Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Тестовые задания и ситуационные задачи по дисциплине «Сестринское дело в хирургии» 4 страница




1881 жылы неміс хирургі Бергман антисептикалық дәуірді асептика дәуіріне алмастырды.

Дәл осы кезде микробиология да кеңінен дами бастаған еді. Микробиологтар қоздырғыштардың жоғары деңгейдегі қызудың әсерінен өлетінін және бұл әдіс басқа әдістерге қарағанда нәтижелі екендігін дәлелдеп берді.

Луи Пастер өзінің тәжірибелерінде бактериялардың қайнату мен жоғарғы деңгейдегі қызудың әсерінен өлетінін дәлелдеді.

1881 жылы Роберт Кох өсетін орталар мен лабораториялық ыдыстарды заласыздандыру үшін будың ағынын пайдалануды ұсынды.

Бұл айтылған тұжырым автоклав жасау үшін кеңінен қолданылды.

Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңында әр елде әртүрлі ғалымдар бір-біріне байланыссыз асептикалық әдістерді дамыта бастады. Бергман мен Шиммельбуш осы бағытта үлкен жетістіктерге жетті. Бергман аспаптардағы, киімдердегі, таңу, тігу заттарындағы қоздырғыштарды ыстық су мен будың көмегімен жоюды ұсынды. Россияда асептиканың негізін қалыптастырғандар И.В. Склифосовский (Москва), Ф.А. Рейн (Киев), Н.Н. Финоменов пен Л.Л. Левшин (Қазан), В.А. Ратимов, М.С. Субботин (Петербург) болып табылады.

1890 жылы асептика мәселесі Берлиндегі хирургтардың халықаралық конгресінде талқыланды. Осы конгрестен кейін асептика кеңінен қолданыла бастады. Асептиканы енгізу хирургияның жаңа дәуірінің бастамасы болды. Жасалған операциялардың саны арта түсті. Операциядан кейін асқыну аз болғандықтан жедел аппендицит, жедел холецистит, асқазанның, он екі елі ішектің ойық жарасының асқынуы, т.б. ауруларды хирургтар операциялық әдістермен емдейтін болды. Сонымен, асептика деген не?

Асептика – физикалық тәсілдер мен химиялық дәрілерді қолдана отырып қоздырғыштардың операциялық жараға түсуінің алдын алатын тәсіл. Бір сөзбен айтқанда, жарамен жанасатын заттардың барлығы қоздырғыштардан таза болуы керек. Енді инфекцияның жараға қайдан түсуі мүмкін екендігін айта кетейік.

Қоздырғыштар табиғатта кең тараған, олар адам терісінде, денеге жанасатын барлық заттарда, суда, ауада, ас қорыту, тыныс алу жолдарында, т.б. кездеседі. Осыған байланысты инфекция сыртқы (экзогенная) және ішкі (эндогенная) болып екіге бөлінеді.

Сыртқы инфекция – қоздырғыштар жараға сыртқы ортадан түседі: ауа арқылы, түкірік (тамшы), жарамен жанасатын заттардан (жанасу) және жарада қалдырылған заттар арқылы (имплантация).

Ішкі инфекция – жараға ағзаның өзіндегі қоздырғыштардың өсіп-өнуіне байланысты түседі. Инфекцияның көзі тері мен кілегейлі қабық (сыздауық, іріңді жаралар, терідегі жарықтар, сызаттар, күстер, коньюктивит, ринит, т.б.) болып табылады. Сонымен бірге қоздырғыштар операциялық жараға одан қашықта орналасқан аймақтардан ығысып түсуі де мүмкін. Олар қан арқылы немесе лимфа жүйесі бойынша түсуі мүмкін.

Ішкі инфекция туралы айтқан жөн. Мысал ретінде, шіріген тістегі, ЛОР – мүшесіндегі, ас қорыту, зәр шығару жүйелеріндегі инфекцияны айтуға болады. Кез-келген операция ағзаға және жүйке жүйесіне үлкен физикалық салмақ түсіреді. Әсіресе жүйке жүйесіне үлкен күш түседі. Осы кезде «мүлгіп» тыныштықта жатқан инфекция операциядан кейін «күш жинап», көптеген асқынулар туғызып, тіпті өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан да ауруды операцияға дайындағанда оны жақсылап тексеріп, ішкі инфекцияның бар –жоғын анықтау керек. Табыла қалған жағдайда, оларды емдегенше операцияны жасамай, күте тұрған дұрыс.

Мысалы: хирургиялық бөлмеге 18 жасар жігіт түсті. Диагнозы: Кіндік жарығы. Тексере келгенде мойнының артқы жағынан сыздауық табылды. Осындай жағдайда не істеу керек? Екі-үш аптадан немесе 1-2 айдан кейін сыздауық жазылған соң науқасты операцияға алуға болады.

Хирургиялық бөлімді дұрыс ұйымдастыру үшін мынандай жағдайларды ескеруіміз қажет: бір төсек орынға 6,5-7,5 м2орын бөлінеді. Бөлмелерден бөлек операциялық, таңу, емдеу, жуындыру бөлмелерін, дәретхана, асхана, буфет, дәрігерлер, бөлімше меңгерушісінің, медбике бөлмелерін дұрыс орналастыра білу қажет.

Аурухана орталықтан жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етілуі керек. Сонымен бірге ауаны алмастырып, тазартып, жылытып тұратын кондиционер, желдеткіштер, орталық ыстық және суық су құбырлары және канализация, т.б. болуы тиіс. Үлкен ауруханаларда әр бөлімнің өзінің емдейтін ауруларының түріне байланысты арнайы аспаптары, емдеу құралдары болғаны дұрыс.

Хирургиялық бөлімнің іріңді, таза, жарақаттық болып бөлінуі - науқастарды әсерлі емдеп, асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Егер хирургиялық бөлім бұлай бөлінбеген болса, онда бұл бөлімде таза, іріңді, жарақаттық арнаулы бөлмелер ұйымдастырған дұрыс. Іріңді аурулары бар бөлмелер операциялық блок (ОБ) пен таңу бөлмесіне жақын орналасуы керек.

Оперблокты ұйымдастырғанда сырттан инфекцияны жараға түсірмеуге, операцияны дұрыс орындауға барлық жағдайды ойластырып, ұйымдастырып жасау қажет. Сондықтан да оперблоктың құрылысы, құрал-жабдықтары оларды тазалауға ынғайлы болуы тиіс, терезелері солтүстікке немесе батысқа қарай орналастырылып, көшенің шуынан, шаң-тозаңнан алыс болғаны дұрыс. Мүмкіндігінше терезелер ағаштар өсіп тұрған жаққа қарап тұрғаны дұрыс.

Хирургиялық бөлімдегі оперблок былғанатын, ластанған жерлерден (дәретхана, буфет, асхана, лекция, оқу бөлмелерінен) алыс орналасуы тиіс. Қалыпты жылылық 22-24 болып, ауаның ылғалдығының 500 С жоғары болмауын, ондағы ауаның күніне 3-4 рет тазартылып отырылуын қадағалау қажет.

Оперблокқа мынадай бөлмелер кіреді: операциялық, жуыну, аспаптар тұратын, залалсыздандыру, автоклавтық, жабдықтар қоймасы, қан құю, қызметкерлерге арналған, гипс салатын, операциядан кейінгі бөлмелер. Іріңді жараларға операция жасалатын бөлме бөлек іріңді бөлімде орналасуы тиіс. Ол ешқашанда жалпы операциялық блокта орналаспауы керек.

Операциялық бөлменің едені, қабырғалары, төбесі жууға ыңғайлы бұйымдардан жасалады. Операциялық жиһаздар тот баспайтын құрыштан жасалады немесе су өткізбейтін майлы бояумен сырланады. Операциялық жиһаздар да жуылады. Операциялық бөлмеде заттар мүмкіндігінше аз болуы керек. Жұмыстан тыс уақытта бөлмені жуып қою керек. Бөлмеге тек таза халат, қалпақ, маска, аяққа жеңіл байпақ (бахилл) киіп қана кіруге рұқсат етіледі.

Медициналық қызметкерлер операция кезінде тазалық сақтауы керек: қанмен немесе басқа сұйықтармен ыластанған сүлгілерді, құрал-саймандарды арнаулы тегене-ыдысқа тастау керек. Операция кезінде сорылып алынған қан, әртүрлі сұйықтар, ірің, т.б. жабық жиналады. Операция кезінде сөйлеуге, қажетсіз, әрі – бері жүруге тыйым салынады. Өйткені бұл ауадағы қоздырғыштар санын көбейтеді.

Операциялық бөлмені тазалаудың 4 түрі бар:

1. Операция кезінде санитарка еденге түсіп кеткен әртүрлі заттарды, сүлгіні көтеріп, төгілген қанды, сұйықты т.б. сүртіп алады - бұл операция кезіндегі тазалық сақтау шаралары болып саналады.

2. Операция біткеннен кейін бөлме жақсылап, мұқият жуылып, тазаланады.

3. Операциялық күн біткеннен кейінгі тазалау – соңғы тазалау болады.

4. Жалпы тазалау – аптасына бір рет операция болмайтын күні жасалады.

Ол үшін ыстық сумен сабындап, артынан антисептиктермен барлық операциялық бөлмені жуып шығады. Тазалау кезінде ауадағы қоздырғыштар саны тез өседі, оларды жою үшін ұсақкүлгін сәуле тарататын қоздырғыштарды жойғыш (бактерицидное) кварц лампалары қолданылады. Лампалар тазалау кезінде қосылады да, тазалап болғаннан кейін бірер сағат қосылып тұрады. Әрбір лампаның әсері 2-3 м2 кеңістікті қамтиды.

Ауа мен  тамшы арқылы тарайтын инфекцияның алдын алу.

Асептикалық тәсілді қолданғанда ауа мен тамшы арқылы тарайтын инфекцияның алдын алуға көп көңіл бөлінеді. Ол сөйлегенде, түкірікпен бірге сөйлегенде, түкіргенде, жөтелгенде, әсіресе баспа, тұмау, тыныс жолдары мен ауыратын адамдардан таратылады, қоршаған кеңістіктен беткейлерге түседі. Сондықтан, операциялық бөлмеде әрбір қызметкерлер өзін-өзі ұстаудың ережелерін білу керек.

Көрнекті ғалым Листердің кезінде-ақ дәрігерлер ауадағы инфекцияға көп көңіл бөліп, ол жараға түспес үшін оны карбол қышқылы арқылы жоюға тырысты. Бактериалдық зерттеулер арқылы операциялық бөлменің ауасындағы қоздырғыштар саны операциялық күннің соңына қарай күрт өсетіні анықталады. Міне, сондықтан да жүргізілетін операцияларды күннің бірінші бөлігінде жасаған дұрыс.

Қоздырғыштар операциялық бөлменің ауасына қандай жолдармен түседі?

Оның екі жолы бар:

1) Бөлмедегі адамдардың ауызынан тамшы арқылы таратылады;

2) Шаң-тозаңмен бірге тарайды;

Аудағы қоздырғыштар саны бөлмедегі адамдардың саны мен олардың асептикалық тұрғыдан өздерін қалай ұстағанына тығыз байланысты келеді. Егер де бөлмеде адам көп болып, олар жөтеліп, түшкіріп, сөйлеп тұрса, ауада қоздырғыштар саны бірден көбейіп, артынан операциялық жараны іріңдетуі мүмкін.

Егер де тұмылдырықты (маска) дұрыс кимесе (мысалы: мұрын жабылмаса) операциялық бөлмеде сөйлеп, түшкіріп, жөтеліп тұрғанда, жарада қауіпті асқынулар болатынын естен шығармау керек. Сондықтан да операциялық бөлмеде мүлдем сөйлеуге болмайды. Тек, операцияға қатысып жатқан қызметкерлерге, оның өзінде тек, іске қатысты сөз айтуға рұқсат етіледі.

Инфекцияның шаң – тозаңмен таралуын айтқанда: оның негізгі себебі операциялық бөлмеде әрі-бері жүру, еденді құрғақ шүберекпен сүрту болып табылатынын айта кеткен жөн. Еденге төгілген ірің немесе тасталған сүлгілер кепкеннен кейін олардағы ірің мен қан шаң-тозаңға айналады, одан жүрген кезде ауаға көтеріліп, жараға түседі. Ең қауіптісі шаңнан түсетіні, одан кейінгісі – тамшы арқылы түсетін инфекция. Бөлмеде адам көп жиналып, жүріс көп болса ауаның ағымы күшті болады да, ондағы қоздырғыштардың жараға түсуі күшті болады. Сондықтан да операциялық бөлмеде әрі – бері жүруді азайту қажет. Бұл туралы әр уақытта лекцияда да, сабақта да, оперблокта да, таңу бөлмесінде де қайталап айтып отыру қажет.

Көрнекі  материал

Әдебиеттер:

1. Галкин Р.А., Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии.- Самара, 1998.- 360 с.

2. Кузнецова А.В. Сестринское дело в хирургии, М., 2000

3. Абдрахманов М.С. Сестринское дело в хирургии. А., 2001

4. Жалпы хирургия бойынша дәрістер;

5. Петров В.С. Общая хирургия. - С.-Петербург, 2000.

6. Стручков В.И., Стручков Ю.В. Общая хирургия. - М.: Медицина, 1998.

7. Гостищев В.К. Общая хирургия. - М.: Медицина, 1996.

8. Рычагов Г.П. Общая хирургия. – Минск, 2002.

9. Дұрманов Қ.Д. Жалпы хирургия, 2006.

10. Буянов В.М., Нестеренко Ю.А. Хирургия. М.: Медицина, 1993. - 624 с.

Бақылау сұрақтары  (кері байланыс):

  1. Асептика түсінігі
  2. Асептика түрлері
  3. Микроб түрлері
  4. Инфекцияның ену жолдары
  5. Ауа – тамшылы инфекцияның алдын алу
  6. Жанаспалы инфекцияның алдын алу
  7. Имплантационды инфекцияның алдын алу
  8. Операциялық бөлмедегі жинау түрлері

№ 3 Дәріс.

Тақырыбы: Антисептика. Аурухана ішілік инфекцияның алдын алу.

Мақсаты:Студенттерді антисептика түсінігімен, аурухана ішілік инфекцияның алдын алу түрлерімен таныстыру.

Дәріс тезисі: Антисептика.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында хирургияның өркендеуіне тежеуші себептердің бірі болып операциядан кейінгі жаралардың іріңдеуі болды. Жаралар күрделі және өте қарапайым операциялардан соң да іріңдеді.

Сепсис, күйдіргі, тілме (рожа), шіру (гангрена), сіреспе (столбняк) сияқты қауіпті асқынулар операциядан соң жиі кездесіп, сырқаттар мен жараланғандардың өлімдеріне себеп болды. Мұның барлығы сол уақыттағы хирургтардың іріңдеген жараның емделу тәсілдерінен бейхабар болғандықтарынан болса керек.

Антисептика ұғымын хирургияға 1760 ж. ағылшын әскери хирургі Pringl енгізді. Бірақ, бұл ұғым еңгізілгенге дейін де залалсыздандырудың тәсілдері бұдан бұрыңғы уақыттарда да қолданылды.

Дәрігердің қолдарының және жарамен жанасатын заттардың тазалықтары ежелгі Индия мен Грецияда міндетті түрде талап етілді.

Гиппократ жараларды жуу мен таңу кезінде қайнаған сумен, виноға батырылған таза және жақсы сорғыш таңушы заттарды, құралдарды пайдаланды.

Антисептикалық дәуірге дейінгі жүргізілген операциядан кейінгі өлім өте жоғары болды. Сол кездің өзінде жараның іріңдеуінің себептерін – жараға сырттан қандайда бір тірі нәрселердің түсуінен болар, - деген қозқарастар қалыптаса бастады.

Атақты хирург Бильрот жаралардың іріңдеуінің себептері қандайда бір төменгі тектес организмдерден десе, оның отандасы И. Земмельвейс жараның жазылуына хирургтің қолдарының жеткіліксіз түрде тазалануы үлкен қауіп төндіретіндігін сезіп, ұққан. Ол антисептика тәсілдерін құруға ең жақын келгендердің бірі: бірінші болып дәрігерлік тәжірибеде хлорлы суды қолданды, әсіресе аспаптарды, перзентханада босану жолдарын тазалауға жүйелі түрде пайдаланды.

Орыстың ұлы хирургі Н.И. Пирогов жаралардың ластануын ауа арқылы таралатын тірі қоздырғыштардан, - деп санады. Ол жаралыларды іріңдеуден ұқыпты түрде бөлек жағдайда ұстауын талап етіп, алғашқы болып жараланғандарға аурухана ішілік іріктеуді (сортировка) еңгізеді.

ХІХ ғасырдың 60-70 жылдары жаралардың іріңдеу себептерін ғылыми зерттеу негізге алынды. 1857 ж. белгілі француз химигі Луи Пастер спиртті және сірке қышқылдарының бөлініп алыну заңдылықтарын зерттей келе олардың қоздырғыш қасиеттерін тапты. 1860-1861 ж. Пастер тамаша тәжірибе жүргізіп, қоректік орталардың залалдануының себебі қоршаған ортадағы қоздырғыштардың әсерінен екенін дәлелдейді.

1867 ж. Джозеф Листердің тұжырымдамасы бойынша операциядан кейінгі өлімге әкелуші жаралық инфекциялардың хирургиялық бөлімдерде кең етек алуы, жараға тыстан енген қоздырғыштың немесе жұқтырылған бастаманың әсерінен, - деген көзқарасын тірек еткен жұмысы жарық көрген.

Листердің еңбегінің маңызы оның жаралардың залалдануы туралы сұрақтарды Пастердің зерттеулерімен байланыстырып, бірінші болып осы құбылысқа ғылыми бағыт беріп, хирургиялы инфекциялармен күресуде теориялық жағынан негізделген іс қимылдарды ойластырды. Кейінірек бұл жаңалықтар хирургия тарихында антисептикалық әдіс, - деген атпен белгілі бола бастады. Сонымен, хирургияның Листердің енгізген әдісіне дейінгі тарихы – антисептикаға дейінгі кезеңге, ал Листердің көзқарастары мен әдістері қанат жайған шақ – антисептикалық кезеңге жатады.

Листердің әдісінің негізі неде? Листер күшті химиялық ертіндінің көмегімен (карбол қышқылы) жұқтырушы бастаманы тек жараның өзінде ғана емес сонымен қатар аспаптарда, киімдерде, хирург пен операциялық бике қолдарында және операция алқабында жоюды көздеді. Операция бөлмесіндегі ауа аппарат арқылы 3% карбол қышқылын бірнеше рет бүркіп шашу арқылы тазартылатын болды. Соның арқасында мынадай жағдай қалыптаса бастады: «ешбір нәрсе тазаланбастан бұрын жарамен жанаспауы қажет».

Россияның алдыңғы қатарлы дәрігерлері антисептикалық әдістің құндылығын жоғары бағалап, емдеу мекемелерінде кейіннен қолдана бастады.

Қазіргі кезде антисептика деп жарадағы қоздырғыштар санының азаюына, оның жараға еніп, өсу қауіпін төмендетуге бағытталған тәсілдер мен әдіс, іс қимылдар жүйесін айтады. Бұған инфекция қоздырғыштарының тасымалдануын төмендету, оның көбею, өсу қабілетін үзу, залалданған аймақтарды емдеу арқылы қол жеткізуге болады.

Антисептиканың түрлері.

Механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және араласқан түрлерге бөлінеді.

Механикалық антисептика – жарада бактерияны өсірмеудің алдын алу үшін жараны бөгде заттардан тазартып, ернеуі мен түбін кесіп алып тастайды. Бұл - хирургияда жараны алғашқы хирургиялық өңдеу операциясы, - деп аталады. Барлық тосыннан болған жаралар біріншіден залалданған, – деп саналып, оның ернеулері мен түбін кесіп алып тастап, оны кесілген операциялық жараға айналдырып, жіп салуға дайындайды.

Физикалық антисептика – бұл физикалық әдістердің көмегімен тазарту. Жаралардағы сұйықтың ағып кетуін, тазаруын жақсы жолға қою. Мұндай жағдайда резиналық түтіктер, дәкелік білтелер (тампон) қолданылады. Дәкенің сорып алғыш қабілеті ас тұзының қойылтылған ертіндісіне малып алғанда жоғарылайды, былайша айтқанда жарадан сұйықтың (эксудаттың) дәкеге бөлініп ағуын жақсартады. Ұсақкүлгін сәуле ҰКС (УФО), ұсақдыбыс, лазер сәулелерін, электроферез, магнит өрісін қолдану да физикалық антисептикаға жатады.

Химиялық антисептика. Антисептиканың бұл түрінде жарадағы микробтардың өсуін тежеу және қою үшін түрлі химиялық заттарды қолданады. Олардың қолды, аспаптарды, операциялық алқапты, тігіс жіптерін, құралдарды, т.б. тазартып, залалсыздандырып дайындауда атқаратын орны орасан зор.

Антисептикалық заттардың тигізетін әсері. Қоздырғыштардың өмір сүруі үшін қоршаған ортаның температуралық, иондық тепе-теңдігі қалыпты жағдайда болуы шарт. Антисептиктердің қоздырғыштарға көрсетер механикалық әсерінің негізі: тотығу үрдістерін тежеу, белоктарды ұйытуы, қоздырғыш торшаларын жоюы (бактериоцидное), т.б. қалыптасады немесе олардың өсуі мен көбейуі тежеледі (бактериостатическое). Антисептикалық заттар мынадай талаптарды қанағаттандыруы қажет:

1. Қоздырғышқа қарсы күшті әсер танытумен қатар денеге зиянсыз болуы қажет.

2. Сұйықтарда, іріңде, қанда - өзінің антисептикалық әсерін сақтауы қажет.

3. Ерітінді түрінде сақтау кезінде төзімділік көрсетуі қажет.

Хирургиялық тәжрибеде жиі қолданылатын антисептикалық заттар:

1. Галогендер тобы – йод, хлор өнімдері.

а) Йод – күшті қоздырғыштарды жойғыш зат, ол 5-10% спиртті тұнба қалпында қоладанылады. Қазіргі кездегі йодонат, йодопирон сияқты заттар жоғарғы деңгейдегі әсерлі заттардың қосылыстарының йодпен қосылғандағы сулы ертіндісі болып табылады. Олардың құрамында 4,5%-ға жуық йод болады. Ішек таяқшасына, көк іріңді таяқшаға, стафилококктерге жойқын ықпалмен әсер етеді. Йодтың спиртті 3% ертіндісін операциялық алқапты Филончиков – Гроссих әдісімен өңдеп, залалсыздандыруда немесе кеннетен болған терідегі жарараларды, хирург пен операциялық бике қолдарын баптауда қолданады. Йод таблеткасының буында Ситковский әдісімен кетгутты немесе құрамында йод бар сулы және спиртті Люголь ертінділерінде де кетгутты залалсыздандырады (Клаудиус пен Губарев әдістері) және т.с.с.

б) Хлор. Бұрынғы кезде хлорлы сутегінде пайдаланса, қазіргі кезде жоғары деңгейде жою әсері бар хлораминді пайдаланады. Жараларды емдеуде оның 0,1-0,5% ерітіндісін қолданады, ол жарадағы өліеттенген тіндердің жедел бөлінуіне, жергілікті тазаруға, залалсыздануға ықпал етеді. 2% хлорамин ертіндісінде бір сағат ішінде аспаптарды залалсыздандыруға, тазалауға болады.

ІІ.Тотықтырғыштар. Бұл антисептиктер органикалық заттардың қатысуы кезінде оттегін бөліп шығарып, оларды тотықсыздандырып, қоздырғыштарға жойғыш әсерін тигізеді. Бұларға сутегінің қос тотығы, калий перманганаты және бор қышқылы жатады.

а) Сутегінің қос тотығы 3% ертінді түрінде қолданылады. Каталазаның әсерімен оттегін бөліп шығарып, жойқын әсер етеді, тіндерді тітіркендірмейді. Сутегінің қос тотығын жараға еңгізгенде көбік пайда болып, жараның ішінен қанның ұйыған түйіршіктерін, іріңді тіндердің өзектерін, лас бөлшектерді тысқа бөліп шығаруға ықпал етеді. Сондықтан оны қабынған іріңді, газбен асқынған анаэробты жараларды тазалау үшін қолданады, іріңді дәкелерді шешуді оңайлатады, қан кетуде оны тоқтатуды (гемостаз) тездетеді.

5) Калий перманганты. Қуатты тотықтырғыш, 0,1-0,5% ертіндісін іріңді жараларды жууға пайдаланады. Одан күшті 2-5% ертінділерін күйіктің бетіне жағуға және жара айналасындағы теріні баптауға қолданады.

в) Бор қышқылы. 1- 4% ертіндісі, қоздырғыштарға қарсы өте төменгі әсерлігімен сипатталады, тіндерге зияны жоқ. Көк іріңді таяқшамен асқынған арнайы инфекцияларда олардың өсуін оңай тежейді. Оны ұнтақ түрінде жараның бетіне себеді, 1-4% ертіндісінің қоздырғыштарға қарсы күші шамалы.

ІІІ. Сульфаниламидтер. Сульфаниламид туындаларына: ақ стрептоцид, норсульфазол, сульфадемизин жатады. Стафилококк, пневмококк инфекцияларында олардың өсіп-өнуін тежеуге байланысты іріңді инфекциялардың алдын алуға және оларды емдеуде қолданады. Бұларды антибиотиктермен бірге қолданған дұрыс.

ІV. Этильды спирт. 70° спирт тазалағыш, ал 96° спирт жұмсақ тіндерді домбықтыру әсерлерімен және операция алқабы мен аспаптарды тазалауда кеңінен қолданады.

V. Диоксидин. Бұл протей, көк іріңді таяқша, стафилококк, стрептококк, залалды (патогенный) анаэробтарға қарсы қолданылатын кең ауқымды әсері бар дәрі. Әр түрлі жерде орналасқан ауыр іріңді қабынған үрдістерде қолданады. Олар: шектелген іріңдіктер, жұмсақ тіндердің жайылған іріңдіктері (флегмона), көкірек бездерінің, іріңді қабынуы, операциядан кейінгі жараның іріңдеуі, т.б. Диоксидин 0,5-1% ертінді түрінде қолданылады.

VІ. Хлоргексидин. Дезинфекциялық және антисептикалық қасиеттері басым дәрілік зат. Грамм (+) және (-) микрофлоралардың әсерінен тұратын іріңді жараның сулану (гидратация) кезеңінде пайдаланады.

Биологиялық антисептика.

Антисептиканың бұл түріне жарадағы қоздырғыштардың өсуін жою үшін түрлі биологиялық заттарды қолдану жатады.










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 289.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...