. лимфа түйін гиперплазиясы

D. жайылмалы БЦЖит

E. регионарлы лимфоаденит

20. 1 жастағы балада диафрагманың өңеш тесігінің жырығы анықталды. Қандай негізгі диагностикалық әдіс осы патологияны анықтауға көмектеседі?

A. Рентгенологиялық тексеру

B. Эндоскопиялық тексеру

C. Өңешішілік  рН-метрия

D. Ультрадыбысты тексеру

E. Асқазанды  зондтау

 

21.Учаскелік педиатр қабылдауына 6 жасар қыз анасымен келді. Балабақшада 8 күн бұрын қызылшаға қарсы ревакцинация жасалды. Сол күні кешке ата-анасымен циркте болған. Келесі күні кенеттен дене температурасы 37,5° C дейін көтерілген, жөтел және мұрын бітелуі пайда болған. Учаскелік педиатр ЖРВИ диагнозын қойып симптоматикалық ем тағайындады. Екпеден 12 күні қайтадан дене температурасы 38,5 ° C дейін көтерілген, мұрын бітелуі, жөтел, тамағындағы ауырсыну, қышитын бөртпе пайда болды. Үй жағдайында қарау кезінде: интоксикация симптомдары айқын, конъюнктивада жеңіл дәрежелі гиперемия. Өзгермеген бет аймағында, кеуде және аяқ-қолдарында қосылмаған нүктелі-папулезді дақ. Екпе салған жерде диаметрі 1 см-ге дейін тығыздалу. Араны қызарған. Балада екпеден кейін жағдайды қалай бағалайсыз:

А. Қызылшаға қарсы ревакцинациядан кейінгі асқыну

В. Жедел респираторлы вирусты инфекция

С. Ерекше вакцинациядан кейінгі жағдай ЖРВИ қосылған

Д. Вакцинациядан кейінгі аллергиялық реакция

Е. Екпеден кейінгі қалыпты реакция

 

22.Учаскелік дәрігер қабылдауына жоспарлы түрде 6 айлық қызымен анасы келді. Анасы 24 жаста, созылмалы пиелонефрит және семіздікпен зардап шегеді. Зиянды әдеттері – темекі шегеді. Бірақ осы жағдайлар балаға ешқандай зиянды әсер еткен жоқ деп ойлайды. Бала ІІ жүктіліктен, соңғы триместрі ЖРВИ фонында өткен. Қағанақ суының ерте кетуімен, уақытында, үй жағдайында босанған. Туғандағы дене салмағы 4100 гр, ұзындығы 44 см. 2 айынан бастап жасанды тамақтанған. Объективті жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Дене салмағы 8700 г, ұзындығы 67 см, кеуде торы шеңбері 44 см. Тәбеті күшейген. Үлкен еңбегі 1*1 см, қатаймаған. Тістері жоқ. Баланың денсаулық жағдайын бағалаңыз. Денсаулық тобын анықтаңыз:

А. Дені сау. Денсаулық тобы І

В. Лимфатико-гипопластикалық диатез. Денсаулық тобы ІІБ

С. Паратрофия І сатысы. Денсаулық тобы ІІБ

D.Дені сау. Денсаулық тобы ІІБ

Е. Паратрофия ІІІ сатысы. Денсаулық тобы ІІІ

 

23.Учаскелік дәрігер қабылдауына биологиялық жасын анықтау қажет, құжаттары жоқ (белгілі бір себептерге байланысты ) баланы алып келді. Баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағым айтпайды. Қарым қатынасқа жақсы түседі. Қарау кезінде өз мүмкіншілігіне сәйкес дәрігердің барлық талаптарын орындады.Қандай критерий биологиялық жасты анықтауда негізгі болып табылады?

А. жетілуі (екіншілік жыныс белгілері арқылы анықталады)

В. сүйектік жетілуі (сүйектің қалыптасу дәрежесі мен уақытына байланысты)

С. тістік жетілуі (сүт тістері мен тұрақты тістердің жарып шығу мерзімімен тістердің толқындылығына байланысты)

D. әртүрлі мүшелердің микроқұрылымдық жастық өзгерісіне

Е. морфологиялық және психологиялық жетілу

24.Учаскелік дәрігерге 3 айлық бала келді. Анамнезінен белгілі босану үйінде гемолитикалық ауру сары аурулық түрі (Rh фактор сәйкессіздік) диагностикаланды. Екі рет қан құю болған. Қазіргі уақытта бала табиғи тамақтануда, 3 айда 2200 г салмақ қосқан. Бала қандай мамандардың бақылауында болуы керек. Балаға инфекцияларға қарсы спецификалық алдын алу жүргізуге болады ма?

А. Педиатр және невропатолог. Мед шегеру 6 айға.

В. Педиатр және кардиолог. Мед шегеру 1 жылға.

С. Педиатр және хирург. Мед шегеру 3 айға.

D.Невропатолог және кардиолог. Мед шегеру 2-4 аптаға.

Е. Невропатолог және хирург. Мед шегеру 4 айға.

 






ПУЛЬМОНОЛОГИЯ

1. 1 жастағы бала жедел ауырды, 39,8*С температура көтерілуі, инспираторлы ентігу, жиі үрмелі жөтел, минутына 60 ретке дейінгі тахипноэ. Болжам диагноз?

A. Жедел респираторлы вирусты инфекция, ларинготрахеит, көмей стенозы ІІ дәреже

B.Обструктивті бронхит, тыныс жетіспеушілік І дәреже

C.Жедел респираторлы вирусты инфекция, тыныс жетіспеушілік ІІ дәреже

D.Жедел респираторлы вирусты инфекция, ларинготрахеит, көмей стенозы І дәреже

E. жоғарғы тыныс жолының бөгде денесі

2. Бала 7 жаста, ылғалды жөтелге, температурасының жоғарылауына шағымданады. Өкпесінде қатқыл тыныс, жөтел кезінде азаятын құрғақ және әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Қандай диагноз туралы ойлауға болады?

A.бронхиолит

B. жедел бронхит

C.бронхопневмония

D. созылмалы бронхит

E.обструктивті бронхит

 

3. Қайсы респираторлы-вирусты инфекцияға фарингоконъюктивиальды қызба тән?

A. Риновирусты инфекция

B.Респираторлы-синцитиальді инфекция

C. Аденовирусты инфекция

D. Герпетикалық инфекция

E. Паротит инфекция

 

4. Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауына 14 жастағы бала ылғалды жөтелге, жалпы әлсіздікке, мазасыздануға шағымданып келді. Температуралық реакция жоқ. Анамнезінен: бұл симптоматика соңғы 3 жыл бойы жылына 2-3 рет жиілігімен 2-3 аптаға созылып байқалады. Осы белгілерге байланысты 1 жыл бойына симптоматикалық терапия жүргізілді. Қарау кезінде науқас жағдайы орташа ауырлықта. Аускультативті: тынысы қатқыл, барлық өкпе алаңында ылғал сырылдар. Дәрігер «Созылмалы бронхит» диагнозын қойды. Қосымша қандай зерттеу әдісі осы клиникалық жағдайда ақпаратты болып табылады?

A. Ішкі тынысты зерттеу

B. Кеуде клеткасы мүшелерінің рентгенографиясы

C. Қанның клиникалық анализі

D. Қақырықты бактериологиялық зерттеу

E.Бронхоскопиялық зерттеу

 

5. 7 айлық балада ЖРВИ фонында 4 күні жағдайы нашарлады: температурасы 37,8*С жоғарылаған, экспираторлы сипаттағы ентікпе, оральды сырылдар пайда болған. Аускультацияда: ұзарған тыныс алу, екі жақтық әр түрлі калибрлі ылғал сырыладар. Сіздің болжам диагнозыңыз?

A. Бронхиолит

B. Обструктивті бронхит

C. Қайталамалы бронхит

D. Пневмония

E. Плеврит

 

6. Жалпы тәжирибелік дәрігердің қабылдауында 2 айлық бала. Анасының сөзінен: өмірінің алғашқы апталарынан бастап аздаған қақырықпен үнемі жөтеледі. Тамақтануы қанағаттанарлық. Физикалық дамуының айқын қалыс қалуы байқалады. Өкпесі бойынша: перкуссияда – қорап дыбысы, аускультацияда – диффузды әртүрлі калибрлі ылғалды және құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек жұмысы қанағаттанарлық. Нәжісі көп мөлшерде сасық иіспен, қоймалжың, майлы және қорытылмаған тамақ бөлшектерімен араласқан, күніне 6 рет жиілігімен. Клинико-анамнездің мағлұматтар қай ауруға көбірек сәйкес келеді?

A. Муковисцидоз

B. Обструктивті бронхит

C. Жедел бронхит

D. Жедел пневмония

E. Қайталамалы бронхит

 

7. Жалпы тәжірибиелік дәрігер қабылдауында 5 жасар бала бронхиттің жиі, қайталамалы жылына 5-6рет жағдайларына шағымданып келді. Анамнезінен: осы шағымдар өмірінің алғашқы жылдарынан бастап пайда болған. Қайталамалы бронхит факті бойынша симтоматикалық терапия жүргізілген. Кейде антибактериальді дәрі-дәрмектер қолданылған. Ұзаққа созылған және қайталамалы ағымды бронхиттер кезінде қандай тактика мақсатты?

A. Бронхоскопия, иммунограмма, спирография

B. Протеинограмма, тері хлоридтері, өкпе томографиясы

C. Бронхография, жасушалық иммунитет зерттеу, спирометрия

D. Иммуноглобулиндерді анықтау, туберкулинді сынама, протеинограмма

E. Т және В-лимфоидты жүйе көрсеткіштерін анықтау, өкпе томографиясы, серологиялық сынамалар, бронхография

 

8. Мектеп жасындағы балаларда және жас-өспірімдердегі атипиялық пневмонияның жиі болатын қоздырғышы болып табылады?

A. Легионелла

B. Пневмоциста

C. Гемофильды таяқшасы

D. Токсоплазма

E. Микоплазма

9. 2 жасар бала. 4 апта бойы құрғақ,жалықтыратын жөтел мазалап, соңғы 5 күн бойы ұстама тәрізді сипатта болған. Жөтел ұстамасынан тыс уақытта жағдайы жақсы. Дене қызуы қалыпты. Қарау кезінде тіл жиегінде жара және

склерасында қан құйылу. Екпе алмаған. ЖҚА: лейк-17,0х109/л,т/я-3%,c/я-14%,л-83%ЭТЖ-5 мм/сағ. Болжам диагноз:

A. көкжөтел

B. бронхиолит

C. жедел бронхит

D. бронхопневмоня

E. обструктивті бронхит

10. 2 жастағы балада 5 күн бойы фебрильді қызба. Осы фонда интоксикация, гипертермиялық синдром әсерінен жағдайы ауыр. Ылғалды жөтел, мұрын-ауыз үшбұрышының цианозы, мұрын қанаттарының керілуі, көз астарында көлеңке байқалады. Өкпеде оң жақта жауырын бұрышының астында өкпе дыбысының локальді қысқаруы, сол жерде әлсіреген тыныс фонында ылғалды кіші көпіршікті сырылдар естіледі. Осы жағдай қай болжам диагнозды негіздейді?

A. Жедел пневмония

B. Обструктивті бронхит

C. Жедел бронхиолит

D. Жедел бронхит

E. Плеврит

 

11. Жалпы тәжірибиелік дәрігер қабылдауына 12 жастағы науқас фебрильді қызбаға, «тат» түсті қақырықпен болатын ылғал жөтелге, ентікпеге шағымданып келді. Анамнезінен: ауру дене температурасының фебрильді көрсеткіштерге көтерілуімен жедел басталған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Объективті зерттегенде:бронхиальды тыныс, перкуторлы дыбыстың қысқаруы, оң жақ өкпенің төменгі бөліктерінде крепитациялаушы сырылдар анықталды. Сипатталған клиникалық жағдай қандай диагнозға сәйкес келеді?










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 555.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...