Студопедия КАТЕГОРИИ: АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Тестовые задания и ситуационные задачи по дисциплине «Сестринское дело в хирургии» 8 страница
2. Қанды ұйытатын, тіндердің құруын және орындарының ісінуін туғызатын улар (порза уы, эфа, щитомордник, кәдімгі улы жылан ). 3. Жүйке жүйесіне әсер ететін, қанды ұйытатын, орындарының ісінуін және тіндердің құруын туғызатын улар (ысылдағыш улы жылан, австралиялық аспидтар). Улы сұр жыландардың немесе щитомордниктер түрлері шаққанда орнында жыланның улы тістері қалып, терең түйрелген жарақат анық көрінеді, алғашқы минутта қызару тез жайылады, содан кейін ісінеді және қан құйылады. Бірте-бірте дененің шағылған бөлігі ісіне бастайды, тері қып-қызыл–көк түске боялып, қанталайды. Тері күлдірейді, ал шаққан орнында ойық жарақат қалады. Ішкі ағзаларға қан құйылуы, кейде мұрыннан, ішек-қарын және бүйректен қан кетуі болады. Қозу шұғыл әлсіреумен, бозару, бас айналу, тамыр соғуының жиілеуі, жүрек айнушылық және құсумен алмасады. Есеңгіреуі мүмкін. Алғашқы медициналық жәрдем көрсетуде маңызды элементтер адамның тірі болуы мен өлуінің негізгі белгілерін құтқарушылардың білуі болып табылады. ТІРІ БОЛУ БЕЛГІСІ Тірі болу белгісі болып табылады: — Тыныс алуы. Оны көкірек қуысы және іштің қозғалуынан, мұрынға және ауызға қойылған айнаның булануынан, танауға жақындатылған мақта немесе бинт түйірінің қозғалуынан, қабырғасына қолынды қойып, зардап шегушінің аузына құлақпен жақындау арқылы айырады. Жоғарыда аталғандардың барлығы жоқ болса, дереу өмір сүру белгілері бұрынғы қалпына келгенше реанимациялық шара жүргізу (қолдан дем алдыру, жүрекке массаж жасау) керек болады. Зардап шегушіні тірілту кезінде реанимациядан бастап 20-25 минутқа дейін өмір сүру белгісі байқалмаса, әрі қарай жалғастыру қажет болмайды. ӨЛІМ БЕЛГІСІ Ағзада өмір сүру қызметінің кері айналмай тоқтауы — биологиялық өлімнің басталуы алдында жанталас және клиникалық өлім болады. Жанталас өлімде есінің қарауытуы, тамырдың соқпауы, тыныс алу жолдарының бұзылуы, бір қалыпта болмай, жан ұшыру, күре тамыр қысымының төмендеуі сипатталады. Тері суық, бозарған немесе көгерген түрде болады. Жанталас өлімнен кейін клиникалық өлім басталады. Клиникалық өлім кезінде негізгі өмір сүру белгілері – тыныс алуы және жүрек соғуы болмайды, бірақ та ағзада кері айналмайтын өзгерістер әлі дамымайды. Клиникалық өлім 5-8 минутқа созылады. Осы кезеңде реанимациялық шаралар көрсету қажет. Бұл уақыттың өтуінен кейін биологиялық өлім басталады. Өлімнің белгілеріне жатады: — тыныс алмауы; АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҚҰРАЛДАРЫ. Зардап шегушілерге ойдағыдай алғашқы медициналық жәрдем көрсету жағдайын жасау үшін құтқарушыда міндетті түрде қажетті құралдар, дәрі-дәрмектер, таңу материалы, арнайы құралдар болу қажет. АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ АПТЕЧКАСЫ Алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге қажет құралдар және дәрі-дәрмектер жиынтығы алғашқы жәрдем аптечкасы деп аталады. Алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған дәрі-дәрмек апараттары және басқада құралдар жиынтығын нақты жағдайларға есептелген және тәжірибеден өткізілгенінен таңдап алу қажет. Алғашқы жәрдем аптечкасында міндетті түрде ауруды басатын, ыстық түсіретін, қабынуға қарсы, тынышталдыратын, антисептикалық құралдар, сонымен қатар таңғыш шүберектер, бинттер, мақта, бактерецидті лейкопластырь, қан тоқтататын жгут болу керек. Аптечкада қайшы, пинцет, ине, шприц, күре тамыр қысымын өлшейтін құрал, термометр болса артық болмайды. Зақымданғанда, жарақаттанғанда, терісі сыдырылған жараларда, кесіп алғанда қан тоқтату үшін жгут (шалбар бауы, тығыз белдік), жеке таңатын пакет, стерилденген жара танғыш, салфеткалар, (таза шүберек, гүлді болмау керек), бактерецидті пластрь,5 % йод ерітіндісі, 1% бриллиантты жасыл дәрі, марганецті қышқыл калий, сутегі тотығы, медициналық спирт, БФ-6 желімі керек. Сынықтарда таңғыш қалақ, корсет, қолдан жасалған құралдар (қатты картоп, фанера, тақтай, таяқ, оралған журнал және т.б.) қажет. Алғашқы жәрдем аптечкасын міндетті түрде үнемі жаңа дәрілермен толтырып отыру қажет. Оларды қолданар алдында сақтау мерзімін, герметикалық орауышын, қолдану нұсқаулығының болуын тексеру керек.
Әдебиеттер: 1. Галкин Р.А., Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии.- Самара, 1998.- 360 с. 2. Кузнецова В.М. Сестринское дело в хирургии, М., Феникс, 2000.-415 с. 3. Абдрахманов М.С. Сестринское дело в хирургии. А., 2001. 4. Лекции по общей хирургии. 5. Петров В.С. Общая хирургия. - С.-Петербург, 2000. 6. Стручков В.И., Стручков Ю.В. Общая хирургия. - М.: Медицина, 1998. 7. Гостищев В.К. Общая хирургия. - М.: Медицина, 1996. 8. Рычагов Г.П. Общая хирургия. – Минск, 2002. 9. Дұрманов Қ.Д. Жалпы хирургия, 2006. 10. Буянов В.М., Нестеренко Ю.А. Хирургия. М.: Медицина, 1993. - 624 с. Бақылау сұрақтары: 1. Жарақат туралы түсінік 2. Жарақаттану туралы түсінік 3. Жарақаттану түрлері 4. Жарақат түрі 5. Жұмсақ тіндердің жарақаты кезіндегі негізгі клиникалық белгілері 6. Жұмсақ тіндердің жарақаты кезінде АМК 7. Жарақат кезіндегі емдеу қағидалары 8. Буын шығу түсінігі, клиникасы, АМК, емдеу қағидалары. 9. Сынық түсінігі, жіктелуі, диагностикасы, клиникасы, АМК, емдеу қағидасы. 10. Жара түсінігі, жіктелуі, клиникасы, АМК, емдеу қағидасы. 11. Жара үрдісінің ағымы. № 3 Дәріс. Тақырыбы: Күйік, оның емі. Мақсаты:Студенттерге күйік туралы, оның түрлері, әр түрлі клиникалық көрсеткіш дәрежелерін түсіндіру, АМК көрсету және күйіктерді емдеу. Дәріс тезисі: Күйік жоғары температураның (термиялық күйік), химиялық заттың (химиялық күйік), рентген сәулесінің немесе ядролық бомба жарылған кездегі жарық сәулесінің (сәулелік күйік) әсерінен терінің зақымдануы. Оқиға орнында көмек көрсету Тері жамылғыларының тұтастығы бұзылмай 1-2 дәрежелі күйік болғандағы көмектер АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / ЕГЕР АДАМ КҮЙІК АЛСА (получил ожог). КҮН СӘУЛЕДЕН КҮЙІГІ (Солнечный ожог) Белгілері: Емдеу: Әдебиеттер: 1. Галкин Р.А., Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии.- Самара, 1998.- 360 с. 2. Кузнецова В.М. Сестринское дело в хирургии, М., Феникс, 2000.-415 с. 3. Абдрахманов М.С. Сестринское дело в хирургии. А., 2001. 4. Лекции по общей хирургии. 5. Петров В.С. Общая хирургия. - С.-Петербург, 2000. 6. Стручков В.И., Стручков Ю.В. Общая хирургия. - М.: Медицина, 1998. 7. Гостищев В.К. Общая хирургия. - М.: Медицина, 1996. 8. Рычагов Г.П. Общая хирургия. – Минск, 2002. 9. Дұрманов Қ.Д. Жалпы хирургия, 2006. 10. Буянов В.М., Нестеренко Ю.А. Хирургия. М.: Медицина, 1993. - 624 с. Бақылау сұрақтары: 1. Күйік туралы түсінік 2. Жіктелуі 3. Күйік дәрежесінің клиникасы және диагностикасы 4. Күйіктік ауру туралы түсінік 5. Күйікті емдеу қағидасы 6. Жимиялық күйіктік ерекшелігі 7. Күйік кезіндегі АМК
№ 4 Дәріс. Тақырыбы: Үсік. Мақсаты:Студенттерге үсік туралы түсініктеме беру, оның түрлері, әр түрлі дәрежесіндегі клиникалық көріністерін, АМК көрсету және емдеу. Дәріс тезісі: Үсік – дене ұлпаларында жергілікті мұздаудың арқасында қалыптасатын шіру мен кері әсерлерден қабынулар арқылы бейнелетін зақымдалу. Қалыпты жағдайда тұрмыстағы ішкі өзгерістер (микроклимат), сыртқы киім, аяқ киім, адамның жылуды реттеудегі әрекеттері үсікке шалынуға тосқауыл болады. Денедегі ішкі өзгерістер адамға тән физиологиялық ортада болатын тері бетіндегі қалыпты жылуды тудырады. Мұндай ішкі өзгерістердің жоғалуы арақтан мас болған кезде, қарлы боранда, аяздарда, жоғары ылғалдықта кездеседі. Үсіктің пайда болуына желдің жылдамдығы мен бағыты және ылғалдықтың қосар әсері көп. Ауа жылуды нашар өткізсе, су жақсы өткізеді. Тері тесіктерінде жиылған ылғал жергілікті ұлпаның жылулығын төмендетеді. Сырттан әсер етуші себептерден басқа, үсікке соқтыратын бірнеше іштен әрекет етуші жағдайлар бар: қансырау, қант диабеті, тершеңдік, әлсіздену, арықтау, психикалық немесе физикалық шаршау, кәрілік, аяқ-қол тамырларының ауруы, бұдан бұрын да үсікке шалдығу, т.б. Арақ терінің тамырларын кеңейтіп, жылу бөлуді күшейтеді де, жергілікті және жалпы тоңуға әкеліп соқтырады, сондықтан мас болған адам үсіктің қалыптаса бастағанын байқамайды. Неге ішілген арақ адамды жылытудың орнына, оның ішпеген кездегіден жылдамырақ тоңуына әкеп соқтырады? Адамдардың жүйке орталықтарын арақ қоздырады, - деп, оны жылыну үшін қолдану дәстүрі, - ғылымда жалған көрініс екені толығымен анықталды. Ішкен адамның өз денесінің жылулығын бағалай алмауы, өзін-өзі алдау болып саналады. Арақтың әсерінен адамда біршама уақыттан соң тері тамырларының салдануы (паралич) қалыптасады да, олар кеңейіп, дене бойында, терінің беткі қабатында қан іркілісін (гиперемия) туғызады (Лапчинский А.Г., Лебедева Н.В. 1996). Осы кезде адамда жылынғандай сезім пайда болады, бірақ бұл жалған сезім. Негізінен тек тері ғана жылынады да, жылуды тез жоғалтады. Көп зерттеулер көрсеткендей дене қызуы күрт төмендейді. Осыған байланысты дене арақтың әсерінен өзінің суыққа қарсы тері қабаты тамырларының жирылуы (спазм), тарылуы сияқты бейімделу қасиетінен айырылады. Сондықтан, ішкен адамдар денесінің жылдам суынуын байқамай, оңай үсікке шалдығады немесе жалпы үсінуге ұшырайды. Бейбітшілік өмірде үсік сирек кездеседі. Соғыс кезінде үсік – жарақаттың жалпылама түрі болып саналады. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде француз армиясы орта есеппен жылына 30 мың солдат пен офицерлерінен айырылды. Сондай көрініс неміс фашисттерінің армиясында да болған. Германияның 16 армиясында 1942 жылы бір қыста 19 мың адамы үсікке шалдыққан. Соғыс кезінде адамдардың үсінуі басқа да жарақаттармен қабаттасады. |
||
Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 328. stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда... |