Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Тестовые задания и ситуационные задачи по дисциплине «Сестринское дело в хирургии» 10 страница




Денедегі жалпы өзгерістер – дене қызуы, қалшылдау, бас ауыруы, терлеу, әлсіздену, дел-сал болу, есінен тану, тамыр соғысының жиілеуі, ентігу, бауыр, бүйрек жұмысының бұзылуы, т.б. болады. Кейде науқаста сандырақтық (эйфория), әлсіздік, АҚ төмендеуі, жедел іріңді қабынуларда дене қызуы 400С-қа дейін көтеріледі, бас айналып, ауыруы, дірілдеу, тоңу басталады.

Қанда гемоглобин мен эритроциттер азаяды және лейкоциттер көбейеді (10-25-30-ға дейін). Қан плазмасының нәруыздық құрамында глобулин жаққа ығысуы байқалады, ал несепте – белок, цилиндр, эритроциттер, лейкоциттер, т.б. болады. Іріңді улану сүйек миында, бауыр мен көк бауырда қан құрамдарының түзілу қызметінің бұзылуына әкеп соғады. Содан науқаста қан азаюы пайда болады. Лейкоцитарлық формула солға қарай жылжиды. ЭТЖ (СОЭ) артады. Жедел іріңді құбылыс дамыған мүшеде инфекцияның күшеюін қиындататын бірқатар қорғаушы кедергілер қалыптасады, сондықтан жалпы құбылыстың айырмашылығы барлық кедергінің жағдайына байланысты болады.

І. Қорғаушы кедергі – қабыну ошағының айналасында 12-24 сағаттан соң лейкоцитарлық қоршау қалыптасады. Ол инфекция ошағын дененің ішкі ортасынан шектеп, қоршап тұрады, қоздырғыштардың жайылуына кедергі туғызады.

ІІ. Қорғаушы кедергі – қабыну ошағынан таралған лимфа тамырлары мен түйіндері екінші кезектегі қорғаушы қызметін атқарады. Лимфа тамырының қабынуы-лимфагит кезінде қоздырғыштар аймақтық (регионарный) лимфа түйіндеріне дейін енеді, сосын онда олардың өсуі азайып, қабынуы өршіп, лимфаденит қалыптасады. Бұл кезде түйін аймағында ауырсыну сезімі, тамыр жолында қызару, ісіну, қызу байқалады.

ІІІ. Қорғаушы-кедергі - 3-4 күннен кейін лимфалық түйіндердегі өзгерістердің дамуына сәйкес қабыну ошағы айналасында жас дәнекер торшалардан тұратын көкеттелген (грануляционный) қорған-қоршау түзіледі (лейкоцит, полибласт, фибробласт). Көкеттелген қоршау іріңді ошақты берік шектеп алады. Осыдан инфекцияның жайылуы, залалдығы шектеледі.

Іріңді ошақтың және оны қоршаған көкеттелген қоршаудың ұзақ сақталуына байланысты тығыз берішті (фиброз) қапшық (капсула) іріңді-фибринді қабыққа айналады. Мысалы, өкпеде, бауырда, бүйректе, сүйекте, мида, т.б. іріңдіктер болады. Мұндай іріңді-фибринді қапшық іріңді ошақты бөліп тұрады, ал инфекция денеге енбейді және жайылмайды.

Лимфа тамырлары мен түйіндері де инфекция ошағындағыларға жергілікті қабыну сипатымен әсерлі жауап береді. Мысалы, саусақтың іріңді жарасында көбінесе лимфангит пайда болады да бұлшық етпен қолтықта лимфа түйіндері ұлғайып, ауырлану күшейеді.

Организмнің әлсіз әсері кезінде оның қорғаныш кедергілері жәй және ұзақ қалыптасады да, инфекцияның лимфа жолдары арқылы таралуына әкеледі. Содан кейін жалпы іріңді инфекция дамиды.

Іріңді аурулардан сақтандыру және жара іріңдеуінің алдын алу.

Іріңді аурулардың алдын алу мен сақтандыруда табысқа жету келесі жағдайларды орындаумен анықталады:

1. Шағын жарақаттарды (микротравма) өндіріс орындарындағы және емдеу мекемелеріндегі сауықтыру мен хирургиялық бөлімдерінде қабылдап, өңдеп, байлам салу, т.б.

2. Халыққа жедел хирургиялық көмек ұйымдастыру.

3.Тұрғындардың санитарлық-гигиеналық шараларды игерудегі жағдайы мен деңгейі.

Соңғы жылдары іріңді аурулардың саны азайды, ал бұл өте үлкен маңызды мәселе болып саналады. Өйткені, іріңдеудің алдын алу үшін кішкентай зақымдалған жерді бірден тез өңдеумен, тазарту қажет. Жұмыс орындарындағы өндірістік жабдықтар мен үй шаруасындағы құрал-саймандар тері мен кілегей қабатының ұзақ зақымдалуын азайтатындай дайындықта болуы керек. Жұмыс кезінде қолдың таза болғаны дұрыс. Бірқатар өндірістерде жұмыскерлердің қолдарын жұмыс алдында тұрақты тексеріп, зақымдалуын анықтап, оларды бірден йод тұнбасымен залалсыздандырып, сүлгі салып, таңудың маңызы зор. Мұндай шараларды кеңінен еңгізу қолдың іріңді ауруларының бірден азаюына жеткізеді.

Жедел хирургиялық жәрдемді ұйымдастыру. Жараның іріңді асқынуларының алдын алу үшін жарақат алғандарға жылдам жәрдемді ұйымдастырудың маңызы зор. Денсаулық мекемелеріндегі мамандар және жедел жәрдем қызметкерлері өндірісте әртүрлі оқыс жағдайлардағы жарақаттарда алғашқы жан-жақты көмекті көрсетеді, қан кетуді тоқтатады, жараға асептикалық сүлгі қойып, байлам салады да, науқасты хирургиялық бөлімдерге жеткізеді. Онда қажет болған жағдайда алғашқы хирургиялық жараны өңдеу операциясын жүргізеді. Хирургиялық жолмен бүкіл ласталған, зақымдалған ұлпаларды, мүшені тазартады, қан ағуды тоқтатып, қажетіне қарай жара бойына тігіс салады. Мұнымен жарадағы іріңді асқынудың ертерек алдын алу жүйесі түсіндіріледі.

Жарақаттанған адамда санитарлық-гигиеналық жағдайдың деңгейі, киімінің және терісінің тазалығы, ластығы іріңді аурудың дамуына бірден-бір әсерін тигізуі мүмкін.

Адамдардың неғұрлым жоғарғы мәдениет деңгейі мен материалдық жағдайы іріңді аурулардың дамуына мүмкіншілік бермейді.

Операциялық жаралардың іріңдеуінің алдын алу үшін асептиканың барлық заңдылық ерекшеліктерін қатаң сақтау қажет. Тек нәзік анатомиялық операция жасау ғана жараны іріңдеуден сақтандырудың қажетті әдісі болып табылады. Мұндай анатомиялық заңдылықпен операция жүргізген хирургтардың жасаған жұмыстарында ұлпалар мен мүшелер өте аз жарақатталады, қан ағуы мүлдем тоқтатылады. Осыған байланысты операциядан соң асқынулар болмайды немесе аз мөлшерде болады.

Ал керісінше, кейбір хирургтарда операциялық көмектен соң зақымдалу, қан кету, іріңдеу, т.б. асқынулар жиі орын алады. Хирург неғұрлым құралмен жұмыс істесе, соғұрлым операциялық жараның ластанып, инфекциялық залалдану мүмкіндігі өте аз болады.

Операциялық жараны инфекциядан сақтандыру үшін операциялық алаңда шаш пен қылшықтар болмауы керек, йод және спиртпен сүртіп тазартады, ал кесілетін шеттерін залалсыз сүлгі жапқыштармен (салфетка) жабу керек. Қазіргі уақытта кез келген жарада антибиотиктерді бірден қолдана бермейді, тіпті кейбір операцияда пенициллинді қолдану асқынуға әкеп соқтырады.

Жұмсақ тіндердегі жедел іріңді инфекцияны емдеудің негізгі заңдылықтары.

Іріңді инфекциямен ауыратын адамды емдеуде, оның ауырлығына байланысты бірқатар ерекшеліктері болады. Бір байқауға болатыны, ең жақсы нәтиже беретін әдіс, ол тек жүйелі аралас (комплексный) хирургиялық жетілдірілген емдеу тәсілі болып табылады. Антибиотиктерді қолдана отырып жүйелі аралас және хирургиялық емдеу жұмыстарын жүргізеді. Хиругиялық инфекциямен ауыратын науқастарға жергілікті және жалпы емдеу тәсілдерін пайдаланады.

    І. Жергілікті емдеу тәсілдері жарадағы құбылыстардың кезеңіне, сатысына және олардың ағымына байланысты қолданылады:

a) жарадағы құбылыстың жай, баяу ағымы кезінде оны қарқынды жылдамдату;

б) жарадағы құбылыстың дамуы күшейгенде баяулату;

в) асқынуды, іріңдеуді, қан кетуді, т.б. болдырмау;

г) улану (токсикоз) құбылыстарын азайтуға негіздеу;

Жергілікті емдеу тәсілдері жарадағы құбылыстың даму сатысына байланысты жүргізіледі:

1. Ісініп домбығу (инфильтрация) кезеңінде жылу көзін, кварц, соллюксті, магнит-тоқ өрісін қолданған пайдалы, тыныштық сақтау керек, кейде жарақаттанған аймаққа жергілікті суық қолдану керек (гипотермия);

2. Іріңдік қалыптасқан (абсцесс) кезеңінде іріңді ошақты дұрыс жарып, тілу керек, кейде іріңнің жақсы ағымы үшін екі-үш тілік (контрапертура) салуды қажет етеді;

3. Сіңу, сорылу (рассасывание) кезеңінде – жазылу кезеңіне көмектескен жөн;

4.Аяқ-қолда тыныштық қалыптастыру, құрсаулап бекіту (иммобилизация), іріңді инфекцияның таралып, тасымалдану әрекетін тежеу;

5. А.В.Вишневский бойынша новокаиндық тежеу яғни новокаин ертіндісін 0,25%-0,5% – 30-100 мл. қабыну ошағының астына және айналасына еңгізу. Новокаин ертіндісіне гентамицин, кефзол, т.б. антибиотиктерді қосады. Бұл кезде қабыну ошақ аймағының шеткері жүйке рецепторларынан орталыққа тарайтын сезімнің (импульс) үзілуімен қатар, новокаин ертіндісі жеңіл қоздырғыш ретінде қабыну ошағы аймағындағы қоректік (трофика) құбылысты жетілдіруде және қайтадан қалыптастыруда біршама әсерін тигізеді;

6. Жараны күту, білте-сүлгіні (тампон), өткізгіштерді қолдануды жарадағы құбылыс кезеңімен сәйкес пайдалану керек.

Жарадағы құбылыстың І- сулану кезеңінде әртүрлі антисептиктер қолданылады (ас тұзы мен ферменттердің қоюландырылған (гипертонический)) ертіндісіне малынған білте-сүлгіні, хлоргексидин, диоксидин, бисептол, метрид, сутегінің қос тотығы ертіндісі, т.б.), жарадағы сұйықты сору әдісі, жетілдірілген жабық антибактериалды өткізгіш, Редон жүйесі қойылуы керек.

ІІ- сусыздану кезеңінде – майлы (левомиколь, фурациллин, т.б.) сүлгі-байламдар салынады;

7. Зақымдалған аймақтың қызметін, көлемін, терең жараларды қалыпқа келтіруге аса көңіл бөлген жөн.

Уақытымен және жүйелі жүргізілген емдік физкультура - зақымдалған аяқ-қол қызметін қалыптастырады және науқасты мүгедектіктен сақтандырады.

Антисептиктердің (калийперманганат) әлсізертіндісінжәнеыстықванналардықолданузақымдалғанаймақтыңқызметінқалыптастырудажақсы ықпалды көмеккөрсетеді. Мұндай ванна саусақтардың, буындардың, басқа да жерлердің қимыл-әрекетін, қозғалыстарын қайтадан жетілдіруге өте пайдалы болады.

8. Іріңді сыртқа шығару – пункция жасап, іріңді сорып алу және оны операцияда кесіп, ағызу, өткізгіштер-түтіктер (дренаждар) арқылы жүзеге асыру. Барлық жағдайларда іріңді ағызғаннан кейін антисептиктерді тамырдан және жергілікті жарадан қолданады. Жалпы емдеу жүйесі кез келген жергілікті іріңдеу құбылысы кезінде ағзаның, дененің әсерлі жауабына сәйкес келеді. Сондықтан, жалпы жетілдірілген емдеу шарасын жүргізу керек.

Жалпы шаралардан мыналар қолданылады:

1. Науқастың гигиеналық жағдайы оны сауықтыруға маңызды рөл атқаратынын еске салған жөн. Егер ауа мен күн әрбір сау адамға өте қажет болса, онда іріңді аурумен ауыратын адамға олар одан да көп қажет. Бұл науқастар үшін ең жарық бөлмелер бөлінуі қажет. Іріңді науқасты жиі жуындыру керек, ал ауыр науқастарды шарап немесе камфорлы спиртпен сүртеді.

2. Тамақтандыру үлкен рөл атқарады. Тамақты жиі және аздап беріп отыру керек. Ол жақсы дайындалған, С витаминіне бай болуы керек. Іріңді аурумен ауыратын адамдар іріңмен бірге көп нәруыздар жоғалтады. Сондықтан нәруызға бай тамақ берілуі керек. Қызуы бар науқастар көп терлейді, терең тыныс алады. Сондықтан, денеден көп сұйықтық жоғалтады. Бұл жоғалған сұйықтықтың көлемін сусыздануды дамытпас үшін қалпына келтіру керек. Егер науқастың ауруына байланысты су ішуге тиым салынбаған болса, қанша су ішсе де ішек арқылы сұйықтықтармен токсиндердің сыртқа шығуы қалыптасады, ішкі улану деңгейі төмендейді.

3. Төсек тартып жататын ауруларда ішек жиырылуының әлсіздігі (атония) болады, сондықтан ішектің қызметін аурулар орындықта отырғанда, қимылдағанда, жүргенде қадағалау керек.

4. Қоздырғыштар сезімтал болған антибиотиктерді қолдану керек (ципролет, зинацеф, гентамицин, кефзол, ампициллин, т.б.).

 5. Іріңді инфекцияның ауыр ағымы кезінде белок жетіспегенде қан, плазма керек (альбумин, протеин, плазма, қаналмастырғыш сұйықтар-гидролизин, желатиноль, изогем, инфузол, альвезин, интралипид, т.б.)

6. Қорғаныш күшін жетілдіру үшін қан құю керек, жақсы тамақ, күтім, гаммаглобулин, тималин, метилурацил, пентоксил, т.б. еңгізу керек.

7. Ағзаның иммунизациясы да үлкен роль атқарады: а)белсенді иммунизация стафилококктық зақымдануға қарсы жүргізіледі, б) иммунды сарысуларды қолдана отырып – баяу (пассивный) иммунизациялауды пайдаланады.

8. Аутогемотерапия – бұлшық етке аурудың өз қанын еңгізу, венадан алынған 5-10 мл. 2 күн сайын, көбінесе гентамицин, кефзол тағы осындай антибиотиктердің біреуімен қоса қолданылады.

9. Ішкі уланумен (интоксикация) күресу үшін сұйықтықтар еңгізу керек (5%, 10%, 20%, 40% глюкоза, физиологиялық ертінді, Рингер, 4% бикарбонат натрий ертіндісі, гемодез, изогем, инфузол, реополиглюкин, альбумин т.б.).

10. ҚҰКШС – қанды ұсақкүлгін шұғыласымен сәулелендіру (УФОК), қанды және іріңді ошақты лазер шұғыласымен сәулендіру (ВЛОК), гемо және лимфосорбиия, жоғарғы қысымдағы оттегі (ГБО), плазмаферез, электро-магнит өрісі.

11. Залалды микробтарға қарсы антисептиктер мен антибиотиктер қолданылады: метрид –100мл вена бойымен, 1-2 рет, ципролет –100 мл вена бойымен, 1-2 рет, диоксидин 0,5% - 30-40 мл вена бойымен, 1-2 рет, зинацеф, цефамизин, цефазолин, кефзол, гентамицин, линкомицин, мондол, т.б.

12. Физиотерапия, магнитті – тоқ өрісі, т.б., іріңді хирургиялық инфекциялардың қалыптасу кезеңдеріне сай жүйелі жетілдіргіш қосалқы тәсілдерді қарқынды қолдану керек.

 

Әдебиеттер:

1. Галкин Р.А., Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии.- Самара, 1998.- 360 с.

2. Кузнецова В.М. Сестринское дело в хирургии, М., Феникс, 2000.-415 с.

3. Абдрахманов М.С. Сестринское дело в хирургии. А., 2001.

4. Лекции по общей хирургии.

5. Петров В.С. Общая хирургия. - С.-Петербург, 2000.

6. Стручков В.И., Стручков Ю.В. Общая хирургия. - М.: Медицина, 1998.

7. Гостищев В.К. Общая хирургия. - М.: Медицина, 1996.

8. Рычагов Г.П. Общая хирургия. – Минск, 2002.

9. Дұрманов Қ.Д. Жалпы хирургия, 2006.

10. Буянов В.М., Нестеренко Ю.А. Хирургия. М.: Медицина, 1993. - 624 с.

Бақылау сұрақтары:

1. Хирургиялық инфекция туралы түсінік.

2. Микробтың түрлері.

3. Іріңді – қабыну ауруының пайда болу себебі.

4. Іріңді аурудың жергілікті белгілері.

5. Іріңді аурудың жалпы белгілері.

6. Жергілікті белгілерді емдеу қағидалары.

7. Жалпы белгілерді емдеу қағидалары.

 

 

№ 3КРЕДИТ

№ 1 Дәріс.

Тақырыбы:Анаэробты инфекция.

Мақсаты: Студенттерді анаэробты инфекциямен, түрлерімен, алдын алу шараларымен таныстыру.

Дәрістің тезисі:

Газды гангрена - ежелгі заман мен ортаңғы ғасырдан белгілі. Гиппократ санның ашық сынықтары жайындағы тарауында, аяқ-қолдың қатты ісінуі мен сарғаюы өлімге қауіпті асқыну көрінісі деді, яғни газды гангренаның барлық симптомдарына ұқсастығын айтады. Бұл ауруды 19 ғасырда пысықтап жазған. Өткен жүз жылдықтың басында Дюпюитрен, ал кейіннен Пирогов (1848) осы аурулармен кездесіп, оны жарақаттанған және өздігінен пайда болатын эмфиземаның дамуымен байланысты деп шешті. Бір жағдайларда эмфизема жарада атмосфераның ауаның енуімен, ал басқа жағдайларда – ауаның эритроциттерден ыдырауымен байланыстырды. Пирогов бұл ауруды жергілікті ступором жедел гангреналы ісіну деп атады. Н.И. Пирогов бұл аурудың этиологиясын тірі жанды затпен байланыстырып және оның патологиялық процесін оқытудың жолын көрсетті. Әсіресе Н.И. Пироговтың осы ауруды соғыс кезіндегі тузызушы анализдерін, таралуын, соғыс кезіндегі жедел-іріңді, ауруханалық гангреналардан жай талқымалы сипатта болуын атап көрсетуі зор болды.

Безді флегмона және анаэробты гангрена. Қоздырғыштары. Патолого-анатомиялық көрінісі. Клиникасы. Емдеуі. Профилактикасы. Шіріген инфекция. Қоздырғыштары. Симптоматологиясы. Емдеуі.

Анаэробты инфекция – бұл сепсиске ұқсас жара мен жалпы жағдайдың құрт ауыр өзгерістері дамитын ауру. Анаэробты инфекция анаэробты микробпен зақымдалуынан болатын бір қатар ауруларды қамтиды. Біз бүгін тек анаэробты гангрена мен газды флегмона туралы айтамыз. Айта кететін жағдай, жараның анаэробты инфекциямен зақымдалуы ең ауыр жағдай болып табылады. Екінші дүниетүзілік соғыс кезінде бұл инфекцияның таралуы процент бойынша өздігінен тең болмады. Анаэробты гангрена көбінесе жайылмалы жаншылған жұмсақ ұлпаларда - оқ тиген жараларда, сол жеоде өттегінің көп мөлшерде қысылуында кездеседі. Бұл ауыр процессті жараларға өте көп атаулар – 70 анаэробты инфекцияға тән атауы белгілі. Көбінесе бұл ауру анаэробты инфекция деп аталынады. Стручков газды гангренаны әрі анаэробты гангрена, әрі соғыс-дала тілмесі деп атады, ал бұл аурудың халық атауы «Антонов оты» деп аталынады.

Бейбітшілік кезінде анаэробты инфекция сирек кездеседі. Ұлы Отан соғысы кезінде газды инфекциямен зақымдалуы орташа есеппен 9,2-0,3%, ал таралуы 20-дан 50%-ке дейін жетеді. Анаэробты инфекциямен зақымдалуы судан, киімнен былғану сатысына байланысты. Соғыс кезінде жіберілген халықтың санына байланысты жиі кездеседі.

Этиологиясы:

Газды инфекцияның негізгі 4 қоздырғышы бар:

· B. Perfrinqens

· B. Oedematiens

· V. Septicus

· B. Huystolicus

B. Huystolicus, адамғапатогендіемес, бірақалғашқыаталғанүшеуіеңкүштібұзғыштыққасиетібар. Бұлұлпаныеріткішмикроб, жарадаауырөзгерістергеәкеледіжәнекеңжайылмалыболыпкеледі.B. Perfrinqens, жиікездеседі. Онысүтте, зәрде, киімде, нәжістежиітабылады. Бұлмикробтытазажарада, бұлжағдайдаолсапрофитсияқтыжәнебұндайжарасыбарнауқастардыгаздыгангреналыдепесептеугеболмайды. Газдыгангренапайдаболуыүшінжарадажергіліктішарттарғасәйкескелуікерек (әсіресеұлпалардыңбұзылуы, сазбенкөпмөлшердебылғануы), соныменқатарзақымдалғанадамныңреактивтілігініңөзгеруінетәнболуыкерек. Бұлмикробтыңнегізгіқасиетіқантболғанортадақоректеніпжәнекөбейеді.

B. Perfrinqens қиынқұрамдастоксинменгазтүзіп, ұлпалардыңкүлдіреуінеәкеледі, албұлгаздыинфекцияғатәнбелгі.

Микробтыңтоксиндерікөптегенкомпоненттердентұрады: гемолизин, миотоксин, некротоксинжәнетағыбасқа. Бұлмикробгемотогендіжәнелимфогендіжолменжылдамтаралып, гемолизұлпалардыңісінуімен, олардыңөліеттенуінтудырады. Жүйкежүйесінзақымдайды.

B. Oedematiens, қатты әсер ететін токсин бөліп шығарады, ол ұлпаларды түссіз немесе ақшыл қызыл түсті ісінуін тудырады. Ұлпаларосыдантолқымалытүрдеболады. Микробспецификалықгемолитикалықәсерібар..

V. Septicus, табиғаттакеңтараған, ұлпалардаісінудітудырады, оныңсероздыгеморрагиялықсіңірілуіменөлуінеәкеледі. Бұлмикробтоксинінбөліп, лейкоциттергетерісәсеретеді, фагацитарлықбелсенділіктітөмендетеді. Барлыққоздырғыштардыңжалпыерекшеліктері, олардыңанаэробтыболуы, яғниоттегінсізжағдайдаөмірсұреді, олардыңбарлығыэкзотоксинбөледі, барлығыграмм (+) оң, сондықтанемдегендесәйкескелетіндәрі-дәріліктертағайындайды, барлығыспорашығарады, оларөтетұрақты, экзотоксиндерініңпротеолитикалыққасиетібар.

Микробтартабиғаттакеңтарағанәсіресеоларнәжісте, топырақтакөп. Сондықтангаздыгангренааяқжараларында, жынысжәнезәршығарумүшелераймағындажиіасқынады. Бірақбұлмикробтарадамдарсиреккездесетінжерлердеде – биіктауларда, ормандакездеседі.

Анаэробтыинфекцияныңқоздырғыштарыоқтигенжараларда 80% дейінегіледі, яғниҰлыОтансоғысыкезінде, ал B. Perfrinqens-70% табылды, B. Oedematiens-43%, V. Septicus –9%, B. Huystolicus - өтесирек, яғнитезөледі.

Бірақбұлмикробтардасимбиозжиібайқалады. Жаралардаанаэробтарменбіргеаэробтарда, стафилококктар, стрептококктар, ішектаяқшасыжәнетағыбасқаларыжиікездеседі, бұлараурудыңағымынтөмендетеді. Себебігаздыинфекциядандамығантереңаймағындааэробтарұлпаларменөттегінітежейді, анаэробтыфлораныңдамуынтудырады.

Газды инфекцияның дамуына әкеп соқтыратын жағдайлар.

А. Жергілікті факторлар:

1. Ашық сынықтарда жұмсақ ұлпалардың шектеусіз зақымдалулары жараларда нашар аэрациялық жағдайлар туғызады

2. Анаэробты инфекция, бұл бұлшық еттік инфекция, сондықтан да ірі бұлшық еттері дамыған аймақтардағы (мысалы: сан, тізе, иық) жаншылуда, жараларда жиі дамиды. Тармдалған бұлшық ет ұлпалары, анаэробтардың көбею жері болып табылады.

3. Ірі қан тамырларының жаралуымен байланысты жергілікті қан айналымының бұзылуы, жгутпен ұзақ уақыт байлаумен болғанда ұсақ тамырлардың тромбозы кезінде.

4. Веноздың айқын ұюлар кезінде, осыдан тотығу процесі зардап шегеді.

5. Жарақаттанғаннан кейінгі үсік немес үсінген жарақатты аяқ-қолдар.

6. Орналасуы – көбінесе аяқтардың жараларында кездеседі

Б. Газды гангренаны туғызатын жалпы себептер

1. Жедел қан жоғалту, жедел анемия

2. Жалпы суық жиюі

3. Шок

4. Қалжыраған өткерген аурулардан ағзаның әлсіреуі

5. Ылғалды ауа-райы жараның жермен ошғануы қолайлы жағдай туғызады

В. Жараларды хирургияның өңдеу дефектілері

1. Алғашқы көмектің кешжасалуы

2. Алғашқы хирургияның өңдеуді жараларда уақытылы жасалмады немесе

өңдеудің толық жасалмауы

3. Жараларды алғашқы хирургиялық өңдеуді дұрыс жүргізілмеген жағдайда

(ұлпаларды толығымен алмаған жағдайда, бітеу тігіс кезінде)

4. Жарада бөгде затты қалдыруі

5. Жараларды қан кетуді шала тоқтату кезінде тұйық тампонада жасағанда

6. Былғанған жараларға профилактика жүзінде анаэробқа қарсы сарысу

енгізбегенде

7. Иммобилизация дұрыс болмағанда және зардап шеккен адамның себепкер

ауруын дұрыс тасымалданбағанда

Патологиялық анатомия. Патогенез.

Анаэробтар қолайлы жағдайларда, яғни ағзаның қабілеттігінің төмен болғанда және қоректену ортасына қолайлы жерлерінде ұлпаларға еніп көбейе бастайды және өзінің бұзу қызметін дамытады.

Қолайлы ортасы өлген және зақымдалған ұлпа және неғұрлым интенсивті зақымдалса соғұрлым анаэробтар тез әсер етеді. Бұл процесс өздігінен дами алмайды, ал егерде ағзаға көмектеспесе, өлімге әкеледі. әсіресе бұлшық ет ұлпасында бұл процесс өтеді, яғни гликогенге бай орта, сондықтан бұл анаэробтарға ең жақсы қоректену ортасу болып табылады. Ұлпаларға микробтар мен олардың токсиндерінің әсер етуін 2 фазаға бөлуге болады:










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 298.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...