Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Тестовые задания и ситуационные задачи по дисциплине «Сестринское дело в хирургии» 9 страница




1950-1951 жылы Кореяда болған соғыстың санитарлық шығынының –25% үсік құраған. Сондай-ақ үсікке шалдыққандар соғыс уақытында ауа райы ыстық елдерде де болған – Испания, Алжир. Тіпті ең төмеңгі деңгейдегі температура (Антарктида – 86°С) өздігінен тіндердің шіруін, торшалардың өлімін, нәруыздың бұзылуын, ферменттердің ыдырауын тудыра алмайды. Жылы қандыларда ми, бауыр, өкпе, тіндер ұзақ уақыт үсікке шалдыққанмен жүйелі ерітуден соң, тіршілігін сақтайды (Л.К. Лозинский, 1997).

 Жекешеленген ұлпалар мен ағзалар оң температура аралығындағы ұзақ уақытта суыққа жақсы шыдап қана қоймай, аз мерзімдегі мұзданудыда көтере алады. Қоянның терісі сұйық азоттың – 196°ұзақ мерзімде мұздатуына шыдайды, ал егер оны содан соң дереу жылы физиологиялық ертіндіде жылытса, ол өз тіршілігін сақтай алады. Бұдан шығар қортынды, жарақаттаушы себеп тек төменгі температураға ғана байланысты емес.

Сонымен қатар, басқа да пікірді жақтаушылар бар. Кейбір ғалымдар- үсіктегі орын алатын ұлпалардың шіруін суықтың торша протоплазмасына тікелей әсерімен байланыстырады немесе ішкі су-тұз алмасуының тежелуін тіндер мен торшалардың өліміне тікелей себепші болады деп, - санайды.

Ұлпалардың бірінші кезектегі суықтан зақымдалу мүмкіндігі шектеулі, өйткені адам өлімі жаурап, мұздануға қарағанда, жалпы тоңуда жиірек кездеседі.

Дамуы мен қалыптасуы. Тәжірибеде үсіктің пайда болуы тек мынаған байланысты – суықтың әсері жаурауды емес жергілікті жылуды төмендетеді (гипотермия). Ұлпалар жылулығының жергілікті төмендеуі қан ағымын баяулатып (3-6°С), қан айналысы мен бұлшықет - жүйке аралық байланыстың, веналық қан ағысының тежелуіне әкеліп соқтырады (4-8°С). Осының бәрі үсіктің белгілерімен сипатталатын ұлпалардың қалыпты өмір - тіршілігінің бұзылысына әкеледі.

Шірудің пайда болуы былайда болуы мүмкін: салқындаудан - дене қызуының төмендеуі кезінде гемоглобин мен оттегінің жақындығы артып, олардың өзара алмасуы (диссоциация) 3-4 есе төмендейді. Бұл оттегі жетімсіздігін күшейтіп, торшалардағы зат алмасуды тежеп, келе-келе ол қан айналысының әлсіреуінен шіруге әкеліп, дененің қарсы қабілетінің әлсіздігінен қабынудың қалыптасуын тудырады. Суықтың әсерінен тамырларда жиырылу, тарылу пайда болса, көршілес аймақтың бөліктерінде олардың кеңеюі байқалады. Қалыптасқан жиырылудан соң жергілікті салқындау болған бөлікте тамырлардың кеңеюінен қан ағысы төмендейді, біртіндеп тоқтайды, содан тромбоз пайда болып, тамыр қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылайды. Егер дененің салқындау кезінде ұлпаларда О2 таралуының қиындалатынын еске алсақ, онда қан айналысындағы бұзылыстар мен дененің қарсы қабілетінің әлсіздігі күрделі қабынуға әкелетіні түсінікті болады.

Үсіктің клиникалық көрінісі келесі кезеңдерге бөлініп, анықталуы қажет: дененің үсінуге қарсы әсеріне дейінгі және одан кейінгі кезең. Дененің үсінуге қарсы әсеріне дейінгі кезеңнің ерекшеліктері: үсіктің пайда болу себептеріне, көлеміне, зақымдалу дәрежесіне, сырқаттың жалпы жағдайына байланысты болады. Дененің үсінуге қарсы әсеріне дейінгі кезеңде немесе жарақаттанған адамға көмек беріп, жылытқанға дейін оның сезімі, шағымы мыналармен шектеледі: суықты сезіну, ұйыған әсері, шаншып ауырсыну сияқты белгілер жаураған жерінде мазалайды, сонан соң біртіндеп үсінген аймақта сезім жойылады. Үсікке шалдыққан адам бір жерінің үсігеніне көп жағдайда жергілікті сезім тежелуінен басқа адамдардың айтуымен назар аударады. Үсіген дене бөліктері терісінің түрі өзгереді, тоңазып, домбығып, қатайыңқырап, бозарады, ағарады. Кей жағдайларда үсінген жерде қимыл-қозғалыс тежеліп, сіресіп, түсі көкшіл тартады. Бұл кезеңде үсіктің не тереңдігін, не дәрежесін түпкілікті анықтауға болмайды. Бірақ, еске алатын жағдай, неғұрлым кезең көп уақытқа созылса, соғұрлым дененің үсінуге қарсы әлсіз әсерінен кейінгі кезеңде ұлпалардың бұзылуы көлемденіп, тереңге бойлап, қабынып, уланып, шекарасы анық бейнеленіп, әрі науқастың жағдайы біраз ауырлау болады.

Дененің үсінуге қарсы әсерінен кейінгі кезеңнің клиникалық көрінісі ауруға алғашқы көмек көрсетіп, жылытқаннан соң басталады. Ол жергілікті шіру белгілерімен және қабыну көріністерімен сипатталады.

Зақымдалу мөлшері мен оның тереңдігін бірден анықтау мүмкін емес, себебі 5-7 күн өткен соң ғана айқын қалыптаспаған шірудің шекарасын байқауға болады. Ал зақымдалу тереңдігін тек 10-15 күннен кейін ғана ажыратып, дәлелдеуге болады, сондықтан үсіктің дәрежесін анықтау осы мерзімдерге дейін қиынға соғады.

А.А. Вишневский, В.П. Вилявин (1972) еңбектері бойынша үсікпен зақымдалу тереңдігіне байланысты 4 дәрежеге бөлінеді:

1-дәрежесі – бірінші кезеңі қысқа, ұлпа жылулығының төмендеуі шамалы.

 Шағымдары: қышиды, ұйиды, ұзақ ауырысынады. Үсіген бөлік терісінің түрі бозғылт, мәрмәр түстес, тері кілегейі күлдірейді. Суыққа деген сезімталдығы күшейеді, 5-6 күнде жазылады.

2-дәрежесі – алғашқы кезеңі ұзақтау. Терінің өліеттенуі тереңдігі жағынан мүйізді, дәнді немесе бүртікті қабатын қамтиды, ең жоғарғы бетінен өтеді. Терінің кілегейлі қабаты көтеріліп, астына көпіршік қалыптасады, су жиналып, ішінде түссіз сұйық (экссудат) іркіледі. Кейде ондай көпіршік 2-5 күннен кейін үсіген адамды жылытқаннан соң пайда болады. Көпіршік түбі фибринмен жабылған және механикалық тітіркендіргіштерге және спиртті сүлгімен салынған байламдарға (аппликация) өте сезімтал келеді. Асептикалық жағдайда терінің түгелдей жазылып қалпына келуіне күмән жоқ. Түскен тырнақтар шығады және тыртықтар қалмайды.

3-дәрежесі – алғашқы кезең және ұлпалық жылулықтың төмендеуі ұзағырақ. Өліеттенген ұлпалардың аралық шекарасы терінің төменгі қабатымен тері асты шел майына өтеді. Көпіршіктер құрамында қан араласқан сұйықтық бар. Олардың түбі бозғылт, спиртті сүлгі салынған байламдарға сезімсіз және механикалық тітіркендіргішке ешбір әсерсіз болады. Терімен бірге оның бүкіл құрамы зақымдалып өлген, сондықтан жара барлық жағдайда тыртықтанып жазылады. Түскен тырнақтар шықпайды, егер шықса пішіндері бұзылып, өзгереді.

4-дәрежесі - Өліеттену шекарасы сүйек түтікшелерінің деңгейінде өтеді. Клиникалық ағымында үсіктің 4-дәрежесінде құрғақ немесе ылғалды шіруі қалыптасады.

Құрғақ шіруде – ұлпалар жиырылып, құрғап, қабыршақтанады және сау ұлпалардың арасында оның шекарасы анықталады. Жалпы улану белгілері жоқ.

Ылғалды шіру – егер аяқта болса - табан тобық буынынан жоғары зақымдалғанда кездеседі, ал егер қолда болса – алақан - саусақ буынынан жоғары етті тіндері бар жерде қалыптасады. Ылғалды шірудің тууын инфекцияның пайда болуы ушықтырады. Аяқ- қол ісінеді, уланулардың белгілері бірден білінеді: дене қызуы – жоғарылайды, ауырсыну, ұйқысыздық, әлсіреу күшейеді, қан құрамында лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға жылжыуы, ЭТЖ-ның өсуі, т.б. сырқаттың ағымы септикалық түрде болып, науқастың жағдайы жедел хирургиялық жүйелі шараларды жүргізуді қажет етеді.

Зақымдалған және сау ұлпалардың арасындағы түпкілікті шекарасы шірудің алғашқы 2-аптасынның аяқ кезінде 12-14 күнде түзіледі, ал егер үсіктің шекарасы сүйектің түтікше бойымен (диафиз) өтетін болса, онда аралық шекара 2-3-айдың соңына қарай болуы мүмкін. Үсіктің ІV дәрежесі қалыптасқан жерінде сонымен қатар оның ІІ-ІІІ дәрежелері орын алары сөзсіз. Аралық шекара аймағы неғұрлым жоғарыда орналасса, соғұрлым үсіктің ІV дәрежесін күту шарт. Зақымдалудың тереңдігін бірден анықтау қиын.

Қалыптасу белгілеріне байланысты үсікті мынадай түрлерге бөледі:

1. Суық желдің әсерінен болған үсік-мұнда негізінен дененің ашық бөліктері үсінеді (бет, қол, аяқ). Бұл үсікті тудыратын температура –5-20-30°С. Осы себепті үсік оң температурада болмайды.

2. Қорғаныстық арықтарда (оборонительная траншея) немесе сыз - батпақта «тоңазыған аяқ» пайда болады. Бұл - аяқ ұшының ІV дәрежелі үсігі, олардың толық немесе шамалы өліеттенуі. Бірінші кезең онша анық емес, ұзақтығы 4-5 тәулік. Соғыс уақытында солдаттардың ұзақ уақыт қорғаныс арықтарында немесе жоғарғы ылғалдық жағдайында болуы аяқ киім мен терінің жылу өткізгіштін жоғарылатады. Соның арқасында сыртқы орта мен ұлпалар аралық температура тепе-теңдігі қалыптасып, жергілікті салқындау қалыптасады. Аяқ тоңазуы тек көктем, күздің суық күндерінде жиі кездеседі. Оны тудыратын ұлпалық температура – 0°-тан жоғарырақ болады. Үсіктің бұл аталған түрі – «арықта, батпақта тоңазыған аяқ» Италия, Алжир, Испания сияқты елдерде не себептен болатынына мысал бола алады.

3. Жаурау. Бұл жағдай төменгі деңгейдегі атмосфералық температурамен адам денесінің суыққа деген қарсыластығының төмендеуі әсерінен туындайды. Көбінде жас адамдарда кездеседі. Орналасатын жерлері - қол, бет, құлақ. Жаурау кезінде терінің тамырлық өліеттенуі мен ұлпалардың көзге көрінер өзгерістері жоқ.

Әдебиеттер:

1. Галкин Р.А., Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии.- Самара, 1998.- 360 с.

2. Кузнецова В.М. Сестринское дело в хирургии, М., Феникс, 2000.-415 с.

3. Абдрахманов М.С. Сестринское дело в хирургии. А., 2001.

4. Лекции по общей хирургии.

5. Петров В.С. Общая хирургия. - С.-Петербург, 2000.

6. Стручков В.И., Стручков Ю.В. Общая хирургия. - М.: Медицина, 1998.

7. Гостищев В.К. Общая хирургия. - М.: Медицина, 1996.

8. Рычагов Г.П. Общая хирургия. – Минск, 2002.

9. Дұрманов Қ.Д. Жалпы хирургия, 2006.

10. Буянов В.М., Нестеренко Ю.А. Хирургия. М.: Медицина, 1993. - 624 с.

Бақылау сұрақтары:

1. Үсік туралы түсінік.

2. Жіктелуі

3. Үсік дәрежесінің клиникасы және диангностикасы

4. Үсікті емдеу қағидасы

5.Үсік кезіндегі АМК

№ 5 Дәріс.

Тақырыбы: Жедел және созылмалы хирургиялық инфекция

Мақсаты:Студенттерге жедел және созылмалы хирургиялық инфекция жайында түсінік беру, оның түрлеріне, алдын алу шамасына және еміне.

Жедел іріңді инфекция туралы түсінік. Жіктелуі, дамуы, қалыптасуы, клиникасы, емдеудің негізгі заңдылықтары және сақтандыру шаралары.

Іріңді инфекция - ағзаға залалды микробтардың еніп, көбейіп және ірің түзеуін түсіндіретін кең мағынадағы ұғым. Іріңді инфекцияның дамуына тек бір ғана залалды қоздырғыштардың еніп, көбеюі жеткіліксіз. Бір жағынан ағзалардың қорғаныш қабілеттілігі және екінші жағынан енген қоздырғышқа дененің сезімталдығы мен әсерлілігі болуы қажет. Биологиялық құбылыс ретінде іріңді инфекция жануарлар әлемінде де кең тараған. Іріңді құбылыста инфекция қоздырғышы мен күрделі орта және ағза бір біріне қарама-қарсы қойылып, онда микробтың өсіп-өну тіршілігі жүзеге асады.

Хирургиялық инфекция туралы айта отырып бүгінгі күннің антибиотиктерімен байланысты кейбір қайшылықтарды айтпай кетуге болмайды. Бір жағынан антибиотиктердің ашылуы көптеген жедел іріңді хирургиялық ауруларды емдеуде жаңалық болып табылады. Ал екінші жағынан, антибиотиктерді қолдану хирургтар үшін әдеттегі көптеген жедел іріңді хирургиялық аурулардың клиникалық көріністерін және олардың асқынуын әжептәуір өзгертті. Қазір олар белгісіз белгілермен қалыптасып, аурулардың қазіргі уақыттағы анықталуын бірталай қиындатты. Мұнымен қоса антибиотиктерді жүйесіз кеңінен қолдану оларға қарсы тұрақты қоздырғыштардың пайда болуына әкеліп соқты.

Жіктелуі:

а) Хирургиялық іріңді инфекция ағымына қарай былай бөлінеді:

А.Жедел іріңді инфекция түрлері:

а) жедел іріңді инфекция (стафилакокк және т.б.);

б) жедел іріңді инфекция (протеа, ішек таяқшасы);

в) жедел анаэробты газды инфекция (бейбіт уақытта сирек кездеседі, өлім саны 50-60%):

г) жедел өзгеше дамитын (специфическая) инфекция (сіреспе-столбняк, күйдіргі-сібір жарасы):

Б. Созылмалы хирургиялық инфекция түрлері:

а) созылмалы өзгеше емес инфекция (неспецифическая, Е.соli, т.б. төменгі уытты

(вирулентность) қоздырғыштар);

б) созылмалы өзгеше дамитын (специфическая) инфекция (туберкулез, сифилис,

актиномикоз).

Жедел іріңді инфекция тез бастау алып, тез дамуы мүмкін. Оның тез жазылуы да немесе науқасты өлімге соқтыруы да немесе созылмалы түрге айналуы да мүмкін. Кейбір авторлар инфекцияның найзағай тәрізді жедел дамитын түрін ерекше бөліп айтады. Ол өте шұғыл пайда болады да, өте қысқа мерзім ішінде ауруды өлімге мәжбүр етеді. Ал созылмалы түрі жедел түрінен қалыптасып жалғасуы мүмкін, ол өте ұзақ өтеді, сонымен қатар созылмалы түрі де бар. Онда науқас бастапқы кезеңінде-ақ тосыннан ешбір көрініс белгілерсіз-ақ пайда болады. Жедел және созылмалы инфекцияның өзара мынадай түрлері бар:

а) жергілікті хирургиялық инфекция:

б) жалпы хирургиялық инфекция.

Мұның жалпы көріністері сепсистік ағымда өтеді.

Инфекцияның жергілікті және жалпы түрлерге бөлінуі шарт, өйткені ағзалардың жалпы әсерінсіз оқшауланған жергілікті инфекция жоқ. Сондай-ақ, жалпы инфекция негізінен жергілікті қалыптасуынан басталады.

Таралуы бойынша:

a). тері және тері асты;

б) бас терісі аймағы;

в) мойын аймағы;

г) кеуде, көкірек қуысы, өкпе бойында;

д) іш перде және құрсақ қуысы;

е) жамбас қуысы;

ж) сүйек пен буын бойында.

Даму себептері мен қалыптасу ерекшеліктері(этиология, патогенез).

Өзгеше емес (неспецифическая)хирургиялық инфекцияныңқоздырғышы болып көбінесе стафилококк, стрептококк, пневмококк, ішек таяқшасы, көк іріңді таяқша және аралас қоздырғыштар болуы мүмкін. Ал өзгеше дамитын инфекция қоздырғышынан туберкулез, боз спирохеталар, сібір жарасы - күйдіргінің, сіреспенің, гонококктың таяқшалары, т.б.атауға болады. Іріңді инфекциялық қабынудың қоздырғышы бірнеше микроорганизмнің қоспасы (симбиозы) болуы сирек емес. Кейде олардың анаэробты микроорганизмдермен араласып қалыптасуы да кездеседі. Көк іріңді таяқша – оның бұлай аталу себебі, ол іріңді және сүлгі байламдарды көк түске бояйды. Бұл сапрофит адам терісінде әсіресе тері бездерімен көп жерлерде орналасады. Жараға түсісімен залалды болады, бірақ та ол іріңді қоздырғыштардың адам денесіне қауіпі жоқ, дегенмен, олар жарада қайтадан қалыптасу мен көкеттелу кезеңін (регенерация ) тежейді.

Ішек таяқшасы – ол іріңді құбылыстың ағымын асқындыра түседі. Бұлинфекцияның әсерінен жұмсақ мүшенің (бұлшық ет, сіңір, шандыр) шіріп, еруі байқалады.

Іріңді инфекциялық аурудың дамуы үшін микробтар зақымдалған терібеткейі немесе шырышты қабат арқылы енуі керек екендігі баршаға белгілі. Осыған байланысты зақымдалған жердің көлемінің қаншалықты екені есепке алынбайды, оның маңыздылығы жоқ, тек қоздырғыштардың адам денесіне жайылып, өсіп-өнуіне қолайлы кезеңдер қажет.

Инфекция көбінесе соқыр ішектен, тері және май бездерінен, құрт тәрізді әсіндіден, өт қабы, бронхылардан және т.б. таралады. Бұл аймақтардағы инфекцияның дамуы осы мүшелер бойындағы кеңістік пен тесіктердің бітеліп қалған кезінде, қозғалыс пен ағын болмағанда дамуы мүмкін (өт қабы, бүйрек, қуық тасы, ішек түйілуі, іш жарықтарының қысылуы, қан тамырларының ұйыған қанмен бітелуі – тромбоз, эмболия т.б.).

Инфекция сырттан (экзогенный ) енген кезде қоздырғыштардың көшуісол затпен, адаммен, жануармен, өндіріс затын қолданғанда, т.б. жағдайларда пайда болады немесе ауа-тамшы арқылы (сілекейдің шашырауымен), жанасу (контакт) арқылы (сол заттармен немесе жараға тиген заттардан), имплантациялық (жарада қалған өткізгіш түтіктер, бөгде заттар, тігін жіптер, сүлгі, т.б.) нәрселер арқылы пайда болады. Сонымен қатар, шаң-тозаңдарға да үлкен маңыз беріледі. Мұнда төзімді қоздырғыштар (спороносные бактерии) түрі өте қауіпті (күйдіргі таяқшасы және т.б.), өйткені топырақ, бөгде заттар т.б. арқылы анаэробты қоздырғыштардың жұғуы (сіреспе, газды шіру-өліеттену) хирургиялық тәжірибеде жиі кездеседі.

Инфекцияның енуі, таралып өсіп-өнуі дене ішіндегі (эндогенный) жолдармен болғанда – ол көбінесе ыңғайлы жағдайларда әсіресе қоздырғыштар өзінің залалды (патогенность) қасиетін көрсете алатын кезеңдерде болады.

І. Адам терісінде 26-27 млр-ған тірі қоздырғыштардың болатындығы белгілі. Бірақ бұл микробтар адамға қауіп туғызбайды, дегенмен, белгілі бір жағдайларда өздерінің залалдығын қалыптастырып, тез өсіп-өніп, айналасына жайылғандығын, улы қасиетін көрсете бастайды.

ІІ. Бұл залады микробтар адам терісінде, қуыстарда, жараның бетінде, құрт тәрізді өсіндіде, өт қабында, тістер арасында, мұрын-жұтқыншақ және т.б. жерлерде болуы мүмкін. Олар жасырын қалған күйде немесе өсіп-өнген жергілікті ошағында көптеген уақыт және жылдар бойы тіршілік етуі мүмкін.

Тек қолайлы жағдайларда ғана олар өзінің тез өніп, қозып, залалдығын көрсете бастайды. Мысалы, денеге суық тигенде, жарақаттанғанда, әлсізденіп жүдегенде, операциядан кейінгі кезеңде, т.б. іріңдеп қабынудың дамуына және қоздырғыштардың қоректену ортасына айналады. Қоздырғыштардың денеге енуіне анатомо-физиологиялық жағдайлар, қабынған, зақымдалған аймақта өліеттенген және шіріген тіндердің болуы, әсіресе қан немесе лимфа сұйықтарының ағымы үлкен әсерін тигізеді.

Әсіресе қоздырғыштардың араласқан ошақты көздеріне (ассоциация) тоқтала кеткен жөн. Кейбір жағдайларда бір қоздырғыш зақымдану немесе ауру туғызбайды. Бұл қоздырғыштардың залалды қасиетін басқа микроорганизмдер көрсетуі мүмкін. Сондықтан, мынаны есте сақтаған жөн, іріңді жарада ірің аққаннан кейін тазалық үшін асептиканы бақылап қана қоймай, жараның ағымына қатты назар аударып қарау керек, болмаса екінші кезекте инфекция қайтадан жарада пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты, біз бірінші және екінші кезекте қалыптасатын хирургиялық инфекцияны ескеруіміз қажет.

Жараға түскен қоздырғыштар тіршілігін бірден емес 6-12 сағаттан соң жаңа биологиялық ортаға бейімделе келе қалыптастырады. Кездейсоқ жаралардың зақымдалуының біріншісағаттарындағы алғашқы хирургиялық жараны өңдеу операциясы осыған негізделген. Бізге белгілі іріңді жараны жарып, тазартып, байлап, кейіннен оны екінші рет емдеп, таңу кезінде жаңағы жарада басқа қоздырғыштарды көреміз. Бұлар, жараны ашқандағы қоздырғыштардан басқа. Бұл қоздырғыштар қайдан пайда болады?

Жаралардағы екінші кезектегі инфекцияның дәлелденген көзі болып:

а) күтуші қызметкерлердің мұрын және ауыз қуысындағы қоздырғыштар;

б) науқастың мұрыны мен ауыз қуысы, қолындағы қоздырғыштар;

в) ауадағы, таңу бөлмесіндегі, әртүрлі заттардағы қоздырғыштар-саналады.

Бұл екінші кезектегі инфекцияның дамуына қоздырғыш көзі стафилококктық инфекция екендігі дәлелденді. Бұлардан түсінуге болатын жағдай, ол асептикалық заңдылықтарды таңу бөлмелерінде дұрыс сақтау, тұмылдырық (маска) кию, сөз-әңгіме айтылмау, жұмыс кезінде барлық заттар мен нәрселерде тазалық сақталуы керек.

Дененің жалпы жағдайы инфекцияның дамуы мен қалыптасуы кезінде едәуір рөл атқарады. Әсіресе мынандай себептер: жүктілік, етеккірлік кезең, физикалық және психологиялық қажу, қант диабеті, авитаминоз, зат алмасу бұзылыстары, қан аздылық (анемия), суыққа шалдығу, қосымша қалыптасқан созылмалы сырқаттар (өкпе, жүрек, асқазан, бауыр, бүйрек, жатыр, жыныс аурулары).

Инфекцияның таралу жолдары қандай?

1. Имплантациялық инфекцияның таралуы – жанасу арқылы, мұнда шандыр (фасция) жапырақшалары үлкен роль атқарады, сонымен қатар инфекция қалталы, қапталған мүше (футляр) құрылымында, бұлшық ет аралық кеңістіктерде және тамырлы жұмсақ ағзаларда таралады.

2. Лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінен яғни солжолдар арқылы таралады.

3. Қан жолдары бойымен қоздырғыштық эмболдардың таралуы, артерия (артерит) мен вена (флебит) қабынуы, вена тамырларының тромбымен бірге қабынуы (тромбофлебит) яғни қан тамырлары бойымен қабыну арқылы қалыптасады.

4. Инфекцияның кеңірдек немесе несеп жолдарымен таралуы, т.б.

Жедел іріңді инфекцияның дамуы – мүшелердің жергілікті жәнежалпы адам денесінің әсерімен де сипатталады.

Дене мүшелерінің жергілікті әсері былайша айтқанда қабыну ошағы мынадай өзгерістермен сипатталады:

а) қызарудың пайда болуы (гиперемия - rubor)

б) ісіну (инфильтрат - tumor)

в) ауырсыну сезімі (dolor)

г) қызудың жоғарлауы (color)

д) қимыл-қозғалыстың бұзылуы (infuaense)

Бұл белгілердің барлығы қабыну ошағы аймағында қан айналысының бұзылуымен байланысты болады. Бізге белгілі қабыну құбылысы екі кезеңнен тұрады : біріншісі – сулану (гидротация), екіншісі – сусыздану (дегидротация).

Іріңді инфекцияға дененің жергілікті әсерімен қатарласып жалпы өзгерістер де пайда болады. Күшті улы токсиндер бөле отырып залалды қоздырғыштар дененің тарапынан жедел қалыптасқан жалпы өзгерістер тудырады.










Последнее изменение этой страницы: 2018-04-12; просмотров: 303.

stydopedya.ru не претендует на авторское право материалов, которые вылажены, но предоставляет бесплатный доступ к ним. В случае нарушения авторского права или персональных данных напишите сюда...