Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Актуальные вопросы амбулаторной детской хирургии 19 страница




{күрделілігі}= 3

 

$$$067

Дәрігер қабылдауына 29 күндік баланы алып анасы келді. Баланың мазасыздығына шағымданады. Анамнезінен: қыз бала жетіліп туған. Емшек емеді. Емізу арасы 3,5 сағат. Әр емізуден кейін анасы 20-30 мл сүтті сауып тастайды. 29 күнде бала 300 гр салмақ қосқан. Бақылау емізуі кезінде 100 гр емшек сүтін емді.

Төменде аталғандардың қайсысы аса дұрыс болып саналады?

A) жасанды қоспамен тамақтандыруға көшіру

B) сүт шығуын дәрі-дәрмек арқылы стимуляциялау

C) сауылған сүтпен қосымша тамақтандыру

D) еркін емізу тәртібіне көшіру 

E) аралас тамақтандыруға көшіру

{дұрыс жауап}= D

{күрделілігі}= 3

 

$$$068

ЖТД үйге шақырды. Бала емізетін әйелдің дене қызуы 37,5ºС дейін көтерілді, бір емшегінде тығыздалу пайда болды, басқан кезде ауырады, гиперемия. Сауған кезде сүттің түсі қалыпты, қан және ірің қосындысы жоқ. ЖТД әйелге баланы емізу жөнінде кеңес берді.

Дәрігердің берген кеңесінің қайсысы аса дұрыс? 

A) емшек емізуге тыйым салу

B) сауылған пастерленген емшек сүтімен тамақтандыру

C) емшек емізуді жалғастыру және қалған сүтті сауып тастау 

D) емшек емізуді жалғастыру, бірақ балаға антибиотик тағайындау

E) тек сау емшекті ғана емізу

{дұрыс жауап}= С

{күрделілігі}= 3

 

$$$069

Бірінші патронаж кезінде ЖТД туғанына 5 күн болған қыз балада сарғаюды көрді. Анамнезінен: бала 1-ші жедел босанудан. 3 күннен кейін балада терісі мен склерасының сарғаюы пайда болды. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Белсенді емеді. Іші жұмсақ. Бауыры мен көкбауыры үлкеймеген. Перзентханадан шыққан кезде қанның жалпы анализінде: эритроциттер -5, 2х1012/л, гемоглобин - 183 г\л, ТК - 1,0, лейкоциттер – 11,2 x109 л, таяқша ядролы -1%, сегментті ядролы - 45%, эозинофилдер -3%, моноциттер - 6%, лимфоциттер- 45%. Жалпы билирубин 160 мкмоль/л.

Динамикада диагноз қою үшін қанның қандай анализі аса мәліметті болады?

A) Билирубин

B) Гемоглобин

C) Эритроциттер

D) Лейкоциттер

E) Моноциттер

{дұрыс жауап}= А

{күрделілігі}= 3

 

 

$$$070

Туғанына 3 апта болған баланы қандай сүтпен тамақтандырған аса дұрыс?

A) уызбен

B) ауыспалы сүтпен

C) жетілген сүтпен

D) сауылған сүтпен

E) жасанды қоспамен

{дұрыс жауап}= С

{күрделілігі}= 3

 

$$$071

Анасы жаңа туған нәрсетесімен кеше перзентханадан шықты. Аймақтық ЖТД анасына баланы қалай дұрыс тамақтандыру жөнінде түсіндірді.

Ұсынылған әрекеттер ретінің қайсысы баланы емізіп болған соң аса дұрыс?

A) баланы 1-2 минут тік ұстау

B) 1-2 минут көлденең жатқызу

C) баланы арқасы мен иығынан ұстап тербету

D) баланы жатып емізіп, осы қалыпта қалдыру

E) баланы 30 минут тік ұстау

{дұрыс жауап}= А

{күрделілігі}= 3

 

Тесты по эндокринологии

$$$072

9 жасар қыз балада 1 апта бойы жіті респираторлық вирусты инфекция клиникасы байқалады, жақсара бастағанда – дене қызуы қайтадан 38С дейін көтерілген, ылғалды жөтел. Тыныс алу жиілігі мин 25, жүрек соғуының жиілігі мин 90. Тыныс алуы мұрын арқылы еркін. Қараған кезде: шеткері лимфа түйіндері үлкеймеген. Өкпеде - қатаң тыныс, құрғақ және орташа көпіршікті сырылдар, перкуторлы – анық өкпе дыбысы. Қанның жалпы анализінде: лейкоцитоз, нейтрофилез, эритроциттің шөгу жылдамдығы жоғарылаған.

Жалпы тәжірибелік дәрігердің аса ықтимал тактикасы қандай?

А)кеуде клеткасының рентгеніне жіберу

В) пульмонолог кеңесі

С) физиоемдеуге жіберу

Д)дереу стационарға жіберу

Е)үйде стационар ұйымдастыру

{Дұрыс жауап} = Е

{Күрделілігі} = 3

 

$$$073

Бала 5 айлық. Ауру жедел басталды, дене қызуы– 38,9 С дейін, түшкіреді, тыныс шығаруы ұзарып ентігеді, мұрынерін үшбұрышы көкшіл. Өкпеде аускультациясында барлық алаңда көп мөлшерде ұсақ ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі

Дәрігердің ары қарай аса ықтимал тактикасы қандай?

А) жедел ауруханаға жатқызу

В) амбулаторлық жағдайда вирусқа қарсы препараттар

С) бронхолитиктер тағайындау

Д) амбулаторлық жағдайда бактерияға қарсы ем

Е) шұғыл ауруханаға жатқызу

{Дұрыс жауап} = Е

{Күрделілігі} = 3

 

$$$074

Ұл бала 7 жаста, ылғалды жөтелге, дене қызуының 38,1°С дейін көтерілуіне шағымданады. Рецидивті бронхит диагнозымен «Д» есепте тұрады. Осы өршу 5 күн бұрын басталды. Объективті жағдайы орташа ауыр. Терісі таза. Көмейі қызарған. Мұрыннан шырыш бөлінуіне байланысты дем алу қиындаған. Өкпеде қатаң тыныс, тыныс шығару созылған, екі жағында да құрғақ және ірі көпіршікті ылғалды үнсіз сырылдар, жөтелгенде өзгереді.

Диспансерлік бақылаудың аса дұрыс ұзақтығы қандай?

А)+2 жыл

В)1 жыл
С)2 жыл
Д)5 жыл
Е)есептен шығарылмайды

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 3

 

$$$075

Бала 6 айлық. Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауында. Ентігуге, жөтелге шағымданады. Объективті: терісі бозарған, мұрынерін үшбұрышы көкшілденген, тыныс алу жиілігі мин 60. Өкпеде қатаң тыныс, құрғақ сырылдар. Іші жұмсақ, ауырмайды. Дәреті мен диурез қалыпты.

Обструкцияны емдеу үшін амбулаторлық жағдайда аса қолданатын препарат қандай?

А)интал

В)+сальбутамол

С)ингаляциялық  глюкокортикостероидтар

Д)муколитиктер

Е)теотарт

{Дұрыс жауап} = В

{Күрделілігі} = 3

 

$$$076

Бала 7 айлық. Жалпы тәжірибелік дәрігерді үйге шақыртты. Анасы жөтелге, ентігуге, мазасыздыққа, ұйқы бұзылуына шағымданады. Анамнезінен емшек емеді. Профилактикалық екпелерді күнтізбеге сәйкес алады. Объективті: терісі бозарған, таза. Тамағы қызарған. Аускультацияда өкпеде қатаң тыныс, әртүрлі ылғалды «ысқырықты», «ызыңды» сырылдар, тыныс жиілігі мин 60. Жүрек үні анық. Іші жұмсақ. Дәреті мен диурез қалыпты.

Дәрігердің аса ықтимал тактикасы қандай?

А)жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу

В) амбулаторлық жағдайда вирусқа қарсы препараттар

С) бронхолитиктер тағайындау

Д) амбулаторлық жағдайда бактерияға қарсы ем

Е) шұғыл ауруханаға жатқызу
{Дұрыс жауап} = Е

{Күрделілігі} = 3

 

$$$077

Қыз бала 3 жаста. Жөтелге, ентігуге шағымданады. Объективті: терісі бозарған, мұрынерін үшбұрышы көкшіл, тыныс жиілігі мин 50. Қараған кезде: тыныс шығаруы ұзарған, қабырға аралық және бұғана үсті ойығының ішке тартылуымен ентігу, мұрын желбіршегі кернеулі, мұрынерін үшбұрышы көкшіл, өкпеде - қатаң тыныс, әртүрлі ылғалды «ызыңды» сырылдар. Жүрек үні анық. Іші жұмсақ, ауырмайды. Дәреті мен диурез қалыпты

Симпатомиметикті енгізудің қандай әдісі аса дұрыс болып табылады?

А)ингаляциялық

В)тамыр ішіне

С)ауыз арқылы

Д)сублингвальды

Е)тері астына

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 2

 

Тесты по пульмонологии

$$$078

Қыз бала 1 жаста. Дене қызуының 38С дейін көтерілуіне, тамағы ауруына, ылғалды жөтелге, мұрын бітуіне шағымданады. Кешке қарай қабақтары ісінгенін байқады. Қараған кезде: айқын катаральды белгілер, екі көзінің де қабақтары қызарған, ісінген. Барлық лимфа түйіндері 1-2 см үлкейген, ауырмайды. Көмекейінде гиперемия. Өкпеде қатаң тыныс, бірлі-жарым сырылдар. Жүрек үні ырғақты. Іші жұмсақ, ауырмайды. «Жіті респираторлық вирусты инфекция, тұмау, аденовирусты инфекция» алдын ала диагнозы қойылды.

Қандай аурумен диф. диагностика жасаған аса дұрыс?

А)бронхит

В)синусит

С)парагрипп

Д)+инфекциялық мононуклеоз

Е)қызамық

{Дұрыс жауап} = Д

{Күрделілігі} = 2

 

$$$079

Баал 6 жаста. Учаскелік дәрігер тексерді, аурудың басталуы жедел, дене қызуының 38,5ºС дейін көтерілуіне, жөтел, мұрын бітуіне, тамақтың жыбырлауына шағымданады. Қараған кезде: терісі таза, бозарған. Дене қызуы 38С. Көмекейінде ашық түсті гиперемия. Мұрында сірнелі бөлінді бар. Өкпеде қатаң тыныс, сырыл жоқ. Жүректе ырғақ дұрыс. Іші жұмсақ, ауырмайды. Үлкен дәреті мен диурез қалыпты.

Аталған қоздырғыштардың қайсысы аса ықтимал болады?

А)саңырауқұлақтар

В)бактериялар

С)спирохеттер

Д)+вирустар

Е)қарапайымдылар

{Дұрыс жауап} = Д

{Күрделілігі} = 2

 

$$$080

Бала 3 жаста. Ауырғанына 2-ші күн. Дөрекі, үрген тәрізді жөтелге, дене қызуының 37,50 С дейін көтерілуіне, дауыс қарлығуына, жүктеме кезінде тыныс алу жиілеуіне шағымданады. Қараған кезде әлсіз, ашуланшақ, терісі бозарған, периорбитальды көкшілдену. Тыныс алу актісіне қосымша бұлшық еттер қатысады, тыныс алуы шулы, алыстан естіледі. Аускультацияда қатаң тыныс, жоғарғы бөлікте құрғақ сырылдар, тыынс жиілігі мин 34-36, орташа тахикардия (мин 110).

Аса ықтимал диагноз қандай?

А)көкжөтел

В)бронхит

С)пневмония

Д)көмей стенозы

Е)бөгде зат

{Дұрыс жауап} = Д

{Күрделілігі} = 2

 

$$$081

Баал 1 жаста. Анасының айтуынша ауырғанына бір тәулік болған. Ауру дене қызуының 37.8 С дейін көтерілуімен, дөрекі, үрген тәрізді жөтелмен, дауыс қарлығуы, ентікпемен басталды. Қараған кезде дене қызуы 37.6С, терісі бозарған, мазасыздану кезінде инспираторлы ентікпе. Ішкі органдарында патология жоқ.

Жөтелдің сипаты қандай ауруға сәйкес келеді?

А)бронхитке

В)фарингитке

С)трахеитке

Д)ларингитке

Е)пневмонияға

{Дұрыс жауап} = Д

{Күрделілігі} = 2

 

$$$082

3 жасар ұл балада кешке қарай мынандай белгілер пайда болды: дене қызуы 37.7С дейін көтерілді, дауысы қарлыққан, «үрген тәрізді жөтел», әлсіздік, мазасызданған кезде стеноз түріндегі тыныс алуы қиындайды. Ішкі органдарында патология жоқ.

Жағдай ауырылығын бағалау кезінде қандай белгі аса маңызды?

А)тыныс алу қиындауы

В)дауыс қарлығуы

С) «үрген тәрізді жөтел»

Д)әлсіздік

Е)субфебрильді дене қызуы

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 2

 

$$$083

Бала 3 жаста. Учаскелік дәрігер балаға үйге келді. Шағымдары дене қызуының 37,80 С дейін көтерілуі, дауыс қарлығуы, дөрекі, үрген тәрізді жөтел, тыныс алуы қиындаған. Қараған кезде: жағдайы орташа ауыр, көңіл-күйі аздап бұзылған. Көмекейде – аздап гиперемия, артқы қабырғасында ұсақ бүртіктер. Физикалық жүктеме кезінде тыныс алу шулы, созылған. Тыныштық кезінде еркін. Тыныс алу жетспеушілігі белгілері жоқ.

Аса ықтимал диагноз қандай?

А) жіті респираторлық вирусты инфекция, II дәрежелі тамақ стенозы

В)жіті  респираторлық вирусты инфекция, Iдәрежелі тамақ стенозы

С) жіті  респираторлық вирусты инфекция, I, IIдәрежелі тамақ стенозы

Д) жіті  респираторлық вирусты инфекцияIIIдәрежелі тамақ стенозы

Е) жіті  респираторлық вирусты инфекция, IVдәрежелі тамақ стенозы

{Дұрыс жауап} = В

{Күрделілігі} = 2

 

$$$084

Бала 4 жаста. Ауру кенеттен дене қызуы 37.6 С дейін көтерілуімен, дауыс қарлығуымен, дөрекі, үрген тәрізді жөтелмен және тыынс алу қиындауымен басталды. Қараған кезде: жағдайы ауыр, көңіл-күйі бұзылған. Бала мазасыз, қозған. Терісі бозарған, периоральды көкшілдену. Тыныс алуы шулы, тыныштық кезінде қосымша бұлшық еттер қатысады. Тахикардия.

Аса ықтимал диагноз қандай?

А)жіті респираторлық вирусты инфекция, II дәрежелі тамақ стенозы

В)жіті  респираторлық вирусты инфекция, Iдәрежелі тамақ стенозы

С) жіті  респираторлық вирусты инфекция, I, IIдәрежелі тамақ стенозы

Д) жіті  респираторлық вирусты инфекцияIIIдәрежелі тамақ стенозы

Е) жіті  респираторлық вирусты инфекция, IVдәрежелі тамақ стенозы

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 2

 

$$$085

Бала 2 жаста. Ауырғанына 2 күн, ауру жедел дене қызуы 38 С дейін көтерілуімен, үрген тәрізді жөтелмен, дауыс қарлығуымен басталды. Объективті: бала мазасыз. Терісі бозарған, периоральды көкшілдену. Тыныштық кезінде инспираторлы ентігу, қабырға аралығы мен эпигастрия аймағының ішке тартылуы. Жүрек ырғағы дұрыс. Іші жұмсақ, ауырмайды. Үлкен дәреті мен диурез қалыпты.  

Көмей стенозының аса ықтимал дәрежесі қандай?

А) II дәрежелі көмей стенозы

В) I дәрежелі көмей стенозы

С) I, II дәрежелі көмей стенозы

Д) III дәрежелі көмей стенозы

Е) IV дәрежелі көмей стенозы

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 2

 

$$$086

Бала 10 айлық. Ауырғанына 1-ші күн, ауру жедел дене қызуы 37,7 С дейін көтерілуімен, тыныс алу қиындауымен, дөрекі, үрген тәрізді жөтелмен және дауыс қарлығуымен басталды.

Объективті: терісі бозарған. Мазасыз кезінде инспираторлы ентігу. Ішкі органдарында патология жоқ.

Аурудың аса ықтимал себебі қандай?

А)стрептококк

В)стафилакокк

С)пневмококк

Д)гемофильді таяқша

Е)парамиксовирустар

{Дұрыс жауап} = Е

{Күрделілігі} = 2

 

$$$087

Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауында 5 жасар бала. Ауырғанына 2-ші күн, дене дене қызуы 38 С дейін көтерілген, мұрыны бітуі байқалады. Қараған кезде: орташа интоксикация белгілері айқын. Дене қызуы 37.4С, ылғалды «үрген тәрізді» жөтел, дауысы қарлыққан. Тыныс алуы еркін, ентігу жоқ. Өкпеде жеңіл гиперемия. Өкпеде қатаң тыныс, сырыл жоқ. Cor-үні ырғақты. Іші жұмсақ, ауырмайды. Дәреті мен диурез қалыпты. 

Аса ықтимал диагноз қандай?

А)бронхит

В)синусит

С)ларингит

Д)фарингит

Е)эпиглоттит

{Дұрыс жауап} = С

{Күрделілігі} = 2

 

$$$088

Бала 3 жаста. Ауру кенеттен дауыс қарлығуымен, дөрекі, үрген тәрізді жөтелмен және ентігумен басталды. Қараған кезде: жағдайы ауыр, көңіл-күйі бұзылған. Бала мазасыз, қозған. Тыныс алуы шулы, тыныштық кезінде қосымша бұлшық еттер қатысады. Дене қызуы 37.6С. Терісі бозарған, ауыз аймағында көкшілдену. Тахикардия.

Қандай аурумен диф. диагностика жасаған аса дұрыс?

А)дифтерия

В)көкжөтел

С)бөгде зат

Д)бронхит

Е)фарингит

{Дұрыс жауап} = С

{Күрделілігі} = 3

 

$$$089

Қыз бала 3 жаста. Жіті респираторлық вирусты инфекция диагнозымен амбулаторлық ем алды. 2-ші күні динамикада «үрген тәрізді» ылғалды жөтел, дауыс қарлығуы, мазасыздық пайда болды. Қараған кезде: көңіл-күйі бұзылмаған. Дауысы қырылдап, қарлыққан. Тыныс алуы еркін, ентігу жоқ. Өкпеде жеңіл гиперемия. Өкпеде қатаң тыныс, сырыл жоқ. Cor-үні ырғақты. Іші жұмсақ, ауырмайды. Дәреті мен диурез қалыпты. 

Аса ықтимал диагноз қандай?

А)ларингит

В)бронхит

С)фарингит

Д)бөгде зат                         

Е)пневмония

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 2

 

$$$090

Бала 3 жаста. Дене қызуының 38.5С дейін көтерілуіне, тәбеті төмендеуіне, жөтелге, мұрыннан су ағуына шағымданады. Анамнезінен: күн салқында кешке қарай ұзақ уақыт қыдырудан кейін ауырған. Объективті: әлсіздік, мазасыз, дөрекі, «үрген тәрізді» жөтел, мұрыннан көп мөлшерде су ағады, дауысы қарлыққан. Түнде жағдайы нашарлады, күре тамыр шұңқырының ішке тартылуымен айқын инспираторлық ентікпе. Тыныс жиілігі мин. 40. Өкпеде өкпелік дыбыс, қатаң тыныс.

Аса ықтимал алдын ала диагноз қандай?

А) жіті ларинготрахеит, көмей стенозы

В) жіті ларингит

С) жіті назофарингит

Д) жіті обструктивті бронхит

Е) жіті бронхит

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 2

 

$$$091

Бала 4 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігер жедел жәрдем дәрігерінен алынған актив бойынша үйіне келді. Бас ауруына, мұрыннан су ағуына, жөтелге, дене қызуының 38С дейін көтерілуіне, тыныс алу қиындығына шағымданады. Қараған кезде: дене қызуы 37.8С дейін. Дөрекі, «үрген тәрізді» жөтел. Терісі бозарған, ауыз аймағында көкшілдену. Тыныштық кезінде инспираторлы ентігу, қабырға аралығы мен эпигастрия аймағы ішке тартылады.

ИВБДВ бағдарламасы бойынша қандай аурумен диф. диагностика жасаған аса дұрыс?

А)эпиглоттит

В)обструктивті бронхит

С)+II дәрежелі көмей стенозы

Д) IIIдәрежелі көмей стенозы

Е)бөгде зат

{Дұрыс жауап} = С

{Күрделілігі} = 2

 

$$$092

Қыз бала 9 айлық. Анасы дене қызуының 38,1ºС дейін көтерілуіне, мазасыздыққа, тыныс алу қиындығына шағымданады. Аnamnesis morbi: ауру 3 күн бұрын сирек құрғақ жөтелмен басталды. Ем алмаған. Дианмикада жағдайы нашарлады. Қараған кезде: қиындаған шулы тыныс алу, мұрынерін үшбұрышының көкшілденуі, ылғалды жөтел, ентігу, өкпеде – қораптық сипаттағы өкпе дыбысы, аускультацияда – қатаң тыныс, тыныс алу кезінде құрғақ ысқырықты және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар, тыныс жиілігі мин 59.

Аса ықтимал алдын ала диагноз қандай?

А)жіті трахеит

В) жіті бронхит

С) жіті пневмония

Д) жіті бронхиолит

Е) жіті обструктивті бронхит

{Дұрыс жауап} = Е

{Күрделілігі} = 2

 

$$$093

Қыз бала 2 жаста. Дене қызуының 38С дейін көтерілуіне, мұрын бітуіне, жөтелге, тәбеті төмендеуіне шағымданады. Ауырғанына 2 күн болған. Анамнезінен: мерзімінде туған, салмағы мен бойы қалыпты. 1 жасқа дейін емшек емген. Өсіп, жетілуі жасына сай. Проф.егулерді уақытында алған. Қараған кезде: субфебрилитет сақталған, жиі өнімді жөтел. Тыныс жиілігі мин 36. Мұрынмен дем алуы шырыш бөлінуіне байланысты қиындаған. Өкпеде – перкуторлы дыбыс өзгермеген, шашыраңқы орташа көпіршікті ылғалды сырылдар. Жүрек үні дұрыс. Іші жұмсақ, ауырмайды. Дәреті мен диурез қалыпты. 

Аса ықтимал алдын ала диагноз қандай?

А) жіті пневмония

В) жіті ларингит

С) жіті бронхит

Д) жіті трахеобронхит

Е) жіті обструктивті бронхит

{Дұрыс жауап} = С

{Күрделілігі} = 2

 

$$$094

Қыз бала 3 жаста. Ауру жедел катаральды көріністермен, көтерілуімен, сирек жөтелмен басталды. Балаға өз бетімен лазолван, ибуфен берген – динамикада нәтиже жоқ. Аурудың 4-ші күні жағдайы нашарлап, дене қызуының 38.5С дейін көтерілуі, ылғалды жөтел байқалды. Қараған кезде көңіл-күйі бұзылған. Интоксикация белгілері. Өкпеде қатаң тыныс, құрғақ, содан кейін дем алғанда және дем шығарудың басында орташа көпіршікті сырылдар. Сырылдар шашыраңқы, симметриялы, жөтелден кейін жоғалады. Перкуторлы анық өкпе дыбысы, қораптық сипатта. Жүректе шу жоқ. Іші жұмсақ, ауырмайды. Дәреті мен диурез қалыпты. 

Қандай аурумен диф. диагностика жасаған аса дұрыс?

А)пневмония

В)туберкулез

С)бронх демікпесі

Д)созылмалы облитерлеуші бонхиолит

Е)аденовирусты  инфекция

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 2

 

$$$095

Емханаға 4 жасар қызымен анасы келді, шағымдары жөтел, ентігу, мазасыздану, дене қызуының 38,0 С дейін көтерілуі. Ауырғанына 3 күн. Анамнезінен: 11 айлық кезінде қызылшамен ауырған, пневмония асқынуымен. Соңғы 2 жыл ішінде 2 рет пневмониямен ауырған. Қараған кезде: дистанциялық сырылдар, қабырға аралығының ішке тартылуымен ентігу, мұрынерін үшбұрышының көкшілденуі. Тыныс жиілігі мин 58, өкпеде құрғақ және ылғалды ұсақ – және орташа көпіршікті сырылдар. R-граммада: өкпе тіндерінің түссізденуі жоғары.

Аса ықтимал алдын ала диагноз қандай?

А)бронх демікпесі

В)созылмалы бронхит

С)созылмалы облитерлеуші бонхиолит

Д)созылмалы пневмония

Е)ұзаққа созылған пнемония

{Дұрыс жауап} = С

{Күрделілігі} = 2

 

$$$096

Бала 11 жаста, дене қызуының 38.2 С дейін көтерілуіне, жөтелге шағымданып қабылдауға келді. Анамнезінде: 3 жыл бойы тұрақты (2 айдан аса) жөтел байқалады, қақырық бөлінумен жылына 3 ретке дейін қайталанады, қысқа мерзімге жақсару байқалады. Қазіргі өршу 8 күн бұрын дене қызуының 37.8 С дейін көтерілуімен, мұрын бітуімен, жөтелмен басталды. Динамикада жақсару жоқ. Қараған кезде өнімділігі аз жөтел іріңді қақырық бөлінуімен, көмекейде – орташа гиперемия, өкпеде қатаң тыныс, құрғақ және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар.

Аса ықтимал алдын ала диагноз қандай?

А) созылмалы бронхит

В) созылмалы облитерлеуші бонхиолит

С) созылмалы пневмония

Д) бронх демікпесі

Е) ұзаққа созылған пнемония

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 2

 

$$$097

Қыз бала 9 жаста, жедел ауырды. Бас ауруы, мұрыннан шырыш бөлінуі, құрғақ жабыспалы жөтел байқалады. Қараған кезде. Құрғақ жөтел, мұрынмен тыныс алу қиындаған. Тыныс жиілігі мин 22. Аускультацияда өкпеде қатаң тыныс, шашыраған құрғақ және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар. Жөтелген соң сырылдар жоғалады. Перуторлы – өкпе дыбысы анық. Жүрек үні ашық, ырғақты. Іші жұмсақ, ауырмайды. Дәреті мен диурез қалыпты. Алдын ала Жіті брохит диагнозы қойылды.

Қандай аурумен диф. диагностика жасаған аса дұрыс?

А)+пневмония

В)бронх демікпесі

С)ларингит

Д)аденовирусты  нифекция

Е)парагрипп

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 2

 

$$$098

Бала 3 жаста. Ата-анасы жалпы тәжірибелік дәрігерге жіті респираторлық вирусты инфекциямен ауырғаннан кейін ұзақ уақыт жөтелге шағымданып келді. Қараған кезде: жағдайы орташа ауыр. Терісі бозарған. Дене қызуы - 37.2 C. Тыныс алуы шулы қиындаған, ылғалды жөтел, өкпеде - қораптық сипаттағы өкпе дыбысы, қатаң тыныс, тыныс алу кезінде құрғақ ысқырықты және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар, тыныс жиілігі мин 46. Алдын ала О.обструктивті бронхит диагнозы қойылды.










Последнее изменение этой страницы: 2018-05-10; просмотров: 346.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...