Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Тестовые задания и ситуационные задачи по дисциплине «Сестринское дело в хирургии» 12 страница




Жалпы хирургиялық инфекцияның өкілі сепсис. Сепсис дегеніміз- қанның шіріп улануын айтамыз. Тәбеті болмайды, функциясының қызыметі төмендейді, ақырында өледі.

Іріңдеген жарада кейде бірлесіп өмір сүріп жатқан аэроб микробтары мен бірге анаэроб микробтарын да кездестіруге болады.

Жараны қабындырып, оны іріңдетіп жіберетін микробтарының арасында жиі кездесетін микробтың бір түрі-стафилакокк. Стафилакокк алтыңға ұқсас жылтыр түрі, сары түрі, ақ түрі болады. Стафилакокк-ауада, жерде, ауа жоқ жерде де өсіп-өне береді. Анаэробтық инфекциялар улы заттар шығарып, солар аяқ қанның қызыл түйіршіктерін зақымдап, ферменттерді бұзады немесе денедегі белоктарды ұйытып, зиянын тигізеді.

Стерептакокк қабыну професінің іріңдетумен тынады. Ол өз тіршілігі үшін ауаны, оттегіні пайдаланады.

Ішек таяқшасының микробтары ішектің өзегінде, жануардың денесінде, төлінде және дертханада кездеседі.

Пневмококк жануардың барлық мүшесіне ауру туғызатын қатерлі микроб. Қабынудың асептикалық және инфекциялық түрлерін айырады.Асептикалық қабыну механикалық, физикалық, және химиялық әсерлерден пайда болып, ағымына қарай жіті және созылмалы,бөліну эксудатына байланысты сарысулы-фибринозды, фибринозды б.б.Қабынудың 2-кезеңі –дегидратация-регенеративтік қалпына келу процесстерімен сипатталады.

Макроорганизмнің денесіне енген қоздырғыштарға қарсы әсері және ағзадагы жалпы өзгерістер

Макроорганизмге қоздырғыштардың енуі сатылы кезеңдерде өтеді. Терінің бүлінген жеріне қоздырғыштар келіп түскенде — ластану кезеңі болса, олар сол жерде бейімделе бастаса оны инфект кезеңі деп атайды. Олар сол жерде өлі торшалармен қоректеніп өсіп-өне бастағанда микрофлора кезеңі басталады.

Макроорганизм қоздырғыштарға тосқауыл қойғанда — инфекция аталады. Қабыну процесін іріндетумен тынатын микробтар денеге енгенде жергілікті реакциямен бірге, осы микробтарға қарсы тосқауыл қоятын бүкіл ағза түгел қатысып, жалпы реакциямен жауап береді. Ағзаның жалпы реакциясының мелшері оның қарсыласу күшіне байланысты және денеге енген микробтардьщ түріне, уыттылық күшіне байланысты.

Уыттылық қабілеті күшті микробтар денеге көптеп енсе, ағзаның қарсыласу белгілері тез арада білінеді. Осындай жағдайға үшыраған жануар күнделікті қызуы көтеріліп, қалтырап, ми қызметі бүзылып тіпті есінен де танып қалады.

Ондай жануарды мұқият зерттеген кезде, қан тамырларының жиі соғуын, торшаларда және қан құрамында айтарлықтай биохимиялық өзгерістер барын, бүйрек, бауыр қызметтері өзгеріп, нашарлап кеткенін байқауға болады. Микробтардың улы заттарды көптен шығарып, ағзаны уландырып жібергенін қан құрамындағы белоктық фракциялардың өзгеруінен білуте болады. Ағза іріңмен, улы заттармен қатты уланғанда қан құрамындағы жалпы белоктың мөлшері кетеді. Улану неғүрлым күшейген сайын қан құрамындағы альбумин белогының саны азайып, глобулин белоктарының көрсеткіштері көбейе түседі.

Альбумин — глобулиндік коэффициенттің өзгеруі іріңмен, улы заттармен уланған организмнің бауыр қызметінің нашарлығанының көрсеткіші. Себебі, альбумин белоктарының бауыр торшаларында пайда болатыны белгілі жайт. Ал альбумин белогы азайып кеткенде, бауыр торшалары мұндай белокты ұйымдастыру, шығару, жасау қабілетінен айрылып қалады. Осындай жағдайда бауыр, ағза улануға ұшырағанда душар болатынын білуіміз керек. Глобулин атты белоктардың саны, сапасы мен көлемі ұлғайғандығы да ағзаның улану белгісі. Себебі, глобулин белоктары ретикулоэндотелиалдық ұлпаларда пайда болатыны айытпаса да түсінікті. Осы ұлпа қатты қабынып, ірің немесе улы заттармен зақымданғанда, қозып, қан құрамындағы глобулин көрсеткіштерін көбейтіп жібереді. Жануардың жағдайы нашарлап, темендей бастайды, әуелі ол қозады, содан соң тынышталып, әлсізденіп қалады. Нақ осы кезде қан қысымын өлшейтін болса, оның көрсеткіштері төмендеп, өкпе, жүрек төңірегінде қан айналымы құлдырап кетеді.

Жануардың дене қызуы 41С градусқа дейін көтеріледі. Стафилококк микробы кесірінен оның таңертеңгі дене қызуы қалыпты мелшерде болады да, ал кешке қарай қайтадан 41 градусқа жетеді. Сонда дене қызуының таңертеңгі және кешкі көрсеткіштерінің айырмашылығы 3-4 градус арасында ауытқып отырмақ. Бұл ауытқудың ертелі-кешкі айырмашылығы кейде тіпті жарты немесе 1 градустан (39-40°) аспайды. Егер осындай жануардың қанын зерттер болсақ, онда қанның қызыл түйіршіктерінің (эритроцит) мөлшері азайып, гемоглобин көрсеткіштері төмендеп ал ақ түйіршіктері (лейкоциттер) айтарлықтай көбейеді. Ондай жануардың төбеті азыққа тартпайды. Тексеріп қарағанда белоктың қалыптан ауытқығанын, цилиндрлер пайда болғаны байқалады. Ағзадағы ірің, микдобтардьщ уыты қан жасау қызметін атқарып мүшелерге зиянды әсер етіп, анемияға душар етеді, қан құрамында әлі кемеліне келмеген жас эритроциттердің неше түрлісі кездеседі. Ал лейкоцитарлық формуланың көрсеткіштері солға қарай жылжып, қанның құрамында сегмент ядролық торшалар азаяды, оның орнына таяқша ядролық нейтрофильдер көбейіп кетеді. Іріңді ауру байқалған кезден бастап, жануардың қанындағы эритроциттердің түну жылдамдығының (ЭТЖ) көрсеткіші жоғары деңгейге жетіп, ауру бәсеңсіп, беті қайтып, жануар ауруынан айыққан күннің өзінде көрсеткіш деңгейі бәрібір жоғары болып қала береді.

Әдебиеттер:

1. Галкин Р.А., Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии.- Самара, 1998.- 360 с.

2. Кузнецова В.М. Сестринское дело в хирургии, М., Феникс, 2000.-415 с.

3. Абдрахманов М.С. Сестринское дело в хирургии. А., 2001.

4. Лекции по общей хирургии.

5. Петров В.С. Общая хирургия. - С.-Петербург, 2000.

6. Стручков В.И., Стручков Ю.В. Общая хирургия. - М.: Медицина, 1998.

7. Гостищев В.К. Общая хирургия. - М.: Медицина, 1996.

8. Рычагов Г.П. Общая хирургия. – Минск, 2002.

9. Дұрманов Қ.Д. Жалпы хирургия, 2006.

10. Буянов В.М., Нестеренко Ю.А. Хирургия. М.: Медицина, 1993. - 624 с.

Бақылау сұрақтары:

1. Сепсис анықтамасы.

2. Сепсистің этиологиясы.

3. Сепсистің жіктелуі.

4. Клиникалық белгілері.

5. Сепсистің алдын алу.

6. Сепсисті емдеу.

7. Науқастарды күту.

 

№ 4 Дәріс.

Тақырыбы:Құрсақ қуысы ағзаларының аурулары. Жедел ішперде қабынуы – перитонит. Аппендицит.

Мақсаты: Студенттерді құрсақ қуысы ағзаларының ауруымен, перитонит белгілерімен, аппендицитпен таныстыру.

Дәріс тезисі:

Құрсақ қуысы (cavum abdomіnus) — омыртқалыларда бүйрек пен бауыр, сүтқоректілерде өкпеден басқа ішкі органдар орналасқан целомның бір бөлімі. Төменгі сатыдағы омыртқалыларда құрсақ қуысы мен кеуде қуысы арасында арналар болады. Көптеген балықтардың құрсақ қуысы сыртқы ортаменабдоминал саңылаулары арқылы қатысады. Дөңгелекауыздылар мен балықтарда құрсақ қуысының алдыңғы жағында кеуде қуысы орналасқан, ал құрлықта тіршілік ететін омыртқалыларда кеуде қуысы құрсақ қуысына қарай еніп жатады.

Адамның құрсақ қуысы — алдыңғы жағы мен екі бүйірінде қиғаш және көлденең құрсақ бұлшық еттері мен олардың жалпақ сіңірлері, артқы жағында бел омыртқалар, жоғарыда көк ет, төменде жамбас қуысымен жалғасатын мықын және шат сүйектерінің алдыңғы жиектерімен шектеледі. Құрсақ қуысын кеуде қуысынан көк ет бөліп тұрады, ішкі беті сірі қабықпен көмкерілген. Құстарда және төменгі сатыдағы cүтқоректі жануарларда көк ет болмайды. Құрсақ қуысындаішек-қарын, бауыр, ұйқы безі, көк бауыр, бүйрек үсті безі және несеп, жыныс органдары орналасқан.

Перитонит (лат. perіtoneum — іш перде) — іш қуысын және онда орналасқан органдарды жауып тұратын сірі қабатының жедел немесе созылмалы қабынуы. Перитониттің біріншілік және екіншілік ретінде пайда болатын түрлері бар. Күнделікті өмірде жиі кездесетін түрі — екіншілік Перитонит (99%). Ауру іш қуысында жатқан органдардың қабынуынан (соқыр ішек, холецистит, аднексит, т.б.) іш пердеге әр түрлі инфекцияның (ішек таяқшалары, стафилококк,стрептококк,протей, т.б.) түсуінен, ішкі органдардың жарақатынан (ішек түйілу), асқазан мен он екі елі ішектің ойық жараларының тесілуінен болады. Сондай-ақ әйелдерде болатын гинекол. аурулар (аналық без, жатыр және оның түтіктерінің қабынуы), жатырдан тыс жүктілік, т.б. Перитониттің пайда болуына әсер етеді. Қабыну процесінің іш пердені қамтуына қарай Перитониттің жергілікті және жайылмалы түрлері болады. Сырқаттың жайылмалы түрі адам өміріне өте қауіпті. Ішкі органдардың Перитонитінде қабыну біртіндеп дамиды. Ауру сезімі алғашқыда бүкіл іш құрылысын қамтиды. Науқастың жүрегі айнып, құсады. Іші кеуіп, дене қызуы көтеріледі, іш пердесінің бұлшық еттері жиырылып, қатаяды. Қанда лейкоциттердің мөлшері көбейеді. Егер осындай белгілер байқалған кезде жедел дәрігерлік көмек көрсетілмесе, организмде улану процесі басталады, яғни, науқастың терісі бозарып, көз жанарының нұры тайып, құсуы жиілейді, ауа жетпей, тынысы тарылып, жүректің соғуы жиілейді (тахикардия), қан қысымы төмендейді. Емі: аурудың алғашқы белгілері пайда болысымен дәрігерге көріну керек. Ауру асқынып кеткенде хирург. операция жасалады; іш қуысын антисептик. ерітінділермен жуып-шайып, қажетті жағдайда іш қуысына түтік (дренаж) қойылады. Тек гинекол. Перитонитте консервативті (дәрі-дәрмек беру) ем қолданылады және туберкулезден болған П-ке арнайы ем жасалады.

Соқырішек немесе Соқыр ішек (лат.: Caecum, Coecum немесе Cecum) — бұл аппендикстің, іштің оң жақ төменгі бөлігінде тоқ ішекке жанаса жалғаса біткен ұзындығы саусақтай қалташаның қабынуынан пайда болатын ауру. Қабынған аппендикс жарылып, көк еттің тоқ ішек — талаурауына соқтыруы мүмкін.

Іш құрылысының (көк еттің) талаурауы — ішек қуысына қауіпті инфекция түсіретін қатты асқынған ауру. Ол аппендикстің немесе ішектің басқа бөлігінің жарылуынан пайда болады.

Соқырішек ауруының белгілері

· Басты белгісі — іштің үздіксіз ауырған үстіне ауыра беруі;

· Ауыру белгісі көбінесе кіндік түбінен басталып, содан соң іле оң жақ төменгі бөлікке ауысады;

· Адамның асқа тәбеті жойылып, жүрегі айныйды, құсады, үлкен дәреті жүрмейді, аздап қызу көтеріледі.

· Соқырішек немесе талаурау ауруларына қатысты тексеру.

Сырқат адамды жөтелдіртіңіз де, жөтелдің ішті қатты ауыртып, не ауыртпайтынын бақылаңыз; Немесе баяу, бірақ іштің шаптан солға таман және сәл жоғарырақ бөлігін ауырғанша қаттырақ батырып басыңыз. Содан соң қолыңызды тез тартып алыңыз.

Егер де қолды жіберіп қалған кезде іштің оқыс қатты ауырғаны сезілсе, онда мұның соқырішек немесе талаурау болуы әбден ықтимал. Егер де осы қимылдан оқыс қатты ауырғандық белгісі сезілмесе, онда осы тәсілді оң жақ шаптың аумағына да қолданып көріңіз.

Егер аурудың соқырішек немесе талаурау екендігіне көз жеткізгендей болсаңыз онда:

· Дәрігерлік көмек көрсетудің шұғыл шараларын қарастырыңыз;

· Сырқат адамды оған операция жасауға мүмкіндігі бар жерге жеткізуге қолдан келгенше тырысыңыз;

· Оған ауыздан ештеңе ішкізбеңіз және клизма да жасамаңыз. Шөлдеу, сусау белгілері байқалғанда да ғана жұтымдатып су немесе судың орнын алмастыратын сусыннан басқа ештеңе бермеңіз.

· Сырқат адам толық тыныштықта жартылай отырған қалыпта жайғасуы керек.

 

 Әдебиеттер:

1. Галкин Р.А., Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии.- Самара, 1998.- 360 с.

2. Кузнецова В.М. Сестринское дело в хирургии, М., Феникс, 2000.-415 с.

3. Абдрахманов М.С. Сестринское дело в хирургии. А., 2001.

4. Лекции по общей хирургии.

5. Петров В.С. Общая хирургия. - С.-Петербург, 2000.

6. Стручков В.И., Стручков Ю.В. Общая хирургия. - М.: Медицина, 1998.

7. Гостищев В.К. Общая хирургия. - М.: Медицина, 1996.

8. Рычагов Г.П. Общая хирургия. – Минск, 2002.

9. Дұрманов Қ.Д. Жалпы хирургия, 2006.

10. Буянов В.М., Нестеренко Ю.А. Хирургия. М.: Медицина, 1993. - 624 с.

Бақылау сұрақтары:

1. Перитонит анықтамасы.

2. Құрсақтың анатомиялық ерекшелігі.

3. Перитониттің этиологиясы.

4. Аурудың диагностикасында қолданылатын, жалпы клиникалық, лабораториялық және инструментальді зерттеу әдістері.

5. Перитонитті емдеудің негізгі әдістері.

6. Аппендицит- түсінігі.

7. Жедел аппендициттің дифференциалды диагностикасы.

8. Жедел аппендицитті емдеу.

9. Жедел аппендициттің асқынуы.

10. Аппендикулярлы инфильтрат.

11. Жамбастық аппендикулярлы абсцесс.

12. Созылмалы  аппендицит.

13. Операциядан кейінгі кезеңдегі асқыну.

 

№ 5 Дәріс.

Тақырыбы:Операция алды және операциядан кейінгі кезеңді ұйымдастыру.

Мақсаты:Студенттерге науқастарды әр түрлі операцияға дайындаумен, операциядан кейінгі науқастарды күтумен таныстыру.

Дәріс тезисі:

Операцияға дейінгі және одан кейінгі кезеңдер біртұтас жұмыстың бір-біріне әсер ететін бөлек-бөлек кезеңдері болып саналады. Хирург операцияға дейін, операция кезінде, операциядан кейін мынандай шарттарды орындауы керек:

- Науқастың шыдамдылығын, оған операция жасауға болар - болмасын анықтау.

- Науқастың шыдамдылығын арттыру.

- Жансыздандырудың неғұрлым зиянсыз тәсілін таңдап алу.

- Асқынудың алдын-алуға бағытталған шараларды орындай отырып, операцияны дұрыс жасау.

- Операциядан кейінгі кезеңде негізгі аурудың, операциялық жарақаттың асқынуларының алдын алу.

    Шыдамдылық пен төзімділік негізгі жүйелер қызыметінің бұзылу деңгейіне байланысты қалыптасады. Ол әр түрлі шартты жүйелердің (тестовые методы) көмегімен анықталады.

    Функционалдық анықтама (диагностика) үшін зақымданған мүшенің атқаратын қызыметін, олардың әр түрлі күштерге жауап беру қабылетін анықтау керек. Олар: физикалық күштердің – жүрек - қантамыр және тыныс алу жүйелеріне әсері, қоректік (ішкен аспен қалыптасқан) күштердің ас қорыту жүйесіне әсері, бүйрекке байланысты сұйық шығару әсері, дене қызуына жылу көздерінің әсері, т.б. зеріттелуі қажет.

    Кез - келген жүйенің атқаратын қызыметініњ жетімсіздігі үш деңгейде болады. Бірінші деңгейі – денедегі бұзылыс тыныштық жағдайында байқалмай, үйреншікті күнделікті түсетін салмақтан көрінеді. Екіншісі – денедегі бұзылу кез-келген ауыртпалық түскенде көрінеді. Үшіншісі – денедегі бұзылу тыныштық жағдайында да байқалады.

    Кез-келген маңызды жүйенің үшінші дәрежелік деңгейдегі жетімсіздігі тек жедел (неотложная) операциядан басқа ештеңе жасауға мүмкіндік бермейді.

    Жүрек – қан тамырлар жүйесі. Жүрек пен қан тамырлары қан тасымалдау қызыметін атқарады. Жарақат, қанның ағуы, жергілікті тоңазу, психикалық әсерлер, наркотикалық заттарды қолдану, т.б. бәрі бұл жүйеге қосымша салмақ түсіреді.

     Сондықтан, хирург бәрінен бұрын жүрек пен қан тамырларының жағдайына көңіл аударуы керек. Сырқатнама жинағанда стенокардия ұстамалары болған ба, жүргенде ентікпей ме, басы айналмай ма, түңгі кіші дәреті қандай, т.б. біліп алған пайдалы.

    Жүрек-қан тамырлар жүйесінің жағдайын дәл анықтайтын тәсіл болып қан айналысының минуттық көлемі (ҚАМК) болып табылады. Өлшеу Старр формуласы бойынша жүргізіледі:

- СК=100+0,5 х ПҚ-0,6 х ДҚ-0,6 х Ж

- ҚАМК=СК х ПЖ

- СК - систолиялық көлем (милилитрде)

- ПҚ - пульстық қысым

- ДҚ - диастолалық қысым

- Ж - жасы (жылмен есептеледі)

- ПЖ – пульс жиілігі

Егер СК белгілі болса, оны ПЖ - не көбейтеді де ҚАМК - ін табады. Науқастың ҚАМК -ін анықтайды да, оны қалыпты жағдайдағы ҚАМК-мен салыстырып, ауытқу пайыздығын табады. Сау адамдарда ҚАМК салмақ түсірілгеннен кейін 30%-ға көтеріліп, қалпына келеді. Жүрегі ауыратын адамдардың ҚАМК- нің жоғарылауы 30%-дан төмен болады.

Ортостатикалық сынақ – пульс пен қан қысымын алдымен науқасты жатқызып, соңынан тұрғызып есептейді. Жатқан адамдар І минут бойы тізелерін бүгіп қимылдайды. Жүре алатындар 10 рет отырып, тұрады. Сау адамдардың пульсі тұрғанда 5 соққыға жиілейді, қан қысымы 10-15 мм.сын. бағ. артады. Егер ауытқулар бұдан жоғары болса, операциядан кейін талма (коллапс) болуы мүмкін, сондықтан науқас тосын, оқыс қимылдар жасамауы керек.

Тыныс алуға салмақ түсіріп, тексерілетін әдістер (пробы с дыхательной нагрузкой).

Штанге әдісі – үш рет дем алғаннан кейін тыныс алуды дем алудың (вдох) соңында тоқтату керек. Қалыпты жағдайда адам 45-60 сек тыныс алмай тұра алады. Дені сау қарияларда бұл уақыт 50%-ға қысқарады.

Сообразе әдісі – үш рет терең дем алып, дем шығарғаннан кейін тыныс алуды дем алудың соңында тоқтатады. Қалыпты жағдайда – 32сек.

ЭКГ-сы өзгерген адамдардың 10% операциядан кейін қайтыс болады, ЭКГ-сы қалыпты жағдайдағы адамдардың тек 0,7% қайтыс болады. Тахиқардияның, жаңа инфарктың, атриовентрикулярлы жетіспеушіліктің (блокада), жастарда оттегі тапшылығының болуы операция ағымына үлкен әсер етеді. Сондықтан, жүрек-қан тамырлар жүйесінің қызыметін толығынан зеріттеуде фонокардиография, эхокардиоскопия, салыстырмалы ЭКГ-ның, кардиолог мамандардың жүйелі зеріттеулері өте қажет.

Тыныс алу жүйесі. Жүйенің қызмет жағдайы тыныс алу жиілігіне, пульске, түсірілген салмақтан кейінгі ентікпеге қарап анықталады.

І-нші дәрежелі жетімсіздік: Түсірілген физикалық салмақтан кейін тыныс алу жиілігі минутына 24-ке дейін жиілейді, тамырдың соғуы (пульс) өзгермейді. Қалыпты жағдайға 3-5 мин кейін келеді.

II-нші дәрежелі жетімсіздік: тыныс алу жиілігі минутына 28-ге дейін, тамыр соғуды да жиілейді. Жеңіл көкшілдену (цианоз) қалыптасады, қалыпты жағдайға келуі баяулау жүреді.

ІІІ-нші дәрежелі жетімсіздік: жүрек пен өкпеден басқа мүшелердің барлығына операция жасауға болмайды. Жүрек пен өкпеге жасалған операциялар бұл мүшелердің қызметін жақсартуы мүмкін.

Тыныс алу жүйесінің атқаратын қызметін нақты анықтау спирографтың көмегімен жүзеге асырылады. Науқастың негізгі зат алмасуын (НЗА - основной обмен) анықтайды. Содан кейін НЗА-дың көрсеткіштерінің көмегіне сүйене отырып Ю.Я.Агаповтың кестесі бойынша керекті көрсеткіштерді анықтаймыз:

- Тыныс алудың минуттық көлемі (ТАМК- МОД)

- Минуттық альвеолярлық (вентиляция) газ алмасу (МАГА)

- Оттегініњ сіңірілуі (ОС)

- Өкпенің жоғарғы деңгейдегі тыныс алуы (максимальная вентиляция) (ӨЖДТА)

- Тыныс алудың қосалқы мүмкіншіліктері (ТАҚМ – Резервное дыхание – РД)

- Өкпенің тіршілік сыймдылығы (ӨТС)

- Қосымша қосалқы ауа (ҚҚА)

- Тыныс алуға қатысатын ауа (ТАҚА).

Науқастың осы көрсеткіштерін анықтап, оны 100 %-ға деп алып, ауытқуларды пайыз бойынша есептейді. Тыныс алудың сапасы 02-ніњ сіңірілуге және МАГА-ға байланысты болады. Қалыпты жағдайда 02 сіңіру - 35-40 мл/литрге тең.

МАГА-ды газ алмасу көлемінен «зиянды кеңістікті» алып тастап оны тыныс алу жиілігіне көбейту арқылы табады. «Зиянды кеңістік» ер кісілерде-150 мл, әйел адамдарда –100 мл. Өкпенің қай айналысын Старр кестесі бойынша қанның минуттық көлемінің көмегімен анықтайды. Қанның минуттық көлемінің (ҚМК) ұлғаюы толықтыру (компенсация) мүмкіншілігінің барлығын, ал төмендеуі қан айналысының бұзылғандығын көрсетеді.

Тыныштық жағдайында ҚМК/МАГА=1.

Зәр шығару жүйесі – зәрдің жалпы құрамдық көрсеткіштерін, Зимницкий тәсілін, құрғақ тамақ және көп сұйықтық ішу арқылы жасалатын, рентген, ұсақдыбыстық, радиоизотоптық, урологиялық тексеру әдістері жүргізіледі.

Асқорыту жүйесі – бауырдың, ұйқы безінің қызыметін биохимиялық және ұсақдыбыстық зеріттеулермен анықтау қажет.

Қанның жалпы құрамдық, қан ұйыту мен фибринолиз (фибрин еріткіш – фибринолиз) жүйелерінің көрсеткіштерін, дененің негізгі биохимиялық құрылымдарын, қан тобын, резус фактор, адамдағы иммундық тапшылық вирусын (АИТВ), Вассерман сынағын, т.б. анықтауларға зеріттеулер жүргізу керек.

Хирургиялық операцияға дайындау.

Операцияға дейінгі кезеңде ағза жүйелері қызыметінің бұзылуын анықтап, оны жөндеп қана қоймай, сонымен бірге операциялық жараның инфекциямен ыластануының алдын алу да керек. Операцияға дейінгі кезеңнің ұзақтығы науқасты операцияға алу жылдамдығына, науқастың жалпы жағдайына және жасалатын операцияның көлеміне байланысты болады. Мысалы: ішектің жедел түйілуінде, жедел аппендицитте, жатырдан тыс жүктілікте операцияға дейінгі кезең ұзақ болмайды, өйткені бұл сырқаттар тез дамиды да, науқастың өміріне қауіп тудырады. Ал өкпе, өңеш, асқазан ісігі бар науқастарды операцияға дайындау 3-5-10 күнге дейін созылады.

Операцияға дейінгі кезеңнің негізгі басты міндеті - операция кезіндегі және кейінгі күндердегі қауыптілігін азайту. Сондықтан да, операцияға дейінгі мен кейінгі кезеңдердегі асқынулардың алдын алуға бағытталған іс - әрекеттер жүйелі операция алдындағы дайындық, - деп аталады. Хирург кез-келген операцияның қауыптілігін естен шығармай, әр науқасты операцияға ұқыпты, дербес (индивидуально) дайындауы қажет. Операцияға дайындықта тек науқасты дайындау ғана емес, сонымен бірге хирургтің өзі мен операциялық бөлменің дайындығы да қажет болады.

Операцияның негізгі қауыпті көріністері:

- Операция кезінде қан ағу, жедел қан аздылықтың дамуы.










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 265.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...