Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Тестовые задания и ситуационные задачи по дисциплине «Сестринское дело в хирургии» 3 страница




 

Ұсынылған әдебиеттердің тізімі

Орыс тілінде

Негізгі:

1. Галкин Р.А., Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии.- Самара, 1998.- 360 с.

2. Кузнецова А.В. Сестринское дело в хирургии, М., 2000

1. Петров В.С. Общая хирургия. - С.-Петербург, 2000.

2. Стручков В.И., Стручков Ю.В. Общая хирургия. - М.: Медицина, 1998.

3. Гостищев В.К. Общая хирургия. - М.: Медицина, 1996.

4. Рычагов Г.П. Общая хирургия. – Минск, 2002.

5. Буянов В.М., Нестеренко Ю.А. Хирургия. М.: Медицина, 1993. - 624 с.

 

Қосымша:

1. Мухина С.А., Тарновская И.И. «Практическое руководство к предмету «Основы сестринского дела», Москва, 1998

2. Иванова В.И., Матвейчик Т.В. «Организация сестринского дела», Минск, 2006

3. Жалпы хирургия бойынша дәрістер

4. Журнал «Медсестра»

5. Журнал «Медицинская помощь».

6. Журнал «Сестринское дело»

Қазақ тілінде

Негізгі:

1. Абдрахманов М.С. Сестринское дело в хирургии. А., 2001 г.

2. Дұрманов Қ.Д. Жалпы хирургия, 2006.

 

Қосымша:

2. Касенов Т.С., Дурманов К.Д. Жалпы хиругия жэне анестезиология, Алматы, 1992 г.

3. Касенов Т.С., Жалпы хиругия, Алматы, 1992 г.

3. Апсатаров Э.А., Алмагамбетов А., Ибадильдин А.С., Кукеев Т.К., Оразбеков Н.И., Балмагамбетов Б.Р., Гусман З.К. Хирургиялық аурулар. Алматы, «Санат». 1997, 336 бет.

Оқу және оқыту әдістері

· Дәрістер: шолу иллюстративті, өзекті ;

· Практикалық сабақтар: басқа да пәндермен біріктірілген материалдың, клиникалық жағдайдың теориялық талдауы, ситуациялық есепті шешу және топтық талқылау, оқыту бөлмесінде, операциялық блокта, таңу бөлмесінде, антирабикалық бөлмеде, хирургияның қабылдау бөлімшесінде, іріңді хирургия бөлімшесінде, науқастың төсегіндегі жұмыстар, муляж, манекен, фантом және сабақта дағдыларды істеу.

· Оқытушының жетекшімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ): тәжірибелік сабақтарда өткен тақырыптардың жеке сұрақтарын терең үйрену, презентация дайындау, муляж, манекен, фантом және сабақта дағдыларды істеу, қажетті жабдықтармен кіші топтарда жұмыс – гипстық бинттермен және лонгетамен, хирургиялық және эндоскопиялық құралдармен, науқастың төсегіндегі жұмыс, қабылдау бөлімшесінде жұмыс істеу, хирургиялық және травматологиялық бөлімшеде, оперблокта, қан құю бөлмесінде, оқыту бөлмесінің диагностикалау бөлімшесінде, мейірбикелік ауру тарихын жүргізу, науқасты күту және бақылау бойынша мейірбикелік араласудың картасын құру, медициналық құжаттаманы жүргізуді, жеке және топтық тапсырамалардң орындалуының қорытындысын талқылау, туындаған сұрақтарға оқытушыдан кеңес алу, аралық бақылауды жүргізу.

· Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): тезистік конспектілеу, реферат, тесттік тапсырмалар, презентация дайындау, іс – әрекет алгоритмін, науқасты күту және бақылаужың жоспарын, науқаспен тілдесу жоспарын, графологиялық құрылым, ситуациялық есеп, жеке жоба құру, өзіндік әдебиет дереккөздерін үйрену, мейірбикелік ауру тарихын жүргізу.

Білімді бағалау ережесі және критериялары.

Пәннің қорытынды бағасы қорытынды бақылаудың (емтиханның) бағасынан және рейтингтың бағасынан тұрады; Рейтингтың бағасы ағымдық бақылаудың және күнделікті бағалардан тұрады, оқытушы қояды.

 

Түрлі бақылау бойынша рейтингтік баллдарды үлестіру

№ варианта Бақылау түрі Бақылауды өткізу әдісі Баллдар
  Қорытынды бақылау Емтихан 40
  Аралық бақылау Тәжірибелік дағдыларды бағалау. 20
  Ағымдық бақылау Коллоквиум, мануалды дағдыларды көрсету, презентация, бөлімшеде жұмыс істеу, кіші топта жұмыс істеу, рефераттар, тесттік тапсырмалар, ситуациялық есептер. 40

 

Рейтингтың бағасы (Р) пән бойынша қорытынды бағаның (ҚБ) 30%-дан 60% деін құрайды.  

Минимальды рейтинг (30%) алмаған студент қорытынды бақылауға (ҚБақ) (емтиханға) жіберілмейді. Қорытынды бағасының (ҚБ) 40% құрайды, пәнді оқып біткенде тапсырылады. Күнделікті (КБ) және аралық (АБ) бақылаулар, және СӨЖ бақылаулары келесі сабақ түрлерінде жүргізіледі:тәжрибелік сабақтар, СОӨЖ сабақтары.

Рейтинг бағасы келесі формуламен есептеледі:

Рд = ( Рс1с2 ) :2 х 0,6

Где Рс – әр кредит бойынша студентың рейтингі % түрінде.

Студенттың Рейтингі ( Рс)  әр кредиттың аяғында шығарылады.

Рс = Тәжрибелік сабақ+ СОӨЖ + СӨЖ+АБ: 4

ТС – Тәжірібиелік сабақ бойынша орта баға

СӨОЖ - Студенттің оқытушымен бірге жасайтын өзіндік жұмысы бойынша орта баға

СӨЖ - Студенттің өзіндік жұмысы бойынша орта баға

АБ- Әр кредит бойынша аралық бақылауды бағасы

Осы формуланың әр компонентының максимальды бағасы 100%-ға тең.

Тәжрибелік сабақты бағалау:

Кесте бойынша әр тәжрибелік сабақ0% дан 100%ға дейін бағаланады.

Әр кредиттың тәжрибелік сабағының қорытынды бағасы барлық күнделікті бағалардың ортаарифметикалық саны болады.

СОӨЖ тапсырмасын бағалау

Кесте бойынша әр СОӨЖ сабақ0% дан 100%ға дейін бағаланады.

Әр кредиттың СОӨЖ сабағының қорытынды бағасы барлық күнделікті бағалардың ортаарифметикалық саны болады.

СӨЖ тапсырмасын бағалау

Мерзімі

СОӨЖ сабақ кестесіне байланысты

Орташа арифметикалық

Кредит

1

Бақылау түрі

ТЗ1

ТЗ2-3

ТЗ4-5

А

Т1

Т2

ТК

Баллмен бағалау

0-100

0-100

0-100

0-100

0-100

0-100

0-100

Мерзімі

СОӨЖ сабақ кестесіне байланысты

Кредит

2

Бақылау түрі ИП1-2

ИП3-4

Р

А

ТЗ1

ТК1

ТК2

ТК3
Баллмен бағалау 0-100

0-100

0-100

0-100

0-100

0-100

0-100

0-100
Мерзімі

СОӨЖ сабақ кестесіне байланысты

Кредит

3

Бақылау түрі ИП1

ИП2

Р

П1-2

С1

С2

Т

СП
Баллмен бағалау 0-100

0-100

0-100

0-100

0-100

0-100

0-100

0-100
                               

Р – реферат дайындау, ТЗ – тесттік тапсырмалар дайындау, ТК – тезисті конспектілеу,

ИП – жеке жоба дайындау, А – әдебиет дереккөздерін талдау, Т – кесте құру, П – жоспар құру, С –  хаттама, акт, баяндама хат, қызметтік хат құру, СП – партфолио құру, ШР – штаттық кесте құру, Г – кесте құру.

Студенттердің білімін бағалау критериі

1. Білім, жасай білу, дағдылар студенттердің міндеттеріндегі бақылаудың барлық түрі бойынша бальды-рейтингті әріпті жүйені бағалау арқылы анықталады, олар пропорциялы қатынасқа ие.

2. «Үздік» бағасына А әрпі сәйкес келеді, ол 4,0 сандық баламаға ие және пайыздық құрамы 95-100% және А- 3,67 сандық баламаға ие және пайыздық құрамы 90-94%.

Берілген баға, егер студент бағдарламаны толық игергенін көрсетсе және қате жібермесе, бақылау және зертханалық жұмыстарды дұрыс және уақытымен орындаса және сол бойынша есеп берсе, сонымен қатар өзіндік ойын көрсетсе, аралық бақылауды уақытылы және қатесіз өткізсе және үй жұмысын орындаса, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысса, пәнді үйрену кезінде қосымша әдебиеттерді өз бетінше қолданса, өз бетінше бағдарламаны жүйелей алса ғана қойылады.

 3. «Жақсы» бағасына В+ әрпі сәйкес келеді, ол 3,33 сандық баламаға ие және пайыздық құрамы 85-89% және В 3,0 сандық баламаға ие және пайыздық құрамы 80-84% және В- 2,67 сандық баламаға ие және пайыздық құрамы 75-79%.

Берілген баға, егер студент бағдарламаны 75%-дан кем емес меңгерсе және жауап берген кезде үлкен қателер жібермесе, бақылау жұмыстарын және зертханалық жұмыстарды уақытылы ешқандай ескертулерсіз өткізсе, аралық бақылауды және үй тапсырмасын дұрыс орындап уақытылы ешқандай ескертулерсіз өткізсе, мұғалімнің нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді қолданса, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысса, түбегейлі емес және түбегейлі қателер жіберсе, студент өзі түзетсе, мұғалімнің көмегімен бағдарламаны жүйелей алса ғана қойылады.

 4. «Қанағаттанарлық» бағасына С+ әрпі сәйкес келеді, ол 2,33 сандық баламаға ие және пайыздық құрамы 70-74% және С 2,0 сандық баламаға ие және пайыздық құрамы 65-69% және С- 1,67 сандық баламаға ие және пайыздық құрамы 60-64%, және Д+, ол 1,33 сандық баламаға ие және пайыздық құрамы 55-59% және Д, 1,0 сандық баламаға ие және пайыздық құрамы 50-54%. 

Берілген баға, егер студент бағдарламаны 50%-дан кем емес меңгерсе, бақылау және зертханалық жұмысты, үй жұмысын орындаған кезде мұғалімнің көмегін қажетсінсе, аралық бақылауды тапсырған кезде нақты емес және түбегейлі емес қателер жіберсе, зерттеу жұмысына белсенділік көрсетпесе, тек қана мұғалім берген оқу әдебиетімен шектелсе, бағдарламаны жүйелеу кезінде қиналса ғана қойылады.

 5. «Қанағатсыз» бағасына Ғ әрпі сәйкес келеді, ол 0 сандық баламаға ие және пайыздық құрамы 0-49%. Берілген баға, егер студент негізгі білім материалдарынан қиындықты байқаса, пәннің жарты бағдарламасын игермесе, жауап берген кезде түбегейлі қате жіберсе, ағымды, аралық және қорытынды бақылауларда қаралған жеке жұмытарды орындамаса, бағдарламада қаралған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс істемесе ғана қойылады. 

Студенттердің білімі балды әріптік жүйемен бағаланады, ҚР ГОСО 5.03.006.- 2006 «Жоғарғы оқу орындарында білімді тексеру және бақылау. Негізгі жағдай.»

Студенттер білімін бағалау таблицасы

(пайыздық бағалардың рейтинг баллдарына және әріптік эквивалентге сәйкестігі)

 

Баға Әріптікэквивалент Рейтингбаллы- % Балл бойынша

Үздік

А 95-100 4
А- 90-94 3,67

жақсы

В+ 85-89 3,33
В 80-84 3
В- 75-79 2,67

Қанағаттанарлық

С+ 70-74 2,33
С 65-69 2
С- 60-64 1,67
D+ 55-59 1,33
D 50-54 1,0
Нашар F 0-49 0

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МІНІСТРЛІГІ

КАСПИЙ УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ (ФАКУЛЬТЕТ)

 

 «МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ»

Оқу бағдарламасы – (5В 110100 Мейірбике ісі) 

Оқыту түрі – күндізгі

 

ДӘРІСТЕР ЖИЫНТЫҒЫ

 

Пән:«Хирургиядағы мейірбике ісі»

Пән коды:

SDHR 3213

 
 

Сабақ санының саны (кредит):

соның ішінде дәрістер:                                        

 

135 (3)  

15

Курс:                                                          

 

3

Семестр:                                                    

 

5

         

Кафедра отырысында қаралды                                                                          

                                                                                                     Хаттама №_1_

                  «_25_»_тамыз_ 2015ж                                                                                                                                                                                                                                              

                                                                                                            Кафедра меңгерушісі__________

 

 

                                                      2015 ж.

 

№ 1 КРЕДИТ

 № 1 Дәріс.

Тақырыбы: 1 Пәнге кіріспе. Қазақстанда хирургиялық және травматологиялық көмекті ұйымдастыру. Хирургиядағы дәлелді медицина.         

Мақсаты:Қазақстандағы хирургиялық және травматологиялық көмекті ұйымдастырумен таныстыру және хирургиядағы дәлелді медицина.

Дәрістің тезистері

Хирургия (гр. cheіr — қол және ergon — әрекет) — медицинаның негізінен операция жасау арқылы емделетін ауруларды зерттеп (алдын алу, диагностикасын қою, емдеу), операция жасау тәсілдері мен әдістерін, техникасыніздестіретін клиникалық саласы. Хирургия медицинаның терапия және акушерлік салалары сияқты ежелгі заманнан дамығаны белгілі.

Біздің заманымыздан бірнеше мыңдаған жыл бұрын Мысыр дәрігерлері денедегі артық қанды ағызып, шығып кеткен буынды салып, қол-аяққа, қуыққа операция жасаған.

Ежелгі Үндістанда адамның маңдайынан алынған теріні пайдаланып, мұрындағы ақауларды пластикалық жолмен түзеткен. Ал ежелгі Қытай дәрігері Бянь Цио (б.з.д. 6 ғ.) адамның ішкі органдарының ауруларын, хирургияны және дұрыс тамақтануды зерттеумен қатар, ауруды емдегенде, ежелгі тибет және қытай медицинасының жетістіктері — акупунктура (қ. Инемен емдеу) мен күйдіруді кеңінен қолданған.

Хирургия Грекияда күшті дамыған. Гректің атақты ғалымы Гиппократтыңхирургия жөніндегі жазған еңбектері осы күнге дейін маңызын жойған жоқ. Онда сынған сүйекті, шыққан буынды қалай емдегенін және адамның бас сүйегіне, ішегіне жасаған операциялары жайлы жазған.

Белгілі рим дәрігері Цельстің еңбектерінде көп қан кеткенде ампутация (ауырған не жарақаттанған органды кесіп тастау) жасап, қанды тоқтату, ірі қан тамырларын байлау, т.б. айтылған. Б.з.д. 2 ғасырда ежелгі римдік дәрігерАнтиллус қан тамырының аневризміне (қан тамырының кеңеюі) операция жасап, өзінің еңбектерінде жыланкөзді қалай емдеу керектігін, органдағы тасты қалай бөлшектеуге болатынын жазған. К.Гален өлген адамды сойып, оның анатомиялық құрылысын зерттеп, алған қорытындысын өз еңбектерінде жазған. Бірақ сол кездегі шіркеу, дін басылары мұндай зерттеулерге тыйым салып, бұл хирургияның дамуына кедергі жасады.

Грек және римдік хиругтардың тәжірибелерін араб дәрігерлері одан әрі жетілдірді. Олар жарақаттарды түрлі дәрілік қасиеті бар шөптермен және шараппен емдеп, іріңді жараларды емдеуде спиртті пайдаланған. Гипс алғаш рет араб дәрігерлеріне белгілі болған, олар сынған сүйектерді гипсті таңғышпен байлауды қолданған. Атақты ғалым Әбу Әли ибн Синаның “Дәрігерлік ғылымның каноны” атты еңбегі медицинаның дамуына зор әсер етті.

Қазақстанда бұрын хирургиялық емдеуді сынықшы, бақсы, балгерлер жүргізген. Алғашқы аурухана (лазарет) Семей,Өскемен әскери бекіністерінде 1720 жылы ашылған. 1845 жылы Ордада (Орал) ішкі органдарды емдейтін 15 төсектік аурухана ашылды. 1934 жылы Республикалық қан құю станциясы, 1939 жылы бұғақ ауруына қарсы диспансер ашылды. Республикада хирургия 1950 жылдардан бастап қарқынды дами бастады — өкпе, кеуде, жүрек-қантамырхирургиясы, сондай-ақ ангиокардиография және рентгенді-эндоваскулярлық әдістер кеңінен қолданылды. Эндоскопиялық техника жетілдірілді, мұның нәтижесінде кеңірдек пен өңеш, асқазан мен ішек ісіктерін (полиптерін) алып тастау операциялары жетілдірілді.

20 ғасырдың 70 — 80-жылдары ауруларды ультрадыбыс арқылы анықтау, компьютерлік томография, ядролық магнитті-резонансты томография әдістері хирургиялық тәжірибеде кеңінен қолданылатын болды, сондай-ақ лазержәне микрохирургия техникасы игерілді. 1990 жылдан бастап оперативті видеотехника іске қосылды.Эндовидеохирургияны клиникалық тәжірибеге енгізудің нәтижесінде кеуде және құрсақ қуысына лапароскопиялықоперациялар жасалынатын болды.

Қазіргі уақытта лапароскопиялық телевидеоқондырғылар республиканың барлық облыстар орталықтарында орнатылған. Қазақстанда видеоскопиялық хирургия 20 бағытта дамыған және сол арқылы эндокриндік жүйеге, әйелдердің жыныс органдарының әр түрлі ауруларына реконструктивті операциялар жасалынады. Жүрек-қантамырынэндоваскулярлы стентірлеу, кава-фильтрлерді орналастыру, қолқаны эндоскопиялық жолмен протездеу, соғып тұрған жүрекке операция жасау игерілді. Жүректің ишемиялық ауруын, миокард инфарктісін, жүрек жетіспеушілігін емдеуде бағаналы клетканы қолданып регенерациялық терапия жүргізу жетілдірілді. Бұл миокардтың қалыпты қызмет ететін жаңа тіннің өсіндісін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазір бұл бағытта бағаналы клеткаларды органдар мен жүйелердің әр түрлі ауруларында қолдану үшін эксперименталды зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ органдар мен жүйелердің, әсіресе, паренхиматозды, эндокринді органдар, орталық және шеткі жүйке жүйесі мен сүйек-буын жүйесінің транспланталогиясын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

Хирургияның онкология, нейрохирургия, ортопедия, пластикалық хирургия, микрохирургия, т.б. салалары жақсы дамыды. Қазақстанда хирургтардың 2 конгресі (1997; 2003 ж., екеуі де Алматыда) өтті.

Республикада хирургияның дамуына ғалымдар:

· А.Н. Сызғанов;

· В.В. Зикеев;

· В.С. Сергиевский;

· М.И. Брякин;

· Г.К. Ткаченко;

· А.Б. Райз;

· С.Н. Нұғыманов;

· Е.О. Оразақов;

· Ә.А. Терлікбаев;

· Ә.С. Ыдырысов;

· М.Ә.Әлиев;

· Қ.С. Ормантаев;

· Ә.Қ. Қзмұқанов.

Көрнекі материал

 

Әдебиеттер:

1. Галкин Р.А., Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии.- Самара, 1998.- 360 с.

2. Кузнецова А.В. Сестринское дело в хирургии, М., 2000

3. Абдрахманов М.С. Сестринское дело в хирургии. А., 2001

Бақылаусұрақтары (керібайланыс):

1. Хирургия нені оқытады?

2. Дәлелді медицина - түсінігі?

3. Дәлелді медицинаның кезеңдері?

 

№ 2 Дәріс.

Тақырыбы: Асептика. Асептика түрлері. Науқастардың және қызметкерлердің инфекционды қауіпсіздігі.

Мақсаты:Студенттерге асептика, оның түрлері, хирургиялық тәжірибеде қолданылуы жайында, науқастардың және қызметкерлердің инфекциялық қауіпсіздігі жайында түсінінктеме беру.

 

Дәрістің тезистері

Асептика – хирургиялық инфекцияның алдын алудың қазіргі замаңғы тәсілі. Инфекцияның көзі. Хирургиялық бөлімнің ұйымдастырылуы. Операциялық блок. Әуеден, тамшы арқылы, жанасу арқылы және имплантациялық жолмен түсетін инфекцияның алдын алу. Таңу, тігу материалдарын, киімді, қолғап, резиналық заттарды және аспаптарды залалсыздандыру. Қызметкерлер мен операциялық бұйымдарды операцияға дайындау.

Листер 1867 ж. операция жасау үшін асептикалық тәсіл ұсынып, осы бағытта операциялық бөлменің ауасындағы, заттардағы, ауадағы инфекцияны жою үшін күшті антисептик карбол қышқылын кеңінен тәжірибеде қолдануды ұсынды.

Асептикалық тәсіл ірі жаңалықтардың бірі болып хирургияның дамуына үлкен жол ашты. Карбол қышқылы күшті улы зат болғандықтан, уланған аурулардың да, қызметкерлердің де саны көп болды. Сондықтан, карбол қышқылын алмастыратын заттарды іздестіру басталды. Н.В. Склифосовский сулеманы, иодоформды қолданса, П.П. Полехин трихлорфенолды ұсынды, ал С.П. Колемин салицилат қышқылын қолданды. Асептикалық заттар өте улы болғандықтан көптеген хирургтар одан мүлдем бас тартты.










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 495.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...